Баланы мектепке баруға қалай дайындау керек?

Баланы  мектепке баруға қалай дайындау керек?

Бұл кеңестер балабқшаға әлі барып жүрген балаларға қатысты.

Ең алдымен  өз үйінде баланың денсаулығын нығайтуға  және дамуына қолайлы жағдай жасаңыз. Баланың қатаң және нақты күн  тәртіпке үйрету: белгілі уақытта  ұйықтау, ұйқыдан тұру, тамақтану, ойын ойнау, оқу және т.б. Күндізгі және түнгі дұрыс ұйқыдан (балалар шамамен 12 сағат) балалар шаршамайды ойын ойнап қана қоймай, сурет салуға, қиюға және үйдегі қиын емес шаруаларды орындайды.

Таза ауаның пайдалы екенін ұмытпаңыз. Күн жартысында балалар түрлі шараларға белсене қатысу (яғни, шамамен 6 сағат) керек. Баланың ата - анасымен бірлескен жұмыстарды жасау тиімді екенін ұмытпай керек. Баланың таңертең жаттығуларды жасау, серуенге, саяхатқа шығу, қол еңбегімен айналысу, жүзуге үйрену және т.б. Балалардың түрлі аурулардан алдын алу үшін шыңығу шараларын жасау қажет. Бұл сізге және сіздің балаңызға ұнайды. Шындалған энергияны қайта қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек.

Баланың мектепке баруға дайын екенін басты көрсеткіші кіші моториканың, саусақтардың  шапшаң қимылдардың дамуына байланысты.

Баланың мектепке баруға дайындау кезінде оны тек  қана жазуға үйретпей, оның қол бұлшықеттерін  жетілуіне жағдай жасау жасау.

Саусау және қол бұлшықеттердің дамуына көптеген ойындар мен жаттығулар қолданылуда:

1. Пластилин  мен саздан мүсіндеу. Бұл өте  пайдалы, тек қана пластилин  мен сазды қолданбай, басқа  да заттардан мүсіндеуге болады. Егер де қыс мезгілі болса,  қардан, ал жаз мезгілінде құмнан  түрлі фигураларды жасауға болады.

2. Түрлі суреттерді бояу. Балалардың салған суретіне назар аудару керек. Олар саналуан бе? Егер ұл бала тек қана көліктер мен ұшақтарды, ал қыз бала қуыршақтарды суретке салса, онда олардың ойлау қабілеті әлі толық жетілмеген. Осындай жағдайларды жлю қажет.

3. Қағаздан бұйымдар  жасау. Мысалы, жануарды орындау.  Балаға желі мен қайшымен жұмыс  істеу керектігін үйрету.

4. Табиғи материалдардан  бұйым жасау: түйіннен, шөптен, басқа  да материалдардан.

5. Құрастыру.

7. Түймелерді  салу және шешу.

8. Бауды, ленталарды байлау және шешу.

9. Шынылардың  қақпаларын жабу және ашу т.б.

10. Пипеткамен  суды сору.

11. Жіптерді, гүлдерді  өру.

12. Қыз балаларға  қол еңбегінің барлық түрлерін  үйрету: тоқу, безендіру, ал ұлдарға  кесу, күйдіру және т.б.

13. Жармаларды  тазалау, бір ыдыстан екінші ыдысқа салу.

14. "Көрсетілім" тақпақтар. Бала тақпақтаың мазмұнын  қол қимылдары арқылы көрсетеді.

15. Көлеңкелі  театр.

16. Доппен, бұрыштармен,  мозайкамен ойнау.

Күнсайын балаларғ осындай шараларға итермелеу! Баланың  қолдан келетін нәрселерді анықтаңыз, өзі істеу керектігін ұмытпаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата- аналардың  МДМ-мен өзара қатынасындағы психологиялық-педагогикалық  құзырлық бағдарламасы

Ата- аналардың  МДМ-мен өзара қатынасындағы психологиялық-педагогикалық  құзырлық бағдарламасы

1Кіріспе.

   Қазіргі уақытта көптеген отбасылары экономикалық, кей кездері физиологиялық қыспақтардан шығу мәселелерін шеше алмай жүрген жағдайларда баланың тұлға ретіндегі дамуы мен тәрбиесі  мәселелерін өздігінен шешуден  шеттеу үдерісі етек алып барады. Ата- аналар көбіне бала тәрбиесін оның жеке және жас ерекшеліктері жайлы  білімді игермей-ақ жүзеге асыруда. Осының барлығы, әрине жақсы нәтиже көрсетпей отыр. ҚР-ның «Білім туралы» Заңының 49 бабында: «Ата-аналар баланы оқыту мен тәрбиелеуде білім ұйымдарына жәрдемдесуі керек» -деп жазылған. Отбасы мен балабақша біздің болашағымыздың бастамасында  тұрған екі үлкен қоғамдық институттар, бірақ  олар  арасында әлі күнге дейін бірін- бірі  түсінушілік, шыдамдылық пен әдептілік жетіспейді.

  Отбасы мен  балабақша арасындағы  түсініспеушіліктің бар ауырлығы балаға түседі. Көптеген ата- аналар баласының балабақшада  немен тамқтанғанын ғана сұрап, балабақша- ол ата-ананың жұмыста болған кезде балаға қарап, бағып, қағатын орын деп ойлайтындығы құпия емес.  Педагогтардың  осындай ата- аналармен  өзара қатынсатырында қиыншылықтар туындауда.  Осы сияқты әкелер мен аналар санасына ой жеткізу де өте қиынға соғады. Кей кездері ата-анаға балақанды тек сәнді киіндіріп, тамақтандырып, оның сұрағанын алып беру ғана ата-аналық парыз емес, өз балаңызбен сөйлесіп, түсіндіріп, оны ойлай білуге үйрету маңызды екендігін жеткізудің өзі оңай емес. Осындай жағдайды қалай өзгертуге болады? Ата- ананы бірлескен жұмысқа қалай жұмылдыру керек? деген сауалдар туындайды.

   Осыған  орай, 2007 жылы «Біздің үй » атты отбасылық клубын құрып, біз балабақша мен отбасының өзара қатынастары мәселелерін шешу бойынша «Балабақша және отбасы» тақырыбында жұмысты бастадық.

   Мектепке  дейінгі мекемедегі педагогтардың  бірден-бір жұмыс бағыты –тәрбиеленушілер  отбасыларымен өзара қатынастар болып табылады.  Туындаған қиыншылықтарды топ тәрбиешісі мен психолог маманының көмегінсіз шешу мүмкін емес.  Балабақша педагогтарының міндеті отбасымен психологиялық түзету, сонымен қатар, отбасындағы жанжалдың алдын алу бойынша жұмыстарды дұрыс құру .

   Балабақша  отбасының орнын ала алмайды,  ол тек өзінің ерекше функцияларын  орындай толықтырады.  Өнегелі  тәрбие жемісі, ол отбасы мен  балабақша арасындағы өзара түсіністік , сенім мен тығыз байланыстағы  оқу-тәрбие жұмыстары.

   Бағдарлама  ата-аналар, педагогтар мен балаларға  арналып әзірленген. Бағдарламаның тұжырымдамалық негізі – үлкен адам мен бала арасындағы әріптестік идеясы болып табылады.  Педагогтардың ата- аналармен жүйелі жұмысы негізінде үлкендер баланың жеке таңдауы мен өз ұстанымына деген құқығын тануды үйренеді. Аналар мен әкелер бала көзқарасының үлкендер көзқарасынан ерекшелігін түсіне бастайды. Бағдарламаға жеке ата-аналар мен балалар және үлкендердің қатысуымен жоспарланған  бірлескен тренинг сабақтары енгізілген.

   Бағдарлама қызметін реттеп, регламенттейтін негізгі  келесі құжаттардан құрылған:

 

1.     ҚР-ның «Білім туралы» Заңы.

 

2.     Бала құқығын қорғау бойынша  Конвенциялар Заңы.

 

3.     ҚР-ның МЖМБС.

 

4.     Ата- аналармен  шарт.

 

Бағдарлама  негізгі бөлім, оның өзектілік негіздемесі, негізгі жұмыс бағыттары мен ата- аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мақсатындағы отбасымен  өзара қатынастар бойынша стратегиясын шығару, адамгершілік пен ізеттілік, әр нәрсеге жеке ыңғайда келу сияқты ұстанымдарынан  құрылып, отбасымен серіктестік қарым- қатынастарды қалыптастырудан тұрады.

2. Бағдарламаның  өзектілік негіздемесі

  Өсіп келе  жатқан адам тәрбиесінің  алғашқы  мектебі-  отбасы. Бала үшін ол -үлкен әлем, ол отбасында сүйіспеншілікке,  шыдамдылық пен қуанышқа, жанашырлыққа  үйренеді. Сәби өмірге қорғансыз және сенімшіл болып келеді. Ол ата- ананың қолынан ұстап алғашқы қадамдарын жасайды, ашық аспанды көріп, мейірімділік пен шексіз бақытқа сенеді.

  Гуманистік  психология өкілдері, психофизиологтар  мектеп жасына дейінгі бала  өмірнде отбасы нағыз негізгі рөл атқаратындығын бір ауыздан қолдап отыр. Тек отбасында адамдар арасындағы  түрлі қарым- қатынастар екекшеліктерін тану процессі басталып, зұлымдық пен мейірімділік туралы түсініктер қалыптасады. Еңбек пен демалыс туралы алғашқы ұғымдар қалыптасып, қызығушылықтар мен қабілеттер дамиды.

  Қазіргі  заманда өскелең ұрпақтың отбасылық  дағдарыс пен отбасындағы тәрбиеден  туындап отырған оның әлеуметтік  ахуалы ерекше үрей тудырып  отыр. Әлемдік қаржы дағдарысы  жағдайында  біздің мемлекетте де көптеген қазақстандық  отбасыларының өмірлік деңгейлері төмендеп, кірістер ажыратылып, ата –аналық тәрбие ұғымы да жоғалуда. Жас отбасыларында туу деңгейінің төмендеп, неке тұрақсыздығы мен ажырасудың  өсуіне  бой салып отырған әкелік және аналық абыройдан айырылу көріністері орын алуда. 

   Барлық  аналар мен әкелер кішкентай  сәбимен жұмыстың маңыздылығын  түсіне бермегендіктен,  мұндай  ата- аналармен қарым- қатынас  құру қиынға соғуда. Сондықтанда  отбасы ертеден әлеуметтік және  мәдени құндылықтарды  сақтап, оны балаға бере білудің өмірлік  ортасы болып қалады.

   Қазіргі  білім беру жүйесі осы мәселелерге  психологиялық- педагогикалық қызмет  және отбасындағы тәрбие беру  жұмысын қайта жандандыру әрекеттерімен  келіп отыр.

  Балалар  шығармашылығы-  баланың оны қоршаған әлем мен өзі туралы көзқарасын, сезімін көрсете білу үдерісі. Үлкеннің бұл үдерістегі рөлі ол баланың қоршаған ортаға деген көзқарасын байыту ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қарым- қатынастар мағынасын түсіндіру. Ата- аналар педагогтар мен  балалардың өзара қатынастарын реттеуші. «Біздің үй» отбасылық клубы мектеп- бақша базасында  құрылған бірнеше отбасы мен мектеп- бақша педагогтарының шығармашылық бірлестігі.

    Отбасылық  клуб - педагогтар қолдауымен бала  бала тәрбиесіне деген жауапкершілік деңгейін көтеру мақсатындағы ата- аналар мен МДМ-нің өзара қатынасының сындарлық түрі.

  Тәжірибе  клубпен әріптестік үдерісінде  ата- аналармен педагогтар арасында  өте жақсы әрі тығыз қатынастар  орнағандығын көрсетті. Балалар  мен үлкендер үшін әріптестіктің мұндай түрі эмоционалдық күйзелістер мен жаңа білім көзі. Клубтағы кездесулер бала әреткеттерін бірдей қабылдай білуге, күйзеліс жүйесіндегі өз орнын түсінуге, рөлдік, іскерлік және тұлғаралық байланыстарды  түсіне білуге іспеттесіп,  жасамақ болған әрекеттері мен тәртібін өзгертеді. Отбасылық клуб мүшелері, ата-  аналар біртіндеп  баласының әуестігімен жақын таныса бастайды: оның қасында болып «күйзелуден» жаңа сезім-  баламен «бірге болу», өзін онымен біртұтас сезіне білуге көшеді.

  Отбасылық  клубтағы кездесулер кезінде баладан не күтуге болады?

1.     Ойындар, этюдтар мен жаттығуларға  белсене қатысу тілегі.

2.     Мейірімділік.

 

 

 

Клубтағы кездесулер кезінде үлкен адамға қандай талаптар қойылады?

1.     Шыдамдылық.

2.     Баламен бірге ойнап, ойынға балаша сену.

3.     Өз балаңды ол қандай болса  да солай қабылдай білу.

4.     Өз балаңызды басқа балалармен  салыстырмау, ешкімге оны үлгі  етпеу.

   Өкінішке  орай, сол уақытта осы талаптарды  ұстану қиынға түседі, ал онсыз  баламен  қатынас мүмкін емес. Отбасылық клуб осы қиыншылықтарды жеңе білуге көмектеседі.

Мақсаты: Балабақша  мен отбасы әлеуметтік әріптестігі  арқылы бала тұлғасының  рухани- адамгершілік дамуы.

Міндеттері:

-         балалар мен ата- аналардың   отбасын жалпыадамгершілік құндылық  ретінде  ұғымдарын кеңейту;

-         балаларда отбасының әр мүшесіне  деген құрметке тәрбиелеу;

-         баланың ішкі күйзелісі мен  қажеттілігін  түсіну бойынша   ата- ананың құзырлығын көтеру;

-         ата- аналардың  танымдық және  эмоционалдық өрісін дамытатын ойын, жаттығуларға үйрету;

-         ата-  аналармен әріптестіктің  әртүрлі формаларын қолдану;

-         олардың беделін көтеруге бағытталған   әлеуметтік маңызы бар балалармен  бірлескен қызметке тарту;

-         ата- аналармен бірлескен қызмет  үшін жайлы жағдай құру;

-         балалар мен оның отбасы мүшелері  үшін жетістік жағдайын, әріптестік  пен мейірімділік атмосферасын  құру.

Ұстанымдар:

  Педагогикалық  ұжымның тәрбиеленушілер ата-  аналары және мекеме арасындағы  әлеуметтік әріптестік ауқымындағы  өзара қатынастары  бойынша қызметі келесі ұстанымдар мен жеке ыңғайларға негізделуі тиіс.

* Педагогикалық  ұжымның тәрбиеленушілер отбасымен  әріптестігі олардың педагогикалық  үдеріске  белсене араласуларын  жорамалдап, білім мен тәрбие  сұрақтары бойынша  ата- аналарға білім таратады.

* Жүйелілік  ұстанымы МДМ –нің білім беру  жұмысында жаңа өзгерістерге  жету мақсатымен біртіндеп өзгерістер  енгізуге бағытталған.

* Орталық ұстанымы. Ең  алдымен балабақшаның заттық  ортасының үлкен маңыздылығын, яғни  қажетті заттар мен ойыншықтардың жеткілікті  болуы мектеп жасына дейінгі баланың жалпы дамуының эмоционалдық өрісіне жайлы әсер етеді.

* Тұлғалық белсенділік  ұстанымы баланың білім беру  үдерісіне  әртүрлі қызмет  түрлері, шығармашылық  тапсырмаларды   орындау арқылы араласа білу деп жорамалдайды.

* Әрекетті ыңғай түрлі  балалар қызметтері, ең алдымен  көркем- шығармашылық, ойындық, қиымылдық  және танымдық түрлерін қолдану  есебімен жүзеге асады.

*  Отбасылық клубтың  ашықтылық ұстанымы қоршаған  және әлеуметтік әлеммен өзара  қатынасын жобалайды. Ең алдымен баланың тәжірибесін (көркем, ақпараттық-  cауықтыру ж\е т.б.) толықтырып, байыта түсетін әлеуметтік, мәдени ұйымдармен қарым- қатынасына  көңіл бөлуді жорамалдайды.

  Ата- аналармен байланыс  құру-  МДМ қызметінің қазіргі  қоғам жағдайындағы  бірден бір талабы. Өзара қатынастар кезінде ата- аналар мен педагогтардың серіктес әрі әріптес болулары маңызды. Жалпы және педагогикалық мәдениеттілікті, тәрбиенің ықпалын көтеру мақсатымен  ата- аналарға түрлі жұмыстарға араласу мүмкіндігі беріледі.

3.Әдістері  мен түрлері.

  Біздің балабақшада  бала тәрбиесі мен дамуына  бірдей кеңістік ұйымдастыру  үшін барлық жағдайлар жасалған. МДМ мамандарының (педагог-психолог, тәрбиеші, ән –күй және бейнелеу  өнері жеткешілері, дене тәрбиесі  нұсқаушысы, медбике) білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысы мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде отбасына педагогикалық көмек көрсете, ата-  ананы шын мәнінде білім беру үдерісіне бірдей жауапкершілікке бейімдеу болып отыр.

  Осындай  мақсатта біз ата- аналармен  жұмыстың белсенді әдістері мен  түрлерін қолдандық:

-  тәрбиеленушілер  отбасына бару;

-  топтық  және жалпы ата- аналар жиналстары;

-  кеңестер;

- ата- аналар  қатысуымен өткізілетін сабақтар;

- ата-аналармен  бірлесе жасаған балалар жұмыстарының көрмесі;

- бірлескен  саяхаттар;

- Қатынасу күндері;

- Мейірімді   істер күні;

- Ашық есік  күндері;

- ата-  аналардың  мерекелерді дайындау мен өткізуге  қатысуы;

- фотомонтаждар   безендіру;

- заттық- дамыту  ортасын бірлесе құру;

- ертеңгілік сәлемдесу;

- топтық ата-  аналар комитетімен жұмыс;

- тренингтер;

- семинар- практикумдар;

- ата- аналар  қонақта;

- Сенім телефоны;

- Сенім поштасы;

- отбасылық  вернисаж.

Жұмыс сараптамасы  немесе қорытынды

  Біз өзіміз  үшін белгілер әзірлеп, оны  ата- аналардың білім беру үдерісіне «кірісу» деп атадық.  Алғашқыда бұл белгілер ата- аналардың топтық іс – шараларға ата- аналар жиналыстары мен кеңестерге қатысуы, ата- аналардың балалар мерекелері, саяхаттар мен тақырыптық сабақтарды дайындау мен өткізуге қатысулары, вернисаждар мен көрмелер, БАҚ беттеріндегі мақалалардың шығуына, «Ашық күндерге» қатысуы және педагогикалық үдерісті жабдықтауға көмектерінің сандық көрсеткіштері болды. Кейін біз өзіміз үшін бастамашыл жауапкершілік- ата- аналардың үлкендер мен балалардың бірлескен қызметінің жемісіне деген қатыстылығы сияқты сапалы көрсеткіштерін анықтадық.

I.      Ата- аналар- мектепке дейінгі  мекеме жұмысының кез келген  құндылығын көре, сүйсіне оқу-  тәрбие үдерісіне қатыса алатын  көшбасшылар.

II.   Ата-  аналар- маңызды жағдайларға қатысатын орындаушылар.

III.             Ата- аналар- сыни бақылаушылар.

   Ата-  аналардың білім беру үдерісіне  қатысушылар ретінде қабылдауын  өзгерту түрлі отбасы түсініктерінің  өзгеруіне алып кеді: педагогикалық   үдерістің белсенді қатысушылары – ол өз балаларының  жетістіктеріне ерекше қарайтындар және қызығушылық танытатындар, бірақ мәселелерді мамандар көмегімен шешуді жөн көретінде; немқұрайлылар, «мені де осылай тәрбиелеген» ұстанымы бойынша өмір сүрушілер.

   Нәтижесінде  олардың шығармашылық бастамаларын дамытуға әсер ететін  ата- аналардың оқу- тәрбие  қызметінің деңгейі көтерілді. Ата- аналар топтағы барлық істердің белсенді қатысушылары, көмекшілері болып бір- бірімен өзара әрекеттесе білуге үйренеді. Нәтижесінде ата- ананың тәрбие беру тәжірибесі байып, отбасының мектепке дайындығы көтерілді.  Бірлескен дайындықтар ата- ана мен педагог, ата- ана мен балаларды , бір отбасын екінші отбасымен жақындастырды.  Мейірімділік атмосферасы топтағы басқа істер үшін де жарады.  Көптеген ата- аналарда өзі білмеген қабілеттері ашылып, жүргізіліп жатқан жұмыс баланың  мектепке дайындығы алдындағы  жан күйзелісіне деген  назарын арттыруда. Ата- аналар мектептегі оқушыға қойылатын талаптармен танысып, тіл дамыту бойынша ұсыныстар беріліп, баланың ақыл- ойын дамытуға іспеттесетін  ойындық жаттығулар ұсынылды.

  Жұмыстағы  еркін бағыт ең қажетті, ең  қызығушылық танытқан  болып табылса,  ұйымдастыру жағынан  ең қиыны  болды. Өйткені, кез- келген  ата- анамен бірлескен іс- шаралар  өз баласының мәселелерін ішкі жағынан көре,  өзара қарым- қатынастардағы қиыншылықтар мен түрлі ыңғайларды салыстыру, басқалардың әрекеттерін көріп, яғни тек өз баласымен ғана емес жалпы ата- аналар жұртшылығымен өзара қатынас тәжірибесін алуға  мүмкіндік бере білетіндігімен түсіндіруге болады.

  Өткізіліп  жатқан жұмыс ата- аналардың   балалармен қарым- қатынастағы  психологиялық- педагогикалық құзырлықтарын  көтеруге мүмкіндік береді.

В.А.Сухамлинский былай деген: «Балалар – біздің еңбегімізден құрылған бақыт. Балалармен сабақтар, кездесулер әрине еңбекті, уақыт пен сезім күшін талап етеді. Бірақ, біз балаларымыз өздерін бақытты  сезініп, жанарлары қуанышқа толмайынша, өзімізді бақытты сезіне алмаймыз емес пе».

Әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасының «Білім  туралы» Заңы, Алматы. «Дастан» баспа үйі.

2.     Ақмола облысы Білім басқармасының  №4, 2010 жыл, БК және ҚДИ ақпараттық- әдістемелік бюллетеньі.

3.     Т.Гордан, К.Роджерс, А.Адлер идеялары.

4.     И.Яшунин «Социально- психологическая  коррекционно- развивающая работа  с детьми дошкольного возраста».

5.     Р.В.Васильев «Формирование исследовательских  навыков воспитателей в условиях  инновационного ДОУ».

6.     Е.А.Резепинаның «Счасливое детство»  тренингтік бағдарламасы.

Пайдалы кеңестер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға мамандардан кеңес

Баланың бала бақшаға  үйренуі

 

Психологтың кеңесі 

Сіздің балаңыз  бала бақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар  мен бір топ балалардың арасына  түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бала бақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Құндылықтарының өзгеруі бала үшін стресс.

 

Бұл неден көрініс  табады?

Баланың эмоционалды  жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;

Дене қызуы көтерілуі мүмкін;

Бала бойында  қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің  жоғалуы мүмкін;

Имунитетінің  төмендеуі, саламағының азюы мүмкін.

 

Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды  жағдайы қалпына келеді. Орта деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында  бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта-қайта шақыру.

 

Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты:

Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін  баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға  аудару жеңілірек, айтқан сөздерді нақты  түсінеді және тыныштандыру оңай.

 

Баланың жасы мен  денсаулығының жағдайына байланысты;

Баланың жекелеген  ерекшелігіне байлынысты;

Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;

Бейімделуге деген  дайындығына байланысты (баланың  басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты).

 

Балаға басқа  ортаға бейімделу кезінде қалай  көмек беру керек?

Кішкентай бала ата-анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата-анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан, баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата-анасы.

 

Баламен өзіне  тікелей қатысты мәселелерді  ашық талқылайды білу керек. Қазіргі  уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, болашақта не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабын екеуара таба білуіңіз қажет. Баланың бала бақшаға тез бейімделіп кетуі үшін, сіз оған алдын ала ақпарат беруіңіз керек. Оған өзінің құрдастарымен араласудың, қаншалықты қазақ екендігін, бала жаңа нәрсе үйренетіндігін айтып көрсету керек. Ең алдымен бала бақшаның іші сыртын толық балаға таныстырып көрсеткеніңіз дұрыс болады. Бұл баланың бойындағы үрей қорқыныштың сейілуіне мүмкіндік береді.

 

Баламен оның күнделікті бала бақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды, оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында бала бақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта пайда болады.

 

Баланың әлемді өз еркімен тануға деген құқығы бар!

Балаға өз пікірін  білдіруге мүмкіндік беріңіз. Ата-ана  тек бағыт бағдар бере алады. Балаға сіздер не қаласаңыздар соны жасау  міндетті емес. Өз ойларыңыздың дұрыс  екендігін дәлелдеп, балаға соны жасатуға тырыспаңыздар. Жаңа ортаға, жаңа әлемге бала өзі бейімделеді. Ол оның бірінші тәжірибесі болады. Бала үшін жаңа адамдар, олардың жаңа тәртіптері бұл – стресс.

 

Әкесі баласын  бала бақшаға алып келгенде: «Балам есіңде бар ма біз екеуіміз не туралы келістік? Қазір екеуімізде онға дейін санап мен жұмысқа, сен бала бақшаға барасын. Ал кешке келгенде күнді қалай өткізгенің туралы айтып бересің жарай ма?» Осыдан кейін баласы әкесін қимай жұмысына, өзі бала бақшаға барады. Бұл дана әкелердің қолынан келетін іс.

 

  

Егер бала бала бақшаға барғысы келмей, жерге  жатып алып жылған жағдайда не істеу  керек?

Ұрыспаңыздар, бұл жағдайға мән бермеуге тырысыңыздар және кемсітпеңіздер. Бұл жағдайдан  үлкен мәселені тудырмаңыз. Шыдамсыздық  білдірмеңіз және ашуланбаңыз. Балаға оны жақсы көретіндігіңізді айтыңыз, бірақ оның бұл қылығы орынсыз екенін барынша түсіндіруге тырысыңыз. Неліктен баланың осыған барғандығының себебін айқындап алып, оның тәрбиешісімен, психолог Атамкулова Динара Сыдыковнамен сөлесіңіз.

 

Баланы қалай бала бақшаға дайындау керек?

Баланың бала бақшаға  баруы эпикризистік кезеңдерге: 1ж 3а, 1ж 6 а, 1ж 9 а, 2ж 3 а, 2ж 6а, 2ж 9а, 3ж түспеуі  керек;

Бала бақшадағы  күн тәртібін алдын ала біліп, баланың үйдегі күн тәртібін соған  ұқсас жасауға тырысу керек;

Балаға алдын ала бала бақша туралы мәліметтерді толығымен беруіңіз керек. Неліктен ол бала бақшаға баруы тиіс, ол жерде қалай, қандай жағдай деген мәселелердің басын ашып балаға түсіндіруіңіз керек. Мысалы, бала бақшада өте әдемі. Ол жерде сен сияқты балалар көп жиналады. Олар ол жерде әр түрлі тақпақтар жаттап үйренеді, қызықты ойындар ойнайды, өлеңдер жаттайды. Тағы олар сол жерде кішкентай орындықтарға отырып тамақ ішеді. Тура ертегідей кішкентай төсектерге жатып ұйықтайды. Бала бақшада күнде жаңа қызықты оқиғалар болады. Ол жерде ойыншықтар өте көп, қуыршақтар театрынан келіп сендерге көріністер көрсетеді. Сен ол жерге барғанда өзіңе көп дос табасын. Мен сен ол жерге барғанада барлығымен жақсы араласқаныңды қалаймын. Бала бақшада қалай уақытыңның өткендігін байқамай қаласың. Сен тамақ ішесің, балалармен ойнайсың, кішкене ұйықтап аласың, сосын тағы ойнайсың ал мен сол уақытта келіп сені алып кетемін.

 

 

Балаңызға әрдайым  оны қатты жақсы көретініңізді, оның сізге ең қымбатты жан екендігін  үнемі айтып жүріңіз.

Балаға бала бақшадағы күн тәртібі туралы қайталап айта беріңіз. Сол кезде балаға бала бақшада оңай болады. Анасының айтқанындай болса балаға ортаға бейімделу тез жүреді.

 

Егер балаңыз  тамақ ішкісі келсе немесе дәретханаға  барғысы келсе ол туралы міндетті түрде тәрбиешісіне айту керектігі туралы түсіндіріп айтыңыз. Және сол тәрбиешісі оған көмектесетіндігі туралы да түсіндіруіңіз керек. Барған кезде ең алдымен балаңызды тәрбиешісімен және тобындағы балалармен таныстырыңыз. Бастапқы кезде баланың тез үйренуі үшін ертерек келіп алып кетіп жүрсеңіз болады. Кейбір балалардың үйренуі қиын болады, сондықтан ата-аналары жарты жылға дейін осындай шараларға баруға мәжбүр болады.  

 

Дәрігердің  кеңесі.

Балаңыздың  бала бақшаға алғашқы уақытта  келген кезде ұйқысы бұзылуы мүмкін. Бала бұл кезде өзін нашар сезініп, тамаққа деген тәбеті болмауы мүмкін. Бұның басты себебі баланың үйреншікті ортасының өзгеруі, тамақ мәзірінің өзгеруіне де тікелей байланысты.

 

Баланы бала бақшаға бару кезеңіне қалай дайындайсыз?

Үлкендермен және өзінің құрдастарымен қалай араласу керектігіне дайындауыңыз керек;

Тербетусіз  ұйқыға үйрету;

Тамақты қасықпен жеуге;

Әр түрлі  тамақ мәзіріне;

Дәретке баруды;

Соскасыз жүруге.

 

Жыл сайын балалар  дәрігерлік тексерістен өтуі тиіс. Егер бала ауырып қалса, онда бала бақшаға жазылғаннан кейін екі аптадан соң қабылдайды. Сонымен қатар балаға барлық қажетті егулерін уақытында жасап тұрғаныңыз дұрыс. Барлық берілген кеңестерді орындайтын болсаңыздар баланың бала бақшаға бейімделу кезеңін жеңілдетесіздер.

 

Баланың бала бақшаға үйренгендігін қалай білуге болады?

Ол үшін келесілерді  байқаймыз:

Ұйқысының жақсаруы;

Тәбетінің жақсы  болуы;

Эмоционалды жағдайының тұрақты болуы;

Үйреншікті  қылықтары мен білімдерінің қалпына  келуі;

Белсенділігінің артуы;

Салмағының  артуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Баланы мектепке баруға қалай дайындау керек?