Әлеуметтік жұмыскер маман ретінде
Әлеуметтік жұмыскер маман ретінде
Әлеуметтік жұмыскердің
профессионалдық «Мен-
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі ретінде «Кәсіпкерлер мен жетекшілер анықтамалығына» 1991ж енгізілді. Маманның профессионалдық кәсіби бой тұрғызуы – үздіксіз, созылмалы процесс. Студенттердің келешек мамандығы туралы мәлімет алуы олардың ұшталып, кәсіби шындарға ұмтылудың қайнар көзі.
- Кәсіби тәрбие және оқытудың мәселелері.
Э.Ф.Зеер бойынша маманның кәсібилікке, шеберлікке ұмтылысы 5 деңгейден тұрады:
— «оптация» (optatio латынша - ниет, сайлау) индивидуалды ерекшеліктерді ескере отырып, ерікті түрде болашақ мамандықты таңдау;
— «кәсiби әзiрлiк» - кәсiби бағыттылық және кәсiби дағды бiлiмдер жүйесiнiң қалыптасуы, кәсiби ахуалдары теориялық және практикалық шешу тәжiрибесiн алу;
— «кәсiби бейiмделу - мамандығына кiру, жаңа әлеуметтік рөльді меңгеру, профессионалды өзіндік анықталу, тұлғалық және профессионалдық қасиеттерінің қалыптасуы, кәсіби қызметін дербес орындау;
- «профессионализация» - жеке
және орнықты кәсiби мағыналы
бiлiмдер туралы кәсiби
- «кәсіби шеберлік» - кәсіби іс әрекет аясында тұлғалық қасиеттердің толық атқарылуы
Профессионализм әлеуметтік жұмыстың бір бөлімі ретінде әлеуметтік жұмыскердің жеке тұлғалық және профессионалдық қасиеттері мен қызығушылықтарының негізінде қалыптасады. Осы қасиеттер мен біліктіліктердің дамуына, профессионалдық іс әрекеттің нақты моделіне кірісуге келесі міселелердің шешілуі септігін тигізеді:
- Таңдалған мамандыққа деген тұлғалық қызығушылықтың артуы
- Профессионалдық жұмыс туралы алғашқы бейнелердің қалыптасуы
- Болашақ мамандыққа профессионалды-мотивациялық ұстанымның қалыптасуы
- Профессионалдық тұлғалық «Мен-концепцияның» қалыптасуы
Сонымен, профессионализация дегеніміз – профессионалдық өзіндік анықталу мен профессионалдық бейімделуге қатысты адам тағдырындағы өте маңызды кезең. Мамандықты анықтау үшін жас маманға профессионалдық бағытты таңдау керек, демек келісі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- өзінің мамандығынан нені күтеді
- жетістіктерге жету үшін қандай жұмыс атқару екендігін анықтау
- өзінің тұлғалық қасиеттерін және қызығушылықтарын қалай жүзеге асыру керек
Профессионалдық бой көтерудің мәселелері тек «оқыту процессінің тұлғалық бағытталған педагогикасы» арқылы ғана шешілед»і.(Н.А.Рыбакова). Әлеуметтік жұмыскерге ерекше миссия жүктеледі, ол тек қана тұлғалық қасиеттер қалыптасқан кезде ғана орындалады.
Әлеуметтік жұмыскердің миссиясы адал, бірақ та оның орындалу жағдайлары мәз емес: «бөтен» адамдардың мәселелерін шешу жолында, оны мақсат, екінші жағынан парыз деп санап, әлеуметтік жұмыскерлер әлеуметтік ауруларға душар болған адамдар мен қоғамға негативті құбылыстардан босауға көмектеседі: қолайсыз өмірдік ұстанымдар, қоғамдық қатынастардың кемшіліктері мен шығуғы жол таппаған агрессиямен күреседі. Әлеуметтік жұмыскер адамдарды әлеуметтік мәселелерін шешіге үйрете отырып әлеуметтік сананы жаңа деңгейге көтереді, жеке адамның, қауымдастықтың, ұлттың, қоғамның санасына әсер ету үшін тұлғалық және профессионалдық қасиеттерін қолданады. Бұл миссияны тек әлеуметтік мәселелерді шешу даярлығынан өткен, ересек тұлғалы адам ғана орындай алады.
Тұлғалық ересектік әлеуметтік
ересектікті меңзейді, адамның индивидуалды
ерекшеліктерін, статустық және жастық
қабілеттіліктерін қоғам
Кең мағынада профессионалдық тәрбие - қоғамдық және еңбектік өмірдің функциясы, тар маңынада – әлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын оқу орынының функциясы. Әлеуметтік жұмыскерлер өзгермелі жағдайларда гуманистік функциясың атқаруға бағыт ұстанады.
Әлеуметтік жұмыскерлерді даярлауға келесідей талаптар қойылады:
- гуманизм принциптері
және адамсүйгіштік
- оқыту процесінің шығармашылық
процессін күшейту, оның
- оқушыны профессионалдық
«адам-адам» адам қызметіне
- өзіндік реттелу, өзіндік
басұару мен өзіндік
- әрбір оқушының позитивті
тұлғалық «мен-концепциясы»
- оқу тобы тұлғаның жан дүниесін қалыптастырушы фактор ретінде құрастыру
Әлеуметтік жұмыскерлердің
профессионалдық тәрбиесінің
- профориентация
- қойлылған мақсатқа саналы түрде ұмтылу
- мамандықты меңгеру
- іскерлік жолға тұру
- квалификациялық аттестациядан үнемі өту, білімділік деңгейін жоғарлату
- тәлімгерлік жұмыс жүргізу
Білім беру мекемесінің мақсаты оқыту процессің (тәрбие беру, оқыту, дамыту) озін-өзі оқыту, тәрбиелеу, дамыту процессіне айналдыратын жағдай жасау. Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық өздік тәрбиесінің мақсаттары мен мотивтері қоғамдық өмірге еркін ат салысу шартымен дәріптеледі. Оқу, еңбек, қоғамдық әрекеттер жүргізу барысында білім алушы өз мамандығынын әлеуметтік маңыздылығын, пайдасын және кемшіліктерін түсінуі тиіс. Тек осы жағдайда адам өзін жетілдіруге ұмтылады.
Профессионалдық тәрбие теориясы еңбектің құндылық ретінде дәріптеуіне байланысты, профессионалдық бой тұрғызу теориясымен әлеуметтік тапсырыс және тұлғаның өздігінен анықталуының бірлігі ретінде танысу; өмірдің өздігінен анықталуы мен өздігінен проектілеу, тұлғаның өмірлік стратегиясын мағыналық-құндылық өздігінен анықталу жағынан түсіну; субъекттің мәселелерінің қалыптасуына шығармашылық келіс қолдану.
Профессионалдық оқытудың тұлғалық – бағдарланған бағытын көрсетеді:
- болашақ маманның профессионалдық бой көтеруі индивидтің ішкі және сыртқы жан дүниесіне әсер етеді, екеуінің бірлігін профессионалдық тәрбие қамтамасыз етеді
- әлеуметтік жұмысқа тәрбиеленушінің басты мәселесі мамандықта өзінің экологиялық қуысын табу, ол өзін-өзі тану, өзінің мұқтаждықтарын сезіну, әлеуметтік-профессионалдық статусқа ие болу,мақсаттарды, өмірлік мағынасын анықтау, философиялық-дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуы.
- Оқу процессі дәсүрлер мен инновациялардың бірлігінде, оқытудың белсенді формаларынның қолдану негізінде қалыптасуы керек
- «әлеуметтік жұмыс» мамандығын игеру тұлғаның даму факторы ретінде араласу, қарым-қатынас қолданылатын оқыту тобында жүзеге асады, сонын арқасында «индивидуалды қалыптасқан болмыстың шектеулілігі» жеңіледі (Б.Ф.Ломов)
Профессионалдық тәрбие принциптері:
1.Тұлғаның өздігінен
- логикалық және эвристикалық, радионалды және эмоционалдының үйлесімділігі
- өздігінен дамуды өздігінен өзін жетілдіру арқылы жүзеге асыру
2. Өзін өзі тану принципі:
- рефлексиялық ойлауға бағдар алу
- өзінің күшті және әлсіз қасиеттерін сезіну
- өзінің күшті қасиеттеріне негізделу, әлсіз қасиеттерді мойындау, олардың үстіне жұмыс жүргізу
- тесттер қолдану, өздiгiнен
талдау, өзiнiң өзiмен келiсiм шарт
жасау, өздiгiнен бақылау,
- өз жетiстiктерi және сәтсiздiктерінің себебтерін талдау
3. Тәжірибе приоритенің принципі:
- жұмыстың критерийі тәжірибе екенін мойындап, теорияны оқып талдау
- теорияны тек ұғыну үшін ғана емес, оны келешекте жүзеге асыру мақсатымен үйрену
4. Мұғалім және оқушының
шығармашылық тұлғалар ретінде
бірлесіп шағармашылықпен
- сенiмнiң әсер етуi, демократияшылдық, шыдамдылық, адалдық;
- өзегелерге көмектесіп, және олардан көмек алып ортақ мәселелерді шешу
5. Тарихилық принцип:
- қоғамнның және әлеуметтік жұмыстың тарихын тәжірибе алу мақсатында үйрену
- әлеуметтік жұмыстың
тарихындағы оңтайлы
Әлеуметтік жұмыстың профессионалдық ерекшеліктері. (Н.С.Данакин)
Әлеуметтік жұмыстың профессионалдық ерекшелігі – оның шекаралық сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыскер универсалды маман десе де болады. Алайда оның универсалдылығының нақты шектері бар, олар клиенттің мәселесі мен оның шешу жолдарына байланысты. Әлеуметтік жұмыстың мағыналық мазмұны психология, әлеуметтану, педагогика, заңтану, және т.б. мамандықтарымен шектеседі.
Әлеуметтік жқмыстың тағы да бір ерекшелігі оның делдалдық сипаттамасында. Делдалдықтың негізгі бағыттары:
- Клиент және өзге же әлеуметтік институттар арасында.
- Клиент және де өзге де мамандар арасында
- Клиенттің мәселесін шешіге ат салысатын қзге мамандар арасында
- Клиеттердің арасында
Әлеуметтік жұмыскердің әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріндегі рольдері. Рольдердің классификациялануы және типологиясы.
Профессионалдық рольдің
әлеуметтік рөл ретінде қарастырылуы,
индивидтің әлеуметтік қарым-қатынастар
жүйесінде тек қана алатын орны бойынша
емес, оның атқаратын функцияларын ескере
отырып, әлеуметтік жұмыскердің атқаратын
іс-әрекетің анықтауға мүмкіндік береді.(И.А.Зимняя).
Оларға жатады: клиентпен практикалық
әлеуметтік жұмыс; сол жұмыстың клиентпен
жүргізудің ұйымдастырылуы және координациясы;
әлеуметтік жұмысты әлеуметтік депертаменттер,
құзыреттіліктер т.б. деңгейінде басқару;
әлеуметтік жұмысқа баулу, әлеуметтік
жұмыс саласындағы зерттеулер.
Ең алдымен әлеуметтік жұмыскер клиент
және қоғам арасында делдал ретінде жұмыс
атқарады. Ол бір жағынан клиенттің қоғамға
бейімделуін қамтамасыз етеді, екнші жағының
қоғамның нақты адамдардың қажеттіліктерінен
алыстауына әкеліп соқтырады. Профессор
И.А.Зимняя шет ел авторларының еңбектеріне
сілтеме жасап әлеуметтік жұмыскердің
атқаратын 13 рөліне функционал арқылы
сипаттама береді:
- Әлеуметтік жұмыскер,
мұқтаж адамдардың (кризистік ахуалға
душар болған) және зорлыққа ұшырауы
мүмкін адамдардың (тәуекел тобы)
қажеттіліктерін анықтайды.
- Брокер (Broker ) – адамдарды қызмет көсету жүйесін қолдануға мүмкіндік беру және сол қызмет көрсету орталықтарын байланыстыру мақсатымен лайықты қызмет көрсету орталықтарына жіберетін әлуметтік жұмыскер
- Делдал, буфер (Mediator) — екі адам, адам және топ немесе екі топ арасында қайшылықтарды жеңу және бірігіп жұмыс істеу мақсатымен жүретін әлеуметтік жұмыскер.
- Қорғаушы (Advocate) — адам құқықтарын қорғайтын әлеусеттік жұмыскер.
- Бағалаушы (Evaluator) — мәлімет жинаумен айналысатын, адамдардың, топтардың, қауымдастықтардың мәселелерін бағалайтын әлеуметтік жұмыскер, оларға әрекет жасауға шешім қабылдауға көмектеседі.
- Мобилизатор (Mobilizer) — бұрыннан бар немесе жаңадан құрылған топтардағы бар міселелерді шешу мақсатында қозғалыс ұйымдастырады. Мобилизация индивидуалды деңгейде де жүзеге асады.
- Мұғалім (Teacher) — адамдарға мәлімет беретін және бәләм беріп, қолдарынан келетін жұмыстардың дамуына көмектеседі
- Мінез-құлық корректоры (Savior Charger ) — адамдардың немесе топтардың жүріс-тұрыс стереотиптеріне, дағдыларына, қабылдауына өзгертілар енгізетін әлеуметтік жұмыскер
- Кеңесші (Consultant ) — басқа әлеуметтік жұмыскерлермен, агенттіктермен олардың клиенттің мәселелерін шешу дағдыларын ұштау мақсатында бірлесіп жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыскер
- Қауымдастықтардың жобалаушылары (Community Planner ) —қауымдастықтардың іс әрекеттерінің бағдарламасын жобалаушы әлеуметтік жұмыскер
- Мәлімет басқарушысы (Data manager) - әлеуметтік орта жайлы мәліметті жинап, классификациялайтын, талдау жасайтын әлеуметтік жұмыскер.
- Администратор (Administrator) — агенттік, мекеме, бағдарлама немесе әлеуметтік қызметкерлік басқармасымен айналысатын әлеуметтік жұмыскер
- Тәжірибеші (Caregwer ) — нақты көмек көрсететін (физикалық, болмыстық, қаржылық) әлеуметтік жұмыскер.
Әлеуметтік жұмыс адамның тұлғалық қасиеттері профессионалдық қасиеттерінен басым болатын ерекше мамандық. Сондықтан әлеуметтік жұмысқа баулу процессінде профессионалдық дағыдаларды үйретумен қатар, тұлғаны тәрбиелеу, рухани- қасиеттерін қалыптастыру. Нағыз әлеуметтік жұмыскер өз бойында профессионалдық білімдер мен дағыдаларды және тұлғалық қасиеттерді үйлестіре біледі.Әлеумтеттік жұмыскер мамандығын таңдаудың негізгі себебі – адам сол мамандықты өмірлік ісі деп санаса, болашақ маманның рухани-әдептілік қасиеттері мен мамандыққа бейімділігі. Егер де адам мамандықта саналы түрде, өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес таңдасы, онда оның жұмысы оған ешқандай ауыртпалық әкелмейді, өзіне, клиенттеріне, қоғамға пайдалы, әрі табысты болады.
Әлеуметтік жұмыскер мен клиент клиенттің өміріндегі ең ауыр кездерінде кезедеседі, сол кездесу клиент үшін ауыр тиеді, себебі әлеуметтік жұмыскерге бару клиент үшін өзінің қабілетсіздігін мойындаумен парапар. Осы кезде клиенттің өзіне деген сенімділігін қайтару, өз күшіне қайта сенуі әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Солардың ішінде әлеуметтік жұмыскердің моральдылық деңгейі үлкен маңызға ие. Әлеуметтік жұмыскердің моральдылық деңгейі жоғары немесе орташадан жоғары болуы тиіс, себебі моральдылығы жоғары адам басқа адамға ұрыс-керіссіз ақыл үйретіп, түсіне алады. Әлеуметтік жұмыскер мен клиентті ортақ мақсат біріктіреді, бірақ та әлеуметтік жұмыскер белсенді бастама ретінде танылуы тиіс. Әлеуметтік жұмыскер мен клиент өзара серіктертестер, алайда әлеуметтік жұмыскер міселені шешу әдіс-тәсілдерін, келістерін, басқа да білім және дағдыларға ие болғандықтан клиентке көмекші, жолдас, жетекші, басқарушы ретінде қарайды. Әлеуметтік жұмыскердің жетекші рөлі тек қана жай қажеттілік пен әлеуметтік рөлдердің бөлінуінен емес, оның адамгершілік қасиеттеріне де байланысты.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілігін - адамның ішкі рухани қасиеті, этика және мораль нормаларымен сәйкес іс-әрекет жасауы, жақсылық жасау және адамдарға пайда әкелу қажеттілігі деп ұғыну керек. Әлеуметтік жұмыстан адам факторын жою мүмкін еместігі әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттерін этикалық кеңңстікке проекциялауды талап етеді. Кері жағдайда маман тек қызметтік инструкцияда жазылған жұмыстарды орындап, өзінің профессионалдық функцияларын дұрыс орындаған жайғдайда да, атқарылған жұмысты тек техникалық мәліметтердің жинақтамасы ретінде қарастыруға болар еді.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік санасы 3 негізгі копмоненттен тұрады: адамгершілік білімдер, адамгершілік ұстанымдар мен адамгершілік қажеттіліктер.
Адамгершілік білімдер:
Әлеуметтік жұмыскер этика, мораль туралы түсініктерді орта, жоғары білім беру мекемелері, квалификацияны жоғарылату факультеттерінде, курстарда алады. Оқу барысында болашақ маман адамгершіліктің мағынасын, оның қоғамдағы мазмұны мен әрекет етуі, орнатылған нормалардан ауытқулар болған жағдайда қолданылатын санкциялар мен шарттар туралы мәлімет алады, өзінің адамгершілік нормативтерін профессионалдық, әлеуметтік маңызы бар нормалармен салыстыра отырып, өзінің адамгершілік позициясын реттейді. Профессионалдық дайындық курстарынан өтпеген практикалық әлеуметтік жұмыскер жұмыс орнында интуитивті өзінің практика барысында жинаған тұлғалық адамгершілік қасиеттеріне сүйенеді, көп жағдайда олар профессионалдық этика талаптарына сай болуы мүмкін, алайда, сәйкес келмеуі де мүмкін.
Әлеуметтік жұмыскердің моральдық нормаларды білуі, оның мінез-құлқы абсолютті моральді екенін білдірмейді, мораль туралы білімдерді қолдануы да, қолданбауы да мүмкін, сондықтан профессионалдық тәжірибелік іс-әрекетте білімдер дербес қасиетке ие. Осыған орай біз «екі қырлы моральді тұлғамен» кездесуіміз мүмкін, демек, тұлға адамгершілік, мораль теориясында еркін бағдар ұстайды, бірақ та тәжірибиеге келгенде сол мораль принциптерін қолдануды тиіс деп ескермейді.
Жоғары адамгершілікті қалыптастыру мен оның дамуы, оны тұлғаның ажырамас қасиеті қылып ұстау маманнан тек білімнің болуы ғана емес, өз үстіне өмірбойылық жұмысты талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар – әлеуметтік жұмыскердің білімдер мен тәжірибе негізінде қалыптасқан профессионалдық мораль талаптарының әділеттілігіне сенімділігі. Адамгершлік ұстанымдар маман тұлғасы дамуының жоғары сатысы, себебі тұлғаға таныс моральдік нормалардың терең және жан-жақты зерттеулеріне, өмірлік және профессионалдық тәжірибиеге, оларды іштей қолдау және жалғыз дұрыс және мүмкін деп тануға негізделген. Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегіне іс мүддесі жағынан қарауын, қоғамға әкелетін пайдасы мен міндетті пайданың қатынасын анықтауды талап етеді. Адамгершілік ұстанымдар маманның профессионалдық іс-әрекетке теориялық және практикалық әзірлігін анықтайды, әлеуметтік жұмыс практикасында өз мінез-құлығы мен қимылдарына саналы түрде қарауына негіздеме болады. Олар тұлғаның еріктік сапалары мен қоршаған ақиқатқа моральдық елеудің тұрақты формаларының қалыптасуына қатынасады.
Алайда адамгершілік ұстанымдар салыстырмалы дербестікке ие, себебі күнделікті өмірде тұлға өз ұстанымдарына қарсы келетін жағдайлар болады, өйткені өзінің ұстанымдарынан маңыздырақ себептер пайда болуы мүмкін. Осы жағдайда тұлға өзімен, ұстанымдарымен араздықта болады.
Адамгершілік қажеттілік – әлеуметтік жұмыскердің саналылығының ең жоғары деңгейі. Ол профессионалдық талартарды орындау моральдық қажеттілігімен сипатталады. Профессионалдық этика талаптарын орындау адамның ішкі қажеттілігіне айналғанда, адам этикалық принциптерге сәйкес өзінің еріктік және эмоционалдық қасиеттерін ұйымдастырады, бар ынтасын этикалық жағынан қиын мәселелерді адамгершілік көзқарасынан шешуге тырысады. Нағыз маман адамгершілік қажеттіліктеріне бағына отырып, оның көзқарасы бойынша теріс болатын әрекеттерді ешқашан жасамайды. Әлеуметтік жұмыскердің тұлға ретіндегі адамгершілік қасиеті берілген еңбек ұжымында қалыптасқан моральдық мінез-құлықтын әсеріне ұшырайды, ол тек қана берілген этикалық идеалды меңгере ғана қоймай, оны ақиқи шыңдықпен, моральдық қатынастардың күнделікті тәжірибиесімен үнемі салыстырып отырады. Осы жалпылаулар профессионалдық моральдың мазмұнына әсер ете отырып, оны түзейді.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік дағдыларының, ұстанымдарының, қажеттіліктерінің қалыптасуында профессионалдық моральдің маңызы зор. Олар практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты, бірақ әрқалай шарттайды. Ең қатаң әрі тұрақты байланыс әлеуметтік жұмыскерде адамгершілік қажеттіліктің қалыптасыунда байқалады.
Әлеуметтік жұмыскер абстактілі нұсқамалардың шегінен шығу жағдайы. Осы жағдай моральдық мәселелерді шешуде шығармашылық келістіталап етеді, соған байланысты әрдайым адамгершілік жасау, қимылдарын адамгершілік нормалары мен меңгерілген құндылықтар жүйесі арқылы реттеу теория мен практиканың анализі мен синтезінің ерекше формасы болып тиісті іс-әрекет немесе қылық уәжға әкеледі. Бұл ретте адамгершілік қажеттілік пен адамгершілік уәж әлеуметтік жұмыскерді тұлға ретінде сипаттайды. Әлеуметтік жұмыскердің іс-әрекет мотивтері оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайды.
Сонымен,әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік мінез-құлығы тұлғасының жеткілікті анықталған адамгершілік және рухани қасиеттеріне байланысты.
- Ұждандылық – әлеуметтік жұмыскерге қажетті қасиет. Әлеуметтік жұмыскер клиенттің жағдайы, оның мәселелерін шешу мүмкіндіктері, жұмыста кездесетін қиыншылықтар мен қателіктер туралы шыңдық айту керек. Алайда ұждандылық тек сөзде ғана емес, істе де болуы керек.Әлеуметтік жұмыскер клиенттің мәселесін шешуге уәде етсе, оны алдауға құқығы жоқ. Егер де әлеуметтік жұмыскер жұмысының нәтижесінде күмәнданса, оны орындалмас арман тудырмауы үшін клиентке айтуы тиіс.
- Ар-ұят. Әлеуметтік жұмыскердің ар-ұяты - өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігі, оның жақсылық, игілік, әділеттілік туралы түсініктеріне сай әрекет ету қажеттілігі, сонымен қатар эмоционалдық компоненттерді қамтиды. Ар-ұят тұлғалық қасиет қоғам және профессионалдық топ талаптарының кескінделу формасы болып табылады. Ар-ұят адамды моральдық және профессионалдық функцияларды тек формальды түрде орындаудан қорғайтын, мінез-құлықты реттеуші болып табылады. Егер де болжалмаған жағдайда қиын немесе ерекше кездесетін болса, адамның ар-ұяты оған дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі.
- Объективтілік: әлеуметтік жұмыскер адам болғандықтан, әлеуметтік жұмыскер мен клиент қатынастарында адами факторды ескеру қажет; алайда клиенттің мәселелері мен қасиеттеріне баға беруде әлеуметтік жұмыскер жеке эмоцияларына бой бермей, объективті болуы керек. Кері жағдайда әлеуметтік жұмыскер клиенттің мүмкіндіктерін кемітіп немесе асыра бағалауы мүмкін, асыра бағалау жағдайында клиент орындай алмайтын нәрселерді талап етуі мүмкін, ал кемітіп бағалаған кезде, клиентте тұлғалық потенциалына қарамай, әлеуміттік жұмыскер арқасында өзінің мәселелерін шешу қызығушылын тудыруы мүмкін, сөзсіз, осы жағдайлар клиенттін де, әлеуметтік жұмыскердін мүддесіне пайда әкелмейді.
- Әділеттілік әлеусметтік жұмыскердің клиенттер, жақындары мен әріптестерімен қарым-қатынастарында болуы қажет. Әлеуметтік жұмыскер әртүрлі симпатия мен антипатияларға ие, бірақ оның жеке көзқарасы оның жұмысына әсер етпеуі тиіс; оның клиенттерге деген көзқарасы біркелкі, игілікті, ұқыпты болуы керек. Әлеуметтік жұмыскер клиентке антипатия немесе симпатия сезінсе де, клиенттің мәселесін шешуде әділеттілік танытуы тиіс.Әріптестерінің әрекеттеріне де әділетті баға берілуі де өте маңызда.
- Бипаздық –бұл қасиет әлеуметтік жұмыскердің жұмысының нәтижесін және сол нәтижелерді клиенттер, әріптестері мен басқа адамдар субъективті қабылдауын болжай алу қасиеті.
- Ұқыптылық пен байқампаздық әлеуметтік жұмыскерге клиенттің көңіліндегі оңтайлы және теріс өзгерістерді байқау үшін қажетті. Жақсы маман клиенттің бойынджағы өзіне-өзі сенімділігінің түсуін, қалдырауын, денсаулығындағы аухауларды, міселені шешу тәсілімен келіспеушілікті, сөзбен айтылмаған жағдайда да байқай алады. Ұқыптылық пен байқампаздық әлеумметтік жұмыскерге клиентті дұрыс шешім қабылдалғанына сендіруге, алынған ақпаратты тексеру мен клиенттің жадыгөйлігін байқауға көмектеседі.
- Төзімділік – әлеуметтік жұмыскер мен клиент арақатынасында қажетті және тұлғасының ажырамас бөлігі болып табылатын қасиет. Төзімділік – басқа адамдардың ұстанымдарына, қылықтарына, қызығушылықтары мен сенімдеріне қарсы келмей, оларды түсінуге тырысу. Алайда, төзімділік басқа адамдардың өмір салтын, ұстанымдарын, әдеттерін қабылдауды білдірмейді.
- Байсалдылық пен табандылықсыз әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық әрекет етуі мүмкін емес. Әлеуметтік жұмыскер тәжірибиеде қиын өмірлік жағдайдағы адамдарен кездесуі мүмкін, олармен жұмыс жасағанда индивидтердің эмоционалдық нысаның ескеруі тиіс. Кей жағдайда клиент ашулы болып, әлеуметтік жұмыскерде эмоцияларын шығаруы мүмкін, әлеуметтік жұмыскер байсалдылық көрсетіп, жауап бермеуі керек. Кері жағдайда клиент не айтқысы келгенін түсінбеушілігі мәліметтін дұрыс жиналмауына әкеп соқтырады.
- Мейірбандылық адамдарға қамқорлыққа алу, өмір сүруі үшін жағымды жағдай жасау, оңтайлы көңіл-күй қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады, ол ұғым емес, іс әрекет болып табылады.Әлеуметтік жұмыскердің мейірбандылығы клиентің мүддесіне пайда әкелетін болса, әрдайым, қандай да болмасын шындықты айтуға міндеттейді.
- Адамсүйгіштіксіз әлеуметтік жұмыскер клиентке ешқашан дос, кеңесші, жетекші бола алмайды. Клиенттердің барлығы сүйіспеншілікті оятпайды, сондықтан әлеуметтік жұмыскер клиенттерінде ең жақсы қасиеттерін көре білуі керек, сол жақсы қасиеттеріне жауап беру арқылы клиент тұлғасының позитивті трансформациясын шағыру керек. Адамға деген немқұрайлық көзқарас әсер етудің эффективтілігін төмендетеді.
- Өзіне сын көзбен қарау - өз жұмысына, мінез-құлқына дұрыс баға беру, ақтау және сылтаулар іздемеу қасиеті. Кемшіліктерге ашық көзбен қарамай, өзө өзін сынау арқылы ғана өзіндік құндылықтарды дамытуға болады. Өзіне сыни көзбен қарау адам өзін жеушілікке айналмауы керек, себебі ол адамды дамытудын орнына, керісінше тығырыққа тірейді, өз күшіне деген сенімсіздікті қалыптастырады.
- Өзін-өзі бағалаудың түзулігі әлеуметтік жұмыскерге күнделікті тәжіриебеде қажетті. Әлеуметтік қорғау мекемелерінде жқмыс істейтін әлеуметтік жұмыскерлердің атқаратын функциялары қоғам үшін өте маңызды. Алайда әлеуметтік жұмыскер өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін асыра бағалауы немесе жеткіліксіз бағалануы бірдей теріс нәтижелі болады.
- Шыдамдылық – әлеуметтік жұмыскерге практикада қажет қасиет себебі ол күнделікті өмірде көптеген адамдармен кездеседі, олардың көбімен тілдесуде қиындықтар туады, сол қиындықтар клиенттің жатсық немесе эмоционадық сипаттамасымен байланысты. Әлеуметтік жұмыскер әрбір адамның пікірі мен мәселесін, оған қандай қатысыты болмасын тыңдауға міндетті.
- Байланыс орнатуға бейімшілдік – әлеуметтік жұмыскердің ең маңызды қасиеті, себебі клиентпен танысу да, жұмыстың аяқталыу да араласумен байланысты. Араласу барысында әлеуметтік жұмыскер клиенттің мәселесі жайлы мәлімет алады, жұмыс барысында өзгерген жағдайларды анықтап жұмыс жоспарына өзгертулер енгізеді. Әріптестерімен сұхбаттаса отырып әлеуметтік жұмыскер тәжірибе алмасады, мазалап жүрген мәселелерімен бөліседі; басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің өкілдерімен қатынасқанда әлеуметтік қызметтердің қалыпты жүмыс атқаруына әсер ететін мәселелерді шешеді.
- Оптимизм – өте ауыр мамандықтардың бірі, себебі ол жұмысында көретін адамдарының көбі тығырыққа тірелген,көптеген мәселелерге тап болған адамдар. Осындай жағдайда оптимизмді сақтау өте қиын, бірақ та оптимизм жетіспеушілігі адамды өмірден түңілдіреді, клиентке берілген жағдайда, клиент мәселесінің шешілуіне сенімсіздікпен қарап, одан әрі үмітсіздікке салынады.
- Өзің-өзі билеушілік – объективті қажетті қимылдарды орындауға бағытталған, жұмыс барысында пайда болатын кедергілерді айналып өту мен бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу қасиеті.
- Эмпатия – әлеуметтік жұмыскердің клиентпен бірге мазасыздану, ниеттестігін білдіру.
- Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу – әлеуметтік жұмыскедің жаңа білімге, әлеуметтік жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге, профессионалдық ілгері басуға, моральдік және профессионалдық қасиеттерді шыңдауға ұмтылысы.
- Шығармашылық ойлану. Әлеуметтік жұмыста міселелерді шешуде барлық жағдайларға бірдей қолданылатын шаблондық әдіс жоқ, сондықтан әлеуметтік жұмыскер мәселені шешуде шығармашылыққа беріліп, клиентке индивидуалды көмек көрсетуі тиіс. Әлеуметтік жұмыскерде шығармашылық ойлаудың болмауын клиент аланғасарлық, ұқыпсыздық, көмектесуге құштарлығының болмауы деп ұғынады.
Сонымен, әлеуметтік жұмыскердің моральдық қасиеттері жұмыс жемістілігін және профессионалдық жарамдылығын анықтайды. Моральдық қасиеттердің қалыптасуы қоғам және мамандықтың рухани құндылықтарын игеруден қалыптасады.Әлеуметтік жұмыскер моральдық қасиеттерін клиент, оның айналасына, бүкіл қоғам алдында көрсетеді, сол арқылы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Әлеуметтік жұмыскердің тұлғасы біртұтас. Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық қасиеттері жұмыстан шыққаннан кейін ешқайда кетпейді, демек әлеуметтік жұмыскер адамгершілігі жоғары адам деген көзқарас қалыптасады.
Әлеуметтік жұмыскердің екінші әлеуметтік рөлі бар. Ол тек қана өз мамандығының өкілдік тұлғасы ғана емес, ол сонымен қатар – азамат.
Әлеуметтік жұмыскер мамандықтағы, қоғамдағы, әлемдегі өзінің рөлін түсінуі керек.
Кәсіби қарым-қатынас – бұл кәсіби іс-әрекет процесс кезінде қалыптасатын қарым-қтынас. Әлеуметтік жұмыстың маманы үшін қарым-қатынас әр түрлілігі өзге мамандық өкілдеріне қарағанда кең ауқымды болып келеді, себебі өзінің әріптестері және әлеуметтік қызмет көрсету клиенттерімен қарым-қатынас орнатумен қатар, ол түрлі ұйымдар, әр түрлі деңгейдегі шенеуніктермен де қарым-қатынаста болады. Әлеуметтік жұмыскердің қарым-қатынаста құзіретті болуы өте маңызды, оның жұмысының тиімді болуы, демек клиенттерінің жағдайы да (психикалық, физикалық, материалдық және т.б) осыған байланысты. Сонымен қатар, қарым-қатынаста құзіретті әлеуметтік жұмыскер өз клиентіне қарым-қатынас жасай алуға және осы арқылы оның мәселелерін шеше алады.
Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби қарым-қатынасы
Әлеуметтік жұмыскердің
кәсіби іс-әрекеті барысында
1. іскерлік (бұл әлеуметтік жұмыс бойынша маманның ұйымдар,әлеуметтік институттар өкілдерімен,әр түрлі деңгейдегі шенеуніктермен әлеуметтік көмек қызметкерліктерінің іс-әрекетін жақсартып, өз клиенттерінің қандай да бір мәселелерін (құқықтық, материалдық, тұрғын үй, психологиялық т.б) шешу мақсатындағы ресми-іскерлік саладағы қарым-қатынасы.)
2. кеңес берушілік (клиентке көмек көрсету мақсатындағы қарым-қатынас, әсіресе психологиялық, бірақ міндетті емес)
3.жекелік (клиент пен әлеуметтік жұмыскер арасындағы достық қарым-қатынастар, сенімге негізделген қарым-қатынас түрі)
Осы
қарым-қатынас түрлерінің
Осылайша,
әлеуметтік жұмыскердің қарым-
Әлеуметтік жұмыскердің
іскерлік қарым-қатынасының
Көп жағдайда әлеуметтік
жұмыскерге өз іс-әрекетінде
Іскерлік әңгімелесу
ресми-іскерлік салада
- Талқылау нысанының
- Серіктестердің айтқанына тез назар аудару.
- Субъективті және объективті
факторларды есептеу мен
- Берілген мәселе бойынша
өзге көзқарастарды сыни
- Мәселені шешуге жауапкершілік пен қатыстықты сезіну.
Өзінің ресми-іскерлік қарым-қатынасында әлеуметтік жұмыскер келесі ұсыныстарды ескеруі керек.
1. Алдын-ала әңгімелесудің
жоспарын жазып, ең маңызды
деген тұжырымдамаларды
2. Әңгімелесу барысында
әңгімелесушіге периодты түрде
әсер ету принципін қолдану:
жағымсыз сәттер мен
3. Әрқашан әңгімелесушінің қозғаушы күштерін есте сақтау: оның үміттері, қол жеткізген басымдылықтары, өз орнын табу ықыласы, оның ар-намысы;
4. Мәселеге қатысы жоқ, бөтен тұлғалардың араласуын болдырмау;
5. Кез-келген жағдайда
әдептілік пен сыпайылық
6. Әңгімелесушіге жағымды жауапты жеңілдендіру;
7. Әңгімелесуші «жоқ»
деп жауап беруі мүмкін
8. Өз көзқарасын әңгімелесуші
келіспеген жағдайда егжей-
9. Әңгімелесу тақырыбынан ауытқымау, оптимистік нақышты ұстану;
Сонымен қатар, диалогтың қалыпты өтуіне әңгімелесушіні орта жолдан негізсіз бөлу кедергі келтіретінін, оны өз ойын жеткізу мүмкіндіктерінен айыратынын, серіктесінің аргументтеріне күдікпен қарауы мүмкін екенін естен шығармау керек.

- Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары
- Әлеуметтік жұмыс теориясы
- әлеуметтік қатынастар аясында мемлекеттік басқару
- Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары
- Әлеуметтік қызмет көрсету, іс-әрекет
- Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері
- Әлеуметтік нормалар
- Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы
- Әлемдік сауда
- Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс
- Әлеуметтану пәні
- Әлеуметтік болжау мен жобалау
- Әлеуметтік жұмыс және психология
- Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы