Қамыр илеу машиналары
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
Негізгі бөлім
1.1 Қамыр
илеу машиналары....................
1.2 Ұн елеуге арналған жабдық ..............................
1.3 Қамыр
дөңгелектеу машинасы..........
1.4 Толықсыту
шкафтары......................
1.5 Нан пісіру
пештері……………………………............
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Нан – ең азы ұн мен судан тұратын қамырды пісіру, булау немесе қуыру жолы арқылы даярланатын азық-түлік өнімдері тобындағы біріктіретін атау. Көп жағдайда тұз қосылады, сол сияқты ашытқы сияқты қопсытқыш та бар. Сонымен бірге нанның кейбір сұрыптарына (зире дәні, жаңғақ, мейіз, кептірілген өрік және түйірлер (күнжіт, мак тұқымдары) сияқты) дәмдеуіштер қосылады.
Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі
қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына
қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін
нан отқа көміп пісірілгендерін күлше,
табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір,
қазанға пісірілгендерін қарыма, майға
пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған.
Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған,
ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда
жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың
бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан.
Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған
қамырдан жасалынған “қазақтың қара
қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық
халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы
қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды
судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері.Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады.Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі.
Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген.Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі.
Тамақ өнімдері ішіндегі көшбасшылардың бірі болып нан пісіру саласы саналатындықтан оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Басты нан шығарушылар – үлкен нан зауыттары мен комбинаттар. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмайды, бірақ олардың сирек кездесетін нан түрлерін (мысалы, диеталық, ұлттық, эксклюзивті және т.б. нандар) пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуы әбден мүмкін, себебі олар кішкентай болғандықтан өте мобильді.Наубайхана өндірісі өте тиімді(1-cуретте).
Шағын наубайхана ашу бойынша кішігірім бизнесті бастау үшін сауда нүктесінің орналасу орнын дұрыс таңдау өте маңызды. Бастысы, оның жанынан адамдар көп жүретін болуы керек. Яғни сауда нүктесінің аялдамалар, вокзал, әуежай, өндіріс заттарын сататын дүкендер, базарлар т.б. жерлердің маңында болғаны дұрыс. Сату орны стационарлы немесе жылжымалы (тонар) болуы да мүмкін.
1-сурет Наубайхана іші
1.1 Қамыр илеу машиналары
Қамыр илеу процесі – шикізатты (ұн, су, ашытқы қамыр, тұз, шекер, ұн және басқа да құрамдастар) біртекті қоспаға араластыру, осы қоспаға қажетті құрылымдық-механикалық қасиеттер беру, оны ауамен қанықтыру және осылайша келесі технологиялық операциялар үшін қолайлы жағдайлар құрудан тұрады. Илеу жай ғана механикалық процесс емес, ол биохимиялық және коллоидтық көріністермен, араласып жатқан қоспаның температурасының жоғарылауымен жүреді. Қамыр илеу процесінің негізгі шиізаты – ұн мен ашытқы қамыр болып табылады.
Қамыр илеу машинасының жұмыс істеу ұстанымы 2–суретте көрсетілген. Ең алдымен ұн себілетін түтікшеден 1 ұн және ашытқы қамыр құйылатын клапаннан 2 ашытқы қамыр құйылмалы қабылдағышқа 3 түседі. Құйылмалы қабылдағышта ашытқы қамыр мен ұн араластыру қалағымен 4 шала араластырылып, келесі қоспалауышқа 5 түседі. Бұл қоспалауышта ұн мен ашытқы қамыр араластыру қалағымен 6 солдан оңға қарай араластырылып, пластификаторға 9 түседі.Осы пластификаторда ылғал өлшегіш 7 орналасқан. Ылғал өлшегіштің жұмысы пластификаторға түскен қамырдың ылғалдылығын анықтау болып табылады.Яғни, егер қамыр ылғалдылығы 28%-дан асып кетсе, ұн себілетін түтікшеден 1 ұн қосылады, ал егер қамыр ылғалдылығы 28%-дан кем болса ашытқы қамыр құйылатын клапаннан ашытқы қамыр құйылады. Ары қарай араластыру қалағымен 10 соңғы рет интенсивті түрде солдан оңға қарай араластырылып, конвейерге -11 түседі.Ары қарай нан дайындаудың келесі процестеріне өтеді.2)1-ұн себілетін түтікше; 2-ашытқы қамыр құйылатын клапан; 3-құйылмалы қабылдағыш; 4 – араластыру қалағы; 5 – қоспалауыш; 6 – араластыру қалағы; 7 – ылғал өлшегіш; 8 – мотор-редуктор; 9 – пластификатор; 10 – араластыру қалағы; 11 – конвейер.
Қамыр илеу машинасының 1-кинематикалық схемасы
Маркасы Т1-ТММ қамыр илеу машинасының конструкциясы шағын наубайханаларда қолданылады. Бидай,қара бидай ұнынан нан пісіруге арналған.Дежасының сыйымдылығы 100 литр және қуаттылығы төмен болып келеді.Қамыр илеу сыйымдылығында ашытпа және қамыр иленіп ашытылады.
2-сурет Т1-ТММ қамыр илеу машинасы
1.2 Ұн елеуге арналған жабдық
Електі елеуіштер ұннан бөгде
қоспаларды ажырату және оны қопсытып
оттегімен қанықтыру үшін арналған. Тамақтандыру
кәсіпорындарында жетектерге жалғанатын
маркалары МС24-300 және МПП11-1 атқару механизмдері
мен елеуге арналған маркасы МПМ-800 деп
аталатын машина пайдаланылады. Бұл машининаларға
электрқозғаушы орнатылған платформадан,
жүк қабылдау шанағынан, қоректендіргіш-шнектен,
оның жоғарғы жағындағы жұмысшы камерасынан,
цилиндр тәріздес електен және жетектен
тұрады. Жетек электрқозғаушыдан және
екі сатылы сына бел дікті берілістен
тұрады. Шнектің сыртында кұбыр бар. Шнек
білігі қиылыспаға бекітілген және оның
төменгі жағында қопсыту пышақтары бар.
Жұмысшы камерасының төменгі жағындағы
науашда тұрақты магниттер орнатылған.
Қаппен әкелінген ұн кабылдау шанағана
арнаулы көтеру-аудару механизмі арқылы
төгіледі.
Маркалары МС24-300 және МПП11-1 деп аталатын елеуіш атқару механизмдері ПГ-0,6 және П11 деп аталатын әмбебап жетектерге қосылып пайдаланылады. Бұл елеуіштер ұнды, крахмалды, ұнтақталған жарманы, кұмшекерді елеуге арналған. Олардың конструкциялары негізінен бір-біріне ұқсас.Маркасы МПП 11-1 механизмі корпустан, конусты тісті мультипликатордан, барабанды електен және өнімді қабылдау шанағынан тұрады.Елеуіштің 1-корпусының ішінде жұмысшы камерасы және мультипликатор бар. Мультипликатор 3-жетекші білікке бекітілген 2-конусты дөңгелектен және 5-вертикалды білікке бекітілген 4-конусты тісті шестернядан тұрады. Тік білік 6-подшипниктерге орнатылған.
Барабанды елеуіш қаңқадан
және оның сыртындағы металл жіптерінен
тоқылған електен тұрады. Жүк қабылдау
9-шанағы 8-қысқыштар көмегімен корпусқа
жалғанады. Шанақтың астында қопсыту пышақтары
бар таратушы конус орнатылған. Елек пен
пышақтардың арасындағы саңылау 1,5…2.0
мм болғандықтан ұндағы жентектер тек
копсытылып және ауамен қанығады.
Механизмнің жұмыс істеу тәртібі. Шанаққа толтырылған үн барабанды елекке түсіп ортада тепкіш күштердіңәсерімен еленеді де жұмысшы камерадан шығарылады, ал барабанда қалған қоспалар механизм тоқтағаннан кейін шығарылып тасталынады.
Маркасы МПМВ-300(4-сурет) елегі тамақтандыру кәсіпорындарында кеңінен пайдаланылады.Машина негізден, електен, корпустан, электрқозғаушыдан және тиеу құрылымынан тұрады.Електің корпусы тотықпайтын болаттан жасалынған цилиндр тәріздес және бөгетпен екіге бөлінген. Цилиндрдің жоғарғы жағындағы шанақты, електі және корпусты жалғайтын қысқыш бар. Корпустың төменгі жағында түсіру науашасы бекітілген.Машинаның жұмысшы камерасы негізге орнықтырылған. Электрқозғаушықозғалысынан жұмысшы камерасы тербеліп ішіндегі өнім еленеді. Камераның тербелу амплитудасы 1,5…2,0 мм, ал жиілігі электрқозғаушының айналым жиілігіндей. Өңделінетін өнім машина камерасына 5…6 кг мөлшерінде тербелген камераға салынып еленеді.
3-сурет МПМВ-300 ұн елеу елеуіші
Елеуіш машиналарының техникалық сипаттамалары төмендегі 1-кестеде берілген.
1-кесте
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
МПП-800 |
МПП-11-1 |
МС 24-300 |
Өнімділігі |
кг/сағат |
800 |
300 |
— |
Електіңайналымжиілігі |
1/с |
12,1 |
12,6 |
— |
Електіңтербелужиілігі |
1/с |
— |
— |
|
Шнектіңайналымжиілігі |
1/с |
12,1 |
— |
|
Қанатшаныңайналымжиілігі |
1/с |
8,0 |
— |
|
Шнек диаметрі |
мм |
78 |
— |
|
Электр қозғаушықуаты |
кВт |
1,1 |
— |
|
Сыртқыөлшемдері: ұзындығы ені биіктігі |
820 750 1470 |
340 420 450 |
||
Массасы |
кг |
160 |
14 |
|
1.3Қамыр дөңгелектеу машинасы
Маркасы (1-сұлбасы)Т1-ХПЯ машинасы көрсетілген.Машиан
қамыр дөңгелектеуге арналған.Машинада
массалары 0,2-1,1 кг аралығында қамыр домалақтанады.Машина4-
Қамыр бөлшектері машинаға 6-қабылдау шанағы арқылы түсіріледі.Машина ішіне берілетін ауа 10-жеңге 12-құбыр арқылы жеткізіледі.
Т1-ХПЯ машинаның жалпы сұлбасы. (1- сұлба)
1.4 Толықсыту шкафтары
Арнайы шкафтарды пішіні мен массалары өзгермейтін белгілі бір түрлі
нан өнімдерін шығаратын ағынды желілерде қолданылады. Бұл қамыр дайындамаларын отырғызу, түсіру және кесу операцияларын механикаландыру үшін алғы шарттар жасайды. Осы топтың көптеген конвейерлік шкафтары құрамына аталған операцияларды орындауға арналған механизмдер мен қондырғылар кіретін агрегаттар болып табылады.
Батон тәрізді өнімдердің дайындамаларын толықсытуға арналған шкафтар (6 – сурет). Массасы 0,4-0,5 кг қамыр дайындамаларын толықсытуға арналған. Екі нұсқада шығарылады: түбінің ауданы 25 және 50 м2тоннельдік пештері бар ағынды желілер үшін. Шкафтар Г-тәрізді пішінді болады, олардың құрамына қоректендіргіш-тиегіш, ұстаудың бесікті конвейері, бесіктерді аударғыш және кескіш кіреді.
Шкафтың конструкциясында жеті унифицирленген секциялар – А, Б, В, Г, Д, Е, Ж қолданылады. Каркас бұрыштық болаттан орындалады және металл қаптамамен жабылған. Ж секциясы тұғыр болып табылады. Онда конвейердің жетекші білік 7, коректендіргіш-тиегіш 6 , бесіктерді аударғыш 9 және кескіш 8 орналасқан. Бұл секцияда Е, Д және Г тік секциялары орнатылған, оларға тірекке тірелген А, Б, В секцияларынан тұратын консольдік шкаф жанасып орналастырылған. Шкафтың өнімділігін қосымша консольдік шкафтарды орнату арқылы арттыруға болады.
Каркастың ішінде тізбекті жұлдызшалардың он жұбынан және екі шексіз пластинкалы втулкалы-роликті тізбектерден 4 тұратын шынжырлы конвейер орналасқан, жұлдызшалардың екі жұбы (2 және 3) – созылмалы, қалғандары – бағыттаушы болып табылады. Әрбір екі буын сайын шарнирлердің көмегімен бесіктер 5 ілінген.
Конвейердің қозғалысы (6 – сурет) біркелкі-үздікті болып табылады және электроқозғалтқыштан 1 іске асырылады, электрқозғалтқыш сынама белдікті беріліс 2, червякты редуктор 3, кривошип 4, тяга 5, рычаг 6 және собачка 7 арқылы храпты дөңгелекті 8 айналдырады.
6–сурет жалпы көрінісі; 7–сурет бесікшелі конвейер жетегінің кинематикалық сызбасы;
2-сұлба.Толықсытуға арналған шкаф
15
Ұстау шкафындағы ортаның оптималды температурасы мен ылғалдылығын Г секциясындағы құбыр арқылы желдеткіштен шкафқа ауа беру арқылы қамтамасыз етіледі (2-сұлбасын қараңыз). Шкафтан шыққан пайдаланылған ауа А секциясындағы патрубок арқылы әкетіледі.Ұсақ даналы және тоқаш өнімдерінің дайындамаларын толықсытуға арналған шкаф.Тік тізбекті конвейері бар шкафтарға жатады. Өнімділігіне байланысты торлы подының ауданы 25, 40 және 50 м2 болатын пештер үшін үш түрлі өлшемді шкафтар шығарылады.Шкафтың комплектіне отырғызғыш 1 және шкаф бесіктерін түсіруге арналған және қамыр дайындамаларын пештің подына салуға арналған тасымалдағыш таспалы транспортер 11 кіреді.Шкафтың каркасы 2 бұрыштық болаттан орындалған. Жоғарғы және бүйір жақтарынан алынатын қорщаулармен 13 жабылған. Шкафтың ішінде жұлдызшалардың 6 жиырма үш жұбы орналасқан, оларға ұстау бесіктерін 14 тасымалдайтын конвейердің 3 тізбектері тартылған. Бесік аспасының адымы тізбектің әр төрт адымы сайын қойылады. Жұлдызшалар 15 жетек білігіне 19 бекітілген. Конвейердің тартылуы тарту станциясының 16 көмегімен іске асырылады. Конвейердің 5 бос тармағы шкафтың сыртында 4, 7, 8 жұлдызшалары бойымен қозғалады, бұл бесік ұяшықтарының матасын кептіру үшін қажет. Бесіктерді тиеу таспалы транспортердің 10 барабанында 9 жүргізіледі, оның екінші ұшы пластинаның 18 дөңгеленген шетін айналып өтеді және ол қамыр дайындамаларын пештің подына салу үшін қызмет етеді.
Дайындамалар таспалы транспортер арқылы ротордың 26 қалталарына жіберіледі, одан белгіленген адыммен отырғызғыш транспортердің 17 таспасына түсіріледі. Дайындамалар толық оның үстіне түсіріліп болған кезде таспа тоқтап, арнайы механизмнің көмегімен аударылады. Бұл кезде қамыр дайындамалары толықсыту шкафының бесіктеріне түседі, ал таспа қайтадан көлденең қалыпқа енеді де, тиеу циклі қайтадан қайталана алады.
Заготовкаларды түсіру валға 12 бекітілген таспалы транспортердің 9 барабанында жүргізіледі. Оның қасынан өткен кезде ұстау шкафының бесігі таспаға жанасып, онымен бірге барабанды айналады, көлденең бөлікке шыққан кезде заготовкалар таспалы траноспортерге түседі, ал босаған бесіктер бастапқы күйіне түсіп, жоғары қарай көтеріледі.
Бесіктер конвейердің жоғарғы тік тармағымен өткен кезде кептіріледі, бұл қамыр заготовкаларының матаға жабысып қалуының алдын алады.
Конвейердің приводы электрқозғалтқыштан 23 клинбелбеулік передача 24, жылдамдық реттегіші 21, сынама белдікті беріліс 22, червякты редуктор 25 және шынжырлы беріліс 20 арқылы іске асырылады.
Бесікті конвейері тігінен орналасқан толықсыту шкафтарының өлшемдері кішкентай болып келеді, олардың дайындамаларды тиеу және түсіру операциялары толық механикаландырылған. Шкафтар пайдалануға өте қолайлы.
Бірақ ауалы ортаның температурасы және ылғалдылығының орташа ауытқуларының айырмашылығы контейнерлердің жоғарғы және төменгі бөліктерінде сәйкесінше 5-7°С және 10-15% жетуі мүмкін. Бұл өнімдердің сапасын төмендетеді.
Дөңгелек подтық нанның заготовкаларын ұстауға арналған шкафтар. Подының аудандары 25, 40 және 50 м2 болатын пештері бар ағынды автоматтандырылған желілер үшін үш түрлі өлшемді шкафтар шығарылады. Әр өлшемді шкафтардың конструкциялары бірдей болады, бірақ олар бір-бірінен көлденең секциялар мен бесіктердің санымен ерекшеленеді.
Шкафтың комплектіне жеткізуші таспалы транспортер 5, маятникті типті отырғызғыш 4, бесіктерден пештің подына заготовкаларды түсіру механизмі 2, басқару пульті 6 және шкафқа кондиционирленген ауа беруге арналған патрубоктар 13 кіреді. Конвейерлік шкаф унифицирленген секциялардан 1 жиналған каркас түрінде болады. Шкафтың консольдік бөлігі тұғырларғы 14 тіреледі. Каркаста бесікті конвейер монтаждалған, ол тізбекті жұлдызшалардың тоғыз жұбынан және адымы 100 мм болатын екі шексіз втулкалы-роликті тарқыш тізбектерден 9 тұрады. Жұлдызшалар 3 приводтық болып табылады, ал жұлдызшалардың екі жұбы 11 және 12 – созылмалы болып табылады. Тізбекке әр үш буын сайын 300 мм адыммен шарнирлердің көмегімен сегіз қалталы бесіктер ілінген, олар массасы 0,8-1,0 кг қамыр заготовкаларына арналған. Бесікті конвейер арасында тоқтап тұрып периодты қозғалады.
Конвейерлік шкаф қолдан және автоматты режимдерде жұмыс істей алады. Автоматты режимде қамырды бөлгіш периодты жұмыс істейді және әр сегіз қамыр заготовкасын шығарған соң тоқтайды. Бөлгіштің қосылуы пеште орналасқан датчик арқылы іске асырылады. Сегіз қамыр заготовкалары кезекпен домалатқыштан ұн шашатын механизммен 7 жабдықталған таспалы транспортерге 5 келіп түседі. Иілгіш пластиналардың 8 астынан өтіп, заготовкалар 180° бұрылады және оларды конвейер бесігінің қалталарына салатын маятникті отырғызғышқа беріледі. Бесікке сегіз заготовканы салған соң датчик конвейердің электрқозғалтқышын қосады, нәтижесінде тізбектер бесіктердің бір адымына ауысып, ұстау ұзақтығын реттеуші механизмнің соңғы ажыратқышымен тоқтатылады.
Бесік түсіруші тіреулерге 2 жеткен кезде оның кассетасы аударылады да, қамыр заготовкалары пештің подына 15 салынады. Бесік кассеталарының бастапқы күйге оралуы келесі екі түреудің көмегімен жүзеге асырылады. Өнімдерді тұйық пештерде бесіктің подында пісірген кезде шкаф конвейерінің бесіктерінен қамыр заготовкаларын түсіру отырғызу механизмінің жазықтығына жүргізіледі.
17
Технологиялық кондиционерлер. Ұстау шкафтарындағы ауаның температурасы мен ылғалдылығы заготовкалардың беті кеуіп кетпейтіндей және ылғалданбайтындай деңгейде ұсталып отыруы керек, яғни қамыр заготовкалары бетінің температурасы ылғалданған термометр мен шық нүктесі температураларының интервалында болуы керек. Ауалық ортаның оптималды параметрлерін кондиционер қамтамасыз етеді.
18
1.5 Нан пісіру пештері
Нан пісіру пештері бұл өндірістің ең негізгі технологиялық жабдығы болып есептелінеді. Пештің өнімділігі әдетте өндірістік қуаттың мөлшеріне байланысты болады.Өндірістік нан пісіру пештері мынандай негізгі элементтерден тұрады:пісіру камерасынан,жылу генераторынан,жылу беру жұйесінен және қосымша элементтерден.
Пештің құрылым ереекшелегіне байланысты төмендегідей жіктеуге болады:
А) Техникалық белгілері бойынша: арнайы нан түрлерін пісіруге немесе көптеген нан түрлерін пісіруге арналған.
Б) Өнімділігі бойынша:шағын өнімділікті-пеш табанының ауданы 8м 2 аспайтын пештер,орташа өнімділікті-пеш табанының ауданы 25м2 аспайтын пештер және жоғары өнімділікті-табан ауданы 25м2 асатын.
В) Пісіру камерасын қыздыру жүйесіне байланысты:тұйық пештер немесе тоннельді пештер болып бөлінеді.
Г) Оттықта жағатын отын түріне байланысты: газбен,сұйық отынмен,электр қуатымен және қатты отынмен қыздырылатын пештер.
Д) Жұмыс істеу
тәртібі бойынша:үздіксіз және периодты
жұмыс істейтін пештер
Маркасы
Г4-ХПЛ нан пісіру пештері қара бидай мен
бидай ұндарынан нан пісіруге арналған(3-сурет).
Пеш конвейерлі екі қатарлы шынжырдан,алдыңғы білік жетекші,ал соңғы білігі керуші.Пештің ішінде су немесе бу шашатын аймағындағы білік-аралық білікбар.Бұл аймаққа берілетін бу пештің ішіндегі бу геераторынан немесе наубайхананың бу құбырынан шығарылады.
Пештің сыртқы беттерінде жылу өткізбейтін қабаты бар.Электр қыздырғыштың санына байланысты ондағы жылудың температуралық режимдері реттелінеді.Конвейердің ортасында температуралық режимді реттейтін жылу қораптары бар.
19
3-сурет Маркасы Г4-ПХЛ нан пісіру пеші
Маркасы П-119 М нан пісіру пеші электр күшімен қыздырылатын тұйық пештер қатарына жатады(10-сурет).Ол нан түрлерін, тоқаш пісіруге арналған.Пен блокты каркасты қоршауданғекі қатарлы шынжырлы конвейерден,пісіру камерасынан тұрады.Конвейер шынжырдың қадамы 140мм.Конвейердің әрбір үш звено сайын өлшемі 140х-285мм.Конвейердің алдыңдағы білігі жетекші,ал соңындағы керуші біліктер қозғау подшипнигтеріне бекітілген.Жетекші біліктектің подшипнигтері қоршаудың тоннелдеріне орнатылған.
Пештің жетегі электрқозғаушыдан,белдікті берілістен,червякты редуктордан және шынжырлы берілістен тұрады.Пеште қуаты 75кВт,30 қыздырғыш орнатылған.Қыздырғыштар пеш конвейерінің екі жағында да орнатылған.
4-сурет П-119М нан пісіру пеші
Қорытынды
Мен диплом алды тәжірибені Алматы облысындағы
ИП”Cарманбетова Гульнара Турусбековна”
шағын нан пісіру
кәсіпорнында өттім.Онда қауіпсіздік
ережесімен және шикізатқа қойылатын
талаптармен толықтай таныстым.Өндіріске
әкелінген шикізат СТ18-219-75сай болуы
қажеттігін,оған ылғалдылығы,физико-химиялық,
Нан пісіруге қажетті жабдықтармен таныстым.Маркасы Т1-ТММ қамыр илеу,МПМВ-300 ұн елеу,Г4-ПХЛ нан пісіру пештерінде жұмыс жасауды үйрендім.Машинаның ішкі құрылысымен толығымен таныстым. Дежада қамыр илеу процестерін жүргізуді меңгердім.
Нан пісіру пешінің құрылымымен таныстым.Тұйық пеште жұмыс жасауды үйрендім.Жабдықтарды жұмыс процесі алдында тексеріп, жұмыс біткен кезде қайта тазалау қажеттілігін үйрендім.
Наубайханада әр апта өтетін санитарлық-тазалық жұмыстары кезіңде қауіпсіздік ережесіне аса мән берілуін ,токка қосылатын аппараттардын ток көзінен ажыратулы екеніне көз жеткізгеннен кейін барып жұмыс жасау керектілігін білдім.
Әр апта сайын тәжірибе жетекшіме үйренген жұмыстырымен жұмыс жасауда есеп беріп отырдым.
Пайдаланылған әдебиет тізімі
- Щепетков Н.Г. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, өңдеу және стандарттау технологиясы»
- Хайтмазова Е.Ф. «Практикум по товароведению зерна и продуктов его переработки» Москва ВО «Агропромиздат» 1992г.
- Присвятский Л.А., Лесик Б.В., Кудрина В.Н. «Хранение и технология с/х продуктов» Москва ВО «Агропромиздат» 1991г.
- Смагулов А.К. «Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау» Алматы, 2005ж.
- Филатов В.И. «Агробиологические основы производства, хранения и переработки продукции растениеводства»
- Ильенкова С.Д. «Управление качеством», Москва 2004г.
- Семенова Е.И. «Управление качеством», Москва 2004г.
- Гиссин В.В. «Управление качеством продукции», Ростов на Дону «Феникс» 2002г
- МЕМСТ 28620-90 Тоқаш наны «Алтын диірмендік» бидай ұнының жоғарғы сортынан
- МЕМСТ 5667-65 «Нан және нан өнімдері»
1.09.2015-26.09.2015ж.
Жұмыскерлер ұжымымен тез тіл табыса алды.Қиын жағдайда тез шешім шығара алады.
Тәжірибе уақытында қауіпсіздік ережесін,нанға қойылатын әр түрлі талаптарды меңгерді.
Болашақта білікті маман болатынына сенем.

- Қан айналу щеңберлері
- Қан айналымының физиологиялық қасиеттері
- Қан және қан айналымының жас ерекшеліктері
- Қан жүйесінің патологиялық физиологиясы
- Қан кетудіц түрлері жөне оларға сипаттама
- Қанның ағуы және оны тоқтату
- Қанның буферлік жүйесі
- Қалдықтар
- Қалқаманұлы, Бұқар жырау
- Қалқанша бездің құрылысы мен қызмет
- Қалқанша безі
- Қалқанша безі
- Қалып босату жүйесі механизмдерінің конструкциясын жобалау
- «Қамар Сұлу » романына талдау