«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін талдау
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы.[1]
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.[2]
Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым.
Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі
Көрсеткіш |
2000 ж. |
2001 ж. |
2002 ж. |
2003 ж. |
2004 ж. |
Барлық экономиканың тиімділігі, % |
21,6 |
14,8 |
18,5 |
21,6 |
25,7 |
Кен өндіруші саланың тиімділігі, % |
45,1 |
37,8 |
31,9 |
38,8 |
67,5 |
Қайта өңдеу саласының тиімділігі, % |
21,4 |
13,8 |
19,2 |
21,4 |
22,8 |
Ауыл шаруашылығының тиімділігі, % |
5,4 |
5,3 |
-4,4 |
13,8 |
1,7 |
Құрылыс саласының тиімділігі, % |
4,3 |
4,5 |
5,2 |
5,0 |
3,4 |
Сауданың тиімділігі, % |
4,7 |
3,4 |
5,8 |
9,3 |
4,9 |
Көлік және байланыс саласының тиімділігі, % |
9,4 |
11,8 |
18,7 |
18,1 |
18,9 |
Қаржылық қызмет саласының тиімділігі, % |
3,3 |
32,5 |
15,6 |
9,1 |
11,2 |
Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, % |
40,1 |
-3,2 |
13,8 |
4,3 |
8,3 |
Ескертпе – ҚР статистика
жөніндегі Агенттіктің | |||||
1-кестеде келтірілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділіктің жоғары дәрежесіне ие. Кен өндіру саласы кәсіпорындарының тиімділігі мемлекет экономикасын тұтастай алғандағы пайдалылықтан жоғарырақ. Дей тұрғанмен, 2004 ж. барлық залалды кәсіпорындардың 50,7%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді, соның ішінде 11,5%-ы кен өндіру саласы, 21,4%-ы өңдеу саласы.
Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады.[3]
2.Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.[5]
Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).
2-кестеден көрініп тұрғандай, 2000-2006 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2000 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.
Нарықтық қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін күшейте түседі.
Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
Көрсеткіштер |
Жылдар | ||||||
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 | |
Сатудан түскен табыс, мың теңге |
112699401 |
116625405 |
125221331 |
124219953 |
170492574 |
228817260 |
411176304 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге |
47093088 |
54165092 |
57217269 |
55782536 |
58737406 |
83691000 |
118303824 |
Жалпы табыс, мың теңге |
65606313 |
62460313 |
68004062 |
68437417 |
111755168 |
145126260 |
292872480 |
Осы кезеңдегі шығын, мың теңге |
19135686 |
19675843 |
17818541 |
26396187 |
44666565 |
23660417 |
30079588 |
Негізгі қызмет табысы, мың теңге |
46470627 |
42784470 |
50185521 |
42041230 |
67088609 |
121465843 |
262792892 |
Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге |
3685266 |
3286309 |
4350080 |
832402 |
6833626 |
1629564 |
11979561 |
Салық салуға дейінгі табыс, мың теңге |
50155893 |
46070779 |
54535601 |
42873632 |
73922235 |
123095407 |
274772453 |
Табыс салығы, мың теңге |
17627442 |
15465492 |
16502175 |
17243086 |
26926038 |
37927399 |
80125488 |
Таза табыс, мың теңге |
32528451 |
31016011 |
36880320 |
25600012 |
46996197 |
85168008 |
194646965 |
Негізгі өндірістің тиімділік деңгейі, % |
70,2 |
57,9 |
66,9 |
51,2 |
64,9 |
82,4 |
104,7 |
Корпорацияның тиімділік деңгейі, % |
49,1 |
42,0 |
49,2 |
41,2 |
45,5 |
50,3 |
55,3 |
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор. | |||||||
Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.[4]
Корпорация кәсіпорындарында 2000-2006 жж. аралығында жалақының 1 теңгесіне келетін тауарлы өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Мұның кем дегенде екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы мөлшерінің өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы төлеуге бөлінген қаржының орынды жұмсалуы. Сонымен қатар, 2006 ж. жалақы төлеудің мөлшері 2005 ж. салыстырғанда 26,6%-ға көтерілді. Бұл тауарлық өнімдер өндірудің жалақы қорына қарағанда жоғары өсу қарқындылығының әсері (3-кесте).
Кесте 3 - «Қазақмыс корпорациясы» шығындар мен тауар өнімдерінің жалпы сомасындағы жалақының үлес салмағы
|
Көрсеткіштер |
Жылдар | ||||||
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 | |
Тауар өнімі, мың теңге |
70932717 |
70140555 |
73052511 |
74573932 |
168879478 |
230084292 |
437830139 |
Жалақы қоры, мың теңге |
8522051,5 |
9176852,4 |
9412695,1 |
9651465,2 |
19775114,5 |
23495989 |
29744199,1 |
Өндірістік өзіндік құны, мың теңге |
44708784,2 |
49259064 |
36532212 |
37031530 |
38257349 |
51557817 |
208890514 |
Шығындардың жалпы сомасындағы жалақы үлесі, % |
19,06 |
18,63 |
25,77 |
26,06 |
51,7 |
45,6 |
14,25 |
Тауар өнімі мөлшеріндегі жалақы үлесі, % |
12,01 |
13,1 |
12,88 |
12,94 |
11,7 |
10,2 |
6,79 |
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор | |||||||
2000-2006 жж., яғни 2006 ж. дейінгі кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында жалақының өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі үнемі өсіп отырды (2000 ж. – 19,1%, 2005 ж. 25,4%).
Ал, оның тауарлы өнім мөлшеріндегі үлес салмағы керісінше, біршама төмендеді. Мұндай жағдай мына төмендегілермен түсіндіріледі:
- салыстырылып отырған
кезеңде өндірістік өзіндік
- жалақы төлемдерінің салыстырмалы көтеріңкі өсімі осы мақсатта жұмсалған қаржының тиімділік деңгейінің төмен екенін көрсетеді.
«Қазақмыс корпорациясы» құрамына енетін кәсіпорындарындағы жалақының үнемі өсіп отыруы өзін-өзі қаншалықты ақтап отыр, басқаша айтқанда, оның ынталандырғыш рөлі қандай? Мұны жұмысшылардың орташа жалақы мөлшерін, олардың еңбек өнімділігімен салыстыру әдісімен, яғни басып озу коэффициентін анықтау жолымен анықтауға болады (4-кесте).[5]
4-кесте деректерінен көрініп тұрғандай, корпорация жұмысшыларының еңбек өнімділігі мен олардың орташа айлық жалақысының арасындағы байланыс тым әлсіз. Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і қызмет көлемінің өсуінде жалақының ынталандырушы рөлінің төмен екендігін көрсетеді.
Демек, еліміздің табысы мол, іріленген өнеркәсіптік құрылымдарының алдында, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі таңда дұрыс қойылған мәселе.
Кесте 4 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і жұмысшыларының орташа жалақылары мен еңбек өнімділігінің динамикасы
Көрсеткіштер |
2001 ж 2000 ж. салыст. |
2002 ж. 2001 ж. салыст. |
2003 ж. 2002 ж. салыст. |
2004 ж. 2003 ж. салыст. |
2005 ж. 2004 ж. салыст. |
2006 ж. 2005 ж. салыст. |
Орташы жалақының өзгеру динамикасы, % |
103,4 |
101,9 |
107,6 |
108,4 |
111,2 |
125,8 |
Еңбек өнімділігінің өзгеру динамикасы, % |
95,5 |
105,75 |
104,52 |
132,86 |
143,37 |
189,16 |
Басып озу коэффициенті, % |
108,3 |
96,4 |
102,9 |
81,6 |
77,6 |
66,5 |
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор | ||||||
Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінің қазіргі даму барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді өнімді еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуге бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет. Мұндай тұжырымның объективтік себептерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- ең аз және орташа жалақы мөлшері мен тұтынудағы сұраныстың өскендігіне байланысты еңбекке ақы рөлінің жоғарылауы;
- өнеркәсіптік ұжымдарда «шаруашылық серіктестігін» дамытудың қажеттілігі, яғни жұмысшының әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша да тиісті шешім қабылдай алатындығын қамтамасыз ету.[5]
Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.
Еңбекақыны мерзімдік төлегенде еңбекті мөлшерлеу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ тапсырмалардың мөлшерленуі де іске асады. Қазіргі кезде, кейбір экономистер кәсіпорындардағы тарифтік жүйені мемлекеттік емес меншіктен алып тастау, немесе, жалақының бүкіл қорын әр жұмысшының жұмсаған еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай бөлу қажет деген пікір айтады. Бірақ, біздің ойымызша, тарифтік жүйенің басты артықшылығы – ол жұмысшының біліктілігіне әсер етеді. Нарықтық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, сериялық өндіріс технологиясы жұмысшылардың жоғары біліктілігін қажет етеді және бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының, еңбек ресурстарының әлемдік бәсекелестікке лайықты төтеп беруінің негізгі шарты. Тарифтік жүйенің тағы бір артықшылығы, жұмысшы оны әлеуметтік әділдік ретінде қабылдайды, өйткені ол жұмыстың қиыншылығын, оның жауапкершілігін бағалайды. Тарифтің экономикалық ұтымдылығы – кәсіпорындар өздері өз бетінше жұмыс «бағасының» көрсеткішін анықтай алады, техникалық саясатқа сай шұғыл бақылап отыруды қажетсінеді.
Біз жүргізген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, кеніш жұмысшылары негізінен разрядтарға ие, ал І, ІІ білікті разрядты жұмысшылар жоқтың қасы. Кейбір жұмысшылар жеткілікті білікті емес, разрядқа сай жұмыстың бар түрін атқара алмайды. Басқалары, керісінше, төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстарды атқарады. Осының нәтижесінде еңбек төлемінде жоғары және төмен білікті мамандар теңестіріліп кетіп жатады. Қалыптасқан жағдайда, жұмысшылар жоғары білікті разрядқа ие болып отырғанда, өз кәсіби шеберлігін көтеруге деген ынтасы болмайды.
Міне, осыларды ескере отырып, біліктілік разрядының тарифтік кестесін 6-дан 10-ға дейін көтеруді ұтымды деп санаймыз. Бұл жұмысшылар біліктілігін объективті түрде бағалауға және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибе ынталандырмасының өсе түсуіне оң әсер етер еді. Сондай-ақ, жұмысшылар разрядын автоматты түрде өсірмей, жалпы білім алатын және кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптардың арнайы ретін ойластыру қажет, бұл шығарылатын өнім және жұмыс сапасын арттыра түсуге, қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғауға, технологияны жетік білуге және пайдалы қазбаларды үнемдеуге ықпалын тигізеді.
Жұмысшының біліктілік разрядын анықтауда мына формуланы қолдануға болады:
Рб = К1 х К2 х К3 х К4 ,
мұндағы Рб – жұмысшының біліктілік разряды;
К1 – жұмысшының жалпы білімін, кәсіби деңгейін және оны өсірудегі еңбектің қажетсінуін анықтайтын коэффициент;
К2 – берілген мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін анықтайтын коэффициент;
К3 – орындалатын жұмыстың жауапкершілігі мен ауырлығын анықтайтын коэффициент;
К4 - еңбектік және өндірістік тәртіпті ескеретін коэффиицент.
Жұмысшының біліктілік разрядын айқындауда негізінен 3 фактор ескеріледі, ал әрбір фактор тиісті балмен бағаланады. Коэффициенттер алдын-ала анықталған жіктеме бойынша анықталады.[6]
Экономикалық ынталандырудың келешегі зор бағыты – ерекше сыйақы беру. Жұмысшыларды сыйақыландыру жоғары өнімді және жоғары сапалы еңбекке ынталандыру, іс-әрекеттің түпкі нәтижесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмір сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін алған ақыдан ерекше. Ол қолпаштау сипатында болып, төмендегідей принциптерге негізделеді:
- сыйақы беру даралық
сипатта болуы тиіс: жұмысшының
аймақ, цех, кәсіпорын жұмысы
көрсеткішін жақсартуы үшін
- сыйақы беру нақты,
белгіленген мөлшерлеме мен
- сыйақы беру –
ағымдағы (ай сайын) және жыл
қорытындысы бойынша
- сыйақы беру жүйесі қарапайым, әрбір жұмысшыға түсінікті болуы керек.
Мұнымен қатар сыйақы беру шарттарын шектейтін жәйттерге қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбекті қорғау, жарақаттану болдырмау, бақытсыз жағдай және еңбек тәртібінің бұзылуын болдырмаулар жатады.
Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.[4]
Өйткені жаңа технологиялық
жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар,
еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған
сайын, адамның творчестволық
Сапалық өзгерістердің көрінісі мынадай: аралық өніммен салыстырғанда түпкілікті өнімнің әлдеқайда алда болуы; өндірілетін өнім сапасының тез өзгеруі мен түрлерінің жаңаруы; ғылыми-техникалық прогресс жылдамдығын анықтайтын өндіріс салаларының өсуі. Сондықтан, экономикалық өсімнің жекелеген факторы заттық факторға қарағанда экономикалық өсудің жаңа сапасына қажетті басты шарты болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адам капиталына жұмсалған инвестиция мен экономикалық өсім сабақтас құбылыстар. Сондықтан, экономикалық өсудің басты құралы адам капиталына жұмсалатын инвестиция.
Міне осы баяндалған тиімділік критерилерін негізге ала отырып, экономика тиімділігін ынталандырудың механизмінің мына моделін ұсынамыз (2-сурет).
Ескертпе – автормен құрастырылған
Сурет 2 - Экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі
Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі қызметінің нәтижелері тек сандық емес, әсіресе сапалық өсімде де көрінеді, бұл өз кезегінде, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына, халықтың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуінің анағұрлым азаюына серпінді ықпалын тигізеді.[3]
Экономикалық өсімді ынталандыру механизмін қалыптастыруда бірінші кезекте ғылымды мемлекеттің есебінен қаржыландыру мәселесі тұр. Мұнымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің дамуында шаруашылық субъектілерінің шығындарын арттыру қажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бюджеттен қаржыландыру 2001-2003 жж. 40% деңгейінде болса, 2004 ж. ол 50,3%-ға көтерілді. Қаржыландыру көздеріндегі өзіндік қаражаттың үлесі 18,3% шамасында.
Пайда болған қиындылықтарға қарамастан, тұтастай алғанда, отандық ғылым жоғары әлеуетке ие, бұл орта мерзімді міндеттерді басым бағыттарда шешудің, өндіруші сектормен қатар, экономиканың шикізаттық емес салаларын іс жүзінде үдіретудің кепілі.
Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді, инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен байланыстылығын күшейте түседі.
Экономикалық өсімді
ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың
маңызды бағыттары – жоғары деңгейдегі
инвестициялық белсенділікті
Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын қажет етеді:
- экономиканың, жоғары
технологиялық үрдістері басым
- іргелі және қолданбалы
зерттеулері мемлекет және
- ғылыми зерттеулерді
бюджеттік қаржыландырудың
- қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін инвестициялауды жетілдіру.[4]
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу мына төмендегі тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
1 «экономикалық мүдде», «ынталандырма», «уәж», «уәждеме», «ынталандыру» категориялары нақтыланды. «Ынталандырма» категориясының екі жақты екені анықталды: біріншіден, объективті (материалды заттық) жағы, оның негізінде экономикалық мүдде қалыптасады; екіншіден, субъективті жағы, аз уәж және ынталандырманың өзара байланыстарын сипаттайды. Экономикалық ынталандыру дегеніміз адамдарды өнімді еңбекке құлшындыратын, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер мен тетіктердің жиынтығы.
2. Тұтынушының жоғары стандарты мен технологиялық дамуы, адамдардан шаруашылық процесінде, тек ғылыми (біліктілік) дайындығы ғана емес шығармашылық басқару қызметтеріне араласуын да талап етеді.
Жұмыскердің еңбек белсенділігін ынталандыру үшін уәждемелер мен ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік принциптеріне мыналар жатады:
- өндірісте материалды ынталандырудан, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды әлеуеттілікті өсіру;
- еңбек және тұрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;
- материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту;
- материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпыландыру.
3. Постиндустриалды парадигма жағдайында еңбекке ынталандыру жүйесі кешенді түрде қарастыруды қажет етеді. Ол үшін мыналар жүзеге асуы
Пайдаланылған әдебиеттер
- Еңбекке ынталандыру мен ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі //Халықаралық ғылыми-тәжірибелік видео-конференция материалдары. ХБУ. -Алматы, 2006.
- Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары //Қаржы-қаражат журналы. –Астана: 2006, №3-4.
- Өндіріс тиімділігін басқарудың маңызды элементі фирма қызметінің нәтижесін бағалау //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Тұран» университеті, 2006.
- Экономикалық ынталандыру жүйесінің қағидаларын әзірлеуді сапалы экономикалық өсу тұрғысынан қамтамасыз ету //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Астана: Д.А.Қонаев атындағы Университет, 2006.
- . «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау //Экономикалық «Аль-Пари» журналы. - Алматы, 2007. - №1.
- Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі
- Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ
МЕКТЕБІ
"экономика" кафедрасы
«Фирма қызметінің экономикалық талдауы» пәнінен
Реферат
Тақырыбы:
«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін талдау
Орындаған: ЭК10К2 Шукурбаева Ж.С.
Қабылдаған: Тұраров Д.Р.
АЛМАТЫ – 2013

- «Қазақмыс ПЛС» компаниясының қаржылық тәуекел түрлері және оларды басқару ерекшеліктері
- Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
- Қазақ-орыс қатынастары
- Қазақстан
- Қазақстан
- Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы
- Қазақстан 2030
- Қазақ зиялыларының шығармаларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу
- Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы
- Қазақ көмірі
- Қазақ КСР-нің автомобиль көлігі
- қазақ қол өнері
- Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
- Қазақ менталитетіндегі толеранттылық негіздері