Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І тарау. Жұмыссыздық және жұмысбастылық .
1.1 Жұмыссыздық және жұмысбастылық түсінігі.
1.2 Оукен
заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
ІІ тарау. Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы.
- Жұмыссыздықтың экономикалық проблемалары.
- Көші-қон іс-әрекеттерін макро деңгейде талдау.
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықдық мәселесі
1.1Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету.
1.2 «
Жол картасы» бағдарламасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қолға алынған курстық
Соңғы жылдары жұмыссыздық
Ең алдымен жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жоғарыда айтылған көрсеткіштермен байланыстылығын ашу үшін жалпы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалпы теорияларын біліп алған дұрыс. Сонымен қатар бұл байланыстылықтың маңыздылығын түсіну үшін модельдер құрастырып, зерттеуді ықшамды етіп мысал келтіре қарастырғанды жөн көрдім.
Жұмыссыздық пен жұмысбастылық түсінігімен бірге Оукен заңы мен Филлипс қисығына тоқталу аса маңызды. Жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы ЖҰӨ-нің төмендеуіне алып келеді. Осы Оукен заңы жұмыссыздық пен ЖҰӨ-нің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Жұмыссыздықтың демографиялық көрсеткіштермен байланысын көші-қон іс-әрекеттерін мысал ретінде көрсетіп түіндіріледі. Мұнда Киреев бойынша елдің негізгі жұмыс күшін қалыптастырушы – көші-қон деп түсіндіріледі. Және көші-қон әртүрлі елдер мен аймақтардың еңбек ресурстарының саны мен құрамында өзгерістер тудырады.
Жаңа экономикалық жағдайларда ескі шешілмеген проблемаларға жаңа проблемалар қосылып отырады. Қазақстан еңбек нарығының қйын қалыптасуының себебі оның инвестициялық потенциялының төмендігі, соған байланысты жұмыс орындарының аздығы, және жұмыс күші бағасының өз тиісті бағасынан өсуі, сонымен қатар жұмыссыздықтың төмендемеуі.
Жұмыссыздықты зерттегенде республикадағы жұмыссыздық жағдайын қарастыра отырып, негізгі проблемаларды анықтап алу керек. Сөйтіп, жұмыссыздық деңгейін төмендеду мәселелерін қарастырған жөн.
І тарау.
ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
- Жұмыссыздық пен жұмысбастылық түсінігі
Жұмыссыздық - деңгейі бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші.
Егер азамат жаңа жұмысқа
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын
(U) бүкіл экономикалық белсенді халық
санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен
көрсетіледі:
Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны.
Ол Халықаралық
еңбек ұйымының әдісі бойынша
және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен
есептелінеді.
Жұмыс
күші құрамындағы жұмыссыздық
мұндағы салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады.
Толық жұмысбастылық
Басқа сөзбен айтқанда , толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі цикілдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайда ғана жетеді . Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықты “ жұмыссыздықтың табиғи ( шынайы ) деңгейі ” деп те аталады Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “ экономиканың өндірістік әлуеті ” деп аталады . Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты ( шынайы ) көлемі . Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе – теңдік жағдайында болғанда , яғни жұмыс іздеушілер мен бос орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнады . Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - өң өлшем , өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек . Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек . Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса , онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз ; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады . Басқа жағынан қарағанда , жиынтық сұранысы артық болған жағдайда , жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады , яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады . Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады . Еңбек күші нарақтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады .
“ Табиғи ” термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп , өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді . Біздің іскерлік циклдары қысқаша шолуымызды экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік . Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейінен төмен де болуы мүмкін .
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
де өз алдына тұрақсыз көрсеткіш
. Ол кезеңді түрде еңбек
күші мен институционалдық
өзгерістерімен байланысты демографиялық
қозғалыстар әсеріне түседі
.
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады , ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады . Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталатын факторды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз .
L – жұмыс күші , E – жұмысшы саны , ал U – жұмыссыздар саны . Әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы , не жұмыссыз болатындықтан, онда :
Ендеше , жұмыс күшінің
жиыны жұмысшы мен
үшін , жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы 2 – ші сызбада көрсетілген . s – жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші , яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі , f – жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші , яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі .
Егер жұмыссыздық деңгейі
өзгермейтін болса , яғни
еңбек нарығы тұрақты , онда
жұмысқа жалданғандар саны
жұмыстан шығарылғандар санына
тең болуы керек . fU –
жұмысқа жалданған адамдар
саны , ал sE – жұмысын жоғалтқан
адамдар саны және бұл
екі шама тең болуы
керек :
Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін тадуымызға болады . E=L – U , яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең . Бұл fU = s( 1 – U/L) екенін білдіреді . Теңдіктің екі жағын да L – ға бөлеміз , сонда :
Теңдеуді
түрлендірсек ,
Бұл теңдеу U/L жұмыссыздық деңгейінің жұмысқа жалдану мен жұмыстан шығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді . Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса , жұмыссыздық та соншалықты жоғары . Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса , жұмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады .
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлесі қарапайым , бірақ маңызды қорытынды шығады . Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару деңгейінің төмендеуіне , не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болуы керек . Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздақтың табиғи деңгейін де ауыстырады .
Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің
көрсеткіші және жұмыстан шығару
мен жұмысқа орналастыру деңгейлерінің
көрсеткіштері арасындағы байланысты
көрсетсе де , ол негізгі сұраққа
жауап бермейді . Егер адам
кез келген уақытта тез жұмыс
табатын болса , жұмысқа олналасу
деңгейі өте жоғары , ал жұмыссыздық
деңгейі нөлге жақын болар
еді . Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық
деңгейі жұмыс іздеу үрдісі
қандай да бір уақытта жалғасатынын
болжайды . Келесі екі бөлімде
жұмыссыздық орын алуының екі
негізгі себебін қарастырамыз ,
олар: жұмыс іздестіру проблемалары
мен жалақының қатаңдығы .
1-сурет. Жұмысы барлар қатарынан жұмыссыздар қатарына ауысу және
керісінше . Белгілі уақыт аралығында жұмыс істейтін адамдар
бөлігі ( s ) өзінің жұмыс орындарын жоғалтады , ал жұмыссыздар
бөлігі
( f ) жұмыс табады . Жұмысқа
орналасу мен жұмыстан шығу
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:
- фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
- құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
- циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
- маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді.
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық” деп атайды.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық
түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында
жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе
ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін,
бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен
ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс
істеушілер қатарында болып есептелінеді)
және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта)
жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады.
Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті
толық жұмыс істемеушілік деп атайды.
/1, 59-67бб./.
- Оукен заңы және ЖҰӨ. Филлипс қисығы.
Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелділік бар ? Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады , ал жұмыссыздар атқармайды , осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін тигізеді .Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арсындағы жағымсыз тәуелділік , бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші , экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады .
Суретте Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі . Суретте пиктограмма болып табылады , ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады ( бұл жағдайда – белгілі бір жыл бойынша ) . Горизонталь ось бойынша өткен жылмен салыстырған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген , ал вертикаль ось бойынша – пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны көрсетілген . Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген . Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейінде заң өлшемділігі болады , яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен , капиталдың жиналуымен және ғылыми – техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп , 30 пайызды құрады . Сонымен қатар , әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1 пайызға , нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқынын 2 пайызға төмендетеді . Сол себепті , жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8 пайызға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды : 3 – 2 х ( 8 – 6 ) = - 7 %
Осыған байланысты , Оукен заңы бойынша , экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1 пайызға төмендейді .
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді :
Y – Y * - β (U –U* )
————
Y*
Мұндағы : Y - нақты өнім көлемі ;
Y*- потенциалды ЖҰӨ ;
U-нақты жұмыссыздық деңгейі ;
U*-табиғи жұмыссыздық деңгейі;
β –эмпирикалық коэффициент.
Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы
2-сурет. Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша- нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылға сәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағыты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді. /1, 79-80бб./ б
Филлипс қисығы жұмыссыздық мөлшері мен ақшалай жалақы мөлшерінің аралығындағы қарама-қарсылықты көрсетеді. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендейді. Басқаша айтқанда, жалақы инфляциясы мен жалақы аралығындағы өзара байланыс.
Филлипс қисығы жалақы
(1)
Жұмыссыздықтың
натуралды мөлшеріне
деп алып, Филлипс қисығын былай жазамыз:
Мұндағы жалақының жұмыссыздыққа қатысын өлшейді. Бұл теңдеу бойынша жұмыссыздықтың мөлшері натуралды мөлшерден асқан кезде жалақы азаяды, яғни ; жұмыссыздықтың натуралды мөлшерден төмен болғанда, жалақы артады.
Филлипс қисығында жалақы мен баға жиынтық сұранымдағы өзгерістерге қарай біртіндеп реттеледі. Неліктен? Экономика тұрақты бағамен тепе-теңдікте және жұмыссыздық натуралды мөлшерде, ал ақша қоры 10%-ке өсті дейік. Экономика қайтадан тепе-теңдікте болуы үшін баға да, жалақы да 10%-ке өсуі керек. Алайда Филлипс қисығы көрсетіп тұрғандай, жалақы 10%-ке артуы үшін жұмыссыздық мөлшері төмендеуі керек. Бұдан жалақы мөлшері артады. Жалақы өсе бастаса, баға да көтеріледі. Осылайша экономика жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы өнім деңгейі мен жұмыссыздыққа қайта оралады.
Сол тұста ақша қолрының артуынан жұмыссыздық
қысқарады. Мұны (2) теңдеуді жалақының
бүгінгі деңгейі мен бұрынғы деңгейін
ескере отырып қайта жазамыз.
[1
(2a)
Жалақының бұрынғы деңгейінен
жоғары болуы үшін жұмыссыздық
натуралды деңгейден төмен
(2) теңдеуде көрсетілгендей, Филлипс
қисық сызығы деген ұғым
3-сурет 1960 жылдарғы АҚШ-тағы инфляция
мен жұмыссыздық туралы
3-сурет.
АҚШ-тағы инфляция мен
Д е
р е к к ө з і: DRI/McGraw-Hill.
Суреттегі У осі инфляция мөлшері(процентпен)
болып табылады. Ал Х осі жұмыссыздық мөлщері(процентпен).
1969(3,5-5); 1968(3,6-4,4); 1967(3,7-3,1); 1966(3,8-3); 1965(4,5-2);
1954(5,2-1,5); 1963(5,4-1,5); 1962(5,5-1,7); 1961(6,7-1) жылдар
жұмыссыздық пен инфляция мөлшерінің
қиылысу нүктелері.
ІІІ тарау. ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ.
2.1 Жұмыссыздықтың
экономикалық проблемалары.
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй
шаруашылықтарының белгілі бір
бөлігін (кейде едәуір көлемін)
Сонымен,
жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін
қазыналық жоғары шығындарды, адам
капиталынан айырылуды, әлеуметтік
саралардың күшеюін, жастар проблемасының
шиеленісуін білдіреді. /3/.
Демографиялық
көрсеткіштердің жұмыссыздыққа
әсері.
2008ж/ң аяғында:

- Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері
- Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары
- Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
- Жұмыссыздықтың экономикалық мәні және мазмұны
- Жұмыссыздың мәні,салдары
- Жұмыссызыздық түсінігі
- Жұмыссысздық
- Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде
- Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде
- Жұмыссыздық мәні себептері
- Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары
- Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі
- Жұмыссыздық түсінігі
- Жұмыссыздық түсінігі