Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия
ЖОСПАР
Кіріспе. 2
1. Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал. 3
1.1 Экономикалық және саяси дамудың негізгі сипаттары.. 3
1.2 Жеңістің ащы дәмі және экономикалық тұрақсыздық. 4
1.3 Ллойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты.. 8
Қорытынды.. 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14
Кіріспе
Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Европаның солтүстік-батысында Британ аралдарында орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Территориясы — 244,1 мың. шаршы шақырым. Ұлыбритания бақылауына 6 млн. халқы бар 14 отар және тәуелді территориялар жатады. Соның ішінде Европада Гибралтар, Оңтүстік Америкада Фолкленд, Бермуд, Ангилья, Кайкос сияқты тағы басқа аралдар бар. Астанасы — Лондон. Ірі қалалары Бирмингем, Лидс, Глазго. Ұлыбритания әкімшілік-территориялық 4 тарихи-географиялық облыстарға бөлінген: Англия, Уэльс, Солтүстік Ирландия, Шотландия. Ресми тілі — ағылшын. Діні — англикандық. Ақшасы — фунт стерлинг. Ұлттық мерекесі — королеваның туған күні. Ұлыбритания — парламенттік монархиялы мемлекет.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, «үлкен сегіздіктің» мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М.Тэтчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық кұрылымдарда тиісті елдердің қызметін бакылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
1. Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал
1.1 Экономикалық және саяси дамудың негізгі сипаттары
Британия версальдық бейбіт
келісім бойынша (бірінші дүниежүзілік
соғысты аяқтаған) жеңіскер — державалардың
қатарына жатты. Алайда, соғыс оның
қаржылық-экономикалық жағдайын әлсіретті,
тек әскери өндіріс қана күшейе түсті.
Жұмысшылардың қозғалысы
1918 жылғы 8-желтоқсандығы
сайлауда консерваторлар мен
либералдар лейбористердің (жұмысшылар
партиясы) біртұтас блогын құрады
және парламентке өздерінің 60
депутатын өткізді. Билік
Сонымен, Ұлыбританияда екіпартиялық жүйе бекітілді: 1923 жылға дейін — консерваторлар мен либералдар, 1923 жылдан бастап — консерваторлар мен лейбористер.
Партиялық жүйедегі өзгерістермен қатар сайлау жүйесінде де демократиялық өзгерістер орын алды. Алғашқы сайлау реформасы 1918-1919 жылдары жүргізілді. Бұл заңға сәйкес 21 жасқа толған және белгілі бір жерде алты ай тұрақты тұрған еркек жынысты тұлғалардың барлығы дауыс беру құқығын иеленді. Әйелдер, егер 30 жасқа толған болса және 5 фунт стерлингтен кем емес табыс әкелетін жылжымайтын мүлкі болса немесе осы талаптарға жауап беретін тұлғамен некеде болса ғана дауыс бере алатын. 1928-1929 жылдардағы реформа бойынша әйелдерге ер адамдармен теңдей сайлау құқығы берілді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары үкіметтің функциялары анағұрлым кеңейтілді. 1914 жылы Хабеас корпус актінің күші жойылды және Мемлекетті қорғау туралы акт қабылданды, оған сәйкес соғыс уақытындағы барлық билік толығымен үкіметке берілді. Соғыстан кейін бұл актінің күші жойылды. Алайда, 1920 жылы уақытша емес, тұрақты сипатты иеленген Төтенше өкілеттіктер туралы заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес үкімет қоғамдық қауіпсіздікке немесе қоғамның қалыпты өмір сүруіне қандай да бір саяси күш қауіп төндіреді деп тапса патшаның атынан төтенше жағдайды енгізу туралы жарлық шығару және ереуілдерге тыйым салу құқығын иеленді[2].
Бірінші дүниежүзілік соғыс
жылдарында Британ империясының доминиондары
мемлекеттің маңызды шикізаттық
негізі және әскерді толтыру құралы
болып табылды. 1917 жылы кезекті империялық
конференцияда доминиондар
1.2 Жеңістің ащы
дәмі және экономикалық
Ұлыбритания Антанта блогының
жетекші державасы ретінде
Алайда жеңіс Англияға
оңайға түскен жоқ. 750 мың адамы өлді,
1,7 млн. жараланды. Англия ұлттық байлығының
үштен бір бөлігінен айырылды.
40% сауда флоты қирады. Өнеркәсіп
өнімін өндіру 20%-ға құлады. Тұрғын үй құрылысы
толық тоқтады. Сыртқы сауда жағдайы
күрт нашарлады. Оның себебі Англияның
сырттан шикізат пен азық-
Британ отарлық империясының
да дағдарысы білініп, өсе түсті.
Соғыс жағдайында империяның сауда-экономикалық
байланысының босаңсуы Англияның доминиондары
мен отарларында өнеркәсіп
Соғыстан кейін пайда
болған дағдарыстық тенденциялар Англия
басқарушы тобын консервативтік
позицияда біріктірді. Британ капиталистерінің
ықпалды тобы соғысқа дейінгі
капиталистік тәртіптерді қалпына
келтіруге тырысты. Алайда дүние
жүзіндегі ірі революциялық өзгерістер
жағдайында олар либералдық-буржуазиялық
реформизм саясатынан толық бас
тарта алмайтын еді. Қазан революциясынан
соң ағылшын үкіметі Кеңестік
Ресейге қарсы қарулы интервенция
ұйымдастырды және отарлардағы ұлт-азаттық
қозғалысты тұншықтыра бастады. Ресей
пролетариатының революциялық үлгісінен
қорыққан, Англияда большевизм тарауынан
сескенген басқарушы топ өзінің
халық арасында ықпалын сақтап қалуға
жанталасып, соғыстан кейін терең
реформалар жасау кампаниясын бастады.
Ол үшін ерекше қайта құру министрлігі
құрылды. Сонымен бірге экономикаға
мемлекеттік бақылауды жою
Лейбористік және кәсіподақ лидерлері күрделі жағдайда әрекет етті. Олар өздерінің уысынан жұмысшы қозғалысын шығармауға жанталасты. Сондықтан олар антикеңестік интервенцияны айыптады, әділеттік, бейбітшілік орнату талабын және жұмысшы бақылауы мен национализациялау жүргізуді қолдады. Соған қарамастан олар соғыс кезінде буржуазиялық саяси және мемлекеттік механизмде қолы жеткен орындарынан айырылғысы келмеді. Реформистер лейбористік партияның программасы мен уставын дайындау барысында осы екі міндетті шешуге тырысты[5].
ХІХ-ХХ ғғ. барысында пайда болған ағылшын еңбекшілерінің саяси партиясының 1918 жылға дейін программалық құжаттары болмады. Жұмысшы қозғалысының өрлеуі және соғыстың аяқталуға таянғандығы лейборист басшыларын өздері басқарған ұйымның перспективаларын анықтауға мәжбүр етті. 1918 жылы ақпанда қабылданған лейбористік партияның уставы ұжымдық және жеке мүше болуды енгізді. Бұл партияға бұрын либералдарды қолдаған буржуазиялық-радикалдық топтар өкілдерінің ағылуына ықпал етті де, лейборизмнің оң қанатын нығайтты.
Британ пролетариатының
жалпы тілегін айқындайтын сол
қанаттың маңызды жеңісі уставқа
оның негізгі мақсатының бірі ретінде
өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық
меншік пен өнеркәсіптің әрбір саласы
мен қызмет көрсетудің әр түріне халықтық
бақылау мен басқарудың ең озық системасын
енгізуі болып табылады. (Устав
«партияның мақсаттары» 4 бап.) Ағылшын
капиталистерін жеңіп алған саяси
биліктен тыс өндіріс құралдарын
ортақтандыру және пролетариат диктатурасын
орнату міндеттерін қойылуы қатты
мазасыздандырды. Реформистік лидерлер
уставтың «қауіпті» 4-ші бабын жеңілдетуге
асықты. Сол жылы жазда мақұлданған
«Еңбек және жаңа әлеуметтік тәртіп»
программасына лейбористер
Англияда саяси күштердің
өзгергенін 1918 жылдың соңында өткен
парламенттік сайлау көрсетті. Халықтың
арасында таянышын жоғалтқысы келмеген
лейбористер үкімет коалициясын
тастап сайлауға дербес қатысты. Алайда
консерваторлар мен либералдар коалициясы
— премьер-министр Д.Ллойд
Сайлау қарсаңында Л.Джордж
кампаниясы және коалицияның басқа
кандидаттары шовинистік көңіл күй
таратты, соғыстағы жеңісті марапаттады.
Онда үкіметтің жұмыссыздықпен күреске
қатысқаны да сөз болды. 1918 жылы ақпанда
қабылданған сайлау заңы бойынша
сайлаушылардың саны 8-ден 21 млн-ға ості,
тұңғыш рет жасы 30-дан асқан әйелдер
сайлау құқына ие болды. Ллойд Джордж
«елді оның батырларына сай етуге»
уәде берді. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселесін
шешуге мемлекеттік көмек және 14
жасқа дейінгі балаларға
Сайлау барысында
1.3 Ллойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты
Ллойд Джордж Дэвид (1867-1945) —
кедей мұғалімнің отбасында дүниеге
келген жас адвокат ағылшын-бур
соғысы кезінде үкіметтің саясатына
қарсы шығуымен көпке танымал
болған еді. Заңгер, кейін саясаткер.
Ұлыбританияның мемлекеттік және саяси
қайраткері. Либерал. 1890 жылдан 1945 жылға
дейін Уэльстен парламент депутаты.
1916-1922 жылдары Ұлыбританияның премьер-министрі.
Саяси және әлеуметтік реформаларды
жақтаушы. 1911 жылы қабылданған ұлттық
сақтандыру туралы заңның инициаторларының
бірі. Ллойд Джордж сауда, кейіннен
қаржы министрі, премьер-министр, ал
1916—1922 жылдары либералдардың
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Англияның экономикасы аз уақыт жанданды. Ол ішкі рынокта тұтыну товарларына сұраныстың күрт артуымен және сыртқы сауда конъюнктурасының кейбір жақсаруынан туған еді. Өнеркәсіптің бейбіт кезеңге өтуі товарлар мен қызметтің барлық түріне бағаны қауырт өсірді. 1920 жылдың сәуіріне қарай баға 1913 жылғы деңгеймен салыстырғанда орта есеппен 2,5 есе өсті. Осыған сәйкес британ капиталистерінің табысы да өсті. Олар соғыс кезіндегі шектеулерден өздерін толық азат етуді талап етті[7].
Ллойд Джордж үкіметі кәсіпкерлерді
барынша қолдады. Ол соғыс кезінде
құрылған барлық мемлекеттік бақылау
органдарын жойды. Осы мекемелердің
тарауымен Англияның
Орасан зор мемлекеттік
қарыз, мемлекеттік бюджеттің 40%-ға
жуығы жыл сайын өсімді өтеуге
ғана жұмсалатын, салықтың жоғары болуын
сақтады. Бұл ағылшын еңбекшілерінің
жағдайын төмендетті. Олардың жағдайы
экономикалық ерлеу кезеңінде де
нашарлай берді. Өйткені бағаның
есуі жалақыдан жоғары болатын, соғыстан
қайтқан 4 миллион әскерилер
Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саясатының түйіні Англияның капиталистік дүниеде лидер ролін қалпына келтіруге ұмтылушылық еді. Ол Кеңестік Ресейдегі жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін құлатуды мақсат етті. 1919 жылдың басында Ұлыбританияның басқарушы тобы АҚШ және Франция империалистерімен бірге Кеңес еліне қарсы соғыс интервенциясын ұйымдастырды. Қызыл әскердің табыстары, Антанта әскеріндегі революциялық толқулар және капиталистік елдердің өз ішінде орын алған Кеңестік республикамен ынтымақтастық қозғалысының зор толқыны интервенттерді Ресейден өз әскерін әкетуге мәжбүр етті. 1919 жылдың соңында соғыс тұтқындары туралы, ал келесі жылдың басында Ллойд Джордждың ұсынысымен Антантаның Жоғарғы кеңесі экономикалық блокаданы алып тастау жөнінде шешім қабылданған соң, сауда мәселесі бойынша келіссөздер басталды. Алайда 1920 жылдың көктемінде Кеңестік Ресейге қарсы тағы да қарулы басып алу әрекеті жасалды, бұл жолы буржуазиялық-помещиктік Польша әскері пайдаланылды. Бұл жорық сәтсіз болған соң, ағылшын үкіметі Қызыл әскердің Польшаға шабуылын тоқтатуды қатты талап етті. Осыған қарсылық ретінде британ жұмысшыларының зор ереуілдері болды да, үкімет ойластырған соғыстық арандатушылығынан бас тартуға мәжбүр болды. Интервенцияның күйреуі кеңес-ағылшын келіссөздерін қайта жалғастырып, олардың арасында 1921 жылы 16 наурызда сауда келісіміне қол қойылды. Англия Кеңестік Ресейді де-факто деп мойындады.
Париж бейбіт конференциясында
британ дипломатиясы АҚШ-тан үстем
болып қана қоймай, өзінің француз
одақтасын біраз ысырды. Алайда Вашингтон
конференциясында Англия ондай жағдайда
болған жоқ. Соғыстан кейінгі дүниені
реттеу нәтижесінде Ұлыбритания
халықаралық қатынастар системасында
мығым позиция сақтай алды. Британ
доминиондары — Канада, Австралия
және Оңтүстік Африкан одағы 1917 жылы
империя конференциясында Британ империясының
құрамында автономиялық мемлекет статусына
қол жеткізді. Олар 1923 жылы шетел
мемлекеттерімен дербес келісім
жасау құқына ие болды. Отарларда
өзін-өзі басқаруға
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен отаршылдар ұлт-азаттық қозғалысты қарумен басуға кірісті. 1919 жылы сәуірде Амритсар қаласында әскер бейбіт митингіге оқ атты. Британ өкіметінің репрессиясы жаппай сипатқа ие болды. Оған үнді халқы ағылшын мекемелері мен товарларына бойкот жариялаумен, митингілермен және демонстрациялармен жауап берді. Ұлт-азаттық қозғалыс Үндістанда 1921 жылы шегіне жетсе де, басшылық болмаған соң басылып қалды.
1914 жылдан Египетте протекторат
орнатқан ағылшын үкіметі
Соғыстан кейінгі жылдары ұлт-азаттық қозғалыс Таяу және Орта Шығыс халықтарын да қамтыды. Англия 1919 жылы Ауғанстанның ішкі және сыртқы саясатына бақылауын жойды. 1921 жылы Иран үкіметі Иранға британ протекторатын орнатуға тырысқан, 1919 жылы жасалған ағылшын-иран келісімін жойды. Кемал паша бастаған жаңа Түрік үкіметі 1922 жылдың қазанында Грециямен соғысты аяқтады. Ол соғыс Англияның арандатушылығынан туған еді. Түркия өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Ағылшынның ежелгі отары
— Ирландиядағы ұлт-азаттық күрестің
алар орны өзгеше. 1918 жылы парламент
сайлауында ағылшын парламентінің
Қауымдар палатасында Ирландияға берілген
103 орынның 73-ін Ирландия Республикасының
тәуелсіздігі үшін күресуші шинфейнерлер
партиясының кандидаттары жеңіп
алды. Сайлау кезінде оның 36 депутаты
ағылшын түрмесінде, қалғандары эмиграцияда
болатын. Бостандықтағы 27 депутат Лондонға
келуден бас тартып, 21 қаңтар 1919 жылы
Дублинде мэріне жиналып өздерін
ирланд парламенті — Дойл деп, ал Ирландияны
— тәуелсіз және егеменді республика
деп жариялады. Ерікті қарулы отрядтарға
— Ирландия республикалық армиясына
сүйеніп, шинфейнерлер өкіметтің жергілікті
органдарын құруға кірісті. Ирландияда
қоршау жағдайын енгізген Англияның
жазалау акциясына қарсы
Соғыстан кейінгі үш жылда Англияда 6,5 млн. адам экономикалық талаптармен ереуілге шықты. 1919 жылдың басынан бастап, Англияда «Ресейден қолыңды тарт!» деген арнайы комитеттер құрылды. Ол қозғалысқа қатысушылар Кеңестік Ресейден ағылшын әскерінің әкетілуін талап етті. 1920 жылы 31-шілде — 1-тамыз Лондонда Ұлыбритания компартиясының Құрылтай жиналысы болып, КПВ құрылды. 1919 жылы қазанда II Интернационал құрамынан шыққан 10 мыңдық Британ социалистік партиясы Коминтернге қосылды. Кейбір солшыл топтар марксизм-ленинизм позициясына жақын тұрды: орталығы Шотландиядағы социалистік жұмысшы партиясы, Жұмысшы социалистік федерациясы. Британ пролетариатының ең ірі ұйымдасқан отряды шахтерлер еді. 1920 жылғы шахтерлердің ереуілдері басылып, кәсіпкерлер 6 млн. адамның жалақысын қысқартты. 1922 жылдың қазанында консерваторлар коалицияны ыдыратып, 1923 жылғы парламенттік сайлауда жеңген олар С.Болдуин бастаған үкімет құрды.
Қорытынды
XIX ғасырдың соңы мен
XX ғасырдың басындағы Англия
Қорыта келе мынаны ашып
айтқымыз келеді. Біріншіден біздер әлемді
екі жүз жылдай аузына қаратқан ағылшындардың
отарларынан топ-тобымен
Екіншіден жеңіске тоқмейілсу әлі де болса Ллойд Джордж тәрізді саясаткерлерді әлемдегі ағылшын үстемдігі сақталып қалады деген ойға жетелейді және осы ойдың соңында кету опық та жегізеді. Тек қана ағылшынның әйгілі саясаткері, премьер-министр Уинстон Черчилль ғана анло-сакстардың үстемдігі үшін әрдайым АҚШ-пен бірауызды болуды ұстанатын күн де туады. Біз зерттеген кезең Ұлыбританияның көшбасшылықтан бірте-бірте айырыла бастаған кезеңі болғандықтан өзіндік ерекшеліктері де бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Виноградов К. Б., Очерки английской историографии нового и новейшего времени. Л., 1959г.
2. Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г.
3. Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан, 2004.
4. Ерофеев Н. А., Очерки по истории Англии. 1815-1918. М., 1959г.
5. Мәшімбаев С. М. Еуропа
және Америка елдерінің
6. Ізтілеуов К., Жаңа заман тарихы. — Алматы: Ана тілі, 2000ж.
7. Ковальский С., Ұлыбритания. Алматы, 1947 ж.
8. Колпаков А.Д., Ирландия — остров мятежный. М., 1965.
9. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж.
[1] Ерофеев Н. А., Очерки по истории Англии. 1815-1918. М., 1959г. C.15.
[2] Мәшімбаев С. М. Еуропа
және Америка елдерінің
[3] Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан, 2004. 185 б.
[4] Ковальский С., Ұлыбритания. Алматы, 1947 ж. 72 б.
[5] Ізтілеуов К., Жаңа заман тарихы. — Алматы: Ана тілі, 2000ж. 28 б.
[6] Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж. 10 т. 279 б.
[7] Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г. С. 165.
[8] Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г. С. 168.
[9] Мәшімбаев С. М. Еуропа
және Америка елдерінің

- Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себепiерi және оның сипаты
- Бірінші дүние жүзілік соғыстың щығу себептері және оның сипаты
- Біріншілік профилактика
- Бірқалыпты дискредитизация. Котельников теоремасы
- Бірлесе бақыланатын активтер
- Бірлестіктер экологиясы
- Бірлестіктер экологиясы
- Біріккен Ұлттар Ұйымы
- Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы
- Бірінші блок
- Бірінші дүние жүзілік соғыс
- Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж)
- Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық