Діни экстремизм және терроризм. 2
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ
Ғылым және технология дамудың
шырқау шегіне шыққанына және адамзат
бірін-бірін оңайлықпен тани алатын
мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан,
соңғы жылдары діни экстремизм мен
терроризм тақырыптарды бұқаралық
ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
Хақ дін Исламды да шарпып өтетін
осы мәселенің мән-жайы хақында
өзімнің ойларымды былайша
Исламият адам және табиғат
жаратылысымен толық санасатын,
адамның тумысынан пайда болған
қажеттіліктерін жауыз
Түркілер кіріп-шыққан манихейшілдік,
бұддашылдық, маздак сықылды діндерде
ет жеуге, мал союға мүлдем тыйым
салынғаны белгілі. Кейін қабылданған
христиандықта болса
Маркстік фәлсәфә жеке меншікті (мүлкият) жамандық атаулының қайнар көзі деп санаған; сондықтан, меншікті құрытсақ, қоғамдағы барлық жамандықты жоямыз деп ойлаған. Бірақ, тәжрибе мұның солай болмағанын көрсетті. Үйткені, меншік сезімі адамның жаратылысында (фитрат) бар нәрсе, меншікті жою жаратылыс заңдарына қайшы келеді. Адам болмысындағы нәпсі, меншік хұқұғы болмаса да өзінің арманына жету үшін басқа қайла-шарғыларды іздейді, табады. Бұл болса қоғамда жаман қылықтардың көбеюіне, ахлақсыздыққа, құлдыраушылыққа (коррупция) апарып соқтырады. Сондықтан, Исламияттың нағыз орта жол екені, қайталап айтқанда машрұғ (шарғи, заңды) талаптардың харам саналмағаны анық болады.
Исламиятта фұндаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.
Террорист ұйымның мүшесі
қандай бір мұсылман елдің азаматы
болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу
«мұсылман террористтер» дей
салады. Ал, басқа діндегі террорист
топтар туралы болғанда, олардың діні
айтылмайды да басшысының ғана аты
немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда
саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен,
Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы
ешқашанда «Христиан террорист
Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік
Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы
«христиан/католик террористік
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 16.03.2000 күні Құрбан Айт мерекесіне байланысты жұбайымен Астана орталық мешітіне барғанында баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында былай деді: «Исламның ішіндегі эктремистер деп айтылып жатқан сөз жөн емес. Ислам деген дүние жүзілік дін. Екі миллиардқа жақын халық мұсылман дініне бағынады. Сондықтан, әлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып жататын жағдай. Ол екеуін біз ажыратып айтуымыз керек. Ал енді, Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған, діннен қалған мәселелер ондай емес, еш уақытта мұсылманның діні соғыспен, қолына қару-жарақ алып біреуді өлтіріп, заңсыздыққа барып, мемлекетке қарсы жүру деген мәселелер болмайды мұсылманда. Сондықтан, осындай нағыз таза мұсылманның, Құранның жолыменен халық жүретін болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның өзіне де жақсылық әкеледі деген сөз».
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния уилаятындағы (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Фырансаның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995 күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз керек.
Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде,
теледидар хабарлары мен әуе
толқынындағы таралымдарда бiзге орыс
тiлi арқалы енген «фундаментализм»
(iргешiлдiк) сөзiн жиi кездестiрiп жүрміз.
Осы мағлұматтарда
Ең алдымен, мұсылмандарға
пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің
сөздiк һәм энциклопедиялық
Фундаментализм дегенiмiз
дүниежүзiлiк әдебиеттерде бiрiншi ретi
Америкада пайда болған дiни-саяси
термин. Мен осы мақаламда
Жә, Америкада екi ғасырдан берi қарай жарияланып келе жатқан беделді «Webster’s New World Dictionary of the American Language» (Американ тiлiнiң Вебстер жаңа дүние сөздiгi), 1986 жылғы басылымы. Мұнда фундаментализмнiң екi мағынасы берiлген;
· Religious beliefs based on literal interpretation of everything in the Bible and regarded as fundamental to Christian faith and morals.
· The 20th century movement among some American Protestants, based on these beliefs.
Яғни;
· Библияның мазмұнына сөзбе-сөз һәм мүлтiксiз сенуге негiзделген және христиан руханияты мен иманының негiзi болып есептелетiн дiни нанымдар.
· Осы нанымдарға негiзделiп,
Америкадағы кейбiр
Жиһан ғалымдары дәрiптеген осы екi беделдi деректе мұсылмандарға жала болып жабылған фундаментализм сөзінiң хақиқи мағналары көрсетiлген. Демек, фундаментализм мұсылмандармен ешқандай қатынасы жоқ ұғым. Христиан әлемiнiң, әсiресе, солтүстiк Америка мен батыс Еуропа християндарының, өздерiндегi рухани шиеленiстiктер мен қақтығыстар үшiн тапқан атауларын, сондай нұқсандар мұсылмандарда да бар шығар-ау деп, жаңылыстықпен қолдануының салдарынан осы күнi кенедей жабысқан, сүлiктей сорған, осы мұхиттың аржағынан келген жаладан құтыла алмай жүрмiз!
Фундаментализмнiң отаны Американың Бiрiккен Мемлекеттерi (АБД «АҚШ»). 1993 жылғы президент сайлауында Америкадағы фундаменталист ұйымдардың үлкен әсер тигiзгені мәлiм. Ал, олардың 1996 жылғы сайлауларға да күштiрек қатысқаны байқалады. Алдымыздағы жылдары фундаменталисттердің Американың iшкi һәм сыртқы саясатында ықпалды орындарда болатыны шүбәсiз шындық.
Фундаментализм ХХ ғасырдың
бас шенiнде АБД-нің
Фундаменталист шiркеулер
жамағаттарды христиандықтың жоғарыда
аталған негiздерiне бағынуға шақырып,
сондай жағдайда ғана кедейлiктен, әлеуметтiк
қысымдар мен оның зардаптарынан
құтылатмыз деп насихаттаған. Сүйтіп,
үнемі өскен фундаменталист ұйымдар
1960 жылдары саяси қозғалыстарға
айналады. Америкада сол жылдары
фундаменталист болу үшiн протестант
мәзһәбiнiң бiр тармағы
Америкадағы фундаменталисттердiң
тұңғыш саяси дауы 1963 жылы басталған.
Сол жылы Американың Жоғарғы Соты
(American Supreme Court) мектептерде дiн сабағының
оқытылуына тиым салады. Фундаменталисттер
Америкада жаңа бiр дiн таратылады
деп, бұл қарарға қарсылық бiлдiредi.
Олардың пікірінше, Америкада таратылатын
жаңа дiннiң аты «дүниешiл гуманизм»
(Secular Humanism) едi. Фундаменталист ұйымдар
осы жаңа дiнге қарсы айқасып
келедi. 1973 жылы Жоғарғы Сот 46 уилаятта
(штатта) ғамалия (аборт) арқалы жүктi әйелдердiң
бала алдыруына рұқсат етеді, сол
себепті мемлекет пен фундаменталисттердiң
айқасы одан ары өршелене түседі. Басқа
да християн топтары фунадаменталист
болу үшiн алдымен «дiншiл» (Religionist)
болу керек деп сенгендiктен, олар
бiр дiннiң дiншiлiмiз деп
Ал ендi, Америкадағы ең белгiлi фундаменталисттер жөнiнде бiр-екi ауыз сөз айтатұғын болсақ;
1993 жылғы сайлауда Джордж
Бушқа «Християндардың
Осылардан кейiн жүз мыңға
жуық мүшесi бар екi қоғамды атауға
болады. Бұлар – Луи Шелдонның
жетекшiлiгiндегi «Дәстүрлі бағалар
одағы» (Traditional Values Coalition) және Лон Мабонның
басқаруындағы «Азаматтар бiрлiгi» (Citizen
Alliance). Сонымен қатар ғамалия арқалы
бала алдыруға қарсы күресушi «Құтқару
әрекетi» (Operation Rescue) атындағы ұйым да жоғарыда
аталған iргешiл қозғалыстарға
Бұларға қосымша ретiнде, жиһанға аты әйгiлi Американың «Time» (Тайм) апталығының 8 Мамыр 1995 күнгi санында үлкен мақалаға тақырып болған, фундаменталистiк көзқарастағы азаматтар тарапынан негiзi қаланған «Отансүйерлердiң жасақтары» атындағы белсендiлердiң заңнан тыс жасақтарын айтуға болады. Осы күнде, Американың Бiрiккен Мемлекеттерiне ең үлкен қауiп төндiрiп отырған осы iргешiл, асырашыл топтар. Атақты басылым үлкен мақаланы «Мемлекеттiң жаулары» (Enemies of State) деп атапты! Осы аса қауiптi ұйымдар қалың бұқараны қыру қимылдарына дейiн барған. Мысалы, 1995 жылы Оклохама қаласындағы бала бақшаны бомбалап, жүздеген бейкүнә сәбилер мен азаматтардың қырылуына себеп болған осы жасақтанған топтар (Алайда, қылмыскерлер ұсталғанға дейін батыс баспасөзі тек мұсылмандарды айыптаумен шұғылданған). Тайм басылымы, осы заңнан тыс қарулы топтардың негiзгi құрамын христиан фундаменталисттер, салықты сөгушiлер және Американың негiзгi заңын қорғаушылар құрайды деп тағриф қылады.
1993 жылдың 19 сәуiр күнi
Одақтық Тергеу Кеңсесi (ФБР) Тексас
уилаятындағы Вако
Мысалы, «Тайм» басылымының баяндауына қарағанда, «Християнның белгiсi» (Christian Identity) атындағы топтың өкiлдерi, солтүстiк Еуропалықтар Көне Өсиетте (Библия) аталған таңдаулы пенделер, ал, йаһұдилер (жөһиттер) – шайтанның ұрпақтары деп сенедi. Мишиган аймағындағы қарулы топтардың жетекшiсi Норман Олсон, баптист сектасының рұһбаны һәм қару-жарақ сататын дүкендер торабының иесi. Оның тобында он екi мың қарулы адам бар және олар БҰҰ, АБД-ін социалистiк елге айландырғысы келедi деп сенедi. Тағы да осы аймақта фундаментализмдi таратушы Марк Корнки «Дүниежүзiлiк христиан радиосы» (Worldwide Christian Radio) арқалы хабарлар таратуда.
1990 жылы Ирақ көршiсi
Кувейтті жаулап алған соң,
Американың Төрағасы Джордж
Америкадағы экстремист ағымдар туралы толық бiр кiтап жазуға да болар едi! Бiрақ бұл мақаланың мақсаты осы деректi мысалдар арқалы экстремизмнің шын мәнiнде не екенiн, қайдан шыққанын анықтаумен шектеледі. Аталмыш фундаменталист ұйымдар Америкада ғана емес, сонымен қатар, Канадада мен Еуропа елдерiнде де ұйымдасқан түрде өсiп, өрбуде. Таяу уақыттарда осындай асырашыл топтардың кесiрлi қылықтарына куә болуымыз әбден мүмкiн.
Қорыта айтқанда, фундаментализм АБД-де және христиандықтан пайда болған. Мың төрт жүз жыл бойы жиһанды ғылымға, әдiлеттiлiкке, тазалыққа, имандылыққа, абзалдылыққа, өркениетке, адамшылыққа бөлеген хақ дiн Исламға және оған иман етушi мұминдерге фундаменталист деген жаланы жабудың жалғыз ғана мақсаты – ең жылдам һәм өздiгiнен өсiп, таралып келе жатқан хақ дiн Исламның алдын тосу, оған жүректерi жiбiп келе жатқан пенделердi айнытудан.
Ислам деген сөздiң өзi араб тiлiндегi «силм» - бейбiтшiлiк, тыныштық, берілу деген сөзден, жә, мұсылман деген мағнаны бiлдiретұғын «мұслим» сөзі – бейбiтшiлiкке берiлген, тәсiлiм болған һәм оны сақтаушы деген мағынадан шыққан. Демек, фундаменталист секiлдi дөрекi де кертартпа сөздер мұсылмандыққа әсте жараспайтынын, әлбетте, оңайлықпен аңдауға болады. Мұсылмандар амандасқанда-ақ «Әс-саламұ алайкұм!» яғни «Саған бейбiтшiлiк болғай!» деп, біріне-бірі татулық, тыныштық тілейді ғой. Ал, хақ дiн Исламның пайғамбары Әз Мұхаммед Ғалайһиссалам бір хадисінде «хайрұн нас, ман йанфағұн нас!», яғни «адамзаттың ең жақсысы, ең хайырлысы, адамзатқа ең пайдалысы!» деген. Пайғамбарымыз тағы да бiр сөзiнде «әс-салату ғимад-ұд-дин», яғни «дұға дiннiң дiңгегi, негiзi!» деген. Ислам ұғымындағы бейбiтшiлiк Аллаһ Тағаланың ризалығына ие болумен, яғни, жақсы ғамалдар iстеумен ғана пайда болады. Он төрт ғасырлық тарихында ғылымның, мәдениеттiң, әдебиеттiң ең озық және пайдалы үлгiлерiн мұралатқан хақ дiн Исламға және мұсылмандар хақында батыс өлшемдерiндегi атаулардың мағналары мен шығу тегіне мән берiлместен қолданылуы, бұл ғажайып байлық пен пәктікті жете түсiнбегендiктiң салдарынан дер едiм!
Ислам және түбірлес сөздер
Құран Кәрімде мынандай мағнада
қолданылған; құтылу, сәлеметте болу
(68-сүре/43-аят), таза жүректі болу (26/89
және 37/84), бейбітшілік, амандық, азаттық
(2/208, 8/61, 47/35), бейбіт бітім, тыныштық, татуластық
(4/90-91, 16/28-87), жамандықтан, жауыздықтан
ада болу, сәлемдесу (6/54, 7/46, 10/10, 11/69,
13/24 т.т.), берілу, тәсілім болу (19/33, 20/47,
8/43), құтылған, ыхыласты (2/71, 4/92, 4/125, 6/14 т.т.)
/[2]/. Бір жолы, Мәдинедегі Хазраж руынан
бір топ адам Расұлұллаһқа келіп,
Ислам туралы сұрайды. Әбден ұғынып
болған соң мұсылмандықты қабылдаған
олар былай деген: «Біз өшпенділік пен
күншілдік билеп алған бір
қоғамның мүшелеріміз. Сенің дініңнің
арқасында Аллаһ Тағала екі ру
арасындағы өшпенділікті жояды деп
үміт етеміз. Елімізге барып, үгіттеріңді
түсіндіреміз. Аллаһ оларды сенің
маңайыңда жинасын деп
Әлем тарихын парақтағанымызда мұсылмандардың әр дәйім бейбітшілік жағында болғанын көреміз. Үстіміздегі ғасырда болған уақиғалар осыны растайды. Сондықтан, әлемдік бейбітшіліктің басты кепілі мұсылман үмметі десек қателеспесбіз.
Пайғамбарымыз Мәдинеге келген
соң (622ж.) қаланың саяси тұрақтылығы
мен мұсылмандардың амандығын қамсыз
ету мақсатымен іске кіріседі. Үйткені,
Мәдине тұрғындары Мекке сықылды
біркелкі араб факторларынан емес,
сонымен қатар йаһұдилер мен
басқа жамағаттарды да қамтушы еді.
Бұған дейін Мәдинеде орталық
билік пен қала тұрғындары ортақ
ымыраға (консенсус) келген басқару
жүйесі болмаған еді. Сахаба Әнес Мәлікұлының
(614?-715?) үйінде мұсылмандар мен ғайри-
Исламият бөтен мәдениеттерді жатсынған емес. Қайта, оларды өзіне баулып, олардың жақсы жақтарын алуда ешқандай оқа көрмеген /[5]/. Пайғамбарымыздың түрік-соғды сауытын киюі, қытайдан әкелінген заттарды пайдалануы, түрік шатырында соғысқа шығуы, Арабыстанның төрт жағындағы Мысыр, Бизантия (395-1453), Сасани (224-651) қатарлы патшалықтарға елшілер жіберіп (630ж.) оларды хақ дінге шақыруы, тіпті император Ираклиймен хат алмасып тұруы, Оның күллі адам баласына жіберілген елші екенін растайтын айғақтар. Халифалық дәуірінде де басқа діндер қудаланған жоқ, қайта, олардың еркін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Мұсылмандар ғайримұслимдердің, ал олар мұсылмандардың шәкірті, ұстазы болды /[6]/. Тіпті, академик Бартольд (1869-1930) христиан ғұламалардың өз діндестерінен гөрі мұсылман шәкірттерінің көбірек болғанын жазады /[7]/. Бұл факт мұминдердің ғылымға деген талабының бәрінен де жоғары болғанын көрсетеді. Ғылымды кім іздесе және дамытса, әрине сол қызығын көрмек. Ғылымға кім көбірек үлес қосса, соның ғылымы билемек. Сондықтан, мұсылмандар ғылымның жетекшілігін қолға алған соң, эллинизмнің беделі төмендеді де мұсылман мәдениеті жоғарылады; араб тілі һәм мұсылмандардың һәм ғайри-мұслимдердің ғылым тіліне айналды. Халифа әл-Мансұр (709?-775) Бизантия патшасына хат жолдап математика туралы кітаптар жіберуін өтінген. Грек, ибрани (иврит), сұрия, парсы тілдерінен көптеген әдебиеттер арабшаға аударылды. Грекшеден тәржімелер сонау VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас шенінде басталды. Әбу Сұфйанның немересі, Йәзид Мағауияұлының (уаф. 683) баласы Халидтің ханзадалық дәуірінде кейбір астрономия, медицина, химия кітаптарын грекшеден арабшаға аудартқызғаны белгілі. Арабшадан да көптеген туындылардың кейінгі ғасырларда аталмыш тілдерге тәржімеленгенін байқаймыз. Ғайри-мұслимдер мұсылман билігінде алтын дәуірін бастан кешіріп жатқанда, Еуропадағы халықтардың тым примитивті өмір сүргенін байқауға болады. Академик Бартольд литовцылардың сонау XII ғасырға дейін, ал Хиндұқұштағы кафирлардың XIX ғасырға дейін жабайылар болғанын атап көрсетеді /[8]/.
Ешқандай мәдениеттің өздігінен пайда болмайтыны рас. Әлемді тамсантқан Ислам мәдениеті пайда болғанда өзінен бұрынғы Мысыр, Месопотамия, Грек, Парсы, Үнді мәдениеттерін пайдаланғаны, олардың Исламның өзегімен ұштасатын тұстарын алып, дамытқаны белгілі. Мәселен, әл-Фарабидің басқа дін мен басқа ұлттың өкілі болғанына қарамастан Стагирит Аристотелдің (м.б. 384-322) пікірлерін дамытқаны осының бір айғағы. Осы орайда айта кететін бір жәһіт; ерте дәуірдегі мұсылман зерттеушілері грек, ибрани, парсы, үнді және түркі тілдеріндегі көп мұраларды хатқа түсіру не аудару арқалы әлемдік мәдениеттің маңызды мирастарының сақталып қалуына үлкен үлес қосты. Егер мұсылман ғалымдары мен көрегенді билеушілерінің осы қызметі болмағанда, бәшәриет көп нәрседен махұрым қалар еді, бүгінгі өркениет сәуиесіне жете алмас еді.
Мұсылман ғалымдар бар ғылымын жұртшылықтың пайдалануына ұсынды. Ғылымды күнкөріс пен мәртебе алудың құралы деп көрмеді олар. Бір мисал келтірелік: Иран патшасы I Шапұр кезінде (241-272) Хұзистан аймағында Жұндишапұр деген қала орнатылады. Осы шағын қалашық Сасани билеушісі I Хұсраудың кезінде (531-579) патшалықтың екінші үлкен қаласына айналады. Мұнда атақты дәрігерлік мектебі пайда болады. Алайда, Жұндишапұрлық дәрігерлер өздерінің кәсіби сырларын тек өз топтарында ұрпақтан ұрпаққа қалдырып сақтайды да монополия мен кірістен айырылмас үшін басқа ешкімге білдірмейді һәм үйретпейді /[9]/. Аталған аймақ мұсылман билігіне қаратылғаннан соң ғана мұсылман ғалымдар олардың кейбір ғылымын ашып, пайдалана алған-ды. Алайда, Ибни Сина сықылды біртуар дәрігерлер болса жазған кітаптары тек мұсылман елдерінде ғана емес, сонау Еуропаның өзінде кем дегенде алты ғасыр бойы бас оқулық есебінде оқытылған. Со ғасырлардың ең мықты батыс елдерінде мұсылман ғалымдарымен салыстырарлық ілімдарлардың шыға алмағаны осыдан.[10] Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай дейді: «Исламның басты артықшылығы, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі білімді халықтардың алдында болуы, әрине, материалдық һәм рухани мәдениет жағынан бірдей мәдени біріншілікті ұстауында жатады» /[11]/.
Мұсылмандардың басқа
мәдениеттерге қамқорлық
Тарихта бірінші рет халифалықтар
дәуірінде дүние жүзі мәдениеттері
тығыз араласты; қиыр шығыстағы Қытай
мәдениетінің жетістіктері батысқа, мұсылмандардың
ғылыми-мәдени табыстары болса қытай
еліне мәлім болды. Талас (751ж.) соғысынан
кейін Атлант мұхитынан Қытай
мұхитына дейінгі халықтардың бірін-бірі
жақын тануына мұмкіншілік
Қорыта айтатұғын болсақ,
тарихта мәдениет қатынастарының дамып,
өзара бірігуі һәм кірігуі (интеграция)
тек Исламнан кейін ғана мүмкін болды.
Оған дейін мәдениеттер арасында
өшпенділік пен пышақ сырты ғана
байланыс болған болса, Исламмен бірге
шығыс пен батыстың барша мәдениеттері
жамырасып, үлкен жетістіктерге
қол жеткізілді. Оған дейін белгілі
бір мәдениетке ғана тән боп есептелген
нәрселер мұсылмандардың арқасында
бүкіл әлемдік мәртебеге ие болды.
Мисалы, араб цифрлары деп атағы
шыққан сандардың ежелгі дәуірде
тек Үндістандықтарға ғана мәлім
болғаны белгілі. Мұсылмандар осы
цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқ,
оларды құр символдықтан шығарып, мағналы
белгілерге айналдырды. Бәшериет тарихында
бірінші рет нөл (сыфыр) цифрін мұсылман
ғалымдар тапты уә еңбектерінде пайдаланды;
мәселен, нөлді бірінші рет сан
ретінде қолданған Мұхаммед Мұсаұлы
әл-Хорезми (780-850) болды /[13]/. Арал теңізі
маңында дүниеге келген дана бабамыз
сонымен қатар 1-ден төмен қарайғы
сандарды белгіледі, жүздік, мыңдық және
ондықтарды жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті.
Оның бұл табыстары мүмкін тарихтағы
ең маңызды ғылыми жаңалықтарға жатады.
Үстіміздегі информация ғасырында,
телекоммуникация дәуірінде мұсылмандар
ашқан осы жаңалықтың қызығын
бүкіл әлем көруде. Орыс тіліндегі
цифр мен батыс тілдеріндегі cipher
сөздері арабша нөл дегенді білдіретін
«сыфыр» сөзінен алынған. Шындығында
араб сандары рим сандарымен салыстырғанда
қолданымы өте икемді һәм оңай.
Әл-Хорезми ашқан бұл жаңалық
Еуропаға тек X-XIIғғ. ғана мәлім болған;
осы жаңалықты батысқа
Адам хұқұқтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсек, он төрт ғасыр бұрын Раббымыздың Құран Кәримінде барлық адамдардың хұқұқтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп таң қаламыз:
«26/183: Адамдардың хұқұқтарын қыспаңдар! Жер бетінде бұзақылық шығарып, бүлік жасамаңдар!» /[15]/.
Міне, көптеген аяттар мен
хадистер мұсылмандарды орта жолға,
қанағаттылыққа, адамгершілікке шақыруда.
Сондықтан, Аллаһ Тағаланың бұйрығын
орындағысы келетін мұсылман ешқашан
да экстремист, террорист т.т. бола алмайды.
Ислам дініндегі автоконтроль жүйесі
мұсылмандарды асыра

- Діни экстремизм және терроризм
- Діни экстремизм және терроризммен күресті алдын алудың заңға сүйенген негіздері
- Діни экстремизм мен терроризм
- Діни экстремизм мен терроризм
- Діни экстремизм мен терроризм
- Діни экстремизм мен терроризм
- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
- Діни емес (ғылыми) дүниетаным
- Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- Діни наным -сенимдер
- Діни танымы
- Діни туризм
- Діни туризм
- Діни туризм