1991 ж тамыз төнкерісі
. 1991 жылғы тамыз төнкерісі.
1991 жылы сәуір-мамыр
айларында (Новоогоровте) (президенттің
резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз
одақтас республикалардың
ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.
2. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның тэуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы.Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Президентті бүкілхалықтық сайлау.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасынҚазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.
Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының
1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің
«Қазақстанның егемен мемлекет
ретіндегі қалыптасуы мен
-Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар
көрсетілді.
-Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш
рет анықталды.
-Ішкі және сыртқы саясат саласындағы,
ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер
сараланды.
-Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып,
жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні
қажеттігі айтылды.
«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз
ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің
мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың
мүдделері жекелеген
Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
1991 жылдың соңында
егемендігін жариялаған
Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.
ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.
1995 жылғы 24 наурызда
Қазақстан халықтары
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Констит
1. Демократиялық Президенттік басқаруға
жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат
және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке
қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері
біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға
жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды.
Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді,
тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым
иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға
жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан
барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
Тарихи маңызы:
- Егеменді
Қазақстанның әлем
- Республиканың
одан әрі даму кезеңіне
Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.
«Қазақстан-2030» стротегиясы .
1997жылы
қазан айында Президент Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
Жолдауда қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан
шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына
қосылу.
4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
2030 жыл
–Қазақстан күрделі жолдан
4. Қазақстаның экономиқалық
Экономиқалық рефорамлар.
Тәуелсіздік
алғаннан кейін Қазақстан
Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.
Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіружоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.
Жекешелендірудің мақсаты :
1. Кәсіпкерлікті дамыту.
2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен
алу.
3. Еркін баға орнату.
4. Жеке меншік секторлар құру.
5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.
Мақсаты:
- Нарықты басқару механизмін еңгізу.
- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.
- Тұтынушылардың
мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық
бақару құрылымын тарату, товар
нарқында сапасыз
Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.
1992 жылы
6 қаңтарда Қазақстан
Нарықтық экономика саясатының
негізгі белгілері:
1. Экономиканы мемлекет
иелігінен алу.
2. Жекешелендіру.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Монополияны жою.
5. Бағаны босату.
6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын
жүзге шыру.
1991жылы жекешелендіру
Жекешелекдіру
процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші
кезең 199-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның
міндеті:
1. Мемлекеттік меншіктің
көлемі мен құрылымын белгелеу.
2. Меншіктік құқық беруді дайындау.
3. Шағын жекешелендіру объектілерінің
50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл
кіші бизнестің дамуына аударылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.
Көптеген
шағын жекешелендіру
Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995жылдар аралығын қамтыды.
Міндеті:
1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын
қабылдау.
2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі
комитеттің қолына көшіру.
3. Инвестициялық купондар енгізу.
1993 жылғы наурызда
мемлекет иелігенен алу және
жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған
ұлттық бағдарламасы
1. Меншік республика азаматырына тегін
таратылып берілуге тиіс.
2. Арнайы төлем құрылдары-жекелендіру
инвестициялық купондарын енгізу.
Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына аустыруға және сатуға рұқсат берілмеді.
200-ге жуық инвестициялық
қорлар қурылды. Мақсаттары
Бірақ 1995 жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындағы белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады:
1.Тиімді жұмыс
жасайтын жеке меншік секторды
қуру.
2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайың төмендеуін
тоқтату.
Бірқатар ірі
кәсіпорындар өте төмен бағамен
шетелдық компанияларға сатылды. Шетелдік
фирмалар нелігіне берелгенмаңызды объектілер:
1. Қарағынды металлургия
және Соколов-Сарыбай комбинаттары.
2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары.
3. Павлодар алюминий заводы.
4. Павлодар атом-энергетиқалық кешені
кәсіпорны т.б.
1998 жылдың көктеміне
қарай төленбеген қарыздар
1997-1998 жылдары Кентау (Оңтустік Қазақстан облысы) және Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады.
Экономиканың құлдырауы.
Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай құлдырады. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейді. Мысалы 1995 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны- 153 мың болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар -192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық емес режимде істейтіндер- 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың жалпы саны- 643 мың.
1997 жылы экономика
саласында істеп жүрген
Соңғы жылдары Қазақстаның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 1-ға, өндіріс көлемін арттыру- 1,8-ға өсті. Республиканң алтын қоры 2млн. долларға жетті.
Инвестиция мен өндіріс деңгейінің төмендеуі экономиканың құлдырауға түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті.
992 жылы қалаға оның ежелгі атауы Ақмола қайтарылды, ол ақ мол дегенді білдіреді. Ал тағы 2 жыл өткенде Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның астанасын осында көшіру туралы ұсынысын алға тартты.
Астананы көшіру туралы ойын алғаш рет 1994 жылы 6 шілде де елдің Жоғарғы Кеңесінің сессиясында ортаға салған Президент оны табанды әрі жоспарлы түрде іс жүзіне асыра берді. Депутаттар оны өз қаулысымен қолдады. 1997 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты.
1998 жылы 6-мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10-шілде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.
Жаңа астана үшін оның сәулеткерлік бейнесі орасан зор маңызға ие болып отыр. Алғашқы жылы-ақ Президенттің бастамасымен Астананың нобайлық идеясына халықаралық байқау жарияланған болатын. Ол ескерусіз қалған жоқ. Оны жүзеге асыруға ат салысу туралы үндеуге есімі әлемге әйгілі талай сәулетші үн қатты. Жеңімпаз ретінде дүние жүзіне белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава танылды. Оның ұсыныстарының негізінде қала дамуының 2030 дейінгі Бас жоспары әзірленді.
Қазір астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар көбейіп келеді. Аз уақыттың ішінде Президенттік Мәдени орталық, Конгресс-хол, Мәдениет сарайы, Л. М. Гумилев атындағы Евразия университеті, ауқымды жаңа тұрғын ықшамаудандар, халықаралық деңгейдегі мейманханалар салынып, Абай мен Кенесары ханға ескерткіштер орнатылды.
2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. Монументтің биіктігі – 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория алаң бар.
Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, Сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимараттың ауданы 36 720 шаршы метр. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан.
- 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
- 1996 A Turbulent Year For Israel Essay
- 1996 жыл толерант жылы деп аталады
- 1998-09-08 - Педагогiка як наука Структура
- 19th century literature
- 19 Век в истории России: время блестящих побед и горьких поражений
- 19 ғасырдағы Батыс Еуропа театр өнері
- 1984 The Control Of Reality For Control
- 1984 The End Of Time Essay Research
- 1984Winston Smith Essay Research Paper WINSTON SMITH
- 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
- 1986 жылғы Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы
- 1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
