Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде. 2

Қазақстан Республикасының  ғылым және білім  министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық ниверситеті 
 
 

                                                             Кафедра: « Макроэкономика » 
 
 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жұмыссыздық Қазақстан  Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде 
 
 
 
 
 
 

                                                                    Орындаған: Елемесова  Ә.М.

                                                                            Тексерген:

                                                     Мамандығы: ГиМУ

                                    Тобы: 242 
 
 

                                             Алматы 2011жыл 

Жоспар 
 

 Кіріспе............................................................................................................3 

   І – тарау. Жұмыссыздықтың  мәні, түрлері, себептері

    1. Жұмыссыздық нысандары және түрлері...................................................5
    2. Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.............16
 

      II-тарау. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы

  және мәселелері    

2.1  Қазақстандағы  жұмыспен қамту мен жұмыссыздық  проблемалары........26

2.2. Жұмыссыздық  деңгейі және жұмыссыздықты шешеу  жолдары...............43 
 
 

Қорытынды............................................................................................................47

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................50 
 
 

     

        
     
     
     
     
     

                                                          Кіріспе 

       Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.  
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.  
      Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.  
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.  
           Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.  
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.  
            Жүмыссыздық пен өндірістік шығындар арасында 0укен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5% потенциальный выпуск.  
                   Өтпелі кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.  
Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының азаюы экономикалық төмендеудің негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды.                        Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет.  
Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.  
Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет.  
1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.  
2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогресс қажет.

Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның  бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға  жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады. 
   Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды. 
    Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды. 
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады. 
 
 
                 І – тарау. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері 

    1.   Жұмыссыздық нысандары және түрлері
 

      Еңбек ресурстары (экономиқалық белсенді дәне берсенді емес халықтың жалпы саны) – жұмыс істемейтін І және ІІ топ мүгедектері ен зейнеткерлерден басқа еңбек жасындағы тұлғалар (16 жастан зейнеткерлік жақа дейінгілер). Сондай-ақ жұмысқа қабілетті жастан асқан және 16 жастан төмен жастағы жұмыс істейтін адамдар.

      Экономикалық  белсенді халық – жұрттың жұмыс күші ұсынымын қамтамасыз ететін экономикалық белсендіоігін өлшеу ұшін белгіленген жастағы бөлігі.  Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына экономиқалық қызыметтің барлық түріне қамтылған, сондай-ақ жұмыссыз адамдар кіреді.

      Жұмыссыздар – бір мезгілде үш негізгі өлшемге сай келетін: жұмысы жоқ (табыс көзі жоқ), шарық ұрып жұмыс істейтін және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

      Жұмыссыздардың  жалпы саны (жұмысқа орналастыру органдарында тіркелгендер мен өз бетімен жұмыс іздеушілер) есеп жүргізу арқылы анықталады. Ресми тіркелген жұқмыссыздар саны Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министірлігінің жұмысқа орналастыру органдарының дерегі бойынша анықталады.

      Жұмыссыздық деңгейі – экономиқалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызымен өлшенетін үлесі.

      Экономикалық  белсенді емес халық – экономикалық қызыметтен шұғылданбайтын немесе жұмыссыз деп саналатын 16-ға толған және одан жоғары жастағы адамдар. Оған мына категориядағылар жатады: Күндізгі оқу орындарының барлық оқушылары, студенттері, курсантары мен тыңдаушылары; үй шаруасымен (тамақ даярлау, балаларды, отбасының басқа да мүшелерін бағу) айналысатындар біреудің қарауындағылар.

      Елдің әлеуметтік өмірінің ең күрделі, ең өткір мәселесінің бірі жұмыссыздық. Республиканың Статистика жөніндегі агентігінің ресми деректері бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250мың адам, немесе 3,8-4,0 пайыз шамасында болып келеді. Ал, шын мәніндегі жұмыссыздар саны  бұдан әлде қайда көп еді. Оны алғашқыда жекелеген экономистер ғана айтып жүрді, олардың есебі бойынша жұмыссыздар саны кемінде 1,5 млн адам деп бағаланды, ал  статистикалық органдар тек кейінгі 2-3 жылда ғана жұмыссыздардың екі түрлі санын көрсете бастады. Өткен жылы республиканың  Статистика жөніндегі агенттігі шығарған “Қазақстандағы еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы” деген жинақта 1996-1999 жылдардағы (4 жылғы) жұмыссыздықтың екі түрлі көрсеткіші берілді. Мәселен, жұмыссыздардың жалпы саны 1996 жылы 970,6 мың адам, ол экономикалық белсенді халықтың 13 пайызын құрайды делінген, ал 1999 жылы тиісінше -950,0 мың адам және 13,5 пайыз. Ал жұмысқа тіркелген жұмыссыздар саны 1996 жылы 282,4 мың адам, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі (экономикалық белсенді халыққа) 4,2 пайыз деп көрсетілген, 1999 жылы тиісінше -251,4 мың адам және 3,9 пайыз. [9 41-47 б.б]

      Еңбек ресурсының жалпы саны 2001 жылы 10.654,9 мың адам екен. Яғни республиканың барлық халқының 71,9 пайызы. Оның ішінде экономикалық белсенді халықтың саны 7.479,1 мың адам, яғни еңбек ресурсының 70,2 пайызы, басқасы экономикалық белсенді емес халық.

      Жұмыспен  қамтылған халық саны 2001 жылы 6.698,8 мың адам болған. Бұл экономикалық белсенді халықтың 89,6 пайызы. Жұмыссыздардың жалпы саны 780,3 мың адам, яғни экономикалық белсенді  халықтың 10,4 пайызы. Бір қарағанда, жұмыссыздардың жалпы саны да, олардың үлес салмағыда кейіңгі жылдары азая бастаған. Алайда, әрбір оныны адамның жұмыссыз отырғаны аса зор әлеуметтік мәселе. Осы мәселені індетте түсу үшін жұмыспен қамтылғандар санатындағылар қайда, не істеп жүр дегенге тоқталсақ біраз нәрсенің беті ашылады. Жалданып жұмыс істейтін адам саны 3.863,3 мың,  яғни жұмыспен қамтылған халықтың 57,7 пайызы. 2.835,5 мың адам өз бетімен жұмыс істейді. Яғни, 42,3 пайыз. Осы соңғыларының 2.609,6 мыңы қандай жұмыс тапса сонымен және жеке меншігіндегі қосалқы шаруашылығында шұғылданатындар.

      Экономикада жұмыс істейтін халықтың 2,7 млн-ы  ауыл, орман және балық шаруашылығында еңюектенеді екен. Аулда 6,5 млн халық тұрады. Содан жұмыс істейді дейтіні 41,4 пайыз. Солардың жалданып ақша тауып отырғаны 242 мың ғана адам.

      Өнеркәсіпте жұмыспен қамдудын жайы да онша жетісіп  тұрған жоқ. Реформадан бұрын бұл  салада 1,4 млн адам жұмыс сітеп келді, ал 2001 жылы – тек 776,9 мың ғана адам еңбектенді, оның ішінде басты екі салада – кен өнеркәсібінде – 220,9 мың адам, ұқсатушы өнеркәсіпте – 385,7 мың адам жұмыс істеді.

      Жұмыссыздық деңгейін аймақтар бойынша алып қарасақ, республика бойынша 10,4 пайызбен салыстырғанда оның төменгі деңгейі  Шығыс Қазақстан (7,3), Солтүстік Қазақстан (8,9), қарағанды (9,2), Павлодар (9,2), облыстарында және Астана қаласында, ал жоғары деңгейі Қызылорда (13,9), Атырау (13,9), Жамбыл (12,7), Батыс Қазақстан (12,5) облыстарында байқалады. Аймақтардағы жұмыссыздық деңгейін салыстырып қараған кезде екі деректі ескеру керек сияқты. Біріншіден, экономикалық белсенді емес халық деңгейіне, яғни экономикалық юелсенді және белсенді емес халықтың ара қатысы қандай екеніне көңіл аударған жөн. Өйткені экономикалық белсенді емес халық құрамына үй шаруасымен айналысатындар, біреудің қарауындағылар кіретінін ескерсек, бұлар, шындап келгендк, жұмыссыздар ғой. Ал бұл көрсеткіш деңгейінің аймақтар бойынша айырмашылығы өте ұлкен. Мәселен, республика бойынша экономикалық беседі емес халықтың деңгейі 29,8 пайыз болса, Солтүстік Қазақстан облысындағы 19,3, пайыздан, Шығыс Қазақстан облылысындағы 33,98 пайызға дейін жоғарлайды.

  Екіншіден, жұмыспен қамтылған халықтың өзі де жалданып жұұмыс істейтіндер және өзін жұмыспен қамтығандар деп екіге бөлінеді, бұл екеуінің ара салмағы әр аймақта әртүрлі. Ал өзін өзі жұмыспен қамтитындардың құрамында өз бетімен жұмыс істейтін дейтіндер бар, сонымен бірге ақы төленбейтін отбасы қызметкерлері дейтіндер де бар.

      Шетелдік  мемендар жұмыссыздықтың есептерін талдай отырып, оның әртүрлі  нысандарын тудыратын  нақты факторларын  карайды.  Жұмыссыздықтың  мынадай нысандары  болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т.б. Осыларға толық тоқталайық.

      Жасырын жұмыссыздық,  өндіріс пен мемлекеттік  аппаратта артық жұмыскерлерді  қолданған жағдайда болады. Шын мәнінде  олардың жұмысын азғана жұмыс  күшімен орындауға болады.

      Фрикциондық  жұмыссыздық еңбек нарығында  бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.

      Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кезкңдік ерекшеліктеріне байланысты оның әртүрлі  салаларында, ауыл шаруашылығы шикізатын  өңдейтін кәсіпорындарда қалыптасады.

      Құрылымдық  жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, ұлтының мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағжайда мүмкін болады.

      Жұмыссыздықтың  зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми – техникалық прогресс (ҒТП). ҒТП жаңа қосымша жұмыс кұшін керек қылатын жаңа шаруашылық салаларын тудырады; ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындары жұмыспен қамтуды көбейтеді.  

      Жалпы ғылыми – техникалық зреволюция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюуы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығынан орташа көрсеткішке қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен (көп еңбекті керек шаруашылық) сипатталады.  

      Кедейшілік  –ең өткір мәселеледің  бірі болып  табылады. Кедешіліктің халық арасында көп таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұсқан келтіреді. Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл-әуқатының  деңгейінің жоғарғы болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жғынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғарғы өркенниетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрліоқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегіәрбір азаматтың бақытты өміріне және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету. Жұмыссыздық –Қазақстан кедейшіліктің басты себебінің бірі болып отыр. Кедейлік себептерінің қатарына жұмыссыздықпен қатар халықтың шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуінің,  «жұмыс істейтін кедейлер жалақысының төмен деңгейін,коммуналдық және көлік қызметтерге, денсаулық сақтау және білім саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, әлеуметтік, қорғаудың қазіргі жүйесінің жеткіліксіз тиімділігін адамзаттардың жекелеген санаттарының масылдық, көңіл-күйін, сондай-ақ кедей халықтың төмен хабардарлығын және қоғам өміріне қатысу дәрежесінің төмендігін жатқызуған жөн.

      Экононмикалық белсенді халық – тауарлар мен  қызмет түрлері өндірісі үшін жұмыс  күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, экономикалық белсенділікті өлшеу  үшін белгіленген жастағы шықтың бір бөлігі. Жұмыссыздық –экономикалық  белсенді шақтың бір бөлігі жұмыс таба алмауы мүмкін әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

      Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар  үлесі. Ал енді өзіміздің қаламызда  жұмыссыздарға байланысты атқарылған мәліметтерді айта кетсек, өткен 9 айдың  қортындысы бойынша жұмыспен қамту орталығы “Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес” Бағдарламасында қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру бағытында жқмыс жасап отырды. Жұмыспен қамту саясаты жұмыссыз азаматтардың жұмысқа тұрып кетуіне ықпал жасап, мақсатты топтағы азаматтарға барынша көмек көрсетіп, еңбек нарығына сай мамандықтар бойынша оқыту, және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. [10 132-134 б.б]

      Есеп  беру кезеңіне қаладағы еңбек нарығындағы  жағдай жақсара түскені және аса  маңызды өзгерістер бола қоймағаны байқалады, жұмыс күштеріне келіп түскен сұраныстар өсе түсті, бірақ бұл сұраныстар еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес келмейді. Бос орындарына келіп түскен сұраныстар көбіне жұмыс орындарының босауынан, яғни жұмысшылардың жұмыстан шығуына байланысты, сонымен қатар жаңа жұмыс  орындарының ашылуынан болып отыр. Ал біздің есебімізде жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған азаматтардың көбісі әр түрлі себептермен жұмыстан босағандар, бірінші рет жұмыс іздеушілер, ұзақ уақыт жұмыс жасамағандар, оралмандар. Жұмыс күштеріне сұраныс аз болғандықтан, бір бос орнына ай сайын орташа алғанда 21 адам үміткер.

      2004 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызына  3 өз жұмыстарын толық тоқтатты. 16 мекеме өз жұмыстарын жартылай  тоқтатып, 57 жұмысшыларын ақысыз  демалысқа жіберуге мәжбүр болады, 42 адам қысқартылған кесте бойынша жұмыс істеуде. 2004 жылдың 1-ші қазан айына экономикалық белсенді тұрғындардың ішінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтардың үлесі 2,4 паызды құрап отыр, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға төмендеген. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі тұрғылықты әлеуметтік көмекті тек қана мұқтаждылықпен қажет ететін жанұяларға ғана беруге қағида етіп, ал халықты жұмыс істеуге, жұмыспен қамту жөніндегі белсенді саясатын жүзеге асырып, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға белсенді қамту болып отыр.

      Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 3930 адам тіркелді. 2004 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызына жұмыссыздардың жалпы саны 2306 адам. Тіркелген жұмыссыздардың басым көпшілігі, яғни 1437-і әйелдер, 498-і 16-24 аралығындағы жастар. Жұмыссыз азаматтардың негізгі бөлігі аз қамтылған тобы 62 пайыз, еңбек шарттарының бітуіне байланысты жұмыстан шыққандар, жастар, ұзақ уақыт жұмыс істемегендер. Жұмыссыздардың орташа жасы 35-44 жас аралығындағылар. Орташа алғанда тіркелген жұмыссыздардың жұмыс іздеу уақыты 3-6 ай болып отыр. Жұмыссыз есебінде тіркеліп тұрғандардың білімі бойынша талдау жасағанда; оның ішінде жалпы орта білімі барларының саны 51% өсе түскені байқалады, ал басқа білім деңгейлері бойынша азая түскен, яғни жоғарғы білімділер 10% арнаулы орта білімділер 37% болып отыр. Барлық жұмыс іздеушілердің ішінде жұмысшы мамандық иелері 50%, қызметкерлер 23%, бұрын жұмыс ісемегендер 27%. Қаладағы жұмыссыздықтың белең алуының негізгі себебі жұмыс күшіне келіп түскен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы білікті мамандық құрамының сәйкессіздігі, кәсби мамандыққа дайындау кезіндегі еңбек нарығының талабына сай емес мамандықтарға оқыту. Олар көбісінің кәсби деңгейлері төмен, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемегендер, еңбек тәжірибесі жоқ оқу орындарын бітірген жас мамандар, сонымен, қатар еңбек заңдарын бұзып, жұмыстан босағандар. Жұмыс берушілердің қойған талабы өте жоғар және қатаң. Олар еңбек нарығының сұранысы бойынша жоғарғы білікті мамандар, жаңа техника мен технологияларды жақсы менгерген мамандардыталап етеді. Сонымен қатар көптеген кәсіби мектептер жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес мамандар дайындай алмайды, себебі олар оқу құрал-жабдықтар тозып, қазіргі заман талабына сай жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндіктері жоқ. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты жұмыс берушілер кейбір жоғарғы білікті құрлыс мамандарын жақын және алыс шет елдерден шақырып отыр, ол экономикалық әлеуметтік жағынан тиімсіз. Жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында тиімді нәтижелерге ие болғаны байқалады, яғни қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру мақсатында қаланың көптеген мекемелеріне 1042 жаңа жұмыс орны ашылды. Бос жұмыс орындарының мәліметтер банксы үнемі  жаңартылып отырады, яғни жыл басынан бос жұмыс орынды 1507 жаңа жұмыс орындарына қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы төмендегі мекемелерге 144 адам тұрақты жұмысқа орналастырылады. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 1398 адам жұмысқа орналасады, оның ішінде аз қамтылғандар саны 612 адам. Талдау жасағанда жұмысқа орналастыру былтырғы жылмен салыстырғанда 107% орындалып отыр. Қазіргі уақытта жұмыссыздықпен күресу нақты іс-шара жасалынып, үнемі айналысып отыруды қажет етеді. Осы мақсатта, яғни жұмыс берушілер өздеріне керек мамандарды таңдау үшін және еңбек нарығына бейімделуде, сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың жұмысқа тұруына ықпал жасау мақсатында қалалық жұмыспен қамту орталығы “бос жұмыс орындары жәрменкесін” жыл басынан үш рет өткізді. Жәрменкені өткізу үшін жұмыспен қамту орталығының мамандары қала бойынша 185 мекемені аралады, нәтижесінде 94 жұмыс беруші мекемелерден кадр қызыметкерлері қатысып, 709 бос жұмыс орындарына сұраныстар келіп түсті. Келіп түскен сұраныстар төмендегі мамандықтарға: праграммист, менежер-маркетолог, техника қауіпсіздігін сақтау инженері, механизатор, тігінші, жүргізуші, әрлеуші-салақшы, ағаш ұстасы, контролер, қарауыл,  газбен және тоқпен дәнекерлеушілер, авторановшиктер, экскваторшиктер, электриктер тағы басқа мамандар. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандар жұмыссыз азаматтарға 543 жолдама беріп оның 258-і тұрақты жұмысқа орнаасты. Жұмыспен қамту орталығының заңгерлері еңбек және  жұмыспен қамту заңдары бойынша сұрақтарға жауаптар береді. Сонымен қатар осы жәрменкеге басқармасының өкілдері қатысып, кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысымын деген жұмыссыз азаматтарға кеңестер береді.

      Қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыс  іздеушілер клубы жұмыс істейді,  бұл клубта семинарлар, жұмыс іздеймін деген әр жұмыссыз азаматтар мен  жеке әңгімелер жүргізіліп отырады.  Жұмыс іздеушілер клубының мамандыры есеп беру айында 32 семинар өткізіп, оған  белсенді жұмыс іздеуші және оқуға талап білдірген 283 жұмыссыз азаматтар қатысты, оларғңа жұмыс іздеудің және тиісті құжаттарды толтыру жолдары үйретілді. Сонымен қатар 220 азаматтар мен жеке түсініктемелер мен  кеңестер жүргізілді, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 54  адам.

      ҚР  “Халықты жұмыспен қамту”, “Еңбек  туралы” заңдарының орындалу барысын  тексеру,  бос  жұмыс орындарын  анықтау мақсатында қаладағы 809 мекемеге тексеру жүргізіп, 916 жұмыссыз азаматтарға кеңестер мен түсініктемелер берілді. Жыл бойына жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамту бөлімінің мамандары “Халықты жұмыспен қамту” заңын бұрған 743 адамдарды есептеп шығарды, оның ішінде ұсынылған 2-3 жұмыстан бас тартқаны 309 адам, уақытылы белгіленуге келмеген 420 адам, жұмыспен қамтылғанын жасырғаны 14 адам.

      Кәсіби  мамандықтарға оқыту және қайта  даярлауды ұйымдастыру мақсатында тендерден өткен және оқыту лицензиясы бар үш білім беру мекемесімен  3 жақты келісім-шарт жасалды. Жыл басынан бері ЭВМ операторы 1-С есеп-қисап, шаштараз, хатшы референт, фермер, дәнекерлеуші және кат. В, ...,С жүргізүші мамандықтары бойынша 260 адам қайта даярлауға жіберілді. [11 28-29 б.б]

      Жыл басынан жұмыссыз азаматтар өз кәсібін ашуға көмек көсету мақсатында кіші және орта кәсіпте дамыту бағытында “Салық және кедендік реттеу”, “Кіші кәсіпкерлікті қаржыландыру”, “Өз ісіңді баста”, “фермерлік шаруашылықты қолдау” атты семинар өткізілді, оған 120 жұмыссыз қатысты.

      Еңбек нарығындағы әлеуметтік шиеленісті шешу арқылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүргізіліп отыр. Болашақта қоғамдық жұмыстың дамуына үлкен қор бөліну көзделініп отыр, бұл уақытша жұмыс орнын ашу, әлеуметтік қажетті бағытта жұқмыс жасау және қосымша айлық табыспен қамтамасыз ету.

      Еңбек нарығында жағдайы төмен жанұялардың  есептері алынып, оларды бірінші кезекте  жұмысқа орналастыру қаралған. Зерттеу  барысында әлеуметтік қорғауды  қажет ететін 178 жанұя, оның ішінде 1425 адамы тіркелген. Әлеуметтік қорғау шаралырының барысында аз қамтылған 612 адам жұмысқа орналастырылып, 378 адам қоғамдық жұмысқа қамтылып, оқуға жіберілгені 150 адам.

      Жалпы жұмыссыздық мәселесі әрқашан болған және болады да. Мемлекеттік жұмыссыздықпен күресте көптеген іс-шаралар атқарып жатыр, кедейшілікпен күреске арналған арнайы бағдарламалар да жасалып жатыр. Іс-шараларға келетін болсақ,  мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен халыққа көптеген әлеуметтік көмектер көрсетіп жатыр. Кедейшілік деңгейін бәсеңдетудің түрлі жолдары қарастырылуда. Дегенмен, еліміздгі кедейшілікпен күрес саясаты толыққанды  жүргізілуде деп айтуға әлі ерте. Олай дейтін себебім, көптеген әлеуметтік мәселелерге жергілікті әкімдер жүрдім-бардым қарап отыр.  Қолдарында нақты ақшасы мен билігі болғандықтан, олар алдымен өзжағдайларын күштейтіні де жасырын емес. әкімдердің өздері басқарып отырған аймақтағы кедейлік көрсеткішін төмендетіп, орталыққа ақпарат беруге машықтанып алған деуге негіз бар. Өйткені, жыл сайын мыңдаған жұмыссыздар еңбекпен қамтылып жатқанымен нәтиже көрінер емес, “Баяғы жартас – сол жартас”  қалпында қалып келеді. Әлде,  жергілікті әкімдерге мұндай әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға жәрдем ақыны өз қалталарынан төлемегеннен кейін бәрі бір ме? Немесе әкімдік тарапынан уақытша, мерзімдік жұмыстарға тартылған азаматарға төленетін жалақы мөлшері мардымсыз, шамамен 5-6мың тенге төңірегінде.  Мұндай жұмыс істгеннен гөрі жұртқа сол мөлшерде төленетін жәрдемақысын алып үйінде отыра беруі әлдеқайда тиімді. Сондықтан да елді табыс табуға баули отырып, оларға жан-жақты кәсіпшіліктің қыр-сырын меңгеруге ықпал жасау керек. Осы арада бір малы бар екен деп жағдайы нашар адамдарға жәрдемақы төлемей қою дұрыс болмайтын шығар.  Қарап отырсаңыз сол малды ұстауға да қосымша шығындар кететінін екерсек, онда бұл әбестік болар еді.

      Әкімдер осы істі қолға алғанда ғана жұмыссыздық азайтуға мүмкіндік туады. Мұндай шараны халық сирек орналасқан ауылдық жерде жүзеге асыру қиынның қиыны. Ал Қазақстандықтардың 40%-н осы ауыл тұрғындары құрап отырғанын ескерсек, оладың басым бөлігін қалалардың айналасына  шоғырландыру одан да қиын. Өйткені, бұл жанжарға тұрғын үй тауып беру тұрмақ, екі қолға бір жұмыс тауып берудің өзі оңай шаруа болмақ емес.

      Қалаларда жаңа технологиялар алып келіп, жұмыс  орындары ашылмайынша аталмыш шаруа  шешеімін табуы екі талай деуге негіз бар. Оның үстіне шикізаттаң барлығы дерлік шетелдіктердің қолында болғандықтан, тауарлардың өзіндік құны жоғары. Біз қаншалықты еңбеккерлер мен зейнеткерлердің жалақсын арттырып отырғанымызбен , ол әрбір инфляция жетегінде кетіп жүр. Әсіресе, осындай кедей отбасылар қатты зардап шегері жасырын емес.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері 

      Осы уақытта біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандардың қайта дайындаудың  тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындардың толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дірежеде қоғамның өндіргіш  күштерінің дамуын тежеді.  Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмысорындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал  ол, өз  кезегінде жұмыс күшінің қардарлығын тудырды. Және де, қардарлық экстенсивті типтігі шаруашылық механизімінен қолдану тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді боллды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төменділігінің және жұмыскерлердің өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл – шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиісті еді.

      Оның  есесіне жұмыскерге, белгілі бір  жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен үсыным еркідігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерелдіңбелсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолданыуна тек қана мемлекет белгілегенеңбек формаларының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

      Кадрларды тұрақтандыруға “жас маман” институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік  шартқақол қою сияқты тікілей  әдістер, тиісті жұмыс  уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында ісеген жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. өздерінің қабілетін толығырақкөрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалмда төлқұжаттәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығаруға  кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизімі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылады. Соның нәтижесінде, экономикалық еңбекті ауыстыру заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық еңбекті ауыстыру  заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек,  ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.

      Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі  бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын  ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік  жолдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш  Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ  АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс тарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы: Францияда,  өндірісте жіне басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі  мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.

      Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске  қажетті жұмыс күші мен олардың  жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар  өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе  2 йдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар, ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орнын алып отырғанын көрсетеді.

      Бұл жағдайлар, қазірде нарықтық экономикаға  өту кезеңін басынан кешіріп  жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Және бұл процесс өте шиеленістіжағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде  көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезінде мемлекетік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен  қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның нәтижесінде шикізаттың және жабдықтың қардарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсііпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда, жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбвлвс болып табылады.  Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға салалын тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса,  онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағжай жасайды.

Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде. 2