Эмоциялар мен сезімдер
Эмоциялар мен сезімдер.
Түйсік, ойлау, ес , қиял т.б. процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарды бейнелеудің түрлі формалар екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екені бізге белгілі. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл – күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының адамның
қажеттеріне сәйкес келу – келмеуінің
нәтижесінде пайда болып
Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым – қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи – әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей билогиялық сипаттағы құбылыс., бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – қарама – өарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне – бірі қарама – қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп – қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерешелігі – жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қрама – қарсы сапаларының бірі. Мәселен , студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш – жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осфлайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда баййқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін масасыздану кезеңі дейді. Оның күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне да нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, онық жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әртүрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез – құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.
Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан – тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш,сүйіспеншілік, көңіл – қоштық т.б. Осындай эмоцияларлардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар – белсенді әрекетке азды – көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу – өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың
барлығы ортақ басты бір
Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбін кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты блып жатса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке – жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір – тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптеп айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат – шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәрсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын өоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңғы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңіден азады» деген мақалдар тегіннен – тегін айтылмаған. Ерік – жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік – жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болуы керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардың өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу – мұғалім үшін аса қажетті сипат. Төменгі сынып оқушыларының мұғалімінің қасы –ен қабағына қарап отыратыны белгілі. Гер мұғалім көңілсіз, кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бір түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бүрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайынды өтеді. (мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.) М. Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:
«Орынсыз жан таласып кейде бекер,
Жұламын тимұрынды қолым жетер...
Сонан соң әлім кетіп жерге құлап,
Еңіреп егіл – тегіл, жаттым сұлап.
Кеміріп жердің дымқыл топырағын,
Шықтай қып жерге төктім жасты – ай бұлақ».
Аффект кезінде
адамның «есі шығып » кетпейді.
Дені сау адамдарда болатын
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік орны рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терң, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттіліктуғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол » , - деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психиологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин « Сараң сері» драмасында Альберттің образы арқылы, құлқынын ақша тескен адамның «құмарлығын» былайша суреттейді:
«Е, менің әкем үшін ақша малай да емес, дос та емес,
Бас иетін қожасы, өзі қызмет етеді,
Еткенде қандай десеңші!
Алжирдің нағыз құлындай,
Шыншырлаулы төбеттей!
Иттің суық жатағында тұрады.
Қорегі оның қара су мен кепкен нан,
Көз ілмейді түн бойы, жүгірңдң арсылдап,
Ал алтыны жатыр сандықтарда мызғымай ».
Жоғары сезімдер адамға тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез – құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да, құрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір – біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана – сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т,б, жатады. Ар – намысты қорғау – адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі, көбінесе, қайсар, әжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау – адамның тек өз басын қадір тұтқаннан туындамайды. Ар – намысты қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар – ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық – екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша – кісі кейде «кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай... ұйқыдан, тамақта қалатыны да болады». К. Маркс қятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен. Ал Абай ұяттың екі түрі бар дейді: оның бірі – надандықтан туатын, екіншісі – жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер – қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят ақыл – парасаттың ісі. «Өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына айылын жимаса, мәдениетті, ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары мен ұяты ақылынының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата – ананың жақсы сөзі мен іс – әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс – әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен ар – намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, онда ожданы көтермей, қатты қиналады да, бұларды орындай алса, оған жақсы рақаттанып, масаттанатын болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес келеді.
Жоғары сезімдердің екінші бір түрі – эстетикалық сезімдер.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу,сымбатты,өмірге үйлесімді,әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы,көркем – өнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, керексіз нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді » (М. Жұмабаев). Эстетикалық сезімдер, сондай – ақ , сурет полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, - дейді әл – Фараби, өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету ». Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында С. Торайғыров былайша сипаттайды: «Халықтың арғы - бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң – мұқтаждарын зарлап, кем – тетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы – жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті айналары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шартта – шұрт қол шапалақтасып ... тарқайды » .
Осы үзіндіде ақын
жақсы ән мен тәтті күйдің
қандай тас көңілді болса да
жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны,
көзден жас ағызатыны, бойды
балқытатыны т.б. адам
Эстетикалық сезімдердің мазмұнын да қоғамдақ – әлеуметтік жағдайлар билейді. Н. Г. Чернышевский мұны төмендегідей әсерлі сөздермен жақсы түсіндірген: орыс шаруасы өзінің жұмыстан пайда болған күсті қолын, жуан білегін, мығым денесін, кең жауырынын мақтан етсе, дворян бикештері өздерінің сыңқылдап наздануын, ақ саусағы мен бұраң белін, қиылған қасы мен оймақтай аузын, ерекше нәзіктігін, еңбекті сүймейтіндігін мақтан етеді. Н. Г. Чернышевскийдің айтып отырған сұлулық жөніндегі пікірлері қарама – қарсы екі таптың өмірге көзқарасы. Сөйтіп, өмірдегі сұлулықты, көркемдікті барлық адам бірқалыпты сезінбей, әркім өзінің таптық тегіне, тарихи дәуірге, нақтылы тарихи жағдайға сәйкес сезінеді.
Жоғары сезімдердің бұдан басқа бір түрі – интеллектік сезімдер. адамның тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция ықтималдық, жаңашылдық, болжау және т.б. сезімдер жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми – зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуға пайда болады.
Мұғалімнің
басты міндетінің бірі – оқушылар
санасында интеллектік
Адамдардың
сезім саласындағы
Психология сезім саласындағы мұндай шексіз жеке ерекшеліктерді тере бермей,адамдарда типтік ерекшелік ретінде қалыптаса бастаған сезім түрлерін зерттеуді қарастырады. Адамдардың сезімдерді, өзінің бағыты, тереңділігі, тұрақтылығы, әсерлілі тәрізді жағымды сапаларымен құнды болмақ.
Эмоциялар мен сезімдердің дамуы және қалыптасуы.
Балалардын қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап – ақ көрінеді. Бала есейген сайын эмоцияялар біриіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар бала қол – аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт – бес жасар балаларда жоғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» - деп жауап береді.
Төрт жасқа аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп : «сен сұлусың », - дейді. Бес жасар бала түрлі түстерден құралған суреттерді ұнатады; шешесіне: « терезені жаппай тұра тұр, күн қандай сұлу», - деп оның батуың тамашалайды. Бала сапанға қарап : «мынау одан да әдемі!» - дейді. Әрине, осы көріністерді бала өзінше ұнатады, ол нәрсенің сыртқы жағын ғана тамашалайды. Алғашқы кездегі эмоциялар органикалық қажеттің (тамақ, ұйқы т.б.) төңірегінен алысқа бара алмайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой – әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары, әсіресе, ерік – жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез – келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін өқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік – жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, қған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайларда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мектепке баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез – келген баланың арманы.
Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте – бірте күрделене түседі, олар кқңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді. Отанды, туған елінсүю сезімдері көріне бастайды. Осындай сезімдерді тіпті бірінші сынып оқушысынан да байқауға болады. Мәселен, оқушылардың «Мен Қазақстанда тұрамын», «Біздің бәріміз де Қазақстанда тұрамыз», деген шағын пікірлерінің өзінен де осы іспеттес сезімдердің ірге тасы қалана бастағанын көруге болады. Бала сыныптан сыныпқа көшкен сайын моральдық сезімдерінің шеңбері кеңи түседі. Мәселен, жер жүзіндегі кейбір елдердің еңбек адамдарының халіне күйзелетінін, олардың ортақ мүддесі бір екенін аңғара алады. Бұдан былай балалардың Отан, ұжымдық туралы түсініктері белгілі мәнге ие бола бастайды. Мәселен, төртінші сынып оқушысына «интернационализм» деген сөзге қалай түсінесің десең, ол: «Бұл барлық ұлттардың бірдейлігі, біздің сыныпта оқитын қазақ, орыс, украин, еврей балалары бір – бірімен өте тату тұрады», - деп жауап берген. Екінші бір оқушыдан: «Ұлттық мақтаныш дегенді қалай түсінесің?» - деп сұрағанда, ол: «Бізде жоқ емес зат жоқ, бізде қорғасын да, темір де, көмір де, нан да, ет те мол. Шетелдердің бірде – біреуінде мұндай емес. Біз соған мақтанамыз», - дейді. Осы жауаптар төртінші сынып оқушыларында өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасып қалғанына жақсы дәлел бола алады. Осы жастағы балалардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға (мектеп алаңын көгалдандыру, темір – тесек, ескі – құсқы қағаз жинау, балалар бақшасын шефке алу т.б.) белсене қатысуы да моральдық сезімдердің жақсы нышаны екені белгілі.
Ұжым өмірі балаларда борыш, жауапкершілік, ар – ұят сезімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүддені ұжым мүддесіне бағындыра алу – ең тамаша қасиет. Балаларды осындай борыштық, жауапкершілік сезімге баулу да мұғалімнің басты міндетінің бірі. Оқушылар қоғамдық тапсырманы бүкіл сыныптың оған сеніп тапсырған жұмысы деп есептейді де, мұқият орындап отыруды өзіне мақсат етеді және зор мақтаныш тұтады.
Төменгі сынып оқушыларында ұялу сезімдері де онан сайын жетіле түседі. Ұялу – баланы жағымсыз іс – әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның элементі мектеп жасына дейінгі балаларда да жақсы байқалады. Мәселен, екі жасар балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды не анасының артына тығылады. Әрине, мұны шын мағынасындағы ұялу деуге болмайды. Бұл – баланың танымайтын адамға тосымауы, немесе осы жастағы балаларға тән жасқаншақтықтың бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте – бірте сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа ұялшақтық, не керісінше, көкіректік, басқаны сыйлауды білмейтін паңдық қасиеттердің де қалыптасып кетуіне себепші болады.
«Жақсы», «жаман» деген сөздердің мәнін айыра бастауы балада ұялу сезімінің қалыптасып келе жатқандығын байқатады. Мәселен, таза жүріп – тұруға дағдыланған кейбір балалар ойнап жүріп үсті – басы былғанып қалса, бұған қатты қынжылады, ол, әсіресе, әке – шешесінен қатты қысылады. Мұндайда оған жақтырмаған пішін көрсету не зілсіз ескертпе жасаған абзал. Бұл онда ұялу сезімінің беки түсуіне себепші болады.
Мектепке түскен баланың ұялу сезімі жаңа мазмұнға түсіп, күрделенеді. Енді бала өзінің түрлі ағат істеріне бүкіл ұжым алдында жауап беретінін, мұнын оңай нәрсе еместігін аңғаратын болады. Тәжірибелі ұстаз баланың ұялу сезімін аса сабырлылықпен ескеріп отырады, өйткені туысынан жүйке жүйесі әлсіз, босаң балалардың ұялу сезімін елемесе, қиын халге ұшырайды. Әсіресе, не болса соған ұяла беретін балалардың психологиясына мұғалім байсалдылылықпен қарауы қажет.
Баланы ұялта беру де дұрыс емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды. Мұғалім баланың ұялу сеніміне асқан сақтықпен қарауға тиіс. Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектіктен болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап, ұялту қате. Бала өзінің жағымсыз іс – әрекетінің мәні неде екенін, қандай тәртіпті бұзғанын айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік әсері болады. Кейбір мұғалімдер баланың ағат істерінің шығу төркінін текскрмей – ақ, оны ұялта бастайды. Сондай – ақ, баланың өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялтатын болады. Мұндай «әдістің» екеуі де дұрыс емес.
Бастауыш сынып оқушыларынан
достық, жолдастық сезімдердің
Үшінші, төртінші сынып оқушыларында жолдастық, достық қарым – қатынастары тереңдей түседі. Бұл кезде олар моральдық мінез – құлықтың нормаларынан біраз хабардар болады, кейбіреулерін іс – жүзінде орындай алуға қабілеті жетеді. Осы кезеңде балада қызығулардың түрі кең өріс ала бастайды. Бұл оның достық жолдастық сезімдерін белгілейтін мотивтердің бірі болып есептелінеді. Мәселен, кітап оқуды ұнататын екі бала бір – бірімен достасады, бірінің оқығанын екіншісіне айтады, өзінде жоқ кітаптарды бірі екіншісінен алып тұрады, бңрге жүріп, бірге ойнағанды, да тәуір көреді. Өзінің жолдасына пайдалы іс істеу жағын ойластыру, досқа қамқорлық жасау, оның ащы – тұщысына ортақтасу – осы кезеңдегі балалардың психологиясынан жақсы көрінеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының моральдық түсініктері олардың мінез – құлық нормаларын орындай білуімен сәйкес келе бермейді. Моральдық ұғымдарға түсінгенмен, қай жерде қалай қолданатындарын біле қоймайды. Сондықтан мұғалім моральдық түсініктерін практикамен байланысу жағына көңіл бөліп, оқушыларды осыған үнемі жаттықтырып отырған жөн.
Төменгі сынып оқушыларында интеллектік сезімдер де байқалады. Алғашқы кезде мұндай сезімдер оқу процесінің мазмұнынан оқшауырақ тұрады. Бірақ бала біртіндеп өзінің оқудағы міндетін түсіне, оның нәтижесін көре бастаған кезде, оқуға қызығушылық пайда бола бастайды. Бір сабақты басқасынан жақсы көріп, көбірек қызығып оқиды да, мұндағы өзінің табысына рақаттанады. Бұл ондағы интеллектік сезімнің нышаны. Интелектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан, өз бетімен шығарған есебінен ләззат алып отырмаса, оның эмоциясы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін. Мұғалім осы жайды әр кез есәнде қатты ұстауы қажет.
Сабақ үстінде, сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп отырудың да, қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамытатын мүмкіндіктер бізде мол. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суреттер мен иллюстрациялар, музейлерге, экскурсияларға апару, табиғатқа байқау жүргізу, кинотеатрларға бару, көркем әдебиет кітаптарын оқу, радио тыңдау, телевизор көру т.б. төменгі сынып оқушыларының эстетикалық сезімдерін тәрбиелеуде таптырмайтын әдістер. Мұғалім балалардың көркем әдебиеттерді, музыкалық шығармаларды қабылдауы әлде де нашар екендігін, көркемдік мәнін түсіне қоймайтындығын сезісімен оны болдырмаудың тәсілін ескеруі тиіс. Мәселен, бірінші сынып оқушылары жеке заттардың әдемілігіне көңіл аударады да,, композициясына, яғни суретші осы шығармасында нені көрсеткісі келгеніне зейңн айдарады. Жеті – сегіз жастағы балалар музыкалық әуендер мен дыбыс үйлесімдеріне көңіл бөле бастайды. Өлең, ән – күй сабақтарында мұғалім оқушылардың есту қабілетін, музыкалық сезімталдығын кеңейтіп отыратын болса, бала әнді ырғағына, нақышына келтіріп дұрыс айтуға дағдыланады, музыканы тыңдай білуге машықтанады.
Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуға сурет сабағына бөлінген сағаттарды тиімді пайдаланған дұрыс. Бала құбылыстар мен заттардың өзіне тән типтік белгілерін : пішінін, пропорциясын, көлемін, түсін, нендей материалдан істелгенін білу арқылы өмір әсемдігін көре біледі. Мұғалім түстердің бір – біріне үйлесімді келуінің қандай маңызы бар екендігін түсіндіргенде (мәселен, жасыл жарық түсті қызыл түспен араластыру адамның көңілін сергітеді, қара мен күлгіннің қосындысы керісінше, көңілсіздік туғызатынын) түрлі түсті суреттерден, балалардың киімдерін, сынып әшекейінен мысалдар келтіріп отыруына болады.
Эстетикалық сезімдерді дамытуда табиғаттану сабақтарының, алатын орны да зор. Бала табиғат құбылыстарын өнер туындыларымен танысу кезінде байқайтын болса,оның танымы кеңейе түседі. Мәселен, музыка тыңдау, сурет галереясына бару, көркем әңгіме мен өлең оқып, осыдан кейін табиғатқа экскурсия жасаса, бұл баланың эстетикалық сезімін қай жағынан болса да дамыта түседі. Өмірдегі көркем заттар табиғаттағы әсемдікті сезіне білуге әсер етсе, табиғат өз тарапынан өнер шығармаларын көре, түсіне, тыңдай білуге қолайлы жағдай туғызады.
Балалардың эстетикалық талғамын иек осы айтылғандар ғана туғызып қоймайды. Оны тудыратын себептер сан алуан. Мәселен,адамның қолынан істеліп шыққан әдемі нәрселер де, еңбек романтикасы да, еңбек адамдарының ерлік істері де эстетикалық сезімдерді тудырып отыратын қуатты факторлар болып есептелінеді. Жер бетіндегі байлықты, әсемдік атаулыны жасайтын - адам. Адам араласпай бұлардың бірде – біреуі әсем де сұлу да бола алмайды. Сондықтан да эстетикалық сезімдердің басты бұлағы адамдар екенін балалар жақсы ұғатындай болсын.

- Эмоцияның дамуы
- Эмоция туралы
- Эмпайр-стейт-билдинг
- Эмпайр Стейт Билдинг
- Эмпатия
- Эмпатия
- Эмпиический маркетинг
- Эмоциональный интеллект
- Эмоциональный интеллект
- Эмоциональный интеллект и исследовательские способности
- Эмоциональный стресс как фактор расстройства социальной адаптации
- Эмоциональный стресс как фактор, способствующий возникновению психосоматических заболеваний
- Эмоция безразличия
- Эмоция и человеческая деятельность А.С.Пушкин