Бөкейхан, Әлихан
Нұрмұхамедұлы
..
Дүниеге келген
- 1866жылы, 5 наурыз. Жері- Тоқырауын
болысының
7-ші ауылы, Қарқаралы уезі, Семей
облысы, Дала өлкесі (қазіргі Ақтоғай
ауданы, Қарағанды облысы)
Қайтыс
болғаны - 1937 ж. қыркүйектің 27 (71 жаста)
Саяси
партиясы - Алаш партиясы
Діні
– Ислам
Әлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX
ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының,
қоғам және мемлекет қайраткерлері
қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық
қозғлысы көсемі және Алаш партиясы, Алаш
Орда үкіметінің төрағасы, публицист,
ғалым, аудармашы.Алаш Орда төрағасы лауазымына
ие болған.
Өмірбаяны
1866 ж.
наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы,
Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының
7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы
бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты,
1992 ж. Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен
Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Ата тегі
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан
тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты
Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының
бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы.
Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның
әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды
әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға
апарып, жергілікті молданың қолына оқуға
береді. Бірақ зерделі бала молдадан
оқығандардан гөрі осындағы мектепте
оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып,
қаладағы үш кластық бастауыш мектепке
өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол
Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне
түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен
бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар
Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне
қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған
алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік
жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала
генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс
хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом
стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясынің
елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман
шаруашылығы институтының экономика факультетіне
түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына
қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық
және тағы басқа үйірмелердің жұмысына
қызу араласып, студенттік толқуларға
қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының
қол астында отырған халқының ауыр тағдыры
қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық
пен надандықтың шырмауында отырған халқына
білім мен мәдениет керек екенін ұғады,
елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді
өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Қоғамдық-саяси
әрекеттері
Оңнан солға қарай: Халел Досмұхамедов,
Халел Ғаббасов, Әлихан Бөкейханов
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов
Ресей империясының қазақ даласына жүргізген
отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы
қалыптасқан, марксизмнің экономикалық
қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын
күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп,
білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі
бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға
келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық
жұмысына белсене араласады.
«Народная
свобода» (Халық бостандығы) партиясының
қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары
мен саяси белсенділерінің арасында
осы партияның шағын тобын
ұйымдастырады. Әлиханның саяси
көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін
белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері
әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы
және көсемі ретінде танылуына, саяси
күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы
күндері ерекше ықпал етеді.
1905 ж.
бастап Ресей конституциялық-демократиялық
партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ
бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде
жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің
отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа
қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы
петициясын ұйымдастырушылардың бірі
болған.
1905 ж.
Әлихан Бөкейханов Семей облысы
қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік
думаға депутат болып сайланды.
Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума
жұмысына қатыса алмады. Өйткені
Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын
бастаған кезде Дала өлкесі
генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен,
соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында
отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға
жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып,
оның біраз мүшелері наразылық актісін
қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның
Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н.
Бөкейханов да солардың артынан аттанып
Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға
тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының
төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға
Семей түрмесіне жабылды.
1906 жылы
Омбыдан шығатын кадеттік «Голос
степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде,
1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген
меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь»,
«Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет
атқарды.
1909-17 жж.
«Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде
жұмыс істеді.
1911-14 «Қазақ»
гәзетін ұйымдастыруда және оның
жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор
еңбек сіңірді.
20 ғ.
басында қазақ даласында екі
ағымның болғаны белгілі. Бірі
Бұқар мен Түркістан өлкесіне
бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл
ағым, екіншісі негізінен Батыс
өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл,
пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның
басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен
тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары
тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып,
Ресей империясына қарсы ашық күреске
шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана
сезімін оятатын жағдай жасау керек деп
білді.
Бар күш
қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады.
Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс
істеуіне жандармерия басқармасының
жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың
көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге
қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің
қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген
Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей
түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына
жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық
қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы
жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға
келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық,
саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың
қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға
сайланады.
Бүкіл
мағыналы өмірін халқының азаттық алып,
еркін ел болуына арнаған аяулы
азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат
жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей
жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері
съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік
думасының және мұсылман халықтары съезінің
депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар
фракциясының Бюро мүшесі болды. Ол Ақпан
төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ
ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның
ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет
партиясының көсемдері қазаққа аутономия
беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен
жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе
алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан
сайланған тоғыз өкілді бастап барып,
Томск қаласында Сібір аутономистерінің
құрылтайына қатысады. Осында болашақ
Сібір республикасының құрамында Қазақ
аутономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан
оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы
тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға
кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында
бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш
аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов
сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш
төрағасы (президенті) болып сайланады.
Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен
2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.
1919 ж.
большевиктер өкіметінің бұрынғы
алашордашыларға жасаған кешірімнен
кейін Ә. Бөкейханов қалған
өмірін ғылыми зерттеушілікке
арнады.
Бірақ,
ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист,
жадағай белсенділердің көрсетуімен ол
1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын
тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады,
зор беделінен қорыққан большевиктер
өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда
он жыл үй қамауында отырған Әлиханды
1937 ж. тамызында қайыра тұтқындап, бір
айдан кейін жалған жаламен 67 жасында
Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.
1989 ж.
мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының
қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс
құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Ғылыми
әрекеттері
19 ғ.
соңында Омбы орман шаруашылығы
училищесінде оқытушылық қызмет
атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады.
Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен
Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің
толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Россия.
Жалпы географиялық сипаттама» атты көп
томдық еңбектің қазақ даласына арналған
18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол
ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік
саяси қызметтерге де белсене араласа
бастайды.
1904 ж.
қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын
даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының
құрамында болды.
1911-14 жж.
Ә. Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық
сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде
қатысты.
Ә. Бөкейханов
— ғұлама ғалым ормантанушы, экономист,
мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми
жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы,
аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ
халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани
тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға
.Түсініктемелер
Өзінің тергеуде берген жауабынан. Туған
жылы туралы деректер әр түрлі. Дегенмен
де бұл дерек дұрыс болар дейміз. Себебі
оның жасы туралы келтірілген ең алғашқы
архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған
құжатта Қарқаралы ерлер приход училищесінің
дайындық бөлімінде 1878/79-жылының 1-ші жарты
жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен
бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі
деректе, Әлихан училищеге 1878 ж. қыркүйектің
16 түскенде жасы 11-де деп көрсетілген.
Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің
өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. Қай мәнербен
көрсетілгені белгісіз. Егер бұл ескі
мәнербен болса, жәңа мәнербен бұл наурыздың
27 болады.
БӨКЕЙХАННЫҢ
ОМБЫДА ШЫҒАРҒАН ГАЗЕТТЕРІ
ХХ ғасырдың
басындағы қазақтың ұлт көсемі Әлихан
Бөкейхан 1906-1907 жылдары «Иртыш», «Омич»
және «Голос степи» (Ф. А. Брокгауз, И. А.
Ефрон, Жаңа энциклопедиялық сөздік, 8-том.
СПб., 1908 жыл) газеттерін шығарған және
редакциялаған. Және де бұл газеттер бір
шығып, бір шықпай қалып отырды, ол шығарушы
мен редактордың кінәсінен емес еді.
Бейхабар
оқырманға жаңағы аталған газеттердің
редакторлары ретінде әртүрлі адамның
аталуы түсініксіз болып көріну мүмкін.
Мәселен, Ресей мемлекеттік кітапханасы
газеттер бөлімінің анықтамалығындағы
мәліметтер бойынша, «Голос степи» газетінің
алғашқы қаңтарлық сандарында редактор-шығарушы
ретінде Д. В. Ивановтың есімі көрсетілген,
ақпан айындағы сандарында В. В. Кирьяновъ,
ал, «Иртышъ» газетінің редакторы И. А.
Поваренныхъ деп жазылған. «Омич» газетінің
редакторы ретінде көрсетілген адам –
В. И. Вереденко деген бәз бір әйел. Бірақ,
бұл жерде үзілді-кесілді түйін жасауға
асықпау керек, өйткені, бұл аталған үш
Алаштың көсемі һәм Алашорда үкіметінің
төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан,
Мәскеу, 1935 жыл.
басылымның
да тағдыры күрделі болды. «Жаңа
Алаштың көсемі һәм Алашорда үкіметінің
төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан,
Мәскеу, 1935 жыл.энциклопедиялық сөздік»
бойынша
айтатын
болсақ, басылымдардың тағдыры олардың
шын мәніндегі шығарушы редакторы
болған Әлихан Бөкейханның тағдырына
ұқсас болды.
Брокгауз
бен Ефронның «Энциклопедиялық сөздігі»
әлемдегі ең озық әмбебап энциклопедиялардың
бірі деп саналатын. Ол сөздіктің өз заманында
немістің «Брокгаузынан», француздың
«Ларуссасынан» және ағылшынның «Британникасынан»
кем түспегені былай тұрсын, тақырыптық
ауқымының кеңдігімен және соңғы (ХХ ғасырдың
басындағы) ғылыми мәліметтерді пайдалану
тереңдігімен айрықшаланып, кей тұстарда
озық тұрған.
1908 жылдан
және дәл сол 8-інші томынан
бастап, 22-інші томына дейін Әлихан
Бөкейханның өзі аталған энциклопедияның
редакциялық алқасының мүшесі
болды. Мұнда да бірден үш
мерзімді басылымды редакциялаған
оның артық қосып жазуы не қателесуі мүмкін
емес. Ең қызығы басқада. 1906 жылғы шілденің
соңында Омбыда «Иртыш» газетінің бірінші
саны шығады, сосын ол Далалық генерал-губернатор
Сухотиннің өкімімен ««зиянды бағытына»
байланысты әскери жағдай тоқтатылған
мерзімге дейін» жабылады, бірақ, оның
ізі суымай жатып, сол жылдың қарашасының
соңында оқырмандарға жаңа газет ұсынылады.
«Иртыш» басылымы жабылысымен бірінші
саны шыққан «Омич» (бұл да мән-мазмұны
жағынан тура сол басылым еді, тек аты
ғана басқаша) газетінің өмірі одан да
қысқа болды. Оның оншақты саны шығып үлгерді,
ал, «Иртыш» газеті оқырмандарға 74-тен
астам санын ұсынған еді. Ол «Иртыштың»
ізімен 1906 жылдың қарашасынан желтоқсанына
дейін, Әлихан Бөкейханның сөзімен айтқанда:
«орыс императорының далалық сатрабы»
генерал Сухотин қайтадан тура сондай
желеумен және дәл солай белгісіз мерзімге
жабуға өкім бергенше шығып тұрды. «Голос
степи» газеті 1907 жылдың 1 қаңтарынан шыға
бастады да, 42-інші санынан кейін, ақпанның
соңында шығуын тоқтатты. Бұл басылымның
да тоқтауы әйгілі «Выборг үндеуіне» қол
қойғаны үшін Әлихан Бөкейханның Санкт-Петербург
сотының арнайы қатысуымен сотталып, үш
айға түрмеге жабылуымен дөп келеді. Сол
кезде ол өз еркімен Семейге келіп, түрмеге
отырып жазасын өтеген еді. Бірақ, оны
түрмеде астаналық соттың шешіміне сәйкес
үш ай емес, тұтас сегіз ай бойы ұстады.
Одан соң оны 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне
дейін Самараға жер аударып жіберді. Әрине,
шындықты айту керек, саяси жер аудару
қазақ көсеміне кедергі бола алған жоқ,
ол Санкт-Петербургке жиі-жиі жасырын
келіп жүрді. Бұл үш газеттің де оқырман
қауымы кең және тұрақты болғанын атап
айту керек. Осы басылымдардағы жарнамаларға
қарар болсақ, оқырмандардың елеулі
бөлігі газеттерді жазылып алып тұрған.
Газетте мынадай жарнамалар берілген:
«Иртышъ» және «Омичъ» газеттерінің орнына
1907 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Голосъ
степи» (Орфографиясы сақталған) газетіне
жазылу басталды». «Иртышъ» және «Омичъ»
газеттеріне жазылушыларға. «Иртышъ»
және «Омичъ» газеттерінің жазылушыларына
«Голос степи» жолданады, алдыңғы газеттер
үшін төленген ақша есепке алынады».«Голос
степи» газетінің барлық санына басылған
осы екі жарнаманың өздері-ақ сөйлеп тұр.
Бұл жарнамалардың мазмұнынан оқырман
қандай да бір түсініксіздік байқаған
болса олар жалғыз бұнымен шектелмейді.
Тағы бір таңғаларлығы – редактор ретінде
аталған адамдардың бәрі өмірде болған
және тура сол Омбыда өмір сүрген. Мысалы,
Иван Аксентьевич Поваренных адвокат
болған және Әлихан Бөкейханның досы еді.
Бұл кісіні бірде генерал-губернатор Сухотин
бір қазаққа шағым жазуға көмектескені
үшін ғана Омбыдан айдап жіберген. Неге
Әлихан Бөкейхан әлгі газеттерді іс жүзінде
өзі редакциялай отырып, өз аты-жөнін көрсетпеген
деген заңды сұраққа оның 1906 жылғы 11 тамызда
«Степной піонеръ» газетінде жарияланған
өз мақаласынан жауап табамыз. Оның жазған
«Обыватель-критиканъ» деген мақаласында
мынандай жолдар бар: «…бұрынғы дума мүшелері
құрған кез-келген қауымдастық қызметіне
тыйым салынады. …Думаға мүше болғаны
себепті... қоғамдық қызметпен айналысуға
жаппай тыйым салынды!..»
Әлихан
Бөкейханның 1906 жылдың маусымында Семей
облысының атынан бірінші Мемлекеттік
думаның депутаты болып сайланғаны
белгілі. Дума таратылғаннан кейін
Омбыға оралып, газет шығаруға кіріскен
ол өз мақаларында жаңа премьер-министр
Петр Столыпиннің әрекетін сынайды.
Басылымдардың
ішінде қаттырақ жапа шеккені «Омич»
газеті еді, оның барлық санын патша
әкімдігі тәркілеп алып, жойып жіберген.
74-тен астам «Иртыш» сандарының
екеуі ғана құдайдың құдіретімен
сақталып қалған: №19 саны Химкиде Ресей
мемлекеттік кітапханасында сақтаулы
болса, 1906 жылғы 2 қыркүйекте шыққан №36
саны Санкт-Петербургтен табылды.
«Алаш»
партиясы»
(1917—1920)
— 1917 ж. Ақпан төңкерісінен
соң Ресей конституциялы демократиялық
партиясының қазақ мүше тобынан
құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің
құрамында барынша көпшілігі болған.
Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи
даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар
мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық
доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге
асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік
тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері
екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің
қол астында болған жылдарда қазақ халқының
өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны,
көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей
саяси тарихы бар халық түгелдей империялық
заңдардың бұғауына түскені біздерге
тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы
бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі
ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты
саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған
себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс
еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси
күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ
зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына
жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен
көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков,
Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б.
болатын. Олар патша самодержавиесінің
қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып,
оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі
келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі
қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір
жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың
сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд
орталықтарында аймақтық қазақ сиездері
өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады.
Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары болған облыстық
және уездік атқару комитеттерінің құрамына
енгізілді. 1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор
(Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық),
Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық)
т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін
өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті.
Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917
жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында
өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің
төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау
сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте
Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет
туралы және жүріп жатқан импералистік
соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды.
Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы
төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет
және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары
Орал облысында қазақтар арасында бастауыш,
орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз
деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады:
- мұғалімдер сиезін шақыру қажет; - Орал
қаласында уақытша орта оқу орнын ашу
қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы
негізінде қазақ балаларына арнайы оқу
орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына
салынған бұрынғы кәсіптік мектептің
үйіне орналастыру жөн деп табылсын; -
қазақ тілінде газет, брошюралар шығару
қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа
да мәселелер қаралды, басқа қаралған
мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен.
Орал сиезінің қарарында облыс орталығында
орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың
қатысуымен халық ағарту ісін реформалау
мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер
құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді.
Осы сиезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің
мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қольша
беру, қазақ халқы автономияға ие болып,
алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады.
Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан
түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын,
тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын
білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты
қалай болғанда да біз Ресейден автономия
алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді.
Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің
саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі,
оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын
біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары
болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін
қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз.
XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары
халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар
ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше
ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін
танытты. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ
съезінде «Алаш» атты партия құрылып,
бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың
ішінде ерекше атайтынымыз: 1) Мемлекет
билеу түрі; 2) Қазақ облыстарында автономия;
3) Жер мәселесі; 4) Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық,
федеративтік парламенттік республика
болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың
«Алашорда» атты құжаттар жинағында .
Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде
автономиялықтың негізі туралы әртүрлі
пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің
әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық
бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен
тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке
басқа халықтармен одақтасқан жағдайда
жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ
бұл сиезде нақты пікірге келе алмады.
Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды.
Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған
дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және
сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі
(«Народный сот») таратылып, олардың орнына
«Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға»
тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы:
«міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы
екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу
керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша
назарға алған және білім берудің тегін
болуы талап етілген. Білім алудың орта,
арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде
Алаш партиясы бағдарламасының жобасы
және сиез материалдары жарияланды. «Алаш»
партиясының өмірге келуі үлкен саяси
мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы
ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен
де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар
шығару қарекетімен де, көркем творчествомен
де айналысқанын көруге болады. «Алаш»
партиясы программасының жобасындағы
тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету»
жөнінде - оқу ордаларының есігі кімге
де болса ашық, ақысыз болуы; - жұртқа жалпы
оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде
оқылады; - қазақ өз тілінде орта мектеп,
университет ашуға; - оқу жолы өз алдына
автономия түрінде болуы; - үкімет оқу
ісіне кіріспеуі; - мұғалімдер-профессорлар
өзара сайлаумен қойылуы; - ел ішінде кітапханалар
ашылу туралы айтылады. - газет шығаруға,
кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында
Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі
қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз
автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі;
оқу мәселесі т.б.. Бұл сиезде автономияны
жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар
бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың
аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама
жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің
аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін,
сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді
құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе
бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш
және орта мектептерге арналған қазақ
тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды.
Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге
болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа
да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық
мектептерге арналған бағдарламалар;
мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала
тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ
мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының
Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу
үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы
кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с.
Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу
керек. Өздері құрастырған кітаптарын,
бағдарламаларын баспаға жариялап отыру
қажет. Комиссия құптамаған окулықтар
басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына
қаражатты облыстық земстволар ұлттық
қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз
көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан
«Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан
бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына
зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне
деген сауаттылығын арттыру үшін, ана
тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен.
Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын
заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа
деген сенім еді. Білімді жастар, еліне
салауатты да сауатты қызмет етеріне деген
үміт болатын-ды . Орынбордан қайтып оралған
бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер
қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет
құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша
үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде
орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым.
Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда
өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің
қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша
үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті
жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады;
халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар
іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды;
халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру
үшін газет шығарылды (оның редакторы
болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол
М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда
қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану,
салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде
қаулы-қарарлар қабылдады. Осыған қоса,
іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы
мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру
ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың
қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған
. 1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша
Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық
Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен
және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары
И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты
ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын,
«Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов
екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің
қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес
өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен
де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының
құрамында қазақ бөлімі құрылады . «Тіл
адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы
бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның
«Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай
тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы
Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы
басты ағымдарының бірі – автономиялық
басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс
болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты
еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік
еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет
Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен
шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің
күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп
дүниеге келеді,» - десе , Күнбатыс Алашордасының
идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса,
ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген,
жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі
қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен
ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей
тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі
болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы
өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері
де өршімейді», - деген . Батыс Алашорда
үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы
тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ
тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына
салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен
кем болмайды», - деген пікірді айтқан
. Қазақ АССР-і орнағаннан соң 1924 жылы Орынборда
маусымның 12-сінде Қазақ (қырғыз) білімпаздарының
тұңғыш сиезі шақырылды. Осы сиезде 12-13
жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ
тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып
өзгертілген, ресми түрде қабылданған
альфавиттің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен
оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды
. Ал 1927 жылы Қызылордада жазу (графика)
мәселесіне арналған конференцияда А.Байтұрсынов
сиезде айтқан пікірін қуаттай келе: «Түрік
жұртының 90%-і баяғыдан бері араб әрпін
пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб
әрпімен жазылған хат мәдениеті бар (хат
мәдениеті –сауаттылық, оның жүзіндегі
өнер-білім, ілім, емле, үйрету әдісі, баспа
істері, баспа мамандары, жазба мамандары,
жазылған, басылған барша сөздер т.т.).
Хат мәдениеті бар халыққа бір әрпін тастап,
екінші әріпті ала кою оңай нәрсе емес»,
– деп өз ойын білдірген. А.Байтұрсынов
– қазақ балаларының ана тілінде сауат
ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты
жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша
сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды.
Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет
1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда
7 рет қайта басылады. Ал 1926 жылы «Әліппенің»
жаңа түрін жазып ұсынады, бұл суреттермен
берілген оқулық. 1926 жылы Қызылорда Ташкент
баспалары бірігіп шығарған . Қазақ тілін
талдап-тануда А.Байтұрсыновтың еңбегін
және бір тұрғыдан ерекше бағалау керек.
А.Байтұрсынов тіл мен әдебиет қана емес,
этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын
айту керек. Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың
20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту
комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі,
ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық
жұмыспен шұғылданды. А.Байтұрсынұлы «Ғылыми
және практикалық білімнің жиынтығын
бойына сіңірген халық қана айбарлы да
бай болады» деп санады . Ғасыр басында
Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз
Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие
беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан
аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы
жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан
Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша
Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек
Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы,
Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты. XX ғасыр
басында Алаш қайраткерлері көтерген
тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да
ең өзек жарды мәселесі болып отыр. М.Әлімбаев:
«Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу
парыз» - десе, ана тілімізді бәріміз де
сүюге, қастерлеуге тиіспіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Н.Назарбаев
Қазақстан халықтарына арнаған
жолдауы. Алматы, 2005. 2. М.Шахановтың
өлеңдері // Қазақ тарихы. 2005. №5 3. Құл-Мұхамед.
Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық
көзқарастарының эволюциясы. Алматы: Атамұра,
1998. 4. Д.Сүлейменова. Алашорданың Батыс
бөлімінің тарихы. Тарих ғылымының кандидаты
ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация.
Алматы, 2004. 5. Ж.Ақбаев. Жанша. Орал, 1994.
6. Н.Мартыненко. Алашорда сборник документов.
Алматы, 1992. 7. Н.Мартыненко. Алашорда сборник
документов. Алматы, 1992. 8. «Қазақ» газеті//21
караша, 1917. 9. Д.Сүлейменова. Алашорданың
Батыс бөлімінің тарихы. Тарих ғылымының
кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған
диссертация. Алматы, 2004. 10. Д.Сүлейменова.
Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы. Тарих
ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін
алуға арналған диссертация. Алматы, 2004.
11. Н.Нұрпейіс. Алаш һәм Алашорда. Алматы,
1995. 12. Қазақстан тарихы // әдістемелік
журнал, 2006, №3 13. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов.
Алматы, 1990. 14. Қазақ тарихы // журналы, 1997,
№5. 15. К.Нұрпейіс, М.Құлкенов, А.Мектепов,
Б.Хабижанов. Халел Досмұхамедұлы және
оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы:
Санат, 1996. 16. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов.
Алматы, 1990. 17. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов.
Алматы, 1990. 18. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов.
Алматы, 1990. 19. Қазақстан Республикасының
ҰҚК - нің мұраты. №06610-іс 20. К.Нұрпейіс,
М.Құлкенов, А.Мектепов, Б.Хабижанов. Халел
Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы.
Алматы: Санат, 1996.