Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы
Халықаралық келісім-шарттар
Адам құқығы туралы
Адамдарға оның азаматтығына, жынысына,
жас ерекшелігіне, нәсіліне, этникасына
немесе діни көзқарасына қарамастан,
туғаннан бастап тән болып саналатын
құқық – адам құқығы туралы мұндай
түсінік мемлекеттік (конституциялық)
және халықаралық құқықтың негізгі нормаларында
бекітілген. 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ
бас Ассамблеясында қабылданған Адам
құқының жаппай декларациясына енгізілген.
Қазақстан Республикасында рәсімделген
адам құқығы аясындағы халықаралық келісім-шарттар
Азаматтық және саяси құқықтар туралы
халықаралық пакт Экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтар туралы халықаралық
пакт Бала құқы туралы Конвенция Қарулы
қақтығыстарға балалардың қатысуына байланысты
бала құқығы туралы Конвенцияға факультативті
хаттама Бала сатуға, балалар арасындағы
жезөкшелік және балалар порнографиясына
байланысты бала құқығы туралы Конвенцияға
факультативті хаттама Әйелдерге байланысты
дискриминацияның барлық формасы туралы
Конвенция Әйелдерге байланысты дискриминацияның
барлық формаларын тарату туралы факультативті
хаттама Нәсілдік дискриминацияның барлық
формасын тарату туралы Халықаралық конвенция
Азаптау және басқа да қаталдыққа, айуандық
пен ар-ожданға нұқсан келтіретін жазалау
мен қарым-қатына әрекеттеріне қарсы Конвенция
Ақпарат көзі: е-gov.kz\Адам құқын корғау\
Халықаралық келісім шарттар
Халықаралық Келісімшарт
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мында өту: шарлау, іздеу
Халықаралық Келісімшарт– мемлекеттер немесе халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасында олардың саяси, экономикалық немесе өзге де қатынастарындағы өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін келісім; екі жақты және көп жақты Х.к. болып бөлінеді. Шарт, келісім, конвенция
Халықаралық
құқық түсінігі, пәні,
салалары және қайнар
көздері
Халықаралық
құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері
туындататын және халықаралық құқықтың
субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі
үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар
арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда,
жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы
қатынастарды реттейтін халықаралық-
құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық
жеке құқық – мемлекеттер
Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.
Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.
Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.
Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:
1) Халықаралық құқық субъектілік құқық;
2) Халықаралық ұйымдар құқығы;
3) Халықаралық гуманитарлық құқық;
4) Халықаралық теңіз құқығы;
5) Халықаралық әуе құқығы;
6) Халықаралық ғарыш құқығы;
7) Халықаралық атом құқығы;
8) Халықаралық экономикалық құқық;
9) Халықаралық қылмыспен күрес құқығы;
10) Халықаралық келісімшарт құқығы;
11) Халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығы;
12) Халықаралық қауіпсіздік құқығы.
Халықаралық-құқықтық
институт – бұл халықаралық
Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.
Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Реттеуші
қызмет – белгіленген ережелер мен
стандарттарды мемлекеттің
Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.
Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.
Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.
Оның 4 түрі бар:
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық
ұйымдардың резолюциялары.
| Ұлттардың лигасы жасалған - бiрiншi халықаралық саяси ұйым. | |||
|
Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:
- Өз мемлекетінің атынан саясат және келіс сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
- Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;
- "Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.
Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.
- Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.
- Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.
Экономикалық дипломатия
1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық әнімдерді сату мен әткізуге қолайлы жағдай туғызу.
[өңдеу] Жариялық немесе халықтық дипломатия
Жариялық немесе халықтық дипломатия - осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа кәзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бәлігі болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Элем корпусы).[1]
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi (бұдан әрi - дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасының Конституциясына , осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсiби қызметi.
2. Қазақстан
Республикасының консулдық
3. Дипломатиялық
қызметтiң қызметкерлерi - дипломатиялық
қызмет органдарында штаттық
дипломатиялық лауазымдарды
4. Дипломатиялық
қызметтiң жұмыскерлерi - дипломатиялық
қызмет органдарында штаттық
әкiмшiлiк-техникалық
5. Дипломатиялық қызметтiң персоналы - дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi мен жұмыскерлерi.
6. Ротация - дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрлiгi) мен шетелдiк мекемелер арасында, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi арасында лауазымдық орын ауыстыруы.
7. Шет елдердегi
мекемелер - Қазақстан Республикасының
шет елдерде орналасқан
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.05.22. N 143 Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызмет туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы заңдардан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар дипломатиялық қызмет органдары болып табылады.
4-бап. Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесi
Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауындағы оқу орындары құрайды.
Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi басқарады.
5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi
Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) Қазақстан
Республикасы сыртқы
2) Қазақстан
Республикасының сыртқы саяси
және сыртқы экономикалық
3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;
4) Қазақстан
Республикасының егемендiгiн,
5) шет елдерде
Қазақстан Республикасының
6) Қазақстан
Республикасының халықаралық
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
8) шет мемлекеттермен
және халықаралық ұйымдармен
қатынастарда Қазақстан
9) әлемдегi саяси
және әлеуметтiк-экономикалық
6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының
негiзгi функциялары
Дипломатиялық қызмет органдарына мыналар жүктеледi:
1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
2) Қазақстан
Республикасы халықаралық
3) келiссөздер
жүргiзудi және Қазақстан
4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Yкiметiнiң қарауына белгiленген тәртiппен енгiзу;
5) Қазақстан
Республикасының шет
6) Қазақстан
Республикасының халықаралық
7) Қазақстан
Республикасының су ресурстары
мен қоршаған ортаны
8) Қазақстан
Республикасы азаматтарының
9) Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық
10) Қазақстан
Республикасының халықаралық
11) Қазақстан
Республикасының
12) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
13) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

- Бірінші блок
- Бірінші дүние жүзілік соғыс
- Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж)
- Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себепiерi және оның сипаты
- Біржан САл Қожағұлұлы
- Біржова мова жестів та жаргон брокера
- Біржове право
- Біржовий валютний ринок України: проблеми та перспективи розвитку
- Біржові товари
- Біріккен кәсіпорын
- Біріккен Ұлттар Ұйымы