Бас, мойын және туындыларының тері жабындысының морфологиясы

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Бас, мойын және оның туындыларының тері жабындысының морфофункциональды мінездемесі
  2. Тері сыртқы жабын мүше
  3. Тері қабаттары
  4. Шаштар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас бұлшық еттері

1. Шайнау бұлшықеттері, бірінші желбезек (төменгі жақсүйектік) доғаның туындылары, n. trigeminus арқылы нервтендіріледі.

2. Мимикалық немесе бет  бұлшықеттері екінші желбезек  доғасының туындылары, п. facialis-пен нервтенеді.

3.  Бассүйек күмбезінің бұлшыкеттері

Шайнау бұлшықеттері. Әрбір жақтағы төрт шайнау бұлшықеті өзара генетикалық (олар бір желбезек доғасынан - төменгі жақсүйектік доғадан пайда болады), морфологиялық (олардың барлығы төменгі жақсүйекке бекиді) және қызметтік жағынан (олар төменгі жақсүйектің шайнау қозғалыстарын жасайды, олардың орналасуы осы қызметтерінен туады) байланысқан.

1. Шайнау бұлшықеті, т. masseter, бетсүйегінің төменгі жиегі мен бетсүйек доғасынан басталып, tuberositas masseterica мен төменгі жақсүйектің тармағының сыртқы бетіне бекиді

2.    Самай бұлшықеті, т. temporalis , жалпак бастамасымен бассүйектің бүкіл самай шүңқыры кеңістігін алып, үстіңгі жағында Ііпеа temporalis-ке жетеді. Бұлшықет будалары желпуіш тәрізді түйісіп, берік сіңір түзіп, ол бетсүйегі доғасы астында келіп, төменгі жаксүйектің processus coroneideus-іне бекиді.

3.  Латералды  қанаттәрізді бұлшықет, т. pterygoideus lateralis, сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының төменгі беті мен қанаттәрізді өсіндіден   басталып,   төменгі   жақсүйектің   айдаршықты   өсіндісінің мойнына, сондай-ақ шықшыт буынының қапшығы мен discus articularis-іне бекиді

4. Медиалды қанаттәрізді  бұлшықет, т. pterygoideus medialis, қанаттәрізді өсіндінің fossa pterygoidea-сынан басталып, төменгі жақсүйек бұрышының медиалды бетіндегі аттас бұдырмаққа бекиді.

Қызметі. М. masseter, m. temporalis және m. pterygoideus medialis ауыз ашылғанда төменгі жақсүйекті жоғары жаққа қарай тартады, басқаша айтқанда ауызды жабады. Екі бірдей mm. pterygoidei laterales бір мезгілде жиырылғанда төменгі жақсүйек алға қарай шығады. Кері қозғалысты арттан алға қарай горизонталды жүретін m. Temporalis-тің ең артқы талшықтары жасайды. Егер m. pterygoideus lateralis тек бір жағында ғана жиырылса, онда төменгі жақ-сүйек бүйірге, жиырылған бұлшыкеттің қарама-қарсы жағына қарай ығысады. М. temporalis түсінікті сөз сөйлеуге де көмектеседі, сөз сөйлеген кезде төменгі жақ-сүйекті белгілі бір қалыпта ұстайды.

 

 

Беттің     бұлшықеттері. 

Бастың, бұрын бас пен мойын бұлшыкеттер бас пен мойынайиағы ішіндегі мүшелерге қатысты болған витциралды бұлшық етердің ішін арабіртіндеп мойының тері бұлшықетеріне ,ал одан жекелеген жіңішке будаларға дифференциациялануы нәтижесінде беттің мимикалық бұлшықеттеріне айналады. Теріні қозғалтатын мимикалық бұлшықеттердің онымен аса тығыз байланысы осымен түсіндіріледі. Бұл бұлшықеттердің кұрылысы мен қызметіндегі басқа ерекшеліктерді де осыдан түсінуге болады. Мәселен, мимикалык бұлшықеттер қаңқа бұлшықеттері сияқты сүйекке екі жерден бекімейді, ол міндетті түрде бір немесе екі шетімен теріге немесе шырышты қабыққа бітісіп кетеді. Сондықтан оларда шандыр болмайды да, жиырылып, теріні қимылдатады. Олар босаңсығанда тері өзінің серпімділігінен бұрынғы қалпына қайта келеді, сондықтан бұл жерде қаңқа бұлшықеттеріне қарағанда антагонистердің рөлі едәуір төмен дәрежеде болады.

Мимикалық бұлшықеттер жіңішке және ұсақ бұлшықет будалары болып табылады. Олар ауыз, мұрын, көз бен құлақ қуыстары сияқты табиғи тесіктердің айналасына топталып, олардың жабылып немесе кеңеюіне қатысады.

Қысқыштар, сфинктрлер әдетте тесіктердің айналасында сақина түрінде, ал кеңейткіштер (дилататорлар) - радиарлы орналасады. Тесіктердің пішінін өзгерте және түрлі қатпарлар түзе теріні қимылдатып, мимикалық бұлшықеттер адам бетіне оның қайсыбір көңіл күйіие сәйкес келетін кескін береді. Беттің мұндай өзгерістері мимика дем аталады да, бұлшықеттердің аты осыдан алынған. Негізгі қызметі - түйсікті білдіруден басқа, мимикалық бұлшықеттер сөз сөйлеуге, тамақты шайнауға және т.с.с. қатысады.

Адамда жақсүйек аппаратының қысқарып, еріндерінің түсінікті сөз сөйлеуге қатысуы ауыз айналасындағы мимикалық бұлшықеттердің ерекше дамуына әкеледі және керісінше, жануарларда жақсы дамыған құлақ бұлшықеттері адамда редукцияланып, тек рудименттік бұлшықеттер түрінде ғана сақталады  

Бассүйек күмбезі бұлшықеттері.

1. Бассүйек күмбезі жұқа бассүйекүсті бұлшықетімен, т. epicranius, жабылған. Оның сіңірлі дулыға (бассүйек үстіндегі апоневроз), galea aponeurotica (aponeurosis epicranialis), түрінде ауқымды сіңірлі және бұлшықеттік бөлігі болады. Бұлшықетті бөлігі жеке-жеке үш бұлшықет қарыншасына бөлінеді: 1) алдыңғы немесе маңдайлық қарыншасы, venter frontalis, қас терісінен басталады; 2) артқы немесе шүйделік қарыншасы, venter occipitalis, linae nuchae superior-дан басталады; 3) бүйір қарыншасы құлақ қалқанына: алдынан келетін, m. auricularis anterior, үстінен келетін - m. auricularis superior және артынан келетін - m. auricularis posterior атты, үш кішкене бұлшықетке бөлінеді. Аталған бұлшықеттерідің барлығы апоневрозға қосылып бітіседі. Galea aponeurotica бассүйек күмбезінің ортаңғы бөлігін қаусырып, т. epicranius-тің орталық бөлімін кұрайды.

Қызметі. Бассүйектерінің сүйек қабығымен борпылдақ байланысқан бассүйек үсті апоневрозы бас терісімен тығыз тұтасып өседі, сонықтан ол маңдай және шүйде қарыншаларының әсерінен онымен бірге қозғала алады. Бассүйекүсті апоневрозы, бұлшықеттің шүйделік қарыншасымен бекітілгенде, venter frontalis қасты жоғары көтеріп, оны доға сияқтандырып, маңдайда көлденең қатпарлар (әжімдер) пайда қылады.

Адамның құлақ бұлшықеттерінің қалдыктары - рудименттік мүшелердің классикалық мысалы. Құлағын қимылдата алатын адамдардың өте сирек кездесетіндігі белгілі.

Көз айналасының бұлшықеттері.

2.    Тәкаппарлар  бұлшықеті, т. procerus мұрынның сүйекті арқашығы мен т. nasalis-тің апоневрозынан басталып, маңдай бұлшықетімен қосылып, glabella аумағында теріде аяқталады. Аталған аумақтың терісін төмен түсіріп, мұрын кеңсірігі үстінде көлденең қатпарлар жасайды.

3. Көздің дөңгелек бұлшықеті, т. orbicularis oculi, шеткі көзұялык бөлігімен, pars orbitalis, көзұясының сүйекті жиегінде, ал ішкі қабақтық бөлігімен, pars palpebralis, қабақтарда орналасып, көз саңылауын қоршайды. Тағы да, үшінші, кішкене көзжастық бөлігін, pars lacrimalis, ажыратады, ол көзжасы қабы қабырғасынан пайда болып, оны кеңейтіп,көз жасының көзжасы өзекшелері арқылы жүруіне әсер етеді. Pars palpebralis қабақтарды жабады. Көз ұялық бөлігі, pars orbitalis, қатты жиырылғанда көз сығыраяды.

М. orbicularis oculi құрамындағы pars orbitalis-тің астында жататын, m. corrugator supercilii, қасты түйетін бұлшықетті айырады. Көздің дөңгелек етінің бұл бөлігі қастарды жақындатып, кеңсіріктің үстінде қас аралығында тік қатпар тудырады. Көбінесе, тік қатпарлардан басқа, маңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігінде, venter frontalis-тің бір мезгілде әсер етуінен тағы да қысқа көлденең әжімдер пайда болады. Қастардың мұндай қалпы адам қатты қайғырғанда, бір жері ауырғанда пайда болады. і

Ауыз айналасының бұлшықеттері.

4.  Жоғары ерінді  көтеретін бұлшықет, т. levator labii superioris, жоғарғы жақсүйектің көзұяасты жиегінен басталып, негізінен мұрын-ерін қатпарында аяқталады. Одан мұрын қанатына баратын, сондықтан дербес m. levator labii superioris alaeque nasi, деп аталған буда шығады. Ол жиырылғанда жоғарғы ерінді көтеріп, sulcus nasolabialis-ті тереңдетеді, мұрын қанатын жоғары тартып танауды кеңейтеді .

5. Бетсүйектің  кіші бұлшықеті, т. zygomaticus minor, бетсүйектен басталып, мұрын-ерін қатпарына бітісіп, жиырылған кезде оны тереңдетеді.

6.     Бетсүйектің үлкен бұлшықеті, т. zygomaticus major, бетсүйектің facies lateralis-інен езуге және ішінара жоғарғы ерінге барады. Езуді жоғары және латералды тартады, сол кезде мұрын-ерін қатпары аса тереңдейді. Бұлшықет осылай қимылдағанда адам бетінде күлкі пайда болады, сондықтан m. zygomaticus негізінен күлкі бұлшықеті болып табылады.

7.  Күлкі бұлшықеті, т. risorius, езуге баратын кішкене көлденең буда көбіне болмайды. Күлген кезде ауызды кереді; кейбіреулерде бұлшықеттің жақ терісіне бекуінен ол жиырылған кезде езудің бүйір жағынан кішкене шұңқыр пайда болады.

8.   Езуді түсіретін бұлшықет, т. depressor anguli oris, төменгі жақсүйектің төменгі жиегінде tuberculum mentalc-ден латералдылау басталып, езу мен жоғарғы еріннің терісіне бекиді. Езуді төмен тартып, мұрын-ерін қатпарын түзулейді, езу төмен түскенде бетте мұңды пішін пайда болады.

9. Езуді көтеретін бұлшықет, т. levator anguli oris, m. levator labii superior және m. zygomaticus major астында жатады, foramen infraorbitale-нің астында fossa canina-дан басталып, езуді жоғары тартады.

10. Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет, т. depressor labii inferioris, төменгі жақсүйек жиегінен басталып, бүкіл төменгі ерін терісіне бекиді.

Төменгі ерінді төмен және аздап латералды тартады, бұл жек көру мимикасы кезінде байқалады.

11. Иек бұлшықеті, т. mentalis, төменгі күрек тістер мен ит тістің juga alveolaria-сынан басталып, иек терісіне бекиді. Иек терісін жоғары көтереді, сол кезде онда кішкентай шұңқырлар түзіледі және төменгі ерінді жоғары көтеріп, оны жоғары ерінге жабыстырады.

12.   Ұрт бұлшықеті, т. buccinator, ауыз куысының бүйірлік қабырғасын кұрайды. Екінші жоғарғы үлкен азу тістің деңгейінде бұлшықет кабаты аркылы шықшыт безінің түтігі, ductus parotideus, өтеді. М. buccinator-дың сыртқы бетін fascia buccopharyngea жабады, оның үстінде ұрттың майлы денесі жатады. Оның басталатын жері -жоғарғы жақсүйектің ұяшықтық өсіндісі, ұрт қыры мен төменгі жақсүйектің ұяшықтық бөлігі, қанат-төменгі жақсүйек жігі. Езу терісі мен шырышты қабығына бекіп, сол жерде ауыздың дөңгелек бұлшықетіне өтеді. Езулерді жанына қарай тартады, ұртты тіске жабыстырады, ұртты қысады, ауыз куысының шырышты қабығын ас шайнау кезінде тістеп алудан сақтайды.

13.   Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, т. orbicularis oris, ауыз саңылауын айнала ерін қабатында орналасады. М. orbicularis oris-тің шеткі бөлігі жиырылғанда еріндер алға қарай шыға сүйірленеді; қызыл ерін көмкермесі астында жатқан бөлігі жиырылғанда, еріндер бір-бірімен тығыз жақындасып, ішке қарай бүгіледі, соның әсерінен қьізыл көмкерме жасырынады. М. orbicularis oris ауызды айнала орналасып, қысқыш (сфинктер), яғни ауызды жабатын бұлшықет қызметін орындайды. Бұл жағынан ол ауыздың радиарлы бұлшықеттеріне, яғни одан радиустар бойымен шығып, ауызды ашатын бұлшыкеттерге антагонистер болып табылады (mm. levatores labii, superiorisetangulioris, depressoreslabii inferioris etanguli oris және т.б

Мұрын айналасының бұлшықеттері

14. Мұрын бұлшықеті, т. nasalis, нашар дамыған, ішінара жоға, өрғы ерінді көтеретін бұлшықетпен жабылған, мұрыпның шеміршекті белігін қысады. Оның pars alaris-ті мұрын қанатын түсіреді де, ал т. depressor septi (nasi) мұрын қалқасының қанаттық (танаулық белігі) шеміршекті бөлігін түсіреді.

Бастың шандырлары. Жоғарыда атап көрсетілгендей бассүйек күмбезін жабатын апоневрозы күмбездің бүйір бөліктерінде борпылдақ-талшықты табақша дәрежесіне дейін едәуір жұқарады. Оның астында аттас бұлшықетті жабатын және жоғарғы жақта Ііпеа temporalis-тен басталатын берік, сіңірлі-ажылтыр самай шандыры, fascia temporalis жатады. Ол төменгі жағында екі табақшаға бөлініп, бетсүйек доғасына бекиді, олардың беткейі доғаның сыртқы бетіне, ал терең табақшасы ішкі жағына бітісіп-өседі. Екеуінің арасында май тінімен толған кеңістік бар. Fascia temporalis бассүйектің самай шұңқырын сүйекті-фиброзды самай бұлшықеті жайғасатын орынға айналдыра тұйықтайды. M masseterter-ді fascia masseterica жоғары, бұлшықетті қаусырап жоғарғы жағынан бетсүйек доғасы төменнен төменгі жақсүйекттің жиегінде,ал артынан және алдынан оның тармағын бекиді.Аталған шандыр артына және өзінің сыртқы беті жағынан шықшыт біз шандырмен, fascia parotidea, байланысқан. Бет аймағында шандыр болмайды, өйткені мимикалық бұлшықеттер тікелей тері астында жатады. Тек жалғыз ғана m. buccinator-дың артқы бөлігін – fascia buccophrungea – жауып жатады, ол алдында борпылдақ бет шелмойынмен қосылып, ал артында raphe prugomandibularis-пен бітісіп жұтқыншақ бұлшықеттердің дәнекер тінді жабына айнала созылады.

Мойын бұлшықеттері құрамына әр текті бұлшықеттер кіреді.

1.   Желбезек  доғаларының туындылары: а) бірінші желбезек доғасының туындылары - m. mylohyoideus, venter anterior m. digastric]; ә) екінші желбезек доғасынын туындылары - m. stylohyoideus, venter posterior m. digastrici, platysma; б) қалған желбезек доғаларының туындылары - m. sternocleidomastoideus.

2. Мойынның аутохтонды бұлшықеттері:

а)  алдыңғы: m. sternohyoideus, m. sternothyroideus, m. thyrohyoideus және m. omohyoideus, сондай-ақ m. geniohyoideus;

ә) бүйірлік: m. scaleni anterior, medius et posterior;

б) алғы-омыртқалық: m. longus colli, m. longus capitis және m. rectus capitis anterior, m. rectus capitis lateralis.

Мойынның аутохтонды бұлшықеттері вентралды бұлшықеттердің қалдығы болып табылады, оның таралуына екі маңызды жағдай әсер етті: қабырғалар мен дене қуысының редукциясы.

Осының себебінен адамда мойынның аутохтонды бұлшықеттерінің бір бөлігі жоғалып, тек сатылы, алғы-омыртқалық және m. geniohyoideus сақталып қалған. Дамуына сәйкес олар жұлынның мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарымен нервтенеді. Тіласты сүйек астындағы бұлшықеттер тіласты аппаратымен байланысқан және ansa cervicalis арқылы нервтендіріледі.

Мойын бұлшықеттері орналасуы (топографиясы) жағынан мынадай топтарға бөлінеді:

1.  Беткей бұлшықеттер (m. platysma, m. sternocleidomastoideus);

2.  Ортаңғы бұлшықеттер немесе тіласты сүйегінің бұлшыкеттері: а)    одан    жоғары    жататын    бұлшықеттер   (mm.    mylohyoideus,

digastricus, stylohyoideus, geniohyoideus);

ә) одан төмен орналасқан бұлшықеттер (mm. sternohyoideus, sternothyroideus, thyrohyoideus, omohyoideus);

1. Терең бұлшыкеттер:

a) қабырғаларға бекитін бүйір бұлшықеттері (mm. scaleni anterior, medii et posterior);

ә) омыртқа алдындағы (m. longus colli, m. longus capitis, m. rectus capitis anterior et lateralis).

Беткей бұлшықеттер.

1. Мойынның теріасты  бұлшықеті, т. platysma, тікелей тері астында, шандырдың үстінде жұқа табақша түрінде жатады. Ол II қабырға деңгейінде fascia pectoralis et deltoidea-дан басталып, төменгі жақсүйектің жиегіне және fascia parotidea et fascia masseterica-ға бекіп, бір бөлігі ауыз бұлшықеттеріне созылады.

Қызметі. Мойын терісін тартып, бұлшықет теріасты веналарын қысылып қалудан сақтайды; одан басқа, бет қимылында маңызы бар; езуді төмен карай тарта алады.

2. Төс-бұғана-емізікті  бұлшықет, т. sternocleidomastoideus, теріасты бұлшыкетінің астында орналасып, одан мойын шандыры арқылы бөлінеді. Ол төстің тұтқасынан және бұғананың төстік шетінен басталып, емізіктәрізді өсіндіге және шүйде сүйектің Ііпеа гшсһае superior-ына бекиді (134, 135-сурет). Пайда болу тегі жағынан бұлшықет т. trapezius-тін бөлінген бөлігі болып табылады, сондықтан сол бұлшықетпен бірге нервтендіріледі.

Қызметі. Біржақты жиырылғанда бұлшықет омыртқа бағанасының мойындық бөлігін өз жағына қарай қисайтады; сонымен бір мезгілде басты көтеріп, бетті қарама-қарсы жаққа қарай айналдырады. Екіжақты жиырылғанда басты тік қалыпта ұстап тұрады, сондықтан бұлшықеттің өзі және оның бекіген жері (processus mastoideus) тік жүруге байланысты адамда күшті дамыған. Екіжақты жиырылғанда омыртқа бағанасының мойындық бөлігі иіліп, сонымен бір мезгілде бет жоғары көтеріледі. Бастың қозғалмай бекітіліп тұрған жағдайында, тыныс алу кезінде кеуде торын көтеруге қатысады (қосалқы тыныс алу бұл-шықеттері).

Ортаңғыы бұлшықеттер немесе тіласты сүйегінің бұлшықеттері

Тіласты үстіндегі бұлшықеттер - желбезек доғаларының туындылары теменгі жақсүйек пен тіласты сүйегі арасында орналасады.

1. Жақсуйек-тіласты бұлшықеті, т. mylohyoideus, төменгі жақсүйектің Ііпеа mylohyoidea-сынан басталып, иектің ішкі жағынан тіласты сүйегінің денесіне қарай ортаңғы сызықпен екі mm. mylohyoidea арасындағы шекара бойымен созылып жатқан сіңірлі жікте, raphe, аяқталады. Бұлшықеттің артқы бөлігі тіласты сүйегінің денесіне бекиді. Екі mm. mylohyoidei бірге түйісіп, ауыз қуысын төменгі жағынан тұйықтайтын ауыздың бұлшықетті көкетін, diaphragma oris, түзеді.

2. Қосқарыншалы  бұлшықет, т. digastricus, аралық сіңірмен қосылған екі қарыншадан түрады. Алдыңғы қарынша, venter anterior, төменгі жақсүйектің fossa digastrica-сынан басталып, кейін тіласты сүйегіне карай кетеді. Артқы карынша, venter posterior, самай сүйегінің incisura mastoidae-сынан басталып, аралық сіңір аркылы алдыңғы қарыншамен байланысады. Аралық сіңір тіласты сүйегінің денесі мен үлкен мүйізіне бекиді.

3.    Біз-тіласты  бұлшыкет, т. stylohyoideus, самай сүйегінің processus styloideus-інен тіласты сүйегінің денесіне түсіп, екі будамен косқарыншалы бұлшықеттің аралық сіңірін қаусырып алады.

Тұлғаның алдыңғы бойлық бұлшықетінің туындысы.

4.   Иек-тіласты  бұлшықеті, т. geniohyoideus, raphe-нің бүйір жағынан т. mylohyoideus-тің үстіне жатады, төменгі жақсүйектің spina mentalis-інен тіласты сүйегінің денесіне дейін созылып жатады.

Қызметі. Бұл сипатталған төрт бұлшықет тіласты сүйегін жоғары көтереді.   Ол  қозғалмаған   (бекітілген)   кезде,   үш   бұлшықет   (mm. mylohyoideus, geniohyoideus, digastricus) төменгі жақсүйекті түсіріп, шайнау   бұлшықеттерінің   антагонистері   болып  табылады.   Тіласты сүйегін    одан    төмен    орналасқан    бұлшықеттер    бекітеді    (mm. sternohyoideus omohyoideus және т.б).  Бұлай бекітпейінше төменгі жақсүйегін түсіру мүмкін емес, өйткені олай болмаса жақсүйекке карағанда жеңілдеу және қозғалғыштау тіласты сүйегі көтеріліп кетеді. Осы үш бұлшықет, әсіресе m. mylohyoideus жұту кезінде жиырылғанда тілді көтеріп, таңдайға жабыстырады, соның арқасында тағам түйірі жұтқыншаққа итеріледі.

Тіласты үстіндегі бұлшықеттер төменгі жақсүйек, тіласты сүйегі, көмей, кеңірдекті қамтитын және түсінікті сөз сөйлеуде үлкен рөл атқаратын күрделі аппаратының құрамына енеді. Адам эволюциясының барысында бұл бұлшыкеттерде, бір жағынан, жақсүйектердің ұстап -жұлу қызметінің қолға ауысуына қарай азаюына, екінші жағынан, артикуляциялық қозғалыстардың пайда болуына байланысты, морфологиялық өзгерістер болды. Сондықтан неандерталь адамы мен қазіргі кездегі адамдардың бассүйегін салыстырғанда тиісті бұлшықеттердің бекитін жерлерінің мынадай өзгерістерін көруге болады.

а)  m. digastricus-тің артқы қарыншасы бекитін жер неандерталь адамында жайпақ та, ал қазіргі кездегі адамда тереңдеген;

ә) сол бұлшыкеттің алдыңғы қарыншасының бекитін жері - fossa digastrica қазіргі кездегі адамда медиалды орын ауыстыра жылжыған;

б)  m. mylohyoideus бекитін жері -linea mylohyoidea айқын білінеді, әрі төмен түседі, соның себебінен ауыз көкеті қазіргі кездегі адамда төмендеу тұрады;

в)  m. geniohyoideus бекитін жер - spina mentalis - неандерталь адамында жоққа тән де, тек қазіргі кездегі адамда пайда болады, сонымен қатар онда иек шодыры да пайда болады. Сүйектегі бұл өзгерістердің барлығы адамға тән түсінікті сөз сөйлеу қимылдарына қатысатын аталған бұлшыкеттердің дамуына байланысты.

Тіласты астындағы бұлшықеттер - тұлғаның алдыңғы бойлық бұлшықеттінің туындылары ортаңғы сызықтың жан-жағында төрі астында, көмей мен кеңірдектің алдында орналасып, тіласты сүйегі мен төстің арасында созылып жатады, тек m. omohyoideus жауырынға барады және шығу тегі жағынан тұлғадан иық белдеуіне ауысқан бұлшықет (трункофугалды) болып табылады.

1.  Төс-тіласты  бұлшықеті, т. sternohyoideus, төстің тұтқасының артқы бетінен, төс-бұғана буыны мен бұғананың төстік шетінен басталып, жоғары қарай барып, тіласты сүйегінің төменгі жиегіне бекиді. Mm. sternohyiodei медиалды жиектерінің арасында шандырмен жабылған, мойынның ақ сызығы деп аталатын тар вертикалдық аралық жатады.

Қызметі. Тіласты сүйегін төмен тартады.

2. Төс-қалқанша  бұлшықеті, т. sternothyroideus, алдыңғы аталған бұлшықеттің астында жатады. Ол төс тұтқасының артқы беті мен I қабырғаның шеміршегінен басталып, қалқанша шеміршектің (оның linea obliqua) бүйір бетіне бекиді.

Қызметі. Көмейді төмен түсіреді.

3.   Қалқанша-тіласты  бұлшықеті, т. thyrohyoideus, алдыңғы аталған бұлшықеттің жалғасы сияқты, қалқанша шеміршектің linea obliqua-сынан тіласты сүйегінің денесімен үлкен мүйізіне қарай созылады.

Қызметі. Тіласты сүйегі қозғалмай түрғанда көмейді жоғары тартады.

4. Жауырын-тіласты бұлшықеті, т. omohyoideus, екі қарыншадан тұрады. Төменгі қарынша incisura scapulae-ден медиалды басталып, төс-бұғана-емізікті бұлшықеттің астына келіп, ол жерде аралық сіңір арқылы тіласты сүйегінің денесіне баратын жоғарғы қарыншаға айналып жалғасады.

Қызметі. М. omohyoideus мойын шандырының ішінде жатады да, жиырылғанда оны керіп, шандыр астындағы ірі вена тамырларының кеңеюіне жағдай жасайды. Одан басқа, бұлшықет тіласты сүйегін төмен қарай тартады.

Терең бұлшықеттер

Бүйірлік, қабырғаларға бекитін - сатылы (mm. scaleni) түрлі өзгерген қабырғааралық бұлшықеттер болып табылады; олардың қабырғаларға бекуі осымен түсіндіріледі.

1. Алдыңғы сатылы  бұлшықет, т. scalenus anterior, III-VI мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің алдыңғы төмпешіктерінен басталып, I қабырғаның sulcus a. subclaviae алдында tuberculum m. scaleni anterioris-іне бекиді.

2.  Ортанғы сатылы  бұлшықет, т. scalenus medius, барлык мойын омырталарының көлденең өсінділерінің алдыңғы темпешіктерінен басталып, I қабырғаға, sulcus a. subclaviae-нің артқы жағына бекиді.

3.  Артқы сатылы бұлшықет, т. scalenus posterior, үш төменгі мойын омыртқаның артқы төмпешіктерінен басталып, II қабырғаның сыртқы бетіне бекиді.

Қызметі. Mm. scaleni тынысалу бұлшықеттер сияқты әрекет етіп, жоғарғы қабырғаларды көтереді. Қабырғалар қозғалмай түрғанда, екі жағында жиырылып, омыртқа бағанасының мойын бөлігін алға қарай иеді, ал олар біржақты жиырылғанда оны иіп, өз жағына қарай бұрады.

1.    Мойынныц  ұзын бұлшықеті, т. longus colli, омыртқа бағанасының алдыңғы бетінде екі жағынан бүкіл мойын және үш кеуде омыртқаларының өн бойында жататын үшбұрыш тәрізді бұлшықет.

2.     Бастыц  ұзын бұлшықеті, т. longus capitis, алдыңғы бұлшықеттің жоғарғы бөлігін жауып тұрады. III-VI мойын омырт-қаларының көлденең өсінділерінен басталып, шүйде сүйектің pars basilaris-іне бекиді.

3 және 4. Бастың  алдыңғы және бүйір тік бұлшықеттері ауыз омыртқаның латералды массасы (алдыңғы) мен көлденең өсіндіден (бүйір) шүйде сүйекке қарай созылып жатады.

Қызметі. М. restus anterior және m. longus capitis басты алға қарай иеді. М. longus colli екі жағында барлык талшықтарымен жиырылып, омыртқа бағанасының мойындық бөлігін иеді, бір жағында жиырылғанда оны өз жағына қисайтады; қиғаш будалар басты бұруға, бір жағына қисайтуға қатысады; оған m. rectus capitis lateralis көмектеседі.

Мойын топографиясы

v Мойын, cervix, артқы, латералды, тос-бұғана-емізікті бұлшықет аймағы және алдыңғы деп төрт аймаққа бөлінеді.

Артқы аймақ, regio cervicalis posterior, m. trapezius-тің сыртқы жиегін артында орналасқан, желке немесе шүйде, nucha, болып табылады.

Латералды аймақ, regio cervicalis lateralis (trigonum coli laterale), m. sternocleidomastoideus-тің артында орналасқан және оны алдыңғы жағынан аталған бұлшықет, астыңғы жағынан бұғана және артқы жағынан m. trapezius шектейді.

Regio sternocleidomastoidea осы бұлшыкеттердің проекциясына сәйкес келеді.

Алдыңғы аймақ, regio cervicalis anterior, m. sternocleidomas-toideus-тің алдында жатады, артқы жағынан аталған бұлшықетпен, алдынан мойынның ортаңғы сызығымен және үстіңгі жағынан төменгі жақсүйектің жиегімен шектелген. Төменгі жақсүйек бұрышы артындағы және емізіктәрізді өсінді алдындағы кішкентай аймақ төменгі жақсүйек артындағы шүңқыр, fossa retromandibularis, деп аталады. Онда шықшыт безі, нервтер мен тамырлар орналасады.

Алдыңғы және латералды аймақтар қиғаш, жоғарыдан төмен және артқа қарай өтіп, т. sternocleidomastoideus-ті қиып өтетін т. omohyoideus арқылы бірқатар үшбұрыштарға бөлінеді.

Regio cervicalis lateralis аймағында екі үшбұрышты бөледі:

1.  Жауырын-бұғана үшбұрышы, trigonum omoclaviculare, оны m. sternocleidomastoideus (алдынан), m. omohyoideus-тің төменгі қарыншасы (үстінен) және бұғана (астынан) шектейді; 2. Жауырын-трапеция үшбұрышы, trigonum omotrapezoideum, оны m. omohyoideus-тің төменгі қарыншасы, m. trapezius және т. sternocleidomastoideus кұрайды.

Regio cervicalis anterior аймағында үш бұрышты бөледі: 1. ұйқы үшбұрышы, trigonum caroticum (онда a. carotis өтеді), оны m. sternocleidomastoideus (артынан), m. digastricus-тің артқы қарыншасы (алдынан және үстінен) және т. omohyoideus-тің жоғарғы қарыншасы (алдынан және астынан) түзілді;

2. Төменгі жақсүйекасты үшбұрышы, trigonum submandibular (онда томенгі, жақсүйекасты безі жатады), mandibula-ның төменгі жиегінен (үстінен) және т. digastricus-тың екі қарыншасынан түзілген. Онда практикалық мақсатта m. mylohyoideus артқы жиегі (алдынан) т. digastricus-тің артқы қарыншасы (артынан) және n. hypoglossus (үстінен) шектеген Пирогов үшбұрышы бөлінеді. Онда a. lingualis өтеді;

3.  Жауырын-кеңірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale-m түзе-тетіндер: m. omohyoideus жоғарғы құрсағы, мойынның ортаңғы сызығы және m. sternocleidomastoideus.

Сатылы бұлшықеттердің арасында үшбұрышты саңылаулар немесе кеңістіктер бар, олар аркылы қолдың нервтері мен тамырлары етеді.

1.   Mm. scaleni anterior et medius арасында төменгі жағынан I қабырғамен шектелген сатыаралық кеңістік, spatium interscalenum, бар, бұл жерден бұғанаасты артериясы мен иық нервінің түйіні өтеді.

2.  М. scalenus anterior алдыңғы жағынан mm. sternothyroideus пен sternohyoideus арқылы жабылған сатыалдындағы кеңістік, spatium antescalenum, жатады (онда бұғанаасты венасы, a. suprascapularis және m. omohyoideus етеді).   1

 Мойын шандырлары.

Мойын шандырлары мойын аймағында орналасқан ағзалардың топографиясын   көрсетеді   (136-сурет).   Сондықтан   топографиялық

анатомия оқулықтарында хирургиялық мақсат үшін ең қолайлы шандырлардың В.Н. Шевкуненко бойынша сипаттамасы беріледі, ол 5 шандыр жапырақшаларын бөліп көрсетеді.

Бірінші шандыр, беткей мойын шандыры, fascia colli superficialis, дененің жалпы беткей (теріасты) шандырының бөлігі болып табылады және бірден үзіліссіз көрші аймақтарға ауысады. Дененің басқа бөлімдерінің теріасты шандырынан оның айырмашылығы мынада: онда теріасты бұлшықеті (m. platysma) болады да, соған perimysium құрайды. Екінші шандыр немесе мойынның меншікті шандырының беткей жапырақшасы, lamina superficialis fascia colli propriae, жағатәрізді бүкіл мойынды қаусырып, тіласты сүйегі үстіндегі және астындағы бұлшықеттерді, сілекей бездерін, тамырлар мен нервтерді жауып жатады. Ол жоғарыда төменгі жақсүйек пен processus mastoideus-ке бекіп, бетте шықшыт безі мен шайнау бұлшыкетін жауып тұратын fascia parotidea et masseterica-та ауысады. Төменгі жағында беттің меншікті шандырының беткей жапырақшасы manubrium sterni-дің алдыңғы жиегіне және бұғанаға бекиді. Алдыңғы жағынан, ортаңғы сызық бойымен, ол мойынның меншікті шандырының терең жапырақшасымен бітісе-өсіп, мойынның ақ сызығын түзеді (ені 2-3 мм). Беткей жапырақша мойынның әрбір жартысында ақ сызықтан артқа мойын омыртқалардың қылқанды өсінділеріне қарай жүреді. Өз жолында m. sternocleidomastoideus et trapezius-пен кездесіп, ол екіге бөлініп, оларды екі жағынан қаусырып, қайтадан тұтасып, осы бұлшықеттердің әркайсысы үшін жеке-жеке шандырлы қынап түзеді. Мойынның меншікті шандырының беткей жапырақшасы көлденең өсінділердің үстінен өтетін жерде соларға бекиді; сөйтіп, бүкіл шандырлы кеңістікті екі: алдыңғы және артқы бөлімге бөледі. Осылай бөліну нәтижесінде кейбір іріңдеу үрдістері шандырлы кеңістіктің екі бөлігінде бір-біріне байланыссыз жүреді.

Үшінші шандыр немесе мойынның меншікті шандырының терең жапырақшасы, lamina profunda fascia colli propriae, тек мойынның ортаңғы бөлігінде ғана m. sternocleidomastoideus артында орналасады, ол жерде үстіңгі жағынан тіласты сүйегі, бүйірлерінен - екі mm. omohyoidei, төменгі жағынан - бұғана және төспен шектелген үшбұрышты кеңістікте трапеция түрінде керілген. Мойынның меншікті шандырының терең жапырақшасы төменде төстің түтқасы мен бұғаналардың артқы жиегіне, ал беткей жапыракша олардың алдыңғы жиегіне бекитіндіктен, мойынның меншікті шандырының беткей және терең жапырақшалары арасында саңылау тәрізді кеңістік, spatium interaponeuroticum suprasternale, түзіледі. Ол жерде борпылдақ шелмай мен мойынның беткей веналары, arcus venosus juguli (мойындырық веналық доғасы) жатады, бұлардың зақымануы өте қауіпті. Бұл кеңістік бүйірлері жағынан recessus lateralis-пен m. sternocleidomastoideus-тің төменгі шетінің артында ірің ағып келуі мүмкін тұйық қалтамен жалғасады. Терең жапырақша екіге бөлініп және қайта бітісіп, тіласты сүйегі астындағы бұлшықеттер (mm. sternohyoideus sternothyroideus et thyroideus) үшін шандырлы қынаптар түзеді. Ол аталған бұлшықеттерді тығыз дәнекер тінді бұлшықет табақшасына біріктіреді және олар үшін апоневроз, aponeurosis omoclavicularis, түзеді. Бұл апоневроз mm. omohyoidei жиырылғанда керіліп, ол арқылы өтетін және онымен тұтасып кететін мойын веналары арқылы вена қаны ағып кетуіне жағдай жасайды. Бұл керілу және үшбұрышты пішін апоневрозды бейнелі түрде мойын желкені деп атауға негіз болды.

Бас, мойын және туындыларының тері жабындысының морфологиясы