XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Абдухалиева Жадыра
Курстық жұмыс
«XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты»
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Сейсембай Г.А
Қостанай ,2012 жыл
Мазмұны:
Кіріспе.......................
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің
шығу тарихы, сипаты........................
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің
әдебиетімізде алатын орны..........................
1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық
сипаты........................
1.4 Арнау өлеңдердің түрлері......
II тарау. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының
арнау өлеңдері ..............................
2.2 Сегіз серінің арнау
өлеңдерінің жалпы сипаты.....
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдері...........33
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Тақырыптың өзектілігі. Академик С. Қирабаев: «Біздің әдебиетіміз − өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының тұрақсыздығы, көрші халықтардың бізге қарап үнемі отаршыл саясат ұстануы, ішкі рушыл алауыздық біздің ақын-жыршыларымызды осы тақырыпты үзбей жырлауға мәжбүр етті. Халқымызбен бірге әдебиетіміз де осы үшін, бостандықты жырлағаны үшін, отаршылдықтан азат болуды армандағаны үшін таяқ жеді. «Ұлтшыл халық, ұлтшыл әдебиет» атанды. Қазіргі отаршылдықтың қамытын сыпырып тастап, егеменді ел болуға ұмтылған тұсымызда осы идеяны жаңғырта жырлау, тәуелсіздік пен бірліктің сөзін айту әдебиеттің абыройлы міндеті болуға тиіс».
Қазақ әдебиетінде арнау жанры - күрделі жанр. Сондықтан да оның ерекшелігін ашуға түрлі-түрлі жағынан келіп талдау жасадық. Қазақ суырып салма поэзиясында тіпті, Абай арнауларының өзі суырып салып шығарылғанын ескерсек, қазақ әдебиетіндегі суырып салмалық поэзияда арнаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер қазақ ауыз әдебиетінде айтыс, шешендік өнер, толғау, қара өлең және т.б. бірігіп халкымыздың мол рухани дүниесін жанрлық түрлерін байыта түседі.
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып бетпе бет айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады.
Курстық жұмыстың мақсат -міндеттері.Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:XIX ғ қазақ әдебиеті ақындарының арнау өлеңдерін қарастырып, сараптау.Курстық жұмыстың міндеттері:
- Арнау өлеңдердің мән – мағынасын ашып беру;
- Арнау өлеңдердің XIX ғ дамуын анықтау;
- Арнау өлеңдердің жанрлық сипатын анықтау;
- Қазақ ақындарының би – болыстарға арналған өлеңдерін талдау;
- Махамбет, Дулат т.б ақындардың арнау өлеңдерінің мағнасын түсініп, сараптау;
Курстық жұмыстың нысаны. Әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі, белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды- арнау өлеңдер. XIX ғ қазақ әдебиетінде арнау өлеңдердің алатын орны, ерекшелігі.Курстық жұмыс мына әдебиеттерге негізделіп жазылды:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2010 ж, наурыз, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал 2011 ж, наурыз,Тілеуова А. Арнау өлеңдерінің жанрлық табиғаты // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. №39. – 136 -139 б., Мұқатов С «Арнау өлеңдер» Қостанай 2008 , 215 бет, Сүйіншіалиев Х. «XIX ғ әдебиеті», ЖОО филология студенттеріне арналған хрестоматия, Алматы 1992, 300 бет, Үмбетаев А «Ақындық пайым парызы» Ақиқат №3 2002 т.б.
Курстық жұмыстың ғылымилығы.
- Арнау – тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты анықталды;
- Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты сараланды;
- XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты сарапталды;
- Арнау өлеңдердің жалпы сипаты қарастырылды;
- Махамбет, Шернияз т.б. ақындардың арнау өлеңдері қарастырылды;
Зерттеу әдістері.XIX ғ қазақ әдебиеті ақындарының би – болыстарға арналған арнау өлеңдерінің негізгі тақырыбы анықталды.Болыстарды сынға алу себебі, ақындардың арнау өлеңдерінің бір – бірінен ерекшелігі кеңінен ашылды. Курстық жұмыста баяндау, сипаттау, жүйелеу, жинақтау, сараптау, бақылау, қорытынды жасау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау .Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау – тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты
Арнау - әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі.
Арнау өлең – белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды.
Арнау-тiлек өлеңдердiң шығу тегiнiң күнтiзбелiк әдет-ғұрыптардан күнге, айға табыну тағы басқа түрлi құбылыстарды киелi деп есептеген анимистiк ұғымнан туындағанын фольклористер сенiмдi дәлелдеп жүр. Қазақ арнау-тiлек өлеңдерiнiң табиғатынан да мұны айқын көруге болады. Мәселен, күнге, айға табынудың сонау Хунн дәуiрiнен берi бар екендiгi белгiлi. Бұл дәстүр кейiннен тәңiрге (көкке, аспанға), жерге (умай) табынуға ұласып, әртүрлi жануарларды, түрлi құбылыстардың иесi бар деген тәрiздi ұғымдарда өрiс алтөтемге айналдыру ды, осы көне түсiнiктiң қай-қайсысы болмасын халық санасында өз iзiн қалдырып отырады. Мiне, ел тұрмысындағы осындай ұғым-түсiнiктер, әртүрлi жолдармен балалар репертуарына да көшкен. Мысалы, қазақ арасында шаман дiнiнен қалған жаңа ай туған кезде оған бата жасау, тiлек тiлеу дәстүрi ертеден бар. Мiне, осы салттың елесi балалар айтатын арнау-тiлек өлеңдерден де байқалады. Мәселен, алғаш ай туған сәтте балалар: Айдың көңiлi жай болсын Балалардың мiнгенi Жорға-жорға тай болсын Қырдан берсiн, ойдан берсiн, Қызыл шұнақ қойдан берсiн... деп тiлек айтады. Немесе сүйел, жара шыққан балалар ата-ананың кеңесiмен айға қолын көрсетiп: Ай-ау, ай, Әйейiмдi алып, Қолымды бер, Әйейiмдi алып, Қолымды бер, – деп айғайлайды. Арнау-тiлек өлеңдерiн орыс фольклортану ғылымында оларды бiр жанр ретiнде қарастыруды ұсынады. Ал В. П. Аникин бұлардың айырмашылығы бағышталған обьектiсiнде ғана емес, орындалу формасында да, яғни «...дети выкрикивают слова закличек нараспев хором, ...а их (приговорок – К.I.) произносит каждый поодиночке», – деп жазады. Бұл пiкiрдi Э.С.Литвин де қолдайды. Кейiнгi зерттеушiлер де осы пiкiрдi жандандырып жүр.Қазақ балаларының репертуарында арнау-тiлек өлеңдерінiң айға, күнге, табиғат құбылыстарына да, жан-жануарларға арналғандары да мол. Мәселен, бұлт арасынан жасырынған күнге балалар: Май берейiн, құрт берейiн, Күннiң көзi, шық, шық! – деп сiркiреп жауа бастаған жаңбырға: Жау, жаңбыр жау, жау, Көк биеңдi сау, сау, – Деп айғайласа, қарақұрттың iнiн көргенде: Белең, белең белең құрт! Белi жуан белең құрт! Шандырыңды созармын, Тас төбеңнен ұрамын, Уытыңды жаймай шық! – деп тепсiнедi. Егер осы көп құрамды арнау-тiлек өлеңдерiнiң iшкi мазмұнына тереңiрек үңiлсек, күнге, айға, табиғат құбылыстарына арналған жырлардан жалбарынудың, өтiне сұранудың нышанын байқаймыз. Ал жан-жануарларға арналған жырларда өтiнiштен гөрi бұйыра айту сарыны басымдау. Оның себебi арнау-тiлек өлеңдерiнiң үлкендер репертуарындағы алғашқы ерекшелiктерiнде жатыр. Қазақ халқында тәңiр дiнiнiң қалдығы әлiкүнге дейiн өмiр сүрiп келедi. Тәңiрдi пiр тұтқан адам Күндi көрсе де, Айды көрсе де, қайран қала табынды, ол табиғатқа табынды, онда өзi көк, көк тәңiрi деп атаған уақыт сияқты мәңгiлiк тылсым күштiң құдiретi бар деп сенедi. Тәңiр дiнiнiң шығу тегi жалпы табиғат пен оның құбылыстарын құдiрет тұтуда жатыр, – деп жазады Шоқан. Осы ұғым-түсiнiкке байланысты арбау, жалбарыну өлеңдерiнiң табиғатын саралай келiп профессор М.Ғабдуллин, әсiресе, табиғат құбылыстарына арналған өлеңдерде: Жандай долым, ақ бұлт, Омыраудан соқ, бұлт! Ескен желдi, сұр бұлт, Елiктiрмей жете көр! – деген сияқты жалбарыну, өтiну сарынының басым екендiгiн айтады. Сондай-ақ, – деп жалғастырады одан әрi ғалым өз ойын, – ертедегi адамдар малды немесе адамды жылан, бүйi, қарақұрт, бәленгi шаққанда әртүрлi ырым жасап арбау өлеңдерiн шығарған... Қай арбауды алсақ та, улы жәндiктерге зекiру, қорқыту, бұйыра сөйлеу басым келетiнi байқалады. Мiне, арбау өлеңдерiнде осы екi сарын балалар репертуарына да көшкен. Арбау жанры, сөз жоқ, қазақтың көне наным-сенiмдерiне қатысты ғұрып фольклорының арналы саласы. Ол жөнiнде Б.Әбiлқасымов еңбегiнде жете айтылған. Бiз жанр ұшқынының балалар репртуарына көшкен элементтерiне ғана назар аудардық. Жалпы халық тұрмысында әлдеқашан ұмыт болған арбау жырларының балалар ортасында сақталып қалуының өзiндiк себептерi бар. Мұндай құбылыс қазақ қана емес басқа халықтар фольклорына да ортақ. Мәселен, Б.Шермұхамедов тәжiк арбау өлеңдерiн түгелге жуық балалар репертуарына қосады. Адамзат санасының балаң дәуiрiнде туған арбау жырларын сәби жүрегi шынайы қабылдайды. Сол әдет-ғұрыптарға сене отырып, өлеңдердi де берiле орындайды. Табиғатқа, жан-жануарларға арналған арнау-тiлек өлеңдерi арқылы бала олармен тiлдеседi, өзiндей көрiп ұғынысуға тырысады. Бала табиғаты қоршаған ортаға қаншалықты етене болса, арнау-тiлек өлеңдерi сол жақындықтың бiрден-бiр дәнекерi. Бала өзiнiң iшкi эмоциясын, арман-мақсатын, қалауын, өлең жырлармен бiлдiруге тырысады. Ол тiлектердiң барлығында дәстүрлi тәрбиенiң, халықтық салт-сананың, ұғым-түсiнiктiң iздерi жатады. Арбау өлеңдерiнiң балалар репертуарына бiртiндеп көшуiне оның өлеңдерiнiң құрылымы да, орындалу мәнерi де әсер еткен. М.Ғабдуллин атап көрсеткендей арбау өлеңдерiнiң мәтіндерінде мағынасы түсiнiксiз жұмбақ сөздер көп қолданылады. Және олар дыбыс үйлесiмдерi (ассонанс, аллитерация) арқылы ұйқасып келiп отырады. Тiптi, түсiнiктi сөздерден құралғанның өзiнде: Тас төбеңнен ұрармын, Тәңiр ұрғандай қылармын, Танауыңды тiлермiн, – деген тәрiздi жаттап алуға да жеңiл, тақпақтай айтуға да ыңғайлы бала мiнезiне де үйлесiмдi болып келедi. Көне жырлардың балалар репертуарында берiк орнығуына олардың өлең құрылысы, түр ерекшелiктерi де көп септiгiн тигiзген. Сондай-ақ арнау-тiлек өлеңдерiнiң көпшiлiгi бала өмiрiмен, күнделiктi тiршiлiкпен тығыз байланысты болып келедi. Мәселен, алғаш түскен тiсiн нанға бала орап итке тастап «Жасық тiсiм саған, пышақ тiсiң маған» деп күбiрлейдi. Немесе «Шiлде қоңызды қолына қондырып алып «Ел қалай көшер? Ел қалай көшер?» деп әндетiп отырады. Дәстүрлi түсiнiк бойынша шiлдеқоңыз қалай қарай ұшып кетсе, қоныс аударған ауыл да солай қарай көшедi, балалар оған имандай сенедi. Қазақ балалар репертуарындағы мұндай өлеңдер тобы осы уақытқа дейiн толық жиналған да, сараланған да емес. Тек 1988 жылы «Ақ сандық, көк сандық» жинағында бұл өлеңдер жеке топталып, «Арнау-тiлек» өлеңдер деген айдар тағылды және ғалым Ш.Ибраевтың алғы сөзiнде олардың өзiндiк ерекшелiктерi де бiраз ашылды. Қолымызға жинақталған мәлiметтердiң табиғаты мен оның қазақ балалар репертуарындағы өмiр сүру формасы оларды бiртұтас жанрлық түр ретiнде топтап қарастыруға мәжбүр етедi. Арнау-тiлек өлеңдер деген термин де бұл шағын жанрлық түрдiң табиғатын толық аша алады деген ойда емеспiз. Бұл әлi де ойлана түсудi, ел iшiндегi жиналмаған тың мәлiметтердi ауқымдап, жанрлық түрдiң iшкi ерекшелiктерiн тереңiрек саралап, термин мәнiн нақтылай түсетiн мәселе. Жалпы, балалар шығармашылығы дәстүрлi дүниетаным сырларын ұзағырақ сақтайтын алтын қойма. Ыждағатпен көңiл бөлсек, балалар ойынымен аралас жүрген осы шағын шығармалардан да талай қызық сыр тартуға болар едi.
Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін,
Арзандап кеттік, ағайындар-ау, неге тым?
Құшынаш болып кетпесек біздер жарады,
Көрінген жанға ішірткі жазып беретін.[1,98 бет]
Бұл – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Арнаулар» өлеңінен үзінді. Оқығанда жырдың жалыны өзегіңді өртеп, жүрегіңді шарпиды. Әлдеқандай «арнауларды» есіңізге аласыз да, ұяттың отына өртенесіз. Жүйке тамырларыңыздан ағып өткен жылы ағын көмейіңізге келіп қыстығады да, бар пенделігіңізді қайырып қойып, таза өлең туралы ойлануға жетелейтіні хақ! Бізді толғандырғаны – ақын поэзиясы хақында емес, шынайы өлеңдердің ордасына шырмауықтай тамыр тартқан арнау өлеңдер еді…[2,190 бет]
Жасыратын несі бар, күні кешегі Кеңес дәуірі қазақ өлеңінің көсегесін көгертумен қоса, аталмыш арнаулардың да «жұлдызын» жандырған «алтын дәуір» болды. Оған бола ешкімге де кінә артып, күстәналай алмайсыз. «Сананы заман билеген», өлең-жырдың өзі саясаттың қол шоқпарына айналған сүреңсіз мезгіл еді ол. Өлеңнің «біссіміләсі» «Ұлы көсемге», коммунизмге құлаш ұрған «салиқалы саясатқа» арнау жазудан басталатын. Ал онсыз ақынның қарығы ашылып, бағы жана қоймайтын. Анығын айтсақ, қайсыбір ақынның болмасын, өлең топтамаларының жарияланып, жарық көруінің басты кепілі – осы арнау жырлардың «көмегіне» кеп тірелетін-ді… Әрине, сол бір алмағайып күрделі кезеңнің өзінде, солақай саясаттың сойылын соқпай, ақындығын азаматтығы көтерген не бір жыр сүлейлерінің де өткені әмбеге аян. Сондықтан, бәріне бірдей қырын қарауға болмайтынын қаперге алғанымыз ләзім.
Сонымен, кешегі қылышынан қан тамған кеңес билігі біз секілді бодан елдердің мойнына осындай идеология қамытын жекті. Ақындарымыз «шындықты өткізу үшін, аздаған өтірік қосуға» шарасыз мойын ұсынды . Ал бүгінгі, өз қолы өз аузына жеткен егеменді елдің шайырларына не жорық? Халықтың әлеуметтік жай-күйін кейінге шегіндірген дағдарыс кезеңі, от ауызды ақындарымыздың да басым бөлігін қарын қамын күйттеуіне айдап соғып, жағымпаздық дерті әбден белең алып кеткендей. Қандай да бір газет-журналдарды парақтап отырсақ та, тіпті, өлең бәйгесі саналатын қайсыбір мүшәйраларды тамашалай қалсақ та, әлгіндей арнау жырлардың шоғыры алдыңызды орайды. Ал олардың авторларына келсек – кілең мүйізі қарағайдай аға-апаларымыздан бастап, орта буын өкілдері, ең берісі дегенде, таңдайынан әлі уыз дәмі кеппеген жас өскіндерге дейін мақтау-мадақтауға жанымен құныққандар!
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны
Иә, арнау өлең жазу дәстүрі әдебиетімізде әріден бастау алған. Бірақ оның да өз заңдылығы болған ғой. Мәселен, кешегі Бұқарлардың хан Абылайға айтқаны, қазіргі арнау жырлармен үш қайнаса да сорпасы қосылмайтыны анық. Халық санасынан риясыз орын алған қай ақынды алсақ та, олардың өлеңге деген өз адалдығы болды. Бір ғана мысал, М. Мақатаевтың «Әбділдәға» дейтін өлеңінің соңғы шумағы, міне, былай өріледі:
«Бой түзеп, босқа кетпей сауықпенен,
Боз қырау босағасын тауыпты өлең.
Жаман жыр жазғанымда ақ таяғың –
Арқамда ойнай ма деп қауіптенем…»
Ой көзімен байыптап қарасақ, өлеңнің өн бойында қандай бір жағымпаздықтың, болмаса, шашбауын көтерген әсіре мақтаудың нышаны байқалмайды. Керісінше, ағаға деген інілік ізет пен киелі өлеңге деген кірпияз тазалық менмұндалайды. Ал бүгінгі баз бір «арнаушыларымыздың» туындыларын Мұқаңның жоғарыдағы өлеңімен қатар қойып, талдаудың өзі ар көтермейді. Сонда бүгінгі нарық заманы, елдің мұңын мұңдайтын ақындарымыздың мәртебелі поэзияға деген адалдығына ауыз салған ба?! Қазақтың қай ақын-жазушысы Алматыда үйсіз-күйсіз жүрмеді дейсіз? Әйтсе де, мұндай тарығушылыққа иіні түсіп, жырға деген көңілі суымаған қайран Қасым ақын бұған былай деп жауап бермеп пе еді:
«Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаспын астанамды.
Өлеңнің отын жағып жылытармын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды!»
Ақын Абайдың «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы…» деген өлең жолын көңіліне медет тұтып, тепеңдейтіндер әлгі жырдың «сонда да солардың бар таңдамасы» деп өрнектелетін келесі жолын қаперіне алды ма екен шіркін! Хакім Абай айтып отырған «талас» тек өлеңге жылты бар, Тәңірдің айрықша рақымы түскен таланттылар арасындағы «өнер таласы» болса керек. Әсте көлденең көк аттылардың қанжығасында кететін «еріккеннің ермегі, щөлдегеннің шөлмегі» емес. Абай сол өлеңінде тағы былай деп толғанады:
«Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», - міне бұл ақынның өлеңге қояр талабы, талғамы сіпетті.
Өлең аспанынан жұлдыздай ағып өткен Төлеген Айбергенов:
«Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның…
Нақақтан күйіп баратса нұрлы күн үшін бір тұтқын,
Кес-кестеп барып кеудеңді оғына тосу мылтықтың.
Қалтырмау үшін ұятқа күнәсыз мынау дүниені,
Жамау ғып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың», – дейді. Жүрегіңізге салмақ салатын жыр жолдары, ақындық деп аталатын ұлы өнердің алыс жолын, ауыр жүгін аңғартатындай. Әттең, соның қадіріне қаншалықты жете алдық. Тағы да ойшыл Абай өлеңінің өңін аударып айтсақ, дәл қазіргі біздің қоғамда «тыңдаушы түзелгенімен сөз түзелмей тұрған сыңайлы».[3,140 бет]
М. Мақатаев тағы бірде өз күнделігіне былай деп жазады: «Бір кеңше отырып алып маған «Алтын адам» – күмәнді қазақ туралы поэма жаз деп ақыл айтады. Оның мүмкін еместігін айтып, жуырда жазған «Алтын адам» өлеңімді оқып бердім… «Алтын адамның» кім екенін анықта, маған түсіндіріп бер. Өзінің бүкіл алтыны алтын табытқа айналатынын, кейінгі ұрпаққа алтынның өзі ғана жететінін тірлігінде бұл алтынға оранған өлік ойлады ма екен? Поэзия журналистика емес, ал, ақын да дабыра туғызатын жағдайларға жүгіре беретін журналист емес. Алтынмен киіндіріп қойған қаңқа сүйек табылғаны үшін поэзия жазуға бола ма? Алтынға малынған адам туралы жазғанша, елсіз далада көмусіз қалған адамның бас сүйегі жайында қуана-қуана поэма жазар едім». Міне бұл «сөз қадірін бөз қадірінен артық көретін» дана халқымыздың «Әдебиетті ардың ісі» деп түсінетін ақын перезентінің жүрек сөзі.
P.S Қазақ ежелден сөздің
жүйесіне жығылып, киесіне
Арнау жырлары, өзінің атауынан
белгілі болып тұрғандай, шығарманың
белгілі бір объектіге
Француз халқындағы ХҮІ ғасырларда ерекше
көрініс тапқан одалар мен ХҮ ғасырдан
бастап өзінің жаңа даму сатысына көтерілген
жыраулар шығармаларындағы мақтаулар
тікелей байланысты болмағанымен, генетикалык
жағынан арнау өлеңдерінің әр елде өзіндік
көрініс беруі екені даусыз. Мұндай мадақтау
өлеңдері шығыс поэзиясында "қасыда"
түрінде көрініс берді. "Касыда" дегеніміз
- бірнеше бәйіт бір ұйқаспен жазылатын
өлең түрі, мақтау жыры. Бұл өлең түрі кезінде
Фердоуси, Науаи, Мактымқұлы, Низами және
т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды.
Ерте дәуір әдебиеті мен одан кейінгі
кез арнау өлендерін саралап қарастырсақ,
арнау өлеңі өзінің құрамына мадақ жырларын
да, аңсау түрінде жазылған өлеңдерді
де, сатиралық тұрғыдағы шығармаларды
да, ағартушылық тұрғыдағы ірі шығармаларды
да қамтығанын байқаймыз.
Ф.Брокгауза мен И.Ефрон құрастырған "Энциклопедиялық
сөздікте" арнау жанры "философиялық
толғаныстан бастап, сатиралық суреттеуге
дейін" кең ұғымдағы мағынаға ие екенін
айтады. Бұл арнау жанры өзінің таңдап
алған тақырыбы, арнаған адамына. табиғатқа
байланыстылығы жағынан сан алуан екендігін,
оның әртүрлі түрлерінің көптігін көрсетеді.
Бірақ бұл жерде "жанрдың ой түюі"
деген мәселе ұмытылмауға тиіс. Егер олай
жасамасақ кез-келген арнау сөзін арнау
жанрының объектісі ретіңде қарауға тура
келеді. "Жанрлық толғаныс" арнау
жанрыньң тарихи-әдеби процесс кезінің
әртүрлі сатысындағы жанр түріндегі көкейтестілігін
көрсетеді.Арнау жанры бұрын-соңды әдебиеттану
ғылымында негізінен дәстүрлі лкрика
жанрының бір түрі ретінде қарастырылып
келеді. Бірақ солай бола тұрса да ешкім
арнау жанрының "философиялық-теориялық,
дидактика-публицистикалық, махабаттық-достық-сатиралық"
табиғатын жоққа шығармайды. Ал арнау
жанрының табиғатының тақырыбының өзгеруіне
негізгі себеп әлеуметтік жағдай екенін
барлық зерттеушілер мойындайды. Бұл мойындау
ерте кезден бүгінгі күнге дейін арнау
жанры жеке объект ретінде сөз болғандығын
көрсетед.Арнау жанрының табиғатын анықтауда
А.Квятковский "монологтық поэзияның
ежелгі жанры" деген пікір айтады. Бірақ
бұл тұжырымд автор "Хат формасы"
түрінде түсіндірмек болуы жанр жоғалады
деген ұғымға алып келген. Арнау жырының
монологтық түрде өріс алуы түркі халықтары,
соның ішінде қазақ жыраулық поэзиясында
ерекше дамығанын орыс зерттеушілері
көрмейді, немесе көргісі келмейді. Бірақ
солай бола тұрса да М.Гаспаровтың "моральдық-философиялық"
немесе дидактикалық мазмұндағы арнауларды
бөле қарастыруы түркі халықтары поэзиясы
арқылы басқа халықтарға тараған арнау
жанрын мойындау секілді. Сондай-ақ М.Гаспаров
арнау жанрының осыған ұқсас баска жанрлармен
ара қатынасын: "По мере ослабления
формальных признаков грань между посланиями
и родственными жанрами стирались",
- деп түйіндейді. Бірақ арнау жанры туралы
айтылған ойлардың бәрі - бұл дәстүрлі
поэтикалық жанр екенін жоққа шығармайды.[4,101
бет]
Қазақ фольклористикасы мен әдебиеттану ғылымына тән арнау жанрын оның мазмұнына қарай жүйелеу Г.Н.Поспеловтің пікірімен үндестік табуы қай халықтың болсын рухани дүниесін жүйелеу ұлттық ерекшелікпен қатар, көркем шығарманың табиғатының ортақтығына қарап та бағаланатынын көрсетеді. Ғалымның айтуынша "шығарманың жанрлық ұқсастығын оның мазмұнының аясынан іздеу керек" - дейді. Сондықтан да оның пайымдауынша, "белгілі бір тұлғаға шығарманың бағытталуы тек сыртқы белгі ғана" дейді. Г.Н.Поспелов: "Послание - это мотивировка лирической медитации, начинаюшейся с обращения к тому или иному лицу. Это обычно лишь внешний вид для высказывания, сам по себе еще ничего не говорящий о том, с чем и для чего поэт к кому-то обращается. Такой прием мотивировки может быть применен в разных жанрах - в оде, элегии, романсе, лирической сатире, эпиграмме и т.д.".Шындығында да, бір объектіге сөз, поэтикалық дүние арнау сөз өнерінде кеңінен қолданылатын әдіс, бірақ ол поэзияның басқа ішкі заңдылықтарымен қосыла келе ерекше жанрлық қасиетке ие болады. Белгілі нәрсеге, адамға поэзиялық шығарма арнау бұл жанрдың алғашқы белгісі болса, оның мазмұны, құрылымы, өлеңдегі интонаииялық-стильдік берілісі, өлең ұйқасы арнау жанрының қазақ поэзиясындағы "мен" деген орнын көрсетеді. Бірақ поэзиялық шығарманың кімге, неге арналуы арнау өлеңдерінің мағыналық және құрылым туғызарлық негізгі компонентіне айналады.Сондықтан да болар арнау жанры туралы орыс ғалымдарының кезінде әртүрлі пікір айтуы. Мысалы, Л.В.Чернец арнауды жанрға емес "лириканың бір тегіне" жатқызуы, Оның пікірінше, арнаудың басты белгісі "ритмдік-тармақтық композиция". Бірақ бұл тұжырым рубаи, газел, сонет және т.б. келсе де, қазақ өлеңіндегі арнауларға келе бермейді. Ғалым А.Сейдімбеков өз зерттеуінде төрт шумақтан тұратын қара өлеңдердегі арнау тақырыбы, мазмұны басты мағынаға ие емес екенін айтқан еді.[5,90 бет]
Арнаудың жанрлық ерекшелігін
анықтау мәселесі бүгінгі күні де
фольклористер мен әдебиетшілер
үшін оңайға түсіп отырған жоқ. Қазіргі
кезде арнау өлеңдерінің жанрын анықтағанда
негізгі белгі ретінде оның ежелден келе
жатқан мінездемесі мен мотивіне, шығу
тегіне көңіл аударылып жүр. Мұнымен қатар
арнау өлендерін талдай отырып, оның әртүрлі
жанрлық түрлері де бар екенін айтып жүр.
Бірақ бұл ажырату да бір жақты. Себебі
шығу тегі, пафостық, проблемаларына қарап
жанрды ажыратсақ, зерттеушілеріміздің
өздері қарастырып жүрген әр заманның
өзіндік қозғаған мәселесін, әр кездің
тудырған жанрларын бір жерге жинап, қарастыра
алмас еді. Біз сөзіміздің басында арнаудың
синкретикалық ерекшелігін, яғни өзінің
даму кезеңінде өз бойына әртүрлі жанрлардын
белгілерін жинақтайтынын айттық. Бұл
арнау өлеңдері мен лириканың басқа түрлері
арасындағы жікті ажыратуға қиындық тудырады.
Қазақ поэзиясында арнау
өзінің өміршеңдігімен көрініп қана қоймай,
әр кезеңде өзіндік бет-бедерімен ерекшеленген.
Сондай-ақ әрбір кезеңде ол бейнелейтін
эстетикалық нысаны өзгеріп, соған байланысты
уакыттың көкейтесті мәселелерін көрсететін
мағынада өзгеріске түсіп отырған.
Бұл айтылғандардың барлығы
осы кезге дейін тарихи тұрғыда қалыптасқан
әдебиет шығармалары арнау теориялық
тұрғыда өз бағасын ешбір ел зерттеушілерінде
ала алмағандығын көрсетеді. Арнау өлеңдерінің
әдеби процестегі қызметі, оның басқа
жанрлардан өзіндік ерекшелігі деген
мәселе де әлі қарастырылған жоқ. Бұған
екінші тағы бір себеп лириканың, соның
ішінде халық лирикаларының да жанрлық
ерекшелігіне теориялық тұжырым жасалмағандығынан
ғой дейміз.Арнау өлендерінің жанрлық
ерекшелігін ашуға көмектесетін әдістің
бірі — оны тарихи-әдебиеттік негізде
зерттеу. Бұл тұрғыда кезінде Б.Томашевский,
Б.Эйхенбаум. Л.Гинзбург және т.б. істелген
еңбектері көңіл аударарлық.Бұл ғалымдар
арнаудың мазмұнымен қатар стильдік ерекшелігін,
генетикалық байланысын, тұрмыстық тақырыптан
келелі тақырыпқа көшу ерекшелігі секілді
мәселелерге көңіл аударады. Бұл тұжырымдар
кезінде жанрдың типологиясын зерттеуге
эстетикалық тұрғыда мүмкіндік беріп,
оның әдеби процестегі қызметін анықтайды.
Бұл тұрғыда қазақ ғалымдары да теориялық
тұрғыда еңбек етіп, А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев.
З.Қабдолов, З.Ахметов, М.Жолдасбеков (ежелгі
әдебиетіміздегі), М.Мырзахметов, Қ.Мәдібаева
(зар заманы дәуіріндегі), Т.Қожакеев (сатирадағы),
Б.Әбілқасымов (толғаулардағы), С.Медеубеков
(термедегі) арнау өлеңдерінің ерекшелігін
ашты. Бұрын-соңды айтылған пікірлерді
тиянақтай келе, арнау өлендерінің жанрлық
ерекшелігі неде дегенге тоқталсақ, арнауға
былайша анықтама беругеболады.[6,190бет]
Арнау - белгілі бір адресатқа
(жеке, немесе жиынтық ұғымда) арналған.
Ол өлең мәтінінің ішінде көрінетін, автордың
белгілі бір тақырыпқа өзінің объектісімен
сырласуы (философиялық, эстетикалық,
қоғамдық-саяси, өмірлік шығармашылық
тақырыптарға) түрінде пайда болған поэзия
түріндегі шығарма. Арнау адресаты тақырыпта
тура (эксплицитгі) немесе жанама (имплицитті)
түрде берілуі мүмкін. Екінші жағдайда
кімге бағытталуы шығарма мазмұнында
шақыру, өтініш, сұрақ түрінде көрінеді.
Бұл шығармаға диалогиялық рең беріп,
автордың ішкі толғанысын шығарма арналған
объектімен бөлісуіне мүмкіндік береді.
Шығарманың кез-келген поэтикалық шартында
бұл жанр автордың өмірінде пайда болған
ой-толғанысын, басқа да мәселелерін поэзия
түрінде жеткізуге мүмкіндік беріп, белгілі
бір нысананы өнер туындысының объектісіне
айналдырады.
Арнау жанр ретінде адресатпен диалог
құруға мүмкіндік беретін поэзия түрі
ретінде айқындалады. Бүл оның өзі тектес
жанрлардан өзгешелігін көрсететін типологиясы.
Себебі басқа жанрлар да белгілі бір объектіге
бағышталғанымен оның мақсаты басқа. Мысалы,
оданың мақсаты - мақтау.
Монологтың мақсаты - ой айту. Ал сатира
мен эпиграмма негізінен күлкі ете отырып,
объектімен диалогиялық қарым-қатынасқа
түспейді.
Арнау өлеңдерінің негізінде күні бұрын
белгілі рөлге ие болған адресатпен диалог
құру жатыр. Бұл жерде адресат дос, дұшпан,
ел, жер, табиғат және т.б. болуы мүмкін.
Адресеттың осындай әртүрлілігі авторға
толғанысын, ажуасын, көңіл-күйінің басқа
сәттерін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ал бұл дегеніміз - арнаудың толғау, терме,
өлең, сатира және т.б. жанрларды өзінің
икеміне қарай бұрып өзіндік жанр туғызу
мүмкіндігі деген сөз. Сондықтан да қай
жанр айтылмасын оның құрамында арнау
ұғымының бірге жүруі.
Арнаудың диалогиялық мүмкіндігі кең.
Жырау, ақын өзінің поэтикалық ойын білдіруге
жеке адаммен де, өз-өзімен де, жер, су,
табиғат құбылыстарымен де, тарих кезеңімен
де, қоғамдық өзгерістермен де кеңесе,
сөйлесе алады. Сондықтан да қазақ суырып
салма поэзиясындағы арнау өлеңдері өз
кезеңіне байланысты өзгеріп отырған
және замана сөзін айта білген. Осы тұрғыдан
келгенде арнаудағы адресат жиынтық тұлға
екенін де ұмытпағанымыз жөн. Ал бұл жиынтық
тұлға арнау жанрын туғызушы компоненттің
бірі болып саналады. Адресеттың әртүрлі
моделі арнау жанрының әртүрлі түрлерін
туғызады.
Арнауда шығарманың тақырыбы ретінде
көрінетін ситуациялық қарым-қатынас
бар. Бұл тақырыптың нақты формасын көрсететін
поэтикалық ойдың белгілі бір объектіге
мақсатты түрде бағышталатындығының белгісі.
Солай бола тұрса да арнауда эпикалық,
драмалық шығармалар секілді қарым-қатынастың
толық, мазмұны, ойды толық баяндау жоқ.
Арнау монологтық ой толғанысы іспетті.
Бірақ жәй монологтық ой емес, белгілі
объектімен (оның нақты, абстрактылы болуына
қарамастан) сырласу.Арнау — диалогтық
ой айту. Бірақ ол толық біткен, толық формадағы
диалог емес, соның детальдары. Бұл арнау
жанрының кез-келген сәтте жауап алуға
мүмкіндігі бар екенін де көрсетеді.Белгілі
объектімен қарым-қатынасқа түсу шарты
арнау жанрының негізгі белгісі ғана емес,
жанрлық форманы тудырушы компоненті
де. Ал бұл жанрдың құрылымын ұйымдастырушы
поэтикалық киімін киіндіруші десе де
болады. Арнаудың мазмұны үнемі адресатқа
бағышталып, оның қабылдауына лайықталады.
Бұл ретте М.М.Бахтиннің: "...всякое литературное
слово более или менее остро ощушает своего
слушателя и отрахает в себе его предвосхищаемые
возражения", — дейді. Шындығында да,
арнау өлеңдерінде тыңдаушыға шығарманы
бағыштау өте күшті де нақты. Сондықтан
да арнаудың құрылысында бірінші кезекте
арнау тақырыбы, содан соң басқа белгілер
көрінеді.Суырып салма поэзиясындағы
арнауда айтылу интонациясы да аз қызмет
атқармайды. Сондай-ақ арнаудағы сұрақ-жауап
конструкциясы, императив, полемикалық-риторикалық
фигуралар да жанрды құраушы компоненттер
қатарына жатады. Бірақ арнаудағы диалогиялық
бастама - арнау өлеңінің табиғатына терең
сіңген белгі. Бұл өз кезегінде арнаудың
стильдік ерекшелігін анықтайды. Тіпті,
арнауда нақты адресат айтылмаса да арнау
қуатты – диалогиялық мазмұнға ие болады
да ол өз бойына тек автордың ой-толғанысын
ғана емес, басқаның да ой-толғанысын жинайды.
Бұл арнаудың семантикалық толық қандылығын
көрсетеді. Сөз екі бағыттық мәнге ие болып,
автордың өз созі және адресат сөзі ретінде
көрінеді.
Арнау жанры - күрделі жанр.
Сондықтан да оның ерекшелігін ашуға
түрлі-түрлі жағынан келіп
Қасым Аманжоловтың «Абдолла» поэмасын,
Қадыр Мырза Әлінің «Данышпан» поэмасын,
Төлеген Айбергеновтің «Маңғыстау мұнаралары»,
«Правда» газеті туралы ой» сияқты өлеңдерін,
Мұқағали ақынның «Мавр», «Ильич», «Аппассионата»,
«Чили - шуағым менің» сияқты дастандарын,
«Әбділдаға» сияқты өлеңдерін, Жарасқанның
«Құлпытас» топтамасын, Несіпбектің қаһармандық
дастандарын, Есенғалидың Мұхамед-Салық
Бабажановқа арналған «Сары өзен» поэмасын,
Ғалым Жайлыбайдың Жаяу Мұса өмірін жырға
қосқан «Ақ сиса» поэмасын, Әбубәкір Қайранның
«Хан Кене» поэмасын, Маралтайдың кейінгі
туындысын арнау жанрына балап, поэзия
емес деп ешкім де айта алмас. Вердидің
«Аидасының» мәтіні де, әуені де тапсырыстан
туған, Суэц каналының іске қосылуының
салтанатына арналып жазылған. Нағыз дарын
нені толғаса да жүрек домнасынан өткізіп
жазады. Дей тұрсақ та, сенің сұрауыңның
да жаны бар - арнау жанрында бір қайнауы
кем түскен мысалдарды көбірек табуға
болады. Альбомдық деңгей деген бар. Жұмекен
Нәжімеденов ағамыздың: «Ұлы ақындар жазса
да, «өлең-итің» нашар болып тууға ұялмайды»
дегені сияқты. Ондайда Тайбурылдың да
қырық күндік кемдігі білініп қалады...[7.88
]
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналыбетп айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.
Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”).
Сұрай арнау — көпшілікке,
не жеке адамға арналып айтылады және
жауап күтіледі. Сұрай арнауда
кейде жауап беріледі, кейде жауап
меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады.
“Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа,
Мұншама ғып салғандай бұл
азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар
ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген аталарың бар ма еді?
Тамақ үшін сатқан иттер иманын”
(А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей
жанрлық түрге жіктегенмен, олардың
үндесіп кететін сәттері жиі
кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді
сұрай арнауға
Зарлай арнау — Арнау
өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық
басына түскен қиын кезең, немесе жеке
адамның басына түскен қиындық, тағдыр
тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі.
Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан
шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы
зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл
түрінің ерте дәуірде пайда болғанын
айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде
де зарлай арнау ерекше орын алады:
“Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран
жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын
шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау
өлеңнің сарай ақындарының
II тарау. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының арнау өлеңдері
Жалпы Махамбеттің
шығармалары көтеріліске
1837жылы Исатай, Махамбеттер
үш мыңдай қарулы қолмен келіп,
Бұрыннан тақсыр таппадың,
Бір мінезден саппадың,
Бөріні көрсе беттемес,
Қораңа көпек сақтадың.
Пайданы сонан көрем деп,
Көптен бері баптадың.
Көпектен көрдің не пайда,
Жамандыққы шалдырмас,
Бір сырттанды бақпадың:
Исатай ердің сырттаны
Күндердің күні болғанда,
Көпектің елін сол ертіп,
Көрдің бе, міне, шапқанын? -
дейді.
Бірақ мұнда мәселенің бір жағы, яғни ханның Исатайды әуелден-ақ жаратпайтыны ғана аңғарылады. Ал ханымға мәлім емес,Исатайды өз қолына қондыру жөніндегі Жәңгірдің екіжүзділікке негізделген зұлымдық саясаттары ханның өз сөзінен көрінеді. Фатимаға берген жауабында Жәңгір:
«Исатайды қадірлеп,
Еркіне қойып, бақсам да,
Жақпадым, сірә, соған-ақ,
Өзгені билеп алған соң,
Өзіме тиді жағалап, -
дейді.
Хан Исатайды «қадірлеп» те, «еркіне қойып»та көрген. Бірақ оны өзінің дегеніне көндіре алмаған. Әрине, олай болуы мүмкін емес еді. Өйткені Исатайдың өз баласына не Махамбетке жағдай туғызғанмен де,жалпы халық хан, сұлтан, би-шонжарлардың қанауында болды. Сондықтан да олар келісімге келе алмады. Соңына ерген қара халық үстем таптың езілуінде отырғанда,халықтың өз ішінен шыққан адал ұлдары езілуші елді тастап, жау жағына шығып кетуді өліммен тең көреді, ақырғы демдері біткенге шейін екеуі де халық туын жоғары көтеріп, ел ары, жұрт намысының жыртысын жыртты. Олардың ел аузында дәріптелуінің де, еңбекші халықтың алдында беделі үлкен болуының да негізгі себептері - осы өз бастары емес, көпшілік үшін күрескендерінде. Сондықтан да халық оларды тереңнен сүйіп,кезінде өнеге, келешек ұрпақтар үшін үлгі етті. [10,90 бет]
Махамбет ханмен сұлтандардың зұлымдық істері мен жауыздықтарын әшкерлей білген патриот, реалист ақын.
Өйткені ол тек шындықты сүйеді. Ақын Орда маңында болған кезінде Жәңгір ханға жауыздығын бетке айтады.
Хан емессің, Қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың!
Бұл өлеңінде ақын
«Хан емессің» деп елді
Он екі төбет, шұнақ хан,
Шабатының ел екен,
Күндейтінің мен екен,
Хан ұлына қас болу,[11, 202 бет]
Махамбеттің әш-кереленген жауларының бірі – Жайықтың сол жағалауын билеуші, Баймағанбет сұлтан еді. Көтерілісшілер жеңіліп, ақын жалғыз қалған соң, оның соңына Баймағанбет сұлтанның қол астына қарайтын қазіргі Батыс Қазақстан, Атырау облыстарын паналайды. Сұлтанның аңдуына түсетін кезі – осы тұс. Бірде Махамбет Баймағанбетпен бетпе-бет кездесіп қалады. Ақынның «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» дейтін өлеңі осы кезде туған.

- XIX. Россия в конце XIX — начале XX вв.
- XI Летние Олимпийские игры
- XVII век. Переход от сословно-представительной монархии к абсолютизму
- XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы
- XXI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуметтік мәселелері
- XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
- XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы
- Win&Win (KAP) "SF Premium". Закупка, транспортировка, продажа
- Word as a central nominative unit
- Word composition
- World Wide Web- Всемирная паутина
- World Wіde Web
- Wormholes or tunnels through space
- Www.wowanium.narod.ru