Әлеуметтік жұмыс теориясы
|
|
ЖОСПАР |
||
КІРІСПЕ |
.............................. |
3 | |
І-тарау |
Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері |
| |
1.1 |
«Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны…... |
4 | |
1.2 1.3 |
Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы………………. Әлеуметтік жұмыстың әдістері……………………………. |
7 10 | |
ІІ-тарау |
Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйін талдау |
||
2.1 |
Білім беру саласындағы негізгі
мәселелер..................... |
13 | |
2.2 |
Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар........ |
18 | |
ІІІ-тарау |
Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған шаралардың жүзеге асыру мүмкіндігі |
||
3.1 |
Әлеуметтік саланы жетілдірудегі
шетел тәжірибелері(оның ішінде РФ)........................... |
||
3.2 |
Қазақсатан мен шетелдер
арасындағы тәжірибе
алмасудың тиімділігі ……............................ |
26 | |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
29 | ||
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................ |
30 | ||
КІрІспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - Әлеуметтік жұмыстың әр саласында адамға көмек көрсету мен қорғау мәселелері шешіледі, әлеуметтік жұмыстың өзіндік нормативті құқықтық және заңнамалық базалары бар. Әлеуметтік жұмыстың басты идеясы ол оның мамандық ретінде қалыптасуы, халықты әлеуметтік қорғаудың тәжірибесінің жиналуы, өмірлік қиын жағдайда қалғандар мен адам құқығының идеялары болып табылады. Құқық қорғау, адамның қоғамдағы орнын анықтау және оның әлеуметтік талаптардың негізіне сай келуі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады. Сонымен қатар қызметкерлер мен кәсіби іс әрекеттің арасындағы шекараны анықтап алу мен адамның әр түрлі ұстанымдарының мәнің түсінуі, көмектің әр түрлі қоғамдық жүйелерін, сонымен қатар тек әлеуметтік қорғауды ғана емес әлеуметтік қызмет көрсетуді және адамды қажеттіліктен, кедейшіліктен, әлсіздіктен, шектеулі мүмкіншіліктерінен босату, проблемаларың өзі шеше алуына және қиышылықтарды жеңе білуге үйрету қажеттілігі туындайды.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік ортаның әр түрлі салаларында анығырақ ерекшеленеді, сонымен қатар көп жоспарлығы мен технологиясы жағынан, құрылымдық дәрежесінде: микро, мезо және макро дәрежесімен ерекшеленеді. Әлеуметтік проблемалардың нәтижелі болуы әдістердің, кешенді қабылдауының, клиенттің қарым қатынас тәсілдерінің дұрыс қолданылуында. Әлеуметтік қызметкер әлеуметтік жағдайларды өзгерте отырып психологиялық түзетулер, әлеуметтік-тұрмыстық, медико-әлеуметтік көмек, әлеуметтік-психологиялық кеңестер жүргізеді. Әлеуметтік жұмыс практикасы мен теориясындағы күшейіп келе жатқан пәнаралық және интегративтік бағыттары, әлеуметтік мәселелерді шешуге жан-жақты мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің қалыптасуы және оларды негізгі мәселерді шешуде қолдануға мүмкіндіктің жағдаймен сәйкес келуімен айқындалатынын айта кеткен жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты – Ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, әлуеметтік жұмыстың негізгі мәселелерін, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен себептерін анықтап, талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгіленеді:
- Әлеуметтік жұмыстың негізігі ұғымын анықтау;
- Әлеуметтік жұмыстың қалыптасу тарихын зерттеу;
- Әлеуметтік жұмыста қалыптасқан әдістерді сипаттау;
- Әртүрлі әлеуметтік салалардағы жұмыстың ерекшеліктерін анықтау;
- Әлеуметтік салалардағы негізгі мәселелердің өзектілігін ашу;
- Шетел тәжірибелерін қолдану мүмкіндігін анықтау;
- Шетел тәжірибелерінің пайдаланудың мүмкін нәтижелерін болжау;
- Негізгі мәселерді шешудің қазіргі кездегі жағдайын сипаттау.
1. |
Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері |
1.1 |
«Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны |
Әлеуметтік жұмыс туралы алғаш рет Вавилонда б.э.д. 1750 жылы кедей адамдарға қамқорлық жасау, туыс адамдарды сүю туралы құжаттар шыққанда айтыла бастады. Ежелгі Грецияда «филантропия», яғни «адамзатқа сүйіспеншілік» деген түсінік пайда болды. «Филантропия» сөзі екі бөлімнен тұрады: «фило» (махаббат) және «антропос» (адамзат).
«Әлеуметтік жұмыс» ұғымы және оның мазмұны қоғам дамуы проблемаларымен тығыз байланысты. Қоғамдық қатынастар жүйесінде, яғни экономикалық, әлеуметтік, саяси - әлеуметтік, діни - нанымдық және т.б. қатынастарда әрекет етуші әлеуметтік институт бола отырып, әлеуметтік жұмыс жеке адамның сондай - ақ бүкіл қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз етіп, жоғарыдағы қатынастардың қызметтерін жүзеге асырып, оларды реттеуге ат салысады. Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарының өмірлік күшін сақтауға көмек көрсетіде, сонымен қатар өмірдің қиын жағдайларына тап болған адамдарға қол ұшын беруде әлеуметтік жұмыстың атқаратын ролі өте маңызды. [1]
Қоғамның тіршілік әрекетінің экономикалық асоциациялық шарттары, қоғам өмірінің барлық формаларын қамтыған, ұзаққа созылған дағдарыс осы проблемаларды шешуге ерекше маңыздылық береді. Қоғамдағы адамдардың тең дәрежеде еместігі белең алып отырған осы қоғамда қазірде жақсылық пен қайырымдылық идеясы өте қажет. Өнегелік қоғам өмірінің элементі және моральдің нормалары мен принципі бола отырып, адамның іс - әрекетінің тәжірибесінен және оның жұмысы, жүріс - тұрысы мен әрекетіндегі құндылықты бағдарлануын анықтаудан көрініс табады. Социум өмірінің, экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани бірлігі адамгершілік қатынастары арқылы шарттастырылады. Қайырымдылық, мейірімділік және қоғамның рухани дамуы әлеуметтік өмір болып табылады. Қоғамның рухани дамуы, оның мүшелерінің өнегелігі, жоғарғы патриоттық ұмтылыстар мен жеке тұлғаның азаматтық сезімі ретінде қайырымдылықтың көрініс табуы әрқашан қоғам мүшелері мен зерттеушілердің (тарихшы, әлеуметтанушы, философтардың) назарын өзіне аударған. Белгілі бір біріктіруші идеясыз, жоғарғы рухани принциптер мен жеке тұлғаның өзің ұстауының өнегелік нормаларынсыз мемлекеттің әлеуметтік жаңаруларға, терең демократиялық, экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруына қауқарсыздығына қоғамның тәжірибелік өмірі кепілдік етеді. Әлеуметтік жұмыс - бұл тарихи тәжірибе, әлеуметтік жалпылық жады және оның әлеуметтік қатынастардағы ізі, әлеуметтік субъектінің жаңғыртылуы және дамуы, олардың өзін - өзі ұстау ережелері мен нормалары, осы және басқа да тарихи шарттарда қарым - қатынасқа түсуі және байланыста болуы. [2]
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты – бір адамға немесе отбасындағы барлық адамдарға, әдеттегі жағдайды жасау туралы көмек көрсету. Әлеуметтік жұмыстың функциясының жүзеге асатын жағдайлары, яғни қоғамда қалыптасқан өмірлік проблемалар:
-әлеуметтік және психологиялық қақтығыстар, стрестік жағдайлар;
-кедейшілік пен жоқшылық;
-алкоголизм мен нашақорлық;
-зорлық-зомбылық пен алалау;
-этникалық және ұлттық мәселелер;
-қылмыс жасау және құқық бұзушылық;
-жұмыссыздық пен мамандық адаптация;
-мүгедектік және жалғыз қариялық;
-пәтер мәселесі;
-қамқорлыққа алу, бала асырау;
-ата-ана қатыгездігі және т.б.
Әлеуметтік жұмыстың мәдени сипаты жалпы мәдениеттің негізгі элементі бола отырып, бүкіл қоғамның рухани өмірінің, әрбір субъектінің әлеуметтік білімінің бөлігі. Бүкіл социумның күшті қорғаны бола отырып, өткен ұрпақтың әлеуметтік жады мен даналығын өзіне сіңіреді. Жеке тұлғалар мен топтардың қызметі жүзеге асатын шеңберде қалыптасқан және өз қажеттіліктерін мәдени әлеуметтік нормалар мен технологияларды басшылыққа ала отырып қанағаттандыратын ерекше әлеуметтік жүйе.
Әлеуметтік қатынасқа әсер етуші өнегелі құқықтық, әлеуметтік психологиялық механизмдерді, моральдық идеалдар мен үлгілерді, субъект әректіндегі өнегелік нормалар мен құндылықтарды реттейтін ұғым ретінде танылады. Қазіргі заман талабына сай өмір сүру құқығы, гуманизм, еркіндік, ар, әділдік, құндылық, қарыз, өнегелік нормалары және таға басқа адамгершілік құндылықтарының маңыздылығы артуда. Құндылықтар адамның рухани әлемінің ядросы, ол сезімдерді, ойларды, еріктерді бір негізге біріктіреді, тұлғаның қалыптасуында ерекше роль атқарады, адамның әлеуметтік белсенділігін арттырады. Өнегелік құндылықтар арасында қазіргі кезде ерекше көңілде, нақтылау мен өркендетуде, қайырымдылық көрнекті орын алады.
«Қайырымдылық» ұғымы мағынасы жағынан жақын «мейірімділік», «әлеуметтік көмек», «әлеуметтік қолдау» терминдерімен қатар қолданылады. Әлеуметтік көмек - көмекке мұқтаж адамдарға көрсетілетін шаралар жүйесі, ондай көмектер қайтарымды және қайтарымсыз формада өмір қиындықтарын жеңуге бағытталған. Қайырымдылықпен қамтамасыз етілетін проблемаларға қарағанда, әлеуметтік көмекке мұқтаждықтың өмір қиындықтарының ауқымы өте кең. Әлеуметтік көмек материалдық қана емес, сонымен қатар физикалық, әлеуметтік тұрмыстық, құқықтық, психологиялық, педагогикалық және тағы басқа формада болады. Әлеуметтік қолдау қиын өмір жағдайында уақытша қалған, тұрғындардың еңбекке қабілетті белсенді тобына жәрдемдесу. Кез - келеген қайырымдылық әрқашан әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау. Қайырымдылық әлеуметтік көмек пен қолдаудың ерекше формасы, мұқтаж жандарға қайтарымсыз материалдық көмек пен қолдауға негізделген. «Қайырымдылық» ұғымына қарағанда «мейірімділік» ұғымы құндылықты мотивациялық және эмоционалды сезімдік әрекеттерге негізделеді. Мейірімділік - бұл көмек көрсетуге әрқашан дайын тұру, басқаның проблемасына эмоционалды сезімдік тұрғыда қолдау көрсету және сол проблемаларды рационалды психологиялық тұрғыда бағалау. Мейірімділік қайырымдылықтың бірқатар мотивтарының, яғни корпоративтік адамгершілік сезімі, бағалауға мұқтаждық, өзіндік нақтылануға мұқтаждық, діни сезімдер және тағы басқа мотивтардың бірі болып табылады. Бір жағынан қайырымдылықтың қолдану аясына қарағанда мейірімділіктің қолдану аясы өте кең, ол отбасында, достық қатынаста, тіпті жаулар арасында да көрініс тауып жатады. [3]
Әлеуметтік жұмыстың ерекше құндылықтары:
жақын адамға деген сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта бірге болу:
-ниеттестік;
-жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену;
-көмек жасау ниеті мен жәрдемі;
-білім жинау;
-тәжірибе алу;
-әлеуметтік шығармашылық.
Әлеуметтік жұмыс қоғам өркениетінің маңызды феномені, оның ролі мен маңызы қарттар санының өзгеруі мен артуының демографиясына, нарықтың дамуы мен жұмыссыздық деңгейінің артуына, миграциалық процестерге және тағы басқа жағдайларға байланысты. Қазір бізідің еліміз жаңа экономикалық жағдайда және ол әлеуметтік жұмысқа өмір қажеттілігі мен актуалдылық береді. Себебі осы проблемаларды шешуді жүзеге асыру обылыстық, райондық, қалалық, жеке ұйымдар мен мекемелер масштабында жүргізіледі. Азаматтар тобымен әлеуметтік жұмыс және оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің нәтижелілігі нарықтық қатынастағы жетістіктерге байланысты. [4]
1.2 Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы
Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Сонымен қатар, алғашқы рулық, тайпалық қауымдағы көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға және қоғам мүшелерінің бір – біріне рулық көмек көрсетуімен анықталған. «Әлеуметтік жұмыс» – бұл тарихымыздағы жаңа атау, жаңа прогресс болып саналады. Жалпы әлеуметтік жұмыс бірнеше мағынаға ие, мәселен адамдарға көмек көрсету – Ежелгі Римдік философтар «қайырымдылықтың қажеттілігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау» десе, антикалық философтар «құлдарға жанашырлық көз-қарас» деген. Әлеуметтік қолдау көрсету өзінің даму тарихында мұқтаж адамдарға көмек көрсетудің бірнеше формаларын қамтыды, яғни игілік істер жасау мен ұйымдастырылған әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесіне дейін. Сондай –ақ жеке және қоғамдық қайырымдылық түрлерімен жалғасып отырған. Игілік істер атқару, яғни мұқтаж адамдарға материялдық жағынан немесе ақшалай көмек көрсету. Әлеуметтік көмек көрсету өзінің тарихи даму жолында көптеген формаларды қамтыған. ІІІ ғасырда Месопотамияда Урнаму патшасы өз заңдарында әлеуметтік жұмыстың міндеттерін адамгершілік қайырымдылық деп жай атап көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, шын мәнінде оның қолданылуын қадағалап отырған. Б.э.д. VІ-V ғасырларда Грецияда қайырымдылықтың бірнеше түрлері болды. Сонымен қатар, Перикл өз қаражаттарынан мұқтаж адамдарға, науқастарға халық жиналыстарында театрларға баруға ақшалай көмек көрсетіп отырған. ХІХ ғасырға дейін әлеуметтік көмек мол қайырымдылық түрінде көрініс алды, құлдарға, кедейлерге жанашырлық таныту, оларға түрлі көмек көрсету, т.б. Сонымен қайырымдылық дегеніміз архайкалық кезеңнен бастау алған көмек түрі, әлі күнге дейін өз жалғасын табуда.[5]
Таяу және Орта Шығыстың ортағасырлық мемлекеттерінде әлеуметтік қолдау көрсету ислам шарттарына байланысты дамыды. Бұл діннің негізін салушы Мұхаммед, елші ретінде танылған. Ислам дінінің таралуының бастапқы кезінде-ақ елшінің атынан, кейінірек оның сахабаларының атынан әскери олжаның 4/5 бөлігі жауынгерлерге, ал 1/5 бөлігі мұқтаж жандарға таратуға берілген. Сонымен қатар, ислам дінін қабылдағандар Халифат қазынасына ондық – ушр төлесе, ал қабылдамағандар ауыр салық – харадж (егістік өнімінің 1/3немесе 2/3 бөлігін) төлеуге тиіс болған. Ислам дінінің сипатына жанашырлық, қайырымдылық және мұқтаж жандарға көмек сәйкес келеді. Онда қайырым мен қайырымдылық маңызды қасиет және Алланың атрибуты ретінде қабылданады. «Адамдарға кім қайырымдылық жасамаса, Алла да оған қайырымды болмайды» - деп Мұхаммед Пайғамбар үйреткен.[6]
Кейінірек әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі өзге қырларынан көріне бастады. Дүние жүзіндегі ең ірі держава - АҚШ-тың тарихы маңызды әлеуметтік проблемалардың орын алуымен басталды. Солтүстік Америка континентінің ХVІ ғасырдағы колонизациялануы бастапқы капиталдың жинақталуына, әлемнің осы регионының экономикалық дамуына, ірі өнеркәсіп орындарының пайда болуына, жаңа қалалардың өмірге келуі сияқты елеулі өзгерістерге себепші болуымен қатар, жергілікті халықтың жойылуы мен африкалық құлдардың көптеп қоныстануына алып келді. Қара нәсілді американдықтарды 1865 жылғы азамат соғысына дейін құлдықта ұстап, ал жергілікті халықты төмен тап өкілдеріне санаған. Көптеген осындай шиеленістердің салдарынан елде хаос басталып, халықтың халінің нашарлауы көрініс тапты. Осыдан келіп, елде халыққа қолдау көрсету мақсатында волонтерлікпен айналысатын өкілдер пайда болған.
Танымал американдық әлеуметтанушы С.Е. Зимбалисттың айтуы бойынша, АҚШ-тағы кәсіби әлеуметтік жұмыс 1870 жылы «Қайырымдылық және тәрбие жұмысының Ұлттық Конференциясының» құрылуымен байланысты дами бастады. Бұл ұйым әлеуметтік проблемаларды федералдық масштабта шешуге жұмыстанған бірден бір мекеме болды. Бұған дейін, 1866 жылы, ерікті қоғамдық және жеке қайырымдылықпен айналысқан адамдар ғалымдармен бірігіп «Қоғамдық ғылымдардың Американдық Ассоцияциясын» (ҚҒАА) құрған болатын. Әлеуметтік проблемаларды шешудің басты көзі адам мәселесін толықтай меңгеру және қарапайым әдістерді жасап, оны тәжірибеде қолдану деген ойға келген ғалымдар тобы 1874жылы ҚҒАА-дан шығып, «Қайырымдылық қозғалысы Ұлттық Конференциясын»құрды.Кейіннен ол «Қайырымдылық және коррекциондық қозғалыстың Ұлттық конференциясы» деп аталды (1879). АҚШ-тағы кәсіби әлеуметтік жұмыстың дамуында ХІХ ғасырда құрылған қоғамдық ұйымдардың лидерлері Джейн Адамс пен Мэри Ричмонд маңзды орын алады. Джейн Адамс пен оның жолын қуған волонтерлер жағдайы нашар кварталдарда қоныстанып, кедей халықпен көршілес тұрған. Осындай ұйымдардың негізін салушылар (сеттльменттер) «қоршаған орта ауру, сандықтан осындағы адамдарға көмектесу үшін ортаны ауыстыру керек» деген идеяны ұстанған. Мери Ричмонд басқарған қайырымдылық ұйымы «кедейшіліктің себебі адамның өзінде» деген қөзқарасты ұстанған. М. Ричмондтың бастауымен Нью-Йоркте әлеуметтік жұмыс мектебінің жоғарғы білім жүйесінен тыс қолданбалы филонтрапия мектебінің негізі қаланды (1898), кейіннен Нью-Йорктің әлеуметтік жұмыс мектебі деп өзгертілді. Бұл жерде студенттер негізгі жұмыстан ауытқымай еңбек етті. 1940 жылы бұл мектеп Колумбия университетінің құрамына енді. ХХ ғасырдың басында-ақ Мери Ричмонд әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасының классигі атанды. АҚШ әлеуметтік қорғауының қалыптасқан жүйесі ХІХ ғасырдың өзінде негізгі екі бағытқа бөлінді:әлеуметтік сақтандыру жүйесі (қарттыққа, асыраушысынан айырылуына, мүгедектікке, өндірістік қатерлер, жұмыссыздық, әлеуметтік қамсыздандыру, т.б. байланысты) және қарттар мен балалы жесірлерге бағытталған бағыт (аурыу, қартаю, асыраушысынан айырылу, мүгедектік және жүктілік пен босану қатерлеріне байланысты).[7]
Енді «әлеуметтік жұмыс» ғылыманының қалыптаса бастаған кезеңі туралы айтатын болсақ, бұл кезеңнің тарихи ерекшеліктері Кеңес Одағының құлауы мен коммунизмнің жойылуы, азаматтық қоғамның, жаңа таптардың дүниеге келуі болып табылады. Қарастырып отырған кезеңімізде бірнеше этап ерекшеленеді. 1985-1986 жж. - жеделдету кезеңі, бұл кезеңнің негізгі тапсырмасы кеңестік экономиканы әлемдік деңгейге шығару. 1987-1991 жж. - «қайта құру», «еркіндік», «демократия» ұрандарының кезеңі. 1992-1999жж. - түбегейлі реформалар кезеңі, бұл кезеңнің бастапқа нәтижесің өзі халықтың көпшілігін кедейлік шекарасына жеткізді. Бағаның өсуі мен халықтың табысы арасындағы айырмашылық жоғарылай түсті. Ең негізгі әлеуметтік проблемалар жұмыссыздық, халықтың еріксіз көшуі, қылмыстың көбеюі, туудың қысқаруы, сәбилер өлімінің көбеюі, маскүнемдердің, нашақорлар мен таксикомандар санының өсуі және т.б. болып табылды. Қоғамның мүліктік дифференцияциясы үрдісі тез күшейіп, шаруашылық-экономикалық байланыстың құлдырауы байқалды және ұлтаралық қақтығыстар жиілей түсті. Бұның барлығы қоғамдағы әлеуметтік күйзеліске әкеліп соқты. Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғаудың да ескі жүйесі бұзылды.
Кәсіби мамандардың қажеттігі арта түсті. Адамдар қиын әлеуметтік шиеленістерге тап болды және көп жағдайда олар бұл проблемаларды өздігінен шеше алмады. Нәтижесінде қоғамда әлеуметтік жұмыс проблемасы ерекше орын алды. Ақырындап бұл мамандықтың да жүйесі қалыптаса бастады. Бұл уақыт 1991 жыл болып есептеледі, өйткені осы уақытта елімізде «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы ресми түрде қолданысқа енді. Әлеуметтік жұмыс -бұл қиын жағдайларға тап болған адамға немесе адамдар тобына көмек көрсетуге, адамның өзіне-өзі көмек көрсете алуын тәрбиелеуге, қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастың үйлесімділігін орнықтыруға бағытталған кәсіби мамандық. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмысты мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдар жүзеге асырады. Бүгінде қайырымдылық көрсетумен айналысатын мың бес жүзге жуық қоғамдық бірлестіктер бар, олардың біреулері айықпас дертке шалдыққандарға көмек көрсетумен және оларды әлеуметті оңалтумен айналысса, екіншілері әсери қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады, енді біреулері балаларға, жұмыссыздарға, қаңғыбастарға әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетеді және т.б. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдарының бірнеше типтері қалыптасты: 1) жергілікті орталық билік органдары жанындағы қорлар; 2) ірі өнеркәсіптер мен ведомствалар жанындағы қорлар; 3) ірі банктер немесе коммерциялық фирмалар жанындағы фондтар; 4) жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдары. [8]
1.3 Әлеуметтік жұмыстың әдістері
Әдістердің
көп бөлігінің тұжырымын
Клиент пен әлеуметтiк қызметкерлер және барлық әлеуметтiк институттардың алуан түрлi жұмыстарының зерттелуi нәтижесінде пәндiк бағдарланған және тексерiлген теориялар, олардың коммуникативтік өзара келiсімділігі қалыптасады.
Кәсiби әлеуметтiк жұмыстың әдiстерi алуан түрлi. Олар классификациясы төмендегідей:
· әлеуметтiк жұмыстың бағыттары және формалары бойынша (ұйымдастыру, әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк - педагогикалық, әлеуметтiк - дәрiгерлiк, әлеуметтiк - экологиялығы т. б.);
· әлеуметтiк жұмыстың объекттерi бойынша (жеке, топтық, жалпы);
· әлеуметтiк жұмыстың субъектісі бойынша (қолданылатын жеке маманмен, әлеуметтiк қызметтiң ұжымы, әлеуметтiк жұмыстың басқару органдары).
Әлеуметтік жұмыстың объектілері бойынша жіктелуі:
Жеке жұмыс (клиент пен әлеуметтiк қызметкер);
топпен жұмыс (жанұялар тобында және жанұя арқылы);
қауымддастықтағы жұмыс (микроәлеуметтiк ортада). [10]
Әдiс-тәсілдердің
классификациясы бiр жағынан
· Бірінші байланысты орнату және клиентке қажеттi әлеуметтiк қызмет түрлерін анықтау;
· Мәселенi зерттеу және анықтау;
· Әлеуметтiк көмектің қажеттігін дәлелдеу;
· Мәселенi концептуализациялау;
· Болжамдағы шешімді анықтау және зерттеу;
· Стратегиялық бағытты таңдау;
· Мәселенің шешімін жүзеге асыру және т.б. [11]
Топтармен әлеуметтік жұмыста топтық проблемаларды шешу, соған қоса диагностикалық және түзету процедураларын жүзеге асыру басты мақсат бола отырып, әлеуметтік психологияның объектiсіне жатады. Мұндағы әдістер ең алдымен топтағы адамдардың жүріс-тұрысына байланысты тағайындалады. Топтың әлеуметтік мәселелері ондағы мүшелердің әлеуметтанумен тікелей байланысты. Яғни:
· Социометрия - топтағы тұлға аралық қызу байланыстардың бағасы үшiн тест, оның тетiктерiнде топтық белсендiлiктiң тек қана сыртқы қызу жiгi талданады. Нәтижесінде социоөлшегiш процедура, социоөлшегiш матрица (мүмкiндiк беретiн топтағы тұлға аралық қатынастардың құрылымын көрнекi көрсетiлу) және социопрограмма арқылы қорытынды жасалады, социоөлшегiш арқылы топтық бiрлiктiң коэффициенттерi есептеледi;
· Референтометрия - топтағы әрбiр тұлға аралық таңдаулар және жоғары бағалаулардың себептерi үшiн индивидтың кiретiн топ мүшелерiнiң референттiгiн (маңыздылығын ) анықталу әдiсi;
· Коммунокометрия - тұлға аралық коммуникациялардың жүйесiндегi топтың әрбiр қатысушысының орынының анықталу әдiсі. Ерекше топтағы әлеуметтiк-психологиялық құбылыстарды зерттеу, сонымен қатар оны диагностикалау немесе пiшiндеудi ғана емес, олардың ықшамдалуын, жақсартуын, дамытуын қарастыратын әдiстерді қолдану ондағы әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көмек береді. Олар:
· Ұжымдарды басқарудағы тәжiрибеде қолданылатын топтық пiкiрталас. Оның мақсаты - тез және шешім қабылдай алу;
· Іскерлiк ойын - кәсiби қызметтегі қатынастардың жүйелілігін және әлеуметтiк мазмұнының анықталуы және пiшiнделуi жүзеге асатын практикалық тәжiрибенiң түрі;
· Әлеуметтiк мiнез-құлықтың түрленуi - жаңа тiршiлiк дағдысына және үйренбеген ортаға бейімделуді үйрету;
· Әлеуметтiк-психологиялық тренинг - тiл тапқыштықты дамыту, мақсаты барлық топтың психологиялық жұмысының белсендiлігін дамыту әдiстерi.
Әлеуметтiк жұмыстың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибелеріне негізделе отырып, басты мәселерді шешуде пайдаланылатын әдiстердiң кешенi мынадай:
1. Психологиялық зерттеудiң әдiстерi:
· бақылау – белгілі бір жағдайлардағы психикалық құбылыстардың мағынасын және спецификалық өзгерістерін жүйелі және мақсатты қабылдау. Бақылаулардың тиiмдiлiк, дәлдiгі бақылаушының тәжiрибелiлігінің дәрежесiне және бiлiктiлiктілігіне тәуелдi болады;
· тәжiрибе - объектінiң мiнез-құлықында немесе күйiнде болатын өзгерiсті есепке алатын зерттеушiнің әлеуметтiк жағдаятқа белсендi қатысуы. Егер зерттеу жағдайы белгісіз болса немесе дұрыс зерттелмесе эксперименттің мынадай түрлері қолданылады:
Лабораториялық тәжірибе - арнайы орталықтарда жүзеге асырылады. Бұл бақылауды және жоғарғы сенімділікпен нәтижелікті қажет етеді;
Анық тәжiрибе - зерттеудiң әдiстерiн психикалық процесстердi реттеуге мүмкiндiк береді.
2. Диагностикалық әдiстер – жеке адамның психологиясын анықтайтын өзгерiс. Стандартталған сұрақтар қою және жағдайды анықтайтын тесттерді жүргізу сияқты тәсілдер арқылы анықталады.
3. Психогенетикалық әдiс - адамның
жеке психологиялық
4. Лонгитюдтық әдiс - ұзақ және жүйелi түрде зерттеуге мүмкiндiк беретiн адамның тiршiлiк циклдары фазаларының жас шамасына байланысты және жеке құбылмалылығының диапазонын анықтауға байланысты сыналып отыр.
5. Тiршiлiк жолды зерттеудiң
6. Психологиялық көмек әдiсi -
адамның психологиялық сауаттылығын
арттыру, сонымен қатар
адамның алдына қойған мақсаттарына
жетудегі және қиындықтарға
төтеп беріп, омірлік
|
2. |
Қазақстан Республикасындағы және РФ әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйін талдау |
2.1 |
Білім беру саласындағы негізгі мәселелер |

- әлеуметтік қатынастар аясында мемлекеттік басқару
- Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары
- Әлеуметтік қызмет көрсету, іс-әрекет
- Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері
- Әлеуметтік нормалар
- Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
- Әлеуметтік педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
- Әлемнің құқықтық жүйесі курстық жұмыс
- Әлеуметтану пәні
- Әлеуметтік болжау мен жобалау
- Әлеуметтік жұмыс және психология
- Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы
- Әлеуметтік жұмыскер маман ретінде
- Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары