Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық

Кіріспе

 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері  жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық  пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты. Австро-Герман блогының құрамында Германия, Австрия-Венгрия, Түркия және Италия болды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басты себебі: империалистік державалар арасында, ең алдымен Германия мен Англия арасындағы отарлар мен ықпал ету аймағы үшін күрес болды. Соғысты бастаған герман империалистері, ал соғысқа кінәлі барлық елдің империалистері болатын. Негізі соғыс екі жақтан да басқыншылық сипатта болды. Ресей соғысқа 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамыз) кірісті. Австро – Герман блогының ойлаған жоспары — Францияға соққы беріп, Париж арқылы Англияны, содан кейін бар күшті Ресейге жұмсау еді.

1914 ж. 15маусымда Сараевода серб  ұлтшылдары Австрия-Венгрия тағының  мұрагері эрцгерцог Франц Фердинандты  өлтірді. Бұл оқиға халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. Германия өз одақтасын қолдайтынын мәлімдегеннен кейін Австрия-Венгрия  Сербияға 24 сағаттың ішінде  орындалуы талап  етілген ультиматум тапсырып, қанағатанарлық жауап ала алмаған соң, дипломатиялық қатынасын үзді. Франция өз тарапынан одақтастары алдындағы міндеттерін орындауға дайын екендігін мәлімдеді. Англияның келісімге келтірмек болған әрекеттері еш нәтиже бермей, Австрия-Венгрия  Сербияға 15 шілдеде соғыс жариялады. Германияның бейтарап саясат ұстану жөніндегі Франция мен Ресейге  қойған ультиматумы халықаралық жағдайды  ушықтырып жіберді. Германия 19 шілдеде – Ресейге, 21 шілдеде – Францияға соғыс жариялады. Германияға қарсы Ұлыбританияның доминиондары-Австралия,Канада, Жаңа Зеландия және Оңтүстік  Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа барлық құрлықтың  38 мемлекеттері тартылды.  Бірінші дүние жүзілік соғыс ең алдымен аталған державалардың экономикалық мүделерімен, аграрлы елдердің шикізат көздері мен оларды өткізу рыноктары үшін  таласы мен отарлық үстемдікке ұмтылумен сипатталады. Ұлыбритания мен Франция Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында-ақ нағыз отарлы империяға айналса, Германия дүние жүзін бөліске салу күресіне кешеуілдеп араласты.   

 

 

 

  1. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық

"Ерікті" капитализмнің  империалистік кезеңге өтуі басты  капиталистік елдердің басқарушы  топтарының жартылай шексіз билігін  көрсететін жоспарлардың пайда  болумен ерекшелінеді. Англияда  бұл жоспар "бұдан да үлкенірек Ұлыбритания" құру жоспары еді. Нәтижесінде ағылшындар басқа дүниежүзі халықтарын өзіне бағындыруды жоспарлады. Германияда банктік және өндірістік магнаттар "Ұлы Германия" немесе "Ортақ Еуропаны" кұруды жоспарлады. Жоспар бойынша Германия Австро-Венгрияны, Балканды, Алдынғы Азияны, Скандинавия, Бельгия, Голландия мен Францияның бір бөлігін алуды, сонымен қатар Африкада үлкен Герман отаршылдық империясын құруды, Тынық мұхиты бассейні арқылы Оңтүстік Америкаға ықпалын күшейтуді көздеді. Француз қаржылық олигархиясы елде реваншистік жағдай туғызып, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруға тырысты. Бұған қоса жоспарда Рур бассейнін жаулап алу және француз отаршылық империясын Африкадағы герман иелігі есебінен кеңейтуге ұмтылды. Ресейдегі буржуазия мен помещиктер Балқанда өздерінің саяси жэне әскери биліктерін орнатқысы келді. Сонымен қатар Константинополь мен шығанақтарды иеленуге, өз ықпалына бүкіл Иранды кіргізуге жағдай жасады. Ресей орыс жапон соғысындағы жеңілістеріне қарамастан Қиыр Шығысқа байланысты жоспарларын іске асыруға үміттенді. Австро-Венгрияның басқарушы топтары өздерінің Болгария, Румыниядағы экономикалық және саяси ықпалына қанағаттанбай, Сербияны талқандап, оны өз вассалына айналдыра отырып, Балқан түбегіндегі шығыс және батыс бөлінде гегомониясын күшейтпек болды. Италиян империалистері Триста Италиясын, Албанияны бағындыруға және Кіші Азияны бөлуге қатысумен Африкадағы отаршылық иеліктерден үлесін алуға, Жерорта теңізі бассейінде италияның гегемониясын орнатуға ат салысты.

Жапонияда бүкіл Шығыс  Азия мен Тынық мұхитымен шектесетін аймақтарында жапон билігін орнатуды жоспарлаған еді.

Империалистік державалардың  осы жоспарларын іске асыруға  дайындығы және оны орындауда  жеке әрекеттері халықаралық аренадағы  қайшылықтарды тереңдетіп, жаңа қақтығыстар  тууына әкелді.

Герман империалистерінің  отаршылық экспансиясының күшейуі  ағылшын-герман қатынастарының күрделенуімен қатар Германия мен Франция арасындағы кақтығыстың өрістеуіне әкелді.

Басқарушы топтар одақтасы Ресейдің Қиыр Шығысқа әсерінің күшеюінен қауіптенді. Нәтижесінде ағылшын-француз келісіміне келуге әкелді. 1904 жылдың 8 сәуіріндегі орыс-жапон соғысы басталғаннан кейін, Англия мен Франция келісімге келді. Негізгі мазмұны Англияның Египетте билігіне құқығын мойындау және Францияның Мароккаға байланысты шарттарын қанағаттандыруы болды. Кейін ағылшын-француз бас штабтарында әскери мәселелер бойынша құпия келіссөздер басталды. Осылай ағылшын-француздық Антанта пайда болды. Ол Ресей мен Германияға қарсы бағытталды.

Германия империализмі өз тарапынан орыс-жапон соғысында Ресейдің әлсіреуін пайдаланып, алдына қойған негізгі үш мақсатына жетуге үміттенді:

1. Ресейге тиімсіз сауда  келісімге отыру. 

2. Француз-орыс одағын бұзу, Францияны Еуропа континентінен бөлектеу.

3. Германияның Таяу Шығысқа  енуіне экономикалық, саяси жағдай  жасау. 

Сонымен қатар герман дипломатиясы Патшалық Ресейді өз жағына қаратуға күш салды. 1905 жылдың 24 шілдеде Кайзер Вилгельм II Николайға кұпия келісім жасауды ұсынды. II Николай шартқа кол қойды. Оны білген Франция француз-орыс одағын бұзу туралы қауіп төнді. Бьерк келісімі осылай өз күшіне енбеді. Бірақ империалистік державалар арасында Ресейді өзіне қаратуға тырысу жалғасып жатты.

1904 жылы француз қаржыгерлері  біршама ықпалды саясаткерлер  қолдауын иеленіп, Марокко сұлтанына  үлкен қарызды тиесілі кылды.  Ол порттағы кеден және полиция бақылауымен салынды. Бұл талаптарды орындау Марокко тәуелсіздігінен айырылатынын айқын көрсетті. Герман империалистері Францияның жоспарына қарсы келіп, араласуды жөн көрді.

1905 жылы 31 наурызында Вельгельм  II Танжер Марокко портына келіп,  Германияның ешқандай державаның  Мароккоға билік етуін қолдамайтынын  және оған барынша қарсылық  көрсетуге тырысатынын жариялады. 

Германия Англияның реакциясына  соқтықты. Ағылшын өкіметі француз премьер-министрі Рувьеге Марокканы Германияға бермеуді, Делькассені орнында қалтыруды кеңес етті. Англияға Германия шабуыл жасаған жағдайда құрлыққа 100-115 мың ағылшын әскерін түсіруге уәде етті.

1906 жылдың басында Альхесирасте (Испанияның Оңтүстігінде) Марокко мәселесі бойыншы конференция ашылды. Онда халықаралық аренадағы күштердің жаңа орналасуы анықталды. Франция Англия жағынан накты қолдау тауып, ол ағылшын-француз қамалынан көрінді. Орыс-жапон соғысында әлсіреген Ресейдің қаржылық жағдайы қиындап, шетелден қарыз алуға кажеттілік үлкен болғандықтан, конференцияда Францияға дипломатиялық қолдау көрсетуге келісті. Франция өз кезегінен революцияны басуға қаржылық қолдау көрсетті. Альхесирас конференциясында Италия өзінің одақтасы Германияны емес, Францияны қолдады. Бұл 1900 жылы Үштік Одақта болғандығына қарамастан, Солтүстік Африканы бөлу туралы құпия келісімге келгенімен түсіндірілді.

Екі жылдан кейін 1902 жылы Италия мен Франция өзара бейтараптылық жаңа келісімге қол қояды. Бұл Италияның Үштік Одақтан шығуына әкелді.

Нәтижесінде бұл конференцияда  Франция дипломатиялық жеңіске  жетті. Конференция формальды түрде барлық "ұлы державалардың" экономикалық теңдігін мойындады. Бірақ та елдегі "ішкі қауіпсіздікті" Мароккалық полицияның үстінен бақылау Францияға берілді.

Британ империясы Жапония көмегімен Ресейдің Қиыр Шығыстағы позициясын әлсіретуге тырысты. Енді Ресей Британиямен жақындасуға әрекет етті, себебі Германия мен соғыс және Шығыстағы ұлт-азаттық козғалысты басу керек еді. Ресейдің батыс еуропалық капиталына тәуелділігі арта түсіп, орыс-жапон соғысынан кейін қарсыласы Германияға қарсы Англиямен келісімге келуге тырысты. Нәтижесінде Герман дипломатиясының орыс-жапон, кейін ағылшын-орыс жағдайы ушығады деген жорамалы орындалмады.

Ағылшын-орыс келіссөздері барысында отаршылық мәселелерге байланысты ымыраға келді. 1907 жылды 31 тамызында қол қойылды. Иран 3 аумаққа бөлінді: Солтүстік бөлігі Ресей ықпалында болса, оңтүстігі-Англияда, ал орталық бөлігі екі державаның "ерікті" бақталастығына байланысты бейтарап аумақ болды.

1907 жылы ағылшын-орыс келісім  нәтижесінде Англия, Франция, Ресейдің әскери-дипломатиялық империалистік топтары – Үштік келісімге отыруы аяқталды. Ол басқа империалистік топ Үштік Одаққа Еуропа түпкілікті бір-біріне қарама-қарсы екі әскери блокқа бөлінді.

1908 жылы халықаралык қақтығыс  Босния мен Герцеговинаның Австро-Венгриямен  аннекциясына байланысты туды. 1878 жылы Берлин трактаты бойынша бұл екі провинция Австро-Венгрия әскерімен оккупацияланып, бірақ формальды түрде Осман империясы кұрамында болған еді. Австро-Венгрия иеліктеріндегі кіші түрік революциясынан қауіптеніп, Босния мен Герцеговина түпкілікті аннекциялау кезі келді. 1908 жылдың 7 қарашасында Австро-Венгрия үкіметі Босния жэне Герцеговина аннекциясын ресми жариялады. Бұл Туркия мен Сербия тарапынан қарсылыққа ұшырады. Патшалық үкіметте мұны халықаралық конференцияда қарастыруды ұсынды. Германия белсенді түрде одақтасына көмектесті. Оның Ресеймен қақтығысы бірнеше айға созылды. Нәтижесінде Австро-Венгрия Германия араласуымен 1909 жылы ақпанда ақшалай компенсация арқылы Түркиядан Босния мен Герцеговина аннекциясына келісімін алды. Кейін австро - венгриялық үкімет өз әскерін Сербия шекарасына шоғырландырды. Наурызда Сербияға, Ресейге ультиматум қойды. Соғысқа дайын болмаған Ресей Германия талаптарын орындады.

Босниядағы тоқырау Балкандағы кайшылықтардың өрістеуіне әкелді. Әсіресе  Ресей мен Сербия арасында болғанымен Австро-Венгрияға да қатысты еді. Антанта ішіндегі салқындылық және негізгі империалистік топтар – ағылшын-француз-орыс пен австро-герман келіспеушілігінің тереңдігін көрсетті.

Антантаның құрылуы және оған Герман қарсы әрекеттері халықаралық  қатынастарда маңызды өзгерістерді білдірді. Ірі отаршыл Англия мен  Франция арасындағы жағдай, Таяу Шығыстағы, Ирандағы Англия мен Ресей қайшылығы маңызды емес, екі рөлді иеленді. Бірінші орынға Англия мен Германия арасындағы империалистік қайшылықты экономикалық, саяси және отаршылық бақталастықтан туындаған жағдай теңіз карулануының жарысуы кайшылықты өрістетті.

Англия Германияға қарағанда  теңіз карулануы бойынша алдында тұрды. Англия үкіметі егер Германия Англияның теңізде күштілігін мойындағанда теңіз қарулануын біраз шектеуге келісім берді. Бұл 1907 жылы Гаага халықаралық конференциясында, кейін 1908 жылы Эдуард VII мен Вильгельм II келіссөздері барысында әрекеттер жасалды. Екінші жағдайда Германия нақты түрде ағылшын ұсынысын қабылдамай койды, бақталастықты жалғастыра берді. Сонда ағылшын үкіметі Германияға әр ірі кеме кұрылысына осындай екі ірі кеме жасаумен жауап берді. Германия Англияға қарсы компанияны күшейтті

1912 жылы 9 қазанда Черногория  Туркияға қарсы соғысты бастады, 17 қазанда оған Болгария, Сербия келесі күні Греция кірді. Бірнеше күн ішінде үлкен жетістіктерге жетті.

Серб әскері Вардардың  жоғары бөлігін, Албанияның солтүстік  бөлігін алса, гректер Салониканы басып алды. Болгар әскері Стамбулға қарай жылжыды. Түркия қасында Эдирне, Яника және Шкодер қамалдары ғана қалды.

1912 жылы 3 қарашада түрік үкіметі ұлы державаларға бейбітшілік аралықты ұстануды ұсынды. Әр ірі еуропалық держава Балканда жағдайды өз пайдасына қолдануға тырысты.

Кейін Лондонда ұлы держевалардың  елшілерінің жиналысы және бейбіт келісімнің жағдайлары туралы Түркия мен балқандық одақтастар арасындағы келіссөздер басталды. Империалистік державалар бұл келіссөздерге өзіндік әсері күшті болды. Бірқатар мәселелер бойынша бойынша қарама-қайшылықтар да туындай түсті.

Осылайша, Сербияның Адриатикада  портты беру жөніндегі талабы Австро-Венгрияның қарсыластығын тудырды. Германияның қолдауымен Австро-Венгрияның Сербия территориясында әскерін шоғырландыруды бастады. Ресей Сербияның территориялық келіспеушіліктерін қолдады, бірақ ашық түрдегі қақтығысты болдырмауды тапсырды. Ал, Франция көлемді Еуропалық соғыстың туындаған жағдайда, Болгарлық және Сербтік әскерді австро-германдық блокқа карсы қолдауды көздеді. Осы мақсатпен Пуанкаре патшалық басшылықты Австро-Венгрияға карсы Сербияға колдауды күшейтуге шақырды. Париж биржасы Ресейге тек әскери қажеттіліктерге арналған, жаңа қарыз берді. Бірақ, мұндай жағдайларға қарамастан, державалар ірі соғысты бастауға батылы жетпеді, Сербияға өзінің жоғарыдағы талаптарынан бас тартуға тура келді.

Болгариядағы Сербияның  жаңа территорияларға ие болуынан туындаған  жағдайларды пайдаланып және өзінің патша Фердинанд Габсургке криетурасына сүйенген Германия мен Австро- Венгрия, Болгарияны Балқан одағының басқа мүшелеріне қарсы шығуға итермеледі.

Ал, Сербия және Черногория, Греция өз араларында Болгарияға қарсы әскери одақ құрды; кейін оған мүше ретінде Румыния кірді. Ресейдің төніп тұрған жаңа қақтығыстың болдырмауына арналған барлық іс -әрекеттері нәтиже бермеді. Өзінің әскери басылымдылығына сенген Болгария, 1913 жылы 29 маусымда өзінің бұрынғы одақтастарына шабуыл жасады.

Осылайша, екінші балкан соғысы басталды. Қысқа мерзім ішінде Болгария талқандалып, бейбіт келісімді ұсынды. 1913 жылы 30 шілде күні Бухаресте бейбіт конференция ашылып, 10 тамызда Болгария мен Сербия, Греция, Румыния арасында бейбіт келісімге қол қойылды; 29 қыркүйекте Болгар-түрік бейбіт келісіміне де қол қойылды. Түркиядан тартып алынған Македонияның бір бөлігі; Оңтүстік Македония және Батыс Фракия, Греция құрамына; Оңтүстік Добруджа – Румынияға, Фракияның шығыс бөлігі Эдирнемен – Туркияға кірді.

Нәтижесінде, Болгария өз қарамағында  бірінші балкан соғысының нәтижесінде  иеленген жер территориялардың ішінен тек Македонияның кіші бөлігін және Батыс Фракияны ғана сақтап қалды. Австро-германдық империализмі Балқан одағының ыдырауымен пайдалануды көздеді. Бағдад темір жолының құрылысымен герман әскери миссиясы Таяу Шығыста герман империалистерінің жағдайының нығаюын көрсетті.

1914 жылға таман халықаралық  жағдай негізінен империалистік  қарама-қайшылықтардын аса кауіпті  шегіне жеткен еді, яғни олар: ағылшын-германдық, орыс-австриялық, француз-германдық. Бұл екі империалистік әскери блоктар негізінде жүзеге асты. Антантаның үш державаларының арасында туындаған көптеген қарама-қайшылықтарға қарамастан,олар герман-австриялық одаққа төтеп бере алды. Британдық және германдық империалистердің арасында антоганизм және немістерді тек қана Ресей мен Францияның күшімен жеңе алмауы Англияның олар жақ болуын сөзсіз етті. Туындаған жағдай Ресей мен Францияға оған үміт артуға мүмкіндік берді; Грей мен Комбонның арасындағы хат алмасу және де Англия-Франция арасындағы жасалған әскери-теңіз конвенциясы бұл есептеулердің шындығына күмән келтірмеді. Бірақ, орыс және француз саясаты үшін Англияның ұстанымы жайлы нақты ой болмаған.

АҚШ, Англия немесе Ресейдің жеңісін және нығаюын қолдамады. Бірақ Германияның жеңісі, оның бүкіл  Еуропада өз гегемониясын орнату каупі  одан да қатерлі жағдай еді. Осындай  жағдайлардың барлығын толығымен қарастырған  АҚШ басшылығы американ саясатының мынадай бағытын анықтады: АҚШ-тың  бұл соғыста бейтараптығы еді.

Германияның жалғыз берік  одақтасы Австро-Венгрияның жағдайы  нашар еді. Оның өз ішіндегі ұлттық күрес күннен-күнге әлсіз монархияны жою мақсатына жақындай түскен. Осылайша, бұл тұста әлемде орнаған халықаралық  жағдай Германия үшін жақын арада  күрделене түсу қаупі төнді. Яғни бұрыннан төнген жағдай – Австро-Венгрияның күйреуі еді. Егер де алдағы соғыс бұл оқиғадан кейін басталған болса, Германияның жағдайы 1914 жылғымен салыстырғанда тым ауыр болар еді.

Германияның он жыл ішіндегі, яғни ағылшын-француздық Антантаның кұрылуынан басталған мерзім ішінде, оның ірі саяси жеңісі Түркияның қолдауы болды. Бірінші Балкан соғысы оның жаңа одақтасын сәл әлсіретсе, ал екінші Балқан соғысы Германияға өзіндік үлесін тигізді деуге болады. Өйткені, 1913 жылға дейін Антанта орталық державаларға балкандық блокты қарсы қоя алатын болса, ал екінші балқан соғысынан кейін бұл блок жойылған еді. 1913 жылдың аяғына таман германдық басшылығын да Италияның "жұмсаруы" туралы сөз қозғала басталды.

Болгария мен Румыния, Антанта мен орталық державалар арасындағы таластың негізіне айнала бастады. Бұл елдер екі жақта  да өзіндік қызығушылығын тудырды.

Антанта алдында Патшалық Ресейдің әскери күшінің әлсіздігі  үлкен қиындықтар туғызды. 1914 жылға  таман Германия өзінін теңіздік жоспарларын  көбейте түсірді, сонымен жаяу әскерінің  саны аса жоғарылай түсті. Өзінің одақтасы Австро-Венгриямен бірге коса алғанда, олардың қарамағында әскери іске даярланған адам саны 8 миллионға  таяу болды. Антанта одақтастарының лагерінде әскер саны жағынан бұдан да аса түсті. Бірақ герман әскері француз және орыс әскерімен салыстырғанда, әскери техникалық жағынан әлдеқайда жақсы жабдықталған еді. Ал, ағылшын әскерін оның санының аздығына байланысты, мүлдем аса қауіп төндіретін жау ретінде қарастырмаған да еді.

Ағылшындық экспедициялық  әскері саны жағынан аз болды, тек 6 дивизияны құрады. Дегенмен сапасы, әскери дайындығы жағынан жоғары болды.

1914 жылға таман теңізде  Германияның жетістіктеріне қарамастан,ол  Англияның дәрежесіне жете алмаған  болатын. Соңғысының қарамағында  30 дреднауттары болса, Франция  мен Ресейде әрбіреуінде жетіден  болды. Бұл 44 тармақты кемелерге  (дреднаут- крейсерлермен бірге)  қарсы Германия өзінің 20-сын,ал  австриялықтармен бірге алғанда  24-ін қоя алған еді. Англия  мен Франция 52 жедел жеңіл крейсерлер  болды, жылдамдығы 25 тармақтан кем  саны 500-ге жуық крейсерлерді санамағанда.  Ал, Германия мен Австро –Венгрияда жылдамдығы 25 және 26 тармақтан астам тек 28 крейсерлер болды.

    1. 1914 жылдың жазында халықаралық қатынастар

Балқан соғыстары халыкаралық жағдайдың одан ары ушығуына әкелді. Оның арқасында ұзақ жылдық балқан славяндарының Түркия езгісі аяқталды. Бірақ ол Балқан мемлекеттері арасында қарама-қайшылықтарды күшейтті. Түрік езгісі революциямен емес, балқан монархиялық басшылардың соғысының салдарынан жойылды. Бұл Түркияны жеңгендер арасындағы күресті аса ушықтырды. Греция мен Сербия, Албания үшін жасалған шекарамен келіспеді; Болгария екінші Балқан соғысының салдарымен келіспеген еді. Сонымен бірге Түркия Грециядан Эгей аралдарын қайтарып алу үшін сәтті жағдайды күтті.

Ресей Сербияны өзінің Австрияға қарсы балқан плацдармында негізгі тірегі ретінде қарастырды. Австро-сербия арасындағы тағы бір жанжал туындаған сәтте, Ресей мен Австрия арсында лезде соғыс басталып кетер еді. Ал, Австрия Сербияға қарсы Германияның қолдауынсыз ешқандай іс-қимылдарға бара алмады. Егер де мұндай соғыс туындаған сәтте, бұл Германияның дүниені бөлісуге арналған сәттің туындағанын мойындағандығын білдірер еді. Мұндай жағдайда Франция мен Англия да Ресейге өзінің жауы Германияға қарсы көмек бермей қоя алмас. Осылайша, Балқан бүкілеуропалық жарылыс төніп тұрған орталығына айналды.

Сараеводағы оқиға. Австро-Венгрияның славяндық аудандарындай, Сербияда да оңтустік славяндардың бірігуі үшін күрескен бірқатар ұйымдар болды. Сербияны әскерлерінің офицерлері арасында құпия "Қара қол" ("Черная рука") атты ұйым болды. Оның негізгі мақсаты Австро-Венгрияның қоластындағы сербтерді босату және "Ұлы Сербияны" кұру болып табылады. Оның тікелей басшысы полковник Драгутин Дмитриевич (Апис) болды. Сонымен бірге ел ішінде демократиялық сипаттағы, басқа да ұлттық ұйымдар жеткілікті еді. Оның қатарына "Млада Боснияны" жатқызуға болады.

Қартайған австриялық император  Франц-Иосиф біртіндеп кызметінен ығыстырыла түсті. Енді оның орнына Австро-Венгрияның саяси өміріне белсенді қатысқан, эрцгерцог Франц-Фердинандтың маңызы арта түсті.

1914 жылдың наурызында  оның Боснияға келетіндігі мәлім  болды. Сербтік саясаткерлер оның  келуінің тікелей Сербияға жорық  ұйымдастырумен байланыстырды. "Млада Босния" эрцгерцогқа өлім жазасын шығарды. Террористік акттің тікелей орындаушылары "Млада Боснияның" мүшелері, Гаврило Принцип пен Неделько Габринович болып табылды. Оларды қару-жарақпен "Қара қол" ұйымы қамтамасыз етті.

Сербтік басшылық дайындалып отырған жағдайлар жайлы хабардар болды. Оның бұл жағдайды болдырмауға арналған барлық іс-әрекеттері нәтиже бермеді. Осылайша, 1914 жылдың 28 маусымында Принцип қолынан Франц-Фердинанд Сараево қаласында өлтірілді.

5-6 шілде күндері Потсдамда  Австро-Венгрия мен Германия арасында  келіссөздер жүріп жатты. Соғыс  туралы шешім нақты қабылданды. Австриялық дипломатияның ендігі  кезде көздеген жалғыз мақсаты,  Сербияға ол қабылдай алмайтындай  талаптардан тұратын ультиматум  жариялау болып табылды. 

Франция мен Ресей Сараеводағы  оқиғалардан кейін орнаған халықаралық  жағдайларды жалпы Еуропалық  соғыстың алғышарты ретінде қарастырды. 1914 жылдың шілдесінде француз президенті Пуанкаренің Петербургке келуі, олардың ендігі іс-қимылдарын жоспарлауға  мүмкіндік берді.

Пуанкаренің Петербургтан кетуін қалаған австриялық басшылық, ультиматумды ұсынуды тежеді. Веналық саясаткерлердің  ойынша Пуанкаренің араласуынсыз, патша  және оның министрлері Австро-Венгрияның Сербияға соғыс жариялауға кедергі келтіре алмайды деп есептеді. Осылайша, Белградта 23-ші шілде күні 48 сағаттық мерзімді ультиматум тапсырылды.

Онда, Сараеводағы оқиға Белградта дайындалды, қару-жарақпен қылмыскерлерді сербтік офицерлер мен шенеуліктер қамтамасыз етті және де қаруланған қылмыскерлердің – Боснияға кіруін де сербтік шекаралық кызметтің басшыларымен ұйымдастырылды деп айыптады. Сондықтан да, Австро-Венгрия сербтік басшылықтан ашық түрде Австрияға қарсы насихаттауларды және ұйымдарды жауып, тыйым салуды талап етті. Сонымен қатар, нақтылы он талаптар қойылды. Олардың ішінде: сербтік басылымдарда Австро-Венгрияға қарсы үгіт-насихаттауларға жол бермеу; анти-австриялық ұйымдардың жабылуы; мектептік білім беруде анти-австриялық үгіттің элементтерін жою; Австро-Венгриялық басшылықпен жасалған анти-австриялық іс-қимылдарда байқалған, офицерлер мен мемлекеттік қызметкерлерін орнынан алуды; сонымен қатар, сербтік басшылық өз территориясында Австр-Венгриялық басшылықтың өкілдерін Сараеводағы оқиғаны зерттеуге жол беруді талап етті.

Австриялық ультиматумның  мазмұны арнайы сербтік егемендігіне нұсқан келтіретіндей, яғни бұл талаптардан  бас тартатындай етіп жасалған еді.

25 шілде күні, тура мерзімінде  сербтік премьер Пашич барон  Гизляға сербтік басшылыктың  жауабын тапсырады. Онда талаптардың  оннан-тоғызын орындауға келісті.  Тек бір ғана талапқа Сербия өзінің келісім беруден бас тартты. Ол Сараеводағы оқиғалар бойынша серб территориясында австриялық өкілдерін зерттеу жүргізуі болып табылады. Серб басшылығы оны "конституцияға және сот жүргізу заңына қайшы" келеді деп түсіндірген.

Ультиматумның мерзімі аяқталмас  бұрын, 24 шілде күні патшалық басшылық төрт әскери аймақтардың мобилизациясы  жөнінде шешім қабылдады. Яғни, Одессаны, Мәскеулік, Қазандық және Қаратеңіздік, Балтық флоттары. 25 шілде күні Ресейдің барлық территориясында соғысқа  дайындық кезеңі деп жарияланды. Сол  күні Француз басшылығы әскери сипаттағы  бірққатар дайындық шараларды жүргізді.

25 шілде күні Сербия  әлі өз жауабын бермей тұра, британ дипломатиясының жетекшілерінің  бірі Эйр Краудың меморандумында: Германияның бұл күресте өзінің  басымдылығын көрсетуде, біздің  мүддеміз Франция мен Ресей  мүддесімен сәйкес келіп отыр",-деп  жазады. Осыдан біз орнаған жағдайда  Англия ұстанымын көруге болады.

28 шілдеде Австро-Сербия  территориясында әскери әрекеттер  басталды.

30 шілденің кешіне карай  Николай II бүкіл Ресейде жаппай мобилизация шешімін бекітті. Ол туралы қаулы 31 шілдеде жариялады. Ал, ертеңінде герман басшылығы мобилизациядан бас тартуды талап ететін ультиматум жариялады. Басты Еуропалық державалардың әскери қақтығысы болмауы мүмкін емес еді.

 

    1. Соғысушы елдердің «Бейбіт бағдарламалары»

Екі жылдан астам әскери қимылдар, 1914 жылдың тамызы - 1916 жылдың аяғы екі жаққа да шешуші жеңіс  әкелмеді. Тіпті жеңістің жақындап келе жатқаны туралы сенімділікте берілмеді. Германияның әскери жетістіктері Антантаға қарағанда маңыздырақ көрінді. Германия бүкіл Белгияны, Францияның маңызды бөліктерін, Полшаны, Прибалтика мен Белоруссияның бір бөлігін алып Сербия мен Румынияны талқандады. Оның барлығына Антанта, Морнедегі жеңісі, Вердена қорғау және орыстардың австриялықтар мен түріктердің жеңуімен ғана жауап қайтарды.

Антанта державалары мен  территориялық жаулаушылықтары  өзінің мазмұнымен көлемі жағынан немістердің  соңында қалды. Бірақ Антанта Германияның стратегиялық жоспарын бұзды және олардың қысқа соғысқа дайындалуын іске асырмады. Нәтижесінде бұл одақтастардың жеңісін алдын-ала анықтады. Германия соғысқа жақсы дайындалған болатын. Бірақ Антантада экономикалық ресурстар, ақшалары, адамдары көбірек болды. Шлиффен жоспарын бұзып және соғысты созып Антанта державалары өздерінің басымырақ потенциал күштерін мобилизациялауға мүмкіндік алып Германияны өзінің әскери дайындығы жағынан қуып жетті. Соңында оны жеңді.

Бірақ, 1916 жылдың аяғында  әлі кім жеңетіні белгісіз болды. Соғысушы екі лагерьде тез арада  соғысты аяқтау қажет екені сезінді. Империалистер арасында өздері созған соғысты тоқтатуға негізгі себептер: материалдық ресурстардың тозуы  жэне революциядағы бағыттағы халық көтерілістерінің өсуі, миллиондаған адамдардың қаза болуы және аштық пен экономикалық құлдыраулар қоғамның есін жинауға әсерін тигізді.

Франция жағынан бейбітшілікті  орнатуды қолдап сөйлеген бұрынғы премьері Кайо, Англия жағынан - бұрынғы шет ел істері бойынша министрі - Ленсдаун. Ал Австро-Венгрияның жаңа императоры Карл (Франц Иосиф 1916 ж қарашада қаза болған) әулетті сақтау үшін жалғыз мүмкіндік соғыстан тез шығуы керек екендігін көрді.

Германия үшін соғыс одан ары күрделенді. Англиямен оның одақтастары  Германия отарларын иеленіп ғана қоймай, теңізде блокадалық саясатты қатаң жүргізді. 1916 жылы 31 мамырда Ютланд түбегінде бірінші әрі соңғы Германия мен Британияның соғысы болды. Немістер бұл күресте қарсыластарына қарағанда аз шығынға ұшырады, бірақ блокаданы бұза алмады. 1916 ж. соңына қарай Германияның жағдайын Людендорф былай бағалады: «Өте күрделі және лажсыз жағдайда» деді. Осы жағдайлардан кейін генерал Бетман ұсынған пацифистік (соғыс атаулыға қарсылық) декларациясына рұқсат берді. Канцлер бұл декларацияны 12 желтоқсанда рейхстагта (1945 жылға дейін Германия парламентінің мәжіліс үйі) жариялады. Бірнеше күннен соң соғыстың тоқтауын қалайтынын АҚШ президенті Вильсон да жариялады.

Антанта елдері Бетман мен  Вильсон декларациялары негізіндегі  келісім сөздерден бас тартты. Германия сонымен қатар АҚШ президентінің  плотформасын (саяси басшысының бағыты) қабылдамады. Көбінесе соғыстың жалғасуын  қолдайтын топтар ғана қалды. Нәтижесінде 1917 жылы бейбітшілік туралы келісім басталмастан аяқталып, керісінше соғыс көлемі кеңейді.

 

    1. АҚШ-тың соғысқа енуі

Ескі дүниеде соғыс  басталысымен-ақ Нью-Йоркте құнды қағаздар құны тез өсіп кетті. Лондондағы АҚШ елшісі президентке: «Еуропада банкрот болатындығын болжап, бұл жағдай әлемді біздің қолымызға әкеледі» деп хат жазған. Вильсон әкімшілігінің маңындағылар тіпті қаржы министрі Мак Аду да үлкен бизнестермен айналысқан. Вильсонның бейтараптылық жариялау саясаты монополияны байыту және АҚШ-тың жағдайын нығайтуға багытталды. 1914 жылы 15 қарашада «Арнайы бұйрық» АҚШ азаматтарына соғысушы елдерге «Сауда сатуға» рұқсат етті. Көп ұзамай Англия мен Франция американ банктерінен қарыз алды. Антантаның көп сауда жасауы АҚШ-ты депрессиядан шығарды. Мыс пен шойынды экспорттау бірнеше есеге өсті, 1916 жылы жарылғыш заттарды шығару 6 еседен 467 млн доллорға өсті. АҚШ бейтараптылығы арқылы отарларға тауарлар сатты. Мысалы, 1914 жылдың соңында АҚШ арқылы тауарлар шығару Данияда 14 есе көбейді. АҚШ-қа қарулы заттар жасауға көп ұсыныстар түсті. Оның буржуазиялық жандануына бұл жағдай тағы бір себеп болды. Нәтижесінде соғыс кезінде зауытшылар, банкирлер байыды. Жағдайды пайдаланып АҚШ империалистері Батыс жарты шарына экспанциясын белсенді етті. Олар Солтүстік Мексикаға интервенция бастады. АҚШ Мексиканың мұнайы мен шикізат байлықтарына қызығып ғана қоймай, бұл елдерде революциялық демократиялық халық қозғалыстардың жандануына карсы шықты. Вильсон Мексикадан жауланған әскерилерді шығаруға бұйырды. АҚШ Британ елдеріне экономикалық экспансиясын күшейті. 1919 жылы Канада да АҚШ инвестициясы екі есе өсті. Ағылшындардың «теңізге басқыншылық доктринасына» қарсы Америка «теңіздің бостандығы» принциптерін шығарды. 1916 жылы олар үлкен әскери теңіз құру бағдарламасын жасап, оны Ұлыбритания мен Жапонияға қарсы бағыттады. Бірақ АҚШ пен Германия арасындағы қақтығыстар күштірек болды, Германияның жеңісі АҚШ-қа көп зиян келтірер еді.

1916 жылы Вильсон сайланғаннан  кейін демогратиялық партиялар  жетекшілері «ол бізді соғыстан  алып қалды» деген сөздерді  айтқан. Сайлауда Вильсонмен Республикалық  лидер Юзомен бақталастық болды,  бірінші кезекте 1916 жылдың соңында  Вильсон «бейбіт шабуылға көшті»  ол Еуропада қан төгісті тоқтатқысы  келетіндігін білдірді. Вильсон «жеңіссіз бейбітшілік» үшін сөйледі.

Лондонда, Парижде жаңа бейбітшілікке ұмтылушылықты жақсы қабылдамады. Германия үкіметі өз тандауын жасады. 1917 жылы 17 қаңтарда соғыс нәтижелерін кайзерлер мен канцлерлер арасында талқыланып, адмиралистік өкілдері енді субмарин көмегімен Британияны тізе бүккіземіз деп ойлады. Жеңіске жеткізер басқа жол жоқ болғанан соң неміс лидерлері 1- ақпанда әлсіз сауда соғысты жалғастыруда шешті.

Германиямен дипломатиялық қатынастардың үзілгендігін жариялады. Бұл Нью-Йорк биржа курсын төмендетті. Соғысқа көптеген миллиондаған әскерлердің жабдықталып қатысы үлкен олжаға әкелетіндігі белгілі болды. Бұдан басқа да әскери саяси оқиғаларда болды: Ресейдегі революция Антанта лагерінде келешекте Ресейдің қалуын күмәндандырды. АҚШ-қа Германияның жеңуі өте қауіпті болды.

Соғыс жариялаудың басты  себебі германдық сүңгуір қайық  американдық кемелердің шабуылдарының  жиілеуі. Бірақ баспасөз сөздеріне  қарамастан көптеген американдықтар соғасқа қарсы болды. Бірақ билеуші таптар монополияның жағдайын ойлап 1917 жылы 6 – сәуірде АҚШ соғысқа кіретіндігін жариялады.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық