1-Бөлім. Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру

1-Бөлім. Сот-медициналық  сараптама жүргізу және ұйымдастыру

 

Сот-медициналық сараптаманы  жүргізуді құзыретіне мыналар:

 

1) зорлықпен өлтірілген жағдайларда мәйітке сараптама жасау;

 

2) зорлық көрсетілгендігіне  күдіктенген жағдайда немесе  сот-медициналық тәртібімен мәйітті зерттеу қажеттілігімен түсіндірілетін басқа да жағдайлар кезінде мәйітке сот-медициналық сараптама жасау;

 

3) денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын, жасын, жыныстық жағдайын анықтау және сот медицинасы саласындағы танымдарды талап ететін басқа да мәселелерді шешу үшін жәбірленушілерге, айыпталушылар мен басқа да адамдарға сараптама жасау;

 

4) зертханалық зерттеу  әдістерін қолдана отырып, заттай  дәлелдемелерге сараптама жасау;

 

5) қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді жете тексеру материалдары бойынша, сондай-ақ жеке айыптау ісі бойынша сараптама жасау енетін сот-медициналық сарапшысы жүзеге асырады.

 

4-Бөлім

. Мәйітке сот-медициналық  сараптама тағайындау

 

мен ұйымдастырудың тәртібі  туралы негізгі ережелер

 

 

 

74. Мәйітті сот-медициналық сараптау (бұдан әрі - сараптау) өлу себебін анықтау және қаулыда көрсетілген басқа мәселелерді шешу үшін анықтау жүргізуші адамдардың, тергеушінің, прокурордың, соттың қаулысымен тағайындалады.

 

Мәйітке сот-медициналық  сараптау жүргізбей тек медициналық  құжаттар бойынша өлу себебін  анықтауға тыйым салынады.

78. Сараптауды сот-медициналық  мәйітханасында немесе осындай  бөлмелерге қойылатын техникалық  талаптар мен нормаларға сәйкес емдеу-профилактикалық мекеменің мәйітханасында жүргізеді.

 

Сараптау бір сот-медициналық сарапшымен жүргізіледі. Жеке жағдайларда (шетелдік азаматтың мәйітін сараптау; қабірден қазып алынған бұрын жарып көрілмеген мәйітті алғашқы сараптау; мәйітті қайталап сараптау және тағы басқалар) сараптау екі немесе одан да көп сот-медициналық сарапшылармен жүргізілуі мүмкін.

Сараптау мәйіттің алғашқы өзгерістері пайда болғаннан кейін (дененің салқындауы, мәйіт дақтары, мәйіттің қатуы) басталуы мүмкін. Осы аталған өзгерістер пайда болғанға дейін мәйітті жарып қарау тек өлгені туралы деректі белгіленген тәртіпте және тиісті кесімдерді рәсімдеген соң ғана жүргізілуі мүмкін. Осы кесімнің бір данасы сараптау тапсырылған сот-медициналық сарапшыға тапсырылады да, қорытындының көшірмесімен бірге сараптау мекемесінде сақталады.

Мұздатылған мәйіттер бөлме  температурасында олар толық ерігеннен  кейін ғана зерттелуге тиіс, жоғары температура жағдайында мәйітті жылдамдатып ерітуге болмайды.

 

 

16-Тарау. Мәйітке сот-медициналық  сараптау

 

жүргізудің ортақ тәртібі мен дәйектілігі

 

 

 

Мәйітті сараптауға сарапшының келесі әрекеттері кіреді:

1) сарапшыға берілген қаулымен және басқа құжаттармен (оқиғаның болған орнын тексерудің хаттамасының көшірмесі, ауруы туралы қағазы және тағы басқалар) танысу;

2) сараптау жүргізуді жоспарлау;

3) мәйітті сырттай зерттеу;

4) мәйіттің ішкі құрылысын зерттеу;

5) қосымша және зертханалық  зерттеулер үшін материалдар  алу;

6) сот-медициналық диагноз  жасау;

7) мәйітті зерттеудің, қосымша және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және сарапшыға берілген материалдардың деректерін кешенді бағалау;

8) қорытындыларды түйіндеу;

9) "Сарапшының қорытындысын" рәсімдеу;

 

Сот-медициналық сарапшыға берілген құжаттарды зерттеген кезде, өлу себебін анықтау үшін маңызы бар деректерге және басқа сұрақтар жауабына ерекше көңіл аудара отырып, өлімнің болу шарты мен жағдайын анықтайды.

Мәйітті сырттай қарауға мәйітпен бірге жеткізілген киімді, аяқ киімді және басқа заттарды зерттеу; мәйіттің өзін зерттеу; қажет болған жағдайда суретке түсіру және адамның дене бөліктерінің зақымдануының контурлық сызбада суреттемесін беру; мәйітті және киімін сырттай қараған кезде табылған жұғындыларды, бөлінділерді және басқа үлгілерді зертханалық зерттеу үшін алу; осы жағдайдың спецификасында көрсетілген сарапшының басқа да әрекеттері кіруі мүмкін.

Мәйіттің өзін зерттеуді сыртқы белгісі бойынша жынысын, жасын, дене бітімін, қоңдылық деңгейін, мәйіттің бойын өлшеуден және қажет болғанда оның салмағын өлшеуді айқындаудан бастайды.

Бір жасқа дейінгі балалардың мәйітін міндетті түрде өлшеу керек; қажетіне қарай жарақаттанудың кейбір түрлерінде - автокөлік, биіктен құлау; эталон, басқа да белгісіз улармен уланған кезде ересек адамдардың мәйітін де өлшеу керек.

 

Мәйіттегі өзерістерді зерттеу  кезінде:

1) дененің киіммен жабылған  және ашық бөлігін сипалау  арқылы мәйіттің суығанын анықтайды; керек болған жағдайда кем дегенде екі рет, бір сағаттық үзіліспен, қолтық астының және тік ішектің температурасын өлшейді;

2) мәйіттің денесінің қатқанын (қатпағанын), оның таралуын және бет, мойын, аяқ-қолдың бұлшық еттеріндегі бүліну деңгейін анықтайды;

3) мәйіттің дағының болуын (болмауын), олардың дененің нақты бөліктеріне таралуын; сипаты (төгілген, мол, кең таралған); түсі; дақтардан айрылған (киім мен заттардың таңбасы) бөліктер сипатталады; үш рет саусақпен немесе динамометрмен 2 кг/шаршы сантиметр күшпен басады және алғашқы түсінің (секөндте, минөтте) қайта қалпына келу уақытын белгілейді;

4) көздің қасаң қабағының  кебуін, қараюын, Белоглазов симптомы  мен Лярше дағының болуын айқындайды;

5) кейінірек болатын мәйіттің өзгерістері (шіру, балауызды май, мумификация, шымтезек илеуі) болған жағдайда олардың белгілері мен көріну деңгейін сипаттайды; көгеру бөліктерінің болуын, олардың таралуын, мөлшері мен түсін, шыбынның дернәсіл салуын, басқа бунақденелілердің болуын, өсімдіктің өсуін көрсетеді;

6) өлімнің болған уақытын айқындаудың белгіленген тәртіпте ұсынылған аспаптық және зертханалық әдістерін қолданады.

 

Тері жабындарын қарайды. Олардың түсі мен ерекшеліктерін (құрғақ, ылғалды, көгерген тері, "қаз тері" және тағы басқалар), түк өсу дәрежесі (соның ішінде бастағы шаштың ұзындығын), енгізілген дәрінің ізінің болуын, бөрткендерді, домбығулардың, созылмалы жаралардың анатомиялық және басқа жеке туа және жүре пайда болған ерекшеліктерді (тыртықтар, туа пайда болған мең, татуировка және тағы басқалар) көрсетеді. Қажет болған кезде, мысалы, белгісіз адамның мәйітін зерттеген кезде сөздік портретімен қатар, анықталған анатомиялық және басқа жеке ерекшеліктері масштабпен суретке түсіріледі.

Басын зерттейді. Басты сипаттаған кезде бас қаңқасы сүйегінің жағдайын, қозғалмалылығын, өзгеріске ұшырауы мен басқа ерекшеліктерінің болуын көрсетеді. Шашты бөлігін аса мұқият қарайды. Көзі ашық па, соны көрсетеді, нұрлы қабықтың түсін және қарашықтың диаметрін айқындайды, көз алмасының ақ қабықшасы мен дәнекер ұлпасының жағдайын (солғындығын, сарғыштығын, экхимозын және т.б.), бетінің домбыққанын айқындайды. Мұрын қуысынан, ауыздан және құлақтан бөлінген заттар бар ма, жоқ па және бөлінділердің сипатын айқындайды. Ерін көбесін және кілегейлі қабықшасын қарайды. Аузы ашық па, тісі жабылған ба, тілі қысылған ба, соны көрсетеді. Тістің түсін және ерекшелігін, тіс сауыты мен протезінің соның ішінде алтын тіс протезінің санын көрсетеді. Жоқ тістерін атайды және қызыл иектің альвеолярлық бетінің жағдайын сипаттайды. Ауыз қуысында қанның, тамақтың бөлшектерінің, ұнтақтардың, басқа бөгде заттардың бар, жоғын көрсетеді.

Мойнын, кеудесін, құрсағын, арқасын, аяқ-қолдарын, қолтығын, емшектің астындағы тері қатпарларын, шаттың арасын және артқы тесік аймағын қарайды.

Сыртқы жыныс мүшелерін  зерттейді.

Қаңқа сүйектерін сипап көреді. Патологиялық қозғалыс немесе өзгеріске ұшырау барын көрсетеді.

 

104. Барлық табылған сыртқы  зақымдарды мәйіттің түрлі аймақтарын дәйектілікпен қараған кезде не жеке, бөлімнің соңында "Сыртқы зерттеуде" сипаттайды.

 

Сыртқы зақымдарды зерттеуді  алдымен жай көзбен қарайды, ал қажет  болған жағдайда ұлғайтқыш әйнектің немесе стереомикроскоптың, операциялық  микроскоптың көмегімен жүргізеді. Зерттеуді оқиға жағдайын әрі қарай қалпына келтіру үшін (зақымның пайда болу механизмін анықтау; жарақаттау құралының түрлік, топтық немесе жеке белгілерін және тағы басқалар) қажетті нақты мәліметтер алумен қамтамасыз ететіндей толығымен жүргізеді.

 

 

108. Адам денесінің бөліктерін  сызбалық бейнелеу арқылы сыртқы  зақымдануының сызбасын жасайды;  киімдегі және аяқ киімдегі  зақымдар мен тән ерекшеліктерді  де тиісті сызбалық бейнелеу арқылы суреттейді.

 

109. Денедегі зақымдар суретке  түсіріледі. Тек шолу сипатындағы суреттерді (дене зақымының жалпы түрі) ғана емес, сондай-ақ жеке зақымдардың да суретін түсіруді (міндетті түрде масштаб пайдаланылады) жүргізу керек.

 

Дене мен киімдегі зақымдарды суретке түсіруді сот-медициналық сарапшы немесе оның басшылығымен лаборант жүргізеді.

111. Мәйіттің ішкі құрылысын зерттеу барынша толық болуға тиіс. Міндетті түрде бас сүйек, кеуде және құрсақ қуыстарын зерттейді. Омыртқа оның зақымы немесе ауруы анықталған жағдайда зерттеуге жатады, сондай-ақ бас сүйек-ми жарақатында, жол-көлік апатында, түрлі биіктіктен құлаған кезде, басқа жағдайларда - көрсетілген жағдайда зерттелінуге жатады.

 

 

 

118. Барлық мүшелерді үстінен және тілген жерде өлшейді және зерттейді. Олардың тығыздығын, анатомиялық құрылымының келбетін, түсін, қанға толуын, спецификалық иісін, өзгерістер мен зақымдарды мұқият зерттейді; қуыс мүшелердегі заттардың сипаты мен көлемін айқындайды. Миды, жүректі, өкпені (бөлек), бауырды, көкбауырды, бүйректі (бөлек) таразыға тартады. Қалқанша, бұғақ және ұйқы бездерін, бүйрек, гипофиз, эпифиз және басқа мүшелерді таразыға тартуды олардың патологиясы болған кезде жүргізеді.

 

129. Мәйітті зерттеу үрдісінде сот-медициналық зертханасы бөлімінде зерттеу жүргізу үшін материал алады. Мәйітке сараптау жүргізуші сарапшы сараптың шешілуіне қойылған мәселелер мен осы жағдайдың ерекшелігі нәтижесінен зерттеудің қажетті түрлерін айқындайды. Материал алуды сарапшы жүргізеді, орауды сарапшының басшылығымен және бақылауымен санитар жүзеге асырады.

 

Мына заттар міндетті түрде  зертханалық зерттеулерге жіберілуге тиіс:

1) мәйіттің мүшелерінен (көп уақыт бойы ауруханада болған ересектер мен кішкентай балалардың өлімінен басқа), - этил алкоголінің болуы мен сандық мөлшерін анықтау үшін қан мен зәр зерттелінуге тиіс;

2) сыртқы зақымдану мен  қан ағумен жүретін зорлап  өлтірілуде; кісі өлтіру немесе соған сезіктенгенде; белгісіз адамдардың мәйітін зерттеген кезде АВО (Н) және басқа жүйе бойынша антигенді қатыстылығын анықтау үшін қан алынуға тиіс;

3) гистологиялық (гистохимиялық)  зерттеу үшін ішкі мүшелер  мен ұлпалардың кесектерін алу  - өлімнің барлық жағдайында жүргізіледі;  бекіту және кескеннен кейін  қажет болған кезде зерттейді  не кесіп алынған кесектерді архивте зерттеу жүргізбей сақтайды; архивті сақтау мерзімі тиісті Ережелермен көзделген;

4) улағыш заттардың болуын  және сандық мөлшерін анықтау  үшін мәйіттің мүшелері (ұлпалары) - химиялық заттармен, улы өсімдіктермен улануға сезіктенген кезде және тамақпен уланған кезде алынады;

 

5) бөлгіш санатын анықтау  үшін өт пен зәр:

 

6) шәуітті анықтау үшін, қынап эпителийінің морфологиялық ерекшелігін зерттеу үшін қынаптың ішіндегі тампондар мен жұғындысын және басқаларды алады - жыныстық қылмыстарда немесе оған сезіктенген кезде; жыныстық қатынас айуандықпен жасалғанына сезіктенген кезде еркектер мен әйелдер мәйітінің ауыз және тік ішегінің кілегей қабатынан тампондар мен жұғындылар алады;

 

7) салыстырмалы зерттеу  үшін бастағы шаштан кісі өлтіргенде сезіктенген кезде; жыныстық қылмыстарда немесе оған сезіктенген кезде; көлік жарақатында; бастың шашты бөлігі зақымданғанда; белгісіз адамдардың мәйітін зерттеген;

 

8) тез арадағы болған  балалар өлімінің барлық жағдайында  және соған ұқсас үлкендердің  өлімі жағдайында тыныс алу  жолдарынан (кеңірдек, ауа тамыр,  бронхлардан) және өкпеден бактериологиялық  және вирусологиялық зерттеу  үшін жұғынды-ізтаңбалар алады;

 

9) жұқпалы аурулардан немесе  бактериялық, тамақтан уланудан  өлуіне сезіктенген жағдайларда;  ООИ-ге сезіктенген жағдайда қан,  ішкі мүшелердің бөліктерін, мүшелердің  жұғынды-ізтаңбаларын микробиологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін материалдарды алуды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген тәртіпте, санэпидемстанцияның бактериолог-дәрігерінің қатысуымен алады;

 

10) жарып, ашылмаған бүйрек, диатом планктонына зерттеу үшін  негізгі сүйектің ішіндегі сұйық  және жамбас және иық сүйектерінен  кемік майы суға батқанына  нақты морфологиялық дәлел болмаған  жағдайда алынады; сол мәйіттің тексеру үшін өкпесі алынады; мәйіт табылған су айдынынан 200-300 мл су алып, оны сараптау мекемесіне зерттеуге жіберу қажеттігі туралы мәйіттке сараптау тағайындаған адамды бір мезгілде хабардар етеді;

 

11) сот-химиялық зерттеу  үшін жатырдың, түтіктің, аналық бездің және жатыр маңы клетчаткасының тамырларының әртүрлі аймақтарынан тілімдер, жатырдың ішіндегісі мен қабырғасының бөлігі, цитологиялық зерттеу үшін қынап пен сүт бездерінің бөлінділерінің тампондары мен жұғындылары ауыруханадан тыс түсік нәтижесінде өлімнің болғанына сезіктенген кезде, сепсиспен асқынған түсік кезінде алынады, бактериологиялық зерттеулер үшін қосымша материал алынады;

 

12) киімді, теріні, зақымданған  шеміршек бөліктері мен сүйекті,  жара каналы бар паренхималық  мүшелерді оқ тиіп, өткір шабатын, кесетін, шаншып-кесетін және өтпейтін құралдармен зақымданудан өлген кезде физикалық-техникалық зерттеу үшін алады.

 

Сот-медициналық зертханасына жіберуге арналған объектерді алып, орайды да, сәйкес мөр басады. Мәйітке сот-медициналық сараптау тағайындау туралы қаулыны кім және қай кезде шығарды және қаулыдағы зертхана бөлімшелерінде сараптау жүргізген кезде шешілуге тиіс мәселелер де көрсетілген зертханаға жіберілетін тиісті бланк (бланкілер) толтырады.

 

Нақты жағдайларға байланысты сараптауды тағайындаған адам немесе қалалық (аудандық, ауданаралық) сараптау мекемесінің бөлімінің меңгерушісі алынған материалдарды сараптау мекемесіне жеткізуді ұйымдастырумен қамтамасыз етеді.

 

Мәйітті зерттеп болған соң сарапшының бақылауымен барлық мүшелерін мәйіттің ішіне салып, мәйітті тігеді. Сондай-ақ қосымша жүргізілген тілімдер де тігіледі. Мәйіттің дене қуысына оған тиесілі емес мүшелерді немесе бөтен заттарды салуға жол берілмейді.

Мәйітті зерттеу және зертханалық зерттеуге материал алыну аяқталғанға дейін мәйітке шірітпейтін заттарды енгізуге жол берілмейді. Мәйітке сараптау аяқталысымен сараптау мекемесінде консервациялау сараптауды тағайындаған адамның тек жазбаша рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін.

Мәйітті сараптау кезінде зақымданудан, уланудан, ауруханадан тыс түсіктен болған асқынудан және тағы басқалардан зорлықпен өлтірілгені анықталған жағдайда, ол жайында сараптауды тағайындаған адамға белгісіз болса, сарапшы бұл адамды (органды) анықталған өлімнің себебі туралы тез арада хабардар етуге тиіс.

Тірі күнінде анықталмаған өте жұқпалы аурулар (бөртпе, іш, қайтарма сүзектер, қантышқақ және басқа) табылған жағдайда сарапшы немесе бөлім меңгерушісі бұл туралы жазбаша түрде тиісті санэпидемстанцияға хабарлайды. Ерекше қауіпті инфекциялар (ООИ) белгілері табылған кезде шұғыл түрде жергілікті Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау саласының өкілетті органға хабарлайды.

 

136. Мәйітке сараптау үрдісінде  диагностика мен емдеудің ірі кемістіктері айқындалған кезде сарапшы бұл туралы сараптау мекемесінің басшысына хабарлайды, ол бұл жағдайды сот-медициналық клиника-анатомиялық конференцияда тек тергеушінің рұқсатымен ғана алдын ала тергеудің деректерінің жариялауын алып тастап, талқылауға шара қолданады.

 

 

 

Сот-медициналық сараптама  мекемесінің химико-токсикологиялық бөлімшесінде сот-медициналық сараптама жүргізу Ережесі

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

 

Химико-токсикологиялық сараптаудың  мақсаты токсикологиялық химия  саласында арнайы танымды талап  ететін объектілерді (айғақтық заттарды, үлгілерді) химиялық зерттеу болып табылады.

Химико-токсикологиялық зерттеулердің  объектілері болып, адамдардың мәйітінің  ішкі органдары, адам денесіндегі биологиялық  сұйықтықтар мен бөлінділер, химико-токсикологиялық  зерттеулер талап етілетін басқа да айғақтық заттар табылады.

Химико-токсикологиялық зерттеулердің  нақты нәтижелері тек химико-токсикологиялық сараптау жүргізу ережелерін сақтағанда ғана алынуы мүмкін.

 

 

 

34-Тарау. Сараптама жүргізу  тәртібі

 

 

 

Бөлімге түскен объектілер мұқият қаралады және жұмыс журналына сараптау жүргізу тапсырылған сарапшы толық сипаттап жазады. Бұл жағдайда алынған объектілер бірге жіберілген құжаттардағы жазылғандармен сәйкестігі анықталады.

Химико-токсикологиялық зерттеулер жүргізген кезде қабылданған  әдістемелерді пайдаланады.

Егер объект этил спиртімен  консервленген болса, онда зерттеуге  консервлеу үшін пайдаланылған бірдей мөлшердегі сол спирттің бақылау  сынамасы жіберілуге тиіс. Зерттеуге жіберілген объектілерді этил спиртімен консервлеу этил спирті мен нитраттардың барын анықтауға тыйым салынады.

 

Химико-токсикологиялық сараптау жүргізген кезде жіберілген объектілердің  екіден үш бөлігі жұмсалады, ал үштен  бірі ықтимал қайталап немесе қосымша зерттеу жүргізу үшін бөлімшенің архивінде сақтайды.

Объектілердің шектеулі мөлшері  алынған жағдайда оларды жіберген тұлғалардың  келісімі бойынша толық жұмсалуы мүмкін.

Зерттеу объектісінің салыстырмалы үлкен мөлшерінен өте аз мөлшердегі уды алу қажеттігі сарапшы  химиктен анализдің әрі қарай жүру барысы мен оның нәтижелері тәуелді болатын алудың дұрыс әдісін таңдап алу біліктілігін талап етеді.

Мүшелерден (ұлпалардан) химиялық заттарды оқшаулаған кезде объектілерді шамамен 8х8х8 миллиметр дейінгі мөлшердегі кесектерге ұсақтаған кезде ең жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Мүшелерден (ұлпалардан) химиялық заттарды алған кезде заттар су ерітіндісі түрінде болатын клетка жарғақшасына оңай өтетін гидрофильді қасиеті бар (спирт, ацетон және тағы басқалар) еріткіштерге ерекше көңіл аударған дұрыс. Осындай көзқарас ең жақсы нәтижемен қамтамасыз етеді.

 

323. Зерттеу жүргізу үшін  сапалық және сандық анықтаудың  сарапшы химик білетін және  оларды қолдану кезінде туындайтын  қателіктерді ескере алатын әдістерді  ғана қолдануға тиіс.

 

324. Қолданылатын аналитикалық  сынақ дәлелді, спецификалық, ерекше  жоғары сезімталды заттардың  ашылу минимумы мен табылу  шекарасымен (шектеулі құрамымен)  сипатталуға тиіс.

 

325. "Теріс сот-химиялық  мәні бар" реакцияларды жүргізген  кезде теріс нәтижелер алу  сарапшыға осы затты немесе заттардың тобына ары қарай зерттеу жүргізуді тоқтатуға құқық береді.

 

326. Нәтижелерді салыстырған  кезде қате болмауы үшін бірнеше түрлі реакциялар жүргізу қажет.

 

327. Кез келген пайдаланылатын  аналитикалық реакцияның нәтижесін  оның толық өтуін реттейтін  уақыттан соң бағалау керек.

 

328. Егер сараптау барысында  қаулыда көрсетілмеген заттардың  анализін жүргізу қажеттілік  туындаған жағдайда сарапшы, сараптаманы  тағайындаған тұлға (органға)  ескертіп, зерттеуді кеңейтуге міндетті.

 

329. Әрбір зерттеуді әрдайым жұмыстың кез келген мерзімінде ол айналуы мүмкін сандық зерттеу ретінде жүргізу керек. Сынақ үшін объектілерді салмағы бойынша алады, ал дистилляттар, диализаттар, фильтраттардың мөлшерін көлемі бойынша алады.

 

330. Улы заттардың сандық  құрамын тиісті анықтау әдістемесі бар барлық жағдайда зерттейді. Табылған заттардың мөлшері объектінің анализге алынған салмағының 100 г жатады және салмақтық бірлікте өрнектеледі.

 

331. Анализге пайдаланылатын  реактивтердің химиялық тазалығына  көз жеткізу керек, бұл жағдайда реактивтердің тазалығын сот-медициналық зерттеулер барысында қолданылатын әдістермен және реакциялармен анализдеуге қолданылатын ең аз мөлшерде тексереді.

 

332. Кез келген зерттеуді  жұқа қабатты хромотография әдісімен  орындаған кезде органикалық  еріткіштер мен суды өтірік нәтижелер болмау үшін хромотографиялық пластинкалардың бетінен кетіру керек.

 

Белгісіз умен уланғанына сезіктенген жағдайда химико-токсикологиялық  сараптау токсикологиялық маңызды  заттардың тізіміне сәйкес жүргізіледі:

1) су буымен айдалып  оқшауланатын заттар: синиль қышқылы  мен оның қосындылары, метил,  этил, пропил, бутил, амил спирттері,  формальдегид, хлороформ, төрт хлорлы  көміртегі, дихлорэтан, ацетон;

2) қышқылданған сумен немесе  қышқылданған спиртпен, басқа органикалық еріткіштермен оқшауланатын органикалық заттар: барбитур және тиобарбитур қышқылдарының туындылары, морфин, кодеин, дионин, героин, гидрокодон, папаверин, промедол, стрихнин, атропин, гиосциамин, скополамин, кокаин, пахикарпин, никотин, кофеин, хинин, эфедрин, эфедрон, тетрагидроканнабинол, фенотиазин туындысы, 1,4-бензодиазепин туындысы, карбофос, метафос, метилэтилтиофос, метилнитрофос, трихлорметафос-3, метилмеркаптофос, фосфамид, фталофос, фозалон, бутифос, хлорофос, октаметил, севин;

3) минерализациялаумен оқшауланатын  заттар: сынап, күшала, талий, кадьмий, қорғасын, барий, мыс, марганец, хром, мырыш, сурьма, күміс, висмут;

4) диализбен оқшауланатын  заттар: нитраттар, нитриттер, азот, күкірт және басқа қышқылдар, күйдіргі калий және натрий, аммоний асқын тотығы және басқа қосындылар;

5) арнайы әдістермен оқшауланатын  заттар: мырыш фисфиді, йод, тром, көміртегі тотығы және басқа;

6) клиникалық, секциялық картинаға байланысты іс жағдайына, оқиға болған жерінен алынған деректерге, химиялық реакциялардың өту ерекшелігіне байланысты жалпы зерттеуді кеңейтетін заттар.

 

334. Сарапшы химик сараптауды  орындаған кезде тек алдына  қойылған мәселелерді шешумен айналысып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің арнайы танымы шегінде іс үшін маңызы бар зерттеулерді де жүргізуге міндетті.

 

 

9-Бөлім. Сот-медициналық  зертханасында сараптама

 

(зерттеу) жүргізу үшін  мәйіт материалының

 

үлгісін алу және жолдау тәртібі

 

 

 

378. Сот-медициналық сарапта  мекемесінің зертханасында сараптама  зерттеулерін жүргізу үшін үлгіні Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 33 тарауындағы ережелердің талабына сәйкес алып, жолдайды.

 

Сараптамалық зерттеу  үшін мыналар алынады:

 

1. Химия-токсикологиялық  сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

2. Сот-гистологиялық сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

3. Цитологиялық зерттеу  үшін үлгі;

 

4. Сот-биологиялық сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

5. Медициналық-қылмыснамалық  (физикалық-техникалық) сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

6. Микробиологиялық (вирусологиялық) зерттеу үшін үлгі;

 

7. Диатомдық планктонды  зерттеу үшін үлгі.

 

Химия-токсикологиялық сараптама (зерттеу) үшін үлгілер алу кезінде, сарапшы жорамалданған удың мәйіттен алынбауын және мәйітке сырттан  түспеуін қадағалауға тиіс. Сондықтан  мәйітті жарып көргенге дейін секциялық үстелді, аспаптар мен қолғаптарды мұқият жуу керек. Мәйітті жарып көрген кезде суды және басқа сұйықтарды пайдаланбау керек.

Мүшелердің бөліктерін құрғақ шыны құтыларға салады. Металл немесе керамикалық ыдыстарды пайдалануға тыйым салынады. Құтыларды қышаның немесе соданың ерітіндісімен жуып, мұқият таза су құбырының суымен жуу керек, содан соң айдалған сумен шайып, кептіргіш шкафта кептіру керек.

Уланған кезде у мүшелер мен ұлпаларда түрліше таралады. Сондықтан жорамалданған умен улануға байланысты мынадай мәйіт материалдарын алады:

 

1) алколоидтармен (апиынмен, морфинмен, стрихнинмен, бруцинмен,  атропинмен, кокаинмен, анабазинмен,  пахикарпинмен, аконитинмен және  басқа) уланғанда - ішіндегісімен  қарынды, аш және тоқ ішектерді,  ішіндегі өтімен бауырды, бүйректі, көкбауырды алады. Хининмен уланғанына  сезіктенген кезде - қосымша жатырды  да алады;

2) барбитураттармен және  барбитурат емес қатардағы ұйықтататын  дәрілермен уланғанда - бауырды өтпен бірге, бүйректі, ішіндегісімен бірге, қарынды ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішекті алады;

3) гликозидтармен уланғанда  - бауырды өтпен бірге, бүйректі, қанды, жүректі, дәрі құйған жерден ұлпаларды алады;

4) қышқылдармен және күйдіргіш  сілтілермен уланғанда - ішіндегісімен  бірге қарынды, жұтқыншақты, ауа  тамырды, өңешті бауырды, бүйректі, у әсер еткен іздері бар  тері бөліктерін алады;

5) "ұшқыш" улармен  уланғанда (нитробензолмен, анилинмен,  бензолмен және басқа) ішіндегісімен  қарынды, ішіндегісімен аш ішектің  жоғарғы бөлігін, қанды (кем дегенде 200 миллилитр), өтпен бірге бауырды, миды, бүйректі алады;

6) "металлды" улармен  уланғанда ішіндегісімен бірге қарынды, ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді, бауырды, бүйректі, көкбауырды

7) метил және басқа спирттермен (этил спиртінен басқа) уланғанда - ішіндегісімен бірге қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішектерді, миды, қанды, бауырды өтпен бірге, бүйректі алады;

8) нитраттармен уланғанда  - бауырды өтпен бірге, ішіндегісімен бірге қарынды, ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді;

9) көміртегі тотығымен  немесе басқа газдармен уланғанда - қан (кем дегенде 200 миллилитр) алады;

10) психотроптық заттармен  (аминазинмен, элениуммен, седуксенмен  және басқа) - бауырды, бүйректі, қанды,  қарынды, ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді алады;

11) синиль қышқылымен және  олардың тұздарымен уланғанда  - ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен  аш ішектің жоғарғы бөлігін, қанды (кем дегенде 200 мл), өтпен бірге бауырды, бүйректі алады;

12) фенолдармен, крезолдармен  уланғанда - ішіндегісімен қарынды,  ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді, қанды (кем дегенде 200 мл), өтпен бірге бауырды алады;

13) формальдегидпен (формалинмен)  уланғанда - ішіндегісімен қарынды,  ішіндегісімен бірге аш ішекті, бүйректі алады;

14) фосфорорганикалық және  карбаматты пестицидтермен уланғанда  бауырды, бүйректі, қарынды, ішекті, қанды алады; тыныс алу арқылы  ФОС түскенде қосымша ми мен  өкпені алады;

15) фторидтермен уланғанда  - ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішекті, бауырды өтпен бірге алады;

16) хлорорганикалық көмірсулар мен хлорорганикалдық пестицидтермен уланғанда - миды, май бездері, ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішекті, бауырды өтпен бірге бүйрек алады;

17) этил спиртімен уланғанда  - қан мен зәрді 20 миллилитр  мөлшерде (тығыны бар ыдыста) алады;

18) қанды пипеткамен немесе  шприцпен қолдың ірі көктамырынан немесе мидың қатты қабықшасының синустарынан алады. Қанды, зәрді немесе мүшелерді жіберу мүмкін болмағанда бұлшықет ұлпасын (1000 грамм жуық) алады.

 

Зерттеу үлгілерін (объектілерін) тек жүрек гликозидтерімен, фенотиазиннің  туындыларымен, фосфоорганикалық пестицидтермен, алколоидтармен және трицикльді антидепрессаттармен  улануға сезіктенген жағдайда ғана консервілейді. Бекіту үшін құтыда деңгейі ішкі мүшелердің бетінде кем дегенде 10 миллиметр спирт-ректификатты пайдаланады. Зерттеу үлгілерімен (объектілерімен) бірге бір мезгілде сол партиядан 250-300 миллилитр мөлшерінде спирттің бақылау сынамасын жібереді.

1-Бөлім. Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру