Ysteme wigindar esebi

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................4

 

1. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ.........................................................................5

 

2. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ......................10

 

3.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ................................................12

 

4.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУЖОЛДАРЫ……...............................................................................18

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     КІРІСПЕ

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыз Жолдауында ерекше атап өттi.

ҚР  бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының  басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.

Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.

Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және  өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қаржымен қамтамасыз ету, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындар құрылымының теориясын зерттей отырып шаруашылық субъектідегі үстеме шығындар есебін  талдау.

Курстық жұмыстың міндеті: 

- үстеме шығындар есебін талдау; үстеме шығындарды орналастыру қажеттілігі мен оларды бөлудің әдісін зерттеу, осы курстық жұмысты орындаудың басты міндеттеріне жатады.

 

 

 

1.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ

 

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастарымен байланысты шыңыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстар  екі топқа бөлінеді:

1.  Жалпы өндірістік шығыстар

2. Өндірістік жабдықтарды пайда-лану шығыстары

Жалпы өндірістік шығыстар:

Жалпы өндірістік персоналды ұстау шығыстары (еңбек ақы, іс-сапар шығыстары т.б.);

Өндірісті ұйымдастыру мен даярлау шығыстары;

Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы;

Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу;

Өндірісте пайдаланылған коммуналдық шығыстар;

Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарға төленетін жалгерлік ақы.

Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары:

Жанар-жағар майлардың құны;

Өндірістік құрал-жабдықтың амортизациясы;

Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;

Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;

Еңбекақыдан аударымдар;

Электр қуаты, бу мен судың құны;

Көмекші өндірістің қызметі;

Басқа да шығыстар.

 

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

кешендік сипаты –  шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады.

екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір буйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

 

Қатар р/с

Шығындар баптарының атауы

А. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша

1

Өндіріс жабдықтары мен көлік (танспорт) құралдарының амортизациясы

2

Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарын жөндеу жөніндегі шығындар

3

Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындар

4

Аспаптар мен ыңғайластырылған  құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу және қалпына келтіру 

5

Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстар

Б. Үстеме шығыстары

6

Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасз ету бойынша шығындары

7

Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударылатын аударымда қоса алғанда

8

Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің амотризациясы

9

Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды жөндеу бойынша шығындары

10

Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары

11

Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар

12

Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындар

13

Цехтар қызметкерлерінің еңбегңн қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын күтіп ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындарды; желдеткіш күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; санитарлық тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арналған шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы (нейтралиттеуші) құрылғыларға арналған шығындарды; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да шығындарды

14

Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)

15

Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындарды, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындарды; табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқада өнімсіз шығындарды


*Техника және т.б. ерекшеліктеріне қарап, үстеме шығындарына өзгерістер енгізлуі мүмкін.

 

Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады.;

тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;

өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады 

цех құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, қара металлургияда немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп ( пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) тартылады 

алдын-ала белгіленген  шығындардың тұрақты коэффиценттері бойынша таратылады;

басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т.б.)

8410 – «Үстеме шығындар» бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

8411 – «Үстеме шығындар» онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

8412 – «Материалдар»  - үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;

8413 – «Қызметкерлердің еңбегін еңбек ақы төлеу» - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен  айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақының есепке алуға арналған;

8410 – «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» - 8413-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке аударуға арналған;

8411–«Негізгі құралдардың жөндеу» - өндіріс қызметінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

8412–«Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» - өндіріс қызметінде пайдаланылатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

8413–«Тұрғын – үй қызметі» - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;

8414–«Жал ақысы» - өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

8415–«Басқа да» - әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді.  Төменде 8410- «Үстеме шығындар» бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспенденциясы келтірілген

 

 

р/с

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы, теңге

Шоттар корресп-сы

Дебет

Кредит

 

А.Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындарын есепке алу

     

1

Негізгі және көмекші цехтарының жалпы цехтық мұқтаждықтарына босаылған материалдар

1420000

8412

         1310

2

Цех қызметкерлерінің жалақысы есептелінді

300000

8413

3350

3

Еңбек ақыдан әлеуметтік салық есептелген (300000-(10%жиынтық зейнетақы қорынаміндетті жарнасы)х21%

56700

8414

3140

4

Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығыстарды есептен шығарылды

1206000

8415

3310

5

өндірістік ағылымдардағы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінеді

1129360

8416

2420

6

Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен қызметінің құнын есептеген шығарылды

232000

8417

3310

7

Негізгі құралдардың ағымдағы жалғаға берілген жалға ақысының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатысты

112000

8418

        3397,         

        1620

8

Сақтандырылған мүліктері бойынша сақтандыру төлемі есептелінеді

1780000

8419

3410

 

Жиыны

6236060

   
 

Б.Шығымдауды жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығу (8411)

     

9

Жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығарылды

материалдық шығындары

еңбек ақы шығындары

еңбек ақыдан аударылған аударымдары

жөндеуге кеткен шығындары

тұрғын үй қызметіне кеткен шығындар

жалға бойынша жасалған шығындары

сақтандыру бойынша есептелінген

   шығындары

 

1420000

300000

56700

1206000

129360

232000

112000

1780000

 

8411

8411

8411

8411

8411

8411

8411

8411

 

8412

8413

8414

8415

8416

8417

8418

8419

     10

Жиыны

6236060

   

     11

В.Үстеме шығыстарын тарату

     

10

Негізгі өндіріс

4098448

8310

8411

11

Көмекші өндіріс

2131635

8410

8411

12

Ақауды жөндеу бойынша кеткен шығындары

5977

8510

8411

       12

Жиыны

6236060

   



Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіпті-ұстау шығыстары 2775360 тенгеқұрған (оның ішінде жөндеуге -1206000 тенге, негізгі құралдың тозу орамасына 1129360 тенге, құрал-жабдықты күтіп – ұстауға, пайдаланған материалдар құнына – 440000 тенге шығындар жұмсалған).

Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды таратқан  кезде, оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзіндік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық (нормативтік) мөлшерлермен анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 тенге болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 7,5 тенге құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиесілі сомасы арқылы анықталған.

Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді: [5,214б]

Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны төрт өнім түрін шығарады делік:

теріден тігілген ерлер  аяқ киімі - 100 мың жұп айына;

теріден тігілген ерлер  туфлиі — 7 мың жұп айына;

жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың жұп айына;

үйде киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп айына.

Үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:

- алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстын деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеу машина /сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;

— содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.

Сметалық нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

Н=СР,

Мұнда,

Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;

С — құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;

Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/ сағатының саны.

Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын түзету коэффициентіне көбейту арқьшы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сағатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды:

- цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;

- құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;

- әрбір топ бойынша жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның жұмыс істеу мерзімі белгіленген, осыдан барып өндіріс құрал-жабдығының бір нормативтік сағатының сметалық мөлшерлемесі анықталады.

Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.

Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істелген машина сағатына пропорционалды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.

Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

Өндірістің үстеме шығындары (ӨҮШ) – бұл өндіріспен байланысты  әр түрлі шығындар жиынтығы, бірақ  әдетте,  дайын өнімнің  тікелей нақты түріне  апаруға болмайды.

Өндірістік үстеме шығындар келесі нышандар бойынша өнім

Өнімнің толық шығыны бір өлшем бірлігімен  анықталады.

Егер бағаның құрылуы  шығындардан негізделсе, онда енгізілмеген үсеме шығындар есебі  баға құрылымының  қателігін туғызуына әкеп соғады.

Қордың өзіндік құнын анықтау

ХҚЕС сәйкес «қайта жасап шығару мен өзге де шығындарды,  жеткізу мақсатында туындаған шығындарды, оның ағымдағы ахуалына және орналасқан жеріне кететін шығындаржәне басқа да шығындар  қордың өзіндік құнына енуі тиіс»

Үстеме шығындарды  орналастыру мөлшері.

ӨҮШ орналастыру базасы.

Үстеме шығындарды орналастыру, базаны таңдау арқылы жүзеге асатын жағдай, жалпы өнім үшін өндіруші компания немесе қызмет көрсету үшін өзінің клиенттеріне бере алады.

Бөлу базасы ретінде өндірістік бөлімшелердің үстеме шығыстарына барынша сәйкес келетін факторлар таңдап алынуы керек,  база ретінде жиі мыналар алынады:

- Өндірістік жұмысшылармен өткізілген уақыт;

- Жабдықпен өткізілген уақыт;

- Еңбек шығындары;

 Өнімнің өндірістік бірлігі.

 ӨҮШ  бөлу  ставкасы = _ӨҮШ______

     Базаның мәні

2) Үстеме шығындарды  бөлудің  біртұтас (жалпы зауыттық) және бөлек (цехтік) ставкалары

ӨҮШ бөлудің  біртұтас ставкасы бүтіндей  кәсіпорын үшін қолданылады.  Мысалы,  белгілі кезеңде  үстеме шығындар  100 000 ш.б. құраса,  негізгі еңбектің 50 000 сағаты  жасалған, онда үстеме шығындарды бөлу ставкасы 100 000 ш.б./50 000  еңбек сағаты =  2 ш.б./ еңбек сағ.  Осы ставка  бойынша үстеме шығындар   барлық өнімге жатқызылады.  Мысалы,  өнімді   жасау  негізгі еңбектің 18 сағатын  талап етті, онда  өнімге үстеме шығынның 36 ш.б. жатқызылады (18 сағат * 2 ш.б./ еңбек сағат)

 Егер өндіріс бірнеше бөлімшелерді қамтитын болса,  онда  ӨҮШ бөлудің бөлек ставкаларын қолдану мақсатқа сай болады.

 

 

 

 

А бөлімше

Б бөлімше

В бөлімше

Барлығы

Үстеме шығындар, ш.б.

10 000

60 000

30 000

100 000

Еңбек- сағаттар

25 000

15 000

10 000

50 000

Еңбек сағатқа ӨҮШ ставкасы

0,4

4

3

2


 

Мысалы,  өнімді өндіру  А бөлімшеде  негізгі еңбектің 10 сағатын,  Б бөлімшеде 5 сағат,  В бөлімшеде 3 сағатты талап етті.  Онда өнімге үстеме шығын  33 ш.б. сомасында  жатқызылады ( 10 сағат* 0,4 ш.б./ еңбек сағат + 5 сағат * 4 ш.б./еңбек сағат + 3 сағат * 3 ш.б./ еңбек сағат).

3)  үстеме шығындарды бөлудің жоспарлы ставкасын қолдану

 Үстеме шығындарды бөлу іс жүзіндегі мәнінің негізінде ставкаларды есептеу жиі бірқатар проблемалар тудырады:

-  тапсырыстардың өзіндік құнын есептеу  есептік кезең  аяқталғанға дейін кейінге қалдырылуы керек, себебі үстеме шығындар мен  өндірістің көлемі ертерек есептеу мүмкін емес.

-  үстеме шығындар сияқты,  өндірістік қызмет  айдан айға өзгереді,  ол  үстеме шығындарды бөлу ставкасының өзгеруіне алып келеді.

ӨҮШ бөлудің жоспарлы ставкасын есептеу мынадай қадамдарды қосады:

Үстеме шығындардың жобаланатын өлшемін есептеу.

Үстеме шығындарды  бөлу базасын таңдау.

Үстеме шығындардың алдағы кезеңге  жобаланатын мөлшерін    жобаланатын базаның сандық мәніне  бөлу.

Үстеме шығындарды  осы ставканы қолданумен өнімнің әрбір түріне жатқызу. [6, 152б]

Жоспарлық ставкаларды  есептеу үшін  қолданылатын  жобалық деректер тәжірибеде іс жүзіндегі деректермен  сәйкес келмейді.  Осы жағдайда  өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын  үстеме шығындар  үстеме шығынның  нақты  сомасынан  өзгеше  болады,  ол өз кезегінде   үстеме шығындарды  толық   бөлмеуге немесе үстеме шығындарды  артық бөлуге алып келеді:

 Толық бөлінбеген немесе   артығымен бөлінген үстеме шығындарды сызып тастау  екі  тәсілмен жүргізіледі:

Түзету сомасын  «сатылған өнімнің өзіндік құны»  шотына жатқызылады.

Түзету сомасын «аяқталмаған өндіріс», «Дайын өнім», «сатылған өнімнің өзіндік құны» атты үш шот сальдосына тең бөлінеді.

 

3.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

 

Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінін көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:

- өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;

- өндіріс жұмысшыларының  еңбекақысына   пропорциональды;

- тікелей материалдар  шығыстарына пропорционалды:

- цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген;

- цехтың өзіндік құнына пропорционалды;

- белігіленген шығындарды таратудың тұрақты коээфиценті бойынша;

- басқа да тарату базалары бойынша.

Үстеме шығыстарды тарату базасы халықаралық және отандық тәжірибеде шығын тасмалдаушылар деп аталады.

Шығын тасымалдаушылар – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар  үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында таратуға бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:

Өндірілген өнім көлемі

Жұмыс – сағат

Машина – сағат

Материалдық шығындар

Еңбек шығындары

Кәсіпорында қалыптасқан шығындардың нақты деректері негізінде

шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату ставкалары анықталады. Бұл ставка таратуға негізделген шығындардың  жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған факторға бөлу арқылы анықталады.

Үстеме шығыстарды тарату ставкаларын есептеудің бірнеше әдістері бар:

1. Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы.

2. Цехтық (жекелеген) ставкалар

3. Нормативтік ставкалар

Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы.

Мысал:  Үстеме шығыстардың жалпы сомасы - 16 350,0 мың тенге,  тарату базасы ретінде негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс-сағаты алынған – 550 000 сағ.

Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы =  16 350 000 : 550 000 = 29,73 тенге бір жұмыс-сағатқа.

1 бірлікті  өндіруге қажет уақыт  30 сағат.

1 бірліктің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар = 29,73×30 = 891,9 тг.

Дебет   8114

Кредит   8410

Сома      891,9

 

     ЦЕХТЫҚ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ

Цехтық тарату ставкасы = Цехтық ҮШ сомасы : Цехтық тарату базасы.

Мысал:

 

 

 

Көрсеткіштер

№1Жабдықтық цех

№2 Жабдықтық цех

Құрастыру цехі

Барлығы

Үстеме шығыстар (мың тенге)

6 823,8

5 665,1

3 861,1

16 350,0

Істеген жұмыс уақыты (сағ)

200 000

150 000

200 000

550 000

ҮШ Цехтық ставкасы

34,12

37,77

19,31

29,73


 

1 өнім бірлігін өндіруге 30 сағат қажет, соның ішінде:  №1 цехта – 10 сағ., №2 цехта – 15 сағ., құрастыру цехында – 5 сағ.

1 өнім бірлігінің өзіндік құнына енгізілетін ҮШ сомасы:

№1 цех –                 34,12 × 10 сағ = 341,20 тг

№2 цех –                 37,77 × 15 сағ = 566,55 тг

құрастыру цехында – 19,31 ×   5 сағ =  96,55 тг

Барлық ҮШ сомасы  = 1 004,30 тг.

Дебет   8114 – 1 004,3

Кредит 8410 – 1 004,3

 

Үстеме шығыстардың нормативтік тарату ставкасы

Үстеме шығыстардың жалпы нормативтік тарату ставкасы= ҮШ нормативтік жалпы сомасы : Нормативтік жалпы тарату базасы

ҮШ нормативтік  цехтық тарату базасы = ҮШ нормативтік цехтық  сомасы: Нормативтік цехтық тарату  базасы.

1 Мысал. Кәсіпорының нормативтік көрсеткіштері:

- Жылдық нормативтік үстеме шығыстар  - 400 000 тг.,

- Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі  -  200 000 сағат

негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты

ҮШ нормативтік ставкасы =400 000 : 200 000 = 2 тг/1 сағат жұмысқа.

Нақты деректер:

Үстеме шығыстар - 400 000 тг.,

Нақты жылдық өндіріс көлемі - 180 000 сағат негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты.

Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ = 2 × 180 000 = 360 000 тг.

Таратылмай қалған ҮШ сомасы =  400 000 – 360 000 = 40 000 тг.

Үстеме шығыстарды нормативтік тарату ставкасы бойынша есептен шығару

Үстеме шығыстардың нақты сомасы таратылған сомадан артық

Дебет  8114 – 360 000

Дебет  7010 –   40 000

Кредит  8410 – 400 000

2 Мысал

-Жылдық нормативтік үстеме шығыстар  - 400 000 тг.,

- Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі  -  200 000 сағат

негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты

ҮШ нормативтік ставкасы =

400 000 : 200 000 = 2 тг/1 сағат жұмысқа.

Нақты деректер:

 

     -    Үстеме шығыстар - 380 000 тг.,

Нақты жылдық өндіріс көлемі - 200 000 сағат негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты.

Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ =2 × 200 000 = 400 000 тг

Артық таратылған үстеме шығыстар сомасы = 380 000 – 400 000 = - 20 000 тг.

Әр түрлі тарату базасын пайдалана отырып ҮШ тарату ставкаларын есептеу

Келесі есепті мерзімнің деректері:

- Үстеме шығыстар (тенге) – 400 000,

- Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы (тенге) – 420 000,

- Негізгі материалдар шығыны (тенге) – 200 000,

- Өнім өндіру көлемі (бірлік) -10 000

Компанияда  өнімді өндірумен  тікелей байланысты өндірістік бөлімшелермен қатар, өндірістік  бөлімшелерге секілді бір-біріне қызмет көрсететін  қызмет көрсеткіш бөлімшелер орын алады. [7,172б]

Негізгі өндіріске қымет көрсету бөлімшелерінің шығындарын бөлу кең  тараған әдістері тікелей әдіс болып табылады.  Осы әдіске сәйкес  қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстары  тікелей өндірістік  бөлімшелерге жатқызылады. Мысалы,

 

Бөлімшелер

Қызмет көрсетуші

Өндірістік

Көмекші цех

Машина цехы

Материалдық-техникалық жабдықтау

Жинау  цехы


 

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстарын  бөлу үшін бастапқы ақпарат

 

 

Қызмет көрсетуші бөлімше

Өндірістік бөлімше

 

Көмекші цех

Материалдық

техникалық жабдықтау

Машина цехы

Жинау  цехы

Барлығы

Бөлуге дейінгі жоспарлы ӨҮШ,

Қызмет көрсету,

Көмекші цех

600  000

116 000

400 000

200 000

1 316 000

Пайыздық қаты-наста жоспарлы еңбек сағаттары

 

1 600

20 %

2 400

30%

4 000

50 %

8 000

100 %

Материалдық  техникалық жабдықтау

Пайыздық қатынаста жоспарлы еңбек сағаттары

200

   10 %

 

1 600

80 %

200

10 %

2 000

100 %


Қызмет көрсететін  бөлімшелердің шығыстарын бөлудің тікелей әдісі

 

 

 

Қызмет көрсетуші бөлімше

Өндірістік бөлімше

 

Көмекші цех

Материалтехникал-ық жаб-дықтау

Машина цехы

Жинау  цехы

Барлығы

Бөлуге дейінгі жоспарлы ӨҮШ, ш.б.

600  000

116 000

400 000

200 000

1 316 000

Көмекші цехтің  шығыстарын

бөлу, ш.б.

(600 000)

 

225 000

37,5 %

375 000

62,5 %

100, 0

Материалдық-техникалық жабдықтау  бөлімшесінің шығыстарын бөлу

 

(116 000)

103 111

12 889

 

Жоспарлық шығыстардың барлығы, ш.б.

0

0

728 111

587 889

1 316000


 

2400/ (2400+4000) = 0, 375

(37,5 %)

4000/ (2400+4000)= 0,625

(62,5 %)

 

1600/(1600+200) = 0,889

(88,9 %)

200/(1600+200)= 0,111

(11,1%)

 

Қызмет көрсетуші бөлімшенің шығыстан бөлудің баламалық әдісі

 

«Орта-Батыс  Өндірістері» компаниясының  барлық  өндірістік бөлімшелерге қызмет көрсететін  Чикагтық электр станциясы,    алдағы жылға энергия өндірудің бюджетін қарастыруда.  Бюджет мынадай терминдерде  айлық негізде көрініс тапты:

 

Өндірістік бөлімше

Тәжірибелі өндірістік қуат кезінде қажет

Айда күтілетін орташа тұтыну

Рекфорд

10 000 квт/сағ

8 000 квт/сағ

Пеория

20 000

9 000

Хаммонд

12 000

7 000

Канкаки

8 000

6 000

Барлығы

50 000 квт/сағ

30 000 квт/сағ


 

Осы фактор  электр станцияның  мөлшерін жоспарлау кезінде барынша маңызды болды. [8,37б]

 Бюджеттік жыл ішінде  электр станцияға қызмет көрсетуге күтілетін айлық шығыстар 15 000 ш.б.;  ауыспалы 6 000 ш.б. және тұрақты шығыстар – 9000 ш.б. құрайды. 

 

4. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Шаруашылықтың өндірістік үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды.

Шаруашылықта үстеме шығындарды өндіріс бойынша есепке алып, содан кейін оны шикізаттың түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығындар шығын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлудің қажеттілігі жойылады. [9,26б]

Үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:

-үстеме шығындарды жауапкершілік орталықтары мен өндірістер бойынша нақты жауапты тұлғаны көрсете отырып ұйымдастыру, бұл үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің дәлдігін қамтамсыз етіп, осы шығындарды төмендету жолдарын анықтауға ықпал етеді;

-құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарын өндіріс кезеңдері арасында құралдың атқарған уақыт санына тепе-тең таратқан орынды;

-өндіріс орындарының тозуы мен ағымдағы жөндеу шығындарын тікелей жолмен қосқан дұрыс;

-еңбекақы шығындарын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына тепе-тең бөлу керек;

-қалған шығын баптарын өнімнің жекелеген түрлерінің салмағына бара-бар бөлген дұрыс.

Өндірістік өнім шаруашылығында үстеме шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру осы шығындар сметасының сақталынуын қадағалауға, өндірістік емес шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Шаруашылықтың үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды. Өйткені құрал-жабдықтарды пайдалану және күтіп ұстау шығындары негізінен құрал-жабдықсыз өндіріс үрдісін жүргізу мүмкін болмағандықтан өндіріске тікелей қатысады. Сондықтан оны тікелей шығындар қатарына жатқызуға болады. Алайда оларды өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізілмейді. Өйткені «бір өнімнен артық өнім (жұмыс, қызмет) шығаруға қатысатын құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары үстеме шығындардың құрамында есепке алынуы тиіс».

Ysteme wigindar esebi