Әлеуметтік жұмыс және психология
I.Кіріспе.....................
II.Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік жұмыстағы психологияның орны..........................
1.1. Әлеуметтану, психология ғылымдарының түсінігі, байланысы..................5-6
1.2. Психо-әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік жұмыс жүйесінде алатын орны мен рөлі..........................
1.3. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық негіздері…....................
2. Асырап алушы ата-аналар мен балаларға әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізудің негіздері.....................
2.1.Институализация жағдайларында баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері.................
2.2. Балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу негіздері.....................
2.3. Баланың асырап алушы отбасына кіруге әлеуметтік-психологиялық дайындығы.....................
2.4.Асырап алушы отбасына әлеуметтік-психологиялық жол көрсету..........28-35
III.Практикалық бөлім.........................
IV.Қорытынды бөлім.........................
VI.Қолданылған әдебиет тізімі........................
Қосымша.......................
I.Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Психология – психологиялық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «Псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.
Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.
Психология сан салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар. Оларды тудырған – қоғамның нақтылы, талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық, экономикалық прогрестің әсері. Осы ғылымның кейбір салалары еңбек үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Қоғамның, ұжымның жеке адамға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Яғни әлеуметтік жұмыстың психологиялық мәселелерін психологиялық оңалту, реабилитациялау, түзету шаралары негізінде шешеді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға психологиялық жағынан көмектер жасалады, осы арқылы негізгі мәселелерді шешу қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмысты оқырмандарға дұрыс жеткізу үшін бірнеше мақсаттар көзделеді. Олар:
- әлеуметтік, психологиялық көмекті қажет ететін азаматтарды анықтау;
- әлеуметтік жұмыста жүргізілетін психологиялық көмектерді әдістемелер арқылы заң бойынша дұрыс бөлу;
- психологиялық көмектердің түрлерін анықтап талдау;
- психологиялық көмектер қандай жағдайда қажет екенін анықтап білу;
Курстық жұмыстың міндеттері. Курстық жұмыстың мақсатында белгіленген әрекеттерді, яғни әлеуметтік, психологиялық көмекті қажет ететін азаматтарды анықтау, әлеуметтік жұмыста жүргізілетін психологиялық көмектерді әдістемелер арқылы заң бойынша дұрыс бөлу, психологиялық көмектің түрлерін анықтап талдау жұмыстарын орындау. Және тағы бір негізгі міндет болып курстық жұмыстың өзектілігін дұрыс ашу және тыңдаушыларға түсінікті етіп жеткізу.
Курстық жұмыстың объектісі. Әлеуметтік жұмыста жүргізілген психологиялық шаралар және сол шараларды пайдаланған азаматтар курстық жұмыстың объектісі болып табылады.
Курстық жұмыстың оқу пәні. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық негіздер мәселесінің теориялық және тәжірбиелік аспектілері болып табылады.
II.Негізгі бөлім
1. Әлеуметтік жұмыстағы психологияның орны
1.1.Әлеуметтану, психология ғылымдарының түсінігі, байланысы
Әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін (топ, ұжым, олардың көңіл-күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.), топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын, олардың лидерлері мен қарамағындағылардың проблемаларын зерттейді. Соңғы жылдары әлеуметтік психологияға ерекше мән берілуде. Әлеуметтік психология әртүрлі ұйымдасқан және ұйымдаспаған қоғамдық топтардағы адамдардың өзара қатынасынан туындайтын психикалық құбылыстарды қарастырады.
Осы айтылғандардан психология ғылымының практикалық қолдану аясының қаншалықты жан-жақтылығын аңғару болады. Психология ғылымы - өмірдің әртүрлі саласында кеңінен қолданылып келе жатқан практикалық мәні ерекше ғылым. Жоғардағы психология ғылымдарының салалары және оларға берілген сипаттамадан психологияда әруақытта да жаңа бағыттардың пайда болу үрдісін көре аламыз. Бұл түсінікті де, қазіргі кезде адамның мүмкіндіктерін білудің, адамзат іс-әрекетінің әртүрлі салаларында олардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің мәні ерекше.
Дегенмен, қазіргі психология оның жаңа салаларының пайда болуымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар оның әртүрлі салаларының арасында бірден бір тығыз байланыстың қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл үрдіс екі бағытта іске асады. Өзара қарым-қатынастың нәтижесінде бір салаға екінші саланың ықпалымен жаңа дамуы аңғарылады, екінші жағынан, әрбір сала біртұтас және біржүйелі сипатқа ие болады.
Психологияның басқа салаларының арасында жалпы психология ерекше орын алады. Жалпы психология психологияның саласы емес, психологияның басқа салаларымен бір қатарға қоюға болмайды. Жалпы психология ересек адамның психикалық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жалпы психология психологияның міндеттерін, әдіснама мәселелері мен әдістерін, психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен практикалық іс-әрекетті зерттейді. Жалпы психология психология ғылымының барлық салалары мен бөлімдерінің дамуының іргелі негізі болып табылады. Жалпы психология курсында жалпы теориялық қағидалар және негізгі әдістер туралы ғылыми түсінік беріледі, психологияның негізгі ғылыми ұғымдары, заңдылықтары туралы сипатталады.
Ғылымдар жүйесінде психология ғылымына қандай орын беріледі, басқа ғылымдарда психологияның мәліметтерін пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге көп нәрсе байланысты немесе керісінше, қандай деңгейде психология басқа ғылымдардың нәтижелерін пайдалана алады? Қоғамдық ғылымдардың ішінде философия, саяси экономика, тарих, өнертану, педагогика ғылымдарымен байланысты. Бұл ғылымдардың барлығында да адамның саналы іс-әрекеті зертеледі, демек, психология айналысатын мәселелер қарастырылады.
Психология бір жағынан, философия ғылымдарымен, екінші жағынан, жаратылыстану ғылымдарымен, үшіншіден, әлеуметтік ғылымдармен байланысты аралық жағдайда орналасқан ғылым екендігін дәлелдейді.
1.2.Психо-әлеуметтк іс-әрекет, әлеуметтік жұмыс жүйесінде алатын орны мен рөлі
Әлеуметтік жұмыс практикада психоәлеуметтік зерттеу Мэри Рагмант Фэберли Холлиздің еңбектерінде қарастырылады. Бұл зерттеулерде әлеуметтік жұмыстағы психоәлеуметтік жақындық адам тұлғасының ішкі әлемін, сыртқы көрінісін оның психоәлеуметтігін анықтайды.
Психоәлеуметтік жақындықтың мақсаты субъектінің ішкі психикалық өмірімен жүйке аралық қатынасының байланысын көрсетеді. Психоәлеуметтіктің мақсаты: адамдарға, халыққа алғаш көмек көрсету, ресурстарды іздестіріп проблемаларды шешу. Психоәлеуметтік объект нақты қиын өмірлік жағдайда болған адамдар халық тобы жатады. Психоәлеуметтік субъект әлеуметтік қараусыздықты шектеулі мүмкіндіктердегі адамдар. Психоәлеуметтік жұмыстың негізгі функциясына мыналар жатады: бағдарламалық, диагностикалық, кеңестік, коррекциялық, делдалдық, терапевтік.
Психоәлеуметтік жұмыстың формалары 2 түрде жүргізіледі. 1) индивидуалдық (жекеше) 2) топтық. Психоәлеуметтік әдістерге жатады: 1) психотерапевтік кеңес 2) топтық кеңес.
Қазіргі кезде психоәлеуметтік жұмыстың ұғымдарына ғылыми әдебиеттерде келесі түрде анықтамалар берілген. Психоәлеуметік жұмыстың әдістемесі бұл жекеменшік дидактика оқыту, білім алу теориясымен қарастырылады. Психоәлеуметтік жұмыстың әдістемесінің бұл маманның субъектпен қарым-қатынас мазмұны психоәлеуметтік жұмыстың, психоәлеуметтік көмектің және әлеуметті кқолдаудың әдістемелерімен анықталады.
Психоәлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік жұмыс маманының іс-әрекеті әртүрлі кәсіптік рөлдерді, функцияларды атқаруы.
Әрбір адам жас ерекшелігіне қарамай әлеуметтендірудің объектісі ьолып саналады. Ол әрқашанда әлеуметтік рөлге ие. Мысалы, ер және әйел болып бөліну(рольдік әлеуметтену), отбасылық әлеуметтену, еңбектік (қызметтік әлеуметтену). Пиаж пікірінше адамның әлеуметтенуі субъектінің әлеуметтік ортаның қатарлас жүретін белсенді процесі мен нәтижесі. Сондықтан адаптация бұл индивидтің әлеуметтік мүшесі ретінде қалыптасуы. Адамның әлеуметтену процесінде маңызды рөлді әлеуметтендіру агенттері алады. Әртүрлі жаста агенттерде өзгеше болады. Мысалы, жасөспірімнің әлеуметтену агенттері болып ата-аналар, мұғалімдер, туыстары болып саналады. Әлеуметтендіру процесі адамның әртүрлі жағдайда өтеді. Бұл байланыс жағдайды байланыс факторлары деп атайды. Қазіргі кезде ғылыми әдебиеттерде 4 фактор қарастырылады: 1) мегафактор 2)макрофактор 3) мезофактор 4) микрофактор. Адамның ең маңызды құбылысы болып микросоциумның қатысы жатады. Адамның әлеуметтену процесі келесі 4 жиынтықпен қарастырылады. 1) стихиялық әлеуметтену (әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени құбылыстар) 2) жолдау әлеуметтену (экономикалық-құқықтық, заңдылық, ұйымдастырушылық шаралармен анықталады) 3) әлеуметтік басқару, бақылау, әлеуметтену (әлеуметтік саясат тәрбиесімен анықталады) 4) Адамның өз-өзін өзгертуі (адамның өз-өзі қалыптасуы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ішкі және сыртқы ресурстарымен өзгеруі мүмкін. Ғылыми әдебиеттерде әртүрлі жас кезеңде шешілетін міндеттер үш топқа бөлінеді: 1) мәдени 2) әлеуметтік мәдени 3) әлеуметтік психологиялық. Мәдени міндеттер физикалық және жыныстық рольдік дамудың деңгейін анықтаумен жетіледі. Әлеуметтік мәдени міндеттер адамның моральдік этикалық, моральдік адамгершілік аспектісімен қарастырады. Әлеуметтік психикалық міндеттер адамның өзін-өзі анықтауға тұлғаның қалыптасуына байланысты. Егер адам бейімделуге келмесе және сыртқы ортаның қатысуна теріс келсе, онда дезадаптацияның пайда болуы мүмкін.
1.3. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық негіздері
Әлеуметтік қызметтегі психологиялық кызмет атқарылатын жұмыс. Психологияның теоретикалық қызметі мақсат пен міндет, мазмұны мен құралдың арасындағы байланысын табады. Психологияның әдістемелік (методологиялық) қызметі әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық процестерді зерттеумен айқындалады. Мысалы, әлеуметтік психологиялық зерттеу бойынша ол адам дамуында психика жағдайын зерттеу тест арқылы және басқа да әдістемелер арқылы. Ал әлеуметтік педагогикалық сол зерттелген нәтижелері бойынша педагогикалық сала оны өзгертеді (педагогикалық әдістер арқылы). Психологиялық қызмет түсіндіру, диагностикалық, жобалау, түзету (коррекция) әдістеріне сүйенеді. Психология ғылымы арқылы әлеуметтік педагогикалық міндеттер ашылады. Психологияның диагностикалық міндеті әлеуметтік қызметте екі ұстаным арқылы жүргізіледі. 1. Тұлғаның диагностикасы және оның әлеуметтік қызметтері тобының диагностикасы 2. Психологияның жобалау (прогностикалық міндеті) болашақ ұйымдастырудан құрылады. Әлеуметтік проблемалар мен әлеуметтік қызметтің міндеті әлеуметтік психологиямен тығыз байланыста. Демек, әлеуметтік проблемаларға әлеуметтендірудің құрамдас бөліктері этнопсихологиялық топтық және жеке тұлғалық мінездемеден құрылады.
Әлеуметтік қызметтегі психологияның дамуы. Әлеуметтік қызметтің нәтижесінде мына факторлармен айқындалады. Экономикалық (кризис, жұмыссыздық, инфляция). Материалдық негізі бойынша (жалақы). Әлеуметтік (қорғау, қамсыздандыру) және психикалық фактор (рухани психиканың бұзылуы, жалғыздық). Әлеуметтік қызметте ең маңызды ықылас психикалық қамтамассыз ету. Әлдеуметтік қызметте ең маңыздысы әлеуметтік қызметтің психологиясы. Әлеуметтік қызметтің құрылымында мына элементтер пайда болады:
- себеп
- психологиялық талдау
- басқарма (басқару)
Психологиялық әдістеме мотивацияның сапасын бағалауға көмектеседі. Ал психологиялық талдау ынталандырмалық қолдауын дәлелдейді. Адамның қызметінде нәтиженің жоғарлануына мүмкіндік туғызады. Мысалы, (оқу, еңбек, дене шынықтыру, қоғам). Әлеуметтік қызметтер психологиялық қамтамассыз ету басқарушылығымен тығыз байланыста. Әлеуметтік қызметтің мазмұны мына аспектілерден құралады.
- әлеуметтік тұтылушылықтың қалыптасуы
- қызығушылығы мен нәтижелілігі
- адам мен тобының қабылдануы
- адамдарға қолайлы жағдай туғызу
Әлеуметтік қызметтің психологиялық құралдары. Әртүрлі психикалық элементтері:
- ақпарат беру (информация)
- нұсқама (рекомендация)
- кепілдеме
- сенім
- диагностикалық тестер
Әлеуметтік қызметтегі психологиялық оқудың жүйесі. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық негіздері жеке тұлғаның теориясын оның дамуын қарастырады. Әлеуметтік қызмет тұлғаның типизациясымен тығыз байланыста. Мысалы, тұлға мінезінің жағымды және жағымсыз жақтарын айқындайды, психикалық кепілдеме беріледі. Әлеуметтік қызметте психикалық топтық ой-тұжырым маңызды рөл атқарады, топтың құрылымы ашылады (жетекшілік, жауапкершәілік, болашақ, көркем өнерпаздық, әлеуметтік тәжірбие).
Әлеуметтік жанжалдық (конфликт) теориясы ең маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметте психологиялық жанжалдың талдауы оқу еңбекші қызметті жоғарылатады.
Индивидуализация және деференцияция. Психологиялық салада индивидуализация және деференцияция әлеуметтік жұмыстың психикалық теория ретінде қарастырылады. Демек, әрбір қызметте жеке қатынас болуы керек.
- оқу
- еңбек
- ойын
- көркем
- дене шынықтыру
2. Асырап алушы ата-аналар мен балаларға әлеуметті-психологиялық зерттеу жүргізудің негіздері
2.1.Институализация жағдайларында баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу, әлеуметтік қызметті қажет ететін балалармен жұмыс жүргізудің маңызды кезеңі болып табылады. Оның мақсаты – баланың жағдайын бағалау, баланың қажеттілігін, жеке ерекшелігін анықтау. Бағалауды сапалы өткізу жоспарлаудың нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттарды іріктеу де маңызды кезең. Бұл жерде кандидаттармен жұмыс жүргізген кезде баланың қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес балаға отбасы іріктелу принципі қойылған.
Институализация жағдайларында баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері
Баланы зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу кезінде, баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері мен оның себептері жөнінде мамандардың білім деңгейінің маңызы зор.
Тарауда М.И.Лисинаның, И.В.Дубровинаның, А.М.Прихожанның, Н.Н.Толстыхтың, академик В.С.Мухинаның, педагогикалық түзелту институтының практикалық психологы Э.А.Минкованың, псих.ғ.к. И.В.Ежованың басқаруымен Яснополянск балалар үйінің психологиялық қызметі жүргізген зерттеулер нәтижелерінің деректері қолданылған.
Қамқорлық мекемелер тәрбиеленушілерінің зияткерлі даму проблемалары.
Баланың зияткерлі дамуының жеткіліксіз болуы танымдық процестерінің әлсіреуінен немесе қалыптаспауынан, дамымауынан, есте сақтау қабілетінің төмендігінен, көңіл аударудың бірқалыпсыздығынан, ойлау қабілетінің жетілмегенінен, ой өрісінің төмендігінен және т.б. жағдайлардан болады және білінеді. Зияткерлік дамудың төмендеуінің себептері алуан түрлі болуы мүмкін: мидың дұрыс жұмыс істемеуінен бастап тәлім-тәрбие ортасының дұрыс болмауына дейін.
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының ерекшеліктері мен деңгейін психологиялық зерттеу тәрбиеленушілердің көңіл бөлу мен есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің орта статистикалық мөлшерінен ауытқымағандығын көрсетеді. Вербальды-логикалық ой өрісі төмендеуі айқын көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балалармен және бастауыш мектеп оқушыларымен жағдайдан тыс жеке әңгімелесулер қиынға соғады. Мысалы, «сендерге не ұнайды?», «нені жақсы көресіңдер?», «көңіл күйлерің қандай?» және т.б. сұрақтар оларды абыржытады және олар жауап бере алмайды.
Осы деректер педагогикалық аздырып жіберу мен ортаның әсері интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілердің зияткерлі дамуының төмендеуіне әкеліп соғатын негізгі себебі болып табылатындығын айқындайды. Балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мен ересек азаматтардың мазмұнды теңбе-тең әңгімелесуінің болмауы ең маңызды себеп болып табылады.
Тәрбиеленушілердің сезімді-ерікті дамуының проблемалары.
Сезімді-ерікті өрісте барлық зерттеушілер балалар үйінде тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде қалыптасуынан ауытқуын және көптеген қиыншылықтарын белгілейді: әлеуметтік өзара іс-қимылдардың бұзылуы, өздігінен дамуының кемшілігі, өзін-өзі бағалаудың теңсіздігі, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын құра алмауы, ынтымақтастық тенденцияларының жоқтығы. Мұндай бұзылыстар көбінесе мазасызданудың артуында, сезімдік қызуында, психикалық шаршауда, сезімдік стрестерде, әр түрлі кедергілердің туындауында сезімталдылығының артуында, қиыншылықтарды жеңуге дайынсыздығында, сенімсіздікте, ашушаңдықта, серпімді белсенділіктің артуында, сезімдік суықтықта, қоршаған азаматтармен қарым-қатынасының бұзылуында, депрессияда және т.б. айқын көрінеді. Жетімдер мекемелеріндегі сезімдік өмірінің толықсыздығы, ересек балаларда түрлі психикалық және әлеуметтік бейімделуінің бұзылуына әкеліп соғады: кейбірінде бұл белсенділігінің төмендеуі, кейбірінің қылмыстық іс-әрекеттер жасауы, көбінесе қоғамда өзін-өзі дөрекі ұстауы бағаланады.
Осындай балалардың дамуындағы бұзылыстар тәрбиеленушілердің жабық түрдегі мекемелерде орналасқандығынан болады. Балалардың көбісі балалар үйіне сәбилер үйінен келіп түседі, ол жерде олар үш кейбір кездерде төрт жылға дейін тәрбиеленген.
Академик В.С. Мухинаның жүргізген зерттеулерінің нәтижелерінде тәрбиеленушілердің әңгімелесу қажеттілігі аз дамығаны, жалпы дамудың кешігуі бақыланды. Бұндай балалар сөйлеу дамуында кешігеді, ойнай алмайды, қоршаған ортамен қатынаса алмайды. Өмірінің алғашқы кездерінде сәбилік кезге сай келмейтін енжарлық байқалады. Туылған күнінен бастап анасының махабаты мен еркелігінен кемтар қалған бала жабық түрдегі мекемелерінде өмір сүргендіктен, ересектермен қалыпты қатынастарда болмағандықтан 6-8 айлық бала өзінің туылғанда пайда болған даму қабілетін жоғалтады, енжарлық пайда болады. Жабық түрдегі мекемелерде тәрбиелену жағдайлары бала мінез-құлқында енжарлық беталысын туғызады. Басқа жағынан балада көптеген керексіз қимылдау іс-әрекет түрлері пайда болады: баланың теңселуі, саусағын немесе ернін соруы, мағынасыз бір қимылды қайталай беруі.
Интернаттық түрдегі мекемелерде өскен бала өнімді қатынас дағдыларын меңгермейді. Оның қарым-қатынастары үстірт және асығыс: ол бір кезде озбыр енжарлыққа өте келе көңіл бөлуді қажет етеді және одан бас тартады. Сүйіспеншілік пен көңіл бөлуді қажет ете келе бала өзін сол қажеттілікке сай ұстай алмайды.
Ересек адамдармен іскерлік қарым қатынастары кеш дамиды және жабайы түрде жүзеге асырылады. Балалар ересектердің ойын үлгідегі қимылдарын ықыласпен бақылайды, айтылған нұсқауларды орындайды, ұсыныстарды қуана қабылдайды, бірақ ойынға белсенді қатыса алмайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетінің тежелуі мен құмарлығының артық шамада болуы сезімдік-ерікті тұрақсыздығымен, артық шамадан тыс шаршауымен, ашуланшақтығымен үйлеседі. Бұл сезімнің дамымауы және сезімдік дамудың ауытқуы тек психикалық, әлеуметтік салдарынан ғана емес сонымен қатар тұқым қуалаушылық және туғанда пайда болған патология салдарынан да болады.
Балалардың құрбыларымен қатынастары және бірлескен қызметтері
Құрбылармен қатынас қажеттілігі негізінде қиын емес. Ойын кезінде балалар іс-қимылға және құрбысының көңіл-күйіне назар аудармайды, кейбір кезде құрбысының ренішін, сұрауларын тіпті көз жастарын да байқамайды. Бір жерде бола тұра, бөлек ойнайды. Немесе бәрі бірге ойнайды, алайда ойын процессуалдық күйде өтеді, ойында бірегейлік қатынас болмайды.
Құрбыларымен үнемі байланыста аздаған балалар ғана болады. Ол баланың жасы мен баланың топтағы жағдайына байланысты емес. Алайда жалғыз қалатын балалар да жоқ. Ойындар көп жағдайларда ашушаңдықпен, көңіл күйдің ауысуымен өтеді.
Жетім-балалардың сана-сезім құрылымының қалыптасуы.
Академик В.С.Мухина жетім-балалардың сана-сезім құрылымының қалыптасуының бұзылуына көңіл аударады. Адамның сана-сезімі келесі тарихи тұрғыда құрылған әлеуметтік құрылымда дамиды:
1) өзінің атына өзіндік есімдікті қосқанда;
2) мойындау талаптары;
3) жыныстық теңестіру;
4) жеке тұлғаның психологиялық уақыты: өткен, қазіргі, болашақ;
5) әлеуметтік кеңістік: парызы мен құқығы.
Балалар үйінде балаларды көбіне тегімен шақырады, аты көп уақытта тегімен үйлеседі. Баланың аты бұйрық беру кезінде ғана қолданылады, сүйіспеншілікті көрсетуде еш уақытта қолданылмайды. Нәтижесінде баланың өзінің атына деген жағымсыз сезімі туады.
Баланың талаптануы өзінің ортасында күшпен, тәрбиеленушілерге барабар озбырлықпен жүзеге асырылады. Қажеттіліктерін жүзеге асыра алмаған жағдайларда ашу-ыза, қызбалылық, мазасыздану сезімдері туады.
Тағы бір маңызды жағдайға назар аударғанымыз жөн – балалар үйіндегі «біз» деген ұғым. Ата-ана қамқорынсыз өскен балалардың интернаттық «біз» ұғымы қалыптасады. Бұл ерекше психологиялық құрылым. Ата-анасыз өскен балалар әлемді «біздің» және «бөтен», «біз» және «олар» деп бөледі. «Бөтендерден» бәрі бірігіп өздеріне керектісін алуға дайын. Оларда «бөтендерге» және «өзімізге» деген ерекше қарым-қатынас қалыптасқан.
Интернатта өмір сүретін балалар өз топтарының ішінде өзінің құрбыларына немесе өзінен кіші балаларға қатыгездік көрсете алады. Өзін олай ұстауы бірнеше себептерден, біріншіден жүзеге асырылмаған сүйіспеншілік пен танылмағандық, баланың сезімдік тұрақсыздық жағдайда болуы, ата-ана қамқорлығынан айрылуы.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің сана-сезімінің тағы бір маңызды ұғымы бұзылған, ол жеке тұлғаның психологиялық уақыт ұғымы. Бала өзінің қазіргі кездегі күйін өткен заманғы немесе болашақтағы өзімен біріктіре алмайды: өзінің жеке өткен шақтары көп жағдайда есінде сақталмаған, болашақ олар үшін анықталмаған.
Интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің жыныстық теңесу проблемасы белгілі. Отбасында бала өзінің қай жынысқа жататынын ерте анықтайды: мектеп алдындағы уақытта өзінің жыныс қатынасына сай мінез-құлықтарға, ықыласқа, өзінің жыныстық бағасына иеленеді. Еркек және әйел мінез-құлық стереотиптері өзінің жыныстық өкілімен қарым-қатынас құру арқылы сана-сезімге енеді. Балалар үйіндегі балалар мұндай жағдайлардан оқшау келеді. Мектеп жасына жетпеген балалар өзінің қай жынысқа қатысты екенін жақсы біледі, және өзін қыз бала немесе ер бала ретінде бекітуге тырысады, бұл жағдайда олар отбасында өскен балалардан еш айырмашылығы жоқ. Алайда жыныстық теңестіру сапасының айырмашылығы бар. Егер отбасында өскен бала өзін ата-анасымен, бауырларымен, өзінің туысқандарымен теңестірсе, ата-анасының қамқорынан айрылған балалар ең алдымен өзін құрдастарымен теңестіреді, яғни айтқанда тобындағы қыз балалар мен ер балалар. Балалар үйіндегі ер балаларға жыныс қатынасын теңестіру қиынға түседі, өйткені ол жерде еркектер аз, үлгі ретінде алатын ешкім жоқ. Топтық «біз» ұғымында қыз балалар мінез-құлық түрінің озбырлығын алады. Бұл өміршеңдіктің түрі, өзі сияқты күйсіз балалардың немесе «бөтендердің» ортасында өзін бекіту.
Болашақ отбасында жыныстық орны жөнінде түсінігінің аздығы, жыныстардың айырмашылығы жөнінде білімінің жоқтығы, өзінің келбетіне немқұрайлы қарауы мінез-құлық стереотиптерін және нормативтік бағдарының қалыптасуын қиындатады. Дене бітімінің теңестірілуі жеткіліксіз болғандықтан, өзінің денесіне деген сезімдік бағалау қатынасы бұзылады, өз дене бітіміне көңілі толмағандықтан психологиялық қызбалылық туады, бұл теңсіз психосексуалдық дамуға және жеке тұлға ретінде психологиялық қорғаныссыз қалуына әкеліп соғады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік кеңістігі қоғамдық заңға сәйкес адамның құқықтарымен және міндеттерімен тығыз байланыста. Балалар үйінің тәрбиеленушілері ерекше бір қоғам ретінде топтық адамгершілік белгілермен өмір сүреді, олар заңдарды айналып өтеді, тек өздерінің топтық ар-намыстары, сенімділігі және т.б. сезімдермен өмір сүреді.
Балалар үйінде тәрбиелену кезіндегі дамудың әлеуметтік жағдайы ата-анасының қамқорынсыз, өмірлік шарттары (әр баланың әрдайым тәулік бойы балалар мен ересектер арасында болуы, зерігуі, жалғыз қалуға мүмкіндіктің, өзінің заттарының және орнының болмауы), баланың қатынасу ортасының, өзіне деген қатынасының бұзылуы оның жеке тұлға ретінде дамуына кедергі болады.
2.2. Балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу негіздері
Баланы зерттеу кезінде келесі аспектте ақпараттарды жинау қажет:
- өмір сүру жағдайлары;
- баланың әлеуметтік-құқықтық статусы;
- отбасылық және әлеуметтік байланысы (туысқандарының болуы, олардың мекен жайы);
- физикалық және психикалық денсаулығы;
- баланың жеке ерекшеліктері, мінез-құлқы;
- оқудағы ерекшеліктері (оқуға деген қатынасы және үлгерімі);
- ересек адамдармен және құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері;
- этникалық, мәдениеттік, тілдік қажеттіліктері;
- өзін-өзі тағайындау білімінің деңгейі.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижесінде баланың мінез-құлқының ерекшеліктері және өзіндік мінезін айқындалады.
Баланың сана-сезім құрылысының ерекшеліктері:
- өзінің сапасын, мүмкіншіліктерін және мүмкіндіктерін түсіну;
- өз-өзін бағалау деңгейі;
- жыныс рөлін теңестіру.
Баланың сезімдік ерекшеліктері:
- өзінің сезімі мен уайымдарын сөзбен жеткізе білу;
- эмпатияға мүмкіндігі;

- Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы
- Әлеуметтік жұмыскер маман ретінде
- Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары
- Әлеуметтік жұмыс теориясы
- әлеуметтік қатынастар аясында мемлекеттік басқару
- Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары
- Әлеуметтік қызмет көрсету, іс-әрекет
- Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары
- Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары
- Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы
- Әлемдік сауда
- Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс
- Әлеуметтану пәні
- Әлеуметтік болжау мен жобалау