Әлеуметтану пәні

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе.................................................................................................................3-6

І. Әлеуметтану пәні..........................................................................................7-17

    1. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы.........................................................................................7-10
    2. Әлеуметтану функциялары.................................................................11-12
    3. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы................................................13-17

ІІ. Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары......................................................................................18-37

2.1 Әлеуметтік қоғам ...............................................................................18-22

2.2 Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері............23-33

2.3 Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары..34-37

Қорытынды..............................................................................................38-41

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................42-43 

                   Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әлеуметтік қауымдастық - бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті  жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу  процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың  терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген  жүйе.

Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.

Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын  айтуға болады, техникалық прогресс өнімі  болып табылады. Қазіргі социологиялық  теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына  тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі  бір қоғамның әлеуметтік құрылымын  анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс  диагностикасы кезінде ескеруі  керек.

Сонымен әлеуметтік құрылымды  анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?

Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің  басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды  кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды  ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.

Социологиялық ойдың жетістігі  болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық  бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі  критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:

- адамдардың бөлінуі  нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық  құрылым (таптар, касталар, сословиелер,  әлеуметтік топтар, олардың қабаттары);

- әлеуметтік–этникалық  құрылым, яғни адамдардың белгілі  бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері  және т.б. арқылы бірігуі негізінде  пайда болған адамдардың тарихи  қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт,  этностар.

- мекендердің негізгі  түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық  құрылым; 

- жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар,  «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым; 

- отбасылық-тұрмыстық құрылым,  көрші қауымдастықтар, ата-аналар  мен балалар, сондай-ақ, некелік  пен некесіз байланыстар мен  қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды  бөлуге болады.

Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік  қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз  болып табылады. Әлеуметтік топтардың  көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы  енгізілді.

Әлеуметтік стратификация  теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны  зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін  М. Вебер салды және оны әрі  қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.

Әлеуметтік стратификация  теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ  позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты  эмпирикалық тіркелетін қауымдастық  болып табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік қоғамның құрылымында бекітілуіне  және 6 статустық белгілерге қарсы  тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.

Мақсаты:   Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы  ретінде  біршама кеш  қалыптасты.  Оның негізін 19 ғасырдың екінші  жартысында  Огюст Конт пен Герберт Спенсер  қалады.   «Әлеуметтану»  түсінігі алғаш рет  француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің  қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік  қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты.  Жалпы бұл теориялар өзінің  теоретикалық-әдістемелік  мағынасы бойынша бір-біріне  қайшы келді, бірақ  әлеуметтанудың ғылым ретінде  тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді.  Әлеуметтануды  қоғамдағы  әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың  дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

Әлеуметтік заң – бұл  әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік  әлеуметтік әрекеттерінің  жалпы  және қажетті байланыстарын айқындауы.

Әлеуметтік заңдар тек  үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана  айқындалады және  статистикалық  сипатқа ие болады.

   Қоғам мүшелерінің  арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің  табиғатын, себептерін, оның заңды  құбылыс ретінде мәнін түсінуде  әлеуметтік стратификация теориясының  маңызы зор. 

    Қоғам адамдарын  страталарға жіктеудің тарихи  үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы  аталаған жіктеудің үш типіне  байланысты стратификациялық жүйе  ашақ және жабық жүйелерге  бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары  мен әлеуметтік жағдайларын өзгерулеріне  мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым  ашық стратификациялық жүйе деп  аталады да, ал, мұндай мүмкіндік  болмайтын қоғам жабық стратификациялы  жүйе деп аталады. Жабық жүйеге  Үндістан қоғамында орын алған  касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүей 1900 – шы жылға дейін сақталып  келген. Үнді қоғамында қалыптасқан  дәстүр бойынша қоғам мүшелері  касталарға жіктелген және соған  байланысты әлеуметтік статус  ата – аналарынан балаларына  беріліп, ол өмірлік статусқа  айеалып отырған. 

   Қоғамда қалыптасқан  діни наным мен дәстүр бойынша,  жоғары каста мен төменгі каста  адамдарының араласуларына, қарым  – қатынастар жасауларына қатаң  тыйым салынған. Драхмалық діни  наным бойынша, әр адам құдайдың  берген тағдырына көніп, өмір  бойы сонымен келісімде болу  керек. 

   Қазіргі кезде  де Үндістанның кейбір аймақтары  мен селолық жерлердегі адамдардың  мінезі – қылықтары және өмір  салттарында касталық жүйенің  қалдықтары сақталған. 

   Сословиелік жүйелер  – феодалдық қоғамдарда орын  алған стратификациялық жіктеу  типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары  және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан  балаға мұра ретінде беріліп  отырған. Жоғары сословиеге дворияндар, дін иелері, ал, төменгісословиеге  – қолөнершілер, шаруалар, көпестер  жатқан. Бұл аталаған жүйеде бір  сословиеден екіншісіне өту шектелмеген,  олардың арасында кейбір жағдайда  некенің орын алуы және төменгі  сословие адамдардың сіңірген  еңбектеріне байланысты билік  тарапынан оларға жоғары сословиелік  статусты сый ретінде беру  сияқты жағдайлар орын алған.

    Негізгі емес  таптар өткен дәуірден қалған  немесе жаңадан қалыптасып келе  жатқан қоғамдық – экономикалық  формацияның таптары.

     Ғылыми әдебиетте  қоғамның страталарға жіктелуінің  басқа да өлшемдері кездеседі.  Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық  құрылымының негізі адамдар арасында  болатын табиғи және әлеуметтік  теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.

      Табиғи  теңсіздік адамдардың табиғи  жаратылыстарына байланысты (жыныс,  жас мөлшер, темперамент, терісінің  түсі, бойы, ақыл – ойының деңгейі,  т.б.) ерекшеліктерінен туындайды.  Мәселен, ақыл – парасатымен,  күш – қайратымен ерекшеленетін  адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге  ұмтылады.

       Әлеуметтік  теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық  еңбек бөлінісі, яғни адамдардың  кәсіби мамандануы ықпал етеді. 

       Ең көлемді  қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің  аграрлық және өнеркәсіптік деп  жіктелуіне байланысты болады. Қоғамдық  еңбек бөлінісі ой еңбегі мен  дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың  пайда болуына, соның нәтижесінде  қоғамда білім мен кәсіби деңгейлері  жоғары адамдар тобының қалыптасуына  ықпал етті.

       Қоғамдық  әлеуметтік теңсіздік иерархияға  негізделген және ол адамдар  мен топтардың вертикалды бағытта  сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни  тік сызық бойында бір топтың  екінші бір топтан жоғары немесе  төмен орналасуы деген сөз.

      Вертикалды  бағыттағы жіктелудің себептерін  Р. Дарендорф «билік» және «бедел»  деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді.  Ол тұтас қоғамды басқарушылар  мен басқарушыларға жіктейді. Басқарушылардың  өзін а) басқарушы меншік иелері  және б) меншіктері жоқ бюрократ  – менеджерлерге жіктейді. Автор  сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы  топ – жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ – мамандық дәрежесі  төмен жұмысшылардан тұрады және  басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің  ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа  орта тап» қалыптасады деген  қорытындығы келеді.

       Ғалымдардың  көпшілігі әлеуметтік стратификация  процесінде осы аталған өлшемдер  мен факторлдардың шын мәнінде  орын алып отырғанын атап көрсетеді.  Қоғам дамуының бір кезеңде  бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ  болса, келесі бір кезеңде келесі  біреулерінің маңызы арта түседі.

       Кеңестік  дәуірден кейінгі қоғамдарда  нарықтық экономикаға өту барысында  әлеуметтік жіктелуге әсер ететін  жаңа факторлар маңызға ие  бола бастады. 

       Әрине,  әлеуметтік стратификация процесінде  білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген  өлшемдердің маңызы зор екенін  естен шығармауымыз керек; 

        Білім  деңгейі – мектептегі, орта жоғары  оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен  есепетеледі. 

        Кәсіби  шеберлік – белгілі бір мамандық  бойынша адамның арнайы білім  дәрежесі мен шеберлігінің танылуы;

        Мәртебе  – адамның жоғары статусына  қоғам тарапынан көрсетілетін  сый немесе құрмет.

 

 

1.1  Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы.

 

Әлеуметтану қалай пайда  болды, оның алғы шарттары, шығу себептері  қандай, оның ғылым болып қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды?

Бұл сұрақтарға бірден жауап  беру оңай емес. Өйткені әлеуметтанудың шығуының түп – тамыры көне заманға  ұласады. Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы IY ғасырда  өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары  Платонның, «Заңдар», «Мемлекет туралы»  еңбектері мен Аристотельдің  «Саясат», т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір  тұжырымдалған.

Қоғамды ғылыми негізінде  зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану  ғылымының пайда болуының және қалыптасуының  басты себебі болып.

Өзінің даму кезеңінде  әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.

1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен  XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының  басында қоғамдық құбылыстарды  баяндау сипатында болады. Бұл  кезеңде әлеуметтану философиядан  бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік  тұжырымдарын іздестіре бастады.

Әлеуметтану дамуының алғашқы  кезеңінің өзінде – ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші  болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде  әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса  бастады.

2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану  XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитды.  Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік  және әдістік аппартын дайындау  басталды., әлеуметтану эксперементальды  (практикалық ) ғылымға айналды.Оның  әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен  қолдана бастады.

3- кезең.  ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезенде  әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың  теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын  өмірде қолдана бастады. Қазіргі  кезде Батыс елдерінде парламентті  және президенттің сайлаулардың  қарсанында нақтылы әлеументтік  зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің  сайлауын қамтамасыз етіп отырады.

4-кезең. Бүгінгі таңда  әлеуметтану әлемдік шеңберде  жүйелі білімге айналды. Бұл  кезеңде әлеуметтану ғылымында  алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген  теориялар пайда болды.

Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, т.б. әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанынбайқаймыз.

Әлеуметтану XIX ғасырдың 30 -40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып  қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798 – 1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы  бойынша, әрбір қоғамды ақыл –  сана, жалпы идея басқарады деген  идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды  ақыл – ойының, санасының бір  ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық  сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы  жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды  қолданады.

Екінші, яғни метафизикалық  сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс  абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс  олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялық ұғымдардың негізінде  түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды  қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең  адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері  мен мазмұндарынан, себептерінен бас  тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

О. Конттың пікірінше, ғылым  позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер – бұл  әлеуметтік құбылыстар мен процестер.

Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл  арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш  рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда  бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

О. Конттың ой – пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын  әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820 – 1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына  қысқаша тоқталсақ, Г. Спенсердің әлеуметтану  теориясы негізгі екі мәселеден  тұрады. Бұл екі ой – пікір, идея Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің  пайда болу теориясының негізінде  пайда болған.

    1) Қоғамды биологиялық  организм ретінде қарау;

    2) Әлеуметтік эволюция  идеясы.

  Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой – пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

    Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.

    Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

    Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді.

    Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858 – 1917 ж. ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударады. Ал, бұл методология «социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

   Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.

    Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой – тұжырымдарымен көп санасады.  М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.

    М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік – тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң – мұқтажын, талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс - әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.

    М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады.

     Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.

    Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне – кестесі. Идеалды типтік  құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.

  М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

 

 

1.2 Әлеуметтану  функциялары

Әлеуметтану жеке білім саласы  ретінде келесі негізгі қызметтерді  орындайды:

1) теоретико-танымдық функциясы,  әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен,  әртүрлі әлеуметтік құбылыстар  мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида  қазіргі уақыттың көкейтесті  мәселелеріне ғылыми жауап беріп,  жетілдіруге жол ұсынады;

2) әдістемелік, әлеуметтанудың  концептуальды аппаратын құрастыруға,  жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды  айқындауға  мүмкіндік береді;

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен  ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар   қоғам, аумақ,  кәсіпорын, ұйым  аумағында  шешім қабылдауға  негіз болуына  байланысты;

4) тәжірибелік функция,  тәжірибелік маңызы  бар  ұсыныстарды  құрастыруға мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция,  келешекте әлеуметтік үрдістердің  тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген  болжамдарды құрастыру. Қоғамдық  өмірдің әртүрлі салаларының   дамуын жоспарлау үшін, социологиялық  зерттеулерді қоғам өмірінде  қолданудың маңызы зор.  Әлеуметтік  жоспарлау бөлек  аумақ пен   елдердің, әлемдік қауымдастығының   өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен  бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын  мен  ұжымдардың өмірін әлеуметтік  жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды  қамтиды.

Әлеуметтанудың қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде  алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде  айқындалуы, яғни барлық басқа  қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен  қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы  мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық  басқа гуманитарлық ғылымдармен  қолданылады.  Әлеуметтану білім  жүйесі ретінде басқа ғылымдармен  байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында  әлеуметтану  жетекші қызмет атқарады. Егер тарих  әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен  кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға - барлық соғыстарға,  барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам  қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан,  әлеуметтану мен  тарих арасында байланыс өте берік  және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану  да  қоғамның зерттеу объектісі  болып келеді.

Тарих сияқты, әлеуметтану  да  екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына  ықпал ететін,  жеке, дара, қайталанбас  құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың  субъективті-объективті байланыс эволюциясын  айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі  мүмкін.

Екі ғылымның өзара әрекеті  – саясаттану мен әлеуметтану  ғылымының  жаңа ғылым саласын - саяси  әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға  болады, екіншіден, қоғамға  саяси  құрылым мен әртүрлі саяси  құрылыстардың ықпалын үнемі  ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде  адамзаттың әлеуметтік ойының  алғашқы  тұтастық байланысы жатады. Философияның  принциптері, категориялары мен  заңдары  қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер  әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен  қоғамның  әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.

Әлеуметтану пәні