Қан айналу щеңберлері
Тақырып 1 : Қан айналу щеңберлері
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Кіріспе.
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан(55%)және қан жасушаларынан(45%)(эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.
Қанның қызметі:
- Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
- Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
- Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегігаз алмасу процесін қамтамасыз етеді;
- Регуляторлық – әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды,организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;
- Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.
- Терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қанайналым — бұл қанның дене бойымен айналымы . Қан жүрек жиырылуы арқылы қозғалысқа келіп, қантамырлар арқылы айналым жасайды. Қан ағза ұлпаларын оттегімен,қоректік заттармен, гормондармен қамтамасыз етіп, зат алмасудың соңғы өнімінің ағзадан шығуына көмектеседі. Қанның оттегіге толуы өкпеде, ал қоректік заттарға толуы асқорыту жүйесінде болады. Бауыр мен бүйрек арқылы соңғы өнім сыртқа шығарылады. Қанайналым гормондар және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Қанайналымды кіші ( өкпе арқылы) және үлкен (ағза және ұлпа арқылы)
Қанайналым – адам және жануарлар өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Қан тек қозғалыста ғана өзіне тән қызметтерді атқара алады.Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды. Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды. Жүрек төрт камералы сондықтан екі қанайналым шеңберінен тұрады.
Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді.
XVII – XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп.оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.
Қан қозғалысы.
Биологиялық ұлпалардың механикалық қасиеттері:
— серпімділік — дененің жүктемелерден кейін өз өлшеміне қайта келу қабілеті;
— қаттылық – ұлпаның сыртқы жүктемеге қарсы жұмыс істеу қабілеті;
— иілгіштік – ұлпаның сыртқы күштерге қарсы өлшемін өзгерте алу қабілеті;
— беріктік – денелердің сыртқы күштердің әсерінен бұзылуларға қарсы тұру қабілеті;
— созылмалылығы – денелердің күш әсер етіп болған соң өлшемдерінің өзгерісін сақтау қабілеті:
— сынғыштық – материалдың білінетін деформация қалдығынсыз бүліну қабілеті;
— тұтқырлық – дененің тангенстік кернеулер жұмыс жасағанда формасының өгеруіне қарсы тұру қабілеті;
— аққыштық – ортаның бір қабаттан екінші қабатқа белгілі бір жылдамдықпен ауыса алу қабілеті;
Негізгі бөлім
Кіші қанайналым шеңбері |
Үлкен қанайналым шеңбері | |
Айыр машылығы |
Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы шығып өкпеде газ, зат алмасып , сол жақ жүрекшеге өкпе венасы арқылы келіп құяды. Өкпе артериясында вена, өкпе венасында артерия қаны болады. |
Сол жақ қарыншадан қолқа тамырынан артерия арқылы бүкіл денеде газ, зат алмасу өнімдері жүріп оң жақ жүрекшеге қуысты вена арқылы келіп құяды. Артерияда артерия қаны, венада вена қаны болады. Тасымалдау қызметін атқарады. |
Ұқсастығы |
Тұйық қанайналым шеңберін түзеді, газ, зат алмасу өнімдері болады. Артерия, артериола, капилляр, венула, вена қан тамырлары тән. Жүректен шығып жүрекке келеді. | |
Қанайналым кіші және үлкен қанайналым шеңбері деп аталатын 2 шеңбер бойымен қозғалады.
Кіші қанайналымда қан өкпе бойымен айналым жасайды. Бұл қанайналым оң жақ жүрекшенің жиырылуынан басталып, одан кейін қан жүректің оң жақ қарыншасына барады. Оң жақ қарынша қанды өкпеге қарай итереді. Осы жердегі қан айналымы жүрекше – қарыншалық жарғақ арқылы және 2 қақпақ арқылы: үш қақпақты (оң жүрекше мен оң қарынша арасында) жүрекшеге қанының сақтап қалатын қайтарулары, және өкпе күре тамырдың өкпе дiңгектен оң асқазанға қанның қайтару сақтап қалатын клапанымен. Өкпелік өзек өкпелік капиллярларға дейін бұтақтанады, сол жерде қан оттегімен қанығады. Осыдан соң қан өкпелік вена арқылы оң жақ жүрекшеге қайтып барады.
Үлкен қан айналым шеңбері мүшелер мен жасушаларды оттегімен байытады. Сол жақ қарынша оң жағындағымен бірге қанды сол жақ қарыншаға қарай итереді. Сол жақ қарыншадан қан аортаға барады. Аорта артерияларға, әт түрлі мүшелерге барып мүшелер мен жасушалардағы капиллярлық торлардан тоқтайтын артериолдарға бөлінеді.
Осы жердегі қан айналымы жүрекше – қарыншалық жарғақ және аорталық қақпақ арқылы реттеледі.
Үлкен қанайналымында қан сол қарыншадан оң жақ жүрекшеге дейін, одан кейін кіші қанайналым шеңбері арқылы оң жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге дейін қозғалады.
Қанның қантамырлар арқылы қозғалысы артериялық және веналық жүйедегі қысымның әртүрлілігімен іске асады. Қанды венадан артерияға қарай айдайтын жүректің ритмикалық жұмысына байланысты қысым теңеледі. Венадағы қысым 0- ге жақын болғандықтан практикада оны артериялық қысымға тең деп алады.
Қан тамыр жүйесі.
Орталық мүше-жүректен және онымен байланысқан
көлемі әр түрлі,қан тамырлары (лат.vas,грекше
angeion-тамыр;осыдан ангиология) деп аталатын
түтікшелерден тұрады.Жүректің ырғақты
жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды
қозғалысқа келтіреді.Тамырлар туралы
ілімді ангиология деп атайды.
Артериялар.Жүректен мүшелерге қарай
шығып,оларға қан әкелетін тамырлар артериялар(ayer-ауа,tereo-бар;
Артериялардың қабырғасы үш қабықтан
тұрады:
Ішкі қабықша-tunica interna –тамырдың қуысы
жағынан эндотелий мен астарланған,оның
астында субэндотелий мен ішкі серпімді
мембрана орналасады.
Ортаңғы қабық-tunica media-біріңғай салалы
бұлшықет тканіне,серпімді талшықтармен
ауысып,араласып отыратын миоциттерден
құралған.
Сыртқы қабық-tunica externa-дәнекер тканьді
талшықтардан тұрады.
Жүректен алыстаған сайын артериялар
тармақтарға бөлініп,ұсақтала береді.Жүрекке
жақын артериялар (қолқа және оның ішкі
тармақтары)негізінен қанды өткізу қызметін
атқарады.Олардың ең бірінші міндеті жүрек
соғуынан лақтырылып шығатын қан массасының
әсерінен тамыр қабырғасының созылуына
қарсы әсер ету.Сондықтан олардың қабырғасында
механикалық сипаты құрлымдар,яғни серпімді
талшықтар мен мембраналар көбірек дамыған.Мұндай
артериялар серпімді типті артериялар
деп аталады.
Капиллярларға ыдырағанға дейін тамырлардың
бұлайша қосылуын анастомоз деп атайды.Анастомоздар
түзетін артериялар анастомоздаушылар
деп аталады.
Артериялардың соңғы тарамдары жеңішке
және ұсақ,сондықтан оларды артериолалар
деп аталады.Артериола тікелей перпендекуллярға
жалғасады,прекапиллярдан көптеген капиллярлар
шығады.
Капилляр-зат алмасу қызметін орындайтын
аса жұқа тамырлар.Осы қызметіне байланысты
олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар
мен газдар өтетін жалпақ эндотелий клеткаларының
бір қабатынан тұрады.
Веналар — ( лат. vena, гекше phlebs осыдан фледит
веналарының қабынуы ) артериялардан қарама-қарсы
бағытта мүшелерден жүрекке қан әкеледі.Веналық
қан кері ағу қиындау келетін дененің
төменгі жартысының веналарында,дененің
жоғарғы бөлігіндегі веналарға қарағанда
күштілеу дамыған бұлшықет қабықшасының
жиырылуының да,маңызы зор.
Қан тамырлардың қабырғаларында меншікті,олардың
өздерін,қанмен қамтамысыз ететін жіңішке
артериялар мен веналар vasa vasorum болады,бұл
қабат тамырлы қынап-vagina vasorum деп аталады.
Атқаратын қызметімен түрлі бөлімдерінің
құрлысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне
сәйкес соңғы кезде барлық қан тамырларын
3 топқа бөлінеді:
1)Екі қанайналыс шеңберінен бастап және
аяқтайтын жүрекқасылық тамырлар-қолқа
және өкпелік баған,қуыс және өкпе веналары.
2)Организм бойынша қанды таратуға арналған
магистральды тамырлар.Бұларға бұлшықет
типті ірі және орташа экстрамүшелік веналар
жатады.
3)Қан мен мүшелердің паренхимасы арасындағы
алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін
мүшелік тамырлар.Бұлар-мүшелік артериялар
мен веналар,сондай-ақ микроциркуляциялық
арнаның буындары.
Қорытынды
Кіші қанайналым шеңберінің ашылу тарихы:
Андрей Везалий мен Мигуэль Сервет қанайналым шеңберлерінің ашылуына көп үлес қосты. А.Везалий анатомияны ғылым ретінде дамытып, ең алғаш рет адам организміне сипаттама берді.Ғалым жаңа мектептің іргесін қалады. Кейіннен оның көптеген шәкірттері дәрігер және анатом болды. Везалийдің адам анатомиясын ХYI ғасырда орыс тіліне аударған Епифаний Славинецкий болды.
Алғашқы анатом ғалым Везалийдің еңбектері Мигуэль Серветке қан айналымның кіші шеңберін ашуына көмектесті.Ол қанның оң жақ қарыншадан шығып өкпе артериясы арқылы өкпеге баратынын дәлелдеді.Осылай 1559 жылы кіші қанайналым шеңбері ашылды.
Үлкен қанайналым шеңберінің ашылу тарихы:
Вильям Гарвей (1578-1657) ағылшын оқымыстысы,дәрігер алғаш рет қан айналымының тұйық жүйе екендігін айтқан.Ол жүректің қан айдайтын негізгі мүше екендігін, қанның көктамыр арқылы жүрекке, ал салатамыр арқылы жүректен шығатынын анықтады.Өз заманында үлкен қанайналым шеңбері туралы алғаш айтқан ғалым.Бірақ Гарвейдің божамына күмәнмен қарады.Кейіннен Антоний Ван Левенгук пен Марцелло Мальпиги бір-біріне байланыссыз қылтамырлады ашқаннан кейін, Гарвейдің божамының дұрыс екендігі дәлелденді.
Тақырып 2 : Лимфа жүйесі
Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды түздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді — лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит — лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер — ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.
. Лимфа жүйесінің қызметі
Лимфа түйіндері мен лимфа жүйесі әртүрлі қызмет атқарады. Солардың негізгілері: Энергиялық және пластикалық қызмет – қанайналымы кезінде тіндегі сіңген су, белок, зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон, электролит т.б. қанға лимфа арқылы тасылады. Дренаждық қызмет – лимфа жүйесі венамен бірге денедегі ағзаларда басы артық тінаралық сұйықтықты сорып алады. Резорбциялық, яғни сіңіру қызметі. Лимфа капиллярларының эндотелиі - өткізгіш, сондықтан әдетте қан капиллярларына өте алмайтын көптеген заттар тінаралығынан тікелей лимфаға өтеді: а) лимфа капиллярлары – жақсы өткізгіш; ә) олардың түтігі өздігінен біресе кеңейіп, біресе тарылып, сұйықты өзіне қарай тартып отырады; б) қан, жасушааралық сұйық, лимфа үшеуінің арасында заттар өтуге ыңғайлы; в) лимфа капиллярлары эндотелиі гистолимфалық едергіден әртүрлі заттар өткізуге беім келеді. Лимфа май алмасу үрдісіне қатысады. Ішек арқылы сіңу барысында түзілген май мен май қышқылдары лимфа кпиллярларына енеді де лимфа жүйесі арқылы далпы қанайналымына қосылады, одан әрі денеде май қоры болып жиналады. Биологиялық иммунитет және лимфоцит түзу қызметі – антитән түзетін жасушалар лимфа түйіндерінде жаралады. Лимфа түйіндері мен тимуста Т- және В-лимфоциттер «пісіп» жетіледі де, қан жүйесіндегі және жасушалық иммунитетке қатысады. Лимфоциттер иммундық әсерленіске қатысатын лимфокиндер т.б. заттар бөліп шағарады. Тосқауылдық қызметі. Әртүрлі микроорганизмдер, табиғаты басқа зиянды заттар, ісік жасушалары лимфа түйіндерінде ұсталып одан әрі өте алмайды, мұның нәтижесінде олар тосқауылға айналады; бұл қызметі лимфа түйініндегі ретикулярлық элементтер атқарады, ал биологиялық сүзгі ретінде лимфа тініндегі фагоциттік мәні арат түседі. Лимфа жүйесі липовитаминдер, кальций, фосфор тұздарының алмасуына қатысады. А,К,Е т.б. липовитаминдер ең алдымен лимф жүйесіне енеді де одан әрі лимфа ағымымен қанға өтеді. Лимфа жүйесі су алмасу үрдісіне қатысады. Бұл жүйе денедегі сұйықтықтар депосы деп есептеледі, яғни лимфа тамырлары резервуарлық қызмет атқарады. Қан азайған кезде, оның есесін қайтаратын басқа реакциялармен бірге кеуде өзегіндегі лимфа қанға құйылады. Лимфа ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қатысады. Тән тірлігіне тікелей әсер ететін түрлі гормондар, реттеуші пептидтер, метаболиттер т.б. биологиялық әсері күшті заттар, көптеген дәрілер алдымен лимфаға өтеді.
Лимфаның түзілуі
Лимфа түзілуі
тінаралық сұйықтықтың лимфа
капиллярларына өтуінен
Лимфа тамырлары
Лимфа қылтамырлары
лимфа тамырларына бірігеді, оның
ішкі бетінде қақпақшалары бар.
Ол қақпақшалар лимфа
Лимфа түйіндері
Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.
Лимфаның ағуы
Лимфа тамырлармен белгілі бір бағытта ағады – ол капиллярлардан тамырларына, одан әрі мойыын және кеуде өзектері арқылы қан тамырлар жүйесінің веналық бөліміне қарай жылжиды. Лимфаның осылайша жылжуына тамыр клапандары көмектеседі. Лимфа ағысы мына жағадйларға байланысты. 1. Тін сұйықтығының ұдайы лимфа капиллярларына құйылып отыруы нәтижесінде тұрақты лимфа ағысы қалыптасады. 2. Р.С.Орловтың мәліметі бойынша, лимфа ағысын негізгі лимфа тармақты аймақтарына қарай жылжитын лимфангиондардың кездік, тонустық және өзіндік жиырылу белсенділігі қалыптастырады. Олар ағза сыртындағы лимфа тамырларында насо рөлін атқарады, минутына 8-10 кейде 20 рет жиырылады. Морфоәрекеттік ерекшеліктеріне қарай, лимфангиондарды бір-бірімен байланысқан лимфа жүрекшелері деп есптеуге болады. Оның қозуы, қызметі әдетте жүрек етінің жұмысына ұқсас. Лимфангиондар қызметінің жүйке, қан арқылы, сондай-ақ өздігінен реттелуі ағзаларда лимфа түзілуінің өзгеруіне, оған бейімделуге мүмкіндік береді. 3. Тынысалу кезінде кеуде қуысында пайда болатын теріс қысым лимфаның лимфа тамырларына сорылуын қамтамасыз етіп, кеуде өзегінде оның жылжуын күшейтеді. Біркелкі терең демалу лимфа ағысын жеңілдетеді. 4. Құрсақ қуысы ағзаларының құрамындағы біріңғай салалы еттермен дененің жолақ еттерінің жиырылуы лимфаның белгілі бір бағытта ағуына көмектеседі. 5. Ішек жиырылуы да лимфа ағысына қатысады. Ол күшейсе, кеуде өзегінде лимфа ағысы күшейеді. 6. Лимфа түйіндері жиырылуы лимфа мен қанның айдалуын тездетеді. 7. Қантамырларының, әсіресе құрсақ қолқасының лүпілі лимфаны негізгі коллектор – кеуде өзегіне қарай бағыттайды. 8. Диафрагма жиырылып, жазылған сәттерде кеуде өзегі біресе созылып, біресе қысылып, лимфа жылжуын үдетеді.
Тақырып 3 : Ішкі секреция бездері
Кіріспе
Ағзадағы барлық жасушалар,
ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып
, олардың қызметі және сыртқы ортамен
қарым – қатынасы жүйке және гуморальді
жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді
реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан
механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір-
бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар
дәлелдейді:
— Биоэлектрлік процестердің табиғаты
физико – химиялық, иондардың трансмембраналық
жылжуы;
— Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға
, немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар
арқылы іске асады;
— Нерв және гуморальді жүйенің тығыз
байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде
айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция
бездерінің қызметін реттеу гипоталамус
арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік
жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің
басқа бөлімдерімен байланысқан, атап
айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми,
таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының
белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа
бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық
ішкі секреция бездеріне жіберіледі.
Гипоталамустың нейроскреторлық жасушалары
афферентті нерв импульстерін гуморальді
факторға – релизинг- гормондарға, ал
олар гипофиздің клеткаларының қызметіне
әсер етіп , түзелетін гормондардың түзілуіне
, бөлінуіне әсер етеді. Бұл гормондар
мүшелер мен ұлпаларға әсер етеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде
симпатикалық және парасимпатикалық нерв
талшықтарының медиаторлары зор роль
атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің
әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір
ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің
қатысуымен жүреді. Мысалы, қалқанша маңындағы
без, ұйқы безі т.б. Бұл бездердің қызметі
антогонист – гормондардың, метаболиттердің
концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Гипоталамус жүйке жүйесінің
бөлігі, мұнда жүйелік реттеу эндокриндік
реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының
нейрондары бөліп шығаратын нейтропепидтер
либерин және статин деп аталған.
Статиндер тобына – соматостатин,
пролактостатин, меланостатин жатады.
Ішкі секреция бездері бөлетін затын гормондар
деп атаған. Гормондар- биологиялық белсенді
заттар, ішкі секреция бездерінде түзіліп,
қанға түсіп жүйелер мен мүшелердің қызметіне
әсер етеді.
Гормон деген терминді 1902 жылы В. Бейлис
және Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлуін
реттейтін секретин деген затқа байланысты
ұсынған.
Эндокриндік жүйе мүшелерінің жұмысын,
алмасу процестерін, ағзадағы теп-теңдікті,
тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен
роль атқарады.
Бездің қызметінің бұзылуы ағзада түрлі
ауруларды туындатады.
Қорыта айтсақ, ағзаның қалыпты жұмыс
атқаруын, сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі
нерв жүйесімен қатар ішкі секреция бездері
зор роль атқарды.
Менің бұл ғылыми жұмысымдағы алға қойған
мақсатым-ішкі секреция бездерінің оның
ішінде ұйқы безінің қызметінің бұзылуы
салдарынан болатын аурулардың таралу
деңгейін анықтау қант диабетіне профилактиканы
міндетті түрде қолға алатын болса, онда
біздің мақсатымыздың орындалғаны.
Эндокринологияның, физиологияның және
морфологияның жетістіктері ағзаның функцияларын
реттеудегі механизмімен байланысты.
Негізгі бөлім:
Ішкі
секреция бездерінің
Адам және жануарлар организмі дамудың
«онтогенез» деп аталатын циклін бастан
өткізеді. Онтогенез дегеніміз жұмыртқа
клеткасы ұрықтанғаннан бастап ағза өлгенге
организм дейінгі аралықтағы даму кезеңі.
Онтогенездік дамудың біраз уақыты жатырда
өтеді, оны антенатальдық немесе пренатальдық
онтогенездік даму деп атайды. Дамудың
келесі сатысы организм туылғаннан бастап
өлгенге дейінгі аралықты қамтиды. Мұны
постнатальді онтегенездік даму деп атайды.
Онтегенездік дамудың барысында дененің
массасы мен көлемі ұлғайып, жеке мүшелері
өседі. Мұнымен қатар көптеген сапалық
өзгерістер – организмінің жекелеген
физиологиялық жүйелері қалыптасып дамиды.
Тұқым қуалаушылықтың ақпараттық механизмдері
ағза дамуының бастапқы кезеңінде –ақ
іске қосылып, ағзаның одан әрі дамуы мен
қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.
Зат алмасу процесінің тұрақты жүруі мен
жасушалардың қалыпты қызмет атқаруы
– ішкі сұйықтың (қан, лимфа, ұлпалық, сұйық,т.б.)
химиялық құрамы мен физикалық және химиялық
қасиеттердің тұрақтылығына тікелей байланысты.
Денедегі ішкі сұйық заттардың жиынтығын
К.Бернар ағзаның «ішкі ортасы» деп атаған.
Американ физиологы У.Кеннон бұл концепцияны
ұлғайтып, одан әрі дамытты. Ол ішкі ортаның
тұрақтылығын реттейтін механизмдер мен
жүйелерді зерттей отырып, организмнің
ішкі ортасының химиялық құрамы мен оның
физикалық және химиялық қасиетін тұрақты
сақтауға бағытталған қасиетін «гомеостаз»
(грек сөзінен homoios- тәрізді, stalls- тұрып
қалу, қозғалмайтын) деп атады.
Биология мен медицина ғылымдарының табыстары
гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі
кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға
организмнің барлық жүйелері қатысатын
болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің
қалыпты қызмет атқаруына ықпал етеді.
Егер ағзаның ішкі ортасының химиялық
құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері
өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға
бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер
де біртіндеп активтеніп, іске қосылады.
Мысалы, жасушадан тыс ортада судың мөлшері
азайып кетсе, қандағы вазопрессин гормонының
концентрациясы көбейеді. Вазопрессин-
бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды
қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде
жүріп жатқан кез келген физиологиялық
процестер эндокриндік механизмдердің
қатысуымен жүреді.
Оганизмнің жатырлық дамуының бастапқы
кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын
реттеуді дамып келе жатқан жасушалардың
өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады.
Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары
ағза дамуының кейінгі кезеңдерінде де
сақталып, белгілі бір шектелген аумақты
ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы
жануарлар ағзадағы ұлпалық реттелу процестері,
көбіне осы жолмен жүзеге асады. Қарапайым
ағзалар тіршілігінде кең тараған функцияларындағы
реттеу ролін зат алмасу барысында түзілетін
жасушаішілік химиялық активаторлар деп
аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда
болған химиялық акиваторлар өзара жақын
орналасқан бір жасушадан екіншісіне
еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың
барысында нерв жүйесі қалыптасты және
көп жасушалы ағзалардың жекелеген мүшелерінің
өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік
рольне ие болды. Дамудың ондай кейінгі
барысында нервтік элементтердің кейбіреулер
биологиялық активті заттар түзіп, оларды
сыртқа шығара алатын қасиетке ие болды.
Нерв жасушаларының мұндай жүйелерін
нейро секреторлық жасушалар деп атайды.
Кейінен эндокриндік мүшелер немесе ішкі
секреция бездері пайда болып, қалыптасады.
Ішкі секрециялық бездерде түзілетін
секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген
жерден алшақ орналасқан мүшелермен жүйелерге
әсер етеді.
Сонымен функцияларды реттеу жүйесі эволюциясы
мына бағытты дамыған: жасушаішілік химиялық
заттар, нерв жасушалары, нейросекроторлық
жасушалар, эндокриндік мүшелер. Омыртқалы
жануарлар ағзасында жоғары да келтірілген
реттеу механизмдері барлық түрі сақталған.
Бірақ, ағзаның бір тұтастық қасиетін
сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен
сәйкестендіруде жүйке жүйесі ерекше
роль атқарады.
Эндокриндік мүшелерге секреторлық қасиет
тән, олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ
қанмен мейлінше мол жабдықталған. Безде
қан тамырлары капиллярлар торын құрайды,
сондықтан безде түзілген өнімдер бірден
қанға өтіп отырады. Эндокриндік бездерге
гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік
бездері, айрықша без, бүйрек үсті, ұйқы
және жыныс бездері жатады.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне
қарай екі топқа бөлінеді: 1) Біріңғай эндокриндік
қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша,
қалқансерік бездері, гипофиз, эпифиз,
бүйрек сүті бездері, плацента мен айырша
без жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын
бездер. Бұл топқа ұйқы безімен жыныс бездері
жатады.
Эндокриндік бездердің орналасу схемасы.
Ішкі секрециялық қызметке кең мағыналы
ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон
деген ұғымды мүшелердің, ұлпалармен жасушалардағы
жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға
болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ,
олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген
жерден алшақ жатқан мүшелермен жүйелерге
әсер ете алады. әсер етудің мұндай формасын
телекриндік реттеу механизмі деп атайды.
Жекелеген жасушаларда түзіліп, сол жасушалардың
өзіне ғана әсер ететін активті заттар
болады, оларды «жасушалық» гормон тобына
жатқызады және олардың реттеушілік әсерін
аутокриндік реттеу деп атайды.
Ал, гормондарға ұқсас біраз заттар жасушаларда
түзіліп, көршілес жатқан жасушаларға
қанға түспей ақ диффузия жолымен ұлпаларға
жайылып, олардың қызметіне әсер ететін
биоактивті заттар кездеседі, оларды ұлпалық
гормондар немесе гистогормондар дейді.
Осы сияқты биологиялық активті заттар
түзілетін жасушаларды паракринді жасушалар
деп, олардың көршілес жасушаларға тигізетін
әсерін паракриндік реттеу деп атайды.
Бұған ұлпалардың қабыну процестері кезінде
түзілетін простагландиндердің қатысуымен
жүретін реакцияларды жатқызуға болады.
Паракриндік жасушаларда түзілетін секреттер
мен нейрондарда түзлетін нейронмедиаторлар
арасында айтарлықтай айырмашылықтар
болмайды. Сондықтан оларды нейроэндокриндік
жасушалар деп те атайды. Бұл эндокриндік
және паракриндік жасушалар арасындағы
аса тығыз морфологиялық және физиологиялық
байланыстарға негізделген.
Гормондық және гуморальдік реттеу механизмдері
туралы түсініктерді өзара ажыратуға
болады. Бірақ екеуінің арасында көптеген
ұқсастықтар да бар. Гуморальдық реттеу
механизмі организмде ертерек қалыптасқан.
Ал, гормондар болса, тек жоғары сатыда
дамыған жануарларда ғана кездеседі.
Эндокринді бездер функцияларының нейроэндокриндік
(гипоталамустық) жолмен реттелуі. Көптеген
анатомиялық-физиологиялық зерттеулер
гипофиздің қызметі гипоталамусқа тәуелді
екендігін көрсетеді. Гипофизбен байланысты
эндокриндік реакциялардың көпшілігі
рефлекторлық процестер қатарына жатады,
өйткені, олардың орталығы гипоталамуста
орналасады, эффекторлық бөлімі- гормондық
табиғаты басым заттар- гормондар болып
есептеледі. Көптеген морфологиялық зерттеулер
гипоталамус нейрондарының аксондары
гипоталамус пен гипофиз аралығындағы
аралық дөңесте үзілетінін немесе гипофиздің
артқы бөлімінің ішіне барып аяқталатынын
көрсетеді. Бұл аксондар гормон көп түзілетін
алдыңғы және аралық бөлімдерге жетпейді.
Аденогипофизді нервтендіретін симпатикалық
нерв талшығы ондағы қан тамырларының
қабырғасына барып аяқталады да вазомоторлық
қызмет атқарады. Гипоталамуста түзілетін
нейрогуморальдық факторлар қан арқылы
аденогипофиздің троптық функциясын реттейді.
Осы тәріздес нейросекреторлық процестер
алдындағы гипоталамустың ірі жасушалы
ядроларында да байқалып, бұлардан нейрогипофиздің
пептиді секреттері бөлінетіні анықталды.
Гипоталамустық гуморальдық реттеу механизмдері
медиаторлық принцип жүйесімен жүзеге
асырылады.
Эндокриндік реттеу. Эндокриндік реттеу
деп бір бездің гормондарының екінші бір
бездердегі гормондардың түзілуі мен
шығарылуына тигізетін әсерін айтады.
Ішкі секреция бездерінің функциясын
реттеуде гипофиздің алдынғы бөлімі ерекше
роль атқарады. Егер гипофизді хирургиялық
жолмен алып тастаса, денедегі көпшілік
бездер гормондар түзуін тоқтатып, солып
қалады. Гипоталамустың зақымдануы да
осындай өзгерістерге әкеп соғады. Бұдан
гипофиздің троптық функциясының гипоталамуста
түзілетін пептидті гормондарға тәуелді
екендігін көруге болады. Егер гипофизі
алынып тасталған жануарға гипофиздік
троптық гормондарын енгізсе, бездер қызметі
бастапқы қалпына келеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуге
гипофизден басқа да біраз жүйелер жиынтығы
қатысады: гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті
бездері (КТ РФ АКТГ глюкокортикоидтар);
гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері (ГТ-РФ,
ЛГ және ФСГ); гипоталамус-гипофиз-қалқанша
безі (ТТ-РФ – ТТГ — Т3 және Т4), жүйелері.
Аталған жүйелердің әрқайсысы өз алдына
біртұтас функциональдық қызмет атқарады
және екі жақты байланыс арқылы өздігінен
реттеліп отырады . Бір жүйе гипоталамустан
гипофизге қарай төмен бағытталса (тура),
екінші жүйе мүшелер мен бездерден басталып,
гипоталамусқа қарай (кері), жоғары көтеріледі.
Гипоталамустың клеткалары сыртқы сигналдарды
мидың афферентті жолдары арқылы қабылдап,
оларды жеке -дара талдайды. Одан әрі олардың
қасиетін өзгертіп, пептидті секреттер
түрінде гипофизге жібереді. Бұл гормондар
гипофиздің алдынғы бөлігінің функциясын
не жылдамдатады (либериндер),не тежейді
(статиндер).
Гипоталамустық пептидті гормондардың
әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігін
пайда болатын биохимиялық өзгерістер
тропты гормондар түрінде шетте орналасқан
бездерге әсер етеді. Кері байланыстар
гипофиз (қысқа жол) бен бездерден (ұзын
жол) басталып гипоталамусқа барып аяқталуы
мүмкін. Мысалы: жыныс және тиреоидты гормондар
мен картикостероидтар кері байланыс
заңдылығы арқылы гипофизбен гипоталамус
функцияларына әсер ете алады.
Сонымен, гипоталамус біріншіден, сыртқы
сигналдарды қабылдап, оларды жіктеп,
қайта өңдеу арқылы өзгертіп сол түрінде
байланыс жолымен ішкі секреция бездеріне
бағыттаса, екіншіден, бездерден шыққан
сигналдарды кері байланыс жолымен қабылдап
оған тиісті жауаптар қайтарады.
Эндокриндік жүйелердегі
тура және кері байланыстар механизмінің
жалпы схемасы.
Эндокриндік бездер функциясын
жасушааралық бақылауда басқа типтегі
гормондық факторлар да көрнекті роль
атқарады. Мұндай агенттерге көпшілік
жағдайларда гормондық әсерлердің іске
асырылуында функция атқаратын простагландиндер
(ПГ) мен Са2+ жатқызуға болады. Простагландиндер
гормондық қасиеті бар заттар тобына кіреді
және олардың қазіргі кезде 15 түрі белгілі.
Простагландиндер эндокриндік бездердің
кейбіреулеріне гормондар түзілуі мен
олардың секреторлық активтіліктеріне
тікелей немесе жанама жолмен әсер етеді
(гипофиз, бүйрекүсті, жыныс және қалқанша
бездер). Нерв ұштарынан медиаторлар бөлінуін
өзгерте отырып, синапстардан эфекторлы
құрылымдарға нейрогуморальдық әсерлердің
берілуін реттеуге қатысады деген болжамдар
бар. Простагландиндердің жануарлар мен
адамдардың репродуктивтік мүшелеріне
тигізетін әсер күшті көрінеді. Егер буаз
малдардың әр 100кг массасына 0,05мг ПГ енгізге
бірнеше сағаттан кейін оларға туу актісі
басталады.
Кальций да кейбір эндокриндік бездер
функциясын реттейтін гуморальдық факторлар
қатарына жатады. Кальций көптеген белокпепидті
және стероидты гормондар мен катехоламиндердің
секрециясын стимулдайды. Қорыта келгенде,
эндокриндік процестердің өздігінен реттелу
механизмдері метаболизмдік гомеостазды
тұрақты деңгейге ұстауға бағытталған.
Гормондар мен биологиялы
активті заттардың химиялық құрылымы
бойынша жіктелуі және олардың әсер ету
жолдары мен механизмдері.
Адам ағзасында жасушалар, ұлпалар
байланысын бір ағзаға жинақтайтын, оны
қоршаған ортаға бейімдейтін нерв және
гуморальды жүйелер. Нейрогуморальдік
реттеу жүйесі бір – бірімен тығыз байланысқан.
Нерв және гуморальды жүйе бір – бірімен
тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
— биоэлектрлік процестердің табиғаты
физико – химиялық иондардың трансмембраналық
жылжуы;
— нерв жасушадан келесі нерв жасушаға
немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар
арқылы асуы;
— нерв және гуморальды жүйенің тығыз
байланысы гипоталамало – гипофизарлық
деңгейінде айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция
бездерінің қызметін реттеуі гипоталамус
арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афферентік
жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің
басқа бөлімдерімен байланысқан, атап
айтсақ: жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми,
таламус, базальдық түйіндер, ми қыртысының
белгілі аймақтары. Сондықтан гипоталамусқа
бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық
ішкі секреция бездеріне жіберіледі.
Нерв импульстеер берілуге секундтық
бір бөліктері ғана келеді. Сондықтанда
нерв жүйесі арқылы ағзаны ағзаны ұзақ
адаптивтік реакциялар арқылы қамтамасыз
етіледі. Гуморальды реттеу факторларында
гормондар, электролиттер, медиаторлар,
кининдер, прогландиндер және одан да
басқа метаболиттер жатады.
Ішкі секреция бездерінің қызметін симпатикалық
және парасиматикалық нерв талшықтарының
медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан
ішкі секреция бездерінің әрекеті екі
жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция
бездерінің реттелуі гипофиздің қатыспауымен
жүреді. Мысалы, қалқанша маңы безі, ұйқы
безі, тағы басқалар. Бұл бездердің қылзметі
антогонист – гормондардың, метаболиттердің
концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Гуморальды реттелудің басты формасы
гормондар арқылы реттеу. «Гормон» деген
атауды алғаш рет 1902 жала Старлинг пен
Бейлис он екі елі ішек шығаратын зат –
секретинді ашып қолданған. «Гормон» деген
термин (грекше «hormon» — қоздырамын, қозғалтамын)
мағына береді.
Гормондар жоғары активті заттар. Оны
ішкі секреция бездері ағзаның ішкі ортасына
бөліп шығарады. Эндокрин бездерінің секрет
бөліп шығаратын түтіктері болмайды.
Эндокриндік бездеріне гипофиз, эпифиз,
қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек
үсті бездері, тимус жатады.
Сыртқы секреция бездерінің ерекшелгі
оларда секреция бөліп шығаратын арнаулы
түтіктері болады. Аралас секреция бездеріне
жататындарға ұйқы безі, жыныс бездері.
Биологиялық активті заттарды бездерден
басқа да органдар шығару мүмкін. Олардан
атап айтсақ бүйрек, ас қорыту тракты жүрек.
Барлық бірдей арнайы жасушалар бөліп
шығаратын заттар «гормондар» деген классикалық
кретиндерге сай келмейді. Сондықтан да
кейінгі кездері «гормон» атауымен қосымша
биологиялық активті заттар (БАЗ) да қолданылып
келеді. Ол заттар сол шығарылған жерде
ғана әсер етеді. Мысалы: олардың БАЗ бірейлері
шыққан жерінде ғана әсер етіп қан айналымына
қатыспайды. Ондай секрет бөлетін жасушаларды
паракрин жасушалары деп атайды. Ондай
секрет бөлетін жасушаларды паракрин
жасушалар деп атайды. «Гормон» деген
атаудың анық анықтамасын катехоламиндер
– адреналин мен нормадреналиндерге қатысты.
Оны бүйрек үсті бездерінің ми қабаты
шығарғанда гормон деуге болады. Ал оларды
симпатикалық нерв ұштары шығарғанда
оны медиаторлар деп атайды. Гипоталамус
реттеуші гормондар – нейропептидтер.
Оған қоса жақында ашылған энкефалиндер
мен эндорфиндер тек ғана гормондық емес
медиаторлақта қызмет атқарады. Реттеуші
гипоталамус пепидтері ми нервтерінен
басқа ішектін ерекше жасушаларынан табылған.
Ол нейрогензин, соматостатин, және тағы
басқалар. Қазіргі біздің білуімізше олар
неше түрлі мүшелер мен ұлпалар жасушаларында
араласып диффуздық нейроэндокриндік
жүйесіне жатады.
Гормондардың әсер ету механизмі
өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан
жан – жақты қарастырылған. Гормондар
қан мен лимфа тамырларына еніп барлық
ұлпаларға ағзаларға және бүкіл денеге
әсер ете алады:
— метаболиттік – зат алмасу процестерінінің
барлық жағдайларына жиілігіне әсер етеді.
— Морфогенетикалық – конформациялық
құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық,
ұлпаның өсуіне, өзгеріске, метафорфозға
әсері).
— Кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың
белсенділігіне және оларды қызметке
қосуға немесе тежеуші факторларға әсері.
— Коррекциялық-корегиялық ұлпалар мен
ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге
әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату,
бәсеңдету қозғалыстары).
Гормондардың әсер етуінің негізгі екі
механизмі болады: біріншісі жасуша сырттан
әсер етсе, екінші жағдайда ішінен әсер
етеді.
Бірінші жағдайда рецепторлар жасуша
мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен
әсеріне байланысты мембрана ферменті
аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент
АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон
эффектінің жасушалық іске асырушысы
болып табылады.
Екінші жағдайда жасуша рецепторлары
цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін
гормондар липофильді, сондықтан мембрана
арқылы оңай өтеді. Гормон – рецепторлар
комплекс жасуша ядросына еніп кетеді.
Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді
де гормон ядро ДНК – сының белгілі бір
бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше
матрица РНК – сы пайда болады. Матрица
РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың,
не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай
жасайды. Стероидты гормондар мен тирозин
тектес қалқанша без гормондары осылай
қызмет жасайды.
Гормондар ағзада мынадай қызмет атқарыды:
1. Ұлпалар мен органдардың өсуін, дамуын
және жіктелуін реттейді.
2. Қоршаған ортаның өзгеруіне ағзалардың
бейімделуін қамтамасыз етеді.
3. Гомеостаздың қалыпты сақталуын қамтамасыз
етеді.
Гормондардың қызметіне қарай жіктелуі:
1. Тікелей органдарға әсер ететін эффектор
гормондар.
2. Гормондар синтез бен бөлінуін қамтамасыз
ететін үшжақты гормондар. Оны аденогипофиз
бөліп шығарады.
3. Аденогипофиз гормондары, негізінен
үшжақты гормондар синтез бен бөлінуін
қамтамасыз ететін рилизинг – гормондар.
.
Гормондар инактивациясы немесе әсерлерінің
тежелуі негізінен бауырда жүреді. Гормондардың
бірқатары өзгеріссіз зәр арқылы шығып
отырады. Бірқатар гормон әсерлері кейбір
шыққан гормондардың антогонист эфефектісіне
байланысты болады.
Антагонизм әруақытта салыстырмалы. Мысалы,
инсулин мен адреаналин қандағы глюкоза
деңгейіне қарама – қарсы әсер етеді.
Инсулин гипогликемия жасаса,адреналин
гипергликемия жасайды. Ол эффектілерінің
мақсаты бір – ұлпалардың көмірсулық
қорегін жақсарту.
Қорытынды:
Эндокриндік бездер
қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа
бөлінеді:
1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады.
2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.
Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады. 1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.
2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.
3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.
4— топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.
5— топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.
Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

- Қан айналымының физиологиялық қасиеттері
- Қан және қан айналымының жас ерекшеліктері
- Қан жүйесінің патологиялық физиологиясы
- Қан кетудіц түрлері жөне оларға сипаттама
- Қанның ағуы және оны тоқтату
- Қанның буферлік жүйесі
- Қанның физикалық қасиеттері
- Қалқаманұлы, Бұқар жырау
- Қалқанша бездің құрылысы мен қызмет
- Қалқанша безі
- Қалқанша безі
- Қалып босату жүйесі механизмдерінің конструкциясын жобалау
- «Қамар Сұлу » романына талдау
- Қамыр илеу машиналары