1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы айтатын болсақ, Қазақстанға тәуелсіздік алуға, тиісінше қолданыстағы Конституцияны қабылдауға вектор болып табылатын кейбір тарихи сәттерді атап өткен жөн.
Қазақстанда конституциялық құрылыс идеялары өз қайнар көзімен ғасырлар бойы жалғасып таба бермек. Олардың қалыптасуына «Қасым ханның жарық жолы», «Есім ханның ежелгі жолы» сияқты XV-XVIII ғасырлардың заңдар жинағы маңызды рөл атқарды. «Алаш» Конституциясының жобасы белгілі оқиға болды.
Қазақстанның конституциялық құрылысының тарихында бес Конституция болған, соның ішінде қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституция. Қазақстанда Конституциялар 1926, 1937, 1978 және 1993 жылдары қабылданды.
Жаңа конституцияларға енгізілген барлық өзгерістер көбінесе өзгешеліктерден тұратын.
Алайда 1917-1919 жылдары қолданыста болған Алаш үкіметінің бағдарламалық құжаттарындағы атазаңдығы кеңестік барлық конституциялардан шынайы ұғымға ие болды.
Алаштың бағдарламасында Ресей демократиялық Федеративті Республика болуы тиіс, сол кезде оның құрамына Қазақстан кірген, әр бөлек мемлекет автономды және біркелкі құқықта өзін-өзі басқарады деп анық тұжырымдалған. Заң шығарушы билікті мемлекеттік дума арқылы жүзеге асыруға жоспарланған, президент институты құрылып жатты.
Тегінен, дін тұту және жынысына тәуелсіз, сайлау құқымен барлық азаматтар иелі болатын. Депутаттар сайлауы тура, бірдей және жасырын түрде дауыс беруі арқылы өтуі тиіс. Қазақстанда сол кезде конституциялық құрылыс идеялары пайда болды. Бірақ оларды іске асыруға мүмкіндік болмады. 1920 жылы қабылданған «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілерінің құқық декларациясы» демократиялық нормалардан әлде қайда алыс болды. Сол құжат әлеуметтік төзімсіздікпен толып, «класстық көзқарасқа» негізделген.
1926 жылы қабылданған бірінші қазақстандық Қонституцияда декларациядан ешқандай өзгешілігі болған жоқ. Ол мазмұны және нысанымен РКФСР Конституциясына сәйкес келіп, декларацияның барлық ережелерін енгізген болатын. Қазақстан Кеңес Федерациясының тура субъектісінің мәртебесін алсада, нақты, заңды түрде де тәуелсіздігімен атазаңдығына ие болған жоқ.
Қазақстанның тәуелсіздігіне Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар алғашқы негізін жасады. 1985 жылы жарияланған жариялық халықтар арасында өз тарихына, өз дәстүріне сыйластық сезімін оятты. Адамдарда үлкен бір еуразиялық континентте бірге тұрып жатқан халықтар мен ұлыстарды иесіздіктен ажыратуға қарсы наразылық тудырды. 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар Қазақстан тарихында тәуелсіздік мемлекет құрудың басы, халық тағдырының бұрылыс кезеңі болды.
Қазақстанның өз мемлекеттік егемендігін нақты жүзеге асыруы Республикалық Жоғары Кеңесімен 1990 жылы 25 қазанда қабылданған тарихи үлкен маңыздылығы бар құжаты - Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясынан басталады.
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңызы республиканың мемлекеттік егемендігіне нақты мазмұнын бергені, көп ғасырлық тарихы, мәдениеті мен қалыптасқан мемлекеттік-құқықтық дәстүрлері бар Қазақстанның өз мемлекеттігін белгіледі.
Декларация Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің мәртебесін іске асырған елдің жаңа Конституциясы мен басқа да заңнамалық кесімдер әзірлеуге негіз болды.
1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» консититуциялық заңды, 1993 жылғы Қазақстан Конституцияны және қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата заңды қабылдауымен тәуелсіздік мемлекет ретінде біздің еліміздің конституциялық ресімдеуінің қалыптасуы аяқталды.
Қолданыстағы ҚР Конституциясы республикалық референдумда көрсеткен халықтың еркін білдіруі. Халық өз еркімен елді бірыңғай, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
1995 жылғы Конституцияны қабылданғаннан бастап елдің жаңа даму кезеңі басталды.
Оны қабылдауының нәтижесінде демократиялық институттар жұмыс істеуіне қажетті негізгі жүйе іске асырылды, ол тежемелер мен теңдік сақтау жүйесі.
Мемлекеттің тұрақты дамуына қажетті басқарудың президенттік нысанын, Парламенттің осы заманғы құрылымын және нақты құрылған билік жүйесін алдық.
Біздің Конституция әлемдік қоғамдастықпен нарықтық экономикасын, азаматтық қоғамының барлық институттарын бекіту негізінде ел дамуының демократиялық жолын қамтамасыз ететін құжат ретінде бағаланды. Өткен 13 жыл осы бағалауды растады.
1995 жылғы ҚР Конституциясы мемлекетке адам мен азамат қатынастарының принциптері мен нормаларын бекітті, қазақстандық қоғамың алдындағы міндеттері мен әлемдік қоғамдастықтың алдындағы бастапқы міндеттерді қалыптастырды, Қазақстан халқының егеменді құқықтарын бекітті.
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
- 1986 жылғы Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы
- 1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
- 1991 ж тамыз төнкерісі
- 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
- 1996 A Turbulent Year For Israel Essay
- 1996 жыл толерант жылы деп аталады
- 1984 Literary Analysis Essay Research Paper
- 1984 Novel Review Essay Research Paper Powerful
- 1984 Summary Essay Research Paper Summary The
- 1984 Televisions Vs Telescreens Essay Research Paper
- 1984 The Control Of Reality For Control
- 1984 The End Of Time Essay Research
- 1984Winston Smith Essay Research Paper WINSTON SMITH