XXI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуметтік мәселелері

Кіріспе

     Жобалық жұмыстың тақырыбы «XXI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуметтік мәселелері». Бұл жобалық жұмыста тақырыпқа сәйкес білім беру жүйесінің жалпы ұғымы, мақсаты және де қазіргі кездегі туындаған өзекті мәселелері қарастырылған. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы да көрсетілген.

     Сонымен, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесі міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық– саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру»- деп көрсетіледі. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.

     Қазақстан  Республикасының 2011– 2020 жылға  дейінгі «Білім беруді дамыту  бағдарламасында»: «Бүгінгі білім  берудегі басты мақсат– тек  білім, біліктілік, дағдылар жүйесі  ғана емес, осы білімді өмірде  қолдана алу, өз бетімен білім  алу, өзгерістер заманында тиімді  өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын  дамыту» делініп, осы мақсат  негізінде сапалы білім беру  міндеті айтылады. Осы ретте білім  беру мекемелері жаңа білім  сапасына сай мемлекеттік сұраныс  пен тапсырысты орындауы талапқа  сай жүргізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Білім беру жүйесі, 12 жылдық білім беру
    1. Білім беру жүйесі және оның мақсаты

 

     Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

     Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негізделінуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарын қалыптас-тырады.

     Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация- лық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс– тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

     Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі- мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

     Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

     Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады

     Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

     Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

     Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

     Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

     Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

     Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.

     Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

 

    1. 12 жылдық білім жүйесі

 

     Қазақстан  Республикасының 12 жылдық білім  беру тұжырымдамасында педагог  кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін  қалыптастыру басты мақсат екендігін  атай келе, 12 жылдық білім беруде  педагог төмендегідей құзыреттіліктерді  игеруі міндетті деп көрсетілген.

  1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
  2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
  3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.

     Ендеше құзыреттілік  дегеніміздің өзін қазіргі заман  талабына сай педагог қауымының  өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі  деп түсінуге болады. Білім саясатындағы  түбегейлі өзгерістерді күнделікті  оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан  бастау қажет екендігі айқын  көрсетілген. Студенттер оқытушы  қауымнан тек білімге ғана  емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті  қажет етіп отыр. Демек, болашақ  педагогтеріміз осы ақпараттық  қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы:  жедел шешім қабылдаушы: ерекше  ұйымдастыру- шылық қабілетті:  нақты бағыт- бағдар беруші  болып шығуы - бұл қазіргі заманның  талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру  дегеніміздің өзі болашақ мұғалім  - қазіргі студенттердің шығармашылық  қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің  жоғары деңгейіне шығу, жаңаны  түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін  сезінуге үйрету арқылы ізденуге  бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін  нәтижелер болып табылмақ. Бұның  өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан  шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір  құзіреттіліктерді бойына сіңірген  жеке тұлғаны қалыптастыруды  талап етеді.

     Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

  • бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
  • мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
  • оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
  • коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
  • ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
  • әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
  • тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

     Аталған құзыреттілік  қасиеттерді тұлға бойына дарытуда  педагог қауымның арнайы әлеуметтік  білім беру құзыреттіліктерінің  жан- жақты болуы талап етіледі.Егер  педагог өзінің кәсіби өсу  жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты  берілу арқылы тұлғаның алған  білімін өмірде қолдана білетіндей  тапсырмалар жүйесін ұсына алатын  жағдайда болғанда ғана студент  құзыреттілігін қалыптастыруға  мүмкіндік табады. Бір сөзбен  айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер  жүйесі білім стандартына сай  тұлғаның жан- жақты дамуына  негізделген, алған білімін өмірдің  қандай бір жағдаяттарына қолдана  алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің  құзыреттілігіне байланысты болады.

2.  Жаһандану жағдайында білім беру жүйесінің даму мәселелері мен кәсіби деңгейдің дамуы.

2.1. Білім беру жүйесінің мәселелері

      Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір мен ғылым, оқушылар мен мұғалім еңбегі, сіз бен біздің қалай өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді мұғалімнен талап ететін уақыт. Осы мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда полимәдениетті, көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке араласуға дайын, қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге айналуда. Оған қоса оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелері де бар.

     Дегенмен, білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеп соғуда. Сол себепті мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды, олардың кәсіби компетенттілігі негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

     Компетенция-  жеке тұлғаның таным мен тәжірибе  арқылы жетіп меңгерген мәселелерінің  жиыны десек, «компетенттілік» - компетенцияға ие болу дегенді  білдіреді.Сонда білім беру саласындағы  компетенция - оқыту мақсаты,компеттенттілік-оқыту  нәтижесі деп қарастырамыз. Оқытудағы  «компетенттілік тәсіл» оқушыға  қойылатын мектептегі талап пен  өмірлік талаптарды ұштастыру.  «Түйінді компетенттілік» деп  адамның өмір сүруіне қажетті  және өзгермелі қоғамда кәсіби  қызметінде табысты болуына байланысты компетенттіліктерді айтады. Еуропалық кеңес түйінді компетенттіліктің 5 тобын ұсынады:

  1. саяси және әлеуметтік компетенттілік (жауапкершілікті өз мойнына алу, ортақ шешім қабылдауға қатысу, кикілжіңді реттей алуы)
  2. көп мәдениетті қоғамға қатысты компетентілік (мәдениеттердің ерекшеліктері айыру, түсіну, өзгелерге шыдамдылық,басқа мәдениет адамдарымен бірге өмір сүре алу)
  3. ауызша және жазбаша қарым – қатынас мәдениеті (бірнеше тіл білу)
  4. ақпараттық компетенттілік (жаңа технологияны меңгеру, түсіну, қолдану, артық кемін өлшеу БАҚ құралдары таратқан ақпарлар мен жануарлардың сыни тұрғыдан бағалау қабілеті)
  5. өзін - өзі жетілдіруді компеттентілік.

2.2. Білім беру социологиясы

 

 

     Білім беру  социологиясы дәстүрлі социологиялық  тақырыптардың бірі. Сонымен қатар  бұл тақырыптың ертеден бері  қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген  мәселелер өте көп. Білім берудің  социологиялық проблемаларымен  іс жүзінде социологиялық бағыттардың  барлық өкілдері айналысып жүр.  Сондықтан білім беру социологтарын  әр мектептің жеке ауқымында  қарастырған жөн болар. 
     Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайады. өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады.

     Социологиядағы  функционалистік дәстүрді айтарлықтай  дамытқан Т. Пар-

сонс болды. Парсонстың көзқарасы  басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді. 

Білім беру социологиясының  орталық проблемасы «интеллект коэффициенті»  деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым – абстракты  ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді. Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ағылшын социологы Дж.Дуглас 1940-1960 жылдар аралығында өте қызық, ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізген еді. Ұзақ уақыт ішінде ол бес мыңға жуық оқушыларды бақылайды. Дуглас оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топтарға бөліп, содан кейін оларды төрт әлеуметтік топтарға жатқызады.

     Әлеуметтік  әркелкіліктің моделін білім  беруде – мәдени депривация  теориясы деп атайды. Мәдени депривация  теориясының әр түрлі теорияларында  әлеуметтік субъективті мәдениеттер  білім алу саласында басқа  әлеуметтік-мәдени топтармен бәсекелесуге  мұрсат бермейді. Мәселе тек материалдық  жетіспеушілікте емес, сәбидің қоршаған  ортаның мәдени қырынан қарағандағы  кедейлігі. Депривация формасына  бүгін социологтар лингвистикалық  депривацияны, тіл қолданысына қатысты  мәселелердің жоқтығын жатқызады.  Мұнда білім беру жүйесінің  кейбір ұлт тілдерінде толық  жетілдірілмегеніне орай ұлттық  мектептердегі бітіргендер үшін  қолайсыз жағдай, лингвистикалық  депривация тудырып отыратындығын  атап өту керек.

     Мәдени депривация  теориясы білім беру жүйесінде  қалыптасқан әлеуметтік пргоблемаларын  түзету үшін практикалық бағдарламаларды  дүниеге әкелді. Біздің еліміздегі  мамандарға зәру болған кезеңде  ұлттық ұлттық мамандарды (мұғалім,  дәрігер, ғалым, инженер) әзірлеу  бағдарламалары тарихи қалыптасқан  мәдени депривацияны жоюға бағытталған  еді.

     Интеракционистердің  пікірінше, адам айналасын өзі  бақылап отырады. әлеуметтік шындық  интеракционистер үшін жеке адамдардың  әлеуметтік өзара әрекетінен  құралады деп айтылатындығы жайлы  біз бірінші теориялық бөлімде  атап кеткенбіз. Батыс социологтарының  бір бөлігі педагогтардың көпшілігі  «идеал оқушы» моделін, осындай  белгілі бір стандартта ұстанатындығын  атап өтеді. Оқушының мұндай  идеалды образы оқушының ең  жақын, өзіне сай қасиеттеріне  орай қалыптастырылады. Оқушының  осы идеалды образға жақындығы  немесе алшақтығы оның табысын  анықтайтын болады.

2.3. Кәсіби деңгейдің дауы және әлеуметтік-лингвистикалық жүйе

 

 

     Психологтер де, педагогтер  де адамның рухани интеллектуалдық,  кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі  дамытуы өмірінің әр кезеңінде  әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский  А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б  мұғалімдік еңбекті адамтану  ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу  өнері дей отырып, педагогикалық  шеберліктің дамуына зор үлес  қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда  педагогикалық шеберлік- кәсіби  әрекетті жоғары деңгейге көтеретін  мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

     Обьективті критерийлер.  Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты  сәйкес әлеуметтік тәжірибеге  қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары  еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді  шығармашылықпен шеше алу біліктері,  т.б жататындығын атап өтеді.

     Субьективті критерийлер.  Адамның мамандығы қаншалықты  оның табиғатына, қабілеттері мен  қызығушыларына сәйкес қаншалықты  ол өз ісінен қанағат табатындығымен  байланысты. Мұғалім еңбегіндегі  субьективті критерийлерге кәсіби  – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің  маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті  көзқарастың болуын жатқызады.

     Нәтижелі критерийлер.  Мұғалім өз ісіне қоғам талап  етіп отырған нәтижелерге қол  жеткізіп отыр ма деген мәселе  тұрғысынан қарастырады.Біреулер  нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің  стандартқа сай болуын алса, енді  біреулер олардың қарым- қабілетін  дамытуды алады, ал кейбіреулері  оқушылардың өмірге дайындығын  басты назарда ұстайды, ал оқыту  нәтижесі біз үшін баланың  психологиялық функцияларын жетіліп,  өзінің педагогикалық әрекеті  арқылы алған білімдерін өз  өмірлік мәселелерін шешуге қолдана  алуы.

     Шығармашылық критерийлер.  Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан  шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін,  еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл  мұғалім үшін біреудің тәжірибесін  қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға  ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың  болуының мәні зор. Кәсібиліктің  бірден келе салмайтындығы белгілі,  оны әр мұғалім ерте ме, кеш  пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның  кезеңдерін төмендегідей етіп  бөледі: мұғалімнің өз мамандығына  бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі  өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін  меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық  деңгейге жеткен кезең. Осылайша  ғалым кәсіби құзыреттіліктің  сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші-  мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген  мұғалімдердің жиынтық бейнесі  ретінде қарастырады.

     Ең бірінші кезекте  мұғалімнің «өзіндік жаңалығы»  болуы қажет. Ғылым жаңалығын  түрлендіруде өз үлесін қосу  арқылы жасаған нәтижелі жұмысы  өзгелердің тәжірибесін толық  көшірмей, жаңа ортаға икемдеп,  өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы  айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу  керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық  қызмет қандай мұғалімді талап  етеді. Мұғалім – оқушылардың  жеке тұлғасын дамытуға басымдық  беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени  жағдайларда еркін бағдарлай  алатын, шығармашылық процестерді  басқара алатын, адам туралы ғылымның  жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын,  компьютерлік оқыту өнерін терең  меңгерген жан- жақты дамыған  шығармашыл тұлғаны талап етеді.

     Ал, білім беруде кәсіби  құзырлы маман иесіне жеткен  деп мамандығы бойынша өз пәнін  жетік білетін, оқушының шығармашылығы  мен дарындылығының дамуына жағдай  жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік  бағыттылығы жоғары, педагогикалық  шеберлік пен өзінің іс- қимылын  жүйелілікпен атқаруға қабілетті,  оқытудың жаңа технологияларын  толық меңгерген және білімдік  мониторинг негізінде ақпараттарды  тауып, оларды таңдап сараптай  алатын, отандық және шетелдік  тәжірибелерді шығармашылықпен  қолдана білетін кәсіби маман  педагогті айтамыз.

Қазіргі Қазақстан қоғамында  әлеуметтік-лингвистикалық жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп жатыр. Адам өз бейімділігіне лайықты жұмыс  істегенде, барын сала кіріскенде ғана еңбегінің жемісін көреді. Ғалым  Қ.Жарықбаевтың айтуынша: “Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен  мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған  істен белгілі бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі  болып табылады”. Сондықтан ересектердің мемлекеттік қазақ тілін үйренуге бейімділіктері мен белсенділіктерін айқындау мәселесінің зор әлеуметтік мәні бар. Өйткені қоғамымыздың болашақ  даму деңгейі осы мәселенің қай  дәрежеде шешілуіне тікелей байланысты.

     Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдерісі жағдайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс. Ересек тіл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр. Адамдардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде ой-пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі орнын таба алады. «Тұлға - өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». Бұған қатысты Д.В.Ольшанский: “Тұлға дегеніміз – қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі”, - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: “Тұлға – тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда, белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің нысанасы”, - деген анықтама береді. Демек, ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңін басынан кешіріп отырған 120 ұлттан құралған тәуелсіз Қазақстан қоғамы да тіл үйренуші мемлекеттік қызметшілерге жан-жақты әсер етеді. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту үдерісіне тіл үйренушінің тұлғалық дербестігіне баса көңіл бөлу, оқыту мен тәрбиелеуде оның өзіндік дамуын жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл арқылы жүзеге асыру тән. Осыған байланысты қазіргі білім мен біліктілікті арттырудың дамуында жаңа тенденциялар байқалады. Негізгі күш тіл үйренушінің тілдік тұлғасын дамытуға, оның қалыптасуы мен жетілуіне жұмсалады. Қазақ тілін жеделдете оқытудың мақсаты - тілдік тұлғаның өзін дамытуы мен өзін жетілдіруіне мүмкіндік жасау. Оқытудағы бағдар материалдың құрылымы мен нақты жағдайларды логикалық тұрғыдан түсініп, талдау және өнімді қатысымдық әрекет нәтижесінде жаңа білім алудың тәсілдерін ашу, қоғам алдындағы нақты мәселелерді шеше білуге бағытталады. Қазіргі уақытта біліктілікті арттыру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуда жеке тұлғаның өмірі, құқығы мен бостандығы жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясы басшылыққа алынады, білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдары анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «білікті тұлға», «қатысымдық тұлға», «құзыретті тұлға» парадигмасы болып табылады.

     Әлемдік практикада өткен ғасырдың 40-жылдарында қолданысқа ене бастаған «үздіксіз білім беру» термині ересек адамдарға білім беру жүйесі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі өмірлік білім беру идеясының орнына өмір бойы білім алу идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр. Жеделдете оқыту жүйесі педагогикалық жүйелердің бөлігі бола отырып, адамның белгілі бір деңгейдегі еркіндік дәрежесін жүзеге асырады, яғни оны сол мезетте қажет болатын белгілі бір іс-әрекетке бағыттайды. Өз кезегінде жеке тұлға өз қатысымдық құзыреттілігін дамытуға ұмтыла отырып, тілдік тұлға деңгейіне көтеріледі. Өз бетімен білімін жетілдіру жеке тұлғаның барлық ішкі жүйелерін біртұтастыққа жұмылдыруға мәжбүр етіп, оған жаңа қырынан танылуға, құндылықтары мен қызығушылықтарын жаңадан бағыттауға және өзін жетілдіріп, қайта құрылуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі дамыту кезінде тілдік тұлға ұйымдастырудың жаңа деңгейіне көтеріледі де, ол одан сайын дамып, күрделілене түседі. Талап, ынта, жаңашыл бастамалар, шығармашылық белсенділік, ізденушілік - тілдік тұлғаның даму үдерісінің көрсеткіштері болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесінің ұстанымдары жеке тұлғаның жан-жақты жалпы мәдени дамуы, тұлғаның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік даму және т.б. функцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.

     Адамзат дамуының тарихи және әлеуметтік тәжірибесі дүниетаным, шығармашылық, терең білімділіктің негізі – тіл екендігін көрсетті. Тіл жеке тұлғаның даму ұстанымдарын, сенімін жүзеге асырады, дүниеге деген қайталанбас көзқарасын білдіреді, болып жатқан жағдайға әсерлену қабілеттілігін көрсетеді. Мемлекетіміз жүргізіп отырған тіл саясаты бойынша қоғамымыздағы әрбір азаматтың мемлекеттік қазақ тілін тегін үйренуіне толық құқығы бар. Бүгінгі тіл үйренуге мұқтаж ересек қауым мемлекеттік тілді меңгеру арқылы өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту мүмкіндіктерінің кеңейетініне толық көзі жетіп отыр. Сонымен қатар, өздері мекендеп отырған елдің, отандас болып отырған ұлттың тілін меңгеру арқылы қазақ топырағының, қазақ ұлтының алдында адамгершілік борыштарын ақтап шығатындарын сезінуде. Ерназарова бұған қатысты: “Оқытудың мазмұны тілді үйренушінің мақсатынан туындайды. Ал мақсат экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен қалыптасатын қоғам мүшесінің қажеттілігінен туындайды. Қажеттілік мазмұны тілді үйренушінің қарым-қатынас жасайтын ортасының әлеуметтік сипатына тәуелді болып келеді”, - деп жазады. Ал білім беру мазмұнында тілді оқытудың маңызы ерекше, адам тіл арқылы қоршаған ортаны таниды, басқалармен тілдік қарым-қатынасқа түседі, логикалық ойлау қабілеті дамиды, ақпараттар қабылдайды, өз ойын ауызша да жазбаша да жатық жеткізе алу мүмкіндігіне ие болады.

XXI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуметтік мәселелері