Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар.

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

                                     Орындаған:Баекина Н.                                                              Тексерген: Тлеубердинов Қ.

 

 

 

 

 

 

 

                                          ӨСКЕМЕН 2012

 

 

 

 

 

Жоспар.

 

 

1. Кіріспе.

1.1 Көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

 2. Негізгі бөлім.

2.1 Қазақстандағы доминанттық партия.

2.2 Қазақстанның саяси партиялар туралы заңы.

2.3  Қазақстандық партиялар қоғам мүддесін білдіре ала ма

3. Қорытынды.

4.Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе.

 

 

Елбасы жолдауында көрсетілгендей, саяси партиялар мен азаматтық  қоғам институттарын одан әрі  дамыту саяси және мемлекеттік құрылыс  саласындағы аса маңызды міндеттердің бірі.

Еліміздегі партиялық  жүйе жайында әңгіме қозғалып  отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпариялық өктемдіктің және  социалистік саяси жүйенің  ыдырауы республикамызда  демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің  қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар  мен қоғамдық бірлестіктердің  қызметіне жол ашты. Яки Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының  мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық ашық қоғам  құра отырып, экономикалық реформалардың алғашқы сатысынан сүрінбей өтті. Соның ішінде жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар жас мемлектте қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. «Қазақстан» энциклопедиясының 5-ші томының беттерін парақтап көрсек, 1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрған екен. Олардың   қатарында «Достастық» азаматтық қозғалысы, «Форум» қоғамы, «Инициатива» әлеуметтік-саяси бірлестігі, «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағы «Желтоқсан» қоғамдық комитеті, «Бірлестік» азамттық қозғалысы, сондай- ақ  қоғамдық бірлестіктердің ірі экологиялық ұйымдары-ядролық  жарылысқа қарсы «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» қоғамдық комитеті деп, міне осылайша тізім тізбектеліп жалғаса береді.

Сонымен қатар, қызметі  тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден  «Ақиқат», «Мемориал», «Әділет» тарихи-ағарту қоғамдары, «Жерұйық» тарихи-этнографиялық бірлестігі жұмыс істесе, қоғамдық-саяси қозғалыстардың  ішінен «Азат» (1990 ж., 1шілде), «Покаление» (1992 ж., 24 қараша), «Лад» (1993., мамыр), «Азамат»  азамттық қозғалысы (1996 ж., 20 сәуір) өз хал-өадірлерінше азаматтық қоғамға арна салды. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің  қалыптасуының келесі  кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), «Қазақстанның болащағы үшін» (1998 ж., ақпан) жастар қохғалысы, «Қазақстан- 2030 үшін» (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998),  «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998) тағы басқалары құрылды. 1989-1994 жылдардың аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік Әділет министірлігінде тіркелді.  1998 жылы олардың саны 1500-ден асты,  ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіпкеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Сол кезеңде аталған қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктердің нақты стратегиялық тұғарнамалары және соңынан ерткен орнықты идеялас электораты  бола қоймаса да олар егемен елде көппартиялық құрылыстың іргесін қалауларымен тарих беттерімен орын теппек. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық біроестіктерді құқықтық жағынан реттеу республикамыздың конституциясында  «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.05.1996) және  «Саяси партиялар туралы» (15.07.2002) заңдарында қамтамасыз етілді.

Қазақстандағы  аталған  саяси партиялар  мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық-құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық  және азаматтық келісім орнатуда осы уақытқа дейін аз қызмет атқарған жоқ, атқара да бермек. Алайда алдына әлемдегі  бәсекеге быранша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде өршіл міндет қойған Қазақстанның  жедел саяси жаңаруына көптеген саяси партиялар мен қозғалыстардың сылбыр әрекеті сай келмейтіні анық еді.

Бұл ретте елдегі саяси  партиялар өз өкілеттіктерін  елеулі түрле кеңейтуге дайын ба, өздерінің  еселеніп отырған ықпалын қоғам  мен мемлекеттің  мүддесіне сай  қаншалықты пайдалана алады деген  заңды сұрақтың туындайтыны жасырын емес. Өйткені өткен тәжірибе көрсетіп отырғандай, осыған дейін Қазақстан қоғамында  көпшілік партиялар тек өздерінің  саяси жетекшілері  мен қаржылық демеущілерінің  мүдделері аясында қызмет етіп келген ақиқат.

Осыған орай Мемлекет басшысы қоғамның барлық буынының қолдауы мен сеніміне  шын мәнінде ие  болған бірнеше ірі бұқаралық партияның құрылуын өмірдің өзі талап етіп отырғанын қадап айтқан еді.

Өзара идеялас партиялардың «Отанның» айналасына топтасу үрдісіне орай бұдан былай қазақстандық партиялық  жүйе қандай болады деген дүдәмәл әңгімелердің туатыны шындық. Бұл сауалға жауапты Президент таяуда Азамттық партияның кезекті  съезінде  өзі айтты. Бәзбіреулер Қазақстанда бірпартиялық жүйе болуы керек деген пікірлер айтып қалатынын, бірақ біздің  бұл жолдан өткенімізді, ондай қадам тұйыққа әкеоіп тірейтінін Елбасы нақты айтты. Сондай-ақ енді біреулер екіпартиялық жүйе тиімді болады десе, келесі біреулер нақты өмірден мүлдем алыс экзотикалық схемаларды ұсынған. Менің көзқарасымша, деген еді Елбасы, мұндай әңгімелерді саяси үдерістер мен партиялық алаңның құрылуын жасанды шеңберлермен шектеуге болмайтынын ескермейтіндер шығарып жүр. Бізге демократиялық стандарттар мен нормалрға  сай келетін партиялық жүйе керек. Біз осындай анық та айқын қағидатқа тоқтам жасауымыз керек. Президент түптеп келгенде, бізде бірнеше қуатты,  бәсекеге қабілетті, көшбасшы  партиялардан құрылған демократиялық көппартиялы тұрлаулы жүйе құрылуы тиіс деп есептейтінін, еліміз басшылық жасауға жауапты  әрі реформаларды жүргізе алатын, халықтың мүдделерін қорғай алатын бірнеше іргелі саяси партиялар болуына қадам жасауы керектігін, жаңа ұйым негізінде  біз шын мәнінде  бұқаралық халықтық партия жасай алатынымызды ашып айтты.

Өткенге көз жүгіртсек  биліктің партиясы саналатын «Отан» өзінің жетіжылдық белсенді бірнеше шағын саяси құрылымдарды  қатарына қосып келе жатқанын аңғарамыз. Мәселен, 1999 жылғы 19 қаңтарда Елбасы Н. Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қоғамдық штаб  түрінде құрылған саяси құрылым, соңыра 1 наурызда  алғашқы съезд өткізіп, сол жиында  «Қазақстанның халық бірлігі» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Либералдық қозғалыс» және басқа да қозғалыстарды  өз қанатының астына алды. Ал 2002 жылы республикалық Еңбек және  Халықтық-коперативтік партиялары  «Отанның» құрамына енді. Сол жылы аталған саяси партияның құрамы 111  мың адамға жетті. Бір қарағанда, бас пария ұсақ шабақтарды  қылғыта беретін  алып жайынға  ұқсап кетуі  әбден мүмкін.

Соңғы күндері  қатар  толысып жатқан  «Отан» партиясының  атын өзгерту  жөніндегі ұсыныстар да қызу талқаға түсіп келеді. Сол ұсыныстардың ішінде    «Нұр Отан»  атауына көпшіліктің  көңілі түсіп тұр.

Саяси сарапшылардың  пікірінше, «Отанға» осыған дейін «Асар» және  Азаматтық партия біріксе, алдағы уақытта Аграрлық партия бір  сапқа  тұрмақ. Сонымен,  «Отанның» кемелдену үдерісі аяқталып, сол тұрғыда толысуға тоқтам жасайтын қазақстандық жаңа іргелі саяси ұйымдармен демократиялық негізде тартысқа түспек.

Жалпы,  «Нұр Отан»  партиясы алдағы  кезеңде Үкіметпен  бірлікте жұмыс істеуді мақсат етеді. Бұл «Әр дәуірдің өз міндеті бар» деп Гейне айтпақшы, тәуелсіз елдің елдік бет-беделін, абырой-даңқын асыру партияның басты міндеті болып табылады.

«Нұр Отан» партиясы еліміздің  партиялық жүйесінде  мүшелерінің саны  жағынан ең ірі партия екендігін, оған қоса сөздің емес, істің партиясы болып отырғанын дәлелдеп келеді. Еліміздің саяси  сахнасындағы  басты билік партиясы да болып саналады. Бұл арада мен мына нәрсені ашып айта кетуді  мақсат етіп отырмын. «Нұр Отан»  партиясы –халықтық партия. Халықтық партия қашан да халыққа  жақын, сол халықтың мүддесін қорғауға, талап-тілектерді мүлтіксіз орындауға ұмтылады. Бұл біздің ең бірінші атқаратын жұмысымыз болып табылады.

Партияның сайлауалды юағдарламасын  әзірлеп, ұсынылған кандидаттардың да бағдарламасы  жасалып, оған көмек көрсету  жағы да ақарастырылмақ . Биылғы жылдың бірінші  жартысында партияның  «Қазақстандық бағыт-2009» бағдарламасының негізінде  әр аймақтың нақты көрсеткіштеріне  сай жұмыстар  әзірленіп, оны іске  асыру жіті қадағаланатын болады.

Әкімдер халықпен бірге  «Нұр Отан»  партиясының алдында да жауапты  екенін түсінсе керек. Себебі, еліміздегі әртүрлі деңгейдегі әкімлердің   2678-і, яғни 90 пайызға жуығы «Нұр  Отан» партмысының мүшелері.

Үшінші щақырылымда  Парламентте депуттардың  90 пайызын құрайтын біздің фракция мүшелерінің  қатысуымен 188 Заң қабылданады. Елбасы Нұрсултан Назарбаев  бәсекеге  қабілетті технологиялар иновациялық  экономканың өзегі екенін  атап айтып, индустриялық-иновациялық дамуға ерекше көңіл бөлу  керектігін тапсырған еді. Осы мәселе де оң шешілуде.

Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуының  басты – басты үш себебін атап өткен жөн.

1. Республиканың саяси  өміріндегі 1989 жылдан кейінгі өзгерістер, яки сан алуан көзқарастар  идеясы, жариялық, саяси еркін ой  т.с.

2. 1991 жылғы Мәскеудегі тамыз оқиғасымен тікелей байланысты. Бұл оқиғаның нәтижесінде Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаны белгілі. Бұл кездегі партиялардың негізгі міндеттері үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауында жеңіске жету, қызмет органдарында көпшілік қолдайтын тәртіпті қамтамасыз ету т.б.

3.Еркіндік синдромы, ол  барлық саяси ұйымдар мен қозғалыстарға  тән.

Міне, нақ осындай себептердің  нәтижесінде 1990 жылдан бастап мемлекетте ең алдымен Социал-демократиялық партия, Одан соң, азаматтық- демократиялық «Азат» қозғалысы қалыптасты.

Қазақстанда 1994 жылғы  парламент сайлауында Әділет министрлігінде тіркеуден өткен 4-ақ партия қатысты. Олар: Қазақстан Халық Конгресі, Демократиялық және «Азат» партиясы, Қазақстан Коммунистік партиясы, социалистер.

1994 жылдың соңында  Қазақстан Халық конгресі партиясы  Республика басшылығына конструктивтік  оппозицияда екендігін жариялағанда, елде тез арада бірнеше жаңа  саяси партия пайда болды. Олар-Ауылшаруашылық  кооператорлары, Демократиялық және Қазақстанның дәуірлеу партиялары, ал Қазақстанның халық бірлігі қозғалысы Қазақстан халық бірлігі партиясы болып қайта құрылды.

Қазақстан енді ғана көтеріліп  келе жатқан демократиялық құрылымдардың  бірі –көппартиялық жүйе. Біреулер «бұрын да бар емес пе» деп компартияны алға тарту мүмкін, бірақ, тоталитарлық қоғамдағы саяси  партияның жұмыс істеу тәсілі де, мемлекетпен арақатынасы да мүлде басқа  және бір партиялық қоғам мен көппартиялық жүйенің  арасы жер мен көктей екенін ұмытпалық. Әрине тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанда бірнеше пария пайда болып, жұмыс істеуге ниет жасаған, алайда, ол уақытта партиялардың  жұмыс істеуіне қажетті  жағдайлар болмаған еді.

Саяси партиялардың  жұмыс  істеуіне және  қоғамның саяси өміріне  араласуына жасалған алғашқы  жағдай-мәжілістен берілген он орын еді. Оған дейін саяси партиялардың  жұмысы қоғамдық-саяси қозғалыстардың мүмкіншілгімен  бірдей болатын. Мәжілістен бөлінген он орын саяси партиялардың арасында  бәсекелестік тудырып, түрлі саяси пікірлердің ашық жарысын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.

Бірінші мәселе: Партиялар  билік үшін күресе ме, әлде билікті  сақтап қалу үшін құрыла ма?

Саяси партиялардың билік  үшін күресетінін бәріміз де білеміз. Әрине билік-негізгі мақсат емес, олар сол билікті алғаннан кейін ғана өздерінің партиялық бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Қысқасы, билік –мақсаты жүзеге асырудың негізгі құралы. Ал Қазақстандағы саяси партиялардың басым көпшілігі билікті алу үшін күресейін деп отырған жоқ сияқты. «Отан» партиясы өздерін үкімет басына  келу үшін құрылды деп ешкімді сендіре алмаймыз. «Азаматтық» не «Ауыл» партиясының да билікті жеңіп алу үшін  құрылмағына анық. Демек, бұлар не билікті  сақтау үшін құрылды, немесе сол биліктің идеологиялық бағытын таратушы ретінде  дүниеге келді  Бұл жерде, өз басым, не саяси пікір алалығын, не билікке ұмтылу сияқты  саяси партияларға тән ерекшелікті көре алмай тұрмын. Әрине билікті қолдау  бағытында саяси партиялардың  құрылуына болмайды деген заң тарапынан бөгет жоқ, сондықтан халықтың бір бөлігінің  көзқарасының көрсеткіші ретінде  ондай партиялардың да өмір сүруіне  әбден болады. Дегенмен билік жүйесіндегі саяси  күштердің бастары бірігіп, бір партияға тотасқаны дұрыс болатын сияқты.

Екінші мәселе: Жетекшілерінң  саяси көзқарастарының  тұрақтылығы.

Саяси көзқарас жылдар бойы  қалыптасатын және азаматтықтың  бір  белгісі болып табылатын ерекше дүниетаным. Бұл біздің де саяси  партиялардың басшылары мен белсенді мүшелері үшін үлгі боларлық мәселе. Партиялық  көзқарастың тұрақтылығы –саяси партияның мақсат-мұратының  тұрақтылығы демек, Қазақстандағы болашақ көппартиялық жүенің  де тұрақтылығы.

Үшінші мәселе: Партия бағдарламалары қандай күйде?

Партияның басты ерекшелігі, оның мақсат-мүддесі-партиялық құжаттардан  оның ішінде бағдарламадан ғана көрініс табады. Өкінішке орай оны оқып-танысып, зерттеп жатқан ешкім жоқ. Оның басты себебі партиялық құжаттардың бір-бірінен айнымайтындығында болса керек. Сөз жоқ демократиялық қоғам құру, адам құқығымен еркіндігін сақтау, халықтың әл ауқатын көтеру, ұлттардың теңдігін ұстану, экономиканы дамыту дегендер -өте тамаша мақсаттар. Бірақ бұлар- бағдарламадан гөрі Декларацияға немесе Манифестке  жақын дүниелер. Ең бастысы бағдарламада сол мақсаттарды жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілмеген. Азаматтар саяси партияларға мүше болғанда  немесе сайлауда дауыс бергенде, ең бірінші болып оны экономиканы  қалай көтеретініне, халықтың әл-ауқатын қалай жақсартатынына қарайды.

Төртінші мәселе: Партиялардың ұйымдық құрылымы мен жұмыс істеу  тәсілі.

Қоғам бір орнында тұрмай, ірқашан қозғалыс үстінде болады. Ал қоғамның саяси өмірі мың құбылып тұратын күрделі дүние. Саяси партиялардың  қоғамдағы рөлі, демократияны қрудағы міндеті  қарапайым азаматтар үшін әлі де анық емес. Оны көрсететін де, дәлелдеп сендіре білетін де партиялардың өздері, олардың іс әрекеттері.

Қазақстан ашық қоғам құру мәселесі барынша кең болғандықтан оның тек  сасяи партиялардың  құрылуы мен  атқарып отырған  іс-шараларына  бағытталған мемлекеттік реттеудің  құқықтық механизмдерін қамтитын тұстарына ғана үңіліп көрелік.

Партогенездің заңдық негздерінің  ішінде  мыналарды ерекше атап өтуге  болады: бұл процесті конституциялық түрде, арнайы заңдармен және сондай-ақ сайлаулық (электоральды) заңдармен  реттеп отыру. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша  идеологиялық және саяси  плюрализмге  кеңінен жол берілген және сонымен қатар азаматтардың  бірігу еркіндігінің құқы қоғамдық бірлестіктердің  заң алдындағы теңдігі жария етілген. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың өзара бірігуіне тыйым салынып, қоғамдық бірлестіктердің мемлекет  істеріне ал өз кезегінде мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің жұмысына  араласуына құқығы жоқ. Бұл нормалардың, мемлекеттік пен жекеменшіктің кең құқығымен қоса алып қарағанда, айқын антитоталитарлық бағыттарда екені күмәнсіз.

1996 жылдың шілде айының 2-де Қазақстанда «саяси партиялар  туралы» заң қабылданды. Саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың өзі міндеттерін нақтылы түрде айқындап алу фактісінің өзін оң құбылыс деп бағалауымыз керек. Өйткені, мұның өзі қоғамдық бірлестіктердің «таза саясаттан» арыла бастауына дәнекер болмақшы. өндірістік және өндірістік-территориялық принциптерді арқаланған ескі тоталитарлық типтегі  партиялардан гөрі заңдағы  территориялық принциптің  бекуі анағұрлым алға  жылжығандық екендігі сөзсіз. Алайда, «Саяси партиялар туралы» заңда міндетті түрде белгіленген мүшелік пен кемі үш мың адамдық тіркеу шегі нормасы өз көрінісін тапқан.

Міндетті түрде  тіркелінге мүшелік нормасы  әдетте авторитарлық және тоталитарлық типтегі  партияларға тән болғандықтан, ішкі ұатал құрылымы бар партиялардың іс- әректтерін айқындай  түседі. Мұның өзі  мүшелерінен міндетті түрде  тіркелуді талап ететін кадрлық күш-қуаты бар партиялардың өз ішкі  құрылымы тұрғысынан бұқаралық  және тоталитарлық реңкілерге барынша боянуына алып келуі  әбден мүмкін. Әрине тиісті тәртіп  стильдерімен қоса  партияны тіркеуде талап етілетін кемінде үш мың адамдық мүшелік бір жағынан партияның ұсақтануына қарсы бағытталса, екінші жағынан оның оталық күшін электоральдық бағыттан, мүшелер құрамын қалайда кеңейте түсу  жолдарына итермелейді, яғни бұқаралық партиялардың құрылуына түрткі болады... Нәтижесінде электоральдық қолдауы жоқ партиялар өздерінен өздері  саяси сахнадан кетуге  мәжбүр болатындай ахуал қалыптасады. Партиялар мәртебесіне үміткер ұйымдар үшін бірден-бір тежеу- сайлауға ұдайы қатысуды  қамтамасыз ету  екендігі шүбәсіз.

Бүгінде қалыптасып отырған  өкілдік жүйесінің  үш негізгі  түрін: мажоритарлық, пропорциоалдық және аралас-таңдау мәселесі де барынша  өзекті екендігі сөзсіз. Қазақстанда  қалың көпшіліктің  мажоритарлық жүйесі орныққан. Үміткер үзілді-кесілді түрде басымдық таныта алмаған жағдайда сайлаудың екінші рет өткізілуі ойға алынған.

Мажоритарлық өкілдіктің басты  артықшылығы-мемлекеттік  өкімет органдарын құру  кезінде белгілі бір аймақ сайлаушыларының көпшілігінің айтқан ұсыныстары мен талап-тілектері  барынша ескеріледі. Ал оның кемшін тұсы деп-мандаттарды бөлуде орын алуы мүмкін әділетсіздік пен тұтас ел бойынша ұзын саны едәуір көп адамдарды ой-пікірлерінң ескерілмей қалуын айтуымыз керек.

Ал пропорционалдық  жүйе болса, әлеуметтік-топтық мүделердің  неғұрлым шапшаң және  ұтымды түрде  белсенділік  танытуына негіз  болып, әр азамттық қоғамның  құрылымдық жүйелеріне  де оң әсерін  тигізе отырып, плюралистік қоғамға өтудің алғы шарттарын қалыптастырады.

Сондықтан да белгілі  бір партиялық жүйе типінің  негізін  қалау жолында  төмендегі екі  мәселеге көңіл бөлген лазым:

  1. Әуелі партогенез процесін пропорционалдық өкілдіктердің

 көмегімен жеделдетуді қолға алып, тек сонан соң ғана партиялық жүйе құрудың коррекциясына  назар аударған жөн. Әрине мажоритарлық принциптің көмегімен. 2)  Басқа да жол бар: бірден партиялық жүйенің құрылуына  бар күш-жігерді салып, мызғымас тұрақтылық пен  легитимділікке жетуге болады.

Сонымен Қазақстан Респбликасында саяси плюрализм мен ашық қоғам институтының қалыптасуына  қажетті белгілі бір заңдылық негіздер мен алғы шарттар қалыптасқан деп айтуға толық қақымыз бар. Алайда, біздің пікірімізше, бүгінгі құқықтық негіз өзінің деңгейі тұрғысынан әлі де толыққанды емес. Ол тек саяси жүйенің  тактикалық түрдегі  тұрақтылығы мен бірлігіне  ғана септігін тигізіп, ұзақ мерзімді стратегиялық дамуды көздеген мұраттарға келгенде оған мұршасы толық жетпей отыр деуге негіз бар сияқты.

Доминанттық партия: әлем елдері тәжірибесінен.

Әлемдік кеңістіктегі дамыған  және дамушы- Жапония, Қытай, Сингапур, Мексика сияқты бірқатар елдерде  көппартиялық болғанымен, ұзақ жылдар бойына белгілі бір партия сол  елде басты саяси күшке айналып, ықпал етуде.

Бұл төмендегі жағдайларға  байланысты жүрді.

Қытай (Конституция бойынша Қытайда көппартиялық жүйе көзделген). Қытай Коммунистік партиясының елде көп партиялардың ішінде жеке дара билік басында болуы алдамен жүйеге қарсы күштердің барлығына байланысты.

Жапония. 1955 жылы құрылған Жапонияның либералды-демократиялық партиясы (ЖЛДП) елу жылдан астам уақыт елдегі басқарушы партия сипатынан танбай келеді. 50 жылғы билік басындағы партия жұмысын зерттей келе, мынадай қорытындылар жасауға болады. Ұзақ жылдар бойына елді басқару барысында мемлекеттік және ұлттық ірі бизнес арасында экономикалық және әлеуметтік салаларда стратегиялық әріптестікке қол жеткізілді. Іс жүзінде партиялар арасында  бәсекелестіктің болмауына қарамастан, биліктің бір партия маңына шоғырлануының әлемдегі үлгісі ретінде Жапонияны қарастыруға болады.

Сингапур. Тәуелсіздік туын тіккен 1965 жылдан бері елде «Халықтың іс-қимыл партиясы» билік етуде. 1954 жылы тәуелсіздікті жақтаушы, социал-демократиялық бағытта құрылған партияның негізін салушы ұзақ жылдар бойына үкімет тізгінін ұстаған Ли Куан Ю еді. 1959 жылдан 1990 жылға дейін үкімет басқарған Ли Куан Ю Сингапурды әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосып, соның нәтижесінде халық бұқарасының қолдауына ие болған партиялық құрылымды да жасады.

Мексика. 1920 жылдан елде ресми түрде көппартиялық бар. Алайда1990 жылға дейін «Институттық-революциялық партия» монополиялық билікте болды. 1929 жылы құрылған кезеңінен 1938 жылға дейін Халықтық-революцияшыл, ал 1946 жылға дейін Мексика революциясының партиясы атауларымен мәлім партия алғашында саясаткерлер мен мемлекеттік шенеуніктерді, үкіметтегі топтарды біріктірген.

Біздің елде жоғарыда аталған тәжірибелерді, олардың  елдің тұрақты және серпінді дамуындағы рөлін қаперге алып, ерекшеліктерді ескере отырып, «Отан» партиясының негізінде жоғарыдағы үлгілерді жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар.

Сайлау туралы заңның өзгеруі, атап айтқанда, Мәжіліске партиялық  тізімдер бойынша 10 депутаттық мандат кіргізу, саяси партиялардың белсенділігін  күшейте түсті. Осы жаңа құбылыстың көрінісі ретінде 1998 жылдың қазан айынан бері 9 бірдей жаңа партияның құрылғанын айтуға болады. Сөз орайында айта кеткен жөн: «ескі» партияларға Қазақстан Халық бірлігі партиясы (ҚХБП), Қазақстан Демократиялық партиясы (ҚДП), Халықтық-кооперативтік партия (ХКП), Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП), Қазақстан Қайта Өрлеу партиясы (ҚҚӨП), Республикалық Саяси еңбек партиясы (РСЕП), Қазақстан Халық конгресі париясы (ҚХКП), Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) мен Қазақстан Коммунистік партиясы (ҚКП) жатады.

Қазақстандық  партиялар қоғам мүддесін білдіре  ала ма

Саяси партиялардың  негізгі  міндеттерінің бірі-қоғамдық мүдделерді жианқату мен оларды  саяси шешімдерді қабылдау  жүйесі шеңберіне  ұйымдасқан және бағытталған түрде ендіру. Сонымен  қатар саяси партиялар  билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал  ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылыдру  арқылы азаматтар қызіргі  заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады.. Партиялар қоғамдық  мүдделерді қалыптастыруда  да белгілі рөл атқарады. 

Саяси партияларға  мұндай сипат демократиялық саясат ауқымында  ғана тән екенін ескеруіміз қажет. Қазақстандық саяси партиялар да өз бағдарламаларында  бұл мәселелерді  назардан тыс  қалдырмаған. Мысалы, Қазақстанның «Азаматтық» партиясы  өзінің ең басты саяси  міндеті ретінде  «бүкіл ел көлеміндегі барлық сайлау науқандарына тиімді қатысуды» көрсеткен. Ал «Руханият» партиясы Президент, Қазақстан Республикасының Парламенті  мен жергілікті  өкілетті орган депутаттарын  сайлауына арналған сайлау  науқандарына  қатысуды көздейді.

Саяси  партиялар бағдарламаларын  талдау негізінде мынадай қорытынды  жасауымызға болады; 1) партиялардың  басым көпшілігінің  әлеуметтік негізі нақты емес; 2)  «Ақ жол», «Азаматтық» және «Демократиялық таңдау партиялары» өздерін азаматтар партиясы деп жариялайды ; 3) өздерін патриоттар партиясы деп аттас партиямен қатар «Ақ жол», «Отан», «Асар» партиялары есептейді; 4) тек «Аграрлық» және «Ауыл» партиялары  ғана өздерінің әлеуметтік негіздерін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлер деп анық көрсеткен.

Қазақстандағы көппартиялық жүйе, әлемдік тәжірибемен  үндесе ме?

Еңбекшілер мүддесін көздеуді мақсат тұтқан Қазақстанның Социалистік партиясы, компартияның атын Социалистік партия деп өзгерту жөніндегі кезектен тыс съездан соң (7 қыркүйек, 1991) республиканың саяси өміріне араласа бастады. Қазан айында бұл партия  Әділет министірлігінде тіркеуден өтті. Кезінде КСП-сының 1586 бастауыш ұйымы 47 мың мүшесі болған. Сондай-ақ партия  Еуразия кеңістігіндегі  Одақты  конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделік танытты. КСП мүшелері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі  социалистік теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болады деп есептеді. Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды.

Қазақстанның Халық  Конгресі   партиясы 1991 жылдың қазан айының 5-де дүниеге келді. Оның құрылтайшылары- «Семей-Невада», «Арал-Азия-Қазақстан», Әйелдер одағы,  Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы, Республика Жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды. Тең төрағалары болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды.

Қазақстанның Коммунистік  партиясы  1991 жылдың күзінде, кезектен тыс XIX съезде дүниеге келді. ҚКП мүшелері өздерін 1903 жылы құрылған РСДРП-ның құықтық заңды мұрагеріміз деп жариялап, осы XIX  съезде партияның атын Социалистік партия деп өзгертушілерге  қарсы шыққан топтан  құралғандар болды. Екі жолғы сәтсіз талпыныстан соң, 1994 жылдың ақпан айының 28-де Әділет министірлігінен тіркеуден өтті. Алғашында бұрынғы ҚКП орталық комитеті жанындағы партия тарихи институтының директоры академик Б.А. Төлепбаев кейін, 1996 жылы сәуір айында ҚКП ОК бірінші хатшысы болып С. Абдильдин сайланды. Қазірде ҚКП қатары біраз өзгерген, Екінші хатшы Сорокиннің орнына  В. Косарев сайланды да  2004 жылы ол және партияның өзге де  11 мүшесі партия қатарынан шықты. Жақында компартияның хатшылығына –Т.Тохтасынов сайланды.

Қазақстанның Республикалық  партиясы 26 ақпан 1992 жылы құрылды, 1999 жылы қыркүйекте яғни сайлау алдында бұл партия  «Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді. Ұлттық бағыттағы   бұл партияға біраз қазақ зиялылырының өкілдері енді. Мақсаты-қазақ ұлтының мүдделерін қорғау деп ашық айтылды. Партия лидері  Сәбетқазы  Ақатай 2003 жылы өмірден өтті. Ол 60 жылдары Мәскеуде қазақ жастары құрған атақты «Жас тұлпар» студенттік ұйымының белсенді мүшесінің бірі болған.

Қазақстан Республикалық  Еңбек Саяси партиясы-«Қазақстан инженерлер одағы» қоғамдық саяси қозғалыс негізінде 10  қаңтар 1996  жылы құрылған. Алғашында 11 облыста бөлімшесі жұмыс істеді. Олар өздері центристік бағыт ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты демократиялық мемлекет құру. Әлеуметтік базасын инженер-техникалық интеллегенция құрады партиялық тізім бойынша  Парламент сайлауына қатысып, 1.38 пайыз дауыс жинады. Алғаш төрағасы  О. Жолдасбеков кейіннен Б.Т. Жұмағұлов болды.

Қазақстанның Халық  Бірлігі партиясы парламенттік партия есебінде Халық Бірлігі одағының негізінде 1993 жылдың ақпан айының 6-да құрылды. Оның алғашқы төрағасы Серік Әбдірахманов болды. 1993 жылғы қазан айынан бастап партияның төрағалығы Қуаныш Сұлтановқа тапсырылды. Одан кейінгі төраға Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ақан Бижанов болды. 1999 жылы науырыз айында бұл партия Отан партиясының құрамына кірді.

Халықтық-Кооперативтік партия өздерін аса ірі таптық және әлеуметтік жіктеулерден ада, негізінде кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден-бір партиясыз деп жариялады. 20 ақпан 1994 жылы құрылды төрағасы У.С. Сарсенов кейін ресми тіркеуден 1995 жылдың ақпан айының 20-да өткен. Төрағасы  бұрынғы Қазақстан Орталық Комитетінің  хатшысы Сәбит Байжанов болды.

Қазақстанның Дәуірлеу партиясы  өздерін парламеттік типтегі партия деп атады. Партия төрайымы болып 1995 жылдың қаңтар айының 27-де өткен құрылтай съезінде Алтыншаш Жағанова сайланды. КДП-басты ұстанар жолы-руханилық пен ізгіліктің қайта жанданып дәуірлеуіне күш салу болды.

Қазақстанның демократиялық  партиясы 1995 жылы 1 шілде айында құрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі  төрағалары президенттің кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сарсенбаев болды. Бұларда 1999 жылы науырыз айында  «Отан» партиясы құрамына кірді.

Республикалық социал-демократиялық  «Отан» партиясы 1999 жылы ақпан айында Алматыда өткен құрылтай съезінде Қазақстанның Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Қазақстанның Либеральдық және «Қазақстан-2030» қоғамдық қозғалыстарының бірігуі барысында құрылды. Партияның әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, ғылыми және творчествалық интеллегенция, орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрады.

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар