Автомобиль көлігі
31 Тамыз 2011 - Қауіпсіз жол – күн тәртібінде
Аймақта жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сәрсенбі күні облыс әкімдігінде өткен келелі кеңеске арқау болған мәселе осы. Сондай-ақ көлік жолдарын жөндеу, білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасында көлік жарақаттарын болдырмауға байланысты жүргізілген алдын алу шаралары және жолға қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды.
Селекторлық жиында жария етілген мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың өткен 7 айында 488 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 131 адам көз жұмған. Әр түрлі жарақат алғандардың саны - 581. Дегенмен, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда барлық көрсеткіштер төмендеген. Жол-көлік қызметінен соңғы 5 жыл ішінде облыстық бюджетке түскен түсім алты есеге 6 мамырда облыс әкімі Серік Ахметов кеңес өткізіп, онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Облыс басшысы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік және техникалық жағынан кешенді мәселе екендігін қадап айтты.
Осыған орай облыс басшылығы жол полициясы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті жағдайларды жасап келеді. Жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, оған 46 автомобиль алынды, сыртқы бақылаудың 211 бейнекамерасы, 24 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрал орнатылды, 57 ықшам жылдамдық өлшегіш алынды, компьютерлік техникалар жаңартылды.
Сонымен қатар жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, биылғы жылы тек Қарағанды қаласына облыстық бюджетен «Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде автомобиль жолдарын орташа жөндеуге – 940 млн. теңге, «Алматы-Астана» айналма автомобиль жолына – 219 млн. теңге, автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге және жаңадан салуға – 250 млн. теңге бөлінді.
Дей тұрғанмен, аймақ басшысы атап өткендей жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлі де болса өз деңгейінде болмай отыр. Жүргізушілердің тәртібі босаңсып кеткен, тұрғындар арасында жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары және ірі автобус парктерінде, жеке тасымалдаушылар арасында жол апатына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстары кемшін соғып жатыр.
Осының нәтижесінде тек Қарағандының өзінде бірінші тоқсанда 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оларда 9 адам қаза тауып, 81 жарақат алған.
Осыған байланысты кеңесте Қарағанды облыстық басқармасы және қалалық жол полициясы бөлімі басшыларының, Қарағанды қаласы әкімінің есептері тыңдалды.
Облыс әкімі аталған басшылардан жолдағы тәртіпті күшейту үшін қатаң шаралар қолдануды талап етті. Ол сондай-ақ облыстық ішкі істер департаменті басшыларының назарын Қарағанды қ. жол полициясы бөлімінің жеке құрамымен жұмысты күшейту керектігіне аударды. «Жол полициясы халықтың ойынша билік деген ұғыммен астасып жатады. Сондықтан да олардың іс-әрекеті жаңа талаптарға сай болуы тиіс», - деп атап айтты облыс әкімі.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы төмендегі тапсырмаларды берді:
1. Облыс әкімінің орынбасары Ғабит Мұхамбетов, қалалар мен аудандар әкімдері мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтікемес ұйымдармен бірлесе отырып, қысқа мерзімде Қарағанды облысының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Бұл ретте жол қозғалысы субъектілері мен тұрғындар арасында жүргізілетін жұмыстарға ерекше көңіл бөлінсін.
2. Ішкі істер департаментіне:
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілсін;
- жол апаттарының алдын алу жұмыстары жүргізілсін;
- қабылданған қаулыларға бойынша айыппұлдың өтелуіне бақылау күшейтілсін.
3. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстық ІІД қызметтерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастырсын.
4. Қарағанды қаласының әкімі:
- «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасын қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастырсын (жол белгілерін, бағдаршамдарды орнату, жөндеу);
- жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтсін;
- жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қызмет көрсетушілермен пысықтасын;
- жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жолаушы тасымалдаушылармен жұмыс жүргізсін.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге арналған іс-шаралар
Сондай-ақ
жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
2011-2013 жылға арналған іс-шаралар
жоспары жасалған. Ол 4 бағытта өрбиді.
Бірінші – ұйымдастыру
Облыстың көлік жолдарындағы апатты жағдайлардың барысы туралы жол-көлік басқармасының бастығы С.Досмырзаев мәлімдеді. Апатты жағдайлардың жалпы көлемі төмендегенімен, кейбір аймақтарда апаттар саны көп. Мәселен, Ұлытауда, Жаңаарқада, Саранда, Сәтбаевта, Ақтоғайда, Шахтинск, Жезқазғанда апатты жағдайлардың көптеп орын алғандығы байқалады. Қарағандыда 8 ай ішінде балаларға қатысты 78 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның тоғызына ғана балалар айыпты. Аймақ басшысы балдырғандардың мұндай қайғылы оқиғаға тап болмауының алдын алуға міндетті екенімізді қадап айтты.
Жол-көлік қозғалысына көліктерді мектеп, балабақша маңына бей-берекет қоюдың да кері әсер ететіндігіне тоқталды. Сондықтан Серік Нығметұлы мектеп, балабақша маңайынан автотұрақ ұйымдастыруды ойластыруды жүктеді. Сонымен бірге, облыс орталығы арқылы өтетін жүк көлігінің айналма жол мәселесі де өзекті.
Білім
беру мекемелеріндегі оқушылар арасында
жол-көлік жарақатын алуды
Облыстық
маңызы бар жолдардың желісі 3 549
шақырымды құрайды. Биылғы 2011 жылға
көлік жолдарының жалпы құны 4 млрд.085
млн.теңге болатын күрделі
БАҚ үшін ақпарат
Жолдарда апаттылықты азайтуға бағытталған «Әрекеттер он жылдығы» — кең ауқымды жобаның басталуына Әлем дайындалуда. Жыл сайын бүкіл әлемде жол апаттарында 1,3 миллион адам және 50 миллион адам жарақат алады немесе мүгедек болып қалады. Жол-көлік апаттылығы қоғамдық денсаулық сақтаудың ең маңызды проблемаларының бірі және бүкіл әлемде өлімнің негізгі себебі болып саналады, әсіресе ол балаларға және 29 жасқа дейінгі жас адамдарға қатысты.
Жол-көлік оқиғалары нәтижесінен болжамдалған өлім деңгейін тұрақтандыру және кейіннен оны қысқарту мақсатында бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2010 жылғы 10 мамырдағы № 64/255 Бұрыштамасына сәйкес ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі қызметті жандандыру арқылы 2011–2020 жылдар Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттер он жылдығы болып жарияланған. Оның ресми басталуы 2011 жылғы 11 мамырға белгіленген. Қазақстан осы іс-шараларға белсенді қатысатын болады.
Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша 11 мамырда еліміздің барлық өңірінде алдағы он жылдыққа жоспарланған әр түрлі іс-шаралардың басталуына арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кең ауқымды насихаттау акциялары өткізілетін болады.
«Он жылдықтың» шеңберінде балалардың құқығын жол жарақатынан қорғауды күшейтуді, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кейбір іс-шаралардың барлығын нақты жобаға біріктіруді, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласында халықаралық ұйымдардың басшылық рөлін нығайтуды ұсынылады.
«Әрекеттер он жылдығы» ресми 11 мамырда басталады, онда Жаңа Зеландиядан бастап Мексикаға дейін ірі қалаларда «Әрекеттер он жылдығы» ресми жаһандық басталуына арналған іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ, жұртшылыққа «Он жылдықтың» ресми символы — жолдардағы қауіпсіздік үшін жаһандық қозғалыстың сары Белгісі көрсетілетін болады.
«Назар
аударыңыз – бағдаршам!»
2011 жылғы 26 сәуір – 25 мамыр аралығында Ішкі істер министрлігі «Назар аударыңыз – бағдаршам!» республикалық акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты — балалар жол-көлік жарақатының алдын алу.
Акцияны өткізуге 2 911 әр түрлі ведомстволар мен мекемелер, оның ішінде 1 786 мемлекеттік емес ұйымдар тартылды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмыстың белсенділігі артты. Жолдарда балалардың қауіпсіз жүру мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының басылымында 1 000 мақала жарық көрді, теледидарда 927сюжет көрсетілді, радиода 1 652 ақпарат жарияланды.
Халыққа
тәрбие, білім және ақпарат беру
процесінде көрнекі үгіт құралдарын,
жол бойында плакаттар мен
паннолар қоюды пайдалану өзекті
болып табылады. Акция барысында
балалар жол-көлік
Білім беру органдарының өкілдерімен бірлесе 6 679 мектепке зерттеу жүргізілді, оның ішінде 60% (4 012) мектеп автоалаңдармен, 85% (5 681) – Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі сыныптармен жабдықталды.
Жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесе жалпы білім беру мекемелерінің аумағына жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерін қажетті жол белгілерімен, жол таңбаларымен, жаяу жүргіншілер кедергілерімен және жол қозғалысын реттеудің басқа да техникалық құралдарымен жабдықтау мәселесіне арналған 4 348 зерттеу жүргізілді. Мұнда анықталғаны, 2 797 мектептің жанында жабдықталған жаяу өткелдер бар, 940 мектептің жанындағы жүру бөлікте өндірістік даярланған «жатқан полицейлер» орнатылған.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша әкімшілікке 696 ақпарат, оның ішінде аудандағы мектептерде жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту жөнінде 573 ақпарат жіберілді, аумақтық білім органдарына 720 ақпарат жіберілді.
1 айында жол полициясы бөлімшелерінің инспекторлық құраммен мектеп оқушыларының арасында 15 мыңнан астам әңгіме мен дәріс беру жүргізілді. Іс-шаралар өткізу кезінде жол полициясы нарядтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне барынша жақындатылды, мұнда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау және Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Күн сайын мектептің жанында жол полициясы бекеттері қойылды, мұнда Жол қозғалысы ережелерін 18 мыңнан жоғары өрескел бұзушылығы анықталды, оның ішінде 10,7 мың – көше қиылыстарын өту тәртібін бұзушылық, 4,4 мың – жаяу жүргіншілер өткелдерін өту тәртібін бұзушылық және 4,2 мыңға жуық маршруттық көлік құралдарының тоқтау тәртібін бұзушылық болды.
2011 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында ІІМ жаңа оқу жылының басталуына ұштастырылған «Назар аударыңыз - балалар!» республикалық акциясы өткізілді.
Іс — шараның мақсаты –
балалардың қатысуымен жол-
Іс-шара өткізуге әртүрлі ведомстволар және мекемелердің 1414-і, соның ішінде 1078 мемлекеттік емес мекемелер жұмылдырылды.
Халықты
тәрбиелеу, білім беру және ақпараттандыру
процессінде көрнекі үгіт құралдарын
пайдалану, жол бойында плакаттар
мен панно орналастыру өзекті
болып қалады. Жаңа оқу жылының
басында балалар жол-көлік
Білім беру органдары өкілдерімен бірлесе отырып мектептерге 6760 зерттеулер жүргізілген, оның 3652 автоалаңқайлармен, 5542 — ЖҚҚ бойынша класстармен жабдықталған.
Жол және коммуналды органдармен бірлесе отырып, 3865 жалпы білім беретін мекемелердің аумақтарына іргелес орналасқан жаяу жүргіншілер өтпелерін қажетті жол белгілерімен, жол таңбаларымен, жол жүргіншілер қоршауларымен және басқа да жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарымен жабдықталуына зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 3131 мектептің жанында жабдықталған жаяу жүргіншілер өтпелері бар, 2042мектептің қасындағы жүргінші бөлікте өнеркәсіпте жасалған жасанды жол бұдырлары («жатқан полицей») орнатылды.
Тексеру қорытындысы бойынша 458 ақпарат әкімдікке жолданды, оның ішіндегі 305-і мектеп аудандарында жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту туралы ақпарат.
Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен балаларды оңалтуға көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, психологиялық медициналық орталықтардың базасындағы қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп жол-көлік оқиғасының қатысушысы болған ата-аналар мен балаларды шақыра отырып, «жол-көлік оқиғалардан зардап шеккен балаға көмектес» атты 137 акция өткізілді. Акция барысында жол қауіпсіздігі бойынша ойын ойнату бағдарламаларын және конкурстарды, психологтардың, дәрігер-неврологтардың және басқа да мамандардың консультациялары ұйымдастырылды. Жол полициясының қызметкерлері ЖКО-дан зардап шеккен балалар үшін қан таспырды.
1 қыркүйекте жол полициясы қызметкерлері жалпымектептік салтанатты жиналыстарды өткізуге қатысты. Жаңа оқу жылының бірінші бес күн аралығында оқушылар арасында 8,3 мыңнан астам әңгімелесулер мен дәрістер өткізілді. Барлық аймақтар мен облыстық орталықтарда «Үздік мұғалім», «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің үлгілі сыныбы», «Үлгілі мектеп» конкурстары жарияланған.
Іс-шараны өткізу кезінде жол полициясы жасақтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне едәуір жақын орналасты, мұнда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде 31,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелері бұзу анықталды, оның ішінде 3587 көше қиылысын жүріп өту ережелерін бұзғандығы үшін, 1978 жаяу жүргіншілер өтпесін жүріп өту ережелерін бұзғандығы үшін.
«Назар
аударыңыз — балалар!»
Жергілікті
атқару органдарымен, КСК төрағаларымен
бірлесе отырып, тұрғын аймақтарда,
аулалардың аумағында, балалар мен
спорттық алаңдардың маңында жол
қозғалысы қауіпсіздігін
Балалар
жол-көлік жарақатын алдын алу
бойынша жол полициясы
2011 жылдың 1 қыркүйегінде республикада
«Абайлаңыз-балалар!» жедел-
Балалар жол-көлік жарақатын
Бұл акция жаңа оқу жылының қарсаңында өткізіледі. Статистика бойынша, бұл кезеңде балалар қатысуымен жол апаттарының саны күрт өседі. Демалыс кезінде олар көліктер ағынынан безіп үлгереді.
Сонымен қатар, балалардың жол сауаттылығы дәрежесінің көтерілуінің жақсы беталыстары – ырыстың кепілі емес екендігін белгілеп өткен жөн. Оның көркінде одан кем емес ғаламдық мәселе жалаңаштанады –жол қозғалысының ересек қатысушылары қылмыстық жауапкершіліксіз және қарапайым сауатыллықсыз. 80 % жуық балалар қатысуымен ЖКО жүргізушілердің кінәсінен жасалынады. Жартысынан көп жарақат алған балалар автокөлікте жолаушы ретінде болған. Одан басқа, көп жағдайларда жарақат алған балалар автомобильдерде балаларды тасымалдау ережелерін бұзған өз ата-аналарымен тасымалданған.
ЖПІШ өткізу кезінде, жол полициясы жасақтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне ең жақын орналасады. Сонымен бірге, жүргізушілер жағынан балалар жол-көлік жарақатының негізгі себебі болатын ЖҚЕ бұзуды анықтау және жолын кесу сұрақтарына ерекше назар аударылатын болады.
Акция
кезінде балалар мен жасөспірімдердің
жолдарда қауіпсіз жүрістерінің әдеттерін
тудыру мақсатында жол полициясы қызметкерлері
мектептер мен бала бақшаларда тематикалық
сабақтар өткізеді. Көлік құралдарын жүргізушілерімен
қауіпсіз шараларды сақтау туралы бөлек
сұхбаттар өткізіледі. Автокөліктік ұйымдарда
жолдарда балаларға назар жоғарылату
туралы нұсқау берулер өтеді. Одан басқа,
білім беру мекемелеріне жақын орналасқан
жол-көше жүйесінің комплекстік тексерісі
ұйымдастырылады. ЖПІШ өту барысында,
ЖКО-да зардап шеккен балаларды оңалтуға
көмек көрсету мақсатында, денсаулық сақтау,
білім беру органдарымен, қайырымдылық
ұйымдарымен, психологиялық медициналық
орталықтардың базасындағы ұйымдарымен
бірлесіп, ЖКО-ның қатысушысы болған ата-аналар
мен балаларды шақыра отырып «ЖКО-дан
зардап шеккен балаға көмектес» акциясын
өткізу жоспарланған. Акция барысында,
жол қауіпсіздігі бойынша ойын ойнату
бағдарламаларын және конкурстарды, психологтардың,
дәрігер-неврологтардың және басқа да
мамандардың консультациялары ұйымдастырылады.
Балалар
жол-көлік жарақатын алдын
«Ауылдық жол» акциясы»
2011 жылдың 17 қазанынан бастап қала сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алу мақсатында жол полициясы бөліністері «Ауылдық жол» профилактикалық акциясын өткізеді.
Ауылдық елді мекендерде акцияны өткізу кезеңінде жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы көбінесе алдын алу және түсіндіру жұмысына бағытталады.
Жол
және коммуналдық қызметтер
Азаматтарға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында алыс ауылдарға жүргізуші куәліктерін алуға құжаттарды қабылдау, автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, сонымен қатар белгіленген мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін құрамына тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметкерлері енгізілген арнайы бригадалардың шығуы ұйымдастырылады.
Қала сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алуға бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарланды.
Акция 2011 жылдың
21 қазанында аяқталады.
Қарағанды мемлекеттік университеті
Қазақтан
Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Реферат
Қарағанды - 2011

- Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету
- Автомобиль қозғалтқышының дамуы
- Автомобиль құрылысы
- Автомобиль легенда - «Москвич-408
- Автомобиль на жидком газовом топливе
- Автомобиль на жидком газовом топливе
- Автомобильная аэробика
- Автомобильдің салқындату жүйесі
- Автомобиль жолдары
- Автомобиль и окружающая среда
- Автомобиль и экология
- Автомобиль как фактор воздействия на природу и человека
- Автомобиль как физический объект и товар
- Автомобиль көлiгi туралы