Еңбек даулары
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім.........................
а) Еңбек тәртібі ұғымы.........................
б) Әлеуметтік қамтамасыздандыру
ұғымы.........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Сондықтан, осыған байланысты жалдамалы қызметкерлердің еңбек құқығын қорғауда үлкен мәселелер туындады. Себебі, олардың құқықтарын кейбір жұмыс берушілер жиі бұзып, еңбек құқығы нормаларын қолданғанда көп қателер жібереді. Осыған байланысты, еңбек қатынасындағы әлсіз жақ – жалдамалы қызметкерлердің құқығын қорғау қазіргі еңбек құқығының функционалды рөлі болып табылады. Ал осы еңбек қатынасындағы әлсіз жақтың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің басты тәсілі осы мақсатқа арналған еңбек дауы институты танылған.
"Ал еңбек дауы неліктен пайда болады?"-деген сұраққа, жауап беру үшін біз ең алдымен еңбек тәртібі мен әлеуметтік қамтасыздандыру мәселелеріне тоқтала кетсек.
ЕҢБЕК ТӘРТІБІ ҰҒЫМЫ
Еңбек тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық
нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын
орындауға тараптардың өзара міндеттілігін
білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс
беруші мен қызметкерлердің ішк
Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:
- еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу
- қызметкерлердің көсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету
- қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.
Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын қолдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жәке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықталады. Бұл — бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйақы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбек кітапшасына жазылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында мемлекеттік қызметкерлерді адал еңбегі үшін көтермелеу шаралары көзделген. Мөселен, қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыста басқа да жетістіктерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік қызметкерлерге мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:
- жоғары қызмет алу жолымен қызмет бабында көтерілу немесе кезекті біліктілік сыныбын мерзімінен бұрын беру
- ақшалай сыйлыктар
- заңда көзделген көтермелеудің өзге де нысандары.
Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде және тәртіп туралы жарғыларда көзделген көтермелеу шараларынан басқа қызметкерлер айрықша еңбек қызметі үшін жоғары тұрған органдарга көтермелеуге, Қазақстан Республикасының ордендерімен, медальдарымен, құрметті атақтарымен, құрмет грамоталарымен марапаттауға ұсынылады. Мәселен, білім беру мекемелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін өңірге тағатын "Қазақстан Республикасының білім озаты" белгісімен марапаттау көзделген. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы" арнайы заңында республиканың жоғары марапаттарына ұсынылған азаматтарды марапаттаудың тізбесі мен реті беріледі.
Келесі қаралатын ол- еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік. Лауазым иелері еңбек тәртібін бұзғаны үшін бағыныштылық тәртібімен жауап береді. Лауазым иелерінің кейбір топтары олардың атқарып отырған қызметінің айрықша сипатына байланысты бағыныштылық тәртіппен еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана емес, оның қадір-қасиетімен сыйыспайтын теріс қылықтары үшін де заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Тәртіптік теріс қылықтардың өзіне тән негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- нақты кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібін коғамдық қауіпті емес сипатта бұзу
- осы кәсіпорынмен (ұйыммен) еңбектік құқықтық қатынастарда тұратын қызметкерлер жасайтын тәртіп бұзушылықтар
- қызметкерлердің өздерінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы және кінәні орындамауларынан көрінетін тәртіп бұзушылықтар
- кінәлілікпен құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстар.
Жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің өзіне тапсырылған еңбек міндеттерін орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшін тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға қүқықты:
- ескерту
- сөгіс
- жеке еңбек шартын бұзу.
Тәртіптік жазалардың бұл көрсетілген тізімі толық болып табылады. "Еңбек туралы" Заңның 94-бабының 2-тармағында осы заңда көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді деп нақты айтылған.
Жұмыстан шығару еңбек тәртібін қасақана бұзатын және тәртіптік шаралар ықпалына көнбейтін қызметкерлерге қолданылатын ең ақырғы шара болып табылады. Жұмыстан шығару туралы еңбек кітапшасына жазылады. Жазалаудың өзге шаралары еңбек кітапшасына жазылмайды. Жұмыс берушіге тәртіптік жазалау қолдануға құқық берілген. Жұмыс беруші тәртіптік жазалауды қолданған кезде жасалған теріс қылыктың ауырлық дәрежесін, оның қандай жағдайда жасалғанын, қызметкердің бұдан бұрынғы мінез- құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртіптік жазаның жасалған теріс қылыққа сәйкестігін ескеруі керек.
Жұмыс беруші тәртіптік жазаны теріс қылық ашылғаннан кейін қолдануы тиіс. Жаза қолданбас бұрын тәртіп бұзушыдан жазбаша түсініктеме талап етілуі керек. Жаза теріс қылық ашылған күннен бастап бір айдан қалдырылмай қолданылуы қажет және оны алты айдан кейін қолдануға болмайды. Әрбір еңбек тәртібін бұзғаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылатындығы белгіленген. Жаза бұйрықпен жария етіледі және қызметкердің қолын қойдыру арқылы оған ескертіледі. Қызметкерге осы көрсетілген талаптардың тым болмағанда біреуін бұзу арқылы берілген төртіптік жазалар жарамсыз деп танылады. Қызметкерге одан жазбаша түрде түсініктеме алмай, мерзімін бұзу арқылы (ашылған күннен бастап бір ай ішінде және тәртіп бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай ішінде) немесе қызметкерге оның қолын қойдырмай жарияланған тәртіптік жазалаулардың заңдық күші жоқ. Қызметкер өзінің еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен екінші рет бұзған жағдайда, егер ол бұрын да тәртіптік жаза алған болса, онымен жеке еңбек шартын бұзу туралы мәселені шешерде есепке алынбайды. Мұндай тәртіптік жазалауларды алып тастау жөнінде жеке еңбек дауларын қарау үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша шағымдануға болады (еңбек дауларын қарайтын келісім комиссиясына, сотқа). Бағыныштылық тәртібімен берілген жазалауларды алу үшін мемлекеттік қызмет жоғары тұрған органға (лауазым иесіне) не сотқа шағымдана алады. Тәртіптік жазалаулардың олар қолданылған күннен бастап алты ай ішінде күші бар. Егер қызметкерлерге осы мерзім ішінде жаңадан тәртіптік жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. 6 ай мерзім өткеннен кейін бұл туралы бұйрықтың шығарылғаны не шығарылмағанына қарамастан тәртіптік жаза өзінен-өзі күшін жояды.
Қызметкерлер жұмыста болған
кезінде кәсіпорынға немесе мек
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ҰҒЫМЫ
Әр адамның қоғам мүшесі
ретінде – әлеуметтік жағынан
қамсыздандырылуына және оның қадыр-қасиеті
қолдау табуына, жеке басы еркін кемелденуіне
қажетті экономикалық, әлеуметтік және
мәдени салалар бойынша құқықтары
әрбір мемлекеттің құрылымы мен
ресурстарына сай, ұлттық ықпал және
халықаралық ынтымақтастық
Алайда қоғамдық – экономикалық формациядан тәуелсіз кез келген қоғамда өздерінің күштерімен өмір сүрудің қаражат көздерін таба алмайтын «енді», яғни қарттар мен «әлі», яғни жас балалар (К.Маркстің пікірінше) сияқты азаматтардың белгілі бір категориялары әрқашанда бар және бола береді.
Әрбір адам тек өзінің еңбегі мен жинақтарының арқасында ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көмек механизмдерінің көмегімен де қалыпты өмір деңгейін қамтамасыз етуге тырысады. Әлеуметтік қорғау жүйесі мақсаттарының көпшілігі адамдардың табыстарының тұрақтылығын қолдау, медициналық көмек пен қажетті әлеуметтік қызметтерге деген тең қол жетушіліктерді ұсынумен сипатталады. Ұйымдасқан жүйе ретінде – ол әлемнің көптеген елдерінде әрекет етеді. Экономикалық дамыған мемлекеттерде әлеуметтік қорғау ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Оған деген шығындар бүгінде жиынтық ұлттық өнімінің ширегінен астамын құрап отыр. Әлеуметтік қамтамасыз етудің неғұрлым дамыған жүйесі Еуропалық одақ елдерінде қалыптасқан. Нақты соларда алғашқы әлеуметтік бағдарламалар дүниеге келіп дамыған. Батыс-еуропалық мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық азаматтарды қамтитын әлеуметтік қорғаудың ойластырылған жүйесінің өмір сүруі олардың тұрмыс жағдайының жақсаруына ғана емес, сонымен бірге елдің еңбек ресурстарын кеңейтеді және нығайтады, әрі елдің экономикалық өсуіне, саяси және әлеуметтік жағдайлардың тұрақтануына ықпал етеді. Сонымен қатар әлеуметтік қорғау қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік қорғалудың жалпы сезімін қамтамасыз ете және әлеуметтік келісімге жағдай жасай отырып, қоғамға позитивті түрде әсер етеді.
Қоғамды әлеуметтік басқарудағы
мемлекеттің атқаратын
Мемлекеттің ішкі функцияларының
арасындағы ең маңыздысы - әлеуметтік
функция. Әлеуметтік функция – мемлекеттің
негізгі міндеттерінің бірі –
халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты
қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту.
Мемлекеттің саясаты екі
Халықты әлеуметтік қорғау
жүйесі әлеуметтік институт ретінде
өзінің дамуы үстінде. «Әлеуметтік
қорғау» терминінің әртүрлі мағынасы
бар. Ол жаңа экономикалық жағдайларда
кеңес экономикасында қолданылған,
тікелей мемлекетпен жүзеге асырылатын
әлеуметтік қорғаудың ерекше ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанын сипаттайтын «
Халықты әлеуметтік қорғау
санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары
бар. Әлеуметтік қамсыздандыру –
таратушылық қарым-қатынас
Кең мағынада әлеуметтік қамсыздандыру қордың құрулы көздерінен және қамтамасыз етуді ұйымдастырудан тәуелсіз қоғамның барлық мүшелерін сәйкес қамсыздандыру.
Егер әлеуметтік қамсыздандыру ұғымын зерттеуде бірқатар ғалымдардың пікірі әртүрлі бағытта қалыптасқан екен.
Е.Е.Мацульская өзінің еңбегінде,
әлеуметтік қамсыздандыру – жұмсалған
табысты қалпына келтіру
азаматтарға көмек беру үшін мемлекеттік бюджет бөлігін қайта таратумен байланысты құрылатын сақтандыру қорларын тарату процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жүйесі деп ұсынады.
Ал Л.П. Якушев әлеуметтік
қамсыздандыруды мемлекеттік
Неғұрлым терең зерттеу Р.И.Ивановамен жүргізіле отырып, әлеуметтік қамсыздандыруды қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорының еңбек ұжымының қатысуымен мемлекетпен әділетті, тегін және қайтымсыз негізде тарата отырып, азаматтардың әлеуметтік мәні бар жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру нысаны ретінде анықталды.
Ал осы сауал бағытында
зерттеу жүргізген В.Ш.
Алайда кейбір ғалымдар әлеуметтік
қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғауды
ұқсастыра отырып, олардың арасында
айырмашылық жоқ деп
«Әлеуметтік қамсыздандыру» термині кең мағынада қаржылық қаражаттардың барлық түрлері есебінен әлеуметтік қолдау жасау мағынасында болса, тар мағынада тек бюджеттік қаражаттар есебінен әлеуметтік көмек көрсету ретінде саналады.
Ресей сөздіктерінде әлеуметтік
қамсыздандыру мемлекеттің
Қазіргі жағдайларға сәйкес халықтың неғұрлым әлсіз категориясын әлеуметтік қорғаудың басқа да ұйымдастырушылық – құқықтық нысандарын дамыту қажеттілігі туындап, әлемдік тәжірибеде ежелден пайдаланылатын «әлеуметтік қорғау» термині қолданысқа енгізілді.
Сонымен бірге, әлеуметтік қорғау өзінің функционалдық сипаты бойынша дербес әлеуметтік институтты білдіретін біртұтас жүйе бола отырып, онымен көрсетілетін қызметтердің технологиясымен байланысты айрықшаланған ерекшеліктерге ие болады. Зейнетақыны ұсыну технологиясы медициналық көмек, әлеуметтік-реабилитациялық технологиялар және жұмыссыз азаматтарды қамсыздандыру технологиясынан айтарлықтай ерекшеленеді.
Сонымен бір уақытта, «әлеуметтік қамтамасыз ету» ұғымы тар мағынада мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен қамтамасыз етудің жеке түрлерін ұсынумен байланысты әлеуметтік қорғау саласында қатынастар жүйесін анықтауда қолданылды.
Нарықтық экономикасы
дамыған жолға түскен елде шаруашылықтың
орталықтан жоспарланатын жүйесінде
әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың ерекшелігін
бейнелейтін «әлеуметтік
«Әлеуметтік қорғау» термині «әлеуметтік қамтамасыз ету» термині «әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» ретінде әрекет етіп жалғасып отырса да, айтарлықтай шамада әлеуметтік институттың мәнінен сәйкес келеді.
Әлеуметтік қорғау, сонымен бірге, бір жан басына шаққанда төмен табысты жанұяларға қатысты өмір сүруге немесе өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді (реабилитация қаражаттары, тұрғын үй мен емделу ақылары) төлеуге қаражаттың жоқтығы нәтижесі болып табылатын қоғамдық қажетті өмір сүру минимумын қамтамасыз етпеуші ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік қорғау зейнетақы
мен жәрдемақы түрінде ақшалай
нысанда, заттай нысанда, сонымен қатар
әлеуметтік қорғаудың объектілері
болып табылатын тұлғаларға әртүрлі
қызметтер көрсету жолымен
Сонымен «әлеуметтік қорғау»
(әлеуметтік қауіпсіздік) термині өз
кезегінде қарттарға, еңбекке қабілетсіз
тұлғаларға және жұмыссыздарға көмек
беру бағдарламасын дайындауды ынталандыратын
АҚШ-тың «Әлеуметтік
Бұл терминнің түсініктемесі
посткеңестік кеңістікте де өз дамуына
ие болды. Аздаған отандық баспаларда
«әлеуметтік қорғау»
Бұл проблема бойынша шетелдік
тәжірибе біздің елімізде соңғы уақытта
ғана жариялана бастады. Бізге келетіндей
аспектілердің бір бөлігін
Мысалы, В.И.Патрушев әлеуметтік кепілдікті «білім беруге, мәдениет, медициналық қызмет көрсету және тұрғын үй, қарттар, ана және бала туралы қамқорлыққа қол жетімділік» ретінде қарастыратын болса, Л.Э.Кунельский әлеуметтік кепілдікті «ақысыз негізде бірқатар қызметтерді көрсетуге мемлекет тарапынан кепілдендіру» ретінде түсінеді.
«Әлеуметтік қорғау» дефинициясында елдің экономикасының тиімділік деңгейі, сонымен қатар қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық тұрақтылық байланыстары есепке алынады.
Мысалға, С.Баккулов келесідей анықтама келтіреді: «Әлеуметтік қорғау – бұл қоғамдық дамудың нақты шарттарына сәйкес әлеуметтік қорғаудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ететін басымдықтар мен оларды жүзеге асыру механизмдерінің, мемлекеттік және басқа да институттар жүйесі».
Ал С.Шеденков әлеуметтік қорғауды адамды қиын өмірлік жағдайда қолдап қана емес, сонымен қатар соған ұқсас жағдайлардың туындауының қайнар көздерін болдырмауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде қарастырады.
В. Кравченконың пікірінше, әлеуметтік қорғау қолайлы өмір сүру деңгейіне қол жеткізу және маңызды әлеуметтік құқықтарды қадағалауды қамтамасыз ететін заңдық, экономикалық, әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық кепілдіктер жүйесі.
Кез келген мемлекеттегі әлеуметтік
қорғау – еңбекке қабілетсіз және
шектеулі еңбекке қабілетті тұлғаларға
әртүрлі көмектер көрсету үшін, сонымен
қатар еңбекке қабілетті
Бұл жағдайда кепілдік халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттің өз міндеттемелерін орындауының әдістерінің бірі ретінде болады.
Жоғарыда берілген анықтамалардың
мазмұнын қорытындылай отырып, мен
өз тарапымнан әлеуметтік қорғау категориясына
өз трактовкамды ұсынамын. Жалпы «халықты
әлеуметтік қорғау» терминін кең
және тар мағынада түсінген дұрыс. Кең
мағынада бұл түсінікке өмір сүрудің
әртүрлі салаларында
Берілген анықтамалар, менің ойымша, берілген категорияның мазмұнын толық көрсетеді, өйткені, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі тұтқасы – адрестілік, яғни қоғамның нақты азаматтарын шынайы қолдау болып табылады. Біздің елімізде «әлеуметтік қорғау» термині нарықтық трансформацияның басталуымен салыстармалы кейінірек қолданыла бастады: ол өзін материалдық тұрғыда қамтамасыз етуге қабілеті жоқ азаматтарға көмек беру мақсатында туындады.
Тиімді әлеуметтік саясат жүйесін қалыптастыруда негізгі үш бағытты бөліп көрсетуге болады:
Бірінші бағыт – халықтың
кедей топтарын қолдау (науқастар, мүгедектер,
қарттар, көпбалалы отбасылар). Екінші
бағыт – еңбекке құқықты
«Әлеуметтік қорғау» ұғымы
отандық әдебиетте 90 жылдардың басында
пайда болды. Бастапқыда бұл ұғымның
мағынасы халықтың кейбір санаттарына
атаулы әлеуметтік көмек көрсету
деп танылды. Шетел сөзінің «social
security» аударымы әлеуметтік қорғау емес,
әлеуметтік қауіпсіздік деп
Қазіргі жағдайда «әлеуметтік
қорғау» категориясының мазмұны
әлі де түсініксіз болып отыр. Бұл
мәселеге арналған әдебиеттерде кейбір
авторлар әлеуметтік қорғау деп мұқтаж
топтарды қамтамасыз ететін мемлекеттік
қызмет деп қарастырса, басқалары
адамның арнайы өмір деңгейін қамтамасыз
ететін кепілдік жүйесі деп атайды.
Үшіншілері - өз азаматтарына материалдық
көмек ретінде қоғамның қолданатын
нысандары мен әдістерінің
Әлеуметтік саясатпен
айналысатын көптеген авторлар «әлеуметтік
қорғау» категориясына түсінік
берместен «әлеуметтік
«Әлеуметтік қорғау» категориясы
мазмұнының әрқилылығы оны зерттеу
тарихының ойдағыдай
Қазіргі жағдайда әлеуметтік бағдарламалардың көптеген нұсқаларын атап айтқанда: мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен бірге мүгедектерді, жетімдерді қорғайтын секторалдық және өңірлік бағдарламалар бар. Қаржыландыру көздері әлеуметтік трансферттердің түріне, бюджет көлеміне және жұмыс берушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Мысалы, отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы жүйесін қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті бюджеттің, әлеуметтік сақтандыру мен ұйымдардың қаржылары қолданылады.
Әлеуметтік дамудың
Жоғарыда айтылған түсініктерді пайдалана отырып, әлеуметтік қамтамасыз ету – бұл гуманизм таныту, қоғам мен мемлекеттің еңбек етуге деген қабілетін толығымен және ішінара жоғалтқан адам туралы қамқорлығы деген қорытындыға келеміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл семестрлік жұмыста
Қорыта келе, жоғарыды қарастырылған мәселелерді тұжырымдасақ, келтірген ақпаратың барлығы өте маңызды. Еңбек тәртібі сақталған жағдайда және әлеуметтік қамсыздандыру орындалғанда ешқандай еңбек дауының пайда болу алғышарттары болмайтындығына көз жеткіздім. Яғни қызметкер мен жұмыс беруші, мемлекетпен азаматтардың арасындағы жағымды қарым-қатынас көпірі ол- еңбек құқығының сақталуы мен әлеуметтік қамсыздандыру. Сондықтан, мұндай мәселелерді одан әрі зерттеу, зерделеу меніңше өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, одан әрі жалғастырсақ еліміздің еңбек құқығы саласындағы құқық бұзушылықтар санының азаюына, азаматттардың әлеуметтік қорғауына үлкен қадам болар еді.

- Еңбек жалақысы
- Еңбек және жалақының есебі
- Еңбек және зейнеткерлік құқығы
- Еңбекке ақы төлеу
- Еңбекке баулу
- Еңбекке баулудың міндеттері
- Еңбек келісім шартының бұзылуы
- Еңбекақы түрлері мен нысандары
- Еңбек биржасы және оның қызметтері
- Еңбек биржасы және оның қызметтері
- Еңбек бөлінісі
- Еңбек гигиенасы
- Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері
- Еңбек даулары