1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы

  1995 жылғы Конституция

1995 жылғы Конституцияға  сай Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың жаңа моделі – Конституциялық Кеңес белгіленген болатын. Бұл мемлекеттік органның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының Республиканың бүкіл аумағында үстемдігін қамтамасыз ету, сонымен бірге ол билік тармақтарының бірде-біріне кірмейді. Конституциялық Кеңес өз өкілеттіктерін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан дербес және тәуелсіз іске асырады, Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынады, ешбір саяси және өзге де себептерді негіз етіп ала алмайды. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Палаталарының Төрағалары, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірі, Премьер-Министр Конституциялық Кеңеске өтініш беру субъектілері болып табылады. 
 
Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді; соттардың өтініштерін және кейбір өзге де мәселелерді қарайды. Бүгінгі конференцияның тақырыбын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ұлттық және халықаралық құқықтың өзара байланысын қамтамасыз етуі мәселесіне ғана тоқталмақпын. 
Атап өту керек, Конституциялық Кеңестің ұлттық және халықаралық құқықтық жүйелердің өзара іс-әрекетін қамтамасыз етудегі ролі халықаралық-құқықтық нормаларды бекіту және сол арқылы парламенттік рәсім көмегімен ұлттық құқықтық жүйеге халықаралық актілерді енгізу кезеңімен шектелмейді. Бұл конституциялық бақылау органы ұлттық және халықаралық құқықтық жүйелердің өзара байланысын сондай-ақ мынадай жолдармен: Негізгі Заңның нормаларын ресми түсіндіру; соттардың өтініші бойынша Республиканың халықаралық шарттары мен өзге де міндеттемелерін конституциялылығы тұрғысында тексеру арқылы қамтамасыз етеді. Қазақстанның заң шығару практикасында Республиканың халықаралық шарттарын бекіту немесе өзге бір шарттарына қосылу туралы заңды өз кезегімен Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенаттың қабылдауы арқылы шарттардың бекітілуі іске асырылады. Алайда бекіту процесі мұндай заңға Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін ғана аяқталды деп есептеледі. Тиісінше халықаралық шарт оны бекітуге бастама жасалған және оған Республика Президенті қол қойған аралық ішінде алдын ала бақылау нысанына айналуы мүмкін. Сонымен бірге, Президент қол қойған бекіту туралы заң Конституциялық Кеңестің алдын ала қарау нысаны бола алмайды. Уәкілетті субъектілер бекітілмеген халықаралық шартты Парламент тиісті заң қабылдайтын кезеңде Конституцияға сәйкестігі тұрғысында қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш берген кезде халықаралық шарттың нормалары ғана конституциялық іс жүргізу нысаны бола алады. Парламент заң қабылдағаннан кейін Мемлекет басшысы жүгінген кезде, халықаралық шарттың нормативтік мазмұны ғана емес, бекіту туралы шартты қабылдау рәсімінің конституциялылығы да қаралуы мүмкін. Республиканың халықаралық шарттарының бекітілгенге дейін Конституция нормаларына сәйкестігін қараудың бірқатар артықшылықтары бар. Солардың бірі – қоғамның, оның азаматтарының мүдделеріне, ең бастысы, конституциялық принциптер мен нормаларға қайшы келуі мүмкін теріс салдардың алдын алу болып табылады. Бекітілуге жататын халықаралық актілер ғана алдын ала бақылаудың нысаны болса, халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне мемлекеттің қай тәсілмен келісім беруіне қатыссыз барлық халықаралық құқықтық актілер кейінгі бақылау нысаны болуы мүмкін. Республиканың халықаралық шарттары мен өзге де міндеттемелерін қолданыстағы құқық деп конституциялық жолмен тану, Конституциялық Кеңестің осы көрсетілген актілерге қатысты бақылау жасау жөніндегі қызметін кеңейте түседі. Конституциялық Кеңес Республиканың бекітілген халықаралық шарттарының, сондай-ақ өзге де халықаралық актілерінің конституциялылығын соттардың ұсынымдары бойынша кейінгі бақылау тәртібімен қарауға құқылы. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін халықаралық шарттардың нормаларымен қосымша негіздеуді ұлттық және халықаралық құқықтың өзара байланысын қамтамасыз етудің нысаны деп тануға болады. Мәселен, халықаралық шарттардың өзі қарау нысаны болып табылмайтын өтініштерді қарау кезінде, Конституциялық Кеңес ұлттық құқықтың даулы болып тұрған ережелерінің халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына қайшы келетінін, немесе, керісінше сәйкес екендігін жиі атап көрсетеді. Бұл айтылғандар, Конституциялық Кеңестің халықаралық принциптер мен нормаларды стандарт ретінде, сондай-ақ Конституция негізінде жасалатын өзінің құқықтық көзқарастарын уәждеу үшін практика жүзінде қолданатынын білдіреді.  
Өзінің уәждерін қорытынды шешімінің уәждеу бөлігінде халықаралық құқық нормаларын пайдалану арқылы дәлелдей отырып, Конституциялық Кеңес өзінің шешіміне қосымша салмақ береді және халықаралық құқықтың нормалары Республиканың конституциялық-құқықтық жүйесінің маңызды өлшемі екенін көрсетеді. 
Конституциялық Кеңестің Конституция нормаларын ресми түсіндіруі, сөзсіз, ұлттық және халықаралық құқықтың өзара іс-әрекетін қамтамасыз етудің өз алдына жеке-дара нысанын құрайды. Мәселен, Конституцияның 54-бабының 7) тармақшасын түсіндіру жөнінде қабылданған қаулылардың бірінде, қосылу туралы халықаралық шарттардың құқықтық мәртебесін айқындау және содан келіп туындайтын заңдық салдар мәселелерін қарай отырып, Кеңес, Республиканың Негізгі Заңы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне мемлекеттің келісетіндігін білдіру тәсілі ретінде ратификациялауға айрықша маңыз беретінін атап көрсетті. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының актілері және халықаралық шарттарға қосылу туралы Қазақстан Республикасының актілері өзінің заңдық күші және құқықтық салдары жағынан тең мағыналы болып табылады. Бұл орайда, заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарымен қабылданған, Қазақстан үшін міндеттілігі халықаралық шарттарға қосылу туралы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға теңестіріледі. Қазақстан Республикасының ратификацияланбаған халықаралық шарттарының Республика заңдарынан басымдығы болмайды және олар Республика заңдарына қайшы келмейтіндей шамада орындалуға тиіс.  
Заң шығарушы Конституцияның 3-бабының 3-тармағына, 61-бабының 3-тармағына және 62-бабының 8-тармағына сәйкес заң қабылдау арқылы, Қазақстан Республикасының заңдары мен ратификацияланбаған халықаралық шарттарының қолданылуының ара-қатынасын айқындай отырып, Республиканың өзіне алған халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін тәртіп белгілеуге хақылы. Конституцияның 8-бабын ресми түсіндірген кезде, Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасының халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі туралы Конституцияның бұл көрсетілген бабының ережесі, ұлттық құқық құру кезінде оларды ескеруге деген ұмтылысын білдіреді деп белгіледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы Республика Конституциясына сәйкес болуға тиіс және Республика бекіткен халықаралық шарттардың ғана заңдардан басымдығы болады. Конституцияның Республика аумағында үстемдігін қамтамасыз ете отырып Конституциялық Кеңес өзінің көзқарастарын уәждеу және күшейте түсу үшін өз практикасында халықаралық құқық принциптерін қолдануға және Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормаларына жиі оралып отырады. Халықаралық шарттардың бекітілуге жататын, сондай-ақ Республиканың қолданыстағы құқығы болып табылатын нормалары, егер уәкілетті субъектілер олардың Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша жүгінген жағдайда, конституциялық іс жүргізу объектісіне айналады. Конституция мен халықаралық құқық нормаларының арасында қайшылық табылуы мұндай норманың халықаралық құқықтық құжаттың құрылымынан автоматты түрде шығарылып тасталатынын білдірмейді. Мұндай халықаралық актіні ұлттық құқықтық жүйеге бұдан кейін (бұдан әрі) енгізу үшін, біздің ойымызша, құқықтық механизмді басшылыққа алған жөн, атап айтқанда, олардың арасында қайшылық болған жағдайда шарттар тараптары оларды келісу рәсімдері және қайшылықты шешудің өзге де шараларын қабылдау арқылы шеше алады. 
Тұтас алғанда, Конституциялық Кеңестің қызметі қоғамның демократиялық институттары мен құқықтық мемлекетті қалыптастыруда, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің конституциялық принципін іске асыруда, осы саладағы халықаралық-құқықтық стандарттарға қол жеткізуде оң роль атқарады. Әлем деңгейіндегі қоғамдық дамудың қол жеткен табыстарының жинақталған құқықтық белгісі ретінде халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын орнықтыруға бағыт түзеу Конституциялық Кеңестің қызметі үшін стратегиялық маңызға ие. 
Конституциялық іс жүргізуде халықаралық құқық нормаларын пайдалану, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы