Экология саласындағы халықаралық байланыс

 

 

 Экология саласындағы  халықаралық байланыс

Экологиялық проблемалар, өткенде  айтқандай, бір елдің емес бірнеше  елдерге қатысы бар мәселе. 70-шы жылдардан  бастап экологиялық дағдарыстан  шығу жолдарын бірігіп іздестіріп, қажетті шаралары бірге жүргізу  туралы келісімге қол жетті. Табиғат  қорғау проблемаларына арналған бірінші  халықаралық жиналыс 1971 жылы сәуір  айында Чех елінде өтті. Бұл БҰҰ  Еуропаның экономикалық комиссиясының  симпозиуымы болатын.1972 жылы 5 маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың басталу күні болып есептеліп  конференция «Жер біреу» деген ұранмен  өтті.БҰҰ-ның ΧΧVII – Бас Ассамблеясы  сессиясы 5-ші маусымды Дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні деп жариялап, ол күн жыл сайын аталып өтеді. Ауаның, мұхиттардың, теңіздің ластануын болдырмау  үшін мемлекетаралық келісімдер жасалып, тиісті ұйымдық, әкімшілік және құқықтық шаралар алынады. Көптеген экологиялық  проблемаларды бірнеше мемлекеттер  қосылып БҰҰ-ның немесе халықаралық  үкіметітік емес ұйымдардың басшылығымен шешуге тырысады. Олардың көпшілігі  ұйым, кеңес, одақ, бағдарлама деген  атпен жұмыс істейді.      

Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа, кеңеске, бағдарламаға мыналар кіреді:

·     Халықаралық ғылымдар одағы (МСНС) барлық елдердің дерлік академиялары  мен ғылым одақтарын біріктіреді. Ғарыштық кеңістік, Антарктида, мұхиттар проблемаларымен айналысын  зерттейді.

·     Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет  (Scientifik committee on Problems of the Environnent, қысқаша ckope).

·      Биологиялық циклдарды қоршаған ортаның улануын зерттейді. Табиғи ортаны бақылау (мониторинг) мәселесімен айналысады.

·      ЮНЕСКО-ның «Адам және табиғат» бағдарламасы (Man and Biosphere, қысқаша МАБ). Адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және субтропиктік орманды және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді.

·      БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су қорларын қорғау проблемаларын, мұхиттарды ластаудан сақтау мәселесін зерттейді.

·      Қоршаған орта мониторингінің глобалды жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын арнаулы бақылау жүйелері бақылау станциялары – мониторинг, бақылау күзеттері т.б. арқылы біліп отыру үшін құрылған.

·      Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) табиғат байланыстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін зерттейді.

·      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөнінен бағалайды және бақылайды.

·      Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды.

·      Халықаралық океанографиялық комитет (МОК) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды.

·      Халықаралық азық-түлік және ауылшаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) топырақтың құнарлылығын, су қорларын үнемді пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін зерттейді.

·      Дүниежүзілік білім, ғылым және мдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) табиғат қорғау жөніндегі маман кадрлар оқыту, даярлау мәселелерімен айналысады. 

1975-ші жылы шілде айында  Хельсинки қаласында еуропалық  33 мемлекет және АҚШ пен Канада  елдері басшылары қорытынды актіге  қол қойып, ауаның ластануына  қарсы күресті, тұщы су мен  теңіз суларын, топырақ бетін,  тірі организмдерді қорғауды, қорықтар  құру, елді-мекендерді қоршаған ортаны  жақсарту мәселесін, қоршаған  ортаны зерттеу жұмыстарын халықаралық  ынтымақтастықтың негізінде және  халықаралық бағдарламаларға сәйкес  жүргізуге келісті.

Биосфера бүтіндей біртұтас етіп қарастырылатын болғандықтан, адамзаттың оны танып-білу және өзгерту жөніндегі  іс-әрекеті де белгілі бір тұтастықта, бірлікте болуы қажет. Соңғы кездері, табиғи орта мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін глобальды  даму жағдайлары мен тенденциялары  тұрғысынан қарастыру белең алып келеді.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода  Біріккен Ұлттар Ұйымы 179 мемлекеттің  жоғарғы басшыларының басын қосып  Халықаралық конференция өткізіп,  осы конференцияда 5 маңызды құжат  қабылданған:

1)     Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио-де-Жанейро декларациясы;

2)     ХХІ ғасыр күн тәртібі;

3)     Орманның барлық түрі тұрақты дамуы, басқару және сақталу принциптері туралы өтініш;

4)    Климаттың өзгеруі туралы Рамалық конвенция;

5)     Биоалуантүрлілік конвенция.

Тұрақты дамудың негізгі  ережелерін БҰҰ комиссиясы дайындап, ол 1993 жылы Сан-Францискода БҰҰ мемлекеттерінің  басшылары бас қосқан конференцияда  мақұлданды. Тұрақты даму – табиғаттағы заттардың айналымын сақтаудың басты факторы ретінде, тіршіліктің алуантүрлілігін азайтпауды, қоғам мен табиғи ортаны құрайтын, әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйенің динамикалық тепе-теңдігін бұзбауды көздейді.

1997 жылы маусым айында  Нью-Йоркте, БҰҰ Бас ассамблеясының  арнайы сессиясында қоршаған  орта мен даму туралы екінші  конференциядан кейінгі (Рио-де-Жанейро, 1992) бес жыл ішінде жүргізілген  жұмыстарға қорытынды жасалды.  Сессияда атап көрсетілгендей, тұрақты  даму түсінігі әлі де болса  жүйелі, конструктивті анықтамасын  ала алмай отыр. Сонымен бірге,  мынадай тұжырымдар жасалды: әр  экожүйе және көп жағдайларда,  ол толық жойылған; көптеген елдерде  кедейлену процесі тереңдей түсуде; олардың экономикалық жағдайлары  құлдырап, нәтижесінде күнкөріс  деңгейі төмен адамдар саны  өсе түсуде.

Бұл күрделіліктерден басқа, глобальды экодинамиканың мынадай  позитивті аталып өтті: көп елдерде  халық санының өсу қарқыны  тежелді, халықтың оқып білім алуына жағдай жасалуда, балалар өлімінің саны азайды, орташа өмір сүру ұзақтығы жоғарылады.

1992 жылғы конференцияда-ақ  айтылғандай, «Оңтүстік» пен «Солтүстік»  өкілдерінің геосаяси қарама-қарсылығы  күшейе түсті. «Оңтүстік» өкілдерінің  айтуы бойынша, олардың территориялары  «планетаның өкпесі» және биологиялық  көптүрлілікті қамтамасыз етуші  рөлін атқаруда, ол «Солтүстік»  энергияны шығындаушы, глобальды  ластау көзі және жер бетіндегі  экожүйенің тұрақсыз болуының  бірден-бір себепкері болып табылады.

«Солтүстіктің» энергияны  шамадан тыс көп пайдалану  себептері «Оңтүстіктің» даму деңгейінің төмендігіне байланысты, сонымен  бірге, «Солтүстіктегі» халықтардың  көп мөлшерде табиғиғ ресурстарды  қолдануы нәтижесінде «Оңтүстік» халықтарының жиі қоныстанған өлкелерін тіршілікке қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырды.

1997 жылы тұрақты даму  бойынша БҰҰ комиссиясы жұмысында  мынадай приоритетті проблемалар белгіленді: 

тұщы су; 

энергетика; 

транспорт және қоршаған орта:  

орман: 

Әлемдік мұхит;

Негізгі кешенді (комплексті) міндеттер ретінде мына бағыттар белгіленді:

кедейлікті жеңу:

өнім өндіру мен оны  пайдаланудың қазіргі заманғы қалыптасқан  құрылымын (структурасын) өзгерту.

1997 жылғы ЮНЕП-тің есебінде («қоршаған орта жағдайына глобальды  шолу») қоршаған орта проблемаларын  шешуде бірқатар прогресс бар  екендігі аталып өтті:

шаруашылық іс-әрекеттің  экологиялық әсерін бағалау күнделікті өмірде қолданысқа енді;

бірқатар елдерде қоршаған ортаны ластау деңгейі төмендеді, табиғи ресурстарды пайдалану интенсивті азайды;

климаттың өзгеру проблемалары бойынша көптеген конвенциялар, соның  ішінде, биологиялық алуантүрлілік  конвенциясы, шөл және шөлейт аймақтарға айналуды тоқтату конвенциясы сияқты бірқатар халықаралық келісімдер іске асты; 

экологиялық қауіптің алдын-алу, сонымен бірге, дифференцивті жауапкершілік, яғни, «ластаушы төлейді» сияқты бірқатар маңызды принциптер заң жобасына кең түрде енгізіле бастады.

Бірақ, жоғарыда келтірілген  оң ілгерушіліктерге және мемлекеттер  мен халықаралық ұйымдардың күш  салғанына қарамастан, бірқатар негативті  аспектілер де орын алып отыр. Олар:

·      глобальды қоршаған ортаның деградация процесі жалғасуда; ластаушы заттарды қоршаған ортаға шығарып тастау үдей түсуде; өнім өндіру мен оны пайдалану структурасындағы тұрақсыздықты жеңу баяу ілегілеуде; қауіпті және радиоактивті қалдықтар тастау проблемасын шешудегі қадамдар мардымсыз жасалуда;

·      жаңғыратын табиғи ресурстарды интенсивті түрде пайдалану мен әлсіз экожүйелердің бүлінуі әрі қарай жалғасуда;

·      болашақтағы глобальды тұрақтылық мақсаттарының жету прогресі тым баяу өтуде; проблеманың кезек күтуге болмайтындығын, әрі тым жедел екендігін түсіну жоқ; өтпелі және локальды экологиялық проблемаларға ғана көңіл бөлушілік тым басым, ал глобальды және ұзақ мерзімді экологиялық мәселелерге назар аудару жеткіліксіз, кейде тіптен ол да жоқ – мұның бәрі экологиялық проблемаларды халықаралық деңгейде шешуге нұқсан келтіруде;

·   глобальды басқару структурасы мен глобальды экологиялық бірігу әлі де болса әлсіз және ол глобальды проблемаларды шешуде дәрменсіз.

Сессияның ең басты құжаты – мемлекеттер мен өкімет басшыларының келісім сөзі – тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған терең  көзқарастарды білдіреді.

Ғаламдық  экологиялық проблемалар (кесте 2)

 

 

 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Әлемдікэкологиялык

Пайда болу себептері

Шешужолдары

Проблемалар

   

Халықсаныныңартуы

Табиғатресурстарын

Демографиялықтүрғыда

 

Барыншапайдалану

ретгелу, колайлымекендерге

   

конысаудару

Климаттыңөзгеруі

Атмосферадағыгаздардың

Қалдыксызнемесе аз калдыкты

(Озонныңтесілуі,

тепе-теңдігініңбұзылуы

жаңа тенологияныенгізу.

кышкылжауындар, т.б/

 

Экологиялык мониторинг

Су ресурстарының

Суды барыншапайдалану

Суды пайдаланутехноло-

Тапшылығы

Жәнеластау

гиясынжақсартужөне

   

жауапкершіліктіарттыру.

   

Экологиялык мониторинг.

Жарамсызжерлердің

Ландшафтардыңжарамсыз-

Жердітиімдіпайдаланудың

Молаюы

Дануыжәнеклиматтың

жаңаэкотехнологиясы.

 

Өзгеруі

Экологиялык мониторинг.

Жерресурстарының

Топырақэрозиялары,

Жердіпайдаланудықайта

Тозуы

ластану мен кұнарсыздану

түлету. Экотехнология.

   

Экологиялықсараптама

Биоәртүрліліктіңазаюы

Адамныңіс-әрекеттері.

Табиғиландшафтардьтқайта

 

Табиғибиоценоздардың

түлету. Экожоспарлау.

 

жойьтлуы. Түрлердіңазаюы

Жерсіндіру. Экологиялык

   

мониторинг.

Өндірістікжәне

Өндірістіккалдықтармен

Қайтаөңдеунемесе кал-

түрмыстыққалдықтар-

ластану

дықсызтехнологияғакөшу.

Дыңқордалануы

 

Экотехнология.

   

Экологиялык мониторинг.

   

Экологиялықсараптама

Табиғиландшафтардың

Улызаттардыңшығарылуы,

Табиғиландшафтардыкайта

Ластануыжөнетозуы

орта сапасыныңнашарлауы.

түлету,  Экожоспарлар.

 

Түрлікауіптіаурулардың

Экологиялык мониторинг.

 

кебеюі

Экологиялықсараптама


 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда  өз қызметін 1993 жылы бастаған. Оның негізгі  міндеті – адамзат дамуының тұрақтылығын қамтамасыз еті.

Дамудың тұрақтылығы дегеніміз  – адамзаттың қазіргі буынының өз қажеттілігін өтеу үшін кейінгі ұрпақ  үлесіне тиісті сыбағасына қиянат жасамай, олардың қамын ойлау. Осы мақсатқа жету үшін БҰҰДБ төмендегі үш салаға ерекше көңіл бөледі:

 

    кедейліктің деңгейін төмендету;  демократиялық және экономикалық қайта құру; қоршаған ортаны тиімді пайдалануды күшейту.

БҰҰДБ-ның қоршаған орта мен табиғат байлықтарын тиімді басқару мен қорғау үшін Қазақстан  үкіметіне қолдау көрсетіп, әр түрлі  қаржыландырушы ұйымдардың және Ғылыми экологиялық қордың (ҒЭҚ) көмегімен  мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы көзделен:

· қоршаған ортаның көкейкесті мәселелерін анықтау және оларды шешу жолындағы ұлттық стратегиялар мен іс-әрекет жоспарын дайындау;

· қоршаған орта туралы Халықаралық  конвенцияның орындалуының Қазақстандағы  қорытынды нәтижесін анықтау;

· саз-балшықты жерлер және жеміс-жидекті тау тоғайларын сақтау мен тиянақты басқару арқылы биологиялық  алуантүрлілікті сақтау;

· климат өзгерістеріне қатысты  болатын теріс әсерлерді азайту үшін жылу энергетикасымен, сумен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын қарастырып, климатты жақсарту;

·  озон қабатын жоятын заттарды өнеркәсіпте қолдануды біртіндеп азайту;

·  күшті органикалық ластағыштарды мүлдем қолданыстан шығару.

Осы мәселелермен айналысып  жүрген қоғамдық топтар мен бейүкіметтік ұйымдарға 1997 жылдан бастап БҰҰДБ қаражаттық көмек көрсетіп келеді. Мұндай ұйымдарға  шағын гранттарды беру үшін алдымен  тұрғындармен ұйымдастыру-түсіндіру  жұмыстарын жүргізу қажет:

· адамдардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының жақсаруы табиғи байлық қорын дұрыс пайдалануға  байланысты екендігі жайлы жұрттың  санасында ұғым қалыптастыру;

· «өзіңе-өзің көмектес»  деген қағиданы тұтынушыларға ұқтыру, әрі келешек ұрпақ үшін табиғат  байлығын сақтау турады жауапкершілік  сезімін ояту және  тәрбиелеу.

БҰҰДБ Қазақстан үкіметімен және басқа да қаржыландырушы ұйымдармен бірге Арал теңізі өңіріндегі тұтынушылардың әлеуметтік көкейкесті мәселелерін  шешу бағытында да бірқатар шаралар  атқару көзделген:

ауыз судың сапасын  жақсарту және су қорын сақтау технологиясын  пайдалану;

жайлау мен жайылымдарды ұтымды пайдалану арқылы тұрғындарғы  қолайлы жағдай жасау, жердің тозуына  жол бермеу және ауыл шаруашылығына  пайдаланатын жерлерді қалпына келтіру;

халықтың денсаулығын  және тұрмысын жақсарту.

Республикамыздағы алуантүрлілікті  сақтау саласында да БҰҰДБ қалыптасқан  жағдайға талдау жасап, оны жақсарту үшін өткізілетін іс-шараларды айқындады. Осы мәселе бойынша қоғамда кеңінен  ақпарат таратылып, есептер дайындалды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  тарапынан биоалуантүрлілікті сақтау мен тұрақты пайдаланудың Ұлттық стратегиясы мен әрекеттер жоспары  мақұлданды. Ендігі жедел атқарылар  мәндеттемелердің бірі – биологиялық  алуантүрлілікті сақтау шеңберінде өтетін Халықаралық конвенцияға  арналған ұлттық есеп дайындау және тарату.

 

 


«ХХІ ғасыр күн тәртібі» экологиялық бағдарламасы қабылданды. Бұл конференцияда тұрақты дамудың  қоршаған ортаны сақтау тұрғысындағы бағыттары жан-жақты көрсетілді:

1 мәселе – кедейшілікпен  күрес.

2 мәселе – тұтынудың  құрылымын өзгерту.

3 мәселе  - халық және тұрақтылық.

4 мәселе – адамдардың  денсаулығын сақтау мен жақсарту.

5 мәселе – тұрақты  тұрғын жерлер, урбанизация. Қоғамның  урбанизациясы, экономикалық даму  процесінің бір бөлігі болып  табылады.

6 мәселе – Атмосфераны  қорғау – атмосфераға қалдықтарды  шығарудың негізгі көзі – энергия  өндіру мен тұтыну.

7 мәселе – Жер ресурстарын  тиімді пайдалану.

8 мәселе – ормандарды  жоюмен күрес.

9 мәселе – шөлдену  мен құрғақшылықпен күрес.

10 мәселе – мұхиттарды  қорғау мен тиімді пайдалану.

11 мәселе – тұщы су  қорғау және тиімді пайдалану.

12 мәселе – Улы химиялық  заттарды қолданудың қауіпсіздігін  арттыру.

13 мәселе – қатты қалдықтар  мен шайынды суларды жою.

14 мәселе – радиоактивті  қалдықтар жою.

15 мәселе – балалар  мен жастардың тұрақты дамуды  қамтамасыз ету рөлі.

16 мәселе – тұрақты  даму мақсаттарындағы білім мен  ғылым беру.

Осы конвенцияға қатысушы жақтар.

Жер климаттың өзгеруі  және оның қолайсыз нәтижелері адамзатты  алаңдатып отырған мәселе екенін мойындай отырып, атмосферада адамзат  іс-әрекетінің нәтижесінде буланған газдар концентрациясының айтарлықтай  дәрежеде көбейіп отырғанына, мұндай көбею табиғи булануды күшейтетіне, сөйтіп бұл жағдай орта есеппен алғанда  Жер бетін және атмосфераны қосымша  жылытатынына, оның адамзат пен табиғат  экожүйесіне қолайсыз әсер етуі мүмкін екеніне алаңдай отырып, буланған газдардың ауқымды ең көп бөліну мөлшері бұрын да және қазір де дамыған елдердің үлесіне тиетіндігін, салыстырмалы түрде дамушы елдерде  жан басына шаққанда мұндай бөлінудің  төмен екендігін, бірақ дамушы елдерде  әлеуметтік қажеттілік пен тұтынушылықтың өсуіне байланысты мұндай орасан зор  бөлінудің мөлшерін арта беретінін  белгілей отырып,

жер бетінде және теңіз  экожүйесінде буланған газдарды жұтытындырдың  және жинайтындардың рөлі мен маңызын  ескере отырып,

климаттың өзгеруін, анығырақ айтқанда, оның мерзімі, ауқымы және аймақтық ерекшеліктері бойынша болжам жасаудың мәлім емес сәттерінің көптігін біле отырып,

климат өзгерістерінің орасан зор мөлшері барлық елдердің мейлінше жан-жақты қарым-қатынас жасауын, олардың іс-әрекетін және икемдігін  халықаралық көлемде ортақ іске жұмылдырып, бірақ олардың жеке жауапкершілігі мен нақты мүмкіндіктерінің, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық жағдайларын  ескерудің қажеттілігін мойындай отырып,

1972 жылы 16 маусымда Стокгольмде  қабылданған адамды қоршаған  ортаның мәселелері туралы Біріккен  Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конференциясының  Декларациясындағы ережелеріне  сүйене отырып,

БҰҰ-ның Жарғысына және халықаралық құқық принциптеріне  сәйкес мемлекеттер қоршаған орта және даму бойынша өз саясатына лайық  өзінің  ресурстарын игеруге тәуелсіз құқы бар екенін және өз юрисдикциясындағы немесе ұлттық юрисдикция қызметінен тыс жерлердің қоршаған ортасына зиянын тигізуге болмайтынын ескере отырып, қоршаған орта бойынша мемлекеттердің тиімді заңдарды іске қосуын, басқару саласындағы қалыпты орта мен дамудың жақтарына сай болуын, кейбір елдерде қолданылатын қалыпты өлшемдердің басқа елдердің, әсіресе, дамушы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы тұрғысынан қарағанда орынсыздығын және негізсіздігін мойындай отырып, қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясы туралы 1989 жылғы 22 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 44/228 қаулысына және адамзаттың қазіргі және болашақ ұрпағының мүддесі үшін орасан зор климатты қорғау туралы 1988 жылғы 6  желтоқсандағы 43/53 қаулысына, 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 44/207 қаулысына және 1991 жылғы 19 желтоқсанындағы 46/169 қаулысына сүйене отырып, 1989 жылы 22 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының аралдар мен жағадаудағы аймақтар, әсіресе төмен орналасқан  жағалаудағы аймақтарда теңіз көтерілгенде болуы мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы 44/206 қаулысына, 1989 жылғы 19 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның Қуаңшылыққа қарсы күресу бойынша әрекет етудің жоспарын жүзеге асыру туралы 44/172 қаулысына сүйенді.

Сол қаулыға байланысты озон қабаттарын қорғау туралы 1985 жылғы  Вена конвенциясына және озон қабаттарын бұзатын заттар туралы 1987 жылғы Монреаль хаттамасына, оның 1990 жылғы 29 маусымдағы өзгертілген және толықтырылған  нұсқасына сүйене отырып, 1990 жылы 7 қарашада Дүниежүзілік климаттық конференцияда  қабылданған министрлердің Декларациясын  қаперге ала отырып, климаттық  өзгерісі бойынша көптеген мемлекеттердің іске асырып отырған аналитикалық жұмыстарының жұмыстарының бағасын, Дүниежүзілік метеорологиялық  ұйымдардың, қоршаған орта бойынша  БҰҰ Бағдарламасының және басқа  мекемелердің, БҰҰ-ның органдары  мен ұйымдарының, сондай-ақ басқа  да халықаралық және мемлекетаралық органдардың ғылыми зерттеуінің  нәтижелерін алмасу және зерттеулерді үйлестіру процесінде қосқан маңызды  үлестерін сезінді.

Климаттық өзгеру мәселелерін  түсіну және шешу іс-шараларының экологиялық, әлеуметтік және экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тиімді болуы  үшін тек қана соған лайықты ғылыми, технологиялық және экономикалық ізденістердің  негізінде, әрі осы салада қол  жеткізген жаңа нәтижелердің барысында  әрдайым қайта қаралғанда іске асатынын мойындай отырып,

Климаттық өзгеру мәселелерін  шешу бойынша сол іс-шаралардың өз экономикасының мүмкіндігіне негізделгендіктен, сондай-ақ олардың басқа экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ету  қасиетін мойындайды.

Климаттық өзгеру  нәтижесінде қолайсыз жағдайларға айрықша сезімтал жерлер, ойпаттар мен шағын аралдағы елдер және төмен орналасқан жағалаулар, қуаң және жартылай қуаң аймақтар, сондай-ақ су тасқынына, қуаңшылыққа, шөлге бейім жерлер мен құбылмалы таулы экожүйесі бар дамушы елдер екенін мойындап келді.

Буланған газдардың бөлінуін шектеу шаралары бойынша бірқатар елдердің, нақтылай айтқанда, экономикалық негізінен  қазба отынның түрлерін экспортқа  шығаратын және тұтынатын өндіріс  әсіресе, соған байланысты дамушы елдердің айрықша қиын жағдайын мойындай келді.

Климаттың өзгеруіне сезімтал болу шаралары әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жалпы комплексті шаралармен үйлестіріліп отырылуы тиіс екенін, оған қолайсыз жағдай тудырмаудың  қажеттігін, қайыршылықты жойып, орнықты  экономикалық өркендеуге қол жеткізу  ісінде дамушы елдердің аса маңызды  заңды қажеттілктерін есепке ала  отырып, барлық елдердің, әсіресе, дамушы елдердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін ресурстарды  алуға зәру екенін, дамушы елдердің осы мақсатқа қарай бағытталуын, олардың отынды пайдалануда қажеттіліктерінің  артып, жоғары тиімділікке жету мүмкіндігін  және уланған газдардың бөлінуіне  қарсы күрестің күшейетінін, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алғанда  жаңа технология пайдаланудың ұтымды болатынын мойындай отырып, қазіргі  болашақ ұрпақтың мүддесі үшін климат жүйесін қорғауға белді келісімге  келді. 

 

1-бап. Анықтама

Бұл конвенцияның мақсаты:

«Климаттық өзгерудің  қолайсыз нәтижелері» дегеніміз  климаттың өзгеруінен пайда болған физикалық орта мен биоортадағы  өзгерістер: бұлар табиғи және реттеуге болатын экожүйенің қалпына келу өзгешелігіне және құрамына, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің қызметіне немесе адамның  денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі түрде нұсқан келтіреді.

«Климаттың өзгеруі» дегеніміз  адамдардың тікелей немесе жанама түрдегі  іс-әрекеттің нәтижесінде пайда  болған климаттағы өзгерістер: бұлар  орасан зор атмосферадағы өзгерістер, оны салыстыруға болатын уақыт  аралығындағы табиғи және антропогендік  өзгерістерден байқаймыз.

«Бөліну» дегеніміз нақтылы  бір уақытта, нақтылы бір аймақтың үстіне уланған газдардың төніп  баруы немесе олардың атмосфераға  тасталынуы.

«Буланған газдар» дегеніміз  табиғи да, антропогендік жолмен де пайда болған атмосферадағы газ  тәрізді құрамалар, олар инфрақызылсәулені  жұтады және шағылдырады.

«Экономикалық интеграцияның  аймақтық ұйымы» дегеніміз тәуелсіз мемлекеттік белгілі бір аумақта  құрған ұйымы; оның ауқымына осы Конвенцияның немесе хаттамаларының реттеп отырған  мәселелері де енеді және ол ішкі әрекетіне  лайықты құжаттарға қол қоюға, ратификация  жасауға және бекітуге немесе сол  құжаттарға қосылуға өкілетті.

«Жинағыш» дегеніміз климат жүйесінің құрамы немесе құрамдастары, оларда буланған газдар шоғырланады  немесе буланған газдар жиналады.

«Жұтқыш» дегеніміз атмосферадағы  буланған газдардың шоғырын немесе аэрозолды, буланған газдарды сіңіріп  алатын кез-келген процесс, іс-әрекеттің  түрі немесе механизмі.

«Шығу көздері» дегеніміз  кез-келген процестің немесе әрекеттің  нәтижесінде буланған газдардың  шоғыры немесе аэрозолдың, буланған газдардың  атмосфераға бөлініп шығуы. 

 

2-бап.Мақсаты

Бұл Конвенцияның түпкі мақсаты  және Қатысушы жақтар Конференциясы  қабылдай алатын барлық құжаттардың  мәні климат жүйесіне қауіпті антропогендік  әсер етуге жол бермейтіндей деңгейде атмосферадағы буланған газдардың  шоғырлануынан тұрақтандыратын  жағдайға жету үшін Конвенцияның осыған сәйкес ережелерін орындауға қол  жеткізу. 

 

3-бап.Принциптері

Конвенция мақсатыга жету жолында, оның ережелерін іске асыруда  қатысушы жақтар өз қызметіне мыналарды  басшылыққа алады:

1.     Қатысушы жақтар негізде және әмбеге ортақ, бірақ салаланған жауапкершілігіне және қолда бар мүмкіндігін орай климат жүйесін қоорғауы тиіс.

2.     Қатысушы жақтар алдын ала болжау мақсатында немесе климаттың өзгеру себебін мейлінше залалсыздандыруды және оның зиянды нәтижелерін азайтуды алдын ала ескерту шараларын жүргізу керек.

3.     Халықаралық экономикалық жүйенің ашық және игілікті жағдайын қалыптастыруға ықпал ету үшін Қатысушы жақтар өзара қарым-қатынас жасау керек. Бұл жағдай қатысушы жақтарды, әсіресе, оның ішінде дамушы елдер орнықты өсіп-өркендеуге және дамуға алып келер еді де, сөйтіп климаттың өзгеру проблемаларына олардың жауап қатуына оңтайлы мүмкіндік жасар еді. 

 

4-бап. Міндеттемелер

1.     Барлық Қатысушы жақтардың ортақ, бірақ жекелеген жаупкершіліктерін және өзінің нақтылы ұлттық, әр аймақтық басты қажеттіліктерін ескере отырып, белгіленген мақсаттары мен даму жағдайлары;

Б) Монреаль хаттамасымен реттелмейтін буланған газдардың антропогендік  бөлінуін шектеуге, азайтуға немесе тоқтатуға  әкелетін процестер мен әдістерді, технологияны беруді қоса отырып, барлық салаларда, энергетикада, тасымалдауда, ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында және қалдықтарды жоюда, оларды жасауға, қолдануға және таратуға ықпал етеді;

В) Климаттың өзгеру нәтижелеріне ыңғайлану мақсатында дайындық шараларын  жүргізу үшін қарым-қатынас жасайды; жағалау аймақтарында, су ресурстары бойынша және ауыл шаруашылығында жұмыс  жүргізу үшін, құрғақшылықтан, шөлге  айналудан, су тасқынына ұшыраудан  қорғау және қалпына келтіру жұмыстары  бойынша тиісті кешенді жоспарлар  құрады және дамытады;

Г) Өзінің тиісті әлеуметтік-экономикалық және экологиялық саясатын жүргізуде, соған лайық шаралар қабылдауда климаттың өзгеруіне байланысты ой-пікірлерді тиістіәдістерді, мүмкіндігіне қарай ескереді. Мысалы, ұлттық деңгейде жасалған;

Д) Климат жүйесімен және климаттың өзгеруімен, сондай-ақ оған жауап қатудың түрлі стратегиялық экономикалық және әлеуметтік нәтижелерімен  байланысты ғылыми, технологиялық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық, заң бойынша  деректерді толығымен ашық және жедел  алмасуға ықпал етеді, қарым-қатынастар жасайды.

2. Дамыған елдерге жататын  Қатысушы жақтар және ІІ қосымша  мен Қатысушы жақтар өзге Қатысушы  жақтарға, әсіресе, дамушы елдердің  қатарына жататындарына олардың  Конвенция ережелерін орындау  үшін экологиялық таза технологияны  алуына және оған жіктеуіне  байланысты қолдау көрсету, жеңілдету  сондай-ақ қаржыландыру үшін нақтылы  іс-шаралар жүргізеді. 

 


Экология саласындағы халықаралық байланыс