Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері
Ф КГМА 4/3-04/02
ИП № 6 УМС при
КазГМА
от 14 июня 2007 г.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Еңбек гигиенасы,кәсіптік аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Дәріс
Тақырыбы: «Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері.»
«Фармацевтикалық гигиена негізі» пәні бойынша
Мамандығы: 051103-«Фармация»
Курс 3
Уақыты 1 академиялық сағат
Қарағанды 2012ж.
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді
Хаттама№ ____ «____» ____________________ 20 __ ж.
Кафедра меңгерушісі
Дәрістің тақырыбы : «Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері.»
Дәрістің оқу мақсаты: Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің құқықтары мен міндеттерін ұғыну. Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер жұмысының негізгі әдістері және формаларымен танысу. Еңбек гигиенасы бойынша ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу және ұйымдастыру ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. Студенттерді негізгі заңды, нормативті және есеп-тіркеу құжаттармен таныстыру. Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің құқықтары мен міндеттерін ұғыну.
Дәріс жоспары:
- Кіріспе
- Еңбек гигиенасының тарихы.
- Еңбек гигиенасы бөлімінің заңды құжаттары.
- Терминологиясы.
- Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмыс мазмұны.
- Еңбек гигиенасы МСЭҚБ дәрігерінің құқықтары мен міндеттері.
Лекцияның тезисі:
К І Р І С П Е
Ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) қойылған проблемалардың ішінде ең күрделі және жан-жақты проблемасы болып ҒТП адамның тағдырына әсері саналады.
ДДҰ (дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және ХЕҰҰ (халық аралық еңбек ұйымдастыру ұйымы) мәлімдемелері бойынша дүние жүзінде жылына өндірістерде шамамен 120 млн. Бақытсыз оқиғалар болады екен, оның ішінде 200 мыңнан көбі өліммен аяқталады. Әртүрлі кәсіптік әсерлермен байланысты 68 ден 157 млн. Дейін кәсіптік аурулардың жаңа оқиғалары тіркеледі.
Планета халқының 40-50%-ті жұмыс жағдайында физикалық, химиялық, биологиялық, экономикалық, ал соңғы жылдарды психоэмоционалдық стресстік факторлардың әсеріне ұшырайды.
Шамамен 100 000 химиялық заттар (оның ішінде 3000 аллергендің және 300 канцерогендік факторлары), 50 шақты физикалық сипатты факторлары, 20 шақты қолайсыз эргономикалық жағдайлары, және жұмыс орнындағы денелік салмақтар, көптеген психологиялық және әлеуметтік проблемалары еңбек жағдайы тұрғысынан қауіпті ден саналып, өзімен бірге кәсіптік аурулардың даму қауіпін, стресстік реакцияларды, мертігуді, жұмысына деген қанағаттанарлықсызды және соңында материалдық жағдайының нашарлауына әкеледі.
Осылардың барлығы экономикалық шығынды өсіреді, ол шамамен валдық ұлттық өнімнің 10-15% алады екен.
Осыған қарамастан дамушы елдердің жұмысшыларының тек 5% ғана, ал дамыған елдерде 50% дейін жұмысшылары жақсы ұйымдастырылған еңбек гигиенасы мен медицинасының көмегін алу мүмкіншілігі бар.
ҒТП Республиканың алға қойып отырған новаторлық стратегиялық дамуын жүзеге асырушы басты құрал ролін атқарады. Республикамыздың алдында өте күрделі және жауапты міндеттер қойылып отыр – ол қысқа уақыт ішінде өнеркәсіптің магистралды бағыттаға салаларын жетілдіріп, ғылым мен техниканың жетістіктерін еліміздің халық шаруашылығын терең реконструкциялау үшін қолдану.
Халық шаруашылығын қарқындату жаңа энергия көздерін, өте жоғары және өте төмен қысымдарды және температураларды, улы және агресивті агенттерді, технологиялық процесстердің орасан жылдамдықта өтуін қолданумен тығыз байланысты. Осылардың барлығы еңбектің өндірістік күшін көп қайта өсіріп,ғ өзіне абайлы, жан-жақты тұжырымдалған ғылыми тұрғыдан қарауды талап етеді. Тек осындай жағдайда ғана қоғам алдына қойған нәтижелеріне анықт жете алады, және алшақ салдарлары белгісіз немесе қауіпті болуы мүмкін шараларды қолданбау керек.
Қазіргі таңда еңбек гигиенасы алдында жаңа міндеттер туды – ол жұмысшылардың организміне қарқындылығы төмен өндірістік факторлардың, еңбектің механикаландырылған,. Автоматтандырылған түрлерінің және тіпті еңбек процесстерін роботтандырудың әсерлерін зерттеу болып келеді.
Өкінішке орай, жаңа рыноктік қатынастарына көші жаңа проблемаларды тудырды.
Қазіргі таңда экономиканың мемлекеттік секторындағы күйзелістің өсу жағдайларында, халық шаруашылығының барлық салаларында өндіріс көлемінің қысқаруын ажәне жұмысшылардың санының азаюына қарамастан (кейбір мәлімдемелер бойынша 2 есе), еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердеге еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердегі еңбек жағдайын қазіргі стандарттарға сәйкесті жақсарту бойынша шараларды жүргізу оданда зор проблемаға айналып отыр – бұл үшін қажетті қаражаттар жоқ. Өнеркәсіптердің басты салаларында жағымсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеушілердің саны біртіндеп өсіп келуде. Мұндай зиянды жағдайларда жұмыс істеушілердің ең жоғары үлесі өнеркәсіптерге келіп отыр (66%). Әсіресе қиын жағдай көмір өнеркәсібінде құралған, мұнда санитарлық-гигиеналық нормалары орындалмайтын жағдайда жұмысшылардың 79% еңбек етеді, осындайлары жалпы және кәсіптік патологиялардың және де өндірістік мертігудің маңызды өсуіне ықпал жасап отыр. Тек бақытсыз оқиғалардан 1994 жылғы материалдық шығыны 5 млн теңгеден асып кетті.
1996 жылғы кә»сіптік патологияның 433 оқиғасы тіркелген, мұнда ең жоғарғы үлесі көмір саласындағы кәсіпорындарына келеді (90%).
Қарағанды облысы бойынша жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың құрылымында алдыңғы орындарды жоғарғы концентрациядағы шаңның және зиянды заттардың әсерінен туған тыныс органдарының аурулары (39,5%), перифериялық нерв жүйесінің аурулары (25%) және діріл ауруы (16,4%) алып отыр.
Жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың өсуі, негізінен еңбектің қанағаттанарлықсыз жағдайларымен байланысты. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларына сай келмейтін еңбек жағдайларында шамамен 90 мың. адам жұмыс істейді, олардың ішінде 16 мыңы әйел адамдар (олар жалпы жұмысшылар санының 40% алады).
Көмір және металлургия өнеркәсібінің ең көп тараған және негізгі кәсіптерінің еңбек жағдайына талдау жүргізу нәтижелері шаңдану бойынша көрсеткішінің өте қанағаттанарлықсыздығын айқындап отыр. Кеншілер мен металлургтар ШРЕК-тен 40-50 есе асып кететін шаңның әсеріне ұшарайды екен, көптеген жұмысшылар химиялық заттардың ШРЕК-інен елде қайда асып кететін жағдайында еңбек етеді: көміртегі тотығы бойынша 3 есе, күкіртті ангидрид – 4 есе, темір тотығы 7 есе, хром ангидриді – 30 есе, марганец – 5 есе.
Маңызды алаңдатушылықты өндірістік ортаның шу және діріл сияқты физикалық факторларының әсері тудырып отыр. Облыстың кәсіпорындарында шу және діріл жағдайларында 26 мыңнан көп адамдар еңбек етуде.
Республикамызда қанағаттанарлықсыз
еңбек жағдайы себебінен
Қазақстанда қазіргі
таңда әртүрлі этиологиясы
Осы күнге дейін көп факторлық әсер сұрағы шешілмеген, оның ішінде кәсіптік қауіпті бағалау сұрағы.
Сонымен, еңбек сипаты немесе өндірістік жағдайы адамның іскерлігіне немесе денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін, ол өндірістерде кәсіптік зияндылықтың барын куәлеп отыр.
Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
Еңбек гигиенасы – ол құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және басқа да шараларды қамтитын, еңбек ету процесінде жұмыскерлердің денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбек жағдайы – ол еңбек процесіне адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер етуші өндірістік орта мен еңбек процесінің факторлары жиынтығы.
Қауіпті өндірістік фактор - әсері белгілі жағдайда жұмыс істеушінің мертігуіне немесе денсаулығының күрт нашарлауына әкелетін фактор.
Зиянды өндірістік фактор – ол кәсіптік патологияның пайда болуын, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша немесе тұрақты төмендеуін, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігінің өсуін, ұрпақтардың денсаулығының нашарлауын туындата алатын өндірістік орта мен еңбек процесінің факторы.
Зиянды өндірістік факторларға мыналарды жатқызады:
- физикалық факторлар:
ауа температурасы, ауа
Кәсіптік аурулар - өндірістік ортаның жағымсыз факторларының әсерінен туған аурулар. Екі топтағы ауруларды ажыратады:
- Аурудың жалғыз ғана этиологиялық факторы - қандай да бір өндірістік зияндылық болып табылады (мысалы: улы зат, шу, діріл).
- Аурулардың себебі болып өндірістік факторлармен қатар, тұқым қуалаушылық, тұрмыстық және басқа факторлары да болуы мүмкін, және де олар кәсіптік ауруларға жатады, егер олардың дамуында үлкен рөлді еңбектің жағымсыз жағдайлары атқаратын болса (мысалы: қатерлі ісіктер, өршіген эндокардит, геморрой т.б.)
Басқаша айтқанда, еңбек
гигиенасы адамның еңбекке
ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Көне замандағы ғалымдар мен дәрігерлер әртүрлі кәсіппен шұғылданушы адамдарда пайда болатын ауруларды байқаған. Мысалы; Гиппократ (біздің дәуірге дейінгі 460-377 жж) кен қазушылардың ауруларын бейнелеген. Гален (б.д.д. 130-200 жж.) қорғасын шаңының адам организміне зиянды әсеріне көңіл аударған. XVI ғасырда дәрігер-химик Парацельс кеншілердің, құюшылардың чахоткасы атты ауруды бейнелеген. 1700 жылы италяндық дәрігер, профессор Рамаццини «қол өнер кәсіпшілерінің аурулары туралы» кітап шығарып, 50 артық кәсіпке сипаттама берген (кеншілердің, химиктердің, ұсталардың т.б.)
Бұл еңбекті жазуына ол 50 жыл жұмсап, соңынан осы еңбек көптеген тілдерде 25 рет қайта басылып шығарылған. Революцияға дейінгі Ресейде жұмысшылардың денсаулығын қорғау сұрақтары М.В. Ломаносовтың, А.Н. Никитиннің Ф.Ф. Эрисманның т.б. еңбектерінде орын тапқан.
1763 ж. шыққан «Металлургияның
немесе тау-кен жұмыстарының
Олар туралы біз еңбек физиологиясы курсында айтамыз.
Еңбек гигиенасының бір саласының - өнеркәсіптік токсикологияның дамуында оның іргетасын қалаушылар Н.С. Правдиннің, Н.В. Лазаревтің, профессор И.В. Саноцкийдің т.б. еңбектері өте зор.
Санитарлық заңдылықты дайындауда, профилактикалық мекемелерінің, ғылыми институттарының жүйелерін жасауда, еңбек гигиенасының өзекті проблемаларын құрастыруда советтік кезеңдегі ірі гигиенистердің қосқан үлестері өте үлкен. Олар –В.А. Левицкий. С.и. Каплун, З.Б.Смелянский, Н.А. Вичдорчик, Е.Н. Андреева-Галанина, З.И. Израэльсон, Н.Ю. Тарасенко, Л.К. Хоцянов, А.А. Летавет т.б.
Қазақстан Республикасында санэпидқызметінің даму тарихы
Республикамызда санитарлық-эпидемиологиялық
қызметінің пайда болу тарихы Қазақстан
территориясында денсаулық
Алғашқы медициналық ғылыми мекемелерінің
бірі болып, қиын жылдарда, 1925ж. Қызыл-Орда
қаласында ашылған өлкелік
1930 жылы Республиканың денсаулық
сақтау Министрлігінде
1939ж. Республикалық
бруцеллездің және Алматылық
обаға (чума) қарсы станциясы құралды,
ал 1940 ж. санбакинститут санитарлық-
1942. Қазақ (қазір Алматылық)
медицина институтында
Қазақстанда Алматы қаласында 1944 жылы өлкелік патология ҒЗИ ашылды, қазіргі ол Гигиена мен эпидемиологияның ғылыми орталығына айналды. (директоры – м.ғ.д., профессор Б.Н. Айтымбетов).
1958ж. Орталық Қазақстанның
көмір және тау-кен
1959 жылы Қарағанды
мемлекеттік медицина
Гигиенистерді даярлау
сұрақтарымен медицина институтының гигиеналық
кафедралары мен практикалық
денсаулық сақтаудың еңбек
Республикада еңбек гигиенасының дамуы ҚР ҒА мүше-корреспондеттері: Б.А. Атчабаров, Б.Е. алтынбеков, Ғ.А. Құлқыбаев., профессорлар: В.А. Козловский, Ш.И. имангалиев, Ж.Т. Тұрлыбеков, А.А. Мамырбаев, Т.А. Таткеев, А.А. Абдикулов., В.Л. Резник., К.К. Тогузбаева, У.А. Аманбеков. Мемлекеттік санэпидқадағалау басшылығының бастығы – Ф.Б. Бисмильдин, Республикалық СЭС бас дәрігері м.ғ.д. – М.Б. Спатаев т.б. аттарымен тығыз байланысты.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ БОЙЫНША
Өндірісте сау және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мақсатымен заңдылық, құқықтық, техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық шараларын реттеуші көптеген құжаттар дәрістеелген.
Маңызды заңдылық құжаттарының бірі болып 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы саналады. Оның 24 тармағына сәйкес азамат ерікті еңбегіне, қызмет пен мамандықты ерікті таңдауына, қауіпсіз және гигиенаның талаптарына сай келетін еңбек жағдайына және демалысына құқысы бар, ал 29 тармағына сәйкес – денсаулығын қорғауына құқысы бар.
ҚР Конституциясының 31 тармағы қоршаған ортаны қорғау, оны адамның жағымды тіршіліг мен денсаулығы үшін сақтау жағымды мақсатын қояды.
Қазақстанда мемлекеттік санитарлық қадағалау саласындағы маңызды құжат болып 4.12.2002 ж. қабылданған «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР заңы саналыд. Осы заң Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етуші құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын белгілейді (1,2 қосымшалары).
Енді біз еңбекті қорғауына және гигиенасына қатысты тармақтарына тоқтаймыз. Медициналық қараудан өту міндеттілігі. Тұрғындардың денсаулығын қорғау, кәсіпітк аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жұмысшылары және азаматтар жұмысқа түсуінде алдын алу және мезгілдік және арнаулы медициналық тексерістен етеді, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалауына, салуына және пайдалануына қойылатын санитарлық талаптарды белгілейді. Жасалған жобалар Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне келәсімдеуіне берілуі тиісті және олар бөлмелерді, ғимараттарды, құрылымдарды, жабдықтарды, көлік құралдарын жобалауына, ұстауына және пайдалануына қойылатын санитарлық талаптарға сай келуі керек, атқаратын жұмысы зиянды заттарымен, қолайсыз өндірістік факторларымен және процесстермен байланысты жұмысшыларды, мамандарды, басшыларды кәсіптік гигиеналық дайындауын реттейді, келтірілген нұқсаның және емдеу-профилакткиалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелеріндегі қосымша шығындарын қайтару тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының «О безопасности и охране труда» 4.02.2004 ж
. Заңының 1 тармағы еңбекті қорғау, сәйкесті заңдылық және басқа нормативтік актілерінің негізінде жүргізуші, еңбек процессінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығын және іскерлігін сақтауын қамтамасыз етуші әлеуметтік-экономикалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралары мен құралдарының жүйесі болып табылатындығын анықтайды.
4 тармағында еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптері белгіленген, олардың бастылары мыналар: кәсіпорынның өндірістік ісінің нәтижелері бойынша жұмысшының өмірі мен денсаулығының басты болуы (приоритеттігі); еңбекті қорғау міндеттерін осы сұрақтар бойынша мемлекеттік бағдарламалар базасында және экономикалық және әлеуметтік саясатының басқа бағыттарындағы еңбекті қорғау саласындағы шараларды үйлестіру бойынша кешенді шешу; барлық кәсіпорындар үшін, меншіктік формасына байланссыз, еңбекті қорғау саласында біртұтас талаптарды белгілеу.
17 тармағында әйелдердің және 18 жастан төмен жасөспірімдердің еңбектері реттелген.
18 тармағы денсаулығы бойынша жұмыс істеуіне болмайтын жұмыстарға азаматтарды қабылдауға тиым салады, ал 19 тармағына сәйкес денсаулық сақтау органдарымен белгіленген тәртіпте, кәсіпорындар медициналық қарауларды ұйымдастыруына міндетті. Медициналық қараулардан өтпеген жұмысшылар жұмысқа жіберілмейді.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының (15.07.97) әр ластаушы көз бойынша қоршаған ортаға ластаушы ластардың рұқсатталған – шектік шығарыстары мен жіберістерінің нормативтері белгіленген, және де шудың, дірілдің, магниттік өрістердің және басқа зиянды физикалық әсерлердің ШРД (шектік рұқсатталған деңгейлерінің) нормативтері белгіленген, табиғи ресурстарын падалануда қойылатын экологиялық талаптары белгіленген. (47 тар.), төтенше экологиялық жағдайларына және экологиялық апат аймақтарына арналған, қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдылықты бұзумен келтірілген зияндылықты қайтару тәртібін анықтайды (86 тар)
ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ ДӘРІГЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің кәсіптік қызметінің барлық формаларын 3 топқа бөлу қабылданған: ЕСҚ, АСҚ және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстары (1 схема).
- Ескертпелі санитарлық қадағалау – медициналық профилактиканың ең маңызды элементі.
Ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі мазмұны болып өнеркәсіптік объектілерді жобалауда, жер учаскелерін таңдауда, құрылыстарын салуда, жаңа технологиялық процесстердің, химиялық қоспалардың жабдықтарының, аспаптарының т.б. стандарттарын жасауда санитарлық нормалар мен ережелердің орындалуына бақылау жүргізу саналады.
- Ағымды санитарлық қадағалау – жұмысшылардың денсаулығын қорғау және жоғары іскерлік деңгейін сақтау мақсатымен, бақылауға жататын объектілердегі жұмысшылардың гигиеналық еңбек жағдайына және денсаулығына жан-жақты зерттеулерді жүргізу жатады. Бұл міндеттер кәсіпорынды санитарлық сипаттау, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу, кәсіптік сырқаттардың және кәсіптік уланулардың болған оқиғаларын тексеру, өндірістік мертігу жағдайларын талдау жолдарымен жетіледі.
- Ұйымдастырушылық - әдістемелік жұмысы дәрігердің қызметінде маңызды орынды алады. Бұл жұмыс дәрігердің өзінің ісін жоспарлау және оған талдау жүргізу, лабораториялық жұмысын басқару және бақылау, санитарлық активті оқыту, жұмысшыларды гигигеналық оқыту, емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлерінің және инженерлік-техникалық персоналдың т.б. еңбек гигиенасы бойынша мамандығын жоғарылату сияқты жұмыстарды қамтиды. Еңбек гигиенасы бойынша дәрігер кәсіпорынның әкімшілігімен, еңбек департаментімен, мемлекеттік техникалық қадағалау органдарымен және салалық кәсіподақ комитеттерімен іске байланысты қарым-қатынаста болу керек.
Дәрігер гигиенистік қызметінің маңызды жағы болып салауатты өмір қалыпын (СӨҚ) қалыптастыру мақсатымен өндірістерде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу саналады.
Ұйымдастыру-әдістемелік
жұмыс айлық, кварталдық және жылдық
жоспарлар негізінде
СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімінің АСҚ бойынша жұмыс жоспарының схемасын мына түрде беруге болады:
- Ұйымдастырушылық шаралары
- Әдістемелік жұмыстары
- Кәсіпорындарды жоспарлық санитарлық тексеру
- тақырыптық (тематикалық) санитарлық тексеру (әйел адамдардың, жасөспірімдердің еңбек жағдайына бақылау).
- Кәсіптік аурулардың, уланулардың алдын алу.
- Жалпы сырқаттанушылығына және кәсіптік сырқаттанушылығына талдау жүргізу.
- Ғылыми-практикалық жұмыс
- Санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс
- Санитарлық ағарту жұмысы
СЭС ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ БОЙЫНША ДӘРІГЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімшесі дәрігерінің санитарлық қадағалауды жүргізудегі мынандай құқықтары мен міндеттері бар:
- Кәсіпорынның меншілік формасына байланысыз, бақылаудағы объектілерге тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз болуына.
- Лауазымды адамдардан объектінің санитарлық жағдайын анықтау үшін қажетті мәлімдемелер мен құжаттарды талап етуіне.
- Лабораторлық зерттеулер үшін сынамаларды алуына
- Кәсіпорынның басшыларына санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу туралы талаптарда қоюына.
- Қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізгенге дейін істеуші өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық объектілерінің жұмысына тиым салу немесе тоқтату туралы сұрақтарды қоюына.
- Территориялық әкімшілік басшыларына санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін бұзу фактілері туралы және осыған кінәлі адамдарға, қызмет орнынан алуына дейінгі, шараларды қолдану туралы мәлімдеме беруіне.
- Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына кінәлі адамдарға айып салу санкцияларын шығаруына.
Еңбек гигиенасы және оны қорғау саласындағы әлеуметтік-құқықтық шаралары мен заңдылықтары еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің қызметінің негізін құраушы маңызы бар.
Сонымен, еңбек гигиенасы
теориялық және клиникалық пәндерімен
тығыз байланысқан кешенді
Алдына қойған міндеттерді шешу үшін ол әртүрлі әдістерді қолданады:
- Өндірістік ортаны зерттеуде еңбек гигиенасы санитарлық-гигиеналық тексерулерді (микроклимат, шу, діріл, газдалуын, шаңдануын т.б.) жүргізу мақсаттарына бейімделген физикалық және химиялық әдістерді қолданады.
- Еңбек процессін физиологиялық бағалау үшін психо-физиологиялық, биохимиялық және басқа зерттеу әдістерінің үлкен жиынтығын қолданады.
- Нормативтерді тұжырымдауда жаңа химиялық заттардың, ортаның физикалық факторларының организмге әсерін зерттеуде сынақ жүргізу әдісте кеңінен қолданылады.
- Жалпы және кәсіптік сырқаттанушылыққа талдау жүргізуде ЭВМ қолданып математика-статистикалық әдісін қолданады.
Иллюстрациялы материалдар: (кестелер, слайдтар)
● Әдебиеттер
Алексеев С.В., Усенко В.Р.. Гигиена труда. 1999 г.Руководство к практическим занятиям
по гигиене труда.
2. Медицина труда труда// Под ред.Н.Ф.Измерова, А. А. Каспарова. М:. Медицина 2002г.
3. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Медицина 2001г
4. Руководство по гигиене труда М. Медицина 1987г.
5. Справочник по гигиене
труда// Под ред.В.Д.Карпова и В.Е.
6. Санитарные правила и нормы
по гигиене труда в
7. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене труда. Под ред. З.И. Израэльсона,
Н.Ю.Тарасенко. М., 1999.
Бақылау сұрақтары
1. еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
2. Еңбек гигиенасының тархиы, Республикадағы еңбек гигиенасының дамуы
3. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жіктелуі
4. Еңбек гигиенасы дәрігері жұмысының мазмұны
5. Еңбек гигиенасы дәрпігерінің құқығы мен міндеттері

- Еңбек даулары
- Еңбек даулары
- Еңбек жалақысы
- Еңбек және жалақының есебі
- Еңбек және зейнеткерлік құқығы
- Еңбекке ақы төлеу
- Еңбекке баулу
- Еңбекақы төлеудің шетелдік іс-тәжірибесі
- Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі.
- Еңбекақы түрлері мен нысандары
- Еңбек биржасы және оның қызметтері
- Еңбек биржасы және оның қызметтері
- Еңбек бөлінісі
- Еңбек гигиенасы