Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы

                                                       КІРІСПЕ

 

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын – 
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді – 
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық – 
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады.Себебі, қонақ 
үй туристер үшін сапалы қызмет көрсетеді, оларға барлық жағдайды 
жасайды.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардыңзерттеулерінің талдауына, сондай – ақ мемлекттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекетінің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.

Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы уақытша 
өз үйі.Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болу шарт.Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін қалыптастыру керек.

Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарастыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады. 
           Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.

Адамзаттың өміріндегі барлық әлеуметтік әрекеттері сияқты, туризмде тарихи кезеңдерде ақырын, бірақ тұрақты түрде дамып келеді. Қазіргі күнде  өркеніеттің айрылмас бөлігі ретіндегі туризм, экономикалық әлеуметтік, мәдени, техникалық, заң және саясат қызметтері арқылы халықаралық деңгейде ең үлкен және ең маңызды белсенділіктердің бірі.Казіргі күнде туризм әлемнің ең үлкен индустрия, молшылық және қызметкері бар ең үлкен жұмыс беруші ретінде танылып жүр.

Дем алу , көңіл көтеру және даму ерекшеліктерінің бір араға жинақталуынан пайда болған туризм, рекреацияның бір бағытын және маңызды бір саласын тудырады. Туризм, демалу , көңіл көтеру мақсатында, бос уақытты тиімді пайдалану қажеттілігінен туындайды. Кең көлемдегі экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы бар туризм, рекреациямен бірігіп, мазмұнға ие болуда. Расында туризмнің ілгерілеуі мен өмір сүру деңгейінің жоғарлауымен қатар, алдымен бос уақыттардың  көбеюімен тығыз байланысты  болып көрінеді. (Чубук 1984) рекреация, адамның  жұмыс уақытынан тыс  қалатын бос уақыттарындағы белсенділікпен тікелей байланысты.  Бұл іс-әрекеттер дем алу, мәдени, спорттық, қауымдық, туристтік және өнер саласындағы мақсаты бар, және мейлінше көп түрдегі белсенділіктерден тұрады.(Қараташ 1992).

       Спорт-рекреацияның  ең ауқымды, ең көп түрге бөлінетін , ең қызығарлық салаларының бірі. Спорт пен рекреация бірін-бірі  толықтырып отырады. Спорт адамдардың  рекреативтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде маңызды бір алаң ретінде қарастырылса, рекреация оның қоғамда кеңінен таралуы, танылуы және спорттың жетістіктерге жетуінде маңызды роль ойнайды.

        Анимация болса, туризм кәсіпкерлігі тарапынан  ұйымдастырылып туристтерге ұсынылатын туристтік бос уақыттарды тиімді  пайдалану іс-шаралары. Анимациялық қызметтердің туристтердің демалыс уақытына тікелей әсер етуі  жасалған кейбір зерттеулер нәтижесінде белгілі болды. Жергілікті мәдениетті , тағамдары мен ауасын тұтынушыларға ұсына алған мекемелер, фольклорлық көңіл көтеру және жергілікті ортаның арқасында сатуды дамыту және  қызмет нарығында пайдалы әрекеттер жасауда.

   Адам қажеттіліктері уақыт өте келе бұрынғы қажеттіліктерінің жоғары деңгейде орындалуынан міндетті әдетке айнала бастайды.Осы себептен адамдар туристік сапарларынан өзгешеліктер мен қызықты оқиғаларды күтеді,жаңа  дүниелерді көргісі келеді,стресс пен күйзелістерінен айырылғысы келеді.Қонақ демалыс уақыты барысында  өз қажеттіліктерінің орындалуын,өзі жоспарлағанындай өткенін қалайды.Егер де қонақ үй қызметкерлері сұраныстарды мүлтіксіз орындайтын болса,бұл келген қонақ үшін де қонақ үй үшін де тиімді.Қонақ ойындағы демалысын жүзеге асырады,ал қонақ үй осы қонақтың жыл сайын қайта келуі мүмкіндігіне ие болады.Бұл ұйымның алға қойған ең басты мақсаттарының бірі.Қонақ әрдайым жоғары деңгейдегі қызмет түрлерін қолданған болса,жыл сайын ол демалысының ең жоғары дәрежеде өтуін қалап,әдетке айналдырады.

Қонақтардың қонақ үйде қызықты уақыт өткізулеріне үлесін қосатын, қонақ  үйдің имиджіне әсер ететін және басты роль ойнайтын бөлімдердің бірі- анимация бөлімі.

Туристердің қызықты демалыс күндерін өткізуге жағдай жасайтын анимация бөлімін ,қонақтың қонақ үйде қалу уақытын ұзартуы ,тамақтану бөліміне және тағы да басқа  бөлімдерге пайда әкелетін табыстың қайнар көзі деуге әбден болады.Сол себептен біз өз мемлекетімізге табыс түсіру үшін анимациялық қызметтердің түрлерін қонақ үй шаруашылығында қолдануға,енгізуге және дамытуға міндеттіміз.

     Туризм секторында кеңінен қолданылатын анимациялық бағдарламаның басты мақсаты қолда бар мүмкіншіліктерді жіберіп алмау арқылы пайда түсіру блғандықтан, анимациялық бағдарламаларға үлкен күшті қажет ететін алдын-ала дайындық жұмыстары өткізілуі тиіс.Себебі кез келген қонақ үй үшін анимация бөлімі үлкен табыс көзі саналады.

Дипломдық жұмысымның мақсаты-қонақ үй шаруашылығындағы анимация бөлімінің  маңызын көрсету.

Дипломдық жұмыс 9 кесте, кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан  және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы қонақ үй шаруашылығына  сипаттама берілген.

Екінші бөлімінде анимация бөлімінің ұсынатын қызметтері мен туризмде алатын орны  туралы қарастырылған.

Ал үшінші бөлімде аниматор мамандығының қаншалықты қажет екендігі туралы және Түркия мемлекетіндегі Анталия қаласының Кемер өлкесіндегісіндегі туристерден алынған мәліметтерге анализ жасалынған.

Мен осы дипломдық жұмысымда анимацияның маңыздылығын,шығу тарихын,басқа бөлімдермен байланысын;екінші жағынан анимация ұйымдастыруды,персоналдардың ерекшеліктері мен міндеттерін және анимацияда көңіл аударылуы тиіс жайларды негізге ала отырып анализ жасадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1.ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

1.1 Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы

 

Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін, туристік рекреациялық көптген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциялды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемлекеттердегі туристік индустрияның салалары халық аралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады. 

Дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр. 

Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің сферасы – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақытты тура белгіленсе онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта- қайта келу тілегін тудыру керек.

Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады. 

Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) БЭД 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған. 

Ежелгі Греция, Ертетегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, саяхатшыларға арналған ертедегі конақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т.б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен. Сол замандағы негізгі көлік ретінде аттарды пайдалану, ат қоршаулары мен тұрақтар болуымен қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға арналған бұл кешендерге әжептәуір өзгерістер енгізілген. Қосымша театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, кұлдары мен кызметшілері келген қонақтарға кызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғарғы сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшелінген.

Қонақ үй - қала мен ауыл қысқа мерзімге келген жолаушылардың уақытша тұруына, жолшыбай түнеуіне арналған жай. Қонақ үй отырықшы қалалы елдердің бәрінде ерте кезден болған. Әсіресе сауда жолы бойындағы базарлы қалаларда көп болды. Оны қазақтар керуен сарайлар, қонақ жай, мейрамхана деп атады. Ертеде саудамен, діни мақсатпен жолға шыққан жолаушылар үшін жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік байлап жемдейтін қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан мол төлем алып тұрды. Сонымен қонақ үй шаруашылығы ертеден пайда болғанына күмәніміз жоқ. Осындай мысалдармен бірге айта кететін бір жай бар. Бізге белгілі болғандай адам баласының бойында қыдыру, көру, сезу, тану сияқты үлкен жан сезімдер, алдына қойған мақсаттар арқылы саяхат жасау ниеті пайда болды. Біздің эрамызға дейін 4000 жыл бұрын Египет халқы Сүмерлер дөңгелекті ойлап тапты, сонымен біршама жолдарды өту кезінде уақыт ұтты. Сонымен қатар біздің эрамызға дейінгі 200-ші жылдары жолаушылар үшін хандықтар және таверналар пайда болды. Біздің эрамызға дейінгі 700- ші жылдары антик гректердің олимпияда ойындары спорт туризмінің дамуында тарихи жағдай болып есептелді. 

Сауда қатынасын жандандырған Ұлы Жібек Жолы бойында бекеттер және тамақтану орындары қалыптасты. Америка континентінің халықтарының дүние жүзін аралау ниетінің әсерінен көптеген саяхаттар жасалды. 

Жоғарыда айтып кеткендей Ұлы Жібек жолын қонақ үй шаруашылығының даму ордасы деп тұжырдасақта болады деп есептеймін. Ұлы Жібек жолы кейбір мәліметтерге көз салсақ , 7-12 мың км деседі . Бірақ осы Ұлы Жібек жолының барлығын басып өткен саудагер жоқ екендігін айқындайды. Негізінде саудагерлер тездетіп өздерінің тауарларын айырбастап , сатуға икемденген. Әрине олар мұндай әрекеттерден пайда көріп отырған және уақыт ұтқан. Осы аталған ұлы жолымыз, әр-түрлі жолдар жүйесін құраған. Сонымен қатар Шығыс пен Батысты яғни әлемдік цивилизация Рим империясымен Хан империясын біріктірген. Мұндай жол қатынасы тек әлемдік цивилизация емес, сауда қатынасы, мәдени шаралардың жасалып даму жолында маңызы зор. 

Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетінің даму тарихы мен тұспа түс келеді. Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі империялардың құлауы. Жібек жолы бойындағы калалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне тоқырау алып келсе. 

XVII-ХІХ ғасырдағы өндірістік револяюция, су жолының дамуы дүниежүзілік конақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. XX ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап 20 ғасырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей. 

Б. Э. дейінгі II—I мыңжылдык аралығында Ассирия кезінде керуен сарайлар мен алғашкы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды. Осы уакытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, Крит аралдарында да керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі Б. Э. дейінгі I мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қальштасқан; жекеменшік аулалар (кататоталар), мемлекет құзырындағы аулалар (пандокен), ұйықтайтын белмелері бар таверналар (тамақ ілетін орындар). 

Б.Э. дейінгі VІ-ғасырдағы — б. эрамыздың І-ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жатын үйлер мен таверналар салынған. Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен катар, мемлекеттік шенеуніктер, саудагерлер, кезбелер, т.б. болып Рим империасындағы пошта байланысының қальптасуына байланысты мемлекеттік заңға байланысты 70-100 шақырым ат шабыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды. Рим империясының күйреуі заманында жоғарыдағы пайда болған кешендер бұзылып қирауға ұшырады. 

Орта ғасыр (V-VIII ғ.) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды. Европалық монастырларда арнайы қонақ жайлық орындар пайда болды. Бұл кешендердін бірінші қабатында ас ішетін орын және аткора, шаруашылық, қызметшілерге арналган бөлмелермен жабдықталса, ол жоғарғы қабатында жататын бөлмелер төбесі жабық арнайы театрлық көріністерге арналған орындар болған. 

Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат шегілген тарантас, көлік кұрылының пайда болуы конақтар тоқтайтын аулалардың соңының кебеюіне септігін тигізді. Европа елдеріндегі мемлекеттердің экономикалык және саяси байланысының дамуы барысында конақ үй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады.

XVII-XVIII ғ. Америка континентіне Европалықтардың  келуіне орай Европалық типтегі  қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «Сити-Отель»  Нью-Йорк каласында 1794 ж. салынған.  XVIII—XIX ғ. бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналган орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі «Тремонт» отелі 1829 ж. Бостон каласында іргетасын көтерген. 

XIX ғ. Европа мен Америкада өндірістік  революция нәтижесінде көлік  түрлерінің пайда болуы (пороход, паровоз) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді. 

Нәтижесінде теңіз жағалауында, теміржол бойында қонақ үй құрылысы пайда болды. Қонақ үй компаниялары, корпорациялары, синдикаттардың бизнесмендерге, комерсанттарға және көшіп келушілерге арналған қонақ үй кызметі ұсынады. Адамдар жер бетінде көшіп қонуы, жаңа жерлерді игерулері нәтижесінде ерте кезден бастап қонақ ұй шаруашылығының ірге тасы қалана бастағанын көптеген әдебиеттер арқылы танып білдік .Соның ішінде туризм тарихына арналған (15.,16.,25.,24.,) оқулықтар мен әдебиеттерді қарастырдық.

 Бастапқы кезде бұл сала Жерорта теңізі аймағынан, кейінгі кезде Европалық бөліктен біртіндеп Азия құрлығына ауысқандығын байқаймыз. Жәнеде Ұлы Жібек жолының тарихы көптеген мәліметтер қалдырған. Ал бұл стратегиялық сауда, қатынас, дипломатиялық жолдың қонақ үй шаруашылығын дамытудағы ролі жеке тақырып, зерттеу объектісі. 

Қазақстан жерінде атақты Жібек жолы оны Құлжа жолы деп те атаған. Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан біздің дәуіріміздің XVI-ғасырына дейін жұмыс істеген. Шығыс пен батысты жалғастырып жатқан сауда керуенінің ғажайып дәстүрі мен салтын қамтиды. Ұлы сорап жолдың тармағы мол. Солардың ішіндегі ең ірісі Нілдария жағалауы, перғауындар елінен тізіліп шыққан керуен Бағдат, Мерв арқылы екі өзенді кешіп өтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін басып, жоңғар қақпасы арқылы Ұлы Қытай қорғанына жеткен. Осы жолдың бойында қонақ үй шаруашылығы қандай дәрежеде болған.Ол тарихи мәлімет. Біз білетін керуен сарайлар алғашқы қонақ үй , жатын үй есебінде деп санаймыз.

 

1.2 Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және оны басқарудың халықаралық нысандары

 

  Қонақ үйлік бизнестің ауқымды дамуы, мемлекеттердің ұлттық шекараларынан тыс туристік байланыстармен бағдарлардың кең таралуы, қонақжайлылықтың халықаралық қонақ үйлік индустриясына айналуы халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың осы өрістегі ең жақсы ұйымдарына демеуші болатын көптеген халықаралық ұйымдарды құрудың қажеттілігін тудырып отыр, олар қонақжайлылық индустриясының негізгі әлемдік даму бағыттарын анықтайды.

Халықаралық норма  және стандартты орнатады, туристік және қонақ үйлік қызметтірінің негізін қалаушы ұстанымдарды жасайды, сондай-ақ туризм және қонақ үйлік бизнес өрісінде елдердің ынтымақтастығына өз ықпалын тигізеді .

Бүгінде әртүрлі профильдегі және мәртебедегі 200 астам халықаралық туристік және қонақ үйлік ұйымдар бар. Олар әртүрлі мақсаттармен тапсырмаларды орындауды көздейді, әр түрлі аталады, бірақ негізінен екі санатқа бөлінеді: бірлестіктер және кәсіподақтар болып. Олар достастықтар, бірлестік топтар, одақтар, федерациялар, комитеттер, бюро, коммиссиялар, кеңестер, клубтар және институттар болуы мүмкін. Өздерінің аталуына қарамастан бірлестіктер ортақ белгі болып келеді. Олар өздерінің мүшелеріне неше түрлі қызметтер көрсетеді.

Қонақ үйлік ұйымдарды келесі белгілер бойынша топтастыруға болады:

-   ұлттық-аймақтық: халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі әлемдік аймақтық және ұлттық деңгейде жүргізіледі.

-   Қоғамдық-мемлекеттік: үкіметтік, қоғамдық және жеке ұйымдар.

-   Қызмет түрі бойынша: реттеуші жеткізушілер, нарықтық агенттер, өңдеушілер, кеңесшілер, жобалы ұйымдар, оқытушы ұйымдар, кәсіпқой бірлестіктер, сауда және тұтынушылық ұйымдар.

-   қызмет өрісі бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол, автокөліктік және круиздік), туристік агенттер, туроператорлар, локалдық кәсіподақтар.

Халықаралық қонақ үйлік істі дамыту мәселелеріне байланысты нормативті-құқықты іс-әркекеттер санына жататындар:

1. Халықаралық қонақ үйлік ережелер. Халықаралық қонақ үй бірлестігі кеңесімен мақұлданған.

2. Әлемдік турагенттіктер федерация бірлестігі және Халықаралық қонақ үйлік бірлестігінің қонақ үйлермен турагенттіктер арасындағы қарым-қатынастар кодексі.

3. Халықаралық қонақ үйлік конвенциясы, қонақ үйлер және турагенттер иегерлерімен тұжырымдаған келісім-шарттарға тиісті.

4. Отель және тасымалдаушы арасындағы келісім және келісім-шарт, 1994 жылы Халықаралық қонақ үйлік бірлестікпен және Халықаралық көлік қатысушылар одағымен қабылданды .

Осындай бейнемен, әлемде құрылған халықаралық қонақүйлік және туристік ұйымдар кең жүйесі белсенді дамып келеді, олар халықаралық қарым-қатынастар маңызды өрісінде қонақжайлылықтың жұмыс істеуіне шақырылған. Қонақжайлылық бойынша халықаралық ұйымдардың әртүрлілігі, тармақталуы халықтар және мемлекеттер арасындағы байланыстарда оның өсіп келе жатқан рөлін белгілейді, сондай-ақ оған деген қызығушылықты көптеген үкіметтік және үкіметтік емес, ұлттық және халықаралық ұйымдар танытып отыр.

Ұлттық қонақ үй және туристік қызметтерді қолдау үшін және шетел валютасының ағымын ұлғайту үшін келесі бірлестіктер құрылған: Қазақстандық қонақүйлік және мейрамханалық бірлестік, Халықаралық қоғамдық туризм академиясы, Қазақстандық туристік бірлестік және Қазақстандық франчайзинг бірлестігі.

Қазақстандық туристік бірлестік құрамына ірі турагенттіктер, қонақ үйлер, әуетасымалдаушылар және «Қазақстан жібек жолы» ұлттық компаниясы кіреді.  Бірлестіктің негізгі мақсаты: туристік саланың басымдылығын жоғарлату болып табылады.

Қонақжайлылық индустриясында трансұлттық компания ерекшеліктері анық көрінеді. Тансұлттық компаниялар халықаралық өмірдің аңғарарлық құбылысына айналған қонақ үйлік тізбектер түрін қабылдайды. Статистика көрсеткіші бойынша тізбекке кіреті отельдер жеке кәсіпорындарға қарағанда 60% артық орта кіріс және 8% артық толтырым көреді.

Қонақ үйлік тізбек мейманханалар тобынан тұрады, олардың ортақ басшылығы өнімді алға жылжыту тұжырымдамасы және сауда белгісі болады. Кәсіпорындар тізбегінің басшылығы кез-келген пайдадан басымдылық алады, бірақ сол уақытта операциялық шығындар үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Қонақ үйлік тізбектің пайда болуы өзінің белгілі бір рөлін ойнайды, ал қонақ үйлік қызмет халықаралық нарығына жоғары қызмет көрсету стандарттарын алға жылжытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ туристерге қонақүйлік қызмет көрсетудегі қолдауға ықпалын тигізеді.

Халықаралық тізбектері қосылған ірі қонақүйлік кешендерді «Сабре», «Галилео»,  «Амадеус», үлгілі біртұас сақталым жүйелері бар.

Әлемде өздерінің ұлттық  шекаралары аясынан тыс шыққан 300 астам қонақүйлік тізбектер бар. Олардың үлесіне 13 млн номерлердің 7 млн астамы келеді ( әлемде қонақүйлік номерлердің 50% астамы).

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үй тізбегінің басқарымында орналасқан қонақ үйлік номерлердің көлем-сан келтірілген 2-ші кестеден көруіңізге болады.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үйлік тізбектер басқарымында орналасқан қонақ үй номерлерінің 2007жылғы көлем-саны

Елдер

Номерлердің саны, мың

Ортақ саннан үлесі %

АҚШ

3567,0

62,5

Ұлыбритания

738,6

13,0

Франция

469,7

8,2

Испания

203,0

3,6

Жапония

157,2

2,8

Германия

129,9

2,3

Әлемнің қалған елдері

361,2

6,3

Барлығы

5698,7

100,0


Кесте 1. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үйлік тізбектер басқарымында орналасқан қонақ үй номерлерінің 2007жылғы көлем-саны

 

Осылай АҚШ үлесіне әлемдегі барлық қонақ үй номердлердің 62,5%, ал қалған Еуропалық елдер үлесіне барлығы — 27,1% құрайды.

Қонақ үйлік тізбектердің  2007 жылғы алғашқы ондық тізбегі 3 кестеде келтірілген. 3 кесте сараптамасынан көретініміз Маrriott Intenational қонақүйлік тізбектердің серпінді өсуі , ол бір жыл ішінде қонақүйлік тізбекке кіретін отельдер ортақ санын 1880-нен 2099 ға дейін , немесе 219 ательге көбейтті. Соған сәйкес осы тізбекке кіретін отельдердің сиымдылығы да артта түсті. -355900-дан 390469- ға нөмерге дейін. Сондай- ақ 2000 жылы Accor тізбегінің сиымдылығы 34700 номерге көбейсе , Hilton Hotels Corp тізбегінде 27800 номерге дейін көбейді. Сонымен бірге Best Western International және Cendant Corp сияқты бірқатар тізбектерде сиымдылықтың азайды бақылаулы ательдер санының көбейуіне байланысты болды. Білгілеп қою қажет, қонақ үйлік тізбектердің қалыптасу үдерісі жаңа елдерде қамту үстінде. Мальта, Жаңа Зеландия, Шотландия және Мысыр [16].

Қонақ үйдік тізбектердің әлемдік қонақүйлік шаруашылықпен басқарудағы маңыздылығын жоғарлату үдерісі айтарлықтай қарама қайшылықпен мінезделеді, бір жақтан көптеген елдерде қызмет істеп жатқан жетекші қонақүйлік тізбектер іріленсе, ал екінші жақтан жеке қонақ үйлік тізбектер құрып  жатқан елдер саны көбеюде.

АҚШ-та қонақ үй тізбегінің 195 — штаб пәтерлері орналасқан, Ұлыбританияда – 17, Жапонияда – 14, Германияда – 11, Гонг-Гонгта – 8, Франция және Сингапурда — 6- дан орналасқан.

Соңғы уақытта  әлемде жаңа отельдердің салынуы арқылы қонақ үй орындар санының көбеюі оларға деген тұтынушылықты артта қалдырды. Нәтижесінде қонақ үйлердің жіктелу коэфицентінің орнықты төмендеуін байқауға болады.

Әлемдік қонақ үй индустрия 50- жылдардан қонақ үйлермен басқарудағы ұйымдастырмалы құрылымында қонақ үй қызметін қйымдастырудың ең негізгі үлгілері бекітіледі. Ритц-үлгісі, Швейцарлық кәсіпкер Цезарь Ритцтің атымен байланысты. Бұл қонақ үйлердің негізгі мөлшерлемесі Еуропалық талғампаздық дәстүрлеріне жатады.

Қазіргі уақытта бұл үлгі дағдарысқа ұшырауда: соңғы 25 жылда әлемдік қонақүйлік қызмет нарығынан 2 млн астам Palace стиліндегі қонақ үйлік номерлер құрдымға кетті. Екінші үлгі американдық кәсіпкер Кемонс Уильсонның («Холлидей Инн» қонақ үйлер тізбегі) атымен байланысты. Бұл үлгіде мөлшерлеме клиент қажеттілігін қанағаттандырудағы үлкен икемділікке, қызмет көрсетудің жеткілікті жоғарғы стандарттарын қолдаумен үйлесімділігімен бірге қойылады

Қонақ үй интерьеріне холлдан бастап үлкен назар бөлінеді. Осы үлгі бойынша ұйымдастырылған қонақ үйлерге қойылатын негізгі талаптар:

– стиль біртұтастығы (сәулет өнері, интерьер);

– белгілеу және сыртқы ақпарат біртұтастығы;

– кең және қызметті холл;

– клиенттерді тіркеу жылдамдығы;

– номерлер, тұрғылықты клиенттер үшін қарастырылған;

 

 

Тіз-бек рейтингісі

Тізбек аталуы

2008 жылы отелдер тізбектер бар болған елдер саны

Отельдер саны

Номерлердің саны, мың

2007ж номерлер санын салыстырып қарағанда 2008 жылдағы номерлердің санының өзгерулері, %

2007

2008

2007

2008

1

Cendant Corp.

24

6315

6455

542,6

541,3

99,8

2

Bass Hotels & Resorts

100

2886

3096

471,7

490,5

104,0

3

Marriott International

60

1880

2099

355,9

390,5

109,7

4

Accor

81

3234

3488

354,7

389,4

109,8

5

Choice Hotels International

41

4248

4392

338,3

350,4

103,6

6

Hilton Hotels Corp.

59

1700

1895

290,0

317,8

109,6

7

Best Western International

80

4037

4065

313,3

307,7

98,2

8

Starwood Hotels & Resorts Worldwide

80

716

738

217,7

227,0

104,3

9

Carlson Hospitality  Worldwide

63

616

716

114,2

129,2

113,1

10

Hyatt Hotels/ Hyatt International

38

195

201

85,7

86,7

101,2

Барлығы

 

25827

27145

3084,1

3230,5

104,8

Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы