Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым
Жоспар
Кіріспе.......................
1. Қазақстан
Республикасының жинақтаушы
1.1 26-ҚХЕС Зейнетақы
жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің
халықаралық стандарттары..................
1.2 Зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесінің шетелдік тәжірибелері.......12
2. Жинақтаушы
зейнетақы қорларына аударым.......................
2.1 Еңбек ақыдан ұсталынатын міндетті
төлемдер есебі.........................
2.2 Таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есеп және МЖЗҚ
«Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2010 жылға
1 қазандағы жағдайы бойынша бухгалтерлік
балансы.......................
2.3 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың теориялық
аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті
ұйымдастыру.................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың
өзектілігі: Қазақстанның зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы
санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына
байланысты объективті қиыншылықтар пайда
болғандықтан, елдегі зейнетақы жүйесін
реформалаудың қажеттілігі артты.
Зейнетақы – бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақы зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:
- Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.
- Демографиялық – халықтың өсу қарқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.
Әрбір
мемлекетте халықты
1.
Қазақстан Республикасының
жинақтаушы зейнетақы
жүйесі.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі сезілді. Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымда ҚР «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер – 63 жас, әйелдер – 58 жас.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік
зейнетақыға шығу ережелері
- Ортақ жүйеден – зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру. Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеументтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген;
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесі – жинақтаущы зейнетақы қоры.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының енгізілуімен 1998 жылдан өз есебін бастаған жинақтаушы зейнетақы жүйесі, құрылған құқықтық инфрақұрылым арқасында, қазіргі заман даму кезеңінде өзінің қарқынды өсуін бастан кешіп отыр.
Ұзақ
мерзімді перспективада жинақтаушы
зейнетақы жүйесі мынадай әлеументтік-
- Жинақтаушы зейнеиақы қорлары салымшыларының жалақы мөлшеріне, зейнетақы жарналарын төлеу ұзақтылығына және зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігіне қарай кірістерін қолдауды неғұрылым тиімді әрі әділ ұйымдастыру;
- Нашарлап жатқан демографиялық жағдайда зейнеткерлік жасқа кеоген азаматтарды толық әлеументтік қамсыздандыру жөніндегі міндеттемелердің бір бөлігін мемлекеттен және салық төлеушіден алу;
- Ұлттық экономикалының өндірістік базасын жаңғырту және оның бәсекелестік қабілетін арттыру үшін ұзақ мерзімді инвестициялар ұсыну.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері:
- Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
- Азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
- Зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілітті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
- Азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
- Азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі;
- Зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі.
Орта мерзімді перспективадв
жинақтаушы зейнетақы
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бәсекелестікті дамыту;
- Қазақстанның бүкіл халқы үшін зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі мүмкіндіктерін арттыру;
- Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан
Республикасында зейнетақы
- 26 «ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК»
ҚАРЖЫЛЫҚ
ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
СТАНДАРТТАРЫ.
Осы
әдістемелік ұсынымдарды
Қолдану
мақсаты, мәртебесі
және саласы
- Берілген әдістемелік ұсынымдар ҚЕХС 26 сәйкес зейнетақы жоспарлары бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібін түсіндіреді және зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептілік жасау және беру кезінде қолданылады.
- Берілген әдістемелік ұсынымдар есептіліктің осындай түрін жасайтын ұйымдарда зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін қолданылады.
- Зейнетақы жоспарлары кей кезде басқаша, мысалы, «зейнетақы схемасы», «еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы схемасы» немесе «зейнетақылық қамтамасыз ету схемасы» деп аталады. БЕХС 26 зейнетақы жоспарын есеп беретін объект ретінде, жоспарға қатысушылар жұмыс берушілерден бөлек қарастырады.
Зейнетақы жоспарлары
Зейнетақы жоспарларының, әдетте, екі түрі қарастырылады:
а)
белгіленген жарналары бар
б)
белгіленген төлемдері бар
Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары– бұл зейнетақымен қамсыздандыру схемасы, онда ұйымның міндетіне зейнетақы сыйақыларын кейінгі төлеуге байланыссыз белгілі жарналарды Зейнетақы қорына (бұдан әрі - Қор) төлеу жатады.
Қатысушылар жоспар жұмысына
мүдделі, себебі ол олардың
болашақ зейнетақы деңгейіне
тікелей әсер етеді.
Зейнетақымен байланысты барлық тәуекелдер қызметкерге жүктеледі, атап айтқанда:
-
актуарийлік тәуекел,
-
инвестициялық тәуекел, Қорға
инвестицияланған қаражат
Белгіленген жарналары бар жоспарды есепке алғанда мыналар қарастырылады:
- Кезеңге есептелген шығыс қатысушыға кезең ішінде көрсетілген қызметтерге қатысты оның қызметі үшін тиесілі жай жарналарды білдіреді;
- аванспен немесе кідіртіп төленген кез келген жарналар тиісінше алдын ала төленген шығыстар немесе есептелген берешек ретінде көрсетіледі;
- есепті күннен кейін 12 ай ішінде төленбеген кез келген есептелген жарналар міндеттемені мойындаған жағдайда олардың келтірілген құнына дейін дисконтталуы тиіс;
- сондай-ақ, ұйым есепті кезеңде қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру бойынша шығыстар жөнінде ақпаратты ашуы тиіс.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары қызметкер зейнетке шыққан кейін алатын жәрдемақы сомасы анықталған. Әдетте, жәрдемақы сомасын ұйым қызметкерінің еңбек өтілінің және оның зейнетке шығу сәті жақындаған кездегі кезеңге оның жалақы деңгейінің функциясы ретінде қарастыратын формула пайдаланылады. Қызметкер зейнетке шыққанға дейінгі әрбір кезеңде жарналар сомасын анықтау қажет, ол зейнетке шыққан сәттегі зейнетақы төлемдерінің сомасына сәйкес келетін болады. Ол үшін көптеген түрлі амалдарды пайдалануға болады. Қаржыландырудың қандай әдісі пайдаланғанына байланыссыз, ол зейнетке шыққан сәтіне жоспарда анықталған жәрдемақы сомасына тең соманы қамтамасыз етуі тиіс.
Қызметкерлер
белгіленген жарналары бар
Белгіленген төлемдері бар
Белгіленген
төлемдері бар зейнетақы
а) мыналарды:
1) зейнетақы төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтерді;
2)
кепілдік берілген және
3) қорытынды асып түсуі немесе тапшылықты көрсететін есепті;
немесе
б) мынадай ақпаратты қамтитын зейнетақы төлемдерін төлеуге қолда бар зейнетақы жоспарларының таза активтері туралы есепті:
- кепілдік берілген және кепілдік берілмеген зейнетақыға бөле отырып тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын ашатын ескерту; немесе
- қоса беріліп отырған актуарийлік есептегі осы ақпаратқа сілтеме.
Белгіленген
төлемдері бар зейнетақы
Белгіленген төлемдері бар
- кезеңдегі елеулі қызметті және кез келген өзгерістердің ықпалын сипаттау,
- жоспарға, оған мүшелікке, мерзімі мен шарттарына қатысты,
- кезеңге инвестициялық қызмет операциялары және нәтижелері туралы, сондай-ақ кезең соңындағы жағдай бойынша жоспардың қаржы жағдайы туралы ақпарат беретін бөлімдер; және
- не есеп бөлімі, не бөлек есеп түрінде берілген актуарийлік ақпарат;
- инвестициялық саясатты сипаттау.
Тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны. Оның қатысушыларының зейнетке шыққан сәтіне дейінгі зейнетақы жоспары бойынша болжалды төлеулердің келтірілген құны есептілікте жалақының ағымдағы деңгейі, не жоспарға қатысушылардың зейнетке шыққанға дейін жалақысының болжалды деңгейінің негізінде есептелуі және берілуі мүмкін.
Жалақының ағымдағы деңгейі бойынша тәсілдеме қабылдау үшін негіздеме:
1) қазіргі сәтте әрбір жоспарға қатысушының үлесіне тиетін шама сомасы болып табылатын тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құны аз жол берулерді қамтығандықтан, жалақының жоспарланған деңгейі бойыншаға қарағанда неғұрлым әділ есептелуі мүмкін;
2) жалақының көбеюімен байланысты зейнетақының көбеюі жалақының көбею сәтінде зейнетақы жоспарының міндеттемелері болып табылады; және
3)
жалақының ағымдағы
Жалақының болжамды деңгейі бойынша тәсілдеме қабылдау үшін негіздемелер:
1) қаржылық ақпарат жасалуы тиіс жол берулер мен есептерге қарамастан, компания қызметінің үздіксіздігі негізінде әзірленуі тиіс;
2)
соңғы жалақының принципін
3)
қорландырудың көп бөлігі
- Ағымдағы жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны есептілік жасау күніндегі жағдай бойынша еңбекпен табылған зейнетақы бойынша міндеттемелерді көрсету мақсатында зейнетақы жоспары бойынша есептілікте ашылады.
- Болжамды жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны қызметтің үздіксіздігі принципі негізінде ықтимал (болашақ) міндеттемені көрсету мақсатында ашылады, олар, әдетте, зейнетақы қорына ауадрулардың негізі болып табылады. Тиесілі зейнетақының актуарийлік келтірілген құнын ашудан басқа, осы құн қабылдануы тиіс контексті нақты көрсету үшін ашық түсіндірме талап етілуі мүмкін. Мұндай түсіндірменің зейнетақы қорына жоспарланып отырған болашақ аударулардың жеткіліктілігі туралы және жалақы мөлшерінің болжамдарында негізделген қорды қаржыландыру саясаты туралы ақпараттар нысаны болуы мүмкін. Мұның барлығы қаржылық ақпаратқа немесе актуарий есебіне қосылуы мүмкін.
Мысалы, тиесілі зейнетақының келтірілген құнын анықтау кезінде актуарий 2004 жылы өзінің есептерінде мынадай жол берулерді пайдаланды
| Міндеттемелерді дисконттау ставкасы | 7.0% | 8.5% | 7.0% |
| Жалақы мөлшерін көбейту ставкасы | 5.0% | 5.5% | 5.0% |
| Зейнетақы жоспары активтерінің күтілетін ұзақ мерзімді табыстылығы | 8.5% | 8.5% | 8.5% |
Есептілік мазмұны
Белгіленген төлемдері бар
1)
зейнетақы төлеу үшін қолда
бар зейнетақы жоспарының таза
активтері, тиесілі зейнетақы
төлемдерінің актуарийлік
2)
зейнетақы жоспарының таза
және
3)
актуарийдің жеке есебінде
- Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері.
Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың
деңгейі мен сапасы – бұл
ел халқының экономикалық және
әлеументтік жағдайының
Дамыған
мемлекеттердің көбінеде
әлеументтік және
зейнентақмен қамсыздандырудың
негізгі үш қайнар көзі
бар:
- Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеументтік сақтандыру шеңберінде);
- Зейнетақы қорлары;
- Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.
Қазіргі
уақытта зейнетақымен қамсыздандыру
жүйелерін реформалау тек жамушы
елдерге ғана емес, тіпті жоғарғы дамыған
елдерге де қажет. өндірісі дамыған елдерде
зейнетақмен қамтамасыздандырудағы мемлекеттік
шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет
етеді, мемлекеттік бағдарламалар жалақы
деңгейіне байланысты әлеументтік сақтандыруға
бөлінетін ішкі өнімнің жалпы төлемінен
қаржыландырылады. Яғни:
Зейнетақы төдеміне бөлінетін ЖІӨ үлесі, 2007 жыл 1 кесте
| № | Елдер | ЖІӨ үлесі,% |
| 1. | Австралия | 15,0 |
| 2. | Бельгия | 9,7 |
| 3. | Дания | 8,1 |
| 4. | Италия | 15,8 |
| 5. | Жаңа Зеландия | 6,7 |
| 6. | Испания | 7,9 |
| 7. | Ұлыбритания | 10,3 |
| 8. | АҚШ | 5,8 |
| 9. | Жапония | 5,0 |
Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшерін орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнім үлесі 10 пайызын құрайды.
Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекеттінде бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.
Латын Америкасының ескі зейнетақы жүйеелерінің мынадый ортақ сипаттамалары болған:
- Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етеді;
- Жүйелердің принципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялық орналасуы мен халықтың деңгейіне байланысты бірдей болмады;
- 80 ж. экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыссыздық пен ресми емес еңбек нарығының өсуі;
- Активі және пассиві еңбек етішілердің қатынасының күрт азаюы;
- Салық түсімдері азайып, үкіметтің әлеументтік міндеттемелері көбейді;
Осы
және басқа да факторлардың нәтижесінде
Латын Америкасының көп елдерінде
әлеументтік жүйе мен зейнетақы
жүйесінде дефицит өсті. Латын Америка
елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы
капиталы 134 млрд. АҚШЩ долларынқұрайды.
Негізгі үлесі Бразия мен Чилиге келеді:
Бразилия – 60,29% Чили – 23,26%
Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері
2 кесте
| Көрсеткіштері | Чили | Перу | Колумбия | Аргенти-
на |
Боли-
вия |
Мексика | Сальва-
дор |
| Зейнетақы қорларының саны | 9 | 5 | 8 | 15 | 2 | 14 | 5 |
| Салымшылардың саны (млн.адам) | 5,97 | 1,98 | 2,91 | 7,07 | 0,47 | 13,83 | 0,57 |
| Қорлардың жалпы капиталы, млрд. USD | 31,14 | 1,74 | 2,11 | 11,53 | 0,33 | 5,80 | 0,57 |
| Қорлар рентабельділігі(%) ЖҰӨ (%) | 11,3
40 |
5,14
5,52 |
-
1,61 |
121,30
3,5 |
-
0,01 |
5,62
1,53 |
-
- |
| Қызмет еті мерзімі (жыл) | 22 | 10 | 9 | 9 | 6 | 6 | 5 |

- Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару
- Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару
- Жиропот овец и первичная обработка шерсти
- Жиры. Аналитическая характеристика жиров
- Жиры и их влияние на пищевую ценность и сохранность жировых товаров
- Жиры и масла. Сравнительная характеристика
- Житийная традиция в повести Л.Н. Толстого "Отец Сергий"
- Жилщное хозяйство
- Жилые помещения как объект права пользования
- Жилье для каждой семьи возможности и реальность
- Жинактаушы зейнетакы коры
- Жинақтаушы зейнетақы
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері