Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Т. Рұсқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Экономика және қаржы институты
«Экономика» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Экономикалық теория» пәні
ТАҚЫРЫБЫ: Жұмыссыздық: себебі, түрлері және реттеу әдісі
Орындаған: Елеусіз Ләйла Т.
108 топ студенті 1 курс 2ж/о, с/б
Жетекші: Ғалымжанова Сауле Б.
МАЗМҰНЫ
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Жұмыссыздыққа жалпы шолу
- Жұмыссыздық түрлері
- Жұмыссыздық көрсеткіштері
- Жұмыс іздеу және жұмыссыздық
- Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық
- Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық
- Жұмыссыздықтың деңгейі
- Жұмыссыздықтың себептері
- Жұмыссыздықтың алдын алу жолдары
- ҚОРТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР
КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда Қазақстанның жеке мемлекет болып Егемендік алған күннен бергі жылдарында жұмыссыздықтың жақсы қарқынмен төмендеп келе жатырғанын байқаймыз. Жұмыссыздықты толық жоққа шығара алмаймыз. Статистикалық жинақтарға сүйенсек 1991 жылы жұмыспен қамтылғандар құрамы бойынша 95,8% кәсіпорындарға жалданып жұмыс істесе 4,2 % өз бетінше жұмыс істейтіндер қатарына жатады. Ал қалған пайызы жұмыссыздықты құрды. Қазіргі кезде елдегі экономикалық белсенді, яғни жасы 15-тен асқан еңбекке жарамды жастағы адамдардың саны 7,9 миллион болды. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,4 мың адамға, яғни 0,3 пайызға артық деген сөз.
Сондықтанда осы курстық жұмысымның масқаты макроэкономикалық талдау жасап жұмыссыздық жағдайының деңгейін анықтау. Аумақтағы негізгі талдауға:
- жұмыссыздыққа жалпы шолу
- аймақтар арасындағы яғни Қазақстан еліндегі жұмыссыздық жағдайын талқылау
Осы келтірілген екі талдауды топтай келе еліміздегі аймақтарының экономикасының қай көлемде дамып келе жатырғанына көзімізді жеткіземіз.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ЖАЛПЫ ШОЛУ
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгілінген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезеңде жұмысқа кіруге әзір болды. Жұмыссыздықты қарастыра отырып оның үш түрге бөлінетінін айта кетуіміз керек. Олар: уақытша, құрылымдық жене циклдік.
Уақытша жұмыссыздық. Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде «жұмысаралық» жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасындағы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.
Осы жұмыссыз адамдар
жаңа жұмыс орнына немсе уақытша
жоғалтқан жұмысқа қайтып келген
кезде, олардың орнын басқа
Уақытша деген анықтама
бұл құбылыс мәнін нақты көрсет
Уақытша жұмыссыздық «міндетті» және «ерікті» болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар- өздерінің төмен жалақы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы өндіріс көлемінің ұлғаюы.
Құрылымдық жұмыссыздық.. Уақытша жұмыссыздық ақырындап «құрылымдық жұмыссыздық» деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер «құрылымдық» тирминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдында еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтежиесінде кейбір мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірбиелері нарық сұранысына сәйкес келмейтіне көздері жетеді, олардың тәжірбиесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрлымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының «қысқы белдеуден» - «жазғы белдеуге» миграциясы мысал бола алады.
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда «сатуға» болатын тәжірбие бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыру керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.
Цикілдік жұмыссыздық. Цикілдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті цикілдік жұмыссыздықты кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Жұмыссыздықты сипаттайтын кейбір қосымша мәлеметтерге жүгінейік. Ол көрсеткіштер мемлекеттік саясаттың шараларын бағалауға көмектеседі.
Еңбекке жарамды жұмыспен
қамтылған халықты –
Толық жұмысбастылық халықты жұмыссыздықтан шығармайды, бар болуын қамтиды. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп санайды. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи кезеңі» деп атайды. Жұмыссыздық табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі «экномиканың өндірістік әулеті» деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты көлемі. Толық жұмысбастылық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз- оң өлшем, өйткені уақытша жумыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді дегенді білдіреді. Осындай жағдайды жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Екінші жағынан қарасақ жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады.
«Табиғи» тирмині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді. Іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі өз алдында тұрақсыз көрсеткіш.
Ол кезеңді түрде еңбек күші мен
инситуциональдық өзгерістермен байланысты
демографиялық қозғалыстар әсер
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады. Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайы жұмыс күшінің үлесімен анықталады. Берілген бөлімде жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен анықталатын, яғни жұмыс күші жұмысшы саны мен жұмыссыздар санына тең болады. Ал жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар санын жұмыс күшіне бөлу арқылы байқаймыз.
Егер жұмыссыздық деңгейі өзгермейтін болса, яғни еңбек нарығы тұрақты, онда жұмысқа жалданғандар саны жұмыстан шығарылғандар санына тең болуы қажет. fU- жұмысқа жалданған адамдар саны, ал sE жұмысын жоғалтқан адамдар саны деп аламыз. Бұл екі шама тең болуы керек:
fU=sE
Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтық тұрақты днңгейін табуымызға болады. E=L-U, яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыссыздар азайтқанға тең. Бұл fU=s(L-U) екенін білдіреді. Теңдіктің екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда
F(U/L)=s(1-U/L) шығады.
ЖҰМЫС ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Жұмыссыздық сепебтерінің біріне жұмыс күші құрлымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады.
Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Мысалы, дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты, ал ол жазу машиналарына шығаратын өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетеді. Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті. Онан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар өндіргендіктен, бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Мысалы мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады. Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.
Құрылымдық ығысу ұдайы болғандықтан және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажеттілігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипаты болады.
Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың жұмысшысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасында сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ УАҚЫТША ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Уақытша жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықты табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама тартады. Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкіндік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді.
Керсінше, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санан ұлғайтатын мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарлама бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мүмкін. Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әр түрлі жалақы алады.
Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптарын жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді.
Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің көтерілуі туралы факт, бұл саясаттың қажеттсіздігін білдірмейді. Оның жағымды жағы – жұмысшыларды нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Одан кейін жұмысшылардың ұнамсыз жұмысққа қарсы болуына жағдай жасап, бұл саясат мүмкін жұмыс күші мен жұмыс орындары құрлымының сипаттамаы арасындағы тура сәйкестікті орнатуға жағдай тудырады. Салыстырмалы нәтежиелік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әр түрлі жүйелерінің құнын бағалау қиын проблема.
Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселлесін зекріттейтін экономистер, көбінесе жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолданын ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратны фирмаға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемді түрде төлеуді ұсынады. Бұндай жүйе жүз пайыздық жүйе деп аталады, себебі әр фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын белгілейді. Қолданыстағы бағдарламлардың көбі ішінара өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан босатылған жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшылардан құтылу пайдалы.
Жұмыссыздықтың екінші себебі – жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Жалақы ешқашанда икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе-теңдіктен жоғары болады.
Жалақының қатаңдығы
салдарынана болатын
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
ЕЛДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ
«Казакстанская правда» газетінің 29.11.2005 жылғы №325-326 (24935-24936) нөмірінде еліміздегі жұмыссыздық жағдайының төмендеген жайында мақала жарық көрді. Онда 2005 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық 620,8 мың адамның құрағанын айтқан. Бұл болжам 2004 жылмен салыстырғанда 13,4 мың. адам немесе 2,1 % есеге төмендегенін байқаймыз. Сонымен жұмыссыздық деңгейі 7,8% (2004 жылдың 3 тоқсанында -8,0%) құрайды. Жұмыссыздардың 257,3 мың. адамы ерлер болса (41,4%), 363,5 мың. адам (58,3 %) әйел адамдарды құрайды (1-ші кесте).
- ші кесте
ерлер |
әйелдер | |||||||
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 | |
Жұмыссыздар- барлығы |
338 |
283.8 |
281.4 |
281.1 |
442.3 |
407 |
390.7 |
377.7 |
соның ішінде жасына қарай: |
||||||||
15 |
1.9 |
2.1 |
1.4 |
0.8 |
1.4 |
1.0 |
0.7 |
0.3 |
16-19 |
48.9 |
33.2 |
34.6 |
36.3 |
46.9 |
35.5 |
33.4 |
36.0 |
20-24 |
65.1 |
59.6 |
55.7 |
59.1 |
76.3 |
61.6 |
62.7 |
59.1 |
25-29 |
46.5 |
36.4 |
44.5 |
46.9 |
62.9 |
58.3 |
57.4 |
58.9 |
30-34 |
33.0 |
27.2 |
34.0 |
30.5 |
56.5 |
52.4 |
56.7 |
58.4 |
35-39 |
35.6 |
30.3 |
28.8 |
27.6 |
60.6 |
54.5 |
49.9 |
39.7 |
40-44 |
37.6 |
31.5 |
29.7 |
24.5 |
52.8 |
54.5 |
47.0 |
40.3 |
45-49 |
29.0 |
26.1 |
21.4 |
24.0 |
40.0 |
41.1 |
39.5 |
37.2 |
50-54 |
18.8 |
20.8 |
17.3 |
16.0 |
30.2 |
33.9 |
31.0 |
32.3 |
55-59 |
11.5 |
9.4 |
8.6 |
10.4 |
7.7 |
10.6 |
10.5 |
14.2 |
60-64 |
8.7 |
6.9 |
5.4 |
4.8 |
5.4 |
3.3 |
2.0 |
1.4 |
65 және жоғары |
1.4 |
0.3 |
- |
- |
1.7 |
0.1 |
- |
- |
Жұмыссыздар құрамындағы 28,1 % - 15-24 жас аралығындағы, 16,6% -30-34 жас аралығы, 35-39- аралығы 9,8%, 40-44 жас аралығы 12,6% көрсетеді. Жастар арасындағы жұмыссыздар деңгейі 12,6% ( 2004 жылдың 3 тоқсанында- 13,6%) төмендегенін байқаймыз Соңғы төрт жылдың мәліметтерін салыста отырып жұмыссыздық деңгейін 2- ші кестеден байқайық:
2- ші кесте
Барлығы | ||||
2001 |
2002 |
2003 |
2004 | |
Жұмыссыздар- барлығы |
780.3 |
690.7 |
672.1 |
658.8 |
соның ішінде жасына қарай: |
||||
15 |
3.2 |
3.1 |
2.1 |
1.1 |
16-19 |
95.8 |
68.7 |
68.0 |
72.3 |
20-24 |
141.4 |
121.2 |
118.5 |
118.2 |
25-29 |
109.4 |
94.7 |
101.9 |
105.8 |
30-34 |
89.4 |
79.6 |
90.6 |
88.9 |
35-39 |
96.3 |
84.8 |
78.7 |
67.3 |
40-44 |
90.4 |
86.1 |
76.7 |
64.2 |
45-49 |
69.0 |
67.2 |
60.9 |
61.2 |
50-54 |
49.1 |
54.8 |
48.3 |
48.3 |
55-59 |
19.2 |
20.0 |
19.1 |
24.6 |
60-64 |
14.1 |
10.2 |
7.4 |
6.3 |
65 және жоғары |
3.2 |
0.4 |
- |
- |
Осы жоғардағы келтірілген кестеден байқағанымыздай жұмыссыздықтың басым көпшілігі әйел адамдар құраған.
Арнайы жұмыссыздар тіркелу орындарында 2005 жылдың қыркүйек айының соңында берген есептерінде 103,8 мың. адам тіркелгенін айтты. Ал алдыңғы жылдардағы жұмыссыз халықтық деңгейін біз 3-ші кестеден байқаймыз (Қазақстан Республикасының статистикалық Агентігі «Регионы Казахстан 2004 год.»). Осыдан байқағанымыздай жұмыссыздар саны төмендейді.
Осы 3 тоқсанда 7,3 млн. адам жұмыспен қамтылған. 2004 жылдың 3 тоқсанымен салыстырсақ 44,9 мың. адамға немесе 0,6%-ға өскенін байқаймыз. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде ерлер -3,8 млн. адам, 3,5 млн. адамды әйелдер құрайды.
Қазақстанда жылдан жылға жұмыспен қамтылғандар саны өскен сайын жұмыссыздықта өріс алып келе жатыр. Мысалға, соңғы 3 жылда экономикада 126 мың адам жұмыспен қамтылса, арнайы жұмыссыздар тіркеу орындарында жұмыссыз халық саны 30 мыңға өскен. Бұл экономика заңы.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей әр аймақ әр түрлі өнім өндіргендіктен, яғни өндіріс орындарына сұраныстың болуына байланысты жұмыссыздық деңгейі бірдей болмайды. Мысалы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 60% арнайы жұмыссыздықпен айналыстан орындарға тіркеледі. Ал Қызылорда, Алматы облысы, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан, Ақмола областарында 20-40% ғана тіркелген.
Осы берілген мәліметтер Статистикадан алынған. Бірақта Статистикаға жүгінсек бер жағы сан болғанмен санның арғы жағында халықтың өмірі тұр. Еліміздің ертеңі әлеуметтік экономикасының дамуы осы статистика мәліметерінде тұр.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ
Жұмыссыздық біз үшін яғни Қазақстандықтар үшін қауіп төндіріп тұрған жоқ. Неге? Өйткені бізде көптеген өндіріс орындары бел алып жатыр. Ал жұмыссыздықтың себептерінің бірден –бір белгісі жұмыссыз халықтан сұрасақ «жұмыс таба алмай жүрміз» дейді, ол жұмыстың мүлдем болмауы емес, ол өзінің ойынан шығатын жұмысын кездестіре алмауы немесе жұмысқа деген ынтасының аздығы.
Қоғам үшін жұмыссыздық қолайсыз, өйткені оның салдарынан жалпы өнім өзінің потенциалды деңгейінен төмен болды. Жұмыссыз адам басқалар тәрізді табыс таппағанына қанжылады. Және жұмыссыздық жағдайына байланысты өзінің адамгершілік қадір- қасиеті де кемігендей сезінеді.
Жұмыссыздықты қысқартқаннан
потенциалды пайда табатынымыз
белгілі. Циклдік жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың алдын алу жолдары деп еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына ат салыса білуіміз керек. Аймақтардың әлеуметтік даму салаларының аса өткір мәселелерінің бірі –кедейлік деңгейін азайту, осы мәселеден құтылудың алғы шарты- жұмыссыздықты жою. Қазіргi кезде бiз уақытша жұмыссыздықтан гөрi жартылай немесе оның басқа түріндегі болып тұратын жұмыссыздыққа жиi тап болып жүрміз. Бұл жағдай тұрақты жұмыссыздықтың көлемін азайтуға жол бермей келеді. Сонымен бiрге кедейлiк те өз позициясын жоғалтатын емес. Жұмыссыздар мен кедейлер арасында жұмыссыздықтың ұзақ мерзімге созылу салдарынан бiлiктiлiгiнен толық немесе iшiнара айрылған адамдар санының басымдығы орын алуда. Соның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық айрықша алаңдады.
Мәселен, әлеуметтік дамудың, жанұя экономикасының нығайуының, еңбекке жарамды азаматарымыздың жан жақты білім және кәсіби мамандық алуының, еңбек етудің кажеттігін түсінуінің экономикалық дамудың алғы шарты екенін білеміз. Оның үстіне әлеуметтік даму жүйесін шағын және орта кәсіб орындарының жеке меншігіне біртіндеп, реті келсе бүтіндей өткізе берудің қажеттігі тұр. Айта кету керек өркендеген шет елдерде әлеуметтік даму салалары түгіл, мемлекеттік қызмет жүйесі де жеке меншікке өтуде (приватизациялануда). Нарықтық қатынастар жақсы дамыған шағында біздің елімізде де осылай болатыны даусыз.
Әлеуметтік дамудың маңызды бағыты оның елге, адамға қызмет жасайтын салаларын қайта құру, реформалау. Бұл жұмысты іске асыру тек қана үкіметтің міндеті емес. Оған мемлекетіміздің аймақтық және экономикасын басқарып отырған орындардың, сол елдің тұрғындарының, экономикалық салаларының тікелей міндеті. Қазір экономикалық және қаржылық мүмкіндіктері айқындалып, кемелдене бастаған аймақтарымыздың экономикасы жаңа тұтыну тауарларын өндіріп, әлеуметтік ахуалдарға қажетті мүмкіндік жасай алатындай дәрежеге жетіп келеді.
Рас, инфляция деңгейінің жоғары болуымен, өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықпен сипатталған экономикалық қиындықтар мен дағдарыстың алғашқы жылдарында, дәлірек айтсақ 90 жылдардың басында әлеуметтік саланың даму мүмкіндіктері шектеулі болды. Қазір елімізде ірі он төрт облыс және екі қала бар. Облыстар орналасу барсысына қарай табиғи ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі деңгейде дамуда. Әр аймақ өзіндік өндіріс күштерімен ерекшеленуде, олардың әрқайсысы жер қойнауларындағы байлықтарын және қолда бар нарықтық күштерін дұрыс пайдалануға қолы жетуде.
Соңғы кезеңге дейін Қазақстан бұрынғы Советтер одағының шикізат көзі болып келгені бәрімізге аян. Елімізден шыққан шикізат басқа елге сатылып, сол шикізатты өнделген күйінде қымбат бағаға қайта сатып алынып отырғаны да беймәлім емес. Ендігі біздің міндетіміз еліміздің экономикасын дамыту, қолда бар шикізат қорларын тиімді пайдаланып, аймақтардың тұрмыстық деңгейін көтеру және әр өлкеде жандана бастаған өндіріс орындарын жоғары технологиялық өндеу өндірістерін құру, шағын және орта кәсіптікті белсенді түрде қолдап жұмыссыздыққа жол бермеу, жұмыс күштерін көбейту.
Кейінгі жылдардағы аймақтардың
экономикалық дамуы нәтежиесі өткен
жылдармен салыстырғанда
Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, еліміздің экономикасын көтерудің жолдарың бірі - сыртқы елдермен байланысты нығайту, дамыған мемлекеттермен сауда саттық көлемін өсіру, тәжірбие алмастыру, олардан оқып – үйрену, бірлескен серіктестіктер құру. Еліміздің сыртқы экономикалық қызметін жақсатру дегеніміз экономикалық байланыстырды тереңдету, аймақтар экономикасын шетел инвестициясын тарту арқылы және аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму бағытын одан әрі күшейту деген сөз. Бірақ, біздегі жағдай әлемдік тәжірбиеге сәйкес емес: келген шетел инвестициясының шикізат саласына құйылуы басым.
Еліміздегі аймақтардың экономикасының жағдайын көтеру арқылы ғана біз жұмыссыздыққа қарсы тұра аламыз. Ол үшін, яғни, аймақтардың экономикасын көтеру үшін өнеркәсіптің жаңа салаларын шетелдік инвестицияларымен батыл қамтамасыз етіп, өзіндік қаржы жүйесін жандандыру арқылы экономикамыздың құрылымын (структурасын) жақсарту керек. Біздің қуанарлық жағдайымыз орта және шағын кәсіпкерлеріміз экспорттық өнімдерді шығаруға бағдар түзеп отыр. Бірақта олардың ішінде өндірістік кәсіпкерлер санаулы да, негізінен сауда- саттық, тасымалдық және басқа да қосымша кәсіпкерлікпен айналысуда. Бізше сол өндірістік кәсіпкерлікті өсіру, басымдылығын арттыруға мемлекет қол ұшын беру керек сияқты. Мысылы еліміз мұнай, астық өнімдеріне, жер қойнауы пайдалы қазбалаға (Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 Қазақстан жерінен табылады) бай. Мұнай-тек жанар-жағар майғана емес, бұл шикізат көзінен көптеген өнім өндіріледі. Неге осы шикізат көздерін елімізде өндіріп экспортқа шығатуға ат салыспаймыз? Егерде елде осы шикізат көздерін өндіретін кәсіпорындар болса, оның ішінде мұнай өңдеу өнеркәсібін, мұнай химиясының өнеркәсіптерін және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін өніркәсіп орындарын дамытуымызға болады. Осы кезде ғана жұмыссыздар саны азаяып жұмыс күшіне сұраныс болады.
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуы қандай деңгейде дамуда немесе республикалық деңгейге сай келеме, әлде төмен бе, деген сұрақтар ертеңін ойлайнын ел азаматтары үшін жат сұрақ емес. Алдымен осы аймақтардың даму деңгейінің 2003 жылы өткен кезеңіне шолу жасайық. Ол үшін біз төртінші кестеде берілген еліміздің аймақтары, 14 облысы мен 2 қаласының 2003 жылғы статистикалық мәліметтерін пайдаланамыз. Ол мәліметтер он алты аймақ бойынша мына көрсеткіштермен берілді: жалпы аймақтық өнім, тура инвестиция, сыртқы сауда айналымы, қаражатпен қамтамасыз ету, шағын кәсіпорындардағы жұмыспен қамтылғандардың саны, жұмыссыздық деңгейі, жан басына келетін ең аз күнкөріс, табысы күнкөрісінен төменгі деңгейдегі халықтың үлесі, бөлшек сауда айналымы, негізгі қор. Бірінші кестеде бұл көрсеткіштердің жан басына шаққан, яғни әр аймақта тұратын бір адамға деп есептелген түрі берілген. Әлемдік тәжірбиеге қарасақ, осы жан басына шағылған көрсеткіштер аймақтарымыздың әлеуметтік дамуының өсу дәрежесін анықтауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштердің өзі де әлемдік тәжірбиеге сай, олардың бір-бірімен тікелей немесе қосалқы байланыстары бар. Сондықтан оларды адам дамуының көрсеткіштер жүйесі деп қарауға да болады. Осы себепті біз алдымен осы кестедегі көрсеткіштерді жеке-жеке талдап, содан кейін олардың өсу дәрежесінің салдар-себептерін қарастырып, қортынды жасауға тырысамыз.

- Жұмыссыздық түсінігі
- Жұмыссыздық түсінігі
- Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы
- Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері
- Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары
- Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
- Жұмыссыздықтың экономикалық мәні және мазмұны
- Жұмыссыздық және жұмыспен қамту
- Жұмыссыздық және инфляция
- Жұмыссыздық және оның ерекшеліктері
- Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде
- Жұмыссыздық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік мәселелері ретінде
- Жұмыссыздық мәні себептері
- Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары