Баланың дағдарысы

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

 

                                                                                                                                                   Педагогика  және  психология

                                                                                                   кафедрасы

 

 

Реферат

Тақырыбы

Баланың дағдарысы

                                                                           

                                                       Ғылыми жетекші:

Халықова Ботагөз Төлегенқызы

аға оқытушы магистр

                                                  Орындаған:

Габдуалиева Гулжайсан

Мектепке дейінгі оқыту және

тәрбиелеу мамандығының 1 курс

студенті

                                          

Орал, 2012 ж

                                              

Мазмұны

 

 

1.Кіріспе.........................................................................................................3

 

2.Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.........................................................5

 

3.Баланың үш жастағы дағдарысы.............................................................9

 

4.Баланың жеті жастағы дағдарысы........................................................  15

 

5.Қорытынды..............................................................................................22

 

6.Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі..........................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе:

 

Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе кезінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп санаған.

Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.

Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.

 

Бала тілінің шығуын мұқият бақылаған адам оқулықтарда бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз бала тілінің дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік ортада үлкендермен «тіл табысу» сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана жүретін «тілсіз» кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың тілсіз кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар - сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.

Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.

 

Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада тіл байланысы пайда болады, бұл байланыс баланың «сағат» ген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінреміз.

Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады.

Ж.Пиаженің, А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: «Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.

Белгілі неміс ғалымы К.Штумфтың байқау нәтижелері бойынша бұл мәселенін одан әрі зерттеу жандана түсті. Ол өзінік ерекше дамып келе жатқан баласын бақылаған. Оның баласы алғашқы жылдары (3- 4 жасында) осы тілдің көмегімен 1 және 2 сөйлегенімен әдеттегі өзге сәбилерге ұқсамайтын еді. Бала өзінің маңындағы адамдармен тілдесті, бірақ ол өзінің дербес тілінде жауап берді. Бұл кемелденен тіл болғандықтан (сәби бұлай сөйлеуге бірнеше жыл бойы машықтанады) ол жекелеген-сөздердің бірлігі мен құрылысының күрделі жағын басынан кешірді. Өз тілін пайдаланып жүрген сәби бір күні ата-анасы кешке үйге келгенде баланың күтушісі оның дербестік тілді тастап, кәдімгі неміс тілінде сөйлеп кеткенін хабарлады. Бұл оқиға әдет емес, өзіндік ерекшелік еді. Мұның өзі сәбидің дербестік тілімен сөйлеу кезеңінің бірнеше жыл бойы кешеуілдеп қалуы бала дамуындаға кемістік болатын. Бірнеше жыл бойы кешеулдеп қалу себебінен дербестік тілі енді бұрк етіп дамып кәдімгі қалыпты даму кезеңіне ауысты. Бала сөйлеуіндегі мұндай өзгеріс табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі жайт.

Әрбір сәбидің дамуындаш дербестік тіл шындык фактор. Бұл жайт сәбилік кезеңдегі дағдарыс деп саналады. Алайда сәби алдағы даму кезеңдерінде сөйлеу әрекеттерін ересек адамдарға еліктеу нәтижесінде қалыпты жағдайға түсіп, мұңдай дағдарыс кезеңді женетін болады.

Кейбір авторлар баланың дербестік тілі жайындағы теорияны қатал сынап, бұл тілді тек сәбидің өзі ғана жасайды дейді. Мысалы, В.Элиасберг бала өзгелерді өзінің тілінде сөйлеуге мәжбүр етті дейді. Бұл сәбидің өзінің тілі деп санау қате болар еді. Кейбір ретте бұл дұрыс та сияқты. Мысалы, К.Штумфтың аласы 5 жасында оған айтылған сөздерді жете түсінбесе де, басқа тілде сөйлескісі келді. Алайда бұл тілді әдеттен тыс ерекше не төтенше жағдай деп қарауға болмайды. Өйткені сәби үнемі өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынаста болып, оларға еліктейді.

Баланың дербестік тілінің кейбір ерекшеліктерімен танысып, баланың бірқалыпты және оңдағы кемістіктің пайда болу себетерін анықтаған фактілерді баяндауға кірісейік. Баланың дербестік тілде сөйлеу сатысындағы екінші жылғы өмірінен бірнеше мысалдар келтірейік.

Нона – 1 жыл 3 ай. Оның дербестік тілінде небәрі 17 сөз бар. Солардың ішінде «Мы-к» деген сөз мысықты және т.б. бірнеше заттарды білдіреді. Біздер бала сөйлеуінің өзіндік ерекшеліктерін жүйелі бақылау нәтижесінде олардың сөздерін құрастырып айтуында әр алуан болып отыратын қызықты жайттарды жиі көреміз.

Энтелина – 1 жыл 3 ай, «Ка» деген сөз оның бүкіл дамуында 11 түрлі мағынаға ие болады. Бастапқыда (11 айда) бұл өзі ойнайтын сарытас болды. Содан кейін ол жұмыртқаны, сабынды, бұдан соң кез келген түрлі-түсті барлық тастарды солай атады. Кейін 1 жыл 1 айға дейін ботқаны да осылай атап, кейін келе-келе қанттың үлкен түйірі, бұдан соң барлық тәтті дәмдер, кисель, котлет, қарындаш пен сабын қорабы және сабын да солай аталды. Бұл сөздерде қарындаш пен қалам белгісінің өз аталған заттармен ұқсастығы жоқ. Дегенмен, бұл ретте «қа»қарындаш, қалам сөздерінің «ерсектер сөздеріңдегі осы сөздерің бастапқы буыны. Мұнда дыбыстық ұқсастық бар. Сәби тек қана алғашқы «ка» буынды ғана ұстап қалған.

Кейбір заттар бұл сөздің мағыналық құрамына бір ғана белгісі бойынша, басқа заттар екінші белгісі бойынша енеді. Мысалы, сары сабын түсінің белгісі не сәйкес қалам мен қарындаш дыбыстың ұқсастығы лайықты анықталады. бұл мағыналардың бәрі жалғыз ғана «қа» деп аталатын сөз арқылы бейнеленетін заттар тобын құрайды.

Біріншіден, жоғарыда аталғандай бала тіліндегі сөздердің мағынасы әрқашан белгісіз жағдайға тәуедді. Сәби көрнекі қағдайдан тыс болса, сөз көмегі арқылы ойлай алмайды. Сөйтіп дербестік тіл сатысында сәбидің ойлауы сөздік ойлаудың кейбір қасиеттеріне ие болады. Сондықтан сәбидің сөздік атынасы :өрнекілік пен сөздік ойлау арасындағы байланыс затгық түрінде ұштасқанда ғана оның қажетіне айналады. Бұл орайда дербестік тіл сөздердің мағынасы өзара сабақтасу жағынан бірікпейді. Мысалы, мебель сөзінің орындык сөзімен қатынасы жоқ.

Екіншіден, сөздердің өзара байланысы. Мұндай байланыс тек сәбидің көз алдында тұрған заттардың бірігуі сияқты болып көрінеді. Айталық, поезд келді (пот келді). Олар өз әсерінің байланысын білдіру арқылы ғана сөздер байланыса алады. Заттар арасындағы байланыс бала тілінің осы сатысында әлі де ойлау жүйесіне көне бермейді. Сондықтан ойлау да дербестік қасиетіне ие бола алмайды. Бұл кезенде баланың өз ойын тілдіріп, сөйлеуі негізінен оны таңдану сезімі мен ашу-ызасының ырқында болып, оның ойының мәні айқын көріне қоймайды.

Бала сөзінің сезімдік-әсерлік мазмұнын қалай түсіну ерек? Оның мәнін бала тіліндегі айтылған сөздер біздің таңдану, сезімдік үн қатуымыз мағынасында болады. Осындай ерекшеліктер көңіл-күйі мен ерік-жігер арқылы айқын көрінеді.

Баланың дербестік сөйлеуі оның дамуындары ерекше кезең болып саналатын өмір жолы екенін білдіреді. Соган орай бұл кезеңде баланын сөйлеуі мен ойлау деңгейі де оның даму ерекшелігіне сәйкес болып отыратындығын көрсетеді.

Алғашқы жылғы өмірінде дені сау сәби дербес тілінде сөйлейді. Оның басталуы мен аяқталуы алғашқы жылғы дағдарыс кезеңіне тұспа-түс келеді. Бұған қарап баланың дербес ілін дағдарысқа ұшырау негізі деп санауға бола ма? Менің ойымша, болады. Алайда бұл мәселе әлі де жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан баланың дағдарысқа ұшырауына сәйкес оның бойында жаңа құрылым пайда болып, елеулі өзгерістер болады деп ой қорытуға сын көзбен қарауды талап етеді. баланың дербестік тілі оның дамуындағы бір кезеңнен жоғарырақ кезенге ауысуындағы елеулі өзгеріс екендігі сөзсіз.

Бала тілінін дербестігіне қатысты мәселенің сыры мен астары қабат-қабат екендігіне көзіміз жетеді. Оның дербестік тілінің дамуында өтпелі кезеңіне тән ерекшеліктері барын анықтап, әлі де тілі жетіле қоймаған балада ұзак мерзім бойы сақталып қалатынын көрсетеді. Ондай балалар қатарына ақыл ойы кеміс сөйлей алмайтын мылқауларды жатқызуға болады. Бірақ олардың дербестік тілі, біздің ойымызша, символ-белі) сипатында болып көрінеді. Мысалы, тілі анық шықпаған бал бөтелке деудің орнына «пу-фу» дейді. Сол «пу-фу» сөзі бірнеше түсінікті білдіруі мүмкін.

Генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.

Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.

Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғы дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,

Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз

Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жеке басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.

 

Баланың үш жастағы дағдарысы.

 

Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.

Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бастауымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.

Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді.

Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзғерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың сіне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, оңца ол бұл жағдай өзінін көніліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды.

Біз клиникада өзіміз байқаған мынадай мінез-құлықты мысал етіп келтірейін. Үш жастағы дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4 жасар қыз бала өзін балалар мәселесін талқылайтыи конференцияға ертіп баруды өтінеді. Қыз оған баруға жинала бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан, ол тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып бақты. «Оңда бері келе ғой», – деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен өзін қалдырғанда, ол жылай бастады. Оны ертпегеніме өкпеледі. Бұл орайда оның қасарысып айтқанға көнбеуінен ызаланып булығып ренжу пайда болды. Ол өзінің барғысы келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.

Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына көйлектің түсі қара» десе, ол қарсылық’ көрсетіп, «бұл. көйлектің түсі ақ» дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.

Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған. Екінші ерекшелік – баланың өзінің ашу-ызасына; деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің. көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға үмтылады. Ашу-ызара бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жандайда көрініс табады.

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

Үшінші сәт – баланың қыңырлық кезеңі.

Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлык жекё бастын ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол «ой қойшы!» деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтын қасарысудан айырмашьшығы сол, ол қалайда өзінік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.

Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысы келмейді, онын сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері пайда болады. Мұңдай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екі жақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі. жалғыз бала болғандықтан оның талап-тілектерінің бәрі орындалып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. Бұл көрініс әр түрлі семьяда түрліше болып келетіні байқалады. Жалғыз ғана баласы бар семьада өктемдік етуге ұмтылушьшық кездеседі. Оңдай бала маңындағы адамдарға айтқанын істеп, айдауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап еткенңің бәрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді, өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға билік жүргізу үшін неше алуан тәсілдерді табады. Ол барлық талаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бәріне әмірші болғысы келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те аталады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.

Міне үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез нышандары осындай. Бұл ерекшелікгердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда больш отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық зерттеушілердің назарына іліккен мәселелер.

Осы ерекшеліктер бала тәрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұғын тәрбиесі онша қиьш болмаған бала енді ересектер үшін асырауы қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген түсінікте боласың. Бұрын мәпелеп жүрген «қуыр-шағын» енді қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ әрі өзімшіл тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның семьядағы бүкіл болмыс-бітімі күрт өзгереді.

Бала дамуының сәбилік кезеңінде елеусіз нәрсеге ашу шақырып, маңындағы адамдардың бәріне өз айтқанын істеткісі келеді. Соған орай ұш жастағы дағдарыста екі жақты құбылыс пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне, ойыншықтарына ұрсып кею арқьшы білдіреді. Баланың мұндай қьшықтарын екінші жағынан қарағанда оның өзімшілдік әрекеті мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бойында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланын ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланын өзіне деген қатынасынын өзгергенін көрсетеді.

Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен әрекеттерінде пайда болып отыратын қылықтарынын бәрі оньщ өзіндік өскендігі мен айналасындағыларға тәуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін қасиетгер болып саналады. Мұндай. ерекшеліктердің бәрін кейбір зерттеушілер бала дағдарысьша тан касиет деп атайды. Мен Дарвиннін мынадай пікіріне көңіл аудардым: бала дүниеге келген сәттен бастап анасынан дене мүшесі ғана бөлінеді, бірақ ол анасынсыз тамақтана да, қозғала да алмайды. Дарвин мұны сәбидін биологиялық тұрғыдан дербес өмір сүре алмайтындығы (қалталы жануарларда морфологиялық бейімділігі бар қалтасы бар болады, оған туғаннан кейін төлі орналасады) жайында айтып отыр. Дарвин пікірін жалғастыра отырып, сәби жас кезінде биологиялық жағынан бөлектенеді, бірақ психологиялық жағынан өзін қоршаған адамдардан әлі де бөліне алмайды деуге болады. Берингер 3 жасар бала әлеуметтік жағынан маңындағы адамдардан бөліне алмайды және үш жастағы дағдарыс кезінде ол өзінше ешкімге тәуелсіз өздігінен тіршілік етуге бейімделу сатысына көтеріледі деп ойын тұжырымдайды.

Енді екінші белдеу дейтін мәселенің ерекшеліктеріне тоқталып өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі – сәбидің дербестікке ұмтылу нәтижесінен туындайтын сипаттар. Сәбидің тіршілік ортасындағы әр алуан қарым-қатынастарға іштей назаланады, ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш білдіріп, қақтығызтарға ұшырайды. Осының бәрі баланың бойында ызакорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зөрін төсегіне жіберіп кою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездескен ерекшеліктерін қайталауға мәжбүр болады. Түнгі қорқыныш, жайсыз ұйқы және басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұттықпалық пайда болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып, жерге жата қалып аунайды. Мұның бәрі ішкі дертті қозғағандай болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қьшықтарының бәрі баланың жағымсыз қылығын онымен санаспағаңдыққа қарсьшык көрсетіп, өзімшілдігін өзгелерге білдіру әрекетгері болып табылады.

Үш жастағы дағдарысы өте қиын өткен дені сау сәби 4 жасқа қараған шағында (ол трамвай кондукторының ұлы еді) еліріп, өз өктемдігін өзгелерге жүргізуге бейімделе бастады. Оның талабынын, бәрі орыңдалуға тиіс еді. Мысалы, ол көшеде шешісімен келе жатып оған түкке қажеті жоқ болса да жерде жатқан қағазды анасына алып бер деп талап етті. Сәбиді бізге дерті қозған деген шғыммен алып келді. Оның сұраған затын бермесең ол еденге жата қалып шыңғырады, қол-аяғын сермеп жер соғады. Бірақ бұл көрініс ауруға ұшырау әбігері емес-ті, мінез-құлық түрінің дерекі көрінісі еді. Баланың бұл қылығын бақылаушы маман оның сәбилік кезеңіндегі әрекеттеріне қайта орлауы деп бағалады. Біз бақылаған сәбиде бұл әрекеттер ашуға айналды, өйткені басқаша қарсыласып жанжал шығаруға оның шамасы жеттпейді. Мен мұны үш жастағы дағдарыстын негізгі белгілеріне жатпайды. Мұндай көріністер семья тәрбиесін де баланың мінез-құлқының шиеленісіп, оның қиқарлығы мен өзімшілдік ерекшеліктерін ашу-ызамен көрсетуі болып табылады.

Осы баяндалған мазмұндар баланын даму процесіңце нендей өзгерістер болатындығын және ондай өзгерістерден туындайтын сапалар жөнінде кейбір теориялық тұжырымдар жасап көрейік. Үш жастағы баланың дағдарыстык кезеңі оның мінезіндегі дөрекілік көрсету қылықтары арқылы көзге тұседі. Мұндай дөрекі қылықтарды анықтау мақсатымен тиісті бақылау жүргізіліп, оның себеп-салдары зерттеледі. Мұңдай зерттеушілердің мақсаты бір жағынан дағдарысты кезеннін алдын ала болжап, оны дұрыс бағалауға арналса, ал екінші тараптан сол дағдарыс ерекшеліктерін анықтауда объективті де сипат алуы мүмкін. Біз үш жастағы дардарысты балаңың әлеумеутгік ортадағы қатынасын өзекті мәселе деп санадық. Үш жастағы балада пайда болатын жағымсыз әрекет тіл алмауын дағдарыстың негізгі көрінісі қасарысудан айыра бідмуіміз керек. Сондай-ақ бұл сипат баланық қайсарлығынан да өзгеше бағдарда қарастырылуға тиіс.

1. Баланың бойындағы жағымсыз  әрекет оның ересектер талап  еткен тілектерді орыңдамауынан  басталады. Оның тиісті талаптарды  орындаудан бас тарту себебі  оған қойылған талаптың мазмұнында  емес, баланың сол ересектерге  көңіл-күйінің қатынасына байланысты.

2. Баланың жағымсыз қылығынын  көрініс беруі қойылған талаптан  тәуелсіз түрде пайда болатын  оның өзіндік қылығы, өз ойындағы  мақсатка жету ниеттілігі.

Қасарыс да дәл сондай. Тіл алмайтын қиын балалары жайындағы аналардын шағымы олардың қасарысьш қалатындығын жиі айтады. Бірақ қайсарлық пен қасарысу екі түрлі нәрсе. Егер сәби бір мақсатқа қалайда жеткісі келсе, ол қайсарлық көрсетеді. Бұл қасарысу қылығына ешқандай ұқсамайды. Қасарысу кезіңде бала өзіне қажетсіз нәрсені талап етеді. Бала өз қажетінің болмысы үшін емес, сол кажетгі қалайда талап етіп отыруына сәйкес қайсарлық көрсетеді. Бұл орайда әлеуметгік жағдайдың себебі орын алады.

Баланың дағдарысы