Діни туризм. 2

               ҚР Білім және ғылым министрлігі

        Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

                Экономикалық факультеті

                Туризм кафедрасы

                Мамандыққа кіріспе пәнінен  

      

Тақырыбы: Діни туризм  
 
 
 
 

                                                         Орындаған: ТУР-13к ст.Кулакеева Г.У.

                                                         Қабылдаған:Есенбаева А.Е. 

               

                                     Астана-2010 
 

         Жоспар

I.Кіріспе.

1.1Діни туризмнің анықтамасы, түрлері.

II.Негізгі бөлім.

2.1 Ислам  дініндегі туризм

2.2 Христиан дініндегі  туризм

2.3Буддизм дініндегі туризм

III.Қорытынды.

IV.Қолданылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                               Діни туризм

Кіріспе.

1.1.Діни турист -өзінің тұрғылықты жерінен  жарты жылдан көп емес уақытқа,діни сенімдеріне байланысты  қасиетті жерлерге сапар шегеді. Діни туризм,негізінен, екі топқа бөлінеді:

  • Зиярат ету
  • Экскурсиялы- танымдық бағыттағы діни туризм

Зиярат ету  туризмі- сенуші туристердің қасиетті жерлерді аралауға, оларға табынуға  ұмтылуы.

Зиярат етудің себептеріне келесілерді келтіруге  болады:

  • Физикалық және рухани жайсыздықтардан аластану;
  • Туған-туықандары үшін жалыну;
  • Болашақта сәтті болу;
  • Құдайдың  алдында парызды орындау;
  • Күнәларынан арылу;
  • Оған берілген бар жақсылық үшін ризашылығын білдіру;
  • Діни сенімділігіне адалдығын білдіру;
  • Дінге өзгелерді тарту мақсатымен;
  • Өмірдің мәнін түсіну мақсатымен.
 

Зиярат ету  - адам мен шынайы өмірдің арасындағы ерекше қарым қтынас. Зиярат етудің мақсаты: қандай да қиындықтарға тап болмаса да, адамдардың шынайы ниеттерімен сеніп, саяхаттауы,материалды  қажеттіліктерден рухани  азық үшін бас тарту.

Индуизм, православие  және католицизмде көбіне жаяу жүру кең  қолданылады.

Адамдар көбіне өздерінің күнделікті жағдайларында  салт дәстүрлерін орындауға мұршалары  болмаған жағдайда зиярат етеді.

 «Зиярат (поломничество)»  термині, филологтардың айтуы  бойынша  «пальма» деген сөзден шыққан дейді. Себебі "Вход Господень в Иерусалим" мейрамы кезінде Әулие жерден келген ең алғашқы христиан зиярат етушілері, осы пальма ағашының жапырақтарын алып келген дейді. Иисус Христос Иерусалимге триумфальды келіп жеткенде, сенушілер оның жолын пальма жапырақтарымен безендірген екен.

Ресейде бұл  мейрам «Вербті жексенбі» деген  атауға ие болған.

Жалпы, зиярат етудің дәстүрлері тамырмен тереңге жетеді.

 Үндістанда  байырғы кезеңдерден қасиетті жерлерге зиярат етіп, осы ісімен олар әртүрлі әулиелерінің таза энергетикасын сіңірген.

Ежелгі Грецияда елдің әр бұрышында тұратын адамдар, Дельфадағы храмда тұратын көріпкел Пифияға жорамал тындау үшін баратын.

Орта ғасырларда  зиярат ету кең көлемде тарала бастады .Пилигримдердің Палестинаға саяхаты б.з.б III ғасырда басталды.Император Константин кезінде Иерусалимде бірнеше храмдар салынған еді.Мысалы, Храм Гроба Господня.

XV ғасырларда Еуропадағы зиярат етушілерге арнайы маршрут немесе «жол» жасалынды. Ол Рона аралдарынан Иордан өзеніне дейінгі аралықты қамтыды. Дегенменде ең алғанқы зиярат маршруттар немесе «итенирарии»  VIII ғасырда Византия елінде, грек тілінде жазылған. Пилигримдердің араларындағы ең танымал итенирарии «Антиохиядан Иерусалимге дейін, Сирия,Финикия және Палестинаның қаситті жерлері туралы қысқаша сипаттама»еді. Бұл итенирарииді XII ғасырда византиялық Иоанном Фокой жазған. Крестік сапарлар Әулие жерге зиярат етуді салтқа енгізді.

Қазіргі таңға  ІТО сараптамасы бойынша  бұл  жерге200 млн. адам зиярат етеді. 

Зиярат ету  туризмінің негізгі аймақтары:

  • ТМД православты республикалары:Ресей, Украина,Белоруссия,Молдова;
  • Католицизм және протестантизм доминаты болып келетін шетел Еуропасы;
  • Христианства доминаты болатын Солтүстік Америка ;
  • Христианства және жергілікті халықтың сенімі басым Латын Америкасы;
  • Ислам діні басым Солтүстік Африка;
  • Ислам басым, бірақ христианства және ұлттық діндер Шығыс және Батыс Африка;
  • Ислам діні ,христианстваның анклавтары мен иудаизм басым Батыс Азия;
  • Индуизм,буддизм,сикхизма,джайнизм, сонымен қатар ислам Оңтүстік Азия;
  • Буддизм,ислам және индуизм анклавтарымен Оңтүстік Шығыс Азия;
  • Синтоизм,буддизм және конфуцизм басым Шығыс Азия;
  • Ислам,Ламаизм,бон діні доминаты Орта Азия (Тибет);
  • Буддизм және ислам дінінің жеке анклавтары басым Орталық Азия.
 

Ал, Экскурсиялы- танымдық бағыттағы діни туризмге келетін болсақ, бұл туристердің діндермен танысуына, олардың сол дінге байланысты салт дәстүрлеріне қатысуға,діндарлармен крестік шерулерде шеруге , музейлерді аралуға және т.б.сан алуан мәдени-тарихи ескерткіштерін көріп өзін өзге діннің тұтастай бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.Бұл діни туризмнің түрі ғылыми туризмнің діни бағытымен өте тығыз байланысты. Ғалымдар діни сенімдері ерекше мемлекеттерді зерттеп, олардың наным сенімдерімен танысады. Ежелгі діндердің қолжазбаларын, мәдени және архитектралық формаларын зерттейді. Бұндай саяхаттар жиі емес, алайда олар туристік сапарлардың географиясын кеңейтеді. Қазіргі таңда батыста және Ресейде Шығыс елдеріне, яғни,Қытайға, Үндістанға, Жапонияға қызығушылық жиі білдіруде. Жойылып бара жатқан діндердің отандарына барып, олардың ерекшеліктерін ұғынуда.Мысалы,Мысыр, Месопотамия,Греция, Италия және Орталық Америка. 

 Неізігі.

2.1. Ислам дініндегі діни туризм

Діни туризм ислам дінінде өте жақсы дамыған. Оған негізгі себеп, әрбір мұсылман өмірінде ең болмағанда бір рет қажылыққа Мекке мен Мединаға баруы.Ерешеліктері: ай күнтүзбесіне байланысты өзгеріп отыртын хадж уақытында бірдестен мұсылмандардың көптеп келуі; өзге дін өкілдері, ислам дінінің ең таза және қасиетті жеріне кіру рұқсат етілмеуі,яғни басқа дін өкілдерінің экскурсионды танымдық діни туризм жасай алмауы.

Ислам дінінің шығу тарихы

Ислам дініңде  Құдайдың, жануарлардың, адамдардың бейнесін салуға рұқсат берілмеген. Ешнәрсе  Аллахқа сиынуға кедергі келмеу керек. Аллах бәріне ортақ, жалғыз, шексіз.

Таңғажайып  мүсіндер , зәулім мешіттер мен медіреселердің болмауы туристерді қызықтырмайды.Бұл  христиан дініне қарағанда ислам  дініне сенушілердің санының аздығына әкеліп соғады.

Ислам діні  б.з.VII ғасырында Батыс Арабияда, арабтардың жерінде дүниеге келген. «Ислам»  сөзін «Құдайға құлшылық ету» деп  аударуға болады.

Орташа б.з  570 жылдары ислам дінінің түпқалаушысы Мұхаммед пағамбар (с.ғ.с) дүниеге келген.610 жылы Хира тауының үңгірінде оған Джибраил (Гавриил) періште келіп, оны Аллахтың сөзіне бағыттады. Мұхаммед пайғамбар(«мадақтаушы» дегенді білдіреді) жаза білмегендіктен, Аллахтың сөздерін өлең ретінде баяндаған. Бұл түн « ақиқат түні» ретінде белгілі. Осыдан кейін Мұхаммед(с.ғ.с) Меккеде20 жыл көлемінде Құранның аяттары мен сүрелерін халыққа жеткізген. Жерілікті жұрттың көпшіігі Пайғамбардың сөздеріне үреймен қарап, сол себепті, 622 жылы Хижра, яғни Мұхаммед пайғамбардың(с.ғ.с) Мединаға көшуі басталды. Мұсылмандар күнтүзбесі осы жылдан басталады. 629 жылы Пайғамбар Меккеге алғаш және соңғы қажылық сапарын жасады және сол кезде Кағбадығы барлық пұттардың бейнесін сындырады.Бұл 8шілде  632 жыл болатын.

Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) 63 жасында, Медине қаласында дүние салады. 

Ислам дінінің  діни обьектілері.

Ислам дініңде  қажылық сапар Арабияда орналасқан Мекке және Медине қалаларына сапар  болып саналады.

Бұл зиярат екі  түрге бөлінеді:

1) хадж (үлкен  зиярат); 
2) умра (кіші зиярат)

Мекке мен Мединаға жылына 2 млн-дай адам  зиярат етуге барады. Бұл жерде Дүние жүзіндегі ең үлкен мешіттердің бірі Харам бейт Уллах соғылған. Ішінде Қағба орналасқан.  Қағба  өзінің  сыртқы  пішініне  байланысты  осылай  айтылған.    Арабша  “каъаба”    сөзі – “текше”   дегенді   білдіреді.     Қағба   исламдық  мәдениетке  дейінгі  ежелгі  арабтардың  қолданған    қасиетті    тастарынан  жасалған.    Қағбаның  шығыс бөлігі   қара лава  қалдығы  мен  метеорит  құрамында  болатын  базальттан  құралған.   Бұл  қара  тас  (аль-хаджар аль-асвад)  -  Қағбаның  сыйынатын  басты  бөлгі.   Бұл – Алланың   құдіреттілігінің  символы.     Сыйнуға   келген  мұсылмандар  Қағбаны  сүюге  тырысады.  Дегенмен де, Қағба текше емес, оның өлшемдері 10х12х15 м болып келеді.

Қағбаның төрт жағы қызыл, сириялық, йемендік және қара деп аталады.Қағбаның беті қара матмен жабылып трады, бұл матаны жылда  Мысырда  жасалады. Қажылардың келуіне  аз уақыт қалған кезде, қағбаның  сыртына ақ мата жабылады.Зиярат  ету аяқталғаннан кейін матаны ұсақтап, жұртқа таратады.

Қағбаның есігі  жерден 2 м биіктікте тұрады. Оған жетү үшін, арнайы саты қойылады.

Көбіне Мединаға сапарды Меккемен байланыстырады.

Екеуіні арасы 300 км.

Бұл аралықты қажылар  автокөлікте немесе самолетте өтеді. Мединадағы мешіт, Меккеге қарағанда  кіші. Мединадағы мешітте Мұхаммед пайғамбар(с.ғ.с )  жерленген.

Мединаға келген қажылар пайғамбардың ең алғаш көруі  келген Джабал ал Нур тауына  және оны аңдышулардан тығылған  Джабал ат Таур тауына ктеріледі.Қажылар шайхастар  өткен жерлермен танысқанды жөн  көреді.

Мекке мен Мединадан  бөлек те исламдық орталықтар бар. Мысалы, Иеруссалимде, мұсылмандар шін өте қымбат Омара халифтың мешіті бар.

Мұсылмандар үшін маңызды зиярат ету орындары:

  • Стамбулдағы Көк мешіт, бұрынғы София соборы.
  • Дамаскідегі Омейядов мешіті
  • Бағдаттағы Алтын мешіт
  • Каирдегі Ибн Тулуна және  султан  Хасанның мешіті
  • Делиде Кутб минареті және Кувват уль Ислам мешіті.
 

Меккеге қажылық

Егерде де Меккеге  сапар Ид аль Адха(Курбан байрам) мейрамына дейін аяқталса және бар қажетті істерді 10 күн ішінде тамандаса бұл- ҚАЖЫЛЫҚ болып есептеледі.

Ұзақтылығы салыстырмалы түрде қысқа, яғни келесі күніне аяқталса, зиярат- УМРА деп аталады. Негізінен  адамдар қажылық кезінде 4 шартты орындауы керек.

  1. Ақ түсті иім кию керек – ихрам
  2. Қағбаны айналу  (таваф);
  3. Арафат жазығында салтты орындау  (вукуф);
  4. Арафат жазығыннан келгеннен кейін қайт қағбаны айналу. 
     

Меккеге кірерде  адамдар өз мойындарына  еркін  түрде  шектеулер алады(ихрам). Ихрамның  міндеті, адамдарды тазарту, оларды бағыттас, тең және аянбаушылықты  қалыптастыру. Зиярат етушілер өздерінің  әлеуметтік жағдайларына қарамастан, бірдей киім киіп,Аллахтың алдын бас  иеді.

Сонымен, қажылық  адамдардың ихрамға аттағанынан  басталады. Зиярат ету кезінде арнайы полицияөкілдері тыныштық пен қауіпсіздік үшін жауап береді. Сауд Арабиясының заңы өте қатал.

Ислам дінінің  таралу қарқыны.

Дүние жүзінде 1 млрд 126 млн мұсылмандар саналады, яғни әлем халқының 19 %.

Ресейде шамамен  20 млн мұсылмандар бар. Қазіргі Ресейде 3,5 мың мешіттер тіркелген, және  30 шақты діни басқармалар. Сонын ішінде Мұсылмандардың Рухани-Діни басқармалары. Көптеген медреселер мен исламдық партиялаар бар.

Азия: Индонезияда 177 млн мұсылман өмір сүреді, Бангладеште  – 101 млн, Үндістанда - 99 млн,  Иранда - 18 млн, Туркияда - 55 млн, Қытайда - 27 млн, Иракта - 18 млн, Ауғанстанда - 16 млн, Сауд Арабиясында - 13 млн.

Африкалық елдер:Мысырда 46 млн астам мұсылмандар, Алжирде  
25 млн,Мароккода - 25 млн, Суданда - 18 млн, Эфиопияда - 16 млн. 
 
АҚШ та 6 млн дай мұсылман тұрады.

2.2. Християндықтағы діни туризм

Християндық- бұл жер бетіндегі ең көп таралған, ең ауқымды діннің бірі болып табылады.Бұл дін басында шамамен 2 млрд.адамдай бар (жер бетінің әр бір адамның үшіншісі- християн).Християндықтың негізгі екі бағыты бар, олар:ортодоксальді шіркеу (шығыс шіркеуі), католитикалық шіркеу (батыс шіркеуі). Көптеген ғалымдар християндық дін бағытына протестантизмді, монофизистікті,несториандықты қосады. Шынында протестантизм батыс шіркеуін бағыттаушы болып табылады.Яғни ол католицизмнан бөлініп шыққан. Ал монофизистік, несторияндық шығыс және батыс шіркеуінің көрсеткіші.

Християндықтардың негізгі сенімге үйрету

Християндық- Иисус Христостың өмірімен шығармашылығымен тығыз байланысты. Иисус 30 жасында  Иордан өзенінде Иоаннадан дінге  қабылданды.Иисус Христос Иерусалимде  өзінің апостолы Иудаға сенімді болды.

 Християндықтың  негізінде негізгі екі принцип  бар,олар: күнәлік идея және кешірімдік  идея. Християндықтың негізгі бастамасы-  крестке құрмет.Біртін-біртін християндық  дін:батыс және шығыс болып  бөліне бастады. Шығыс християндық  Византия өңірінде дүниеге келді.1054 жылы Ұлы шіркеулердің негізі  қаланды. 

   Библия- християн дінінің қасиетті  жазба кітабы болып табылады.Ол:көне  және жаңа заветтен құралған.Жаңа  заветке, 27 кітап кіреді:төрт Евангелия,  апостолдардың  жұмысы,жеті апостол  жолдамасы, Павел апостолының  14 жолдамасы, Иоанна Богослованың  шынайылығы.

  Ең  көп християндықтар ең маңызды  екі догманы мойындайды:Қасиетті  Троицені және Құдайылық-адамдық  атты Иисус Христостың екі  табиғатын.

  Християндықта   жеті құпия бой көтерді:

  1. табыну;
  2. жан-жақты тану;
  3. евхаристия
  4. құлшылық
  5. неке
  6. елеоқұдірет
  7. құдіреттілік.

    Ресей ғалымдарының айтуынша, ең алғаш орыс провославтық зияраттың негізі княгин Ольганың Константинопльге крещения жасауға  барған сапарынан басталады дейді.

    Православты зиярат етушілердің негізгі орталықтары:храмдар, шіркеулер, қасиетті сулар.

     

Зиярат ету  туралы шешімді  рухани әке немесе өзі қабылдайды. Негізгі зиярат обьектілеі Шіркеулер. Ресейде 313 шіркеулер және 26 РПЦ бар.Ал, жалпы, ТМД елдерінде  183 православты медреселер мен шіркеулер  бар. 

Ресейде 8 әулиелердің орны бар: 
 
1) Свято Троицкий Серафимо Дивеевский шіркеуі (Серафим Саровский) Нижегород обласында; 
2) Свято Троицкий Александро Свирский шіркеуі (игумен Александр)  Ленинград обласында; 
3) Задонский Богородицкий шіркеуі(св. Тихон Задонский)  Задонск қаласында, Липецк обласында; 
4) часовня Блаженной Ксении (св. Ксения Петербургская)  Смоленск мазаратында Санкт Петербург; 
5) Свято Троицкая Сергиева лавра (преподобный Сергий Радонежский) Сергиев қаласы, Москва обласы; 
6) Свято Введенская Оптина шөлі (преподобный Амвросий Оптинский)  Козельске Калужской обласы; 
7) Покровский кафедральный собор (св. Митрофан)  Воронежде; 
8) Иоанновский монастырь (св. Иоанн Кронштадский) Санкт Петербургте. 

    Кейбір шіркеулердің зиярат етушілерді қабылдау кезіндегі  ерекшелікьер:

  1. Шіркеулер зиярат етушілерді тек алдын ала жасалатын жазба арқылы немесе ұстаздың нұсқауымен қабылданады.
  2. Шектеулі немесе шектеусіз уақытқа зиярат етушілерді қабылдайтын шіркеулер.
  3. Тұрғызу және тамақтандыруға байланысты қызмет көрсетеін шіркеулер.
  4. Шіркеулер тек ерлерді немесе екі жынысты да қабылдай береді.
  5. Көрсеткен қызметтері үшін ақы алатын және ақы алмайтын шіркеулер.
  6. Музей, библиотека т.б бар аймақта орналасқан немесе ондай аймақта орналаспаған обьектілер.
  1. Аймағында жексенбілік мектеп, балалар үйі, патриахалды училищелері бар  немесе жоқ шіркеулер.

     

    Ресей мен  Украинадағы орыс православты шіркеуіндегі атақты медреселер. 

1. Свято-Троицкая  Сергиевтің лаврасы, ставропигиальді ерлер медресесі. СергиеРадонежскимен   1337 ж. (Мәскеу областында) ұйымдасқан. 
2. Свято-Троицкий Серафимо-Дивеевский әйелдер медресесі  Дивеев (Нижегород обласы), XVIII ғасырда құрылған.. Медреседе Серафим Саровскийдің сүйектері жерленген. 
3. Спасо-Преображенский Соловецкий ставропигиальді ерлер медресесі. XV ғасыр (Соловецкий аралдары). 
4. Свято-Боголюбский ерлер медресесі,  1155 жылы. князь Андрей Боголюбскийдің бұйрығымен құрылған (Владимирский обласы). Ресейдің ең көне медреселеінің бірі. 
5. Спасо-Преображенский Валаамский ставропигиальді ерлер медресесі (Карелия).  
6. Свято-Введенская Оптина шөлі, ставропигиальді ерлер шіркеуі.Онда ұстаздардың сүйектері жерленген. (г. Козельск Калужской области). 
7. Кирилло-Белозерский ерлер медресесі (Вологород обласы). 
8. Свято-Успенская Киево Печерская Лавра, ставропигиальді ерлер медресесі.

 

Православты шіркеулі ұйымдар 

Православта католицизмге қарағанда біртұтас шіркеулік ұйым жоқ. Ірі православты шіркеулер  өз алдарына дербес (автокефальдер). Қазіргі таңда 15 автокефальді шіркеулер бар. Жалпы православтардың саны 182 млн адам.Олардың ішінде: Украинада 30 млн,  Румынияда 20 млн, Грецияда 9,5 млн, Сербия және Черногорияда  7 млн,  Болгарияда 6 млн, Белоруссияда 5 млн, Молдовада 3 млн, Ұлыбританияда 400 мың., Францияда 260 мың., АҚШ та 7 млн., Швейцарияда 70 мың.,  Италияда 36 мың. Ескі сенушілер дүние жүзінде 3 млн жуық. 

2.3. Буддизм дініндегі діни туризм.

Буддизм үш әлемдік  діндердің ішіндегі ең көнесі болып  табылады. Буддизм әлемі Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Азияның көпшілік елдерінде  және де Ресейде тараған. Батыс Еуропада буддизмнің храмдары көптеп кездеседі. Ғалымдардың пайымдауы бойынша қазір дүние жүзі бойынша 325 млн буддистер бар. Бұл буддимді екінші  дін ретінде ұстанатындарды қоспағанда. Келесі статистикалық мәліметтерге қарағанда буддисттердің саны жарты млрд. Азияда 320 млн. жуық, Америкада шамамен 1,5 млн., Европада - 1,6 млн., Африкада шамамен 38 мың. Басқа елдерде: Японияда - 72 млн адам,Таиландта - 52 млн. Мьянмада - 37 млн., Вьетнамда - 35 млн., Китайда - 34 млн., Шри Ланкада - 12 млн., Корейде - 12 млн., Камбоджада - 7 млн.,  Индияда - 82 млн., Лаоста - 2,4 млн.,Непалда - 1,3 млн., Малайзияда - 3 млн. 

Буддизмнің шығу тарихы мен негізгі сенмдері.

Шуддходана патшада  ұл туылды.Оның есімі Сиддхартха Гаутама  еді. Жас кезінен бастап балгерлер  оның рухани ұстаз болатының аңғарып  жүретін. Сонымен жас ханзада  29 жасқа келіп жеткенде, оған:

  1. Кәрілік
  2. Ауру
  3. Өлім ,- келеді.
 
 

Ханзада өз көзіне өзі сене алмады. Шынайы өмір оның қолында  болды. Өзінің төртінші саяхатында ол бір егде жастағы кісіні көреді. Көмекшісі оған бұл кісі ел мен  жерді аралап, қайта жаңғырудан арылғысы келетінің айтады. Көргеніне таң  қалып, Сиддхартха хандықты тастап, сапар  шегіп кетеді.Ханзада алты жыл  көлемінде ел аралап, өзге діни ұстаздармен  сөйлеседі.

Ол ешқандай да бір қиыншылықсыз өмір сүруге болады ма екенін білгісі келді.

Бір куні ол ағаштың  астында отыран кезде оған керемет  ой келді.Ол ағаштың аты  Бодхи  болатын. Сол уақыттан бастап Сиддхартха Гаутама  ханза Будда болды. Бар  тіршілікке деген жаншырлық Будданы  құлшылық етуге итермеледі.

Будданың негізгі  мақсаты НИРВАНА  болды.Нирванаға  жеткеннен кейін карманың заңдылықтары жойылатын болды және де  сенушілер  қайта жаңғырудан құтылар еді. 
 
Будда өмірден 80 жасында өтті. Өлімінің алдында ол: «Мен сендерді қиындық пен қайғымен күрес, қиындық пен қайғыны жоюға».

Будданың өлімінен кейін үш собор  соғылды.Бірінші  соборда шәкірттері Будданың айтқан сөздерін ауыздан ауызға жеткізді. Кітіп ретінде бұл тек     б.з. I ғасырында шықты. 
 
Буддизмнің кананы Трипитака ( үш ақылдың себеті) деп аталады. 
 
1) Виная питака – Монахтық тәртіп және дисциплина туралы тексттер.          2) Сутра питака – Будданың өсиеттері                                                                   3) Абхидхарма питака – заңдардың систематикалық түрдегі көрінісі.

Буддизм индуизге ұқсас реинкарнация концепциясына негізделген. Осы концепцияға сәйкес жақсы істер, жақсы кармаға, жаман істер жаман кармаға алып келеді. Бірақ, буддизмнің трактовкалары мәңгі өмірді жоққа шығарады.Себебі, олардың сенімдері бойынша қайта жаңғыру жаңа қиыншылықтармен байланысты дейді.Бұл цикл нирвнаға жеткенге дейін болады.

Дүниеде мәңгі  әрі тұрақты ешнәрсе жоқ, Құдайлардың  өзі де өте ұсақ ағзаларға ауысуы мүмкін деййді. Карма бәріне қатысты.

Буддизмде алты ғалам, алты патшалық түсінігі бар:

  1. Құдайлар ғаламы (дэвов);
  2. Жындар ғаламы(асуров);
  3. Адамдар ғаламы;
  4. Жануарлар ғаламы;
  5. Аш рухтар ғаламы;
  6. Тозақ ғаламы. 
     
    Бұнын барлығы бірлесіп, сансары(қиындық) шеңберін құрайды да, әр ғаламда өмір сүреді.Бұл шеңберден тек нирванаға жетіп қана құтылуға болады.

 
 Кейіндеу буддизм үш бағытқа  бөлініп кетті: 
1. Хинаяна (кіші шеңбер)

2. Махаяна (ұлы шеңбер)

3.Ваджраяна(алмазды шеңбер)

Буддизмдегі зиярат етудің ерекшеліктері.

Буддизмдегі дәстүрлі зиярат буданың өмір сүрген уақытына сәйкес келеді. Трипитака канондарына  сәйкес, Будда өзінің туып өскен  жеріне(Лумбини, Непал),рухани дамыған  жеріне (Бодхгая, Бихар штаты, Үндістан), алғаш хадис оқыған жерлеріне барып тұруларын проповедь (Сарнатх қаласының, маңы.Варакаси, Уттар Прадеш штаты, Үндістан) және қайтыс болған жеріне (Кушинагара, Горакхпур маңы, Уттар Прадеш штаты, Үндістан ) баруларын сұраған. 
 

V, VI, VIII ғасырларда қытайлық буддит монахтардың Үндістанға сапары басталды. Монахтар екі маршртқа сүйенді: Біріншісі, "солтүстік", ол Ауғанстан мен Пәкістаннан  Ұлы Жібек жолы бойымен өтті.Екіншісі Оңтүстік Қытай теңізі мен Бенгал шығанағы  арқылы.

Буданың нирванаға  кетер алдында жандырып, қалған күлін, 8 бөлікке бөліп қойған.Зиярат етушілер Будданың күліне табынып, жалбарынады.

Қорытынды.

Дүние жүзіндегі  ең көп тараған діндердің өз ерекшеліктеріне, наным- сенімдеріне байланысты көптеген айырмашылықтары бар. Біз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осы діндердің барлығы дерлік кездеседі. Алайда, жергілікті халықтың көпшілік бөлігі ислам және христиан діндерін ұстанады.Қазіргі кезде Қазақстанда көптеген діни шіркеулер, мешіттер бар.

Жалпы, ел арасында «Түркістанды Қазақстанның діни астанасы» ,ал онда орналасқан Қажа Ахмет Яссауи кесенесін «екінші Мекке» дейді.

 2003 жылы осы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне Әлемдік деңгей берілді.Дегенмен де, Қожа Ахметтен бөлек қазақтың ұлан ғайыр жерінде көптеген діни сәулет өнерінің ерекше құрылыстары кездеседі.Ол туралы тек сол аймақтардың адамдары ғана емес, бүкіл әлем білсе жөн болар еді. Бірақ, өкінішке орай, шетелдік азаматтар түгіл, Қазақстанның кейбір өңірлеріндегі  халықтар ол туралы біле бермейді. Оның негізгі себебі, мағлұматтардың аз болуы мен ел ішінде оның кең таралмауы.

Бұл кемшілікті жою үшін, елде көптеген агитациялық, жарнамалық процестер жүргізілуі тиіс. Және ол істерді тек елішілік   емес, әлемдік деңгейге көтеруге тырысу керек.

Осы күнге дейін толық зерттелмеген діни құрылыстарды толық зерттеулер жүргізіп, ол туралы деректерді кеңінен таратса деймін.

Егер ел ішінде діни туризм немесе жалпы туризм дамитын  болса, бұл біздің экономикамыз жақсы  үлес қосар еді.

Ел басымыз  айтқандай,қазір біз бар күшімізді  елдегі туризмді дамытуға салуымыз керек. Себебі, бүгінді таңда біздің экономикамызды көтеріп тұрған негізінен  пайдалы қазбалар.Ал пайдалы қазбалардың барлығы сарқылмалы.

Қазір Арабия,Ватикан  сияқты ,бәрімізге белгілі мемлекеттер, өз қазыналарын осы туризм, соның ішінде діни туризм арқасында көбейтіп жатыр.Біз де осы мемлекеттер сияқты саяхаттап келген туристер арқасында миллиондар табуымызға болады. Біз тек сәл ғана демеу керек.

Егер біздің туристік операторларымыз немесе туристік агенттеріміз жақсы жарнамалайтын  болса, бізге  туристер көптеп келер  еді. Және айта кететін жайт, егер бізде  жоғарғы деңгейлі қызмет көрсету  болса, олар бір рет қана емес бірнеше  рет,өз туыстарымен  келер еді.

Мен  жақын  арада Қазақстан туристік жағынан  дамиды деп сенемін...

Аз ғана уақыттан кейін біз Бүкіл Әледік деңгейге шығамыз .  
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Биржаков М.Б.  Введение в туризм. - СПб., 2001.

2. Соколова М.В.  История туризма. - М.: Академия, 2004.

3. Экономика  и организация туризма: международный  туризм / Под ред. И.А. Рябовой,  Ю.В. Забаева, Е.Л. Драчевой. - М.: КНОРУС, 2005.

4. Максуд Р.  Ислам. - М., 2000. 

 
 
 

Діни туризм. 2