Жұмыссызыздық түсінігі
Мазмұны:
Кіріспе.......................
І. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.
1.1. Жұмыссызыздық түсінігі және түрлері.......................
1.2. Жұмыссыздықтыңтопқа бөліп қарастыру және циклдық, құрылымдық жұмыссыздық...................
1.3 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету.......................
ІІ. Жұмыссыздық және инфляция.
2.1 Филлипстің қисық сызығы........................
2.2 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы...................
ІІІ. Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары.
3.1. Жұмыссыздықпен күрес.........................
3.2. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері...................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық – белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.
Адамның «Жұмыссыз» атануы мынандай себептері бар:
1. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады
2. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
І. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.
1.1. Жұмыссызыздық түсінігі және түрлері.
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
(1)
Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны./1,б/
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл–мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады.
| 15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың.адам | |||
I тоқсандағы | Анықтама: IV тқ. 2006ж | |||
2005ж | 2006ж | 2007ж* | ||
Жұмыссыз халық, мың. адам | 661,1 | 652,6 | 624,0 | 618,7 |
Жұмыссыздық деңгейі, % | 8,5 | 8,2 | 7,7 | 7,7 |
15-24жас аралығындағы Жұмыссыз ха- лық | 204,8 | 207,2 | 152,9 | 146,2 |
16-24жас аралығындағы Жастардың жұмыссыз деңгейі | 14,7 | 14,7 | 11,1 | 10,8 |
Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық деңгейі,% | 4,8 | 4,3 | 3,5 | 3,8 |
Жұмыспен қамтылған халық,мың. адам | 7102,7 | 7289,0 | 7489,9 | 7414,9 |
Жұмыспен қамтылу деңгейі,% | 62,6 | 63,2 | 64,1 | 64,4 |
Жалдамалы жұмыскерлер,мың. адам | 4563,0 | 4719,4 | 4897,8 | 4811,6 |
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың.адам | 2539,1 | 2569,6 | 2692,1 | 2603,6 |
Экономикалық белсенді халы, мың.адам | 7763,2 | 7941,6 | 8113,9 | 8033,6 |
Экономикалық белсенді халық деңгейі, % | 68,4 | 68,9 | 69,4 | 69,7 |
Экономикалық белсенді емес халық, мың.адам | 3587,1 | 3582,8 | 3574,8 | 3488,5 |
Экономикалық белсенді емес халық деңгейі, % | 31,6 | 31,1 | 30,6 | 30,3 |
1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2005-2007жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер
Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2007ж бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7,5 млн.адам. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 200,9 мың адамға не 2,8% көп. Жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64,5%-ды құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34,6%. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде – 81,3%-ды құрады.
Сол жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны (экономика- лық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс- сыздық деңгейі -7,7% құраған. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда 28,6 мың адамға немесе 4,4%-ға қысқарғанын көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер - 257,1 мың адам (41,2%),әйелдер-366,9 мың адам(58,8%)
| Барлығы | Оның ішінде | Анықтамалы:2006 ж I тоқсан | |||
ерлер | әйелдер | Барлығы | Оның ішінде | |||
ерлер | әйелдер | |||||
Жұмыссыз халық,мың адам | 624,0 | 257,1 | 366,9 | 652,6 | 277,0 | 375,6 |
Жұмыссыздық деңгейі,% | 7,7 | 6,2 | 9,2 | 8,2 | 6,9 | 9,6 |
15-24 жас аралығын дағы жұмыссыздар, мың адам | 152,9 | 78,5 | 74,4 | 207,2 | 97,0 | 110,2 |
Жастардың жұмыссыздық деңгейі,% | 11,1 | 10,4 | 12,1 | 14,7 | 12,7 | 17,2 |
Ұзақ мерзімді жұмыс сыздық деңгейі,% | 3,5 | 2,5 | 4,6 | 4,3 | 3,1 | 5,5 |
2-кесте - 2007ж. I тоқсанындағы жұмыссыздық.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, өткен наурыз айында республика экономикасында (бағалау бойынша) 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 303,0 мың адамға немесе 3,9 пайызға көп. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,4 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 66,6 пайызын құрады.
Жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 524,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарына наурыз айының соңына дейін ресми тіркелгендердің саны - 76,4 мың адам. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің ішінде экономикалық белсенді халықтың үлесі - 0,9 пайыз (2009 жылғы наурызда -0,8 пайыз).
Жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады.
1.2 Жұмыссыздықтыңтопқа бөліп қарастыру және циклдық, құрылымдық жұмыссыздық.
Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коеффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:
мұндағы салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі.
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды/4,536б./.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді.
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды.
1.3 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету.
Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
К.Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру/3,178-179б/.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:
Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;
Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр.
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты. Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру шаралары жүргізілуі қажет/6,171б./.
Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
ІІ. Жұмыссыздық және инфляция.
2.1 Филлипстің қисық сызығы.
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “с9раныс инфляциясы” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі.
Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша – несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың “қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру міселесін бөліп көрсеті керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді “жалған күту” дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның өсуі (мұнымен байланысты номиналды алаөының өсуі) жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Халық өзінің “жалған күтуін ” сезіп, номеналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбіктік ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуімен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда ( М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.
Бұл теориның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар ( 80-ші жылдардың 2-ші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт энерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті .

- Жұмыссысздық
- Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері мен ұйымдастыру
- Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқу болғандағы еңбекақы төлеу
- Жұмысшылырмен есеп айырысу
- ЖШС «Алтын диірмен» наубайханасының сипаттамасы
- ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» ұйымның жұмысымен танысу
- ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің және іскерлік белсенділігінің талдауы
- Жұмыссыздық түсінігі
- Жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге байланысы
- Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері
- Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары
- Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
- Жұмыссыздықтың экономикалық мәні және мазмұны
- Жұмыссыздың мәні,салдары