ЖШС «Алтын диірмен» наубайханасының сипаттамасы

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Дипломдық жұмыстың мақсаты  наубайхана жұмысын автоматтандыру болып табылады. Ол үшін наубайхана жұмысы зерттеліп, барлық мағлұматтар  жиналған. Жоба үш тараудан тұрады: негізгі бөлім, практикалық және экономикалық – техникалық бөлім. Бірінші бөлімінде қарастырылатын мекеме жайлы ақпарат берілген, екінші бөлім жобаның құрылатын программалау тілі және жоблау барысы сипатталған, үшінші бөлімде экономикалық есептер, шығындар, сондай-ақ еңбекті қорғау жайлы ақпарат тұжырымдалған.

Дипломдық жұмысты жобалау үшін Delphi 7 программалау тілі мен бірнеше арнайы компоненттер кітапханалары пайдаланылды. Delphi 7 программалау тілі жобалаушы тіл ретінде таңдалыну себебі,  бұл тілдің мүмкіншіліктері өте жоғары және өзінің жоғары версияларына қарағанда жүйеден, жадыдан алатын орын көлемі аз, ал мүмкіншіліктері бірдей.

Зерттеу объектісі – Орал қаласында  орналасқан ірі наубайхана болып  табылады.

Нан – біздің Отанымыздың  байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.

Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады. Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі  - нан және нан өнімдері. Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады. Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі.

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету  мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі, және организмге күнделікті түсіп отырады.

Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең  негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген. Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Талаптарды анықтау

 

    1. ЖШС «Алтын диірмен» наубайханасының сипаттамасы

 

 

Алтын диірмен Орал қаласындағы акционерлік өнеркәсіптік наубайханасы. Ұн, нан, макарон, құрама жем, құс еті және шұжық өнімдерін өндіреді. 2002 жылы астық қабылдау орны ретінде ашылған. Кейін ұн комбинаты болып аталды. 2008 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік наубайханасы болып қайта құрылды. Наубайхана бұрынғы ұн және құрама жем өнімдерімен бірге өзге де азық – түлік түрлерін шығара бастады. «Алтын диірмен» өнімдері шетелдерге де сатылады.

Нан комбинатының жобасы әртүрлі формадағы нандарды шығаруға негізделген болатын. Комбинаттың  жобалық қуаттылығы 163 тонна/тәулік құрайды, оның ішінде:

  • Нан өнімдері 142 т/т
  • Баранка өнімдері 21т/т

Ал негізгі комбинаттың  өнімділігі 133,4 тонна/тәулік. 2001 жылдың орташа тәулік өнімділігі 70,6 тонна  құраған болатын, онда өнімділіктің қуатын қолдану деңгейін 52,9% құрады.

Өндірілетін өнімнің  ассортименті:

- «Жай нан» наны       43,0 тәулік (60,85%)

- Шаруашылық нан     14,0 тәулік (19,88%)

- Батон       6,5 тәулік (9,25%)

- Баранкалық өнімдер     3,64 тәулік (5,16%)

- Нанның басқа түрлері     1,74 тәулік (2,47%)

- Торт, пирожное, кекстер,  рулеттер,

сдобалық өнімдер     0,5 тәулік (0,7%)

- Пряник       0,39 тәулік (0,56%)

- Булкалық өнімдер     0,36 тәулік (0,51%)

- Сухариктер      0,31 тәулік (0,44%)

- Печенье       96,6 тәулік (0,14%)

- Соломка       22,7 тәулік (0,03%)

Өндіргіш корпустың  біріншісінде нан өнімдерін өндірудің 4 желісі бар. Ал екінші өндіргін корпустың  ішінде келесі желілер бар:

  • Сушкаларды өндірудің үш желісі;
  • Бөлкелерді өндірудің бір желісі;
  • Соломкаларды өндірудің бір желісі;
  • Пряник өндірудің бір желісі;
  • Пекарня;
  • Сухариктерді өндіру цехы;
  • Кондитерлік цех.

Баранкалық цех

Бұл цехта 4 желіде Г-4-ХПС-25М  пештері орнатылған, ал 2 желі соломкалар өндіруге негізделген. Соңғы жылдары  өндіретін өнімнің сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізген болатын.

Бөлкелік цех баранкалық цехтың бос орындарында жасалған. Онда «Экмасан» турция фирмасының құрал жабдықтары орналасқан. Олар келесі болады:

  • Ұн сепкіш;
  • Қамыр илегіш иілген;
  • Төңкеріп аударғыш;
  • Торт және пирожныйды бөлетін цех;

Цехта өнімнің 68 түрі шығарылады, соның ішінде:

торт – 37 түрі;

пирожныйдың – 24 түрі;

кекс, рулеттің – 3 түрі;

печеньенің – 7 түрі.

Сухарлық цех

Бұл цех 2001 жылы бөлкелік цех негізінде құрылған. Соңынан  бөлініп шыққан болатын. Цехта келесідей  жабдықтан орнатылған:

  • Өзі жасаған нан кескіш;
  • Нан кескіш машина «Дельта»;
  • ПКЭ-9 ратациялық пеш;
  • ПКЭ-400 ратациялық пеш;
  • Сухариктерді өңдеу үшін смесительдер;
  • Бөлетін-қаптайтын автомат;
  • Қамыр бөлгіш;
  • Қамыр домалағыш;
  • Растойканың камерасы;
  • «Экмасан» пештері.

Ал 1999 жылы оған қосымша  неміс фирмасы «Вернер және Пфляйдерер»  құралдары қойылған болатын, ол құралдар келесілер:

  • Бөлгіш домалатқыш агрегат;
  • Батон үшін закаттық машина;
  • Расстойлық шкаф;
  • «Рототерм» ротациялық пеш;
  • «Дельта» нан кескіш машина

Кондитерлік цех 1991 жылы құрылғанм болатын. Ең басында «Эклер»  пирожныйларын өндіретін желі қойылған болатын, одан көп уақыт ұзамай 2 желі қойылған болатын. Цехта санитарлық ережелерді және басқа да нормаларды сақтау үшін келесі құрал жабдықтар қойылған болатын:

  • Шикізатты қабылдайтын және сақтайтын склад;
  • Тоңазытқыш камера;
  • Сақтау бөлімі;
  • Жаңғақ ұнтақтау және қант ұнын алу бөлімі;
  • Инвентарьды жуатын бөлім;
  • Қамыр дайындау бөлімі;
  • Крем дайындау бөлімі;

 

    1. Шикізат сипаттамасы (ұн)

 

 

Ұн – бидайды ұнтақтау нәтижесінде кебекпен немесе кебексіз шығатын ұнтақ тәрізді өнім. Ұнды түрге, типке және тауарлық сортқа бөледі. Ұнның түрі қандай дақылдан алынғанына байланысты анықталады. Ұнның негізгі тұрлеріне бидай және қара бидай ұндары жатады.

Әр түрлі типті ұн бөлшектерінің үлкендігі, химиялық құрамы, технологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ұн типтері: нан пісіруге арналған, макарондық, тұтынуға дайын.

Түр мен типтің деңгейіне  қарай ұнды тауарлық сортқа бөледі. Ұн сорты дән ұлпасының арақатынасы  мөлшерімен, өңдеу технологиясымен  ерекшелінеді.

Бидай нанын пісіретін  ұнды бес тауарлық сортқа бөледі: майда  ақ ұн, жоғарғы, бірінші, екінші, ерекше тартылған қара бидай ұны.

Ұнның сапасы келесі параметрлер  арқылы бағаланады:

  • тағамдық және биологиялық құндылығы;
  • органолептикалық ерекшелігі;
  • физикалық-химиялық;
  • қауіпсіздік.

Бірінші және жоғарғы  сорттың бидай ұны витаминдерден  болуы мүмкін, егерде оған В1, В2, РР витаминдері қосылса.  Ұнның құндылығы дәнді дақылда болатын заттарға байланысты. Ұнның әртүрлі сорты дәннің әр бөлігінен жасалынып, оның тағамдық құндылығына әсер етеді. Ұнның сорты жоғары болған сайын ұнда көмірсу көбейіп, белок және басқа заттар аз болады. Витаминдердің, минералды элементтердің алыстырылмайтын амин қышқылдарының құрамы ұнның сорты төмендеген сайын көбейе түседі. Екінші сортты ұн құрамында жоғарғы сорт ұнына қарағанда витаминдер 2-3,5 есе көп. Екінші сортты ұн, жоғарғы сорт ұнынан екі есе фосфор мен кальцийге, 4 есе натрийге бай. Ұнның сорты төмендеген сайын клетчатканың мөлшері көбейе түседі. Жоғарғы сорт ұнымен салыстырғанда бірінші сортта клетчатка екі есе көп. Төменгі сорт ұндарында липидтер көп. Қанықпаған май қышқылдары 74-81%, линол май қышқылдары көбірек кездеседі. Ұнның май қышқылдық құрамының сипаттамасы наубайханадағы ұнның сапасына және оны сақтау кезіндегі өзгеруіне әсер етеді. Ұнды сақтау кезінде липидтер тез тотығып қышқылданады.

Ұн тарту. Шығымы мен мөлшері мемлекеттік мөлшерлеу талаптарына сәйкес келетін ұн өндіру үшін әртүрлі машиналарды пайдалана отырып ұн тартудың әртүрін қолданады. Сондықтан ұн тарту деп астық және оны ұнтақтағанда пайда болатын аралық өнімдермен және жүргізілетін процестер мен іс-әрекеттер жиынтығын атайды.

Стандартты сапаға сәйкес келетін ұн өндіру үшін, ұн тарудың  алдында астық тазаланады және шартқа сәйкес кондицияға жеткізіледі. Дайындау, немесе астық тазалау бөлімі осы  заманғы кәсіпорындардың бүкіл  өндіріс алаңының 1/3 бөлігін қамтиды.

Астықты екі кезеңде дайындайды. Бірінші кезеңде сепараторларда, триерлерде, дуаспираторларда астық шөпшар қоспасынан тазартылады; тас тазартқыш машиналардың көмегімен минералды қоспалар аластатылады; жуғыш машиналарда жуылады және силостарда оның жетілуі іске асырылады.

 

 

1.3 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар

 

Ұнның сапасын бағалау  әдісі МЕСТ9404-60 көрсетілген. Онда физико-химиялық көрсеткіштері бойынша МЕСТ171-69 сәйкес келуі керек. Қышқылдығы, ылғалдығы, қамырдың тез көтерілуі, сақтауда дрождың  мықтылығы. Престелген дрождың сезгіштігі МЕСТ-те қарастырылмаған. Нан өндірісіндегі бидай ұнының сапа көрсеткіштері.: МЕСТ26574-84«Нан өндірісіндегі бидай ұны.Техникалық талаптар» стандартында көрсетілген. Қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 7045-54 МЕСТ.Бидай-қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 704554 МЕСТ.Бидай-қара  бидай ұнының сапа көрсеткіштері 12183-6 МЕСТ бойынша бекітілген. Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай,сонымен қатар  оның дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де қарап бағалайды .

Қара бидай ұнының ферментті солодының сапасын  оргонолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері бойынша бағаланады. Ол  СТ18-219-75 сәйкес келуі керек. Оған дәмі, иісі, түсі,физико-химиялық көрсеткіштерге–ылғалдылығы, экстративтілік, қышқылдығы жатады.

Өндіріске келіп түсетін  шикізаттар МЕСТ талаптарына сәйкес келуі керек. Нан  өндірісіндегі  бидай және қара бидай ұны.

 

 

1.3.1 Ұнның органолептикалық көрсеткіштері

 

Түс – ұн сортының негізгі  көрсеткіші. Ол дән түсіне, қабықтар санына, тартылу ірілігіне, нығыздау дәрежесіне және ұнның ылғалдылығына, жарықтың түсуіне байланысты болады. Бидай ұнының жоғарғы сортының түсі – ақ немесе аздап қоңыр реңді; бірінші сорттың түсі – ақ немесе ақ сарғыш реңді; ерекше тартылған ұнның түсі – ақ сары реңді немесе сұр реңді болып сипатталады.

Иісі – қара бидай  ұнына тін болып, шіріктің, көктің және басқа да бөтен иістер болмау керек.

Дәмі – қара бидай  ұнына тән болып, қышқыл, ашты, бөтен  дәм болмау керек. Қытырлау ұнның  жіберілмейтін ақауы болып есептеледі. Ол дән дұрыс тазартылмаған жағдайда болады.

Нанды пісіруге және сатуға арналған ұнда көгерген, қышқыл дәм  болмау керек. Егерде кез келген зиянкестерді тапса, онда ол ұн сатуға жарамсыз болып  есептеледі.

Ұнды сақтау тепмературасы 12-180С жоғары болмау керек және ауаның ылғалдылығы 60-70%, құрғақ, таза, жақсы желдетілетін бөлмелерде сақтайды. Ұн бөтен иістерді тез сіңіреді, сондықтан оны өткір иісті өнімдерден алысырақ жерде сақтау керек.

 

 

1.3.2 Физикалық-химиялық көрсеткіштер

 

Бидай ұнының ылғалдылығы 15% аспау керек. Ұнның ылғалдылығы жоғары болса, оның су сіңіру қасиеті төмендейді. Ол шығарылатын өнімдердің мөлшерін азайтады.

Ұнның күлділігі сорттың  қосымша көрсеткіштері болып  саналады. Төменгі сорттқа қарағанда, жоғарғы сорттың күлділігі төмен  болады. Өйткені жоғарғы сорт ұнының дәні негізінен эндосперма бөлшектерінен тұратындықтан, бөлек дән ұлпаларында минералды заттардың бір текті таралмауы байқалады. Жоғарғы сорт бидай ұнының күлділігі - 0,55, бірінші сорт – 0,75-тен, екіншісі–1,25-тен аспау керек.

Ұнның тартылу ірілігі әр сортында өзіндік белгіленген бөлшектің мөлшерімен сипатталып, маңызды технологиялық рөл атқарады. Ұнның сорты жоғарлаған сайын оның бөлшектері ұсақ. Өте ірі ұнның су сіңімділігі төмен және пісірілген нанның көлемі жеткіліксіз болып, оның жұмсақ жерінің ұсақ тесіктілігі қалың, дөрекі болады. Өте ұсақ ұнтақталған ұнның нанының сырты мен жұмсағы күңгірт, формасы жайылып кеткен, тез қатып қалатын нан дайындалады.

Ұнның металомагниттік  қоспасы 1кг. 3 мг-нан аспау керек. Металдық бөлшектің ең үлкен мөлшері 0,33 мм-ден аспау керек. Шикі желімшенің мөлшері мен сапасы нан пісіру және макарон дайындауға арналған бидай ұнының қасиетін сипаттайды. Желімшенің эластикалық және созылмалық қасиетіне байланысты, ол қамырдың ашу кезінде көмірқышқыл газын сақтап қалып пісіру кезінде формасын қалыптастырады. Ұн жармасында ішкі желімшенің мөлшері 30%-тен кем болмау керек. Ал жоғарғы сортта – 28, 1 сортта – 30, 2 сортта – 25, ерекше тартылған – 20.

1.3.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері

 

МТБ микробиологиялық норма  көрсеткіштері токсинді элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклеидтердің деңгейіне сай болу керек.(кесте 1)

Кесте 1

Бидай ұны құрамындағы  токсинді элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклеидтердің жіберілетін  деңгейі (МТБ бойынша)

Көрсеткіштер

Жіберілетін деңгейі, мг/кг, көп емес

Зерттеу нәтижелер

Токсинді элементтер

Қорғасын

Мышьяк

Кадмий

Сынап

Мыс

Мырыш

Микотоксиндер:

Афлотоксин В1

Дезоксиниваленол

0,5

0,2

0,1

0,03

10

15,0 қарақұмық жармасы

50

 

0,005

0,7 бидай

1,0 арпа

0,1

-

-

-

-

0,9

11

 

-

0,1

0,3

Т, токсин

0,1

-

Зераленон

1,0 тары, жүгері, арпа

0,4

Пестицидтер: гексахлорциклогексан (a,b.g изомерлер)

0,5

0,1

ДДТ және оның метаболиттері

0,02

0,001

Гексахлорбензол

0,01бидай

-

Сынапты органикалық  пестицидтер

Жіберілмейді

-

2,4-Д қышқылы, оның  тұзы мен эфирлері

Жіберілмейді

-

Радионуклидтер:

Цезий-137

Стронций-90

 

60 БК/кг

100 БК/кг

 

30

40


 

Нан пісіру үшін мынадай  түрлері мен сырттары қолданылады: бидайдың майда ақ ұны, жоғары, І, ІІ және қара бидай иеленген ұн, кебексіз ұн.

Дрождар. Нан өндіріснде борпылдатқыш, жұмсартқыш ретінде дорждар  қолданылады. Олар -  кептірілген, престелген және дрож сүті.

Престелген дрождар 171-81 МЕСТ. Түсі ашық, сұр немесе крем тектес болады. Консистенциясы – тығыз, жағылмай тез сыну керек.

Иісі – дрождардың өзіне тән, көгерген немесе басқа да иіс жіберілмейді.

Дәмі тұщы, дрождарға  тән өзіндік тұщы дәм.

Ылғалдың массалық үлесі, процент бойынша – 75,0. Көтерілу күші (қамырдың көтерілуі 70 мл дейін) минутына 70. Қышқылдығы 100г дрождың уксус  қышқылдығына шақандағы – 120,0 мг

Дрождың сақтану мерзімі  – 12 тәулік.

Кесте 2

Кептірілген дрождар.(СТ18-193-74) дрождың сүті СТ 18269-81.

Көрсеткіштер

Кептірілген

Дрождық сүт

жоғары

1 сорт

           1

     2            3

            4

Консистенциясы, сыртқы  түрі

Вермишель формасы

Дрожды клеткалар қабықпен, қорғалған, түбінде шөккен су суспенциясы

Түрі

 

 

Иісі

 

 

Дәмі

 

 

Ылғалдылығы пайыз бойынша

Ашық сары немесе ашық қоңыр

 

Кептірілген дрождарға  тән

 

Кептірілген дрождарға  тән

 

8,0 – 10,0

Ақ-сұр, сарылау өзгешелігімен

 

дрождардың өзіне тән, көгерген немесе басқа да иіс жіберілмейді.

 

 

1л.дрождың сүтттегі  концентрациясы

75% дрожға шаққанда 450г.болуы  тиіс

Көтерілу күші 70мл\мин

 

Қышқылдығы 100гдрождың уксустың қышқылды м.г бойынша есептегенде

 

Сақтау мерзімі

   70 - 90

 

 

 

     _____

 

 

12  ай/5 ай

75

 

 

20\72сағат сайын 0-12'с температурада 360мг

 

 

3 тәулік,жазда 2 тәулік


 

Асқа салнатын тағамдық тұз. Нан пісіруде негізінен 1және 2 сорт тұздарын қолданылады(МЕСТ 13830-84),ылғалдылығы:2 сорт - 6%, 1сорт -5%,құрамында суда ерімейтін заттар болады,1- сортта - 0,85, 2 сортта – 1,0%.

Ішетін су (МЕСТ 2874-82). Су қамыр дайындауда қолданылады. Ол су барлық ішетін суға қойылған гигиеналық талаптарға сәйкес келуі керек.Нан пісіргенде судың қаттылығы жоғарлауы қамырдың физикалық қасиетіне жақсы әсерін тигізеді,оның консистенциясын жақсартады.

Қосымша шикізаттар. Қара бидайдың өлі дәнінің диірменге тартылған ірі жармасы, құрғақ фирментті және фирментті емес (СТ 18-218-81), құмшекер (МЕСТ 21-781).Фирментті препараттар бидай және қара бидайдан жасалған нанның сапасын жоғарлатады.

Май, майлы заттар. Күнбағыс майы МЕСТ1129-73, мақта майы (МЕСТ1126-73), қыша майы (МЕСТ8307-74), соя майы (ГОСТ7825-76), жүгері майы (СТ 18-197-84), кондитерлік майы (СТ 18-197-84), кулинарлық майлар (СТ 18-197-84),  маргарин (МЕСТ240-85),  сиыр майы (МЕСТ37-87).

Жұмыртқа өнімдері: нан пісіруде тауық жұмырқасы,жұмырқа ұнтағы (МЕСТ2858),қатырған жұмыртқа (СТ49197-83).

Сүт өнімдері: пастерленген сиыр сүті (МЕСТ13277-79), келесі түрлерге қолданылады – 2,5% пастерленген, майлылығы – 3,2 % пастерленген ,белоктың майлылығы – 1,0 % 2,5 % майлы емес емдік сиыр сүті (МЕСТ4495-75), майсыздандырылған құрғақ сиыр сүті (МЕСТ10970-87), қаймақ (СТ49290-83), сүт сары суы (СТ10-02-02-3-87), концентрациаланған сүт сарысуы, қайтарылған сүт сарысуы т.б.

 

 

1.4 Ақпаратпен жабдықтаудың маңыздылығы және жетілдіру жолдары

 

Кез – келген  салалық жұмыс  тиімділігін жоғарлатуда маңызды  фактор – басқаруды автоматтандыру болып табылады. Басқару әдістері мен формаларын тереңдету, әртүрлі техникалардың көмегімен ақпаратты беру, өңдеу әдістері мен заңдарын білумен айналысатын ақпараттық технология дамуы негізіндегі ҒТП жетістіктері негізінде болды.

Әртүрлі ақпараттық –  техникалық аппараттар, басқару аппаратын  біршама қысқартты және арзандатты деп қабылдауға болады. Ақпараттық процесс жаңа техника мен жұмыс жағдайында жұмыс күшінің сапасын көтеруде қажетті болып табылады.

Ақпаратпен қамтамасыз етудің біліктілігін арттыруда келесідей  оңтайлы көрсеткіштер болуы мүмкін.

  1. Төмендету есебінде мүмкін экономикалық шығындар:
    • еңбекақы қоры,
    • коммунальдық қызмет көрсету,
    • бағдарламамен қамтамасыз етудің құндылығы
    • почта қызметіне шығын,
    • келісім – шарттардың рәсімделуіне шығындар,
    • шикізаттарды қайта бөлу шығындары;
  2. Болашақтағы мүмкін шығындарды жою.
  • болашақтағы персонал санының өсуінен құтылу,
  • мәліметтерді өңдеудегі талаптарды төмендету,
  • қызмет көрсету құнын төмендету,

3. Материалдық емес  мүмкін пайдалар.

  • ақпарат сапасын жақсарту,
  • өндірісті жоғарлату,
  • қызмет көрсетуді жақсарту мен жеделдету,
  • жаңа өндірістік қуаттылық
  • сенімді шешімдер,
  • бақылауды жақсарту,
  • мерзімдік төлемдерді төмендету,
  • толық бағдарламалық қамтуды пайдалану,

Ақпаратты – мәліметтер жиынтығы, мәлімет материалы, менеджерлік  процесс және оның пайда болуының өзіндік  байланысы туралы, потенциалды білімін анықтау мәліметі түрінде айтуға болады.

Ақпарат құрамы, мазмұны  және сапасы жетекшінің басқару іс - әрекетінде анықтағыш ролін қамтамасыз етеді.

Ақпаратты талдау тек  қана экономикалық мәліметтермен шектеліп қоймай, сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқада ақпараттарды кеңінен қолданады.

Объектіге қатысты зерттеу  ақпараты – ішкі және сыртқы болып  бөлінеді. Ішкі ақпарат жүйесі –  бұл кәсіпорында қаралатын статистикалық, бухгалтерлік оперативтік есеп және есептесу, жоспарлық мәліметтер нормативтік мәліметтер.

Сыртқы түрі бойынша  ақпарат жүйесі – бұл статистикалық  жинақтар мерзімдік және әдейі басылым, ресми, шаруашылық – құқықтық  құжаттар және т.б.

Тақырыпқа қатысты зерттеу  ақпараты керек аймаққа толық  анықтама алуға қажетті: негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Белгілі бір процеске қатысты қаралған және қайта қалпына  келтіру стадияларынан өткен  бірінші, екінші ақпараттық өңдеуге  әкелуі мүмкін.

Ақпарат беру ірі ұйымдардың қызметі үшін бір қалыпты және бастапқы факторы болып табылады. Оперативтік шешімдерді қабылдау талабында, өндірістің жоспарлы көрсеткіштерінен ауытқу процесінде ақпараттың мәні ерекше.

Әрбір нақты ақпарат  мазмұны басқару шешімдерін өңдеуде  және басқару бөлімі қажеттіліктерімен  анықталады. Ақпаратқа анықталған талаптар кіреді:

  • қысқалығы, нақтылығы;
  • басқарманың нақты қажеттілігін қанағаттандыру;
  • дәлдігі және дәйектілігі, бастапқы мәліметтердің дұрыстығы, мәліметтер өңдеудің, жиын үздіксіздік жүйесінің оптимальдығы;

Ақпаратты пайдалану  – оны тіркеу, өңдеу беру, жүйелік сақтау және ақпаратты талапты формада беру; жаңа сандық графикалық түрдегі  ақпараттар маңызды роль атқарады. Басқа сөзбен айтқанда ақпарат қызметінің технологиялық қажеттілігін қараған жөн.

 

 

1.5 Ақпараттық жүйелерді арттыру жолдары

 

Басқару шешімдердің тимділігін анықтауға қажетті, ақпараттар саны көп болып келеді тіпті ол адам мүмкіндіктерін жоғарылатты. Ірі масштабты ұйымдарды басқару қиыншылықтарына электронды – есептеуіш техниканы кең көлемді пайдаланды, жаңа математикалық аппараттар мен экономикалық – математикалық әдістерді, басқаруды автоматтандырылған жүйемен өңдеуге байланысты пайдаланылды.

Ұйымдарды ақпаратпен қамтамасыз етуді талдау талаптарына: ақпараттың талдануы, объективтілігі, бірлігі, оперативтілігі, рационалдығы және т.б. жатады.

Бірінші талаптың мәні, барлық экономикалық ақпарат жүйесі түсімдерінің көздеріне тәуелді емес, ол жетекші  қажеттілігіне сәйкес келуі керек, былай айтқанда жетекшіге көп  жақты экономикалық процесстер мен  құбылыстарды, негізгі факторларға  әсер ететін және өндірістің тиімділігін көтеруде ішкі шаруашылық резервтерін анықтау үшін, осындай бағыттағы қызметтер мәліметтерінің түсуімен қамтамасыз етеді. Сондықтан барлық ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ету тұрақты түрде артып отыру керек.

Бұл бүгінгі күнде  ұйымдық жоспарлау және статистикалық есеп тәжірибесінде қолданылады. Онда тұрақты құжаттар формасы, олардың мазмұны, ұйымдық құжаттың айналымы, жаңа формалық салымдар мен мәліметтерді сақтау қаралады (компьютерлік техникаға байланысты). Олар басқару шешімдерін талдау үшін ақпаратпен қамтамасыз етудің қажеттілігінің маңызды дәрежесінің жиынтығы.

Экономикалық ақпарат  дәйекті болуы қажет, олар керекті  құбылыстар мен процестерде объективті көрінеді. Келесі ұйымдық ақпараттың тобына қатысты талап – бұл  әртүрлі ақпарат көздерінен түскен, ақпараттың бірлігі. Ақпараттардың сапасына қатысты талаптардың бірі оның зат немесе зерттеу объектісі бойынша дәлме – дәл келуі, уақыт мерзім көрсеткіштерді есептеу әдістері.

Сонымен қатар ақпарат  жүйесі рациональды (тиімді) болуы тиіс, яғни мәліметтерді сақтау мен пайдалануда аз шығын талап етеді. Бір жағынан, кез –келген экономикалық құбылыстарды немесе процестерді кешенді талдау үшін көпжақты ақпараттар қажет етіледі. Олардың қатысуынсыз ақпараттар толық болмайды. Бір жағынан, ақпараттың көп болуы – оларды іздеу, жинақтау және шешімдер қабылдау процестерін ұзартады.

Берілген мәліметтердің  талаптарынан ақпараттың пайдалылығын қарастыру және осы негіздегі  артық мәліметтерді жою және қажеттілерін енгізу жолдары мен ақпараттық топтарды арттырудың қажеттілігінен туындайды.

ЖШС «Алтын диірмен» наубайханасының сипаттамасы