Емдік тамақтандыру. Науқас тамағы

 

 

 

  


 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Емдік тамақтандыру. Науқас тамағы      

 

Орындаған: Нұралы А.К

Факультет: Стоматология

Топ: 103 «А»

Қабылдаған: Дүйсенбаева Ш.А

 

 

 

 

                                                           Алматы 2013

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Емдеу сақтандыру мекемесінде емдік тамақтандыру ұйымдастырудың ерекшелігі
  3. Диета туралы түсінік. Диеталық столының саны және олардың тағайындалуы
  4. Науқас тағамындағы майлардың, ақуыздың, комірсудың, дәруменнің және минералдық заттардың алатын орны
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Ас – адамның арқауы» немесе «Ауру -астан» дейді халық, олай болса, адам организмнің өсуіне, жетілуіне, зат алмасуына тамақ ауадай қажет. Өйткені біздің органимімізге керекті заттар осы тамақ арқылы шамадан тыс ретсіз қабылдаса, оның организмге зиян келтіретінін де естен шығармауымыз керек. Қабылданған тамақ асқазанда, ішекте, қорытылып сіңген соң, ол жүрек, өкпе, бүйрек, нерв жүйесі сияқты адамның ішкі мүшелерінің қызметіне, дененің өсуіне жұмсалады. Адамның күнделікті тамағында белок, көміртегі, май, витаминдер, су және минералды заттар болғаны дұрыс

 

Буфетшінің тазалығын, Емдік тағамдардың ағзаға тигізер әсерін зерттеген М.И. Певзнер, ал кейін оны С.Л. Маршак жалғастырды.

Диетотерапия деп – тамақтанудың сапасын, өңдеу техникасына байланысты пациенттің денсаулығын жақсартуға тағамды емдік мақсатта қолдануды айтамыз.

Диетотерапия негізіне емдік тағамдар және тамақ режимі кіреді.

Диета дегеніміз пациент жағдайына байланысты құрастырылған тамақтану тәртібі, аурудың асқынуларын болдырмауды, кейде патологиялық өзгерістерді қалпына келтіреді немесе емдік әсері байқалады.

Тағамдарды әзірлеу барысында келесі ережелерді сақтау қажет:

•  Химиялық аяушылық көрсету

    • майлы, ащы, тұзды, қышқылды тағамдарды қолданбау

•  Механикалық аяушылық көрсету

    • сұйық, қоймалжың, ботқа, пюре тәріздес тағамдарды қолдану

•  Термиялық аяушылық көрсету

    • тағам температурасын 10-60ºС аралағында болуы керек.

•  Тағамның сүйкімді иісі, сыртқы түрі ,тағамдар кестесі қонымды болуы керек.

•  Пациент сауығуына байланысты емдік тағам ауыстырылып отырады.

Пациентті тамақтандыру жеке және топтастық түрде тамақтандыру деп бөлінеді, жалпы бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі.

Емдік профилактикалық ұйымда тамақты дайындаудан және оны пациентке дейін жеткізудің 3 түрлі жүйесі қарастырылған.

        1. Орталықтандырылған  – тағам әзірлеу асхана блогында  жүргізіледі.

              2. Орталықтандырылмаған түрі - әзірлеу  үшін аурухананың әр 

               корпусында бөлме бөлінеді.

            3.   Аралас түрі.

Орталықтанған түрі емдеу профилактикалық   ұйымында кеңінен қолданылады, арнайы бак, тележкалар, жылу өткізбейтін ыдыспен қамтамассыз етіледі. Тағамға арналған ыдыс, кастрюльдер беті әрқашан жабылған, белгіленген, таза болуы керек. Пациенттер асханада тамақтанады,ол жарық, таза болуы керек. 4 адамдық столдар, ол диета бойынша пациентті тамақтандыруға ыңғайлы. Орындықтар залалсыздандыру жүргізуге бейім болуы керек. Буфетте асхана ыдыстары залалсыздандыру және зарарсыздандырудан өткізіледі, таза күйінде сақталады. Ол бөлмеде жылытқыш приборлар – электр, газ шкафтары болады, ыстық су титаны, су моншалары бар.Тамақтандырудан соң ыдыстар тағам қалдығынан тазартылып, залалсыздандырылады.Бөлмелерде санитарлық гигиеналық тәртіп қатаң сақталадыкітапшасы бар, бекітілген мерзімде тексеруден өтіп тұрады, “жұмысқа жіберілгендігі” туралы белгі соғылады. Мейірбике міндеттері – асхана ,палата тумбочкалары тазалығын тоңазытқыштағы тағамдар сапасына, үйден келген тағамдардың диетаға сәйкес болуын қадағалау. Керует жанындағы столдар сабын, тіс пастасы, қорабы бар тіс щеткасы, қорабы бар тарақ, газет, журналдар қоюға арналған. Бөлек сатыда конфет, варенье, печенье тағы басқалар сақталады.Тәулігіне 3-4 рет залалсыздандыру жүргізіледі.Тоңазытқыштар аптасына бір рет ас тағамдарынан босатылып, залалсыздандырылады. Консервідегі ет, балық тағамдарын тоңазытқышқа қоюға рұқсат берілмейді. Осы іс-шараларды орындау аурухана ішілік инфекциялардың алдын-алу болып саналады. Емдік тағамдарды бақылау дәрігер- диетолог, диетикалық мейірбикеге жүктеледі. Күнделікті қызмет барысында тағам сапасын, бөлме, асхана санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалаумен қатар құжаттардың дұрыс жүргізілуіне де жауап береді.

Бірнеше топқа бөлінеді:

1 топ – тамақ өнімдерін  тіркеуге арналған құжаттар. Оның  құрамына кіреді: - тағам картотекасы, соның негізінде жеті күндік  меню-талап қағазы құрастырылады.

2 топ – асхана қызметкерлерінің  денсаулығын тексеруге арналған  құжаттар.

3 топ – жеті күндік  меню, “порционник” (тағамға талап  парағы) 2 дана толтырылады.

Палата мейірбикесі күнде таңертеңгілік пациенттер тізімін жасайды, палата нөмері, дәрігер нұсқауына сәйкес емдік тағам нөмері көрсетіледі.

Палата мейірбикесі талап-қағазын жинақтайды, № 1-84 форма бойынша

аға мейірбике тағамға талап қағазын толтырады. Бөлімшедегі барлық

пациент саны, тағайындалған емдік тағам нөмері көрсетіледі, бөлімше

меңгерушісі, аға мейірбике, палаты мейірбикесі қол қояды, асхана блогына

тапсырылады.

Дәрігер – диетолог – дайын астың сапасын тексеріп, мәліметтерін

“Бракераж” журналына тіркейді. Дайын тағамға аскорбин қышқылы

    (витамин С) қосылады,мәлімет “тағамдарды витаминдеу журналына”    жазылады. Тағы басқа журналдар – “санитарлық”, “қауіпсіздік техникасы журналы” жүйелі түрде толтырылады.

 

 

 

 

    Бөлімше аты ___________________________________________________

 

Порциялық талаптар

Тарату үшін  _________________________________________

                                            (күні, айы, жылы).

          Палата №7                                                         Палата №9

  1. Аты, жөні – диета № 1                            1. Аты, жөні – диета № 10
  2. Аты, жөні – диета № 2                            2. Аты, жөні – диета № 10

                                                                         3. Аты, жөні – диета № 15

                                                                         4. Аты, жөні – диета № 15

                                                        

            Палата № 8                                                      Палата № 10

  1. Аты, жөні – диета № 5                             1. Аты, жөні – диета № 10
  2. Аты, жөні – диета № 5                             2. Аты, жөні – диета № 10
  3. Аты, жөні – диета № 9                             3. Аты, жөні – диета № 15
  4. Аты, жөні – диета № 15                           4. Аты, жөні – диета № 15
  5. Аты, жөні – диета № 15                           5. Аты, жөні – диета № 15
  6. Аты, жөні – диета № 15                           6. Аты, жөні – диета № 15

 

Барлығы:                    _____________18___________

 

Палата мейірбикесі: ___________________________

                                                      (қолы)

Мекеме аты:      _____________________________________________

 

Порциялық талап

Терапия бөлімі пациенттерін тамақтандыру үшін ________________________

                                                                                   (күні, айы, жылы)

Пациентер саны туралы мәліметтер

                      Сағат 12.00               ____________________________

                                                                      (күні, айы, жылы)

Палата нөмірі

Пациенттер саны

Диета нөмері

15

1

7а

5

9

10

7

2

 

1

1

     

8

6

3

   

2

1

 

9

4

2

       

2

10

6

4

       

2

Барлығы

18

9

1

1

2

1

4


 

        Аға мейірбике:________________________ 

                                              (қолы)

       Бөлім меңгерушісі:______________________

                                                (қолы)

                                       

                                                           күні, айы, жылы.

 

                            Палата мейірбикесі:__________ (қолы)

 

 

Диета

Ауруханада  емделіп жатқан науқастарға дәрігер аурудың диагнозына қарай, емдік тағамын белгілейді. дұрыс тағайындалған емдік тамақ, ол да емнің бір түрі. Емдік тағам аурудың диагнозына байланысты 1-ден 15-ке дейін диетаға бөлінеді.

1-а диетасы.

Бұл диетаны мынадай ауруларға пайдаланады.

  1. Асқазан және ұлтабар жарасының өткір кезеңі
  2. Асқазан өткір немесе жедел қабынғанда және созылмалы асқазанның өабынуы асқынғанда, әсіресе асқазан қышқылы жоғары болғанда
  3. Асқазанға және ішекке операция жасағаннан кейінгі кезеңде
  4. Ішек-қарыннан қан кеткен кезде
  5. Үлкен дәреттегі белгісіз қанды тексеру алдында осы диетаны қолданады.

Тамақ буға немесе суға қайнатылып пісіріледі. Науқасқа тамақты сұйық немесе қоюлау етіп, майдалап береді. Көбінесе науқасқа асқазан сөлін аз шығаратын тамақтар беру керек. Ондай тамақтарға сүт, қаймақ, жаңа жасалынған ірімшік, сары май, жақсы тазаланған олиф майы, буға пісірілген омлет, майсыз ірі қара, құс еті, кисел жатады. Ал асқазан сөлін көп шығаратын болғандықтан мына тамақтар берілмейді: семіз ет, балық, шикі жұмыртқа, қуырылған тағамдар, консервілер,бұршақ, түйе бұршақ, қамырдан жасалынған тағамдар, кофе, какао, шоколад-конфеттер, арақ-шарап ішімдіктері.

Тамақ калориясы мен құрамы: белок – 80 г, май – 80-90 г, көмірсу – 200 г, ал жалпы калория 2000 ккал болуы керек.

Тамақ қабылдау тәртібі: науқас тамақты аздан, әрбір 2-3 сағат сайын, яғни тәулігіне 6-7 рет қабылдауы керек, ал жатар орынға сүт немесе қаймақ ішіп жатқан дұрыс.

1-б диетасы.

Бұл диетаны мына ауруларға пайдаланады

  1. Асқазан жараларының екінші он күндігінен бастап беріледі
  2. Асқазан жедел және созылмалы болып қабынғанда және оның қышқылының аз немесе көбіне қарамай осы диетаны береді.

Бұл диетаның атқаратын қызметі, ол асқазанды ыстық, суықтан, ірі, түйір тамақтардың асқазанның ішкі кілегей қабатын тітіркендіруден сақтайды. Мұны да буға және суға қайнатып береді. Қабылдайтын тағамдардың түрлері: ақ бидай ұнынан жасалынған сухариді 100 грамға дейін қабылдауға болады, сүт, қаймақ, жаңа, ашымаған ірімшік, сары май, тазартылған олиф немесе күнбағыс майы, 2-3 шала пісірілген жұмыртқа немесе омлет, сүттен жасалынған сорпа, ұнтақ жармасы немесе күріш ботқасы, майсыз ет.

Қабылдауға болмайтын тағамдар: макарон, айран, шикі жұмыртқа, ұуырылғантағамдар, семіз еттер, балық, саңырауқұлақ, арақ-шарап, қамырдан жасалынған тамақтар, жемістер, кофе, какао және шоколад.

Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 100 г, май – 100 г, көмірсу – 300 г. Жалпы калориясы – 2600 ккал болуы керек.

Тамақты қабылдау тәртібі: науқас тамақты тәулігіне 6 рет қабылдауы керек. Тамақтың ыстықтығы 55-60 градустан аспауы тиіс, ал салқындығы 12-15 градустан төмен болмағаны дұрыс.

1 – диетасы.

Бұл мына көрсетілген ауруларға қолданылады:

  1. Асқазан және ұлтабар жаралары жазылғаннан бастап 5-6 айға дейін науқас осы диетаны сақтауы керек
  2. Асқазанның өткір немесе жедел қабынуы тоқтағаннан кейінгі кезеңдерде осы диетаны қабылдаған жөн
  3. Асқазан созылмалы болып қабынып ауырса және асқазан сөлі қалыптағыдай немесе жоғары болған жағдайда осы диета пайдаланылады.

Науқастың пайдаланатын тағамдары: кеше пісірілген бидай наны, печенье, сухари, сүт, сүт қатқан шай, қаймақ, сұйық сүт қатқан кофе, какао, ірімшік, сары май, олиф, күнбағыс майы, 2 шала пісірілген жұмыртқа, омлет, сүт қосып пісірілген вермешел сорпа, қолдан жасалынған көже, майсыз ет, жұмсақ әбден піскен жемістер.

Қабылдауға болмайтын тағамдар: капуста, пияз, сарымсақ, саңырауқұлақ, шикі жұмыртқа, қара нан, қуырылған тағамдар, арақ- шарап, қамырдан жасалынған тағамдар, консервілер, бұршақ, түйе бұршақ, ащы және тұзды тамақтар.

Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 100 г, май – 100 г, көмірсу – 400 г, жалпы калориясы 3000 ккал.

Тамақты қабылдау тәртібі: науқас тәулігіне 6 рет тамақ ішуі керек. Және жатар алдында сүт немесе айран ішіп жатқаны дұрыс.

2-диета

Бұл диета мына төмендегі көрсетілген ауруларға қолданылады.

  1. Асқазан созылмалы болып ауырып, оның шығаратын сөлі жеткіліксіз болған жағдайда
  2. Аш және тоқ ішек созылмалы болып ауырса
  3. Асқазанға және ішекке жасалынған операцияның жазылу кезеңінде беріледі.

Бұл диетаның пайдасы асқазанның және ішектің жұмыс істеу қабілетін жақсартумен қатар асқазанның сөлін шығаруға көмектеседі.

Науқастардың қабылдайтын тағамдары: ақ бидай наны, печенье, сухари, сүт қосқан шай, кофе, какао, айран, сүт, ірімшік, шала піскен жұмыртқа, омлет. Еттен, балықтан дайындалған сорпа, майдалап туралған көкөніс, палау, жақсы піскен жұмсақ жемістер.

Қабылдауға болмайтын тамақтар: бұршақ, түйебұршақ, қара нан, саңырауқұлақ, ашытылған тағамдар.

Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 80-100 г, май – 80-100 г, көмірсу – 400 г, тағамның жалпы калориясы 3000 ккал, ас тұзы тәулігіне 15 г болуы керек,

Тағамды қабылдау тәртібі: науқас тәулігіне тамақты 4-5 рет бөліп-бөліп қабылдауы тиіс.

3-диета

Бұл диетаны аурудың мынадай түрлеріне пайдаланады:

  1. Ішекте үлкен дәрет кідіріп қалған жағдайда
  2. Егер ішектің ауруларымен  қатар асқазан, бауыр, өт жолдары, ұйқы безі ауырса

Бұл диетаның атқаратын қызметі, ол ішектің жұмыс істеу және жиырылып  қозғалу қабілетін жақсартады

Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 100 г, май – 100 г, көмірсу – 450 г, ас тұзы – 15 г. Жалпы калориясы 3500 ккал.

4-диета

Мынадай ауруларға пайдаланады:

  1. Асқазан, аш және тоқ ішек ауруларына
  2. Аш және тоқ ішектің жедел қабынған кезінде және созылмалы болып, оның асқынған шағында пайдаланылады
  3. Дизентерияның жедел қабынған кезеңінде
  4. Ішекке операция жасалғаннан кейінгі кезеңдерде.

Бұл диетаның тигізетін пайдасы, ол ішектің жұмысын бұрынғы қалпында келтіру. Ол үшін көмірсуды, майларды аз мөлшерде пайдалану керек.

Тағамның калориясы мен құрамы: белок – 80 г, май – 70 г, көмірсу – 50 г. Жалпы калориясы 2000 ккал болуы керек.

5-диета

Мынадай ауруларға пайдаланады:

  1. Жұқпалы бауыр ауруы немесе сары ауру
  2. Бауыр ауруының созылмалы түріне
  3. Бауыр циррозына
  4. Бауырдағы өт жолдары қабынғанда

Тамақты дайындағанда майдалап, суға қайнатып немесе буға пісіріп береді. 5-диетаның 1-диетадан айырмашылығы аз. Бұл диетада көмірсудың мөлшері көмірсудың мөлшері көбейтіледі, ал майдың мөлшері азайтылады.

6-диета

Бұл диетаны подаграмен, мочекислый диатезбен ауырғанда қолданады. Тамақтың құрамында ет және балықтан дайындалған тағамдар болмауы керек. Бұл диетаның ерекшелігі пурин зат алмасу процесін қалпына келтіру және іштегі зәр қышқылын аз пайда болуына көмегін тигізеді. Берілетін тамақтардың көпшілігі көкөніс, жемістер, сүт. Ас тұзын аз пайдаланады. Тағамның жалпы калориясы 2700 ккал болуы керек. Тамақты тәулігіне 5 рет қабылданады.

7а-диета

Бұл диетаны мына төменде көрсетілген ауруларға пайдаланады.

  1. Бүйрек өткір немесе жедел қабынғанда
  2. Бүйректің созылмалы ауруының әсерінен бүйрек жұмысы төмендеген жағдайда

Науқас бұл диетаны шамамен 20 күндей қабылдауы керек. Науқасқа берілетін тағамдардың құрамында белок, май, көмірсу өте аз болуы тиіс. Негізі тамақтар тұзсыз дайындалады. Тағамның жалпы калориясы 2500-2600 ккал. С, В витаминдері көбірек берілуі тиіс

7б-диета

Бұл диета 7а-диетаның жалғасы. Бұл диетада белоктың мөлшерін аздап көбейтеді және ас тұзын 1-2 г дейін жеткізеді. Ал қалған тамақтарды қабылдау тәртібі 7а-диетасымен бірдей. Науқас бұл диетада шамамен 2-3 ай болуы тиіс.

7-диета

Бұл диетаны мынадай ауруларға пайдаланады:

  1. Бүйректің жедел қабынуы жазыла бастаған кезінде
  2. Науқастың артерия қысымы жоғарылағанда
  3. Екі қабат әйелдердің бүйрегі ауырғанда

Мұнда белоктың мөлшері көбірек. Тамақ тұзсыз дайындалады. Жалпы калориясы 2800-3000 ккал болуы керек.

8-диета

Бұл диета мына науқастаға беріледі: ауру адамдар шамадан тыс семіріп немесе толып кетсе. Бұл диетада майлың және көмірсудың мөлшерін азайтып, белоктың мөлшерін көбейтеді. Науқас адам көкөністі, жемісті көбірек қабылдауы керек. Ас тұзын өте аз, ал тәбет келтіретін ащы тағамдарды пайдалануға болмайды. Қабылдайтын сұйықтың мөлшері тәулігіне 1 литрдей ғана болуы керек. Одан басқа макарон, күріш, манна жармасы, жүзім, тәтті жемістерді, бал, тосап, печенье, қамырдан жасалынған тағамдарды қабылдауына болмайды.

Қабылдайтын тағамдары: қара нан, шай, кофе, сүт, ірімшік, қатық, көкөністен дайындаған сорпа, майсыз ет, балықтар. Бұларды дайындағанда науқасқа суға қайнатып, асып беру керек. Жалпы калория 1800-1850 ккал болуы керек.

9-диета

Бұл диетада қанда қант мөлшері көбейген кезде қолданылады. Денеде қант мөлшері көмірсудың денедегі қатынастары олардың ұлпаларға дарымай денеге, қан құрамына жиналып көбейеді. Сондықтан ауруға берілетін тамақтардың құрамында көмірсу өте аз болу керек.

Науқастардың қабылдайтын тағамдар: майсыз ет, ірімшік, сүт, жұмыртқа, сары май, қатық, қара нан, капуста, алма. Ал холестерині аз бар өнімдерді пайдалану қажет.

Қабылдауға болмайтын тамақтар: тұздалған, маринадталған тағамдар, манна жармасы, макароннан жасалған тамақ, инжир, жүзім.

Жалпы калория – 2400 ккал болуы керек. Науқас тамақты күніне 6 рет қабылдайды.

10-диета

Бұл диетаны мына төмендегі көрсетілген ауруларға пайдаланылады:

  1. Жүрек-қан тамырларына
  2. Бүйрек жедел және созылмалы қабынғанда
  3. Артерия қысымы көтерілгенде

Бұл диетада науқасқа ас тұзының және ішетін сұйықтың мөлшері азайтылады. Науқас ақ бидай наны, шай, кофе, көкөністен, жемістен дайындалған сусындар, сүт, қатық, сары май, майсыз ет қабылдауы керек. Тағамның жалпы калориясы 2500-2800 ккал. Науқас тамақты күніне 5-6 рет аз-аздан бөліп-бөліп қабылдауы керек.

11-диета

Бұл диетаны өкпе туберкулезімен ауырған науқастарға пайдаланылады. Бұл диетаның ерекшелігі науқасқа берілетін тағамдардың барлығы барынша белокқа, майға, көмірсуға бай болу керек. Өйткені туберкулезбен ауырған адамның жалпы организмінің туберкулез микробына қарсы күресу қабілетін жоғарлату қажет. Сондықтан бұл диетаның артықшылығы тамақтың түрлерін тежеу, азайту деген болмайды. Тек үйрек, қаз еттерән жеуге болмайды. Жалпы калория 3800-4000 ккал. Тамақты күніне 4-5 рет.

12-диета

Бұл диета нерв жүйесі ауыратын науқастарға пайдаланады. Қазір бұл диетаны әдейі тағайындау қиын, өйткені нерв жүйесінің бұзылуынан дененің ішкі мүшелерінің қызметі бұзылады. Сондықтан қандай мүшенің жұмысы нашарласа сол мүшеге тән диетаны тағайындайды.

13-диета

Бұл диетаны мынадай ауруларға пайдаланады.

  1. Жұқпалы аурумен жедел ауырғанда
  2. Денесінің ылстығы көтерілгенде
  3. Соқыр ішекке операция жасағаннан кейін 2-3 күн өткенде
  4. Асқазанға операция жасағаннан кейін 8-9 күн өткен соң осы диетаны тағайындалады

Бұл диетадағы тағамның жалпы калориясы төмен, соған байланысты белок, май, көмірсу аз. Жалпы калория 2200 ккал болу керек. Тамақты науқыстың жағдайына қарай күніне 5-6 рет аз-аздан, бөліп-бөліп берген дұрыс.

14-диета

Бұл диетаны зәрдің құрамында фосфор көбейіп, оның реакциясы сілтілі болса және фосфорлы-калий тұзының тұнбалары болған жағдайда пайдаланады. Бұл диетаны пайдаланудың мақсаты, біріншіден, зәрдің қышқылды реакциясын қалпына келтіру және фосфор тұнбаларының пайда болуына жол бермеу. Науқасқа ет, балық, нанды беруге болады, ал сүт, қатық, қаймақ, көкөніс, өткір ащы тағамдарды беруге болмайды. Науқас тәулігіне 1-2 л дейін сұйық ішу керек.

15-диета

Бұл диетаны аурудың барлық түріне қолдануға болады, егер арнаулы диетаны қажет ететін ауру болмаса және асқазан қыщметі дұрыс болса. Бұл диетаның ерекшелігі тамақтардың түрлеріне шек қойылмайды. Сондықтан тағамның құрамы физиологиялық қалыпта болуы тиіс. Тамақты қабылдау тәртібі күніне 4-5 рет. Жалпы калориясы 3300 ккал.

0-диета

Бұл диетаны асқазанға, ішекке, өкпеге, жүрекке жасалынған операциядан кейін тағайындалады. Бұдан басқа, егер науқастың есі кіресілі-шығасылы болса, миға қан құйылса, ми зақымданғанда да осы диетаны қолданады. Бұл диетаның ерекшелігі калориясы аз ал тамақ құрамындағы белок, май, ас тұзы аз мөлшерде болады. Берілетін тамақтардың түрлері: қант салған шай, жемістен дайындалған кисел, күріш ботқасы, сорпа, әр түрлі жеміс шырындары. Тамақты 3 күн қатарына жиі-жиі күндіз де, түндн де беріледі.

Емдік тамақтандыруды кең қолдану жалпы терапия кешенінің ең маңызды жағы.  Адам  ағзасындағы үздіксіз өзгерістер қабылдаған тағам құрамына тікеелей байланысты. Тағам ағзасына берілетін ақуыз, энергия, май, көміртегі, минералды тұздардың қайнар көзі болып табылады. Олар ағзасындағы жасушалар мен ұлпалардың түзілуіне және қалыптасуына, жаңартуына басты қызмет атқарады. Тағам тотығуынан пайда болған заттар көзі. Ол тағамның масса бірлігі болып кДж есептеледі. 1 г ақуыздың ыдырауынан 17 кДж энергия бөлінеді. Бұл көрсеткішті табу мақсатында, көміртегі бөлінетіні есептеліп шығарылған.

Ақуыздар

Жасуша және оның маңайындағылар негізі болады. Ақуыздар – негізігі өміртасушылар. Адам ағзасындағы 85% кепкен заттар ақуыздарға жатады. Ақуыздың бұзылған бөлшектерін құру үшін және жаңа жасуша үшін адам ылғи ақуызға зар болады. Адам ағзасына олар азоттың жалғыз қайнар көзі. Фермент, гармондар ақуыздан құралған, тұқымқуалаушылық ақпаратты беруіне, жасушаның тыныс алуына, бұлшық еттің жұмысына қатынасады, оттегі тасымалдаушы, ағзаны микроб пен вирустардан қорғайды. Ақуыздар көбінесе 20 аминқышқылдардан тұрады. Соның ішінде 8-і ағзада жасалынбайтын, айырбасталмайтындар, сондықтан олар тағамдар арқылы түсуі мүмкін. Қалған ақуыздар адам ағзасында азот алмасу процесі кезінде жасалынады. Әр түрлі тағамдардың да ақуыздар аминоқышқыл құрамы әр түрлі болады. Сондықтан ағзаны түрлі аминоқышқылдармен жетістіру үшін тағамдардың кең ассортиментін қолдану жөн. Сол арқылы ағза ақуызды қажетсінуін жануарлардан алынған өнімдерден толтырады. Тағамдардың ақуыз құрамын білгеннен кейін әр түрлі комбинацияны қолданып, адамға қалыпты аминоқышқылдар жеткізуге болады. Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы – тәулік бойынша 1-1,5 дене мөлшеріне тең. Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1г аздау болады. Ақуыздың қажеттілігі физикалық, жүйке мен көңіл-күй жағдайы ауырлағанда, тоңғанда, қызғанда көбеюі мүмкін.

Емдік тамақтандыру. Науқас тамағы