18 ғасыр соңында ірі техниканы ойлап табуы

Греция тарихындағы  жаңа кезең Филипп ІІ ұлы Александр  Македонскийдің (б.з. дейінгі 356-323 ж.ж.) Шығысқа жорығы болды. Жорық нәтижесінде (б.з. дейінгі 334-324 ж.ж.) Дунайдан Индаға дейін, Египеттен қазіргі Орта Азияға дейін созылған үлкен держава  құрылды. Эллинизм дәуірі, грек мәдениетінің А. Македонскийдің барлық державасына таралатын дәуірі басталады.

Эллинизм дәуірінде ғылым мен  техника дамиды. Осы кезеңнің атақты ғалымдары Архимед, Евклид, Эратосфен  және басқалар болды.

Эллинистік мүсіншілер көрермендерді өздерінің шығармаларымен толғандырып, ол үшін көркемдігі жоғары формалар тапты. Мүсіншілер Агесандр, Полидор, Афинадордың “Лаокооны” осындай. Гомердің “Иллиадасынан” алынған сюжет – троян абызы Лаокоон мен оның ұлдарының қалаға белгілі троян атын енгізуге қарсылық жасағаны үшін құдайлар жіберген өлімі адам трагедиясы ретінде қарастырылады. Осы кезеңнің елеулі шығармаларына мыналар жатады: Зевстің пергам альтарының рельефтері, Мелос аралынан келген Афродита (Венера Милосская), Ника Самофракийская, біздің заманымызға жетпеген, қоладан жасалған, биіктігі 35 м Колосс Родосский.

Эллинизм өнері сол қарқынды дәуір адамдарын толғандырған идеяларды  суреттеді, ал көркем мәдениет Жерорта  теңізінің әр түрлі облыстарындағы өнердің көптеген түрлерін дамыту негізі болды. Б.з. дейінгі 1 ғ. соңынан эллинистік мемлекеттер құри бастағанда антика әлемінде рим өнері жетекші мәнге ие бола бастайды. Ол өзіне Греция мәдениеті мен өнерін сіңіре отырып, зор Рим державасының көркем практикасына үлесін қосты. Гректердің антикалық антропоцентризміне римдіктер парасатты дүниетаным белгілерін енгізді. Ойлау дәлдігі мен тарихилығы, қатаң проза гректердің миф шығармашылығының мәнді поэтикасынан бөлек көркем мәдениет негізі болды.

Римнің көркем мәдениеті алуандығымен және формаларының ала-құлалығымен ерекшеленеді, онда Рим бағындырған елдердің өнеріне тән белгілер бейнеленген. Гүлдену кезеңіндегі рим өнерінде сәулет жетекші роль атқарды, оның ескерткіштері қазірдің өзінде өзінің алыптығымен таңдандырады. Римдіктер әлемдік сәулетшіліктің жаңа дәуірін ашты, онда көп адамдар санына есептелген қоғамдық құрылыстар негізгі орын алады. Барлық әлемде инженерлік өнер биіктігі, құрылыстар типтерінің алуандығы, композициялық формалар байлығы, құрылыс масштабы бойынша тең келетін сәулет жоқ. Римдіктер қала, ауыл ансамбліне және пейзажына сәулет объектілері ретінде инженерлік құрылыстар (акведуктер, көпірлер, жолдар, айлақтар, бекіністер) салды. Олар грек сәулетінің принциптерін, алдымен оның ордерлік жүйесін қайта өңдеді.

Алайда Римдегі грек өнерін құрайтын гуманистік бастаудың, айбындылық пен үйлесімнің орнын императорлардың билігін, империяның әскери қуатын дәріптеу басты. Осыдан асыра сілтеушілік, жалған пафос шықты, ал оның жанында кедейлердің жыртық лашықтары, қисық көшелері мен қаладағы лас, қараңғы түпкірлер тұрды.

Монументті мүсін облысында  римдіктер гректерден қалып қойды  және гректер сияқты зор ескерткіштер жасаған жоқ. Бірақ олар пластиканы өмірдің жаңа жақтарын аша отырып байытты, сәулет декорының маңызды  бөлігін құрайтын тұрмыстық және тарихи бедер жасады.

Рим мүсін өнерінің ең үздік мұрасы – портрет. Шығармашылықтың дербес түрі ретінде ол б.з. дейінгі 1 ғ. басынан  байқалады. Римдіктер осы жанрды жаңаша түсінді. Олар грек мүсіншілерінен айырмашылығы нақты адамның бет-бейнесін мұқият және жіті зерттеді.

Б.з. дейінгі І ғ. соңында Рим  мемлекеті аристократиялық республикадан  империяға айналды. «Рим әлемі» деп  аталатын Август билік құрып тұрған кездегі таптық күрестің тыныш уақыты (б.з. дейінгі 27 ж. – б.з. дейінгі 24 ж.) өнердің жоғары гүлденуін ынталандырды. Антика тарихшылары осы кезеңді Рим мемлекетінің «алтын ғасыры» деп сипаттайды. Онымен сәулетші Витрувийдің, тарихшы Тита Ливийдің, ақындар Вергилийдің, Овидийдің, Горацияның есімдері байланысты.

Б.з. І ғ. соңы мен ІІ ғ. басы –  үлкен кеңістікті құлаштағы керемет сәулет кешендерін салу уақыты. Ежелгі республикалық Форумның жанынан салтанатты рәсімдерге арналған императорлар форумдары салынды. Көп қабатты үйлер салынды, олар Рим мен империяның басқа қалаларының бейнесін айқындады. Императорлық Римнің қуаты мен тарихи мәнінің үлгісі әскери жеңісті дәріптейтін салтанатты құрылыстар болды.

Ежелгі Римнің ең зор көріністі  құрылысы – Колизей, бұл керемет  көріністер мен гладиаторлық ұрыстар  орны болды. Құрылысшылар оның үлкен  тастан жасалған жеріне 50 мың көрерменді ыңғайлы орналастыру керек болды. Колизейдің қуатты қабырғалары тұтас аркадалармен 4 бөлікке бөлінген, төменгі бөлігі кіретін және шығатын орын болды. Төмен түсетін орындар көрермендердің қоғамдық рангысына байланысты бөлінді. Колизеймен жасалу шеберлігі және кеңістік шешіміне байланысты еркін үйлесімімен көз тартатын Пантеон ордасы ғана бәсекелесе алады.

Рим өнері антика көркем мәдениетінің үлкен кезеңін аяқтайды. 395 ж. Рим  империясы Батысқа және Шығысқа  бөлінеді. IV-VII ғ.ғ. варварлар қиратқан, тонаған Рим босап қалды, оның құлаған орнында жаңа селолар пайда болды, бірақ рим өнерінің дәстүрлері жалғасын тапты. Ежелгі Римнің көркем бейнелері Қайта Өрлеу заманының шеберлерін шабыттандырды.

 

 

 

ЭЛЛИНДІК МӘДЕНИЕТ, ұғым ретінде екі түрлі мағынасы бар: хронологиялық жағынан – эллинизм дәуірінің мәдениеті, типологиялық жағынан грек (эллин) және жергілікті элементтердің өзара ықпал етуі нәтижесінде пайда болған. Типол. түсінік “Элиндік мадениетне” Александр Македонскийдің (б.з.б. 4 ғ.) жорықтарынан бастап Рим империясының құлаған (б.з. 5 ғ.) кезіне дейінгі антик. дүниенің бүкіл мәдениетін де қосуға мүмкіндік беріп, хронол. және геогр. шеңберді кеңейте түседі. Бұл жағдайда рим жаулап алушылығынан кейінгі кезеңде пайда болған идеология мен мәдениеттегі өзгерістер назарға алынбайды. Эллиндік дүниенің барлық аум-нда қалыптасқан мәдениет бірыңғай болған жоқ. Ол әрбір облыста мәдениеттің жергілікті, неғұрлым тұрақты дәстүрлі элементтерінің жаулап алушылар мен қоныс аударушылар әкелген мәдениетпен өзара ықпалдасу жолымен қалыптасты. Қосылу формалары көптеген нақты жағдайлардың: әр түрлі этн. топтардың (жергілікті тұрғындар мен келімсектер) арақатынасы, олардың экономикасы мен мәдениетінің әлеум. ұйымы, саяси жағдайының деңгейі әсерімен анықталды. Алайда Э. м-тің барлық жергілікті нұсқаларына қоғамның эллинденген жоғ. топтары мен жергілікті дәстүрлер орнықтылау сақталған қалалық және ауылдық мәдениеттің мазмұны мен сипатындағы ерекшеліктер айқын көрінді.

Дін мен мифология. Эллиндік дін мен мифологияның неғұрлым сипатты белгісі – шығыстық мұра орасан рөл атқарған синкретизм болып табылады. Грек пантеонының құдайлары ежелгі шығыс құдайларымен қатар қойылып, жаңа белгілерге ие болды. Құдайларды құрметтеудің формалары ауысып, мистериялар басқаша сипатқа ие болды. Пантеон мен табыну формаларындағы жергілікті ерекшеліктер сақталған жағдайда өзіне әр түрлі халықтардың неғұрлым құрмет тұтатын құдайларының ұқсас міндеттерін біріктірген бірқатар әмбебеп құдайлар кең тарай бастады. Табынушылықтың ең негізгілерінің бірі – Зевс Гипсистке (бәрінен де жоғары) табыну болды, ол финикиялық Ваалмен, египеттік Амонмен, вавилондық Белмен, иудеялық Яхвемен, т.б. қатар қойылды. Зевске табынушылыққа таралуы жағынан мистериялармен бірге Диониске табыну бәсекелесті. Оған табынушылық египет құдайы Осириске, кішіазиялық құдайлар Сабазий мен Адониске табынуға жақындады. Әйел құдайлардың ішінен негізгісі әрі барлық жерде дерлік құрметтелетіні көптеген грек және азиялық әйел құдайлардың белгілеріне ие болған египеттік Исида болды. Тағдырдың әйел құдайы – Тихенің маңызы негізгі құдайлардың деңгейіне дейін көтерілді. Эллиндік патшалар шығыс дәстүрлерін пайдалана отырып, патшаларға табынушылықты күшейтті.

Философия. Эллинизм дәуірінде платондық Академия, аристотельдік Ликей (перипатетик. мектеп), киники мен кирен мектебі өз қызметін жалғастырды. Осы кезде эллиндік дүниеге өз ықпалын жүргізуге бәсекелес үш жаңа филос. мектеп: скептицизм, эпикуреизм мен стоицизм пайда болды. Скептиктер мектебінің негізін б.з.б. 4 ғ-дың 2-жартысында Пиррон қалады. Бұдан кейін скептицизм Платон академиясымен қосылды. Өз ілімін Демокриттің атомдық ілімі мен киренаик. этиканың негізінде жасаған Эпикур мектебі эллиндік дәуірдің дүниеге деген көзқарасына елеулі ықпал етті. Стоицизмнің негізін салушылар – китиондық Зенон, Клеанф пен Хрисипптің қызметі б.з.б. 3 – 2 ғ-ларда өтті. Сократқа дейінгі философияның (бәрінен бұрын Гераклиттің) тұғырнамасын жаңғырта отырып, стоиктер ғарышты біреуі адам болып табылатын сан алуан логостарға бөлінетін саналы отты тыныс алу деп түсіндірді. Б.з.б. 2 ғ-дың ортасынан діни мифол. дәстүрлері бар Грекия мен Шығыс философиясының жақындасу процесі басталды. Бұл процестің негізгі тұлғасы пифагорлық, платондық және стоиктік философияны қосқан Посидоний болды.

Жаратылыстанудағы ғылыми көзқарастар. Эллиндік дүниенің аса ірі ғыл. орт. Жерорта т. аймағындағы аса көрнекті ғалымдар жұмыс істеген және Александрия кітапханасы орналасқан Александрия қаласы болды. Александрияда кітаптар дайындау елеулі дамыды, кітаптар дайындау үшін Египеттен папирус әкелінді. Эллиндік ғылымның басқа маңызды орталықтары Пергам, Оронттағы Антиохия, Родос аралы болды. Бұл орталықтардағы ғалымдардың көпшілігі гректер болды. Математика мен астрономиядағы жоғ. жетістіктер Евклидтің, Архимедтің, пергтік Аполлонийдің, самосстық Аристархтың, Никеядан шыққан Гиппархтың есімдермен байланысты болды. Александрияда жұмыс істеген математиктерден, сондай-ақ Никомен, Диокл, Зенодор мен евклидтік “Бастамалардың” XІV кітабы мен “Көп бұрышты сандар туралы” трактаттың авторы Гипсикл белгілі. Селевкиялық Селевк (б.з.б. 2 ғ.) Аристархтың гелиоцентристік жүйесінің ізбасары ретінде көрініп, теңіз суының қайтуы мен толысуының Айдың орналасуына байланысты екендігін анықтады. Теор. механикадағы табыстар Архимедтің жұмыстарына байланысты еді; жалған аристотельдік “Механикалық проблемалар” трактаты да танымал болды. Қолданбалы механиканың дамуына Ктесибийдің көптеген өнертабыстары ықпал етті. Александр Македонскийдің жорықтары геогр. білімдердің кеңеюіне жағдай жасады. Аристотельдің шәкірті Дикеарх б.з.б. 300 жылдың шамасында сол кезде белгілі болған барлық ойкуменаның картасын жасап, Жер шарының мөлшерін анықтауға әрекеттенді; оның нәтижелерін білімнің әр түрлі салаларында жемісті еңбек еткен киреналық Эратосфен дәлдей түсті. Страбонның “География” (17 кітаптан тұрды) еңбегі сол дәуірдегі геогр. білімді қорытты. Ботаника саласында жинақталған білімдерді Теофраст жүйеге келтірді. Адам анатомиясы мен медицина саласына қызығушылық артты. Халкедондық Герофил мен Эрасистраттың қызметі ғыл. анатомияны жасау жолындағы кезең болды. Осы ғалымдардың ықпалымен б.з.б 3 – 2 ғ-ларда эмпирик дәрігерлердің (Косстық Филин, Александриялық Серапион, т.б.) мектебі пайда болды.

Тарих ғылымы. Тарихшыларға тақырыпты таңдау мен оқиғаларды баяндауда сол замандағы саяси күрес, саяси және филос. теориялар ықпал етті. Тарихи шығармаларда тарихтағы аса көрнекті тұлғалар мен тағдырдың рөлі, кемеліне келген мемлекет формасы, жекелеген елдер тарихының дүниежүз. тарихқа қосылуы, т.б. мәселелер талқыланды. Көптеген тарихшылардың шығармаларында оқиғаларды баяндау жасанды түрде әдебилендіріліп, көпшілік оқырмандардың көңіл-күйіне әсер ететін шешендік өнер тәсілдері қолданылды. Александр Македонскийдің тарихын жазған Каллисфен мен александриялық Клитарх осындай стильде жазды. Тарихнамадағы басқа бағыт фактілерді неғұрлым қатаң және құрғақ баяндауды ұстанды. Мыс., осы бағытта жазған көрнекті тарихшы б.з.б. 220 жылдан 146 жылға дейінгі дүниежүз. тарихты жазған Полибий болды. Жекелеген мемлекеттердің тарихы жазыла бастады, грек полистерінің жылнамалары мен заңдары (декреттері) зерттелді, шығыс елдері тарихына деген қызығушылық өсті. 3 ғ-дың бас кезінен бастап жергілікті абыз-ғалымдардың грек тіліндегі еңбектерінен басқа жергілікті тілдердегі тарихи шығармалар да пайда болды.

Әдебиет. Эллинизм дәуірінде көпшілікке арналған театр қойылымдары сақталып қал-ды. Онда негізінен тұрмыс пен отбасылық қатынастарға бой ұрған комедиялар қойылды. Эллинизм кезеңінің трагедиялары сақталмаған. Б.з.б. 3 ғ-дан бастап әдебиет, негізінен Александрияда дамыды. Мұнда көркем шығарм. әйгілі Александрияда кітапханасында жұмыс істеген филологтардың ғыл. ізденістерімен ажырамас байланыста болды. Өткен заманның көркем әдебиетін оқып-зерттеу эллиндік ақындарға өмір сүріп отырған әдеби дәстүрлердің орнықтылығын ғана емес, оларды жаңартудың қажеттігін сезінуге мүмкіндік берді. Осыдан келіп ертеден қалыптасып қалған жанрлар саласында қызу тәжірибелер жасап көру басталды. Эллинизм кезеңі сондай-ақ эпиграмманың гүлдеген уақыты болды. Оларда бірінші орынға махаббат тақырыбы шықты. Эпостық дәстүрлі жанр да өз жалғасын тапты. Эллинизм дәуірінде қалыптасқан прозалық жанрлардың антик. және ортағасырлық әдебиеттің дамуы үшін елеулі маңызы болды.

Сәулет өнері мен бейнелеу өнері. Көркемдік мектептердің жергілікті ерекшеліктері күшейе түсті (александриялық, пергамдық, родосстық, афиналық, сириялық, т.б.). Евфраттан шығысқа қарайғы аумақтарда бастапқыда грек және жергілікті элементтердің өзара әсері шамалы болды, нәтижесінде Парфия патшалығының, Гандхараның, Кушан патшалығының өнері пайда болған қарқынды ықпалдасу процесі грек-македондықтардың билігі құлағаннан кейін басталды. Эллиндік сәулет өнері орасан ашық кеңістіктерді игеруге ұмтылуымен, асқақтығымен, адамды инж.-құрылыстық ойдың батылдығы және ұлылығымен таңдандыру ниетімен, құрылымдар логикасымен, орындаушылықтың дәлдігі мен шеберлігімен ерекшеленеді. Әдетте қатаң жоспарлар бойынша салынған қалалардың (Египеттегі Александрия, Дура-Европос, Пергам, Приена, Тигрдегі Селевския) көркемдік бет-бейнесінде үлкен бағаналар (негізгі көшелердің бойында) мен агора периметрін қоршай жеке тұратын немесе ғимараттың бөлігі болып табылатын 1 – 2 ярустық бағаналы портиктерге маңызды рөл берілді. Қалалардың орт-нда патша сарайлары, жиналыстар өткізуге арналған үйлер (булевтерия, эвклесиастерия), театрлар, діни ғимараттар орналасты. Эллиндік қалалардың ерекшелігі – оларда асқақ архит. ансамбльдердің болуы еді. Оларға ғимараттарды бір-бірімен және оларды қоршаған табиғи ортамен үйлестіру, қатаң жоспарлау, құрылыс композицияларының алдыңғы бетінің тартымдылығы мен симметриялылығы тән болды. Ғимараттардың жаңа түрлері – кітапханалар, мусейондар (Александрия мусейоны), инж. құрылыстар (Фаростағы Александрия шамшырағы) пайда болды. Эллиндік діннің синкретизмі азаматтық құрылыстарға қарағанда Шығыс өнерімен өзара ықпал етуі күштірек байқалған ғибадатханалар, қасиетті шіркеулер, алтарьлар, мемориалдық ғимараттар типінің дамуына әсер етті (Александриядағы Ком-эш-Шукаф жерасты ғимараттары, Солт. Ауғанстандағы Ай-ханум қалашығы). Эллиндік сәулет өнерінің ерекшелігі Кіші Азиядағы алтарьлардың композициясынан көрініс тапты (Пергамдағы Зевс алтары). Бейнелеу өнерінде классик. мұраларды шығармашылықпен пайдалану, үйлесімді кейіпкерлер жасау (Мелосстық Афродита, б.з.б. 2 ғ.) сарыны байқалды (жаңа аттик. мектеп).[

Эллинизм дәуірініц  мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі IV г. аягы — б.з. I г.)

Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александрды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңққа бөленген, ұлы Александр отыз үш жасында дүние салды. Ол өлгеннен кейін (біздің заманымызға дейінгі 323 жыл) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық династиялар құрылды.

 

Дарии патшадағы Македонский

Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антохия мен Кіші Азиядағы Перғам эллиндік елдердің мәдени орталықтарына айналды. Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның мәдени мұрасымен, ғылыми жетістіктерімен гректердің кеңірек танысуына даңғыл жол ашса, ал өз кезегінде жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Сөйтіп, Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды. Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезегінде Грек қалаларының бай құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалынған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары да барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаған кездерде айқын сезілді. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты сфинкстер, қанатты жылан, құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар-грифондар, өлгендердің аруағы болып есептелінетін адам басты құстар — сиреналар және тағы да басқалары пайда болды.

 

План Александрии Египетской, столицы птолемеевского Египта

Сонымен Шығыстың ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру  мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салды. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмысстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі — Алексаңдриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмысстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы — Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар өйгілі кітапхана орналасты.

Менің ойымша, эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас. Өйткені, бұл дәуірде Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дөстүрлері болды. Бірақ оған қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді. Біздің заманымызға дейінгі II ғасыр өмір сүрген атақты мүсінші Александр (Агесандр)дың қолынан шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген Афродитаның мүсіні қазір бүкіл дүние жүзіне белгілі болып отыр. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббат құдайының бұл сырлы бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нөзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады. Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атаққа ие болған Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуіріне біртұтас жобамен салынған алғашқы қалалардың бірі болып саналатын Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған. Пырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңыңда жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге болады.

Грек өнерінің соңғы  айтулы мәдени ескерткішінің бірі —  Троялық абыз Лаокоон мен оның балаларының апат болуын бейнелейтін  мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер — Агесандр, Полидор және Афанодор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңызхикаядан алынған. Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды. Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне төн, патшаны құдай дөрежесінде мадақтауға негізделген — монархтарға табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардьщ әйелдері құдайлар деп таныльш, оларға құдайлардай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші бір белгісі — «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет — синкретизм еді (гректік және шығыстың діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).

Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлар бойы өз сәулесін түсіріп келеді. Біздің заманымызға дейінгі ГУ ғасырда пайда болған эллинистік мемлекеттер көп уақыт өмір сүрген жоқ, өйткені біздің заманымызға дейінгі II—I ғасыр өзінде-ақ олардың көпшілігін құлиеленушілік Римнің қалың қолы жаулап алды. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды.

Республика дәуіріндегі  Римнің мәдениеті(біздің заманымызға  дейінгі IV-V ғасырлар)

Біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда Рим этрус қалаларымен қоса, бүкіл Апенин түбегін өзіне бағындырды, ал III—I ғасырлардағы қантөгіс соғыстарда римдіктер өздерінің басты бәсекелесі Карфагенді күйретіп, одан соң іле-шала Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі біраз мемлекеттерді жаулап алды. Бұл жайында аса көрнекті грек тарихшысы Полибий былай деп жазды: «Римдіктер белгілі дүниенің бәрін дерлік өзіне бағындырып алды, сөйтіп, өз құдіретін ата-бабаларының үш ұйықтаса түсіне кірмеген, ал кейінгі ұрпақтары басып оза алмайтын шырқау биікке көтерді». Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса ірі құл иеленуші мемлекетіне айналды.

 

 

Рим әркерінің дулығасы

Дүниежүзілік өркениетке гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл ұлы халықтар бірін-бірі толықтырып отырды. Міне, сондықтан да болар, қазіргі Еуропа мәдениетінің іргетасын қалау — бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды. Әрине, гректер өнердің қай саласында болса да кош ілгері болды, римдіктерге қарағанда ғылымға да көп үлес қосты, диалектика саласында да шеберліктерін көрсете білді. Тіпті Рим өнерінің тұтастай алғанда грек өнерінен туындаганын тарихи тұрғыдан дәлелдеуге де болатын шығар. Алайда, Римнің ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұрасы Еуропаның мәдени іргетасын қалауда айрықша орын алатынын естен шығармаған жөн. Тарих беттеріне тереңірек үңіле қарасақ, римдіктердің алғашқы кездерде өздерін тағыларша ұстағандығын байқауға болады. Мысалы, Ювенал өзінің сатиралық бір шығармасында гректердің көркем дүниесін бағалай алмаған дөрекі рим солдатын шынайы көрсетеді, ол солдат өзінің қалқаны мен сауытын өшекейлеу үшін атақты суретшілердің қолынан шыққан кубоктарды ұсақтап, сындырып тастаған. Біздің заманымызға дейінгі 146 жылы Коринф қаласының қалауымен антика тарихының гректік дәуірі аяқталады. Ионий теңізінің жағасында орналасқан бұл қала грек мәдениетінің басты орталығы болатын, бірақ гүлденген бұл мәдени ошақты Рим консулы Муммийдің солдаттары жоқ қып жібереді, ал өртенген сарайлар мен храмдардағы асыл қазыналар Римге жеткізіледі. Алайда, арада екі ғасыр өткеннен кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Ендігі жерде Рим ақсүйектері өнердің қадірін түсіне бастады, сөйтіп қираған Коринф қайтадан түлеп, тамаша мәдени ескерткіштермен жасанып шыға келді.

Жалпы біздің заманымызға дейінгі III ғасырдың аяғынан бастап Римнің әскер басылары жаулап алынған грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Бұл жағдай римдіктердің көркемдік талғамын дамытуға жол ашты. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары Мирон, Фидий, Скопас, Поликлет, Лисипп, Пракситель сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды. Үздік өнер туындыларының үлгілерін жасауға Рим ақсүйектері қыруар қаржы жұмсады, сөйтіп грек мүсіншілерінің ең атақты ескерткіштерінің көшірмелері көптеп дайындала бастады. Олардың көпшілігі біздің заманымызға дейін сақталган. Грек суретшісі мен рим суретшісінің қоғамдық жағдайында жер мен көктей айырмашылық болды. Грек суретшісі құл иеленушілік демократия жағдайында еркін болды, өйткені, ол бірінші жағынан өзі мекендейтін мемлекетқаланың полис мүддесін көздейтін болса, екінші жағынан өз елінің еркін азаматы екендігін сезіне білді, сейтіп суретшілік өнер оларды биік мұраттарға жетеледі. Ал Рим суретшілеріне келеек, олар азаматтық құқығы болмағандықтан саяси оқиғалардан шалғай болды, оның үстіне олар көп жағдайларда еркіндік алған бұрынғы құл немесе ата тегі грек құл санатындағы адамдар болатын. Міне, сондықтан да бол ар, римдік суретшілер мен мүсіншілердің есімдері көп сақталмаған. Өнер туындыларына тұтынушылық тұрғыдан қарау мүсіншіні берілген тапсырманы мұқият орындаушыға және жай ғана көшірмешіге айналдырды. Демек, олар кәсіби шебер болғанымен, нағыз дарын иелері дәрежесіне көтеріле алмады. Бірақ Рим мәдениетінің дамуындағы мұндай келеңсіз жағдайлар заман ағысында өз шешімін тапты, соның нәтижесінде мәдениет пен өнердің дамуы жаңа арнаға түсті.

 

 

Римдегі Аугусто

Римдіктердің табиғи шығармашылық даналықтары сәулет өнері ескерткіштерінде мейлінше байқалады. Рим сәулетшілері ғимараттарының өзіндік ерекшелігі, олардың мемлекет қажеттілігін ескеріп  салынуы болатын. Сондай таңғажайып ескерткіштердің бірі Римді оңтүстік Италия қалаларымен жалғастыратын ең атақты, ең ежелгі жол — Аппий жолы болып саналады. Мұның құрылысын біздің заманымызға дейінгі 312 жылы Аппий Клавдий қолға алған болатын. Бұл жол талай тарихи уақиғалардың куәгері, өйткені осы жолдың бойында біздің заманымызға дейінгі 71 жылы Спартак көтерілісіне қатысқан құлдар асып өлтірілген.

Біздің заманымызға дейінгі III—II ғасыр аралығында Рим құрылысшылары сәулет өнерінде берік те су өткізбейтін бетонды алғаш рет пайдаланды. Бұл жаңалықтың арқасында ірі ғимараттар мен күмбезді шатырлар салуға мүмкіндік туды.

Республика дәуіріндегі Рим  сәулет өнерінің дамуына біздің заманымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген әрі инженер, әрі сәулетші Витрубийдің «Сәулет өнері туралы он кітап» деп аталатын трактатының ықпалы орасан зор болды. Бұл ғылыми еңбек сол замандағы құрылыс тәжірибесінің нағыз энциклопедиясы болатын. Ол ғимараттар салудағы басты талаптарға: ғимараттың пайдалылығына, оның беріктігі мен әсемдігіне ғылыми тұрғьщан ерекше мән берген. Витрубийдің бұл еңбегі Рим заманында кең тарапал қайта өрлеу дәуірінде шынайы даңққа бөленді.

Рим республикасы дәуірінде сәулет өнерімен қатар ежелгі дүние өнерінде ерекше орын алған реалистік мүсіндік портрет те дамыды. Грек шеберлерінің қолынан шыққан портреттермен салыстырғанда римдік мүсіндік портреттер бірден көзге түседі, өйткені римдік суретшілер ұлы адамдардың бейнелерін салган уақытта, басқа азаматтарға үлгі боларлықтай асқан сұлу, жан-жақты жетілген, кемел адамның бейнесін жасауға тырысты. Осындай шығармашылық ізденістің нәтижесінде портреттердің эмоционалдығы айқындалып, әсерлігі күшейді, яғни оларды айрықша даралап көрсетуге тырысушылық байқалды. Портрет жанрының кеңінен тарауы «ата-бабаларды құрметтеу» дәстүрімен де тығыз байланысты болды.

 

 

Коллизей амфитеатры

Римдік портретте — Римнің тарихы жатыр, шарықтау кезеңі мен қайғылы  ажалы жатыр. Өйткені, Рим императорларының арасында ізгілігімен, даналығымен  аты шыққан аса ірі мемлекет қайраткерлерімен қатар, атаққұмарлар, ойына келгенін істейтін қанышер-деспоттары да болды. Осы орайда портреггің дамуына біздің заманымызға дейінгі I ғасырда римдік чиновниктерге өз мүсіндерін қоғамдық орындарға қоюға берілген құқық едәуір ықпал жасады.

Рим әдебиетіне келетін болсақ, бұл  салада грек әдебиетінің ықпалы зор  болды. Алғашқы кезде гректер  рим жазушылары болды, тіпті алғашқы әдеби шығармалардың өздері де грек тілінен латыншаға аударылған. Алғашқы рим ақыны Ливий Андрониктің ұлты грек болған, ол кейіннен ұлы Гомердің «Одиссеясын» ғана емес, атап айтқанда, Софокл мен Еврипидтің шығармаларын және тағы да басқа грек трагедиялары мен комедияларын латын тіліне аударды. Ал шын римдік жазушы біздің заманымызға дейінгі III ғасыр аяғы мен II ғасыр басында өмір сүрген Плавт болды. Оның «Тұтқындар», «Үш бақыр» және тағы да басқа комедияларында Рим империясының тіршілік-тынысы барынша қамтылды. Одан кейінірек комедия жанрымен айналысқан — Теренций (біздің заманымызға дейінгі 125—159 жылдар) грек авторларының, әсіресе Менандрдың шығармаларын латын тілінде қайталап беруден аса алған жоқ. Ал рим трагедиясына келеек, ол нақты өмір шындығынан алшақтау болды және грек трагедияларына еліктеушілік сезіліп тұрды.

Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Варронның (біздің заманымызға дейінгі 116—27 жылдар) ең әйгілі «Древности дел божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедия болды. Ол сонымен бірге бірталай грамматикалық, тарихи-әдеби, философиялық еңбектермен қатар Римнің атақты адамдарының өмірбаянын да жазған.

Осы кезеңдегі әлемнің ойшыл алыптарының  бірі — аса көрнекті қоғам қайраткері, от тілді, орақ ауызды, күміс көмей шешен, дарынды заңгер, философияның білгірі, тамаша жазушы ұлы ғұлама — Цицерон болды (біздің заманымызға дейінгі 106-43 жылдар). Римнің саяси өміріне белсене араласқан, ол осы саясат саласына байла- 146 нысты «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» және тағы да басқа ғылыми трактаттар жазды. Үрпағына мол мура қалдырған ұлы философ. «Құдайлардың табиғаты туралы», «Көріпкелдік туралы», «Академиктер ілімі туралы», «Тағдыр туралы», «Достық туралы», «Қарттық туралы», «Жамандық пен жақсылық туралы» және тағы да басқа трактаттарында философияның еркіндік, бақыт, азаттық сияқты категорияларына жан-жақты талдау жасавды.

Тілінен бал тамған, лебімен отқа вртейтін әрі інешен, әрі философ Цицеронның негізінен соттарда сөйлеген 58 сөзі, 800ден астам хаттары бар. Цицерон сол дәуірдігі философиялық идеялардың ықпалында болды. Олай болатын себебі, грек мәдениетінің ықпалы рим философиясында да айқын аңғарылды. Сондықтан да болар, Римде жеке философиялық жүйелер мүлде қалыптаспады десе де болады.

Біздің  заманымызға дейінгі 31 жылдан бастап Римнің тарихында жаңа тарихи белес  — империя тарихы басталды. Рим  мемлекеті Жерорта теңізі аймақтарын, солтүстік Африканы, Еуропаның біраз бөлігін және тағы да басқалары жерлерді қамтыған ұлы империяға айналды. Үзаққа созылған қанды шайқастардан кейін ұлы Цезардың жиен немересі Август (біздің заманымызға дейінгі 63—14 жылдар) империяның негізін қалады, сөйтіп мемлекеттегі барлық әте маңызды лауазымдар (консул, трибун, мәртебелі абыз және тағы да басқалары) бір ғана императордың қолына жинақталған саяси құрылымды алғаш рет орнықтырды. Ең бастысы — ол Римнің гүлденіп, көркеюіне айрықша үлес қосты. Ежелгі заманның жазушылары Август кірпіштен қаланған Римді қабылдап алып, оны мәрмәрдан салып кетті деп тегіннен-тегін жазбаған болар. Витрубийдің сөзіне қарағанда, Август «империя айбынын ғаламат қоғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді» ойлаған. Ұлы қала мен ұлы империяны көркейтіп, мәдени жағынан гүлдендіру әйгілі Рим әміршісінің басты мақсаты болатын. Олай болса, мәдениет үшін грек тарихында Перикл заманы қандай мәнге ие болса, Рим тарихында Август заманы да сондай мәнге ие болды.

Шындығында да, Август заманы —  мәдениеттің гүлдену заманы болды. Римнің ұлылығын мадақтау идеясы — I—IV ғасырлардағы империя дәуірінде  салынған сәулет өнерінің алып ескерткіштерінде аса айқын көрініс тапты. Август болса ғасыр бастауында «Элем  әміршісі» атанған халықтың талғамына сай қоғамдық ғимараттарды өте көп салдырды. Аполлон ғибадатханасы салынып, Юпитерге арналып храм тұрғызылды. Бүкіл қаланы округтер мен кварталдарға бөлді. Су тасқынын болдырмау үшін Тибрдің арнасын тазартып, кеңейттірді, ол орасан зор тоғыз акведук императорлық Римді сумен қамтамасыз етіп тұрды. Мемлекет игілігі үшін жасалынып жатқан дәл осындай пайдалы жұмысстар жөнінде Рим жазушысы Юлий Фронтин былай деп сүйсіне жазды: «Тас сеңгірлерді Египеттің пайдасы жоқ пирамидаларымен немесе гректердің даңқы жер жарған, бірақ салтанат үшін салынған құрылыстарымен салыстыруға болмайды».

Империя қалаларында бірнеше қабатты үйлер, соттар мәжілісі ететін, сауда-саттық жүргізілетін, ұзына бойына колонналар қатарымен бөлінген «базиликалар» деп аталатын портиктер, гладиаторлар шайқасына арналған ондаған мың адам сыйып кететін орасан зор амфитеатрлар, жүзу бассейндері, дене шынықтыру жаттығуларына арналған аландар, бай кітапханалар, моншалар және тағы да басқалары барған сайын көбейе берді.

18 ғасыр соңында ірі техниканы ойлап табуы