А. М. Горький атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінің

                                                                           Түпқараған ауданы әкімдігінің

                                                                             № 74   «10» ақпан 2012ж.

                                                                       Қаулысы бойынша бекітілді

 

 

 

 

 

А. М. Горький  атындағы

мектеп-лицейі

мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

Құқықтық –  ұйымдастыру 

Нысаны:                                                                 мемлекеттік мекеме

 

 

Меншік нысаны:                                                  мемлекеттік

 

Құрылтайшы:                                                       Түпқараған ауданы әкімдігі

 

Орналасқан мекені:                                           130502 

                                                                                  Қазақстан Республикасы

                                                                                  Маңғыстау облысы

                                                                                  Түпқараған ауданы

                                                                                  Баутин кенті

                                                                                 Күржіманұлы көшесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

Форт-Шевченко қаласы, 2012 жыл

 

І. Жалпы ережелер

 

 

І. 1. Мектеп-лицей мемлекеттік  мекемесі заңды тұлға мәртебесіне  ие, оқыту және тәрбиелеу процесін жүзеге асыру үшін құрылған құқықтық-ұйымдастыру  нысанындағы коммерциялық емес мекеме болып табылады.

 

 

І. 2.   Мемлекеттік мекеме  Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылдың

26 мамырындағы № 267 қаулысымен қайта тіркеу жолымен құрылған және мектеп-лицей мекемесінің заңды ізбасары болып табылады.

 

 

 

І. 3.  Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Түпқараған ауданы әкімдігі

мемлекеттік мекеменің басқару органы, сондай-ақ оған қатысты субьектілік қызметінің мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыратын (бұдан кейін өкілетті орган) «Түпқараған аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

 

І.4. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

«А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі.

Государственное учреждение «Школа-лицей  имени А.М.Горького».

 

 

І. 5. Мемлекеттік мекеменің орналасқан мекені:

      130502,  Қазақстан Республикасы,

        Маңғыстау облысы,

       Түпқараған ауданы,

        Баутин кенті, Күржіманұлы көшесі

       Факс\тел.:  24-5-27

        Электронды мекен -жайы: [email protected]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                            

 

 

ІІ. А. М. Горький  атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік  мекемесінің заңды мәртебесі.

 

 

2.1. Мемлекеттік мекеме  мемлекеттік тіркеуден кейін  заңды тұлға құқығына ие болады.

 

 

2. 2. Мемлекеттік мекеме заңнамаға сәйкес дербес балансқа, банктерде есеп шоттарға, бланкілерге,  мемлекеттік тілде өз атауы көрсетілген мөр мен мөртабандарға ие.

 

 

2.3. Мемлекеттік мекеме  бекітілген тәртіп негізінде  иелік ету, пайдалану, мемлекеттік  меншікті пайдалану құқығы берілген мекемелерден басқа мекеме құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

 

 

2.4. Мемлекеттік мекеме  өз міндеттемелері бойынша өз  қарамағындағы қаржыға жауапты.  Мекеменің қаржы жетіспеушілік  жағдайында бекітілген сметадан тыс міндеттемелері бойынша жауапкершілік білім бөліміне жүктеледі.

 

 

2. 5. Мемлекеттік мекемемен  жасақталатын азаматтық-құқықтық  келісімдер Қазақстан Республикасы  Үкіметі анықтайтын тәртіп негізінде  рәсімделеді. 

Мемлекеттік мекеменің  шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілігі заңнамаға сәйкес бекітілген смета шегінде басталады.

 

 

2. 6. Мемлекеттік мекеме  ҚР «Білім туралы» Заңында  белгіленген тәртіп негізінде  лицензияланады, аттестациядан және  мемлекеттік аккредитациядан өтеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                              

 

 

ІІІ. А. М. Горький атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінің  мақсаты мен қызмет түрлері

 

Мектеп-лицей –бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және оқушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық бейіні бойынша оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ  білім  алушылардың қосымша білім берудің бағдарламаларын іске асыратын орта жалпы білім беретін оқу орны.

Мектеп-лицейдің қызметі  орта жалпы білім берудің білім  беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің Үлгі ережесімен, Қазақстан Республикасындағы  лицейлер қызметін ұйымдастыру тәртібі  ережесімен және басқа да нормативті актілермен және осы Жарғымен реттеледі.

 Мектеп-лицейде оқыту  қазақ және орыс тілдерінде  жүргізіледі.

 

 

3.1. Мектеп-лицейдің мақсаты Қазақстан  Республикасы  «Білім туралы»  Заңында және мектеп-лицей Жарғысында  қарастырылған оқыту- білім беру  қызметін көрсету, сондай-ақ:

1) оқушылардың білім беру бағдарламаларын   игеруі үшін қолайлы жағдай  жасау;

2) кәсіби  оқытуға бағытталған  пәндер бойынша оқушыларды даярлау;

3) оқушыларды бейінге сәйкес  жоғары білім алуға бағыттау;

4) мәдени деңгейі жоғары, қоғамдық  өмірге бейімделген, саналы таңдау жасауға және    

  кәсіби білім беру бағдарламарын  игеруге  дайын, интеллектуалды  жеке тұлғаны  

  қалыптастыру;

5) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкіндіктерін  дамыту,  

  адамгершілік пен салауатты  өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлға 

  ретінде дамуына жағдай жасау  жолымен зердесін байыту;

6) азаматтылық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына  деген     

  сүйіспеншілікке, мемлекеттік  рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қадірлеуге,  

  толеранттылыққа, конституцияға  қайшы және қоғамға қарсы кез  келген көріністерге 

  төзбеушілікке тәрбиелеу;

7)  оқушылардың республиканың   қоғамдық-саяси, экономикалық және  мәдени өміріне                                                                                                      

  араласу қажеттігін, жеке тұлғаның өз құқықтары  мен міндеттеріне саналы көзқарасын 

  қалыптастыру;

8) әлемдік және отандық мәдениет  жетістіктеріне баулу, қазақ халқы  мен республиканың  

  басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік, орыс

  және шетел тілдерін меңгеру.

3.2. Көрсетілген мақсаттарға жету  үшін мектеп-лицей келесі қызмет  түрлерін іске   асырады:

1)оқушыларды бейіндік пәндер  бойынша дайындайды;

2) адамзаттың ортақ мәдениетін есепке ала отырып, алуан түрлі оқыту ақпараттарымен таныстырады;

3) ғалымдардың ғылыми-әдістемелік  әлеуетін тәжірибеші-мұғалімдер  тәжірибесі бірлігінде пайдаланады;

4) дербес авторлық бағдарламалар  жасақтайды және Білім беру  қызметкерлерінің  ОблБЖИ ғылыми кеңесі бекіткен оқыту –көрнекілік материалдар мен көмекші құралдарды пайдаланады;

5) дамыта оқыту қағидасын іске  асырады;                                                                                                                                                      

6) оқушы мен мұғалімнің шынайы  өзара шығармашылығын(біріге есеп  шығару, мақалалар, ғылыми жобалар  жазу, тәжірибелер жасау, көрнекі  құралдар жасақтау, т.б.)пайдалана  отырып, шығармашылық әлеует пен  жан-жақты дамыған интеллектуалды жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау;

7) мәдениеттің көтерілуіне ықпалдасады,  тұрғындардың білім деңгейін  көтерудің ұлттық бағдарламасын  іске асыруға қатысуға баулиды;

8) оқушылардың жеке қабілеті  мен қалауын ескеретін деңгейлеу қағидасын іске асырады;

9) мұғалімдердің белсенді қатысуының  негізінде оқушылардың оқу-шығармашылық  зертханаларын қалыптастырады;

10) оқыту үрдісінде жағымды ықпалдастық  жағдайын жасауға бағытталады;

11) тәрбиелей оқыту мен оқыта  тәрбиелеудің табиғи жақындасуына ықпал етеді.

3.3 Мектеп-лицейдің  құрылу мақсаттарына  жауап бермейтін қызмет түрлерімен  айналысуға құқығы жоқ.

3.4. Мектеп-лицей орта жалпы білім  беретін мектептің 1-11-сыныптары  базасында келесі құрылымда ұйымдастырылады:

 

1. Мектеп  алды даярлық сыныбы (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту):

 Мектеп алды даярлық  сыныбы мектепке дейінгі білім  беру мен тәрбиелеудің жалпы  білім беретін бағдарламаларын  жүзеге асырады, мектепке дейінгі  және бастауыш білім берудің  сабақтастығын қамтамасыз етеді,  оқу, жазу,                                                                                                                                

есеп пен тілдік қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын қалыптастырады

және бастауыш білім  беруді игеру үшін бастапқы бірдей жағдайларды қарастырады.

 

 

2. 1-4-сыныптар (бастауыш жалпы білім беру):

Бастауыш жалпы білім  беру негізгі мектептің білім  беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру  үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі  көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жалпы білім беретін  оқу бағдарламасын игеру білім  алушылар біліміне аралық бақылаумен және білім алушылардың оқу жетістіктерін  іріктемелі мониторингтік бағалаумен аяқталады.

 

3. 5-9- сыныптар  (негізгі жалпы білім беру):

1) 5-9-сыныптар, білім алушылардың  ғылым жүйесінің базалық негіздерін  меңгеруге бағытталған негізгі  орта білім берудің жалпы білім  беретін бағдарламаларын іске  асырады.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.

2) 5-9-сыныптар, негізгі мектептің  негізгі және қосымша жалпы  білім беру бағдарламаларын меңгерудің  негізінде білім алушылардың  базалық даярлығымен қатар бейін  алды даярлығын, оқушылардың жеке  тұлғасын қалыптастырудың жағдайларын  қамтамасыз етуге бағытталған, білім алушының жеке тұлғасын, қабілетін, қызығушылығын, әлеуметтік өзін-өзі басқаруын дамытуды, ғылымды терең меңгеруі мен ғылыми танымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Мектеп - лицейдің бұл сатысында таңдау пәндерін, факультативтік курстарды, сыныптан тыс оқытуды енгізу білім алушылардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.

 

4. 10-11-сыныптар (орта толық білім беру):

1) 10-11-сыныптар, білім алушылардың  бағдарланатын кәсіпке дейінгі  даярлығын жүзеге асыру үшін  әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралауға бағытталған жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.

2) 10-11-сыныптар, білім  алушылардың бағдарланатын кәсіпке  дейінгі даярлығын жүзеге асыру  үшін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын кең және терең саралауға бағытталған жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. А. М. Горький атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесіне оқушыларды қабылдау тәртібі:

 

4.1. Мектеп-лицейге қабылданады:                                                                    

      1)  Мектеп алды даярлық сыныбына 5 жастан бастап;

      2)  1-сыныпқа  6 жастан бастап;

      3) лицейде  оқуға 5-сыныптан бастап, тұрғылықты  жеріне қарамастан, математика және           

          оқыту тілінен тестілеу нәтижесінде  байқаулық іріктеуден өткен, үлгерім    

          табелінде «жақсы» және «өте  жақсы» деген бағалары бар  оқушылар қабылданады.

4.2. Бос орындар болған  жағдайда лицейге қосымша қабылдау  оқу жылы барысында бейіндік  пәндер мен оқыту тіліне тестілеу  негізінде қабылданады.

4.3. Педагогикалық Кеңестің шешімімен лицейден шығарылу және мектептің сәйкес сыныптарына көшірілу мүмкіндіктері төменгідей:

     1)  Оқу  бағдарламаларын орындауды тоқтату  және стационарлық немесе амбулаторлық     

          емделуден  басқа жағдайда мектепке өз  еркімен келмеген жағдайда;

     2) тоқсандық және  жылдық «қанағаттанарлықсыз» бағаларының  болуы;

     3) оқу жылы нәтижесінде  оқу пәндері бойынша 70 %   «қанағаттанарлық» бағаларының   болуы.

4.4. Құқық бұзушылық іс-шаралары  және осы Жарғыны бірнеше рет  бұзушылық жасағаны   үшін білім беру органдары шешімімен оқушылар мектеп-лицейден оқудан шығарылады.

4.5. Оқушылардың жалпы білім беретін  сыныпқа немесе мектепке ауысу  құқығы сақталады.

 

 

 

V. А. М. Горький атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінің білім беру процесін ұйымдастыруы

5.1. Мектеп-лицейдің оқу  және тәрбие процесі оқу жоспары  мен бағдарламалары, мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарттар,  лицей туралы үлгі ереже және  басқа да нормативті құжаттар  негізінде жүзеге асырылады.

5.2. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары жоғарғы білім беру ұйымдарымен (мекемелерімен) бекітіледі.

5.3. Дарынды оқушылардың әлеуеттік  мүмкіндіктерін мейлінше толық   дамыту және оқытудың жаңа  технологияларының мақұлданымы,  мектеп-лицейде білім берудің  жаңа мазмұнын енгізу  үшін, облыстық  мұғалімдер білімін жетілдіру институтының филиалы кеңесі бекіткен білім беру бағдарламалары жасақталады.

 

5.4. Оқу жоспарлары мен сабақ  кестелерін жасақтау  барысында  Қазақстан Республикасының жалпы  білім беретін мектептерін құру  және ұстау нормалары мен санитарлық ережелерін сақтау керек.

5.5. Мектеп-лицейде жеке  тұлғаны, оқушылардың дербес жұмысы  мен шығармашылық қабілетін дамытуға  бағытталған бейіндік пәндерді және жаратылыстану-математикалық циклдің арнаулы пәндерін тереңдетіп  оқыту қарастырылған.                                                                                                      

5.6. Мектеп –лицейде  әр лицей-сыныбына аптасына 4 сағат  есебінде факультативтер мен  оқушы таңдауы бойынша қосымша  курстар ұйымдастыруға, үйірмелер,  студиялар, ғылыми қоғамдар ұйымдастыру үшін әр лицей-сыныбына мұғалімнің айлық көрсеткішінің 0,25%,  сондай-ақ әр лицей-сыныбына жоғары білікті мамандармен келісім негізінде бөлек курстар мен лекцияларға 1500 сағат есебінде бюджет қаржысы бөлінеді.

5.7. Негізгі жалпы және орта жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестациялаумен аяқталады.

5.8. Сыныпқа өту және  бітіру емтихандары «Оқушыларды  көшіру және шығару тәртібі  туралы» нұсқауға және ҰБТ  Ережелеріне сәйкес өткізіледі                                                    

5.9. Мектеп лицейден  оқушыларды көшіру тәртібі мен  түрін педагогикалық кеңес жүзеге  асырады.

5.10. Мектеп-лицей түлектеріне  оқу орны көрсетілген бекітілген  үлгідегі орта білім туралы  Аттестат беріледі.

5.11. Сыныптардағы оқушылар  саны 20 адамнан аспауы керек.

5.12. Сыныптар бейіндік  және арнаулы пәндер бойынша  сабақтар және зертханалық жұмыстар  жүргізу кезінде, шет тілін  немесе орыс сыныптарында қазақ  тілін, қазақ сыныптарында орыс  тілін оқыту кезінде, дене тәрбиесі және информатика сабақтары кезінде екіге бөлінеді.

5.13. Оқушылардың сабақтан  тыс қызметі түрлі студиялар,  клубтар, ғылыми, қоғамдық және  басқа ұйымдарда жүзеге асырылады.

5.14. Мектеп-лицейдің Қазақстан Республикасы нормативтік құжаттарына сәйкес ата-аналар немесе оларды ауыстыра алатын тұлғалар келісімімен қосымша ақылы білім беру қызметін ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

5.15.  Мектеп-лицейдің  тәрбие беру бағдарламасы патриотизм, азаматтық пен интернационализмді, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға негізделген.

5.16. Нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік төзбеушілікті насихаттауға, халықаралық құқық пен адамгершілік қағидаларына қайшы милитаристік идеяларды таратуға мектеп-лицейде тыйым салынады.

5.17. Мектеп-лицей базасындағы  алғашқы әскери даярлық Қазақстан  Респуликасының заңнамасы мен  бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі. 

 

 

 

 

VI. А. М. Горький атындағы мектеп –лицейі мемлекеттік мекемесінде білім беру процесіне қойылатын талаптар.

 

6.1. Мектеп-лицей жұмысының   тәртібі мектеп-лицей қызметкерлерінің  ішкі тәртіп ережелері мен  мектеп оқушылары үшін ережелер  негізінде жасақталады.                                                                                                        

6.2. Мектеп-лицей оқушыларының  құқығы:

  • мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес тегін жалпы білім алуға;
  • адамдық ар-ожданды құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат еркіндігіне, өз көзқарасы мен сенімдерін еркін жеткізуге;
  • мектеп-лицей әкімшілігі мен мұғалімдеріне қажетті педагогикалық көмек, түсініктеме, кеңес алу үшін хабарласуға;
  • мектеп-лицей оқулықтары, оқудың қосымша құралдары, көркем әдебиетті пайдалануға;
  • мектеп-лицейдің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім, дағды алуға, өзіндік белсенділік танытуға;
  • жеке тұлғалық құқығын сақтауға, өзіне деген әдепті қарым-қатынасты талап етуге;
  • тереңдетіп оқыту пәндерін, сыныптан тыс, факультатив сабақтарын таңдауға;
  • пәндер бойынша обьективті баға алуға;
  • мұғаліммен өзара келеңсіздік жағдайында мектеп-лицей әкімшілігіне хабарласуға;
  • метептен тыс және сыныптан тыс іс-шараларға қатынасуға.

6.3. Мектеп-лицей оқушылары  міндетті:

  • мектеп-лицей Жарғысын құрметтеуге және оны орындауға;
  • мемлекеттік білім стандарттары талаптары мен мектеп-лицей бағдарламасына сәйкес білім игеруге;                                                                                                                                               
  • оқуға бөлінген уақытты толығымен пайдалануға, мектеп-лицейдегі сабақтарға жүйелі дайындалуға, мектептен тыс және сыныптан тыс шараларға белсенді қатысуға;
  • мектеп-лицейдің мұғалімдері мен басқа да қызметкерлеріне құрмет көрсетуге, педагогикалық талаптарға бағынуға, даулы мәселелерді мектеп-лицей Жарғысында көрсетілген қағидалар бойынша шешуге;
  • сабаққа күнделікті қатынасуға;
  • сабақты жіберген, қатыспаған жағдайда анықтама немесе анықтайтын құжат көрсетуге;
  • күнделікті ұқыпты ұстауға, мұғалімнің бірінші талабына көрсетуге;
  • оқу сабақтарына мектеп-лицейде бекітілген киім үлгілерін киюге;
  • қоғамдық орындарда өзін әдеп талаптарына сай ұстауға;
  • сабақтан тыс уақыттарда техникалық қауіпсіздік шараларын білуге және сақтауға;
  • табиғатты қорғауға;
  • мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншікке ұқыптылықпен қарауға;
  • мектеп-лицей мүлкін бүлдірген жағдайда оқушы келтірген шығынды өтеуге міндетті.

6.5. Мектеп-лицейі мұғалімдері құқылы:                                                        

    • кәсіби қызмет үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етуге;
    • оқушылардың мемлекеттік талаптарға сай білім алуын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларын, оқыту құралдары мен түрін, әдіс-тәсілдерін таңдауға;
    • қоғамдық және педагогикалық белсенділік пен шығармашылық танытуға;
    • педагогикалық кеңес қарауына өзінің нақты құрылымдық ұсыныстарын жасауға;
    • бес жылдан сирек емес кезеңде бюджет қаржысы есебінен өзінің педагогикалық біліктілігін арттыруға;
    • біліктілік санатын көтеру үшін мерзімінен бұрын аттестациялануға;
    • педагогикалық қызмет жетістіктері үшін материалдық және моралдық ынталандырылуға,орден, медальдармен, құрметті атақтармен, құрмет белгілерімен, грамоталармен марапатталуға;
    • өзінің кәсіби ар-ожданын қорғауға;
    • оқушылар мен олардың ата-аналары, қызметтестер мен мектеп-лицей персоналы тарапынан құрметтелуге және әдепті қарым-қатынас жасауға;
    • қажеттілік туындағанда оқушылардың ата-аналарына балалардың оқуы мен тәртібін бақылау жасау үшін хабараласуға;
    • оқу процесіне кедергі келтіретін оқушыларға шара қолдану  туралы мектеп-лицей әкімшілігіне өтініш жасауға.

Мектеп-лицейінде оқу сабақтарын өткізу құқығына арнаулы білім алған, яғни жоғары педагогикалық немесе басқа да сәйкестендірілген арнаулы білімі бар тұлғалар ие бола алады.

6.6. Мектеп-лицей мұғалімі  жауапты:

    • білім алушылалрдың білім сапасына, олардың білімі, біліктілігі мен дағдылары деңгейіне;
    • мектеп-лицейдің оқушылармен өткізетін барлық іс-шаралары кезінде олардың денсаулығы мен өміріне.

           6.7. Мектеп-лицей мұғалімі міндетті:

  • білім алушыларды білім берудің арнаулы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарында қарастырылған төмен емес білім, дағды, икеммен қамтамасыз етуге;                                                                                                                                                 
  • өзінің оқыту және тәрбиелеу процесін нақты жоспарлауға, мектеп-лицей әкімшілігі мен оқушыларды оқыту процесін жоспарлау ерекшеліктерінен хабардар етуге;
  • педагогикалық жаңалықтарға ашық болуға, тәжірибе енгізуге дайын болуға;
  • өз пәнін жоғары кәсіби деңгейде жүргізуге, үнемі өзінің педагогикалық біліктілігін арттыруға;                                                                              
  • бес жылда бір реттен сирек емес мерзімде аттестациядан өтуге;
  • еңбек тәртібін қатаң сақтауға, оқушылардан да оны сақтауды талап етуге;
  • сынып журналдарын жүргізу ережесін сақтауға, пәні бойынша оқушы білімін уақтылы және обьективті бағалауға, оқушы бағаларын журналға және оқушы күнделігіне уақтылы қойып отыруға;
  • пәні бойынша оқушылар мен ата-аналарға кеңес беруге;
  • алдын ала келісім бойынша сабаққа мектеп-лицей әкімшілігін, ата-аналарды және қоғам өкілдерін қатыстыруға;
  • мектеп-лицей оқушылары мен ата-аналардың ар –ожданын құрметтеуге;
  • мектеп-лицейде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға;
  • жоқ әріптестерінің орнына сабақ өткізуге;
  • кезекші мұғалім толық жұмыс күні кезінде өз міндеттерін орындауға міндетті.

6. 8. Сынып жетекшісі құқылы:

    • тәрбие жұмысының жеке жоспарын құруға және оның әдіс-тәсілдерін таңдауға;
    • тәрбие жұмысын өткізу кезінде мектеп-лицей әкімшілігінен кәсіби көмек алуға;
    • алдын ала келісілген жағдайда өз сыныбының оқу-тәрбие процесіне талдау жасау үшін сабақтарға қатысуға;
    • қажет болған жағдайда келеңсіздікті шешу үшін оқушы ата-анасын шақыруға;
    • әкімшілік алдында, кеңес алдында, басқа да инстанциялар алдында бала құқығын қорғауға;
    • отбасымен келісілген жағдайда оқушының үйіне баруға;
    • себепті жағдайда сынып жетекшіліктен бас тартуға.

6.9. Сынып жетекшісі  міндетті:

  • оқушының білім игерудегі дербес жетістіктерін марапаттай отырып, әр баланың жеке тұлғасын дамытуға жұмыстануға;
  • оқушылар бойында мектеп-лицей намысын қорғау қажеттілігін тәрбиелеуге; оқушыларды үлгілі тәртібі, еңбек сүйгіштігі, үлгілі оқуы мен қоғамдық жұмысы үшін ынталандыруға өтініш жасауға;
  • оқушылар мінез-құлқының ерекшеліктері мен қабілеттерін білуге, оларға оқуда және демалыста көмек көрсетуге;
  • сынып журналын жүргізуге, оқушылар күнделігінің жүргізілуіне, ондағы бағалардың қойылуына бақылау жасауға, оқушының сабаққа қатысуы мен кешігулерін белгілеп отыруға;
  • оқушылардың сабаққа қатыспауын болдырмауға, қатыспаған жағдайда қатыспау себебін сол күні анықтауға;
  • ата-аналармен байланыс жасауға;                                                           
  • стационарлық немесе амбулаторлық емделу кезінде оқушыларға оқу бойынша көмек ұйымдастыруға;
  • оқушылардың мектеп-лицей Жарғысын үнемі бұзу жағдайында оны мектеп-лицейден оқудан шығару туралы мәселе қоюға.

6.10. Ата-аналар құқылы:

  • Мектеп-лицей Кеңесіне сайлауға және сайлануға, мектеп-лицей Кеңесі мен әкімшілігімен біріге отырып, шешім шығаруға қатысуға;
  • өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпарат алуға;      
  • мұғаліммен келіспеген жағдайда мектеп-лицей Кеңесіне, әкімшілігіне мәселені шешу үшін хабарласуға;
  • мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар тарапынан әдепті қарым-қатынас орнатуға;
  • адамгершілік нормаларына және құқығына сай баласының құқығын қорғауға;
  • мектеп-лицей әкімшілігі рұқсатымен және мұғаліммен алдын ала келісілген жағдайда сабақтарға қатысуға.

6. 11. Ата-аналар міндетті:

  • өз балаларының өмірі мен оқуына сау және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың интеллектуалды және рухани-адамгершілік дамуын, дене бітімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге;
  • өз баласынан Адамды көре білуге және оны құрметтеуге;
  • өзінің өмірдегі тәртібімен жағымды үлгі көрсетуге;
  • өз балаларын мектеп-лицейде білім алуға қажетті құрал жабдықтармен, киіммен қамтамасыз етуге;
  • ата-аналар жиналыстарына қатысуға;
  • мұғалімдер мен мектеп-лицей әкімшілігі өтініші бойынша екі жақты ыңғайлы уақытта мектепке келуге;
  • сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда сынып жетекшісіне көмек көрсетуге;
  • баланың жұқпалы ауруы туралы дер кезінде мектеп-лицейді хабардар етуге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VII.  А. М. Горький атындағы   мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесін басқару

 

7.1. Мемлекеттік мекемені  жалпы басқаруды заңнамаға сәйкес  өкілетті орган жүзеге асырады.

7.2. Мектеп-лицей директоры заңнамада  бекітілген жағдайлардан басқа  жағдайда өкілетті органмен тағайындалады және қызметтен босатылады.

7.3. Мектеп-лицей директоры өкілетті  органмен келісе отырып, өз орынбасарларын  қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады.                                                                                                                             

7.4. Мектеп-лицей директоры мемлекеттік  мекеме жұмысын ұйымдастырады  және оған басшылық етеді, тікелей  өкілетті органға бағынады(заңнамада  белгіленген жағдайлардан басқа)  және мемлекеттік мекемеге жүктелген  міндеттердің орындалуы мен қызметінің  жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікке ие болады.

7.5. Мектеп-лицей директоры жеке  дара басқару қағидасы негізінде  әрекет етеді, ҚР заңнамасында  және осы Жарғыда белгіленген  құзыретіне сәйкес мемлекеттік  мекеменің қызметінің сұрақтарын  дербес шешеді.

7.6. Мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруда мектеп-лицей директоры заңнамада белгіленген тәртіппен:

  • мемлекеттік мекеме атынан әрекет етеді;
  • барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеме мүддесін танытады;
  • заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектеулер негізінде мүлікке иелік ете алады;
  • келісімшарттар жасақтайды;
  • сенімхаттар береді;
  • мемлекеттік мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық немесе шетелдік оқу орталықтарында оқыту және басқа да қызметкерлер біліктілігін көтеру түрлері бойынша жоспары мен тәртібін бекітеді;
  • банктік есеп шоттар ашады;
  • өз құзыретінің шеңберінде барлық қызметкерлерге бірдей жарлықтар мен бұйрықтар шығарады;                                                                                                                                                                                                                                                                           
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес байқаулық негізде қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
  • мектеп-лицей қызметкерлерін ынталандырады  және тәртіптік шара қолданады;
  • өз орынбасарлары мен мектеп-лицейдің басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен құзырет шеңберін анықтайды.
  • ұйымда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге жеке жауаптылықта және сыбайлас жемқорлықтық қандай да бір бұзушылықтарға  дербес жауап береді.
А. М. Горький атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінің