Қазақ-орыс қатынастары

 

Реферат

 

Тақырыбы: Қазақ-орыс қатынастары

 

                                      

 

                                           

                                           

Алматы, 2013

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе бөлім                                                                                                                                                                                                                                            

Негізгі бөлім                                                                                                               а) XVI ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары     

б) XVI-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

с) Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы

Қорытынды

 

 

 

 

                                                                                                             

 

 

 

 

 

 

XVI ғасырдың  соңы - XVIII ғасырдың басындағы қазақ-    орыс қатынастары 

      Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры тереңнен бастау алатын.                 Екі ел  арасындағы қарым-қатынастар   Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556)  және Еділ бойындағы халықтарды    Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады. Орыс мемлекеті Орта Азияға            қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар орнатуға мүдделілік танытты.    Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандыктары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара  қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік Қазақ хандығына жете алмады.

IV Иван Грозный  ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың 30 мамырында Тобылға бекініс салуға және Қазақстан  мен  Орта Азия  халықтарымен «салықсыз» сауда жасауға рұқсат грамотасын береді. Бұл сауда бай-ланыстарының жандануына септігін тигізді.

1594 және 1595 жылдары  Мәскеуге Тәуекел хан Құл-Мұхаммед  басқарған қазақ елшілігін жібергені  белгілі.

XVI ғасырда бір  орталыққа біріккен Ресей мемлекеті  нығая бастады. Сол себепті,  Ресей  өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді түрде жургізе бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы   Ресей империясының мақсаты шикізат  көздері мен бағалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын.

Ресейдің Батыс Сібірге басып кіруі мен оны өзінің құрамына енпгіудің                бас-тамасы 1581 жылы Сібір хандығының астанасы Искерді алған Ермак жорық-тарымен байланысты болды. Сібірдегі Көшім    хандығының   талқандалуы   орыс мемлекетінің   Сібірге және онымен шектес аудандарға жылжуына ыңғайлы аймақ құру бағытындағы алғашқы қадам жасауына                    жағдай жасады.

Жаңа  жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде Қазақ                   жерімен   шекаралас   аудандарға  әскери бекіністер  орнатуға ерекше көңіл бөлінді.  Бекініс қамалдар  маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады.   Батыс   Сібір   аумағындағы  алғашқы орыс қаласы  Қазақ                хандығының шекара-сына жақын Ертістің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы еді. Кейін Тұмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара бекіністері (1594 ж.) пайда болды.                                                 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск бекінісін салды. XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының батыстағы   шекаралық аймақтарында орыс қоныстары орын тепті. 1620 жылы Жайық бекінісі, 1640 жылы Гурьев бекінісі бой көтерді. XVIII ғасырдыңбасы Ресей үшш I Петрдің реформаларымен, Швециямен Балтық теңізі үшін, Түркиямен Қара теңіз үшін

жүргізілген соғыстармен  және Сібірді жаулап алу, Шығыс елдерімен  байла-ныс орнату сияқты тарихи оқиғалармен  ерекшеленді. I Петрдің сыртқы сая-сатында  Ресейді шығыс елдерімен жалғастырушы Қазақ жерлеріне ерекше көңіл  бөлінді. Үндістан мен Қытайға шығар  жол іздеген I Петр тұсында Қазақ  жеріне орнығуға бағытында белсенді әрекеттер жасалды. Бұл бағытта  Сібір губернаторы князь М.Гагарин  Ресей үкіметіне Ертістен Жаркентке  дейін күшейтілген бекіністер жүйесін  құру жобасын ұсынды. Оның жобасында  бұл жерлер алтынның қорына ете бай  екені атап керсетіледі. 1715 жылы То-былдан Ертіс бойымен үш мың адамнан  тұратын подполковник И. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберіліп, олар Жәміш  және Омск (1716) бекін-істерін салады. 1717 жылы қамал құрылыстарын жалғастыру үшін Жәміш көлінен Ертістің бойымен  жоғары қарай П. Северский мен  В. Чередов отряд-тары жіберілген. П. Северский Железинск бекінісін, ал В. Чередов Колба-синск бекінісін салдырды. Сондай-ақ 1718 жылы В.Чередов Ертістің оңжаға-лауынан кейін Семипалатинск атауын алған қамалға арнап орын дайын-дайды. Ямышевск пен Семипалатинск бекіністері 1717-1718 жылдары под-полковник П. Ступин экспедициясы кезінде айтарлықтай күшейтіледі. Одан кейін жіберілген майор И.Лихаревтің экспедициясы Усть-Каменогорск және Коряков бекіністерін (1720 ж.) тұрғызады. Бұл әскери-қорғаныс бекеттері жоғары Ертіс желісін құрады.

I Петрдің Қазақ жерін Ресейдің құрамына қосу жөнінде айтқан саяси ұста-нымы туралы тілмәш А. Тевкелевтің жазбаларынан белгілі. Ол 1722 жылы парсы жорығынан келген бойда: «Үлкен, тіпті миллионға дейінгі шығындар-ға қарамай Ресей протекциясына кіргізу керек» өйткені «қырғыз-қазақ орда-сы - бүкіл азиялық елдерге шығатын ұлт пен қақпа» деген .

I Петрдің тұсында  Сібір, Ертіс, Колыванск әскери  желілерінің іргесі қалан-ды. Бұл  әскөри желілерде тұрғызылған  бекіністердің стратегиялық тұрғыда  маңызы өте зор болды. Бекініс  қамалдарда кез келген әскери  шабуылдарға қарсы тұра алатын, жақсы дайындықтан еткен әрі  қару-жарағы күшті казак гарнизондары  орналастырылды. Кейін бүл бекіністер  Қазақ жерін отарлау-дың басты  ошағына айналды.

Қазақтардың 1728, 1730 жылдардағы жеңістері Жоңғар хандығы  тарапы-нан қауіпті азайтқанмен, Қазақ хандығындағы жағдай тұтастай алғанда шие-леністі қалпында қала берді. Оның үстіне хандықтағы саяси  дағдарыс те-реңдеп кетті. Өйткені Кіші жүзде Әбілқайыр хан, Орта жүзде  Сәмеке хан (Шахмұхаммед),               ¥лы жүзде Жолбарыс хан жеке-дара билік жүргізіп, қазақ жүздері бірте-бірте оқшаулана бастады.

Жоңғарлармен соғыс  әбден қажытқан, әлі де алда талай  жойқын соғыстар қаупі күтіп тұрған осындай жағдайда, қазақ халқының ауыр жағдайын пайдаланған башқұрттар, еділ қалмақтары, ортаазиялық хандықтар, сібір казактары да қазақтарға қысымын күшейте түсті. Осындай күрделі тарихи кезеңде әрі тығырыққа тірелген елдің тағдырын шешудің кезі келген шақта Кіші жүз ханы Әбілқайыр мықты держава Ресей протекторатын қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының тарихи тағдырындағы түбе-гейлі өзгерістің бастамасы болған еді.

Мақала  бетінен: «XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихнамасы» атты монографиясының қолжазбасына пікір

Қазақстан халықтарының тарихи санасын қалыптастырудың  мемлекеттік концепциясында жат  құндылықтар мен отарлық мүдделерге орай бұрмаланған, не болмаса айтылуға тиым салынған тақырыптар мен тұтас  кезеңдерді ақиқат тұрғысынан қайта  қарап, зерделеу күн тәртібіне қойылған тұста, Ж.Е. Жаппасовтың тақырыбының  өзектілігі айқын көрінеді.

Жаппасов  Жарылқасын Еркиновичтің «XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихнамасы» тақырыбындағы  монография өте күрделі мәселелерді  зерттеуге бағытталған. Бұл мәселе бірнеше ғасырлардан бері көптеген зерттеушілерді толғандырған өзекті проблемалардың бірі. Қазақстан халықтарының тарихи санасын қалыптастырудың мемлекеттік  концепциясында жат құндылықтар  мен отарлық мүдделерге орай бұрмаланған, не болмаса айтылуға тиым салынған тақырыптар мен тұтас кезеңдерді ақиқат тұрғысынан қайта қарап, зерделеу күн тәртібіне қойылған тұста, Ж.Е. Жаппасовтың тақырыбының өзектілігі айқын көрінеді. Монографияның тақырыбы отандық тарихнама ғылымында  әлі күнге дейін зерттелмеген, шешімін толық таппаған, күрделі  мәселенің түйінін шешуге арналған. Қазақ халқының қалыптасуы, тарихи тұлғалар, ұлттық төлдеректер мен  ұлттық тарих, қала берді жаңа заман  тарихы туралы қаншама еңбек, зерттеулер, монографиялар мен қанша пікір-тұжырымдар болғанымен, оларды тарихнамалық тұрғыдан зерделеп, бағасын беру отандық тарих  ғылымында өз деңгейінде қарастырылмаған  мәселелердің бірі болатын. Өйткені, қазақ  халқының тарихының отарлық кезеңде  объективті шындық тұрғысынан зерделенуі, жетістігі мен кемшілігін толық  көрсете алуы мүмкін емес еді. Монографияның  кіріспесінде автор тақырыптың маңыздылығын, зерттелу деңгейі мен деректік қорын, мақсат-міндеттері мен жаңалығын  толығымен айқындап көрсеткен. Негізгі  бөлімінде көрсетілген мақсат-міндеттерге  сай әрбір мәселеге қатысты ой-тұжырымдар жасалынып, ал қорытындысында жалпы  түйін жасалынған. Студенттер мен магистранттарға арналған бұл кітаптың қазақ тілінде жазылуы да көптеген жас зерттеушілерге үлкен көмек. Ж.Е. Жаппасов төңкеріске дейінгі, кеңестік және тәуелсіздік алғаннан кейінгі жарияланған көптеген деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде қазақ-орыс қатынастары мәселелерін жаңа көзқараспен пайымдаған. Автор зерттеу еңбектерінде Т.О. Омарбеков, М.Қ. Әбусейітова, К.Л. Есмағамбетов,  К.Р. Несипбаева, Ж.О. Артықбаев, М. Абдиров және т.б. ғалымдардың көзқарастарын, әдістемесі мен пікірлерін ұтымды пайдалана білген және пайдалану жолдарын ұсынған. Жұмыстың практикалық құндылығын айтар болсақ, зерттеу барысында қолданған әдіс-тәсілдер, талданған мәселелер мен қорытынды ойлар - Отан тарихына қатысты жаңа зерттеулер жүргізуге, қазақ мемлекеттілігі мен Қазақ хандығының саяси тарихы, ортағасырлық деректер жайлы арнайы курс материалдарына қолдануға, зерттеу еңбектеріне пайдалануға өзіндік септігін тигізеді.Зерттеу жұмысының практикалық құндылығына келер болсақ, Отан тарихына қатысты әртүрлі деңгейлердегі, деректанулық және тарихнамалық бағыттағы, сонымен қатар арнайы тарихнама курстары бойынша өткізілетін пәндерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Өйткені, ондағы көптеген фактологиялық материалдар мен оны пайдалану, талдау жолдары жан-жақты қамтылған. Қорыта келгенде, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Е. Жаппасовтың «XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихнамасы» тақырыбындағы монографияна Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы ҚР БҒМ-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Секциясының гуманитарлық ғылымдар мамандықтарының грифін алуға және басып шығаруға рұқсат беруіне ұсынады.

 

XVI-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасы бірнеше ғасырларға созылған отаршылдық бұғауынан арылып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, егеменді ел ретінде  дүниежүзіне танымал болды. Осыдан бастап дербес мемлекет ретінде қазақ  халқы өзінің төл тарихына үңіліп, ата-бабаларының сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолын зерттеуге  деген құштарлығы артып, қызығушылығы мен сұранысы өсті. Сондықтан да Отандық тарихты обьективті тұрғыдан қайта қарап, зерттелмеген беттерін қайта жазу, ашылмай келген көмескі  тұстарын тереңірек зерттеу –  бүгінгі таңда тарихшылардың  алдында тұрған кезек күттірмес  өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан тарихында  ең бір өзекті де күрделі, қарама-қайшылықтарға  толы мәселе - XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары. Өйткені, XVI-XVIII ғғ. қазақ елі мен  орыстар арасындағы байланыстардың тарихын жан-жақты, бүгінгі күнгі  талаптарға сай зерттеп, оның зерделенуіндегі  жетістіктер мен кемшіліктерін  анықтауға мүмкіндіктер туғызатын тарихнамалық ізденістердің қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, өзінің дамуында ұзақ әрі ауыр, күрделі де өзіндік ерекшеліктерге толы болған қазақ-орыс қарым-қатынастары төл тарихнамамызда обьективті тұрғыдан зерделеніп, тиісті бағасын ала алған жоқ. Дегенмен, біздің зерттеу обьектіміз болып отырған Қазақ хандығының орыс елімен байланыстарын бүгінгі жаңарған тарих ғылымының сұранысына орай терең зерттеудің қажеттілігін академик М.Қ. Қозыбаев: «...бізде зерттелмей келе жатқан мәселе – ұлтаралық, мемлекетаралық қатынас, өркениеттер ықпалы, мәмлегерлік тарихы», - деп, атап көрсеткен еді.

Әртүрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихында XVI-XVIII ғасырлар аралығы ерекше кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені, осы кезеңде қазіргі  Тәуелсіз Қазақстан Республикасының  іргетасы – Қазақ хандығы тарих  сахнасына шығып, қазақ елі халық  болып қалыптасып, ішкі және сыртқы саясатын белсенділікпен жүргізе бастады.

XVI-XVIII ғғ. аралығындағы  Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен, соның ішінде іргелес орыс  елімен жасаған қарым-қатынасын  зерттеудің бүгінгі таңда маңызы  зор. Әрине, осы уақытқа дейін  Қазақ хандығының көрші орыс  елімен қарым-қатынас тарихы көптеген  ғылыми зерттеулерде қарастырылған  мәселелердің бірі болғанымен, төл  тарихнамамызда обьективті зерттелініп,  бір арнаға түсе алмай немесе  Кеңес дәуірі тұсындағы зерттеушілердің  еңбектерінде маркстік-лениндік  идеологияның үстемдік етуімен  бір жақты, үстірт қарастырылып  келген тақырыптардың бірі болғанына  көзіміз жетіп отыр.

Бүгінде XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс байланыстары мәселесін ашып көрсететін тарихи еңбектерді терең зерттеу Қазақстанның тарихнама ғылымының дамуында ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда тарих ғылымындағы жаңа теориялық-концептуалдық тұрғының қалыптасуы және оны зерттеулерде пайдалану, біз қарастырып отырған XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының маңызды мәселелерін анықтауға және оның жаңа қырларын айқындап, ашуға көмектеседі. Бұл мәселеге қатысты зерттеушілердің ғылыми-тарихи көзқарастарына баса назар аударып, ондағы ғылыми пікірлер мен дәйекті тұжырымдарды қайта ой елегінен өткізіп, жаңа концептуалдық тұрғыда қарастыру, Отандық тарих ғылымында дер кезінде орын алған құбылыс. Кешенді дерек көздерін талдау, оларды пайдалану арқылы өткеннің шынайы көрінісін қалпына келтіріп көрсету тарих ғылымының дамуындағы ең бір қажетті шарттардың бірі.

Қазірде өзекті міндеттерді  шешуде өткенді қайта қарап, одан тарихи сабақ пен тәжірибе алудың маңызы аса зор, ал онымен тарих ғылымы ғана емес, тарих ғылымының тарихы да айналысады.

XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы  мен көршілес орыс елі арасындағы  қарым-қатынастар мәселесі төңкеріске  дейін де, Кеңес өкіметі тұсында  да, тәуелсіздігімізді алғаннан  кейін де тарихшылар мен зерттеушілердің  назарынан тыс қалмаған күрделі  тақырыптардың бірі екендігі  айқындалды. 

Қазақстанның геосаяси жағдайы, халықтың көп ұлтты болуы, ұлттық идеяның дамуы қазақ мемлекеттілігінің  тарихын қарастырғанда абстрактілі  және жеңіл-желпі тұрғыда қараудан бас тартуды, керісінше терең  де жан-жақты зерттеуді қажет  етуде. XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс байланыстарының  сипаты мен барысын, тарихын зерттеген  зерттеушілердің пікірлерін талдау Қазақ мемлекетінің Ресей елінің отарына айналу мәселесінің алғышарттарын  айқындап беруімен де құнды.

Қазақ –  орыс қатынастары туралы:                                                                      “Қазақ-орыс қатынастары”, “Казахско-русские отношения в 16 – 18 вв.” – екі томдық құжаттар жинағы. 1961 – 64 жылдары орыс тілінде жарық көрген. 1-томға (1961), 16 ғасырдың аяқ кезінен 1738 жылға дейінгі кезеңді қамтитын, әр түрлі архивтерден алынған 276 құжат енгізілген. Алғашқы құжаттар 16 ғасырдың аяқ кезіндегі қазақ ханы Тәуекел мен Московия билеушілері арасындағы келісімдер, І Петр патша тұсындағы “Қазақ-орыс қатынастары” жөнінде сөз болған. Оның ішінде Қайып хан мен Петр әкімшілігі арасында жазысқан хат алмасулар кіргізілген. Көптеген құжаттарда 1731 жылға дейінгі “Қазақ-орыс қатынастары”, атап айтқанда: қазақ-жоңғар соғыстары, “Ақтабан шұбырынды” кезеңі, қазақтардың Орта Азия елдеріне көшкен кездегі аса қиын жағдайы және кейбір саяси қайраткерлер жөнінде деректер берілген. А.И. Тевкелевтің жүргізген күнделік-журналынан үзінділер: орыс бодандығына Әбілқайыр ханның, Жәнібек, Бөкенбай,Есет, т.б. батырлардың көзқарастары, орта жүз қазақтарының, соның ішінде Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресей бодандығына өту себептері, қазақ халқының саяси, әскери, шаруашылық жағдайлары айтылады. Кейбір құжаттарда сол кезеңдердегі қазақ билеушілерінің көршілес мемлекеттермен байланысы, сауда қатынастары, қалалар мен елді мекендер көрсетілген. 18 ғасырда қайраткерлердің саяси қызметі жан-жақты ашылады. Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай,Нұралы хандар, Барақ, Батыр, Ерәлі, Әбілпейіз сұлтан, Жәнібек, Есет, Қабанбай, Бөгембай, т.б. батырлар, Қазыбек, Төле, т.б. билер, Ресей елінен І Петр, Анна Иоановна, Елизавета, Екатерина ІІ, Орынбор мен Сібір губернаторлары, елшілер, аудармашылар, т.б. қайраткерлердің “Қазақ-орыс қатынасына” сіңірген еңбектері жайлы кең мағлұматтар береді. Жинақтың 2-томына (1964) Ресей империясы құрамындағы Қазақстан жөніндегі 359 құжат жинақталған. Онда Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуы, Кіші жүз саяси қайраткерлерінің Ресеймен байланысы, Сырым, Исатай-Махамбет, [[Есет, Жанқожа, Кенесары бастаған көтерілістер қамтылады. Көптеген құжаттар Абылай ханның Ресеймен, көрші мемлекеттермен байланысына арналған. Бұған қоса Ұлы жүз қазақтарының тұрмыс-тіршілігі, қазақ ауылындағы жер, қаржы, салық жүйелері, өндіріс орындары, т.б. экономикалық мәселелер жөнінде дерек береді. Оларды жинақтауды орталық мемлекеттік архив пен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнологиялық институты мамандары атқарған. Жинақ материалдары белгілі бір идеологияылқ мақсатпен сұрыпталған.

Патшалық  Ресейдің далалық аймақты отарлауға  көшуі: әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы

Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К. Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмәштық қызметтен полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.

1737жылы И. Кириллов  қайтыс болғаннан кейін Орынбор  экспедициясы Орынбор комиссиясы  болып қайта құрылды. 1735 жылы Орынбор  бекінісінің құрылысы басталды. 1744 жылдан бастап ол Орынбор  губерниясының, ал 1748 жылы Орынбор  казак әскері бөлімдерінің орталығына  айналды. Қазақ жер-інде тұтас әскери желілер тұрғызылды. Тек 1740-1743 жылдары ғана Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында: Воздвиженный, Рассыльный, Ильинск, Таналы, Уразым, Кизиль, Магнитная, Каракульск, Прутоярск, Нижнеозерск, Перегибенск, Усть-Уйск, Елманск, Красногорск, Губерлинск, Новосергиевск сияқты т.б. көптеген бекіністер мен форпостар салынды. Бұл бекініс желлері қазақтардың келісімінсіз салынып, олардың көші-қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарынан ығыстыра бастады. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Горький, Иртыш, Колыванск, Ишимск, Орск әскери желілері пайда болды. Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бе-кіністер салынып, ол жерлерге казактарды қоныстандырды [30, ЗЗ-б.]. Сон-дықтан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады. Өйткені осы үрдіске қатысқандар негізінен әскери қызметкерлер мен казак-тар еді. Бұл жерде казактардың атқаратын қызметінің басты міндетін Ресей императоры былай айқындап береді: «Казак топтарына... империя шекара-сына жақын орналасқан... тайпалардан қорғау, олардан тартып алынған жөрлерге орналасу міндеті жүктелген. Біздің желілерді алға қарай жылжыта беру керек!..»

Патша екіметі жергілікті халықтың ең шұрайлы жерлері мен  жайылымда-рын казактарға алып беріп, олардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ. Сонымен бірге  жергілікті халықтардың жеріне басқыншылық  жасату арқылы оларды бір-біріне дұшпан етіп қойған еді.

Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев жүргізді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да жеткілікті. Мысалы, 1742 жылы 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маң-ында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хан-дарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар салам, бұдан былай осы жарлықты алғаннан кейін қамал маңында және Жайық езенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады». Жайық бойында орналасқан казак әскеріне бер-ген бұйрығы туралы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына берген хабарламасында: «Қазактардың Жайықтың ішкі жағын-да көшіп-қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы түгел өртеп жіберу керек» делінген. Онда Жайық казак әскерінің Гурьев комендантына арнайы тапсырма беріліп, қазақтардың шапқыншылығынан сақтандыра оты-рып, Жайықтың арғы бетін күз айларында Каспий теңізіне дейінгі аралықты түгелімен өртеп жіберуі тапсырылғаны туралы айтылған .

XVIII ғасырдағы 30-жылдардың  аяғы мен 40-жылдың басында жоңғарлар  Орта жүздің Тобыл мен Есіл  бойы аймағына басып кіріп,  қазақтарға үлкен шығын келтіреді.  1742 жылы 20 мамырда Ресей үкіметі алғаш рет қазақтарды жоңғарлардан қорғау жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл қадам да Ресейдің стратегиялық жоспарымен байланысты еді. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақтардың Жоңғар хандығына тәуелділігін талап етті. 1742 жылы 2 қыркүйекте И. Неплюев Қалдан Серенге хат жолдап, онда жоңғарлардың қазақтарға шапқыншылық жасауына жол бермейтіндігі айтылады. Сондай-ақ тұтқындағы қазақтар мен Абылай сұлтанды босатуын талап етеді .

Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 жылы 11 тамызда 56 жасында қаза табады. Оны қазақтардың Ресейдің боданы болуына қарсы саяси күштерге жетекшілік жасаған Барақ сұлтаны өлтіреді. 1748 жылы 2 қазанда Әбілқайыр ханның орнына Кіші жүз ханы болып оның үлкен ұлы Нұралы тағайындалды.

 

 

История Казахстана. Т. 1. Алматы, 1996; История Казахстана. Т. 2. Алматы, 1997; История Казахстана. Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о Казахстане.

Началось присоединение Казахстана к России

21 октября 1731 г. 

« …ежели на вас, Кайсаков, будут нападать какие неприятели, чтоб вы могли от того

Нашим Императорского Величества защищением охранены быть

и счислять бы вас с поданными Российскими…».                                                                                       Полное собрание законов Российской империи, с 1649 года. 

10 (21) октября 1731 г. вследствие ослабления Казахского ханства в ходе изнурительной войны с джунгарами Хан Абулхаир и большинство старшин Младшего жуза присягнули на подданство Российской империи, тем самым положив начало присоединению Казахстана к России.                                                                                                                                                                     В конце XVI в. Казахское ханство разделилось на три жуза (объединения): Младший (Западный Казахстан), Средний (Центральный) и Старший (Семиречье). На территории каждого жуза были образованы самостоятельные ханства, между которыми часто велись междоусобицы. К рубежу XVII-XVIII вв. в связи с ростом феодальных усобиц, набегов джунгар — монгольских племён, населявших район между Тянь-Шанем и Алтаем — города на юге Казахстана пришли в упадок, что нанесло удар по казахской экономике в целом.                                                                                                                                                                           В 1726 г. хан Абулхаир от имени старшин Младшего жуза обратился к царскому правительству с просьбой о подданстве. Этот жуз находился на границе с Российской Империей, его торговые и политические связи с Россией были наиболее устойчивыми. Однако посольство осталось безрезультатным; не оставляя своих намерений, в сентябре 1730 г., Абулхаир вновь отправил посольство через Уфу в Петербург с письмом к русской императрице Анне Иоанновне и устной просьбой о подданстве и покровительстве. 8 (19) сентября 1730 г. посланцы Младшего жуза были приняты императрицей. Их просьба о включении Младшего жуза в состав Российской Империи была удовлетворена указом от 19 февраля (2 марта) 1731 г. Для принятия соответствующей присяги в Казахстан с грамотой к хану Абулхаиру были направлены послы во главе с переводчиком Комиссии иностранных дел А. И. Тевкелевым.                                                                            10 (21) октября 1731 г. значительная часть собрания казахских старшин высказалась за принятие акта о добровольном присоединении Младшего жуза к России.

Казахи обязались сохранять верность императрице и её наследникам, согласились на ограничение внешнего суверенитета ханства, обязались нести службу, не нападать на торговые караваны и российских подданных, возвратить пленных, платить ясак, выделять аманатами детей ханов и султанов.                                                                                                          Россия обязалась охранять своих новых подданных от внешнего нашествия и притеснения. На этом первом этапе присоединения не затрагивались проблемы внутренней политической жизни казахов.                                                                                                                                                   Для закрепления позиций во вновь присоединённых казахских землях в мае 1734 г. была организована Оренбургская экспедиция во главе                                       с  обер-секретарём Сената И. К. Кирилловым. В задачу комиссии входило всестороннее изучение вошедших в состав России земель, разведка природных ресурсов, сооружение Орской крепости, установление новой границы между русскими и казахскими владениями. В 1735 г. был основан г. Оренбург, имевший важное значение в развитии русско-казахских политических и торговых взаимосвязей.                                                                                          Добровольное принятие российского подданства казахами Младшего, а затем и Среднего жуза (в 1740 г.) имело прогрессивное значение для исторических судеб казахского народа. Уже со второй половины XVIII в. общественные отношения в Казахстане развивались под влиянием экономики России. После смерти хана Среднего жуза царское правительство ликвидировало ханскую власть и в 1822 г. ввело новую систему управления; в Младшем жузе то же самое было сделано через два года, в 1824 г. В 40-60-х гг. XIX в. в состав Российской империи вошёл Старший жуз, тем самым завершив присоединение казахских земель к России.                   Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі. 
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен коршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды. 
Орыс мемлекеті ең алдымеи қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығыпа, Орта Азия билеушілеріне кдрсы күресте және жоцғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге үрықсат алды. Бүл кезде Мәскеу мемлекетінің билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды. 
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Қүлмүхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені Бүқар ханы Абдулламен уақытша бітіэд жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп түрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмүхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар кеп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уәде берді. 
1595 жылы Тәуекел ханға жауап ретінде 2 жылға Ресейден Вельямин Степановтың елшілігі жіберілді. Елшілік арқылы орыс патшасы: Тәуекел хан және оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астына кірсін, ал патша әрі үлы князь оларды барлық дүшпандарынан қорғауға, Бүхара мен Көшім ханға қарсы түруына көмектеседі. Өзінің патша ағзамға адалдығын...                                                                         Қорыта айтқанда:                                                                                                                                                               Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын кеңейтуге мүдделік көрсетті.Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына және күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда айырбасынөзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері едәуір арта түсті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, әсіресе, 15-16 ғғ. Екінші жартысына бастап Ресей ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді. Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөлатқарды. Мысалы, Мәскеудің басшысы Иван ІҮ 1573 жылы Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігін қазақ даласына жіберді. Елшілік қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. 1594 ж. Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед орыс ұкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын. Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстаушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға қарқынды кірісті. Орыс мемлекетімен неғұрлым сенімі қатынастар орнатуға сыртқы қауіп-қатер ұдей түскен жағдайда өзінің халықаралық позициясын нығайтуға ұмтылған қазақ хандығы да ынталылық көрсетті. Жоңғар хандығының құрылық Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды, Тәукенің Ресейге тілектестік қарым-қатынасы оның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді. Жоңғар басқарушылары Ресеймен қарым-қатынаста аңысын андау позициясын ұстаса, қазақ рулары жөнінде өздерінің агрессиялық ниеттерін жасырмады. Солтүстік-шығыс шекараларындағы шиеленісті жағдай қазақ хандары мен сұлтандарын Петр І үкіметімен келіссөздер жүргізуге, сөйтіп, Сібірдің шекаралық өкіметі арқылы Ресеймен бір одақта Жоңғарияға соғысуға ниеттері бар екенін мәлімдеуге етті. 1717 жылы қазақтардың жекеленген басшылары, Қайып пенӘбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының күрделілігін және сыртқы жаулар тарапынан нақты қатер төніптұрғанын ескеріп, Петр І-ге өздерін бодандыққа алуды өтіне сөзсалды. Ал ол Швециямен соғысудан қолы босамай жатқандықтан және қазақ руларының ішкі ырың-жырың мен өзара талас-тартысы туралы мәліметтері болғандықтан, қазақ істеріне араласуға тәуекел ете алмай, Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды әзірше қадағалай тұруды жөн көрді. Петр І-дің Ресей мемлекеті құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалаған ынта-ықыласы оның өз мемлекеті шептерін тек кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге Ресейдің шығыс шекараларын қауіпсіздендіруге талпынған ниетін білдіреді. Құпия істердегі аға тілмәш және кейіннен дипломат болған А.Тевкелев хаттарының бірінде былай деп жазады: «....императорлық ұлы мәртебелі тақсыр император Ұлы Петр парсы жорығынан оралысымен өзінің отаны Ресей империясы үшін ежелден есітіліп жүрген және ол уақыттары белгісіз дерлік қырғыз-қайсақ ордасын Ресейдің бодандығына алуды көздеген ниетін білдіруді қалады және де сол өз монархым әсіресе төменгі дәрежедегі мені соған ол орда дәл бодандыққа өтуді қаламаса, бір бет қағазбен Ресей империясының қолдауында болуға міндеттенгенше, зор шығындарға қарамастан, менің тіптен бір миллионға дейін (сом) ақшаны шығарсамда, тырысуым керектігін айтты».  

 

 


Қазақ-орыс қатынастары