Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Алматы энергетика және байланыс институты
Факультет ЭФФ
Әлеуметтану
№ 1 семестрлік жұмыс
Тақырып: Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Алматы 2012
Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Жоспар
Кіріспе: Әлеметтану жалпы түсінігі.
Негізгі бөлім
1 Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
2 Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
3 Абайдың әлеуметтану туралы ой-пікірлері
Қорытынды: Адам ұғымының мәні
Әлеуметтану – мәні бойынша адамдардың белгілі әлеуметтік, экономиқалық, саяси, әлеуметтік – мәдени жағдайларындағы олардың тіршілік ету мінез – қылықтарынң ерекшеліктері, үрдістері мен на\ысандары туралы ғылым. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері
Бұл мәселе жөніндегі әзірше
әлеуметтанушылардың арсында
Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.
Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді.қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеідің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік-экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол ресей державасының «құрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің – қазақтардың үлесіне тиеді»,- деген қорытындыға келеді.
Қазақ қоғамында орын алған
жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві
болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс
алған еркін ағымды тоқтатқанын
сынай отырып, қазақ елінің өркендеу
болашағын реформамен тығыз байланыстырады,
реформаға қалай әзіллену және оны
қалай жүргізу қажеттігі
Егер де қоғам мұқтаждаға
мен құралдары белгілі болса, қоғамның
әл ауқатын жақсарту мақсатын көздеген
кез келген реформа алға қойған мақсатына
сол уақытта ғана жетеді.
Шоқанның пікірі бойынша,
экономикалық және әлеуметтік реформалар
шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат
етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде
халықтың материалдық халін жақсартуға
қызмет етуі тиіс. Саяси реформа
белгіленген экономикалық мақсатқа
жетудің құралы қызметін атқарып, соған
бағындырылды. Сол халықтың пайдсы
үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер
«материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық
мазмұнына» орайластырылған бірнеше
талаптарды қанағаттандыруы керек.
Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар
депотырғаны қазақтың ауылдықрулық
қауымдастығының жерді
Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор . Бірақ осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамдық күйін және халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өзө басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.
Шоқан реформаны халыққа тануға да болды. Оның көзқарасы бойынша, «еріксіз, күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді». Ол қазақ елін басқарудың мұндай әдістерінен сақтандырды, өйткені олар халықты толқытуы мүмкін деп санады.ойшылдардың пікірі бойынша, реформақайсыбір қоғамға тән терең қажеттіліктерден туындауы керек. Оның пікірінше мұндай апараттарды «жөнсіз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтың өмірінен алынған » реформа қалыптастыруы мүмкін. Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындаоып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына жатқызды. Үкімет шенеуніктерінің реформа жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, «танымал қырғыздардың» пікірін білуге ұмтылуын қателікке есептеді. «... танымал және бай адамадрдың мүдделері тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, көбіне көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарс болады».
Реформалардың сәтті
жүзеге асуын шоқан олардың
дұрыстығмен байланыстырып
Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік – таптық құрамының қоғам дамуына үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата –тегінен, мал- мүлкінен, билік ету деңгейінен көтреді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шықандар енді. Шоқан қожаларды ақ сүйектердіің қатарына жатқызбаған. Бірақ халық оларды білімі үшін құрметтейтін еді, деген ой айтады.Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.
Шоқан ұлтаралық қатынастар
мәселесінің өршуін
Билер институты – қазақ
қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды
ешкім сайламайтын және тағайындамайтын
Ш Уәлиханов
Билер сотының сақталуын
Шоқан халықтың өзің-өзі
Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының өркениетті елдерқатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктінетек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды.Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім беріге арнады. Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын әлеуметтік- білімдік құрылымы арқылы ған қарастырып қоймаған, оның әлеуметтік таптық құрылымына да көңіл аударған. Қазақ қоғамының кесіндісі ретінде Торғай облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді.Зерттеу нәтижесінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында мүліктік қатынасына қарай үш әлеуметтік топтың болғанын дәлелдейді. Ол жылқысының саны 300-400, қойы400-500, түйесі 20-40 мүйізді ірі қарасы 50-60 басқа жеткен мал иелерін байлардың қатарына қоспай, орташа шаруа деп қараған. Бай атану үшін, сондай статус алу үшін аталмыштүліктер бұл әлеуметтік топта жүздеп емес, мыңдап саналған дегенді мезгейді.Ал қарапайым шарулардың, дәлірек айтқанда, кедейлердің санатына мүйізді ірі қара малы 1-15бастанжылқысы 4-5 және қойы 20-30 бастан аспағанадамдарды жатқызған. Солай дегенменде,мал шарушылығының тиімсіздігін дәлелдеп, жұттың халықтың әлеуметтік жағдайынтөмендетіп жіберетін жазды. Оның пікірінше, малшарушылығының тиімділін арттыру үшін отырықшылыққа көшу керек және бұл кезде егіншілікте дамиды. Шарушылықөтың отырықшылыққа көшірілуін қазақ халқын прогреске апаратын маңызды тәсіл депқарады.Отырықшылыққа –қолөнерді дамытушы фактор, деп қарад.Қол өнердің дамытылуы үй тұрмысына, жалпы шарушылыққақажетті әдеттегі бұйымдарды өндіру үшін керек, ал қазақтардың осындай заттарды іздеп алыстағы сауда орындарын жағалауы, малдан алынатын өнімдердің құнын кемітіп, еріксіз қажетті нәрселерге айырбастауы немесе сатып алуы осы саланың дамымауынының салдары еді.
Отырықшылықтың тиімділігін
Ыбырай Алтынсарин оқу процесіменде
байланыстырады. Отырықшылық оқу
процесінің үздіксіздігін, мектептердің
тұрақты жұмыс істеуін
Қазақ қоғамында ертеден қалыптасқан әдет- ғұрыптар көптеп саналады. Ыбырай Алтынсарин олардың адамдар арасындағы байланыспен қарым-қатынастарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашыпкөрсетеді. Ол әсіресе қазақтардың құда болу салтына ерекше мән беріп, одан қоғамды нығайтудың бірдін-бір маңызды факторын байқады.
Ыбырай Алтынсарин айтып
отырған әдет ғұрып дәстүр нормалары
қоғамдық мүдделерден шыға білген.
Ыбырайдың Әлеуметтану
Абайдың әлеуметтанулықой-пікірлері
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының
қалыптасуына орыстың революцияшыл-
Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай , бұғайдағы қазақтардың жағдайын « Осы мен өзім- қазақпын» деп басталатын «Тоғызыншы қара сөзінде» баяндайды: « Менөзім тірі болсам да, анық тірі емеспін.. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам – ызалана алмаймын. Күлсем – қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес , бәріде әлдекімдікі. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін...» ОЛ патриархалдық- рулық құрылыстың сақталуын қанжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын тоқтусыз жүргізіпжатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көді. Ол үшін халқын оқу, білімі, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатынқұбылысекнін ескертеді. Қазаққоғамының әлеуметтік –таптық құрылымын қарастырып, оның байлар менкедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік теңсіздіктен туындағанын,мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы мүдденің алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтік қарама-қайлыққа соқтыратынын былайша түсіндіреді:
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып дүріп ойнатар көздің жасы...
Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда бейілде жоқ,
Андастырған екеуін құдайым-ай!
Қазақ қоғамы тек байлар мен кедейлерден ғана тұрмады. Ел билеу жүйесінде жаңа әлеуметтік топтар пайда болып , халыққа әкімшілік жасау болыстардың, т.б. билігіне өтті. Атөқамінерлер көбейді. Патша өкіметіосы топ арқылы еңбекші халықты қанап, тонап отырды, олар қоғамның әлеуметтік дамуына тұсау болды. Абай ел билеушілерін сайлаудың оң құбылысы екенін тусінді . Алайда, оның да ел шырқын бұзатын келеңсіз жақтары бар екенін айта келіп, оданел бірлігіне нұсқан келтіретін мотивті көре білді.Ғұлама Абайөзінің « Болды да партия», «Мәз болады болысың», «болыс болдым, мінеки», «бөтен елде бар болса» атты өлеңдерінде аталмыш мәселені үлкен әлеуметтік проблема ретінде көтереді.
Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп,
Бұзылмаса, оған ел түзілген жоқ,
Ұлық жүр бұл ісінді кек көрем деп?
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып , адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап – биікжартас..» дей келіп, оны билік, байлық, білім деңгейі,т.б. айқындайтынын түсндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады.Жоғында маған да баяғыда мал бітіп еді»деп мақтанады.Кедей болған соңтағы қайыршылыққа түседі». Адамның қоғамдық баспалдақпен биіккеөрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивидтіңәлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қазақ қоғамында байдың малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердіңорта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емеседі. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орынын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.
Данышпан Абай Қазақ халқының
әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады.
Еңбектің терең әлеуметтік мәнін
түсіндіреді.Ғұламаның
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасына оқу оқып, білім алған,-
деп егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады.Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.
Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсыз әлеуметтік салдарын ашып көрсетті.
Жұмысы жоқтыққазақты
жаманшылыққа үйір етеді деп ескертті.
«Қарны аш кісінің көңілінде ақыл,
бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан
тұрсын? Ашап- ішуге малдың тапшылығы
да , ағайынның араздығына да әр түрлі
бәлеген, ұрлық, зорлық, қулық сұмдық
секілді нәрселерге үйірлендіруге
себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл
жұмыссыздықтыңматериалдық
Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкілпрогреске жеткізетін жол деп түсіндірді.
Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды бізжанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасалып, қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп,ақылмен білеміз.
Абай осы тұжырымын «отыз сегізінші сөзінде» тереңдңтң келіп, ғылымның, білімнің пайда болып , қалыптасуын және оның әлеуметтік рөлін былайынша: «Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмарболып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады» Абай ислам дінінің тәрбиелік рөлін жоғары бағаланған.Абайды ислам дінімен қатар өзге де діндер қызықтырып ,будда дінінің он парызымен танысқан.Аталмыш парыздың да алға қойған мақсаты адамды түзу жолға салу болғандықтан, ұлы ойшыл оларды ерекше құндылық ретінде қабылдаса керек.
Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен,
әлеуметттік әділетсіздікпен
- Өмірді өлтірме, қор қылма , сыйла;
- Ұрлама, тонама, еңбегінің пайдасын әркімге тигіз;
- Арамдықтан сақтан, әйелден аулақ бол;
- Өтірік айттпа шындықты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт:
- Жаныннан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа;
- Ант ішпе ;
- Бос сөзге уақыт бөлме, орынды сөйле , әйтпесе үндеме:
- Мақтан қумма, күндеме, жақынының жақсығына қуан;
- Жүрегінді ашудан тазарт, дұшпаныныңды жек көрме;
- Сенімсіздіктен құтыл , хақиқатты ұғуға тырыс- деген ислам нормалары өз дүние танымындай болды.
Бұл парыздар ойшылдың шығармаларынан айқын анғарылыды.Сөйтіп, абай дінің қоғамдық инститтут ретіндегі атқаратын функцияларының арасынан тәрбие функциясын жоғары қояды. Абайдың шығармаларында демократиялық мемлекет құру идеясы негізделген. Оның демократиялық мемлектті қазіргі қоғамдық ғылымдар тілімен айтқанда азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.Абайдың пікірінше , азаматтақ қоғамда әділеттік принципі үстем болуы керек, тұлға құқығы мен бостандығы қорғалуы тиіс, биліктің көзі халық болуы тиіс, билікке лауазымды адамдар сайлануы керек, т.б. принциптер жүзеге асырылуы қажет.
Мемлекетте заңныың бәрінен жоғары болуын адамдардың бәрі бірдей заңға бағынуын талап етеді, азаматтардың бостандығы мен құқығынның жүзеге асурылуын қолдайды, кім болса да заңды орындауы қажет деп санайды.
Демократиялық көзқарастарына
сәйкес, Абай қоғамдық даму деңгейі
артта қалған ұлтымыздың әдеттегі құқықтық
институстарының кереғар
Абайдың өзі жазған Ереженеің мазмұны 74 баптан тұрады.бұл – құқық әлеуметтаніына елеулі үлес қосқан маңызды құжеат. Абай орын алған ескі құқықтық жүйені өзгерту және ислам діні орынықтырған шарттардыа қоғамдық өмірге сай бейімдеу арқылы азаматтық, қылмыстық , тұрмыстық , неке және басқада шарттарды, көне заманан бері пайдаланылып келге әдеттегі құқық нормаларын барынша толықтырды және дамытты.
Мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуіне , оладың атқаратын міндетеріне назар аударады. Заң шығаратын органға ең жоғарғы биліктің формасы ретінде қарап , оның қабылданған заңдарының әлеуметтік т.б.салаларды дамытуда тиімді рөл атқаратынына үміттене қарайды.Қазіргі саясат әлеуметтануында қолданып жүрген парламент ұғымы Абайдың түсінігінде – басалқа. Оның қабылданған заңы халықты әлеуметтік – экономикалық және саяси қиыншылықтар мен тоқыраулардан алып шығатын аса маңызды құрал. Сондықтан ол «басалқаныңыз бар болса, жанған отқа күймейсін» деп түйеді. Абайдың түсінігінде оның шығарған заңдары қоғамдық өмірдің барлық саласында үстем болуы тиіс және заң алдында бәрі бірдей жауапты болады, моның негізінде демократия дамып, билік ету жүйесі жетілдіреді. Абай осы идеяларын «отыз жетінші сөзінде » : «Мен егер закон қуатты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» ,- деп тұжырымдайды.
Абай қабылданар заңның ғылым мен халықтың пікіріне сүйенуі тиіс дей отырып ,оның қоғамды өзгертудегі және мемлекеттің функциясын дамытудағы рөлін бағамдайды.
Саяси биліктің тармақтарға
бөлініп , бірінің міндетін бірі қайталамай
орындалуына көңіл аударады. Сотың
басқа билік тармақтарынан
Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Ұлық жолы тарайды.
Өтірік берген қағаздың
Алды-артына қарайды.
Өз қағазы өз көзін
Жоғалтуға жарайды.
Тауып алып жалғанын ,
Қылмысынды санайды.
Өзі ғалым закүншік
Танып аллы талайды.
Көрмей тұрып құсамын,
Темір көзді сарайды.
Сот өзіне жүктелген міндеттерді жақсы орындау үшін судияларды сот қызметіне өмірлік етіп сайлауды жөн санады.
«...Әрбір ... елден толымды – білімді ... кісі бидікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе жаманшылығы әшкере білінгенліктен түссе, әйтпессе түспесе » деп жазды ұлы ойшыл. Үкімнің әділ болуын жақтады. Сот үкі заңға сүйінген , фактілермен дәлелденген болуы тиіс деп түсінді.
«Кез келген үкімнің
яки жазақылықты , яки жазықсыздықты
анықтаудың негізінде өзінің
бүкіл жиынтығымен фактірлер
жатуға тиіс» деп тұжырым
Абай заң шығарушы орган , сот пен қатар біліктің маңызды бір тармағы саналатын атқарушы билікке де зхер салып , оның өз міндетін тиімді атқару үшін; «Жарлық қолында бар болуы керек» , - деп түйіндейді.
Абайдың ойынша, мемлекет атқарушы билікті күшейтуі қажет. Ол үшін өзіне жүктелегн функцияларды ұтымды атқара алатын, халықтың сеніміне ие болған, арнайы басқару білімі , тәжірбиесі мол тұлғалар атқарушы биліктті жүргізуі керек. Ол «сатып алғанжалынып , бас ұрып алған ... биліктің ешбір қасиетті жоқ»деп , билікке , басқару ісіне рулық туыстық таныстық негізде тағайындауға үзілді-кесілді қарсы болғанын байқатып, оның жағымсыз, қоғамды тоқырататынын құбылыс екенін меңзеді.
Абай саяси және құқықтық
әлеуметтену көзқарасында бюрократтық
көріністерге талдау жасап , бюрократияны
қалыптастыратын мотивтердің
Сыпайы жүрде шаруа ойла,
Даңғайлатып қаптықпа,-
Деп ақыл береді. Атақ дәрежеге, лауазымды кызметкке тоқтау бар құбылыс ретінде қараған. Оның бүгін барда , ертен жоқ болатын нәрсе екенін, сондықтан қызметкердің өз кісілігін сақтауын ескертеді.
Әлеуметтік ортаны , жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Сондықтан ол «Адам баласын заман өзіреді, кімді –кім жаман болса , замандасының бәрі виноват» деген ой түйіндейді. Бұл жерде абай адамның қоғамен қарым қатынасын, байланысын терең сараптай келеіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлді атқарушы етіп көрсетеді. Бұл көзқарасын жалғыздық туралы ой – пікірмен тереңдете түседі. Оның тұжырымы бойынша , «Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені». Адам қоғамнан тыс бола алмайды, әрдайым қоғамды қажетсінеді. Сондықтан ол социумның мүшесі ретінде оны дамытатын жасампаз жан ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс- тіршілігі болмайтыны анық.Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.

- Қазақ-орыс қатынастары
- Қазақстан
- Қазақстан
- Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы
- Қазақстан 2030
- Қазақстан-2030 стратегиясына сараптама
- Қазақстан-2030 стратегиясының ұзақ мерзімге арналған приоритеті
- Қазақ көмірі
- Қазақ КСР-нің автомобиль көлігі
- қазақ қол өнері
- Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
- Қазақ менталитетіндегі толеранттылық негіздері
- «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін талдау
- «Қазақмыс ПЛС» компаниясының қаржылық тәуекел түрлері және оларды басқару ерекшеліктері