Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері

Қазақстан Ресубликасының Білім және ғылым министрлігі

 

Қазтұтынуодағы  Қарағанды экономикалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

Тақырыбы: Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері

 

 

 

Орындаған: ________ тобының

студенті  ____________________

 

Тексерген:

____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ 3

1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР 6

2.БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 9

3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП ҚЫЗМЕТТЕРІ 14

ҚОРЫТЫНДЫ 20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

Қосымша А  - Басқарушылық есептің экономикалық мазмұнын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 23

Қосымша Ә  - Басқарушылық есептің мақсаттарын анықтаудағы әр түрлі тәсілдердің салыстырмалы мінездемесі 24

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Экономикасы жоғары дамыған елдерде нарық жағдайындағы ұйымның оңтайлы экономикалық жұмысын  ұйымдастырудың мол тәжірибесі жинақталған, мұны отандық кәсіпорындардың есеп тәжірибесінде пайдалану өте  қажет. Ұйымды басқару теориясы мен  тәжірибесінің шетелдік жетістігінің бірі басқарушылық есеп болып саналады.

Басқарушылық есепті ұйымдастыру  мен жүргізу ұйым басшыларының жедел  және стратегиялық шешім қабылдауына  керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру және ұсыну процесі  болып табылады.

Бұл анықтама халықаралық  стандарттарға сай және ұйымды басқару  үшін есептің мәні мен мазмұнын ең толық сипаттайтын түсінік. Осыған сай басқарушылық есеп ұйымның, оның бөлімшелерінің қызметін стратегиялық басқаруды, бағалауды, кәсіпкерлік  қызметті жоспарлау мен бақылауды, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын  оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы бизнесті басқару үшін қажетті ақпаратты  жедел қалыптастыру мен пайдаланудың барлық жүйесін қамтиды. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі, оның ішінде ұйымды басқару үшін пайдаланатын бөлігі басқарушылық есебіне кіреді.

Ғалымдар мен экономисттердің  арасында басқарушылық есепті бухгалтерлік есеп жүйесінде және онан тыс та қарайтын әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы жылдары басқарушылық есеп кәсіпорын қызметінің қаржылық есебімен, яғни шығындар мен қаржылық нәтижелер, борыштық талаптар мен міндеттемелер, материалдық қорлар мен төлем  тәртібін бақылаумен ғана шектеледі. Бірақ  өндіріс, өткізу және жабдықтау, сонымен  қатар басқарушылық шешімдердің  тиімділігін бағалау, оның ішінде кәсіпорын  үшін маңызы жағынан кем түспейтін  өндірістік инвестициялармен байланысты шешімдер басқарушылық есеп өрісінен тыс қалып қалады.

Басқарушылық есеп шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша  басқарылатын әрбір объектінің есептік  жүйесі, жопарлауы, бақылауы мен шығындары  туралы мәліметтерді талдауы болып  көрінуі, соның негізінде ұзақ және қысқа мерзімді уақытқа ұйымның  қызметін оңтайландыру мақсатында әртүрлі  тиімді басқарушылық шешімдерін жедел  қабылдау үшін ақпараттың негізі болып  саналады. Себебі бұрын бухгалтерлік қызмет ешқашан жедел және стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендіру, жабдықтау, өндіріс пен өнімді өткізуді басқару  үшін ақпараттарды дайындаумен айналыспаған. Бірақ, соңғы кезде экономикалық ақпаратты қалыптастырудың компьютерлік жүйесі көп жылдар бойы өндірістік – шаруашылық қызметті жоспарлау, болжау, есепке алу және талдау арасындағы көбіне шартты түрде болатын кедергілерді жойып жіберді.

«Басқарушылық есеп» түсінігі (management aceounting) ағылшын тілінен аударылған және біршама қарама қайшылықтарға  ие. Мәселен, басқарудың классикалық  теориясы тұрғысы бойынша кез  келген есеп басқару функциясы болып  табылады. Сондықтан бұл анықтама басқарушылық есептің толық мазмұнын сипаттай алмайды. Сонымен басқарушылық есеп сұрақтарын теориялық және тәжірибелік  жағынан қарастыру кезінде ғалымдар мен сараптаушылар арасында оның пәндері мен ұйымдастыру жолдары  туралы әртүрлі көзқарастар мен  ұғымдар бар.  Бұл іс жүзінде  батыс пен отандық экономикалық-басқарушылық пәндер саласына екі салыстырмалық  көзқарасқа байланысты болады.

Басқарушылық есеп құрамдас бөлік ретінде XX  ғасырдың 50-ші жылдарында құралды. Осы уақыттан бастап ол АҚШ-тың, соңынан әлемнің басқа елдерінің  университеттерінде менеджерлер үшін міндетті оқу курсына айналды.

Есепті-аналитикалық шетел  әдебиеттерінде басқарушылық есепті ұйымдастыру  теориясы мен тәжірибесіне жеткілікті көңіл бөлінген. Соңғы жылдары  Қазақстанда орыс және қазақ тілдерінде біршама монографиялар, оқулықтар  мен статьялар, сонымен қатар  басқарушылық есеп бойынша әйгілі еңбектердің  аударма басылымдары шықты.

Басқарушылық есептің  принципиалды ерекшелігі шығындар мен  табыстарды тек жалпы  кәсіпорындар бойынша ғана емес, сонымен қатар оларды ұйым ішінде қалыптастыру орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша анықтау болып табылады. Ол өз алдына менеджерлердің жауапкершлігін арттырып, өнімнің тиімділігіне әсерін тигізеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жағдайда басқарушылық жұмысын  бюджеттеу, жоспарлау, талдау, бақылау  және жетілдіру үшін кез – келген ұйымның басқарушылық есебін жүргізудің қажеттігі мейлінше маңызды. Оның үстіне, нарықтық экономиканы қалыптастыру міндеті халықаралық рынокқа  шығу үшін экономикалық дамудың көптеген пайымдамаларын халықаралық стандарттар  тұрғысынан қайта қарауды қажет  етеді.

Басқарушылық есепті қалыптастырудың  маңыздылығы Қазақстанның әлемдік  нарықтық қоғамдастыққа кіруіне  және соған орай басшылықтың белгілі  бір шешім қабылдауы үшін қажетті  ақпарат алуына мүмкіндік беретін  басқарушылық есепті ұйымдастыруға  жаңа талаптар қойылуына байланысты болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты  басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері қарастыру. Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Еесептік ақпараттарды қолданушыларды анықтау;

- басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттерін қарастыру;

- басқарушылық есеп қызметтерін айқындау.

Жұмысты жазудың әдістемелік  негізі болып бухгалтерлік есеп  саласындағы Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, отандық және шетел ғалым-экономистерінің оқулықтары, кезекті басылым мақалалары табылады.

Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші есептік ақпараттық қолданушылар және олардың түрлері қарастырылады. Ал екінші бөлімде басқарушылық есептің мақсаттары мен міндеттері анықталды.. Үшінші бөлімде басқарушылық есептің негізгі қызметтері қарастырылды.

 

 

1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР

 

 

Нарықтық экономика кезінде  бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:

  • ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын құрамындағы пайдаланушылар;
  • сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар. (кесте 1)

 

Кесте 1 - Есептік ақпаратты қолданушылар

 

Экономика түрі

Пайдаланушылар

 

ішкі

сыртқы

Әкімшілік

Кәсіпорын әкімшілігі

Салықтық органдар, министрліктер, статистика органдары мен басқадай мемлекеттік органдар

Нарыктық

Кәсіпорынның басқару қызметкерлері

Инвесторлар, қызметкерлер, қарыз берушілер, жабдыктаушылар, сатып алушылар, мемлекет, коғамдастык


 

Ішкі пайдаланушылар - жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық деңгейде қолданатын басқару қызметкерлері; меншік иелері, құрылтайшылары, директорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік [1,10 б].

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сыртқары пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері (басшылығы) дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретін, ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.

Бухгалтерлік есептің  тармаққа бөлінуінің қызықты концепциясын «Бухгалтерский учет в зарубежных странах» кітабының авторлары береді. Олардың  пікірлері бойынша, алғашқы ақпараттың тағайындалуының өзі есептің  түрлерге бөлiнуiне негіз болады. Есептің  алғашқы өнімі болып « есеп жүйесінің ішкі құрылымында табылатын, ақпараттардың мазмұнынына байланысты дәстүрлі түрде  қаржылық, басқарушылық және салықтық есеп бөлiнедi, олар есептің  жалпы жүйесінің тармағы ретінде  немесе жеке жүйе ретінде қарастырылуы мүмкін» [3, 24 б].

Сонымен қатар кәсіпорында  бухгалтерлік есеп тармағын құру процесі  суреттелген сызба 1-суретте берілді.

 

       Ақпаратқа тапсырыс


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Ақпаратты пайдаланушылар үшін есеп өнімі ретінде [3, 25 б].

 

Суреттен көргеніміздей, мәлiмет шығуында құрылған ақпарат  басшылар тарапынан сүзгіге (фильтрация) ұшырайды, әр бірі тек бір ғана пайдаланушының, жеке басшылардың қолдануына рұхсат етілген және бір мезетте бір  бірінен оқшауланатын, ақпараттардың  жеке кесіндісінің пайда болуын шарттайды.

Осы сызбаға сүйене отырып, авторлар басқарушылық есептің экономикалық мазмұнын жүйелі тәсіл көзқарасында ашады: «Шешім қабылдау үшін, басқару  аппараты қолданатын, бухгалтерлік ақпараттың бөлігі, басқарушылық есеп деп аталатын, бухгалтерлік есептің шартталған жүйесі арқылы жасалады» [3, 24 б].

Тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: бар және болуы ықтимал инвестициялар, банктер, жабдықтаушылар, жалдамалы еңбеккерлер және т.б. Қаржылық есептің мәліметтері бойынша олар ұйымның қаржылық келешегі мен төлем қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды, мысалы:

- инвесторлар өздерінің  күрделі қаржы салымынан экономикалық  қайтарымдылық пен тәуекелділікті бағалауы тиіс;

- банктерге несиеленген  қаражат қайтадан өзіне оралатындығын,  несиелер бойынша проценттер мерзімінде төленуі-төленбеуін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер керек;

- жабдықтаушылар және  басқа кредиторлар оларға тиісті  сома уақытында төлену-төленбеуін  білуі тиіс;

- сатып алушылар ұйым  қызметі туралы, әсіресе егер олар ұзақ мерзімді негізде байланысты болса, ақпарат алуға мүдделі;

- жалдамалы жұмысшылар  өзінің жұмыс берушісінің жағдайы  тұрақтылығы мен пайдалылығы  туралы, ұйымның оларга әлеуметтік игілік беруі, жұмысқа қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы мәліметгер алуы тиіс.

Жанама қаржылық мүдделі  сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: мемлекеттік және муниципиальды мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, салықтық және қаржылық органдар, мемлекеттік статистика органдары, аудиторлық ұйымдар мен басқа пайланушылар (қоғамдық ұйымдар, қор биржалары, ғылыми кеңесшілер және т.б.).

Мемлекеттік органдар мен  олардың ұйымдарын ресурстардың орналасуы ұйым қызметі қызықтырады. Оларға ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік реттеу салықтар мен салық саясатын белгілеу, әр қилы статистикалық көрсеткіштер мақсаты үшін керек.

Қоғамдастық ұйым қызметінің тұтастай экономикалық және әлеуметтік ахуалына азаматтардың өміріне (мысалы, ұйым жұмысқа қамтуда ұлғайтып, табиғат  қорғау шараларын жүргізіп, аймақтың экономикалық өміріне елеулі үлес қосады) ықпал етуін бағалау үшін ақпарат  алуға ынталы.

Басқа сыртқары ақпарат пайдаланушыларға карағанда, салық және қаржы органдары есептік қана емес, басқа да салық телеудің дұрыстығын тексеру үшін қажетті; ұйымның басқа да есептік ақпаратын алуға құқылы.

Басқа сыртқары пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп мәліметтері, әдетте ұйымның қаржылық жағдайын бағалау  үшін қажет. Олар бұл мәліметтерді тікелей  ұйымнан немесе мемлекеттік статистика органдарынан ақы төлеп ала алады [4, 56 б].

Нарықтық экономика жағдайында толық шаруашылық және қаржылық дербестік берілген кәсіпорынды басқару процесі едәуір қиындады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп жүйесі алдындағы тұрған міндеттер де күрделенді. Әкімшілік жүйенің бухгалтерлік жүйесі бүгінде қазіргі замандағы «ақпараттық» кәсіпорынның талаптарын қанағаттандыра алмаушы еді. Жаңа айтылғандай, бухгалтерлік қызметтің дербес саласы жағдайында қаржылық және басқару делініп бөлінетін басқару есебі сөзсіз болады.

Қаржылық есепте кәсіпорынның нарық субъектісі ретіндегі шаруашылық серіктерімен, банктермен, салық жүйесімен және басқа сыртқы ұйымдарымен шаруашылық қатынастары, яғни кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты сыртқы бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері болып көрсетіледі, өңделеді және жинақтап қорытылады.

Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның комме-циялық құпиясы болып табылады.

Сонымен қатар, баскару есебі  әдетті бухгалетерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға (мемлекет, банк, іскер серіктерге) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Сондықтан егер бухгалтер есеп беру мен нұсқаудың түрлерін қатаң сақтауға тиіс болса, ал басқару есебі жөніндегі маман талдаудың түрлерін, тәсілдері бастысы - кәсіпорындағы экономикалық процестер барысының мәнін дұрыс ұғыну мен басшыға уакытылы кеңес беру. Басқару есебі - жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау жүйесінен басқа ештеңе емес.

Басқару есебін назар үйіру деп те айтуға болады. Сонымен қатар уақыты шектеулі менеджерлерге өздері білетін немесе күтетіні жайлы тыңдайтын уақыты жок. Олар барлығын бақылай алмайды, сондыктан оларға жоспар бойынша жүріп келе жатқан істер жайлы ақпарат маңызды емес, яғни басқару есебінің мәні - түзетуді талап ететін өрісті айқындау.

Қаржылық есептің басым  міндеті - алғашқы бірінші топтағы  есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.

Бухгалтерлік басқару  есебінің міндеті - екінші және үшінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өндіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.

Сонымен, басқару есебі  есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шыгыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің  қорытындыларын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.

 

2.БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Басқарушылық есептің  экономикалық мазмұны оған тән мінездемелер арқылы ашылады, олар: икемділік; соңғы  нәтижеге нақты бағыттылық; өзіндік  құнның әр түрлі категориясымен қызмет; шарттылық, автономдық [5, 120 б].  Біздің пiкiрiмiзше, бұл мінездемелер кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру қағидаларын анықтауда ғылыми мәнге ие болады.

Белгілі қазақстандық ғалымдардың  бірі, академик С. С. Сатубалдин басқарушылық есептің экономикалық мәніне, оны  өндіріс шығындарын басқарумен тікелей  байланыстыра отырып, ерекше анықтама береді; «басқарушылық есеп – менеджерді, ағымды және стратегиялық жоспарлау, ресурстарды  тиімді пайдалану және компания мен  оның бөлімшелерінің қызметін бағалау  мақсатында шешімдер қабылдауға қажет  ақпаратпен қамтамасыз ететін, компанияның  өнімінің шығындарын басқару тармағы» [2, 26 б].

Сонымен қатар С. С. Сатубалдин В. Николаевамен берген анықтамасымен,  «Компаниядағы басқарушылық есеп - фирманың басқару аппаратын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында, шешім қабылдауға қажетті мәліметтермен  қамтамасыз ететін жүйе» [2, 26 б]. Бұл басқарудың жеке жүйесі емес, шығындарды басқарудың тармағы деген түзету енгізе отырып келіседі.

Қазақ тіліндегі әдебиеттерге келетін болсақ, ең бірінші болып 2002 жылы Т.Тасмағанбетовтың «Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау» деп аталатын кітабы жарық  көрді. Ол «басқарушы», «басқарушылық  шешім» терминдеріне сүйене отырып «басқарушы есебі» терминін енгізді. Ал Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының оқу  бағдарламаларында «Управленческий  учет» пәні «Басқару есебі» деген  атаумен оқылады,  біз егер оларды синоним терминдер деп есптеуге болатын болса,  «Басқарушылық  есеп» терминін басшылыққа аламыз.

Т.Тасмағанбетов өзінің монографиясының  мақсатын төмендегiдей анықтайды: «... бұл еңбекте басқарушы есепті жас экономикалық ғылым (оқу құралы) ретінде жаңаша тұрғысынан көрсетуге  талпыныстар жасалып отыр» [10, 4 б]. Осы жерде басқарушылық есептің экономикалық мазмұны мен мақсатын анықтайды: «бір жағынан, басқарушы есеп - бұл шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан,-қызметтерді (жұмыстарды) жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс әрекет. Осыдан келіп, басқарушы есептің мақсаты болып, өткен құбылыстарды талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан басқарушы есепті кей кезде болашаққа талдау жасау деп те айтады» [10, 4 б]. Соңғы сөйлемде осы орайда В.Палий мен Р.Вандер Вил айтқан келесі ой пікір қайталанатын сияқты: «Басқарушылық есептен міндетті түрде болашаққа және істің барысына әсер ету үшін не істеу керек екендігіне көңіл аудару талап етіледі. Өткенді өзгертуге болмайды, бірақ оны болашақта басшылыққа алу мақсатында зерттеуге болады» [6, 89 б].

Т. Тасмағанбетовтың әдебиеттерде жиі кездесетін басқарушылық есептің: экономикалық мазмұнына байланысты: «Сондықтан, авторлардың көпшілігінiң  жорамалы бойынша, ең қарапайым түрде  баяндап жазғанда басқарушы есебі  жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі кәсіпорын басқарушыларының басқару  шешімдерді қабылдауы үшін, қажет  көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады делінген. Егер бұл тап осындай  мазмұнда болса, онда ол бірден-бір  зерттеушілердің пікір таласын  туғызбайды» [10, 12 б]   деген пiкiрiмен  келіспеуге болмайды.

Басқарушылық есептің  мәніне қатысты әр-түрлі көзқарастарға  талдау жасай отырып, Т.Тасмағанбетов  «... осы күнге дейін нарықтық жағдайда, жарық көрген әдебиеттерде «басқарушы есептің» тұжырымдалған ұғымы жоқ» деген пiкiрге тоқталады және терминнің  экономикалық мазмұнын былайша ашуды  ұсынады: «Біздің пікірімізше, басқарушы  есебі - бұл экономикалық интегралданған есептеулердің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізінде (базасында) кәсіпорындардың қызметтерін белгілі  бір бағытқа бағыттау үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін  жасау» [10, 13 б].

Қазақстандық есепті-аналитикалық әдебиеттерге талдауды жалғастыра отырып В.В.Радостовецті атамауға болмайды, ол бухгалтерлік есептің отандық мектептерінің  негізін қалаушылардың бірі, оның оқулықтары қазіргі кезде кәсіпорында  бухгалтерлік есепті жүргізудің  теориясы мен тәжірибесінiң классикасы болып  отыр. Оның басшылығымен авторлар ұжымы  «өндірістік есеп» пен «басқарушылық  есеп» терминдерін теңдестіреді: «Орта және ірі кәсіпорындарда бухгалтерия  құрамында өндірістегі шығындарды есепке алу және өзіндік құнды  калькуляциялау үшін екі бухгалтерия  құралады: қаржылық және өндірістік (басқарушылық). Өндірістік (басқарушылық) бухгалтерия..... өндіріс шығындары туралы мәліметтерді жинақтайды, өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялайды, шығындар нормасы  мен нормативтерін жасайды және олардың жүзеге асуын бақылайды, ішкі өндірістік есептеулерді құрайды, өндіріспен байланысты басқа да есепті, нормативті, жоспарлы және аналитикалық жұмыстардың (қызметтердiң) басқа көлемін  анықтайды»                  [11, 356 б].

Басқарушылық есебінің экономикалық мазмұны мен мақсаттарына қатысты  шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау нәтижелерін А және Ә қосымшаларын біріктіруге болады. Кестеден көріп отырғандай Ч. Хорнгрен, ДЖ. Фостер, В. Б. Ивашкевич, С. С. Сатубалдин пікірлерімен бөлшекті келісуге болады, өйткені  басқарушылық есебінің экономикалық мазмұнына байланысты айтылған пікірлердің қайсы бірі біздің пікірімізбен сәйкес келеді, Ал Т. Тасмаганбетовтың пікірімен келіспеуге болады. Өйткені, біздің пiкiрiмiз бойынша басқарушылық есептің экономикалық мазмұны төмендегідей: «Басқарушылық есеп – бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, атап айтқанда, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен  қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген және интеграцияланған бухгалтерлік есептің бөлігі. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, интерпретациялауды, беру мен қабылдауды қамтиды». Бұл анықтама мүмкіндігінше А-қосымшасындағы кестедегі біз толығымен және бөлшектеп келіскен немесе келіспеген нұсқаларды есепке алады.

Біздің пiкiрiмiзше басқарушылық есептің мақсаты фирманың ішкі пайдаланушыларына, жедел және ағымды, сонымен қатар кәсіпорынның болашақ дамуы сипатында оптималды шешімдерді қабылдау үшін, ақпаратты дайындау және уақытылы беру болып табылады.

Басқарушылық есептің  мiндеттерiн анықтаудың әр – түрлі  тәсілдерін салыстырмалы талдауға келсек, онда барлық авторлар үшін  уақыт  өткен сайын басқарушылық есеп мiндеттерi  шеңберінің кеңейгені дау туғызбайды.

Бірқатар елдерде «шығындар  есебі» түсінігі, мысалы ТМД елдерінің  есепті-аналитикалық әдебиеттері мен  тәжірибесіне қарағанда, кең көлемде  қарастырылады және осыған орай олар шешетін тапсырмалар шеңбері  де кең. Бұл түсінік тек құжаттауды, шоттарда нақты жұмсалған шығындарды сипаттау және өнімнің калькуляциясын жасау түсініктерін ғана емес, сонымен  қатар ішкі басқару бойынша стратегия  мен тактиканы мәліметпен қамтамасыз етуді де қамтиды. Кей кезде мұндай есеп өндірістік есеп ретінде болады.

Біздің пiкiрiмiзше, басқарушылық есептің алдында тұрған мiндеттердi шартты түрде екі топқа бөлуге болады, бұл бухгалтерлік есептің осы тармағының қалыптасу және даму ерекшеліктеріне байланысты.

Мiндеттердiң  бірінші тобы әлемнің экономикалық дамыған елдерінде бухгалтерлік есептің қалыптасуы калькуляциялық (өндірістік) есеп базасында жүргізілді, сондықтан оның негізгі мазмұнын өндірістегі шығындардың есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау құрайды.

Академик С. Сатубалдин былай дейді: әлемдік тәжірибеге  сүйенсек,  кәсіпорынды тиімді басқарудың мәні артқан сайын, өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау (өндірістік есеп) басқарушылық есепке өзгереді [2, 25 б]. Және Чарльз Хорнгреннің көзқарасы бойынша  «басқарушылық есеп өндірістік есептің көптеген кемшіліктерін жойды, осы есеп әсер ете алатын, шешімдерді пайдаланудың потенциалды мүмкіндіктері анықталады» [5, 24 б].

Сондықтан да басқарушылық есептің  алдында тұрған мiндеттердiң бірінші  тобына, өндірістік есептің құрамына енетін, келесі мiндеттердi енгізуді ұсынамыз:

  • Шығындарды, олардың пайда болған орны бойынша есепке алу;
  • Нормаларды, нормативтерді, стандарттарды жасау және олардың орындалуын бақылау;
  • өнімнің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау, белгіленген нормалардың нормативтерден, стандарттардан ауытқуын анықтау және талдау;
  • аяқталмаған өндірісті бағалау;
  • өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын және оларды өткізу нәтижелерін калькуляциялау;
  • ішкі өндірістік есеп беру жасау.

Мiндеттердiң екінші тобы, басқарушылық есептің, басқару процесі мен есеп процесін байланыстыратынымен шартталған, кәсіпорынды  басқару қызметін тиімді атқаруды қамтамасыз етеді.  Осы жағдайларды есепке ала отырып, бұл топ, біздің пiкiрiмiзше келесі мiндеттердi қамтуы керек:

  • жауапкершілік орталықтары, құрылымдық бөлімшелер, қызмет сегменттері және т.б. бойынша шығындарды теңдестіру, өлшеу, тіркеу, жинау, жүйелеу, бағалау және талдау.
  • кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің, сегменттердің, жауапкершілік орталықтарының және т.б. шығындары, өндіріс көлемдеріжәне өнімді өткізуі, тұтынылған ресурстар мен тиімді жұмыстары туралы смета мен ішкі есеп берудi  жасау;
  • пайдаланушылардың әр-түрлі топтарының сұрауы бойынша мәліметтерді жинақтау, жіктеу негізінде және есеп түрлері (қаржы, басқарушылық, салық) бойынша есеп берулердi  ұсыну;
  • шығындар, сату көлемі мен кәсіпорынның пайдасы арасындағы қатынасты талдау;
  • бағыттар, бөлімшелер, сегменттер, жауапкершілік орталықтары және т.б. бойынша қызмет (жұмыс) нәтижелерiмен кiрiстi жоспарлау, есепке алу және талдау;
  • есеп әдістемесi, екі қайтара жазу қағидасы мен бухгалтерлік шоттарды пайдалану негізінде фирма ішінде бухгалтерлік жоспарлау.Осындай жоспарлаудың нәтижесі кәсіпорын болашақ дамуының параметрлерін есептеу болып табылады, олар бухгалтерлік баланста, қаржы нәтижелерінің есебінде, ақшалай қаражаттардың қозғалысының есебінде болжау көрсеткіштері түріне жинақталады және т.б.

Осылайша, қоғам қызметі  күрделенген сайын есеп те күрделенеді,  қоғамның әрбір даму кезеңіне тән  есептің өз жүйесі қалыптасады, оның  жаңа тармақтары пайда болады.   Дәстүрлі түрде, есептің ішкі тармақтарға  бөлінуi, қалыптасу процесінде қаржы  және басқарушылық есеп қалыптасуына әкелдi, ол ең алдымен, осы есептің  түрі жасайтын  мәліметтерді «сатып алушылармен» шартталған. Салық есебіне  келсе, ол заң органдарының қалауы бойынша, салық жүйесінің өнімі ретінде  жасанды бөлінді,  оның болашағы – ғылыми негіздемеде.

 Бұрынғы Кеңес Одағында  басқарушылық есеп жеке есеп  түрi ретінде қарастырылмады, ол  бiрыңғай бухгалтерлік есептің  құрамдас бөлігі ретінде болды  – шығындар есебі және жедел-техникалық  есеп. Қазіргі кезде, нарықтық  жағдайда басқарушылық есепті  енгізуге кедергі жоқ. Осындай  пән жоғарғы оқу орындарының, оның ішінде Қазақстанның да, оқу жоспарларына енгізілген.

 Барлық елдерде   қаржы есебін жүргізу арнайы  жалпыға бірдей қабылданған принциптермен,  жағдайлар тәртіптер мен стандарттармен  реттеледi, оларды сақтау  есепті  мәліметтерді қалыптасыру кезінде  міндетті болады.

Қаржылық есеппен салыстырғанда, басқарушылық есепті жүргізу заңмен немесе басқалай жағдайлармен реттелiнбейдi. Сондықтан да ол  ресми емес бухгалтерия  сияқты көрінеді: кейбір экономистер  оны  биязы түрде «бухгалтерияның  асханасы» деп те атайды [2, 27 б].

Басқарушылық есеп ұйымын, әдістері мен принциптерін енгізу қиын, күрделі және қымбат іс. Бұл қазақстанда  біріңғай нормативті-құқықтық базаның  және басқарушылық есептің даму концепциясының болмауынан байланысты. ҚР «Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік туралы»  Заңында бухгалтерлік есепті қаржылық және басқарушылық деп бөлу қарастырылмаған.  Қазіргі кезде басқарушылық есепті енгізу қиын болып отырса да, Қазақстанда  жұмыс істеп жатқан мұнай газ  компаниялары мен басқа да шетелдік компанияларда ол кеңінен қолдануда.

ТМД елдерінің тәжірибелі экономистері компанияның өндірісіне басқарушылық есепті енгiзудiң әр түрлі  нұсқаларын жасаған. Бірақ  Қазақстанда  қазіргі таңда  мақта тазалау  өнеркәсібінің кәсіпорындарында басқарушылық есепті ұымдастырудың қандай да бір  жобалары жоқ. Осы орайда  Өзбекстанның Жуманазиев К., Масхудов Б., Джуманов А. және т.б. сияқты экономистерінің жұмыстары  қызығушылық туғызып отыр.

Кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру оның өызметтері мен қағидаларын анықтап алудан бастады.

Сондықтан, келесі бөлімдерде басқарушылық есептің қызметтері мен қағидалары қарастырылады.

 

3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

 

Басқару есебінің қызметтері:

1. Кәсіпорынның болашақ дамуын болжамдау.

2. Жедел басшылық ету.

3. Жедел бақылау мен кәсіпорын жұмысын бағалау.

Басқарушылық есепті жүргізу  үшін басқарушылық бухгалтериясы құрылады.

Бухгалтер – талдаушылар, яғни басқарушылық функциялармен бөлінген бухгалтерлер келесідей міндеттерді орындайды:

Жоспарлау. Жоспарлау процесінде бухгалтер – талдаушы қандай нарықта, қандай бағада, қандай тауарлар сату керектігі  туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланылатын ақпараттар беру жолымен, болашаққа арналған жоспарлар жасауға қатысады. Бухгалтер – талдаушы көрсеткіштерге болжам жасау кезінде қажет болуы мүмкін, өткен кезеңдер нәтижелері туралы мәліметтер қалыптастыруға жауап береді. Одан өзге, ол жоспарлар мен жұмыс кестелерін жасау әдістемелерін белгілейді, кәсіпорынның барлық бөлімдерінің қысқа мерзімдік жоспарлар әзірлеуін үйлестіреді.

Басқарушылық есептің мақсаты, қызметтері мен міндеттері