Валюта жүйесі



МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1. АҚША ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ............................................5

 

1.1. Қазақ даласыдағы ақша құралының тарихы..........................................5

1.2. Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық валютасының пайда болуы.......................................................................................................................8

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   ВАЛЮТА ДАМУЫМЕН ҚАЛЫПТАСУЫ...........................................................................................,,,,,,,11

 

2.1. Ұлттық банктің қалыптасуы.....................................................................11

2.2. Қазақстан Респбликасының мақсаттары мен міндеттері....................17 

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ................................................20

 

3.1. Валюта ресурстарының маңызы..............................................................20

3.2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері...............................23

3.3. Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері..................30

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

                                                   

 

 

КІРІСПЕ

Жалпы бұл курстық жұмыста осы қазіргі Ұлттық валюта жайлы ғана емес, жалпы қазақ даласына ақша ұғымы қалай?, қашан? келгені жайлы жазылған.

Өткен тарихсыз мемлекет болуы, сонымен қоса оның негізгі символдары, қызметі болуы да мүмкін емес.

     Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта — теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақ-стан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де  орталықтандырылған  валюта  қорлары құрылады.

Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық  экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады.

        1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын  шетелдік фирмамен  келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта – 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге – дайындалып, Алматыға жеткізілген.

        1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік  алғаннан кейін көп реформа жүргізді.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

                   

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

1. АҚША ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

 

1.1. Қазақ даласыдағы ақша құралының тарихы

Қазақ халқының байырғы заманнан бері  барлық тауар өндірушілер мен сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысын қамтамасыз еткен ақшасының тарихы тым тереңде жатыр. Ең алғашқыда ақша орнына гректер мен римдіктерде, славяндар  мен моңғолдарда – мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз жүрсе, қазақ даласында тауар тоқты, саулық қоймен бағаланды. Ал, енді біздің заманымыздан бұрынғы 5-6 ғасырда ежелгі ақ ғұндар бір бетіне эфталгин ( түркі – руни ) жазуы бар теңгелерді жасап, сауда айналымында пайдаланады. 6-8 ғасырдың бірінші жартысына дейін-ақ Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалар күміс, алтын теңгелерді құйса, 6-8 ғасыр аралығында  Суяб, Ақбешім қалаларында теңге шығарылып, Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы жұмыс істеді. Осы қалалардың және кезінде талай-талай керуен жолдары түйіскен ірі сауда орталығы болған көне Отырардың орнына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған теңгелерге назар аударсақ, қазақ ақшасында ұқсастық та айырмашылық та көп.

  Мысалы, бұл теңгелердің кейбірінің үстінгі бетінде секіргелі тұрған арыстан, астыңғы бетінде садақ пен дүниенің төрт бұрышын мегзеген түркілердің тайпалық таңбасы бейнеленсе, екінші бір тобында түркінің Ана әулетінің таңбасы бедерленіп, соғды жазуы өрнектелген. Қазіргі уақытта археологиялық қазба жұмыстары толық көлемде әрі жиі болып жатыр. Осы мәліметтерге сүйене отырып,  Әл-Жадид сарайында құйылған ( 1377-1396) мыс ақшаларды алып  қарайықша, арабша жазу, оюлармен безендірілген. Алайда қазақ жеріндегі сауда-саттықта ақшаның басқа да түрлері пайдаланылды. Біздің заманымыздың 704-766 жылында Тараз шаһарында құйылған теңгелердің бетінде “Түркінің көк ханының теңгесі” деп те

жазылды. Қазақ халқы-өнер шеберлеріне өте бай. Оның топырағында  туған көркем  қолөнер бұйымдарының небір озық түрлері қанша ма жылдар бойы елмен бірге жасасып келеді. Бұл қасиет оның теңгелеріне де тән. Он екінші ғасырдың басында Отырарда жасалған Мұхаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта үлкен сұранымда пайдаланылды. Қазір Отырар қаласының орынынан табылып отырған мұндай теңгелер Қазақ ақшасының тарихы жөніндегі зерттеулерді одан әрі байытуда. Бұл орайда белгілі ғалым К.М. Байпақов былай дейді: “Отырардан табылған күміс көмбе халықаралық сауданы зерттеу үшін аса маңызды, маңызы жағынан өте сирек олжалардың қатарына жатады. Өзінің құрамы жағынан олар ақшалай-заттай нәрселер, көмбе жиынтығындағы теңгелер: Шығыс Түркістанның – Алмалық, Еуропалық Қырымның, Кіші Азиялық –Сивастың, Кони мен Тебриздің, Қазақстанның теңге жасау сарайларынада соғылған, жалпы саны 233 теңге, ал тазалаудан кейінгі жалпы салмағы 470 грамнан асады”.   Ең бастысы, 1271жылғы Масуд – бектің ақша реформасынан кейін, Қазақстанда  ақша айналысына жаңа жол ашылды. Қазақ даласында мұнан кейінгі ақша реформасы 1321жылы жүргізіліп, ол « Кебек хан реформасы» деп аталды.    Бұл ақша да күмістен шыңдап жасалынды. Ал салмағы  8 граммнан асқан жоқ. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың тұсында олардың есімімен Алтын Орда теңгелері шығарылды. Қазақстанда Масудбек, Кебек ханнан кейінгі атақты ғалым Ұлыбек ақша реформасын жасады. Бұл – 1428 жыл.

  Алайда қазақ ақшасының алғашқы шығу, даму тарихында Отырар қаласының алатын орыны өте айырықша. Ол жөнінде тіпті Өзбекәлі Жәнібеков ағамыздың өзі кезінде былай деп жазған: “Сауда –саттықтың қарыштап дамығаны сонша дала тұрғындары бұрынғыдай тек қыпшақ жылқысымен, түйесімен, қойымен ғана емес, Орталық Қазақстан кеніштерінен алынатын металмен, өсіресе күміспен, бағалы аң терілерімен, шегрен көнімен, қолданған басылған киізбен, текеметпен, ер-тұрман, садақ

қорабымен сауда жасаса, отырықшы-егінші қауым оларға астық, металл заттарын, қару-жарақ, киім-кешек, мата қолтума бұйымдарын ұсынатын болған. Тіпті ІХ-ХІІ ғасырларда осылай қанаттана бастаған тауар-ақша қатынастары бірте-бірте тікелей тауар алмасуын да тығыстыра  түскен. Отырар сауда, керуен жолдарының түйіскен жерінде, Қазақстандағы отырықшы күнкөріс пен көшпелі тіршілік шегінде орналасқандықтан, ХІІ ғасырдың ортасына қарай-ақ мұнда ақша соғатын орын жұмыс істеп, алтын, күміс, мыс теңгелер шығара бастаған. Әсіресе, ХІІ ғасырдың аяғында Масуд-бектің ақша реформасынан кейін қала шаруашылығы жанданған.”

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.   Қазақстан Республикасының алғашқы Ұлттық валютасының  пайда болуы.

Ұлы Жібек жолында орналасқан Қазақстанда бүкіл мемлекет дәулетінің кепілдемесі, басты құн белгісі-ақша ерте заманнан айналымға шыққанымен, саяси тәуелсіз мемлекет ретінде Ұлттық валютасы – теңгенің өмірге келген кезі – 1993 жылғы 15 қараша.

  Кеңес империясы құлап, Қазақстан жеке ел болып, шаңырақ құрған кезде оның алдында өз елтаңбасы мен байрағын жасап, әнұранын шығару қажет болды. Бұл мәселе 1991 жылы Жоғарғы Кеңесте қызу талқыланып, Ұлттық валюта – теңгені  шығару да басты әңгіме тақырыбына айналды. Өйткені, кез-келген елдің Ұлттық валютасы болмаса ол дербес мемлекет болып саналмайды.

Осыған орай қаржыгер-мамандар  Англия, Германия, Испания тәрізді мемлекеттерге іс-сапарға барып, ақша шығару ісімен танысып та қайтты. Сол тұста Қазақстан валютасының жобасын сурет түрінде жасауға талпынғандар да болды. Ұлттық валютамыздың авторларының бірі, академик Хайролла қажы Ғабжелелов айтады:

-         Бұл кезде біздер, қазақстандық бір топ суретші-дизайнерлер бірлесе “Дизайн орталығы” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, Ұлттық валюта жасау жөніндегі мемлекеттік заказды қабылдап алуға

                                                     7

-         белді бекем будық. Сол жылдары Жоғарғы Кеңестің депутаты болған Тимур Сүлейменовпен  Ұлттық банкінің төрағасы Ғалып Байназаровқа барып кірдік. Әңгіме үстінде алдын-ала жасаған эскиздерімізді көрсеттік. Қаржыгерлер біздермен келісім-шарт жасаспағанымен, біздің ұсынымызды мақұлдады. Содан біз Жоғарғы Кеңестің  Алматыдағы тау бөктеріндегі бір саяжайын алып, төрт жігіт теңгенің алғашқы үлгілерін сызып, өрнектеуге кірістік. Ең басында барлық істі бірге бастаған төрт жігіт – Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзейхан, Мендібай Алин және мен болатынмын. Кейін Ағымсалы өзінің денсаулығына байланысты кетіп қалды да, Меңдібай екеуіміз барлық жұмысты бірге атқарып, қандай қиындықта да жұбымыз жазылған жоқ. Сол кежде Қайырбек Сүлейменов Президент кеңесшісі  еді. Бізге сол кісіні бекітіп беріп, ол әлсі-әлсін жұмыс  барысымен танысып тұрды. Шығыс халқында, оның ішінде қазақтарда жеті  саны қастерлі ғой. Біз Ұлттық валютамызға жеті адамның бейнесін салып, оны Жоғарғы Кеңесте құрылған арнайы комиссиясының талқылауына ұсындық. Олар мақұлдағаннан кейін Ұлттық валютамыздың үлгісі Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевқа  апарылып көрсетілді. Біз дайындаған Ұлттық валютамыздың үлгісі Елбасымызға ұнап, 1992 жылғы 27 тамыз күні Тимур Сүлейменов, Меңдыбай Алин, Ағымсалы Дүзелхан және мен Англияға жүріп кеттік.

         Ұлттық валютамыздың авторларының бірі, академик Хайролла қажы Ғабжалеловтың айтуы бойынша, алғашқысында елу теңгеге Президентіміздің бейнесі салынып, келесі бетіне ғашық суреті бейнеленген екен. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Менің бейнемді Ұлттық валютаға салмай-ақ қойындар, ұят болады”- деп, бұлардың ұсынысынан бас тартыпты.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының үлгісін жасаушылар Англияға келгеннен кейін оларды ақша жасау фабрикасының Бас директоры

Дэвид Синклайр мен дизайнер студиясының басшысы Джон Уокер және арнайы аудармашы қарсы алды, олар кәсіпорын қасындағы жақсы қорғалған үйге орналастырылды.

  Мұнан кейін оқу басталып, мамандар әлемдік валюталар, оны қолдан жасаудан қорғау, дайындау технологиясы  туралы әңгімелер өткізді. Сөйтіп, қазақстандық топ бүкіл дүние жүзі валютасының барлық жасалу құпиясын оқып үйренді. Сол әрбір деталын  жеке-жеке  сызып шығу  қажет екендігі белгілі болды. Тамыз, қараша, желтоқсан айларында бірнеше рет Англияға барып қайтқан қазақстандық валюта үлгісін жасаушылар осынау сапарларының арасында Испанияда болып, 1993 жылдың  30 наурызында Лондонда “Харисон және оның балалары” фирмасында Ұлттық валютамыз – теңгені шығаруға деген мемлекеттік заказды орындауға кірісті.

  Ақиқатын айтар болсақ, Ұлттық валюта жасау жұмысы өте қиынға түсті. Өйткені әрбір портрет металға қолмен өрнектеліп салынуға тиіс.

  Ал, олардың кез-келгенін жасауға 4 аптадан 7 аптаға дейін уақыт қажет. Бір сөзбен айтқанда, ақша шығару жұмыстарының тең жартысы металл өрнегі. Негізінен, Англияда жеделдетілген түрде 14-15 жыл оқып, ақша  металын өрнектеу жұмысын жете меңгерген  хас шеберлер 17-18 адам ғана болып шықты. Олардың ішінде Джон деген кісі нағыз шебер болғанына қарамастан, қазақстандық валютаны жасай алмай қиналғанын көрсең. Себебі, шетелдік валютадағы портреттерді жасағанда суреттегі көздің айналысын ойып өрнектеу арқылы бейненің сыр-сипаты берілсе, қазақстандық  валютада адамның  бейнесі бүкіл болмыс-бітімімен берілуге тиіс. Не керек, көп қиналса да Джон ақсақал қазақтың Әл-Фарабиінің де, Абайы мен Абылай ханының да суретін металға ойып, жасап шықты ғой.

Сарапшыларымыздың айтуынша, Қазақстанның Ұлттық валютасы –теңге өте сапалы валюта. Ол айналымға шығарылысымен-ақ халықаралық барлық көрмелерде өте жоғарғы бағаға ие болды. Сол себепті әрі халықаралық қарым-қатынасты жақсартуға сүбелі үлес қосқаны үшін кезінде “Харисон

және оның балалары” фирмасы Англия королевасының алтын белгісімен марапатталды да.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   ВАЛЮТА ДАМУЫМЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

 

2.1. Ұлттық банктің қалыптасуы

Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:

-    Ұлттық    банктің    негізінен    классикалық    орталық банктерге тән валюталық және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық   құралдар   жиынтығын   енгізуді    аяқтау    және    оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай-несиелік  саясатын  жүргізуге  және  банктік  заңдармен  анықталған Ұлттық банктің белгіленген негізгі міндеттерді толы-ғымен орындалуына мүмкіндік береді;

-     экономикалық   ынталандыруды   дұрыс   қолдану   мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің   сапасын   жақсартуды    жүзеге    асыру;    олардың капиталдандыру    деңгейін    жоғарылату    және    халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;

-     банкаралық   несиелік   және   валюталық   нарықтарды дамыту  және   тереңдету   жолдарымен   оларда   қалыптасатын пайыздық  мөлшерлемелер  мен  айырбас  бағамы  тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;

-    республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің  тарапынан  тікелей   несиелеуден  бас  тартып,   оның   ішкі және    сыртқы    қаржылық    нарықтарда    инфляциялық    емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;

-    шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің   қауіпсіз,   уақтылы   және   тиімді   жүзеге   асыру   мақсатында   еліміздің   төлем   жүйесінің   сапалы   қызмет   ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;

-     орта  және  ұзақ  мерзімді  инвестициялық  жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.

Бағдарламаның өткірлігіне  қарамастан,  істің нақты  жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды, ең   алдымен   ақша-несиелік   реттеудің   құралдары   және іздістері дами түсті.

Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды.  1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көзпер,   есебінен   берілетін   несиелердің   көлемі   және   мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды  өздері тарту  есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді.   Ұлттық   банк   жалпы   Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден койды, оларға: банктердің өтімділігін колдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді  несиелеу,  Үкіметті   несиелеу   және   жалпы   ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.

1995   ж.   бірінші   жартысында   Ұлттық   банктің   екінші денгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, екінші жартысында   операциялардың   барлық   ауыртпалығы   мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығына көше  бастады.  Сонымен   бірге,   банкаралық   несие   нарығы   дамыды.   Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді.  Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде  Ұлттық  банк   айналысқа   бағалы   қағаздарды   шығару (нота)   жолымен   ақша   массасының   өсімін   стерилизациялап отырды.

1995   ж.   Ұлттық   банк   қайта   қаржыландыру   мөлшерлемесінің позитивті нақты бағытын ұстап тұрды.  Инфляция қарқынының төмендеуіне байланысты ол да төмендеді және керісінше  инфляцияның  өсуі  қайта

қаржыландыру  мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді, Инфляция каркыны 1995 жылдың каңтарында 8,9%-дан 2,4%-ға дейін темендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45%-ға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4%) 20 қарашадан бастап Ұлттық  банктің  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесін   52,5%-ға. дейін арттыруына мәжбүр етті. Бұл өзгерістер өз кезегіндегі екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініп  алды.

Ақша массасының көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі міндетті резервтер деңгейі,1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің деңгейінің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері ұшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.    

1995 ж. Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер -0,8 млрд теңге көлемінде айналысқа шығарылды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар - 2,2 млрд теңгені құраған.

1995 ж. екінші жартысында өтімді нарық құруда Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорынның ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.

1995 ж. алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды.   1995 ж. сәуірде Ұлттық банктің басқармасы  алтын валюта резервтерін  басқару тұжырымдамасын бекітті.

Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді. Сонымен қатар әр түрлі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар жүргізді.

Мұндай   ақша-несие   саясатын   жүргізу   нәтижесі    1995 жылы монетарлық бағдарламаға жүктелген параметрлер негізінен орындалды. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын (1994  ж.)  24,1%-дан  (1995  ж.)  4,8  %-ға  дейін  төмендеуге әкелді,   әрі   шетел   валюталары   бойынша   теңгенің   бағамы тұрақтанды.   Ұлттық  банктің  жүргізіп   отырған   ақша-несие саясаты экономикалық тұрақтануына жақсы жағдай туғызды. Жалпы ішкі өнімнің құлдырауы (1994 ж. 23,7%) 9%-ға дейін төмендеді.   1997  жылмен  салыстырғанда  экономикалық  бірқатар салаларда өндірістің өсуі  байқалады.  Сауда  балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.

1995 ж. ел экономикасын сауықтыру мақсатында макроэкономикалық реттеу мен ақшалай-несиелік және салық бюджеттік  саясатты  үйлестіру   ісінде  Ұлттық  банк  пен  Қаржы министрлігі арасындағы қатынастары беки түсті. Соның нәтижесінде,   Қаржы    министрлігінің   өзара   байланыс   практикасы жақсарды, қаржылық қарым-қатынастар тәжірибесі келтірілді, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің аукциондарын  өткізу  бойынша Қаржы  министрлігі  агенті  функцияларының атқарылуы жақсарды, бюджеттерге кассалық қызмет көрсетуді Ұлттық банктен - Қаржы министрлігі  қазынашылығына беру жөнінде дайындық жұмыстар жүргізілді.

Экономика талаптарына сай келетін жалпы қабылданған халықаралық қағидалар стандарттарды - тәжірибелік қызметке өндіруге көмек беретін шаралар жиынтығын көрсететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы бойынша күрделі жұмыс жүргізді.

Ұлттық банк тәжірибеге жаңа шоттар жоспарын, біртұтас баланс пен негізгі және көмекші бухгалтерия бойынша нормативті құжаттар, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесіндегі қажетті бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді енгізді. Аталған  жұмыс  түрлерін  автоматтық өндеу үшін  бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы аяқталды.

1995ж. банктік қадағалаудың әдістемелік базасының дамуын қамтамасыз ететін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді, әсіресе мына бағыттарда: үмітсіз және күмәнді қарыздарды жабуға арнайы резервтер (провизия) қалыптастыру бойынша, банктерді консервациялау, банктерді ашудың жаңа тәртіптері бойынша, банктік операцияларды лицензиялауға банктерді таратудың жұмыс жасап отырған тәртібін өзгертуге және банктердің ашық валюталық позициясын енгізуге байланысты.

1995 ж. екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды. Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін), шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті.

Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды. Егер жыл басында 60% банктерде жарғылық қор 5 млн теңгеге дейін болса, 1996 ж. олардың саны 35% кем болды. 80 млн теңге және одан да көп жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.

Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық  мамандандырылған  банктерді  қайта  қалыптастыру  мен одан  әрі  дамыту   бойынша   күрделі  жұмыс  жасады.   Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның мақсаттары мен міндеттері

        1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей орталық банкінің 1961 – 1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар  бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

        1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын  шетелдік фирмамен  келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта – 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге – дайындалып, Алматыға жеткізілген.

        1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

      1993 ж. 15 қарашада сағат 8 – де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;

      1993 ж 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма – қол  ақша  айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.

      қолма – қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен  айырбасталып, ол  18 қарашада сағат 18 – де аяқталды. қарашаның 15 – 18 аралығында  екі валюта  - сом және теңге – айналымда қатар жүрді.

        Қазақстан Республикасының жасы 16 – дан асқан  азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп,  ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы  дербес шотқа  салынып, оны  6 ай  бойы  пайдалануға  құқығы болмады.

        Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ  доллары 4,7  теңге  тең болды.

        1993 ж. 15 қарашада Қазақстан  тарихында  алғашқы  ұлттық валюта – теңге енгізілді. Ақша реформасын  жүргізуге Қазақстан басшылары  бір жарым  жыл уақыт өте  құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион  доллар сома шамасында алтын құймалары  мен шетел валютасы  қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған  күннен бастап  Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс  енді Москваға  жіберілмей, оны  Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына  айналдырды. Сондай – ақ  резерв қорына экспорттық  валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін  айналымға  теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті  валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

        Айналымға теңгені  енгізу  инфляцияның қарқындауы  және бұрынғы одақтас республикалардың өзара  байланысының  үзілуі мен саяси ала ауыздығы  тереңдей  түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен  кейін 2,5 айда, келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің  арасындағы  қарызды өзара есептеудің кең айқымды компаниясы басталған да  теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге  жетті.

        Нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы  егеменді  ел ретінде  өзінің  тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық  саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдер мен дербес валюта қатынастарының құруымен қатар, халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық  рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.