Биология сабағында ойын технологиясының пайдаланылуы
Кіріспе
Ойын-әрекеті арқылы баланың
дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы,
көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен
қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру:
оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді
әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын
жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру,
ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке
қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы
оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік,
дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының
ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия,
тарих т.б. пәндерімен байланысып білім
– білік дағдылары артып, пәнге деген
қызығушылығы артып, білім сапасының артуына
ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның
рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының
майталмандары үнемі көрсетіп отырған.
Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады,
шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы
педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай
бала толыққанды дамымайды деп жазған.
Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты
арнайы психологиялық қағидалар талап
етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер
сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде
ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы
оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі
керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы
психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен
сипатталады.Ойын кезіндегі көтеріңкі
көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты
қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының
мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын,
ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі
керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін
қызықты және ойын соңында нәтижесі анық
көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей
болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ
кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына
негізделеді, ол әрекеттер күнделікті
әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және
қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай
білуге тәрбиелейді.
Оқушылардың биологиялықлық ой өрісін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту
биологиядағы басты проблеманың бірі.
Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі.
Күнделікті сабақтағы бір сарындылық
оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады.
Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін
қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла
түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы
жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік
өмірдегі процестерге өзінше баға беру
мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен
қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні
арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.[11]
Тақырыпты тандау мәселем:
- оқушылардың биология пәніне қызығушылығының,
танымдық белсенділігінің төмендеуі.
- ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі
қолданбаудан оқушы құзыреттілігі айқындалмайды,
жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан
қарама-қайшылықтар туындайды.
-биология сағаттарының қысқаруы
Мақсатым: Биология сабағында ойын технологияларын
пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін
арттыру.
Міндеттерім:
-биология сабақтарында ойын элементтерімен
танысу;
-биология бағдарламасына сараптама жасап,
ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды
анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге
және практикада қолдануына, қалыптасуына
жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші
бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға,
жетістіктері мен кемшіліктерін айта
білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының
денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін
болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін
ұйымдастыру.
Егер биология сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай
берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады,
пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі
білім сапасы мен үлгерімі артады
Күтілетін нәтиже:
-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық
пайда болады.
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі,
оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне
байланысты болады.
-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады,
жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті
сергектікті үйренеді.
-оқушылардың биологиялық қабілеттері
айқындалады.
Ойын технологиясының
теориялық негіздері
Ойынның психологиялық және педагогикалық
ерекшеліктері
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі
де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық,
қаржылық т.б. салалардағы секілді білім
беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс
қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту,
көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы,
білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу
қажеттігі туындады. Сондықтан қандай
халықтың даму стратегиясын алып қараса,
онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін
отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару
– оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі
жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат.
Осыдан білім беру мекемелерінің алдында
күрделі міндет тұр. Ол – оқушыны саналы
ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын
табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.[4]
Қазіргі кезеңде биологияныны оқыту әдістемесі
ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып
жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер
мен тәсілдер мектепте биология пәнін
оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың
«Деңгейлеп оқыту технологиясы», В.В Давыдовтың
«Дамыта оқыту технологияларының элементтері»,
«Блум таксономиясы»т.б[7]
Қазіргі білім саласының алдына қойылған
талаптар – оқушыларға білімді тереңдетіп
беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан
да көруімізге болады. Мұндай жағдайда
оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны
қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай
терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан
алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін
қолдану
- бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.
Сыныптардағы биология сабақтарын ойын
әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше
маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден,
оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең
құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен
қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері
дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары
дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген
материалдарды қызығып, ынта-жігермен
оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы
меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден,
оқушылардың арасында жарыс пайда болады,
оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады,
төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға
дағдыланады.
Сондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу
– биологияны сапалы оқытудың маңызды
мәселелерінің бірі.
Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық,
педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге
Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин,
Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар
ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше
«ойын негізінде адамның барлық психикалық
қабілеттері қалыптасады, баланы ересек
өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған
ортамен қарым-қатынас жасайды.[14]
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған
ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті
деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай
тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік – мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті
– нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және
еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға
үйретеді.
Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде
оң әсерін тигізетініне келісе отырып,
мынандай пікір айтады.
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды
«как мощное средство стимулирования
познавательного интереса учащихся» –
деп көрсетсе, педагогтардың арасында
ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың
қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір
жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды
оқытудың активті түрі деп қарастырса,
Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В.К.Роман
оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар
оқытудың ойын элементтері деп қарастырады.
Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі
әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының
арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде
тактиканы емес, стратегияны анықтайды.
Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай
элементтерін өзара тығыз байланыста
болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын
береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың
мақсаты тұрады.
Ойын – өзіндік басқаруды жинақтайтын
қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған
белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі.
Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:
1) мақсат қою;
2) жоспарлау;
3) мақсатты жүзеге асыру;
4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау
болып бөлінеді.
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын – бұл тәртібіне
өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық
тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі
бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген
ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
1) еркін дамыйтын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) тікелей немесе жанама ережелер.
Ойынның дидактикалық үрдісте атқаратын
көптеген функциялары бар. Олар:
1. Әлеуметтену.
2. Ұлтаралық араласушылық функциясы.
3. Ойында өзін ұстай алу функциясы.
4. Ойынның коммуникативті функциясы.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Терапевтік функциясы.
7. Жөндеу функциясы.
8. Сауықтық-ойын функциясы. [12]
1.2 Ойын технологиясының негіздері
Ойын-бұл да әрекеттін
бір түрі оны қолдану барысында
оқу міндеттері ашылады.Ептілік пен
дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз
ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің
құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою
арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі.
Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының
жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді,
қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді
және бекітіледі, оларға қажетті табысты
еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық
қабілет тәрбиеленеді.
Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан , бақылау
мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен
тұратын қызмет түрі.
Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста
оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі
туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық
қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі
бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы
жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының
нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін
жақсартуға тырысады.[6]
Ойын мектептегі білімнің жеке бағыт алу
негізі болып табылады. Ойынның атқаратын
міндеттері:
-психологиялық; эмоциялық дәрежесінің
мүмкіндігін арттырады және шаршағанды
басып, сергітеді.
-психотерапиялық; баланың өзіне және
басқаларға деген қатынасы өзгереді, психологиялық
көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге
көмектеседі.
-технологиялық; тиімді ойлау өрісінен
біртіндеп шығаруға рұқсат ете отырып
қиал өрісіне шынайы әрекетті қайта енгізу.
Оқушы ойнағанда өзін қауіпсіз, қолайлы
және дамуына қажетті психологиялық еркіндікті
сезінеді
Ойын технологиясының мүмкіндіктерін
талдау кезінде жалпы көрсеткіштерге
бөлуге болады: танымдық әрекетке белсенді
қатысуға деген оқушы ұмтылысы; әрекет
субьектісі ретінде өзінің жеке қайталанбас
тұлға , өте сиректігін жете түсіну; оның
әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін
қабылдау
Ойын технологияларының белгілері: ойын
үлгісінің бар болуы; ойын қойылымдары;
рольдікпозициялар; альтернативалық шешімнің
мүмкіндіктері;жобаланған нәтижелер;
бағалау критерилері; сезім әрекетінің
серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың
әр түрлі ыңғайы бар: өңделген үлгіленген
жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің
мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және
тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты
театрланған, рөлдік,имитациялық еліктеу
және т.б. ойындар қолданылады.
Педагогикалық процесс мінезіне қарай
ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап
қорыту
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық
хабардар ету және т.б
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы
ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту
деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа
білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді).
Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері
дәстүрлі емес оқу формасына жол береді,
сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде
аз қолданылады.
Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді
тексеру және бекіту, қайталау кезінде
дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға
арналған ойындар интеграциялық білімді
талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға
мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда
епті әрекет етуге бағытталған.
Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін
жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
- шешімді қабылдау және оның орындалуын
ұйымдастыру
Ойын технологиясының оқытудың сатылары:
1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын
анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын
топтарын құру, рөлдерді бөлу
2. Баяндалған дайын обектіні құрастыру:
топтардағы рөлдік қатынас, форматтық
баяндалған объектіні оқып білу
3. Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды
талқыға салу
4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды
жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды
бағалау, ойындарды талдау.[6]
ІІ. Биология сабағында ойын
технологиясының пайдаланылуы
2.1 Ойын элементтерінің маңызы
Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде
психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық,
педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Ойын оқушының даму құралы, таным көзі,
тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып,
адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына
ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын
жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай
деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы
зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың,
қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай
маңызы бар. Бала ойында қандай болса,
өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай
болады». Сондықтан келешек қайраткерді
тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.[1]
Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды
бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа
психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе
көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып
сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде
өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде
ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай,
алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды
өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады.
Мұғалім балалар ерекшеліктерін – мінез,
темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік
т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы
қажет және ойынның мақсаты, міндеттері,
мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім
ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны
жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың
даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен
бірге ойын барысында олардың жолдасы
бола алады.[14]
Мұғалімнің міндеті- ойын барысында балалар
арасында адамгершілік қарым-қатынастарды
талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен
басқару, балалардың достығын қолдау.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған
білім, білік, дағдылар жайында түсінік
беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау
және пысықтау немесе тексеру сипатында
болып келеді. Ойынның міндеті баланың
қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру
мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен
анықталады.Сабақта тиімді қолданылған
ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын оқушылардың аса зор ықыласпен
тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді.
Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам,
дұрыс орындайтын болады.
Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей
білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін,
ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын
молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының
пәнге деген қызығушылығын арттырады,
белсенділік танытып, материалды қажетті
деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар
мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды
болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген
білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың
өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді
шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады.
Ең бастысы әлеуметтік психологиялық
талаптардың бірі – шынайы қарым-қатынас
практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің
болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап
алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық
ізденісті талап етеді.[4]
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі
ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты
керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан
басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға,
оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын
қалыптастыруға болады.[1] Жалпы, биология
сабағында қолданылатын ойын түрлері
оқушылардың биологиялық ұғымдарын кеңейтіп,
ойлау қабілеттерін арттырып, ойлау дағдыларын
шыңдай түсетіні белгілі. Биология сабағында
қазақтың ұлттық ойындары қолданылады.
Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны
белгісіз санды табуға арналған ойын.
Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі
белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек»
тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол
табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.
Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына
лайықталған ойын есептерін алып, тек
ғана оқушының орындай алатын іс – әрекетімен
шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың
және басқарудың сипаты мен жолдары және
жолдары және оларды қолданудың тиімді
бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек.
Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей
түседі, осыған дейінгі білімдері мен
түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары
сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын
«Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты:
берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны
өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша
жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара
жүріп, мұғалім оқушының жеке басының
ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне,
ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы
қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі
баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып
табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы
зейін қояды және көбірек есіне сақтайды.
Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты
шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының
өзі баладан заттарға, айналатын көріністер
мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.
Егер бала ойын талабына зейін қойғысы
келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса,
онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі
ықтимал. [1]
Ойын – оқушылардың негізгі іс – әрекетінің
бір түрі. Ойын барысында оқушыныңның
жеке басының қасиеттері қалыптасады.
Мысалы: кіші мектеп жасындағы балаларды
көргендерін, байқағандарын, айналасынан
естігендерін ойын кезінде қолданалытанын
байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты
бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені
тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап,
сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен
араласуға үйренеді. .[15]
Дидактикалық ойындар
Мектеп оқушыларының мектепке келгенге
дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие
үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен
оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс.
Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық
ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын
баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл
қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге,
білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның
түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар,
сергіту ойындары.
Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың
ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады.
Теорияны практикамен ұштастыруға жол
ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне
пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды.
Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып,
сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей
жымдасып жатуы тиіс.[9]
Оқушылардың қызығушылығын арттырудың
бір көзі–биологиялық ойын элементтерін
қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, биологиялық
ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың
ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса
да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта
қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып,
оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын.
Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп
қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше
ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп
отырамын.
Биология сабақтарында халық ойындарын
дидактикалық материал ретінде қолданып
сабақ өткізу өте пайдалы.
Мысалы: «Көрші-көрші» ойыны кітаппен
жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған
жұмыстарымен бір-бірімен алмасып көрсетіп,
бір бірін бағалайды.
Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге
болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты
меңгере алмағанын және қай жерден үнемі
қате жіберетінін оңай аңғаруға болады.
Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға
білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп
жатқанын көруге болады.
Алайда, ойын арқылы тапсырмаларды орындау
ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және
дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін
пайдалану орынды. Оқушыныңның қуанышы
мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын
кезіндегі оқушыныңның психологиялық
ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық
әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,
еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері
дамиды, мұның бәрі оқушының жан-дүниесіне
әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің
дамуына ықпалын тигізеді.
Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды
көп пайдаланамын: биологиялық эстафеталар,
викториналар, кроссвордтар, ребустар,
жұмбақтар.
8 сыныпқа «Қан. Қанның маңызы. Эритроциттер» тақырыбына мынадай ойын түрлерін өткіздім. Бұл сабағымның мақсаты: Қан, қанның маңызы туралы түсінік беріп, алған білімдерін өздігінен оқып меңгеруге ықпал ету. Жаңа сабақ интерактивті тақтадан адам мен машинаны салыстыру арқылы, яғни, оқушыларға адамға ең қажетті мүше қандай болса машина үшін маңызды бөлшек деген синтуациялық сұрақтар қойылады. Сонымен оқушылар біздің ағза үшін ең маңыздысы – ағза сұйықтық ортасы – қан. Жаңа сабақ оқушыларға интерактивті тақтамен меңгертіледі. Көрнекілік ретінде малибу конфеті (эритроциттер) пайдаландым.
Ойынның түрі: «Жарыс сабақ»
Сабақ мынадай кезеңдерден тұрады:
І кезең –«Ақсерек-көксерек» ойыны (сыныпты
топқа бөліп, әр топ бір-біріне сұрақтар
қойып, сұрақтар арқылы үй тапсырмасын
сұрау)
ІІ кезең – Жаңа сабақ
ІІІ кезең – «Алтын қақпа» ойыны (бұл ойында
оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергенін
анықтау )
VІ кезең – Бағалау
VІІ кезең – Үйге тапсырма беру
Сабақ барысы:
1. Сынып оқушыларын «Эритроциттер»
және «Лейкоциттер» болып екі топқа бөлініп
жарысатындығын түсіндірдім.
2. «Ақсерек- көксерек» ойыны. Әр топ бір-біріне
сұрақтар қойып, жауап алады.
І топ – ІІ топқа:
• Организмнің ішкі ортасы деп ……….айтады.
• Адамда ……. қан тобы бар.
• Тегершік пішінді қан жасушасы ……..
деп аталады.
• Қан қабылдаушы адамды ……. атайды.
ІІ топ – І топқа:
• …………. – өкпе мен ұлпалардың арасында
газ алмасу процесін қамтамасыз етеді.
• ………. – қан ағзаның тұрақты дене қызуын
сақтайды.
• …………. – қанның құрамында фагоцит
қабілеті бар жасушалар болады және арнайы
белоктар – антиденелер болады, олар ұлы
организмдердің көбеюіне кедергі жасайды
да олардың бөліп шығарады.
Жаңа сабақ
Қан – біздің ағзамыздағы ең тамаша ұлпалардың
бірі. Мемлекет үлкен транспорт жолдарынсыз
қалай елестеуге болмаса, адамды, жануарларды
да қансыз елестету мүмкін емес. Өйткені
қан бүкіл ағзаға оттегін, қоректік заттарды,
суды тасымалдайды.
Қан –дәнекер ұлпасының бір түрі. Ол адамның
ішкі ағзасын толтырып тұратын үш сұйықтықтың
біреуі. Қан, жасушаларға оттегін қоректік
заттар жеткізу. СО2 және ыдырау өнімдерін
сыртқа шығару қызметін атқарады.Сонымен
қатар жылуды реттейді. 23 секундта қан
денені бір рет айналып шығады. Сонымен
бірге қан қорғаныш, тасымалдау /гормондар/
қызметін де атқарады.
Ішкі ортаның
ерекшеліктері Қан Ұлпа сұйықтығы Лимфа
1. Мөлшері 4,5–5 л 20 л 1–3 л
2. Түсі Қызыл Сарғыш Ақшыл-сары
3. Ұлпасы Дәнекер Дәнекер Дәнекер
4. Құрамы а) Қан плазмасы – 55%
ә) Қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер,
тромбоциттер)
– 45% Қан плазмасына ұқсас. Құрамында нәруыз
аз, лимфоциттер, лейкоциттер бар Қан плазмасына
ұқсас, құрамында нәруыз өте аз. Лимфоциттері
бар
5.Түзілетін
орны Сүйектердің кемік майында, көкбауырда,
лимфа түйіндерінде түзіледі Қанның құрамынан
бөлініп жасушаларды қоршап жатады Ұлпа
сұйықтығынан бөлінеді
6.Атқаратын қызметі Тасымалдау, тынысалу,
қоректік, зәр шығару, жылу реттеу, ішкі
ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету
Капилляр қантамырларын жасушалармен
байланыстырып, заттар мен газ алмасуды
реттейді Судың таралуын реттеу, қорғаныштық,
ұлпа сұйықтығын реттеу,
7.Айырмашылығы Тұйық шеңбер түрінде жүректен
мүшелерге, мүшелерден жүрекке қарай ағып
тұрады Аздаған мөлшері капилляр тамырларындағы
қанға қайта қосылады Мүшелерден жүрекке
қарай бір бағытта өте баяу ағады
Қасиеті : Қанның ең керемет қасиетінің
бірі – ұюы. Қан ұйығанда тромб түзіледі.
Тромб-фибрин ақуызынан түзілген. Ұю Са
/ кальций/ тұздарының қатысуымен жүреді
қорғаныш тасымалдау
қоректену тыныс алу
жылу рет гуморальді реттеу
Қанның құрамы
55-60 % плазма 40- 45 % қан жасушалары
Сарысу Фибриоген 1. Эритроцит
– 100-120 күн /500 00
2. Лейкоцит – 1-7 күн /4-8 мың
3. Тромбоцит 5-8 күн /200-400 000.
ТРОМБ + Са2+ қанның ұюы
ҚАНТОБЫ Егу Сарысу
ІІ Жасанды
І ІҮ ИММУНИТЕТ
ІІІ Табиғи
Туа п.б. Жүре п.б.
Донор реципиент.
Жасушалық иммунитет: – «антиген», «ангитела
3. «Алтын қақпа» ойыны.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын,
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Биология – қызыққа тоймайтұғын- деп,
биологияға осылай баға беріледі. Ойын
барысында үш қақпа ашылады. Әр қақпада
тапсырмалар беріледі. Ол қақпалар ашылған
сайын тапсырмалар күрделене түседі. Осы
ойын арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін.
Сабақта білімімдерін ортаға салып, тапсырмаларды
мүлткісіз орындатып, сандықтағы сыйлықты
алуға тырысады.
І. Тас қақпа тапсырмасы:
Сөзжұмбақ шешу: І топқа:
Сөзжұмбақтың сұрағы:
1. Организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі.
(Қан)
2. Қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік
заттарды, суды минералды тұздарды және
дәрумендерді тасымалдайды. (Асқорыту)
3. Тромб негізінен ерімейтін талшықты
белок неден құралады? (Фибрин)
ІІ топқа:
ІІ. Күміс қақпа тапсырмалары:
Топ басшылары шығып, күміс қақпасындағы
2 хатты оқып, 1 минут ішінде ойланып, әңгіме
құрастыру керек. І топқа – «Донор», ІІ
топқа – «Реципиент» деген тақырыптарда
ой қозғау керек.
ІІІ. Алтын қақпа тапсырмалары:
Тапсырмаларды алғаш орындап, алтын қақпаны
ашқан оқушы сандықтың тапсырмасын орындайды.
Сандықтың тапсырмасы: Сандық ішінде әр
түрлі тақырыпқа байланысты суреттер
беріледі екі топ сол суреттерді анықтау
керек.
Бағалау
Үйге тапсырма беру
§ 29-35 қайталау. Тірек сызбаны жаттау.
Сабақтағы мұндай ойын сәттері оқушылардың
ойлау және өздігінен шешім шығару қабілетін
жетілдіреді,ой-өрісін дамытады, есте
сақтау түйсіктерін қалыптастырады, өз
халқының ауыз әдебиетін құрметтеуге
тәрбиелейді.
Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады,
оқу материалдарын жылдам және жақсырақ
игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай
жағдайда, барлық балалар алға жылжиды,
білімдері терең балалардың тежелмеуін,
білімі төмен балалардың алға ұмтылуына
мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір
жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен
– саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл
ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын
жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап
бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша
ұпай алады.
Сонымен бірге биология сабағында «Домино»
ойынын пайдаланамын. Қағаз екіге бөлініп,
біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың
жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс
жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма
дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында
белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел
шығады.
Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар
қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап
оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге
назар аударып отырамын. Сабақта алған
білім дағдысын ойлау барысында қолдану
мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады,
білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға
жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын
кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы,
ойындарды қайталау сабақтарында, сынақ
сабақтарында ұйымдастырамын. [19]
Оқушылардың биология сабағына қызығушылығын
арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез
ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық
ойындар, логикалық ойындар, қазақтың
ұлттық ойындарының орны ерекше. Биологияның
сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық
құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген
сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын.
Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар
бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен
бірігетіндей жағдай жасауға тырысамын.
Сонда сабақ білім беру қызметін ғана
емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады.
Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың
бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік,
топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі
оянады, менмендік және жалқаулықтан безу
қасиеттері қалыптасады.
Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен
сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда
ол тәртіпті бұзған болып есептеледі,
мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында
балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар
алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді,
белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық
ойынға байланысты, оның топтық түрде
өтуіне байланысты. Осындай «Брейн-ринг»
оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды
орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр
топта 2-3 баладан болатындай, 3-4 топқа бөлінеді.
Ойынға 3-4 секторға бөлінген дөңгелек
керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі
келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады:
ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада
2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын
тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады.
1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені
алып, бірден жауап беру керек, 2-турда
бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт
беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді.
Топтар бір-біріне тәуелді болмайды.[10]
Менің өз тәжірибем бойынша шағын топтардың
топ жетекшілерін пайдаланған тиімді
екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан
ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар
дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі
төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол
уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы
артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін
түсінеді.
Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын,
ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін
өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы
кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана
отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда
биология сабағына ынталы қатысатын болды.
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне
қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым
аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар
алып, қанағаттанады.
Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың
жалпы ерекшіліктері:
1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық
процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету,
ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.
2. Ойын ерікті түрде құрылады.
3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту
үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.
4. Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық,
қуаныш алады.
5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей,
қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан
Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние
жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат
әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі,
адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы»,
«Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам
әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды
адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам»
деген екен.[1]
Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына
биология сабағында ойын – тиімді тәсіл
екендігіне көз жеткіздік. Ойын – оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға
әсері мол болады деген сенімдемім.
2.3 Іскерлік ойындар
«Қарлы кесек» іскерлік ойыны
Сабақтың тақырыбы:
«Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары
және олардың алдын алу»
Сабақтың мақсаты: білімділік: жүрек
қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру.
Зиянды заттардың жүрек қантамыр жүйесіне
әсері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық :
Оқушылардың қан кету түрлері жүрек қантамырларын
ажырата білу, олардың алдын алу, көмек
көрсету икемділіктерін дамыту. Ақпараттық
оқыту құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін
кеңейту.
Тәрбиелік: Салауатты
өмір-салтына жағымды көзқарас пен оған
ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің
денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивті тақта, компьютер, жгут, дәке,
мақта, йод, бұрайтын таяқша, таңғыш
Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет,
математика
Сабақтың типі : зертханалық сабақ.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс. Жүрек институтына
саяхат. Рольдік ойын.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Рефлексия.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге
мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт
арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің
көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.
Өткен сабақты қайталау (теориялық бөлім)
Сабақтың тақырыбы: «Жүрек қантамырлары
жүйесінің аурулары және олардың алдын
алу»
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
бәріңізге мәлім. Ал жүрек қантамыр жүйесінде
ең бастысы – жүрек. Олай болса ақын ағамыз
Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» өлеңін
тыңдайық.
Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам
Алдымен менмін
Сонан соң – сенсің жаралған
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың
Аяқ пен қолың –
Барлығы менен нәр алған.
Келеді сенің кей-кейде
мені мұз еткің
Бәріне көндім
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім
Жалындым саған жақыны
бол деп баршаның
Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден
Ал, енді маған демалыс берші шаршадым.
Қақың жоқ сенің фдем алуға
да, осқпауға
Қарсы барамыз оттарға, әрі оқтарға
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!
Жүрек – қантамырлары жүйесінің
аурулары.
• Гипертония-қан қысымының үнемі немесе
жиі көтерілуі
• Жүрек инфаркті – жүрек бұлшықетінің
жансыздану аймақтарының әсерінен болатын
жүрек жұмысының бұзылуы
• Атеросклероз – қанды өткізу қуыстарының
тарылуы мен қызметінің бұылуынан болатын
артериялық қан тамырларының созылмалы
ауруы.
• Жүрек ақаулығы –жүрек қызметін бұзатын
жүрек пен одан шығатын қан тамырларының
құрылысындағы ақуалықтар
Практикалық бөлім
Жүрек институтына саяхат. Рольдік ойын.
Шарты: Әр рольдегі оқушылар өзі дайындап
келген жұмысын қорғайды.
1. Фельдшер – жүрек ауырғанда көрсетілетін
алғашқы жәрдем туралы айтады.
2. Физиолог – жүректе өтетін қанның физиологиялық
процестері туралы айтады.
3. Кардиолог-жүрек – қантамырлары туралы
4. Дәрігер – жүрек-қантамырлары тамырларының
ауру түрлерін айтады
Бекіту.
«Бағдаршам» атты ойынымен жалғастырамын.
Ауырып ем іздегенше….
• Қызыл түс
Есептеп шығар
Адамның жүрегі минутына 60-70 рет жиырылады.
Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам
қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне
қанша литр қан өтетінін есептеп шығар.
• Сары түс
Темекі шегуге қарсымыз!!! Жарнама тақтасын
әзірлеу
• Жасыл түс
Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына
шақыр.
«Буриме» өлең жолдары.
……………………………………………… жатпаңдар
……………………………………………… тастаңдар
……………………………………………… жадырап
……………………………………………… бастаңдар.
Сіздер қозғалыстың қажет екендігіне
көз жеткізіңіздер. Енді бәріміз сергіту
сәтін ұйымдастырайық.
Сергіту сәті:
ШАРТЫ:
Артериялық қан кету болса – сол қол көтеру.
Веналық қан кету болса – оң қол көтеру.
Капиллярлық қан кету болса – денені бұру.
Ал қызыл қан ағады
Қою қызыл түсті қан ағады
Қан шапшып ағады
Жарақаттанған жердің айналасу қанайды
Жгут салу қажет емес
Терінің беткі қабаты жарақаттанса
Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу
керек
Балаларды бағалау. Бүгінгі
сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы
витаминдермен бағалаймын
«5» – апельсин – тәтті
«4» – алма – қышқыл
«3» – лимон – ащы
Қорытындылау.
Қорытынды
Педагогикалық жаңа технологиялардың
барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына,
өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей
білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған алға қойған
мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін
қамтамасыз етуді көздейтін, берілген
материалды жедел әрі сапапы меңгертуге
бағытталған.
Оқу ойындары (іскерлік ойындар) формасы
бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу, ал
дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың
қалыптасқан түрін тек толықтыру болып
табылатынына көз жеткіздім.
Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру.
Зерттеулер
көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған
оқу процесіне қарағанда,оқушылар ойынға
қатыса отырып, неғұлым аз шаршайды, оқу
қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар
алып, қанағаттанады.
Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын
талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген
қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама
бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз.
Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін
ерекшелуде, білімдерін нығайтуға биологиялық
ойындардың атқарар рөлі өте зор. Өйткені
биологияны оқып үйренуге деген қызығушылығы
мен танымдық белсенділігін арттыруда,
алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін
дамытуға мәні зор екенін көрсетеді.
Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын элементтерін
қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін
артырып, тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі.
Ойын арқылы оқушы негі меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері
қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше
шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты
істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін
басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан
аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда
көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен
салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың
саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері,
алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар
ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен
көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз
бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды
іріктей білуге үйренеді.
Сонымен биология сабағындағы ойынның
ерекше екендігіне көз жеткізе отырып,
мынандай қорытындыға келдім:
1. Биология сабағындағы ойын технологиясының
пайдасы қазіргі кездегі биологияны терең
меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға
мүмкіндік береді.
2. Қызықты тапсырмалар мен зертханалық
жұмыстар түрлері білімді меңгерумен
қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық,
шығармашылық қабілеттерін арттырады.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді,
күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау
жүйесін дамытады.
4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді,
сабақтың сапасын жақсартады.
5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы,
сүйіспеншілігі артады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Педагогикалық ізденіс. /Құраст. И.Н.
Баженова. – Алматы: Рауан, 1990 – 574
б.
2. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері.
Биология және салауаттық негізі. 2006. №6,
39-40 б.
3. Бозбаева Г. Әдіс тәсілдерінің тиімділігі.
Биология және салауаттылық негіз. 2006.
№5, 48 — 51 б.
4. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері.
Биология және салауаттылық негіз. 2006.
№6, 39 — 40 б.
5. Исманбетова М. Модульді оқыту. Биология
және салауаттылық негіздер. 2006. №3, 30 –
34 б.
6. Кеңесбаев С.М. Жоғарғы педагогикалық
білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа
ақпараттың технолгияны пайдасына білуге
даярлаудың педагогикалық негіздері.
Автореферат канд. дисс., Түркістан 2006.
7. Меңжанова А.К. Педагогикалық пәндерді
оқыту әдістемесі. 1996ж. 160 б.
8. Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі.
Биология және салауаттылық негіз. 2003.
№4, 9 – 17 б.
9. Қуанбаев Б. Оқытудың педагогикалық
жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің
дидактикалық негіздері. Автореферат
канд. дисс. 2006.
10. Жылыбаев Ж. О. Педагогические условия
формировние здорового образа жини учащеихся
иннавационных школ. Автореферат канд.
дисс. Астана 2004.
11. Түркіменбаев Ә.Б. Қоғамдық – гиманитарлық
бағыттағы мектептерде жататылыстану
пәндерін интерграциялап оқыту процесінің
педагогикалық шарттары. Қазақстан мектебі.
2005. №7 9 – 12 б. Берген Д. Игра как средство
обучения и развития: справочник по теории
и практики: Портамут – штат Нью – Гемшир.,
Хинеманн паблишерс 1988 (перевод с англ.)
12. Барбара Шварц. Обучение с помощью игры.
– Вашингтон, 1997. (перевод с англ.)
13. Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар
мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан,
1992. – 64 б.
14. Абдуллаева ұ.,Тіленбаева М. ұлттық ойындар
арқылы еңбекке тәрбиелеу // Бастауыш мектеп.
– 2005. – №9.- 28-30 б.
15. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу–тәрбие
процесінде пайдалану. – Алматы: Рауан,
1993. – 76 б.
16.Анисимова В.С. т.б. Адам анатомиясы бойынша
оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.
Алматы «Мектеп», 1980ж
17.Биология және салауаттылық негізі журналы
№1-4. 2003 ж.
18.Жөкебайқызы С. Тәнтану. Алматы «Рауан»,
1998ж.
19. Энц.словарь юного биолога. Москва «Педагогика»
1986 г.
20.Юсопова М.М.. Адам анатомиясының практикумы.
Алматы «Мектеп», 1979 ж.

- Биология свиньи
- Биология старения
- Биология старения
- Биология цветения и плодоношения древесных растений
- Биолого-социальные ЧС
- Биолого-социальные ЧС
- Биолого-эволюционное направление в социологии
- Биология развития
- Биология развития
- Биология развития, ареал обитания, значение для лесного хозяйства Кабана (Sus scorfa)
- Биология развития возбудителей , диагностика фасциолеза жвачных и меры борьбы с ним
- Биология раневого процесса
- Биология раневого процесса
- Биология растений