Әлеуметтік болжау мен жобалау

Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Уневирситеті

Философия және саясаттану факультеті

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы 
 
 
 
 
 

курсавой 

Тақырыбы: Әлеуемттік болжау мен жобалау 
 
 
 
 
 

                                                                   Орындаған: Сакиева З.М.

                                                                    Тексерген: Болысбаева С.М. 
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2011 жыл 

ЖОСПАР 
 

  1. Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы және жоспарлау мен болжаудың методологиясы
  2. Жоспарлау жүйесі және жоспар мен болжаудың түрлері
  3. Болжау объектісі.
  4. Болжау аппараты
 
  1. Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    1. Жоспарлау мен болжаудың  түсінігі және маңызы
 

   Экономиканың объективті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің бөлінісін   толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. «Анти-Дюринг» еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: «Өндірістегі анархия енді қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады» деп жазды. Өз заманында К. Маркс та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыруға шақырды.

       Жалпы экономикада халықаралық,  халық шаруашылығы, салааралық,  әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.

        Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

    Нарықтық  экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.

    Нарықтық  бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:

    Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар  ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,

    Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы  реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі  қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.

    Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір  нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен  жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.

    Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.

    Жоспарлау мен болжау – бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.

     

 Зерттелетін  процеске қарамастан болжаудың  үш сатысы болады: 

 

    

        Алға қойған мақсаттың орындалуында  жоспарлау мен болжау келесідей  жолдармен жүзеге асырылады:

  • Экономиканың даму бағытын анықтау;
  • Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;
  • Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау;
 

Жоспардың өзіне тән қасиеттері:

    Біріншіден, жоспарда нақты мәліметтер, өндіріс  құрамы мен қызметі, мақсатты тапсырмалары және оларды шешу тәсілдері толығымен  жазылады;

    Екіншіден, экономиканың даму инфрақұрылымын қарастыра  отырып, жоспарларда еңбек күші, материялдық және қаржылық ресурстары толығымен көрсетіледі.

    Үшіншіден, жоспар – бұл нарық субьектілерінің  арасындағы келісім жасайтын тиімді құрал және ол қоғамға мемлекеттің  экономикалық саясаты туралы ақпарат  беру қызметін атқарады.

    Төртіншіден, экономиканың дамуы үшін жоспарларда  экономикалық болжау жасалынады.

    Осының  нәтежиесінде,  мемлекет жоспар көрсеткіштері  арқылы экономикалық өзгерістерді және жеке кәсіпкерлік фирмалардың даму қарқыны туралы мәліметтер алып отырады.

    Болжау  мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.

    Болжаудың негізгі принципі – жоспарлық  есептің ғылыми негізделуі және нақты шама болуы.Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.

    Экономикалық  тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек. Яғни, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған сай жоспар мен болжамды икемдеу керек.

    Жоспарлаудың  тағы да бір маңызды принципі бұл  – мемлекеттің, қоғамның, шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көзқарастары мен мүдделерін де қарастыру.

    Жоспар  жасауда ең бірінші айналысатын  саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта  әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың  дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.

    Жоспар  жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

    Бүгінгі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша  жоспарлау мен болжау жасаудың 150-ден  астам әдісі бар. Бірақ тәжерибе жүзінде негізінен соның ішінде 15-20әдісі қолданылып келеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Жоспарлау жүйесі және жоспар мен болжаудың  түрлері
 

 
 

    Сонымен қатар, болжалдау мен жоспарлауда  келесідей дістер де қолданылады:

  1. Экономикалық-статистикалық әдістер
  • экономикалық салыстыру әдісі
  • орташа шамалар әдісі
  • динамикалық қатарлар
  • тотау әдісі
  1. Математикалық-статистикалық әдістер
  • корреляциялық әдіс
  • регрессиялық әдіс
  • баланстық әдіс
  • нормативтік әдіс
  • монографиялық әдіс
  • эксперттік бағалау әдісі
  • эксперементалдық әдісі
  • экономикалық математикалық модельдеу
  • абстрактылы-логикалық әдіс
  • әлеуметтік

    Болжау  мен жоспар жасағанда бірнеше  әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл  әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып  тұруы керек. Кең қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз. Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады. Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т.б, баланстық өлшемдер есепке толығымен алынады.  Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника кеңінен қолданылуда.

Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтерді келесідей  топтарға бөлеміз:

  • Қоғамдық еңбек өнімділігінің нормасы
  • Отын-энегргия және еңбек ресурстарының нормасы
  • Өнімділік қарқынының нормасы
  • Инвестиция және капитал салымдарының нормасы
  • Қаржылық нормалар
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

    Кәсіпорын өзінің даму жоспарын жасамас бұрын  өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлеріне сұранысты, кәсіпорынның экономикалық-әлеуметтік қамтамасыз етілуін, жұмыспен қамтылуын, еңбек өнімділігі мен күшін толық есепке алуы керек. 

    Теорияда  және практикада жоспардың құрамына, құрылымына, құрылу уақытына және де т.с.с. көрсеткіштеріне байланысты өте көп түрлерге бөлінеді:

  1. Мазмұнындағы экономикалық-саяси кәсіпкелікке байланысты:
  • Стратегиялық жоспарлау;
  • Тактикалық жоспарлау;
  • Оперативтік жоспарлау;
  1. Қолданылу аясына байланысты:
  • Барлық қарастырылатын аумақты қамтитын жоспарлау (комплекстік немесе халықшаруашылық);
  • Бөліктік жоспарлау (Белгілі-бір аймақ, аудандық-ауылдық)
  • Кәсіпорын щеңберінде (фирмалар)
  1. Орындалу уақытына байланысты:
  • Қысқамерзімді (оперативті) жоспарлау (жартыжылдық, квартал, мезгіл, ай, апта);
  • Орташамерзімді (тактикалық)  жоспарлау (1-5 жыл);
  • Ұзақмерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан жоғары қарай);
  1. Жоспарлау мазмұнына байланысты:
  • глобальды
  • Контурлы
  • Шектеулі
  • Детальді
  1. Жоспардың қызметтік аясына байланысты:
  • Өндірісте
  • Қызметкерлерде
  • Қаржы
  • Инновациондық
  • Дайындық кезеңінде
  1. Мәліметтердің өзгеру есебі бойынша:
  • Қатаң (өзгермейтін)
  • Икемді (өзгермелі)
  1. Уақыт кезеңіне байланысты:
  • Өтпелі (уақыт өткесін жаңа жоспар жасалынады)
  • Созылмалы (уақыт өтсе - созылады)
  • Кезеңсіз жоспарлау
  1. Уақыт ағымына байланысты:
  • реактивті (өткен уақытқа бағытталған)
  • инактивное (осы шаққа арналған)
  • преактивное (болашаққа бағытталған)
  • интерактивное (жоспардың тек жақсы жақтарына бағытталған)
  1. Жоспарлаудың тәсілі бойынша:
  • «төменнен жоғары» прогрессивті
  • «жоғарыдан төмен»
  • Айналмалы тәсіл

    Мемлекеттік жоспарлау саласында көбінесе индекативтік жоспарлау түрі қолданылады. Индекативтік жоспарлау мемлекеттің экономикалық-әлеуметтіксаясатын, экономиканың өсуін, қоғамға қажетті нәтежиелерге жету үшін мемлекеттің мүдделерін қарасытырады.

Мақсаты:

  • Әлемдік және ішкі нарықтағы құрылым туралы ақпараттар жүйесін қалыптастыру, бұған бюджеттік және инвестициялық ақпараттар да кіреді.
  • Нарық субьектілерінің мемлекетің өзінің мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы
  • Өнімөндірушілерінің жаңа технологиялар мен инновациондық жобаларға жете назар аудауы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдану.

    Әлемде  дамыған мемлекеттерде стратегиялық жоспарлау өз нәтежиесін көрсетіп жатыр. Стратегиялық жоспарлау нарық жүйесіндегі шаруашылықты тұрақтандыратын мемлекеттің басты құралы болып табылады. Оның көмегімен экономикалық тепе-теңдікті тұрақтандырып тұруға болады. Стратегиялық жоспарлаудың басты элементтері:

  • қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуді жоспарлау
  • Қоғам мен табиғат ара-қатынасын жоспарлау
  • Жаңа технологиялар мен ҒТР жетістіктерін пайдалануды жоспарлау
  • Ұлттық экономикалық жүйені тұрақтандыру

    1997 жылы ҚР Президентінің бастамасымен «Қазақстан-2030» атты ұзақ уақытқа арналған стратегиялық даму жоспары жасалып, басылып шығарылды. Бұл жоспарда тәуелсіз Қазақстанның әлемдік экономикада дамуы, экономикалық-әлеуметтік жағдайды көтеруге бағытталған шаралар жоспары, ұлтаралық татулық, табиғи ресурстарды тиімді игеру, Орта-Азиялық барыс болу мәселелері қарастырылған. 2030 бағдарламасындағы 7 басым бағыт:

1. Ұлттық  қауіпсіздік,

2. Ішкі  саяси тұрақтылық,

3. Экономикалық  өсу,

4. Қазақстан  азаматтарының денсаулығын, білім  алуын, әлеуметтік жағдайын жоғарылату,

5. Энергетикалық  және табиғи ресурстарды тиімді  пайдалану,

6. Көлік  және байланыс инфраструктурасын  дамыту 

7. Жемқорлық  пен қылмысқа қарсы мықты мемлкет  құру. 
 
 
 
 
 
 
 

    Болжау  объектісі.

Болжау  объектісінің сипаттамалары. 

         Болжау объектісінің қандай-да бір қасиетінің сапалы немесе сандық бейнесі болып табылатын болжау объектісінің сипаттамаларын жасау процесінде мынадай ұғымдар қолданылады. 1)Болжау объектісінің ауыспалысының базистік мәні – болжам негізі мен бекіту кезеңдерін бөліп жатқан диагноз кезеңіндегі болжау объектісінің ауыспалысының мәні. 2)Бас, негізгі (генеральный) анықтау кестесі – болжау объектісінің өлшенген сипаттамаларының иерархиялық (сатылық) жүйесі, ол оның сапалы суреттеуін жалпыланған сандық бағалауға айналдырады.3) Динамикалық қатар – болжау объектісінің ауыспалысының бұрынғы және болшақ мәндерінің уақытша жүйелілігі. 4)Болжау объектісінің мәнді ауыспалысы (яғни мұндай ауыспалы объектті, болжау міндетімен сай суреттеу үшін маңызды болып табылады) оның ішінде: а) эндогенді (оның өзіндік қасиеттерін бейнелейді) және б) экзогенді (сыртқы ауыспалылардың кейбір жиынтығының әсерінен пайда болады). 5)Болжау объектісінің өлшемдері – болжау объектісінің сандық сипаттамалары, ол тұрақты немесе тұрақты деп болжамды негіздеу және бекіту кезеңдерінде саналады. 6)Динамикалық қатардың жүйелі (ұдайы) құраушысы – динамикалық қатармен берілген, оның дамуның негізгі тенденциясын бейнелейтін ауыспалының бұрынғы және болашақ мәндерінің бір қалыпты өзгеруші жүйелілігі. 7)Болжау объектісінің күрделілігі – болжау объектісінің элементтерінің, қасиеттерінің, қатынастарының түрлілігін анықтайтын сипаттама. 8)Динамикалық қатардың кездейсоқ құраушысы, құрамы- динамикалық қатардың құра ушысы, оған деген кездейсоқ ықпалдардың және өлшем қатыліктерінің әсерін бейнелейді. 9) Болжау объектісінің құралымы – болжау объектісінің элементтерінің ішкі ұйымдасу және байланыс тәсілі.

    Болжау  объектісі туралы бастапқы ақпарат  және оны дисконттаудың заңдылығы. Болжау объектісі туралы бастапқы ақпарат  болуы мүмкін: 1) фактографиялық (болжам тапсырмасын шешу үшін қажетті нақты мәліметтерден тұратын қайнар көзден алынған, мысалы бухгалтерлік есеп мәліметтері және т.б.), озық ақпаратты қосқанда (қоғамдық практикадағы жаңалықтарды іске асырудан озық тұратын ғылыми-техникалық ақпарат; оған жататындар – жаңалық ашуға және ашылуларға, авторлық куәліктерге, патенттерге және т.б. тапсырыс); 2) сараптық (сараптық бағалаудан тұрады).

    Болжау  объектісі туралы мәліметтер жиынтығы болжаудың мақсаттары мен әдістерімен  сәйкес жүйеге ұйымдастырылғын, болжаудың ақпаратты кеңістігін құрайды, оның сапасы екі көрсеткіштер арқылы сипатталады:

1.бастапқы  ақпараттың толықтығы (сенімді  бастапқы ақпаратпен болжам міндеттерін  қамтамасыз ету деңгейі), сонымен  қатар болжау объектісінің ауыспалысының ақпараттылығы.

      Болжау  объектілерінің ауыспалысының мәнін  өлшеу сәттерінің өткен шаққа  кетуіне қарай, өткен мәндердің  ақпараттылығы азаяды, яғни болжау объектісі туралы ақпаратты дисконттаудың  заңдылығы бар.

         Болжау объектісін, оның көкжиегін және фонын талдау.

         Болжау объектісін талдау келесі  принциптерден құрылады: 1) ерекшелік,  өзгешелік (болжау объектісінің  ерекшелігінің талдау процесін  есептегенде), 2) ұтымдылық, оңтайлылық (болжау объектісінің сипаттамаларының  өлшеу шәкілін (шкала), өлшемділіктің болжамға деген тапсырмаға сәйкес рационалды қолдану), 3) талдаудың үздіксіздігі (болжам жасаудың барлық кезеңдерінде талдауға бейім зерттеулерді өткізу).

      Болжау  объектісінің талдауын, талдау субъектісі іске асырады – ұйым, зерттеу  тобы, маман. Болжамға деген тапсырмаға сәйкес талдауға мыналар жатады: 1) болжау объектісінің құрылымы (болжау объектісінің элементтерінің құрамы және өзара байланысы); 2) болжау объектісінің динамикасы (оның дамуының сипаттамаларын көрсету және бағалау); 3) болжамдық үлгінің адекваттылығы (болжау объектісінің болжамдық үлгісінің сенімділік пен дәлдігіне сай келу деңгейі).

        Болжамға деген тапсырманы жасау  процесінде іске асырылатын болжау  объектісінің талдауы – бұл  болжам алдындағы талдау, ал бекіту  кезеңінен кейінгі талдау, оның процесінде болжау объектісінің болжамды мәндерін оның нақты ахуалымен үйлестіру, салыстыру жүргізіледі,-бұл болжамнан кейінгі талдау.

      Болжау  объектісін талдаумен қатар, мыналар  іске асырылады: 1) болжау объектісінің болжамдары көкжиегін талдау (болжамның берілген сенімділігі және дәлдігі үшін болжам объектісінің бекіту кезеңінің шекті мәндерін анықтау); 2) болжау объектісінің болжамды фонының талдауы (болжау объектісінің дамуына және болжамды жасау шарттарына ықпал етуші сыртқы объектілер мен әсерлер жиынтығының талдауы). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Болжау  аппараты

Болжаудың фактографиялық әдістері.

         Болжаудың фактографиялық әдісі  – бұл фактографиялық ақпаратқа  негізделген әдіс. Әлеуметтік және  экономикалық болжауда қолданылатын  негізгі фактографиялық әдістер, осы әдістердің қысқаша сипаттамалары 2-кестеде келтірілген. 

    Болжаудың фактографиялық әдістері. 

Әдіс Әдістің қысқаша  сипаттамасы
1 2 3
1 Авторегрессионды Талдауға және динамикалық қатардың мәндерінің корреляциясын  олардың арасындағы уақытша интервалды қолдануға негізделген стационарлы кездейсоқ процестерінің болжау әдісі.
2 Үйлесімді таразылар Үйлесімді таразылар  көмегімен осы сызықтың нүктелерін аппроксимилденген сызық кесінділерін өлшеу.
3 Аргументтерді топтық есептеу Бастапқы динамикалық қатардың бөлшектік аппроксимациясының болжаушы қызметінің түрлері немесе өлшемдері.
4 Интерполяциялар (болжамдық) Болжау объектісінің дамуының шарттарын және шектеулерін  есепке алу арқылы іске асатын аппроксимирлі  қызметті таңдау болатын, математикалық интерполяциясы.
5 Тарихи аналогия Болжау объектісінің аналогиясы оның дамыған табиғаты бойынша  онымен бірдей объектіні орнату және қолдану.
6 Математикалық аналогия Табиғаты әртүрлі  объектілердің даму процесінің математикалық  сипатының аналогиясын орнату.
7 Озық ақпарат Ғылыми-техникалық ақпараттың қасиеттерін қолдану  қоғамдық практикадағы ғылыми-техникалық жетістіктерін іске асырудан озық болу.
8 Патентті Өнер табуды (жаңалықты) және ашылуларды бағалау (қабылданған  критерийлер жүйесі бойынша) және олардың динамикасын зерттеу.
9 Икемді құрылым  қызметі бойынша болжаулар Экстрополяциялық  қызметті қолдану, оның түрі мен өлшемдері  көптеген ықтимал қызметтердің бастапқы динамикалық қатарын ретроспективті талдау процесінде таңдалады.
10 Жарияланымдық Болжау объектісі  туралы жарияланымдарды бағалау  және оларды жариялаудың қозғалысын зерттеу.
11 Регрессионды Ауыспалы –  аргументтер мен болжанушы ауыспалы-қызметтің  жиынтығы арасында тұрақты статистикалық  байланыстарды талдау және қолдану.
12 Санақтық Болжау объектісінің сипаттамаларының және олардың санақтық өзара байланыстарының динамикалық  қатарларын құру және талдау.
13 Факторлы Факторлы санақтық талдау аппаратын немесе оның түрлерін қолдану динамикасында объект туралы ақпараттардың көпөлшемді аумақтарды өлшеу.
14 Марков шынжырлары Болжау объектісінің бір жағдайдан басқаға өту  ықтималдығын талдау және қолдану.
15 Дәйектемелік-көрсеткішті Болжау объектісі  туралы жарияланым авторларын дәйектеу динамикасын бағалау және талдау.
16 Экспоненциалды жұмсарту, жұқалау(сглаживание). Таразылардың  және оның коэфиценттерінің экспоненциалды азаюын қолдану арқылы экстраполяциялық қызметті құру.
17 Экстраполяциялар Апроксимиляциялық қызметті таңдау болжау объектісінің даму шарттары мен шектеулерін есепке ала отырып математикалық экстраполяцияда іске асады.
 
 

    Болжаудың сараптық әдістері. 

         Сарапшы – болжау объектісіне  қатысты бағалауды қалыптастыру  үшін тартылатын білікті маман.  Сарапшы топ – белгілі бір  ереже бойынша қалыптасқан сарапшылар  ұжымы. Болжамның міндетіне қатысты айтылатын сарапшының немесе сарапшы топтың пайымы, пікірі сараптық бағалау деп аталады; бірінші жағдайда «жеке сараптық (болжамдық) бағалау», ал екіншіде «ұжымдық сараптық (болжамдық) бағалау» термині қолданылады. Сарапшы кәсіптік білім, интиуция және тәжірибе негізінде болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті оның құзырлылығын сипаттайды. Соңғысы құзырлылық көрсеткіші деп аталатын сандық өлшемі бар. Сарапшы тобына қатысты да әділ: сараптау тобының құзырлылығы – бұл сарапшының тұтас пікіріне пара-пар болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті; сараптау тобының құзырлылығының сандық өлшемі топқа енетін жеке сарапшылардың құзырлылық көрсеткіштерін жалпылау негізінде анықталады.

         Болжаудың сараптық әдісі – сараптау ақпаратына негізделген болжау әдісі. «Сараптау әдісін теоретикалық аспектіде қолданудың құқыққа сай екендігі әдістемелік дұрыс алынған сараптық пайымдаулар ғылымда қабылданған екі критерийлер кез-келген жаңа білімнің сенімділігін қанағаттандыру арқылы дәлелденеді».[3] 3-кестеде әлеуметтік-экономикалық болжамдарды жасау кезінде қолданылатын негізгі сараптау әдістерінің атаулары және қысқаша сипаттамалары берілген.  

    3-кесте

    Болжаудың сараптау әдістері. 

Әдіс Әдістің қысқаша сипаттамасы
1 2 3
1 Дельфилық Бірнеше турда  сарапшыларға тәуелсіз, жасырын сұрақ  қою арқылы сараптау тобының келісілген бағалауын анықтау, ол сарапшыларға алдыңғы турдың нәтижелерін хабарлау қарастырылады.
2 Жеке сараптау бағалауы Ақпарат көзі ретінде бір сарапшының бағалауын қолдану.
3 Интервью «сұрақ-жауап» сызбасы бойынша сарапшымен болжам жасаушының әңгімесі негізделген сараптық бағалаудың әдісі.
4 Идеялардың  ұжымдық бірлесуі Белгілі бір  ережелермен бекітілген нақты проблеманы бірлесіп шешу жолымен сарапшылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандыруға негізделген:

1)Идеяларды бағалауға  тыйым салу;

2)Бір баяндаудың  уақытын шектеу;

3)Алдыңғы идеяны  дамытушы сарапшының баяндауының  басымдығы; 

4)Одан кейінгі  кезеңдегі идеяларды бағалау; 

5)Барлық идеяларды жүйелеу. Идеяларды ұжымдық бірлесу әдісі негізінде идеялардың басқарылатын бірлесу деструктивті салыстырылған бағалау, ынталандырылған бақылау және  т.б. әдістер.

5 Ұжымдық сараптау бағасы Топқа енетін сарапшылар шығарған тәуелсіз жеке бағалауларды өңдеу арқылы сарапшы тобының жалпыланған  бағалауын айқындау.
6 Матрицалық Жеке аспектілердің  байланыстарының сараптау бағаларының  матрицалық түсіндіру.
7 Морфологиялық матрица Морфологиялық әдісті қолданатын болжаудың матрицалық әдісі.
8 Морфологиялық Болжау объектісінің құрылымын айқындау және оның элементтерінің түрлі мәндерін, осы мәндердің  кейінгі үйлесімді нұсқаларын таңдау мен бағалау.
9 Болжамды сценарий құру Фонның түрлі  болжамдарында болжау объектілерінің жағдайының жүйелілігін орнату.
10 Эфристикалық  болжам Болжам үлгісінің  эвристикалық амалдарымен логикалық  талдауды қолдану арқылы сараптау бағалауларын іздеу ағашын құру және кесу.
11 Сараптау комиссиялары Объекттің жеке аспектілері бойынша болжамдарды  сарапшы тобының бағалауына сай жасалған бүтін құжатқа біріктіру.
Әлеуметтік болжау мен жобалау