Гроций Гуго

Гроций  Гуго

 
 

      Гроций  Гуго (1583-1645) - 90-нан астам мемлекет пен қүқық тарихы теориясына арнаған еңбектері бар. Заң мәні, Гуго Гроцийдің пікірінше, қүқық пен әділеттілік мәселелері; ал саяси ғылым мәні пайда мен дұрыстылық.

  • Мемлекет - ерікті адамдардың жетілген одағы, қүқықтарды және ортақ пайданы іске асыру үшін жасалған. Мемлекетке дейінгі кезең табиғи жағдай деп сипатталады. Яғни, бүл кезеңде жеке меншік болмағанда, адамдар "үлы қарапайымдылықта" өмір сүрген, "мүлік ортақ" болған.
  • Әлеуметтік түрғыдан мемлекет - көпшіліктің азшылыққа қарсы келісімі, әлсіздер мен қаналушылардың әлділер мен күштілерге қарсы одағы.
  • Жоғарғы билік мәні - бүл биліктің қызметі басқа билікке бағынбайды және басқа биліктің шешімі бойынша өзгеруі мүмкін емес. Сонымен, жоғары билік деп егеменді билік түсіндірілген.
  • Жоғарғы биліктің жалпы әкілі - бүтіндей мемлекет, ал іс жүзінде іске асырушы бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Бүл эр халықтың қалыптасқан заңына байланысты болады.
  • Егемендік - мемлекеттің ерекше белгісі. Мемлекетті басқару түрлерін патшалық билік, белгілі ақсүйектердің билігі, ерікті азаматтардың қауымы, демократиялық республика деп жіктеген.

      Жалпы Гуго Гроций басқару түрлеріне аса мән бермеген. Ол қандай басқару болса да адамдардың еркі қалай іске асады соған қарап бағалануы керектігін кәрсеткен. Бірақ соған қарамастан тирандық билікті қолдамаған, ал жеке адамның билігі мен аристократиялық билікті оң, дүрыс деп таныған. Елді Испания езгісінен азат етуде кальвинизм маңызды роль атқарғанымен орта топтың едәуір бөлігінің қолдауына ие болған олар республикалық партияға қарсы күрес жүргізді. Ой еркіндігі мен діни сенім бостандығына қарсы бағытталған жаңа саясат кальвинизм шіркеуінін мүдделеріне қайшы келді. XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы феодализм мен абсолютизмге күйрете соққы берді, көптеген феодалдық тәртіптерді жойып, конституциялык монархияға жол аштты республикалық басқаруды орнатты және капиталистік қатынастардың кен өркен жаюына мүмкіндік жасады. Ағылшын революциясы өзіндік сипаты мен ерекшелігі жағынан белгілі болды. Революцияның негізгі қозғаушы куші болған қала буржуазиясы жаңа дворяндар-джентрилермен одактаса білді. Революция жағында сонымен бірге кала кедейлерінен ұсақ буржуазия және шаруалар күресті. абсолюттік құрылысты жақтаушылар катарында ескі дворяндар мен ағылшын шіркеуінің жоғары басшылығы болды Революцияға қатысқан әрбір коғамдық топ өздерінің саяси бағдарламалары мен талаптарын қойды. Олардың бұл бағдарламалары мен талаптары өзінің теориялық құрылымы мен мазмұны және әлеуметтік-таптық мүдделері жағынан бір-біріне мүлдем ұқсамады. Идеялары мен көзқарастары бойынша оларды дін ғана біріктірді. Лондонның бай көпестері мен банкирлері және буржуазияланған дворяндар тобының мүддесін пресвитериандардың діни-саяси партиясы колдады. Пресвитериаңдар конституциялық монархияны, шіркеуге аздаған реформа жасауды, король билігін шектеуді қолдаса индепенденттер республикалық құрылысты, шіркеудін жерін тәркілеуді, саудаға байланысты кедергілерді жоюды, шіркеуге кен көлемде реформа жүргізуді ұсынды. Иңдепеңденттердің ал-ғашқы кездегі көсемдерінің бірі — О. Кромвель болды. Индепенденттердің көзқарастары Дж. Мильтон, О. Сидней, Дж. Гаррингтон және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. Джон Лильберн көсемі және идеологы болған левеллерлер партиясы сайлау жүйесін демократияландыруды, сауданын толық бостандығын, барлығының зан алдында тен болуын, парламент өкілдігін кеңейтуді талап етті. Олардың саяси бағдарламасынан буржуазиялық рсволюциялық демократияның тұжырымдамасы айқын көрінді. 

   Гуго  Гроций жана заманның (табиғи және халыкаралық құқықтың)  ерте буржуазиялық ілімінің неігізін қайталаушылардын бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы.

   Құкықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттық пен пайда мәселелері болып табылады. Ол құқықтануға "ғылыми форма" беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құкықтар уақыт ағымы-на қарай өзгермелі келеді (мысалы, мемлекеттің келісім арқылы орнығуы, мемлекеттік зандар, халыктар құқығы және т.б.)- ал табиғаттан шыққан құкыктар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінін ерік қайнар көзі бар "табиғи, өзгеріссіз" бөлігін басқалардан айыра білу кажеттігін атап көрсетеді.

   Кұқық зорлық-зомбылықтық болу қатерінен  құтылу үшін күштілердін қорқынышынан пайда болған және ол күштілерге ғана пайдалы, әділдік солардың ғана мүддесін қорғайды деген үғымға қарсы бола отырып, Г. Гроций өзінің шарт концепциясында мемлекеттін шығуы мен оның заңдары табиғи құқыктың болмай қоймайтын түрмыстық нәтижесі екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның айтуынша адамдар арасындағы келісімді сақтау кажеттігінен немесе олардын қандай да бір қауымдастықка кіруі жөніне бірінің екіншісіне бағынышты болуынан, олардың өзара ауыз екі уәделері болу себептерінен мемлекет ішіндегі құқықтар пайда болған. Саяси салада табиғи жағдайдан "азаматтык қоғамға" және мемлекетке өту кезеңінде әділдіктің құқықтық прин-ципіне мүдденің саяси принципі қосылады.

   Аламдардың  әділдікті күшпен мойындауы туралы ережесі әлсіздердің өз құқықтарын ұлғайту және болашақта олардың да күштілермен бір қатарға тұру ниеттеріне жету үшін ал құқықтарын пайдалануға жағдай жасайтын заңдар мен тәртіп нормалары болып табылады, яғни Гроций бойынша "құқық күштінің ғана еркі".

   Гроцийдін ежелгі грек софистерінен шығатын бүл  тезисі қүқықты жасауды   емес, оны сыртқы құралдар арқылы нақты жүзеге асыруды, адамдардың келісімі арқылы құрылған мекемелер мен таланттарды, мемлекетті, заңдарды және т.б. білдіреді. Оның айтуынша "мемлекет — ерікті адамдардың жалпы мүдделері мен құқыктарьн қорғау үшін құрылған одағы", оның шы-ғармаларында адамдардын мемлекетке дейінгі өмірі "табиғи жағдай" ретінде сипатталады.

   Адамдардын, түрлі кәсіппен, қолөнермен, онермен  шұғылдануы, бүрьнғыдан әдемірек тұруға тырысуы алдымен жылжымалы мүлікке, кейіннен жылжымайтын мүлік арасында өзара бөліске алып келді. Дамудың осындай нәтижесінде жеке меншіктін пайда болуын Г. Гроций олардың "елдебір келісімі" немесе үғынуы, әлде олардың үнсіз иеленуі, яғни, олардың әрқайсы-сының өздеріне алып үлгерген меншіктеріне бәрінің келісуі деп түсіндіреді.

   Г. Гроцийдің  саяси-құқықтық ілімінің едәуір бөлігі халықаралық қатынастарға, әлемдік бейбітшілік мәселелеріне арналған. Ол бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі бостандық пен бейбітшілік мәселесі деп есептелді.

   Соғысты әділетті және әділетсіз деп бөлген ол, "барлық соғыстың басталуы құқықғының бұзылу салдары" деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлекеттің тұтастығын сақтау және дүниемүлікті қорғау соғыстарын, ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық,  басқаның дүниесін тартып  алу басқа халыктарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Ол әділетсіз соғысты жүргізушілер "өздерінің жасаған зұлымдық әрекеттері мен зардаптарынан болған шығынды" төлеуі тиіс деп есептеді Олар соғыстын барлық ауыртпалығы мен зардаптары үшін адамзат алдында жауапты. Оның әлемдік қауымдастықтын жаңа түрін қалыптастырудағы халықаралық құқық туралы еңбектері оған "халықаралық құқыктың атасы" деген атақ берді.

   Ерте  буржуазиялық саяси және құкықтық ілімінің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Гроций қомақты үлес қосты. Оның саяси-құқыктық тақырыптағы басты еңбектері "Діни-саяси толғау", "Саяси трактат", "Декарт философиясының қағидалары", "Гео-метриялық әдіспен дәлелденген этика".

   Гроций "Діни-саяси толғау" трактатында Библияның ғылыми сынының негізін салды "Екі ақиқат" концепциясын басшылыққа алған ол нағыз шындықты танып білуде Библияның көмегі шамалы деп есептеді. Онын айтуынша, адамдардың шындықты тек Библия мен шіркеу догмаларынан ғана іздеуі олардың адасуына жәнә өздерінің құқықтарын пайдалана алмауына әкеліп соғады

   Шындыкты  іздеудің бірден-бір жолы Гроций ілімі бойынша ақыл-ой мен сапа ғана болып табылады. Ал мемлекет және құқық мәселелерін қарастырғанда оны танудың сол саладағы өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеді

   Гроций бойыпша адам — табиғаттың бір бөлшегі — адамға және барлык табиғатқа табиғи заңдылықтар мен қажеттіліктер бірдей дәрежеде тон болып табылады.  

   Бірақ барлық адам үшін жалпы құқық орнықпаған табиғи жағдайда олардын қауіпсіз өмірі мен мақсат-мүдделерін жүзеге асыруы мүмкін емес.  Яғни, жалпы үйлесімділікпен адамдардың қоғамға және мемлекете бірігуіне жағдай жасалынып отырады.

   Гроцийның ойынша саясат туралы бұрынғы ілім авторлар қателігі адам табиғатын зерттеуден адамдарды табиғи күйінде емес, оларды өздерінен калай көргісі келгендігінен болып табылады. Осындай қателік салдарынан олар саясат теориясын жасай алмады да армандаған "алтын ғасыры" мен "Күн қалалары" сол заманда жүзсге аспады.

   Адамзат тарихының тәжірибесіне сілтеме  жасай отырып, Гроций барлық адамдар әрдайым бір-бірімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір азаматтық жағдайда катар өмір сүреді деп атап көрсетті. Сондықтан да мемлекеттін табиғи негізі мен себебін ақыл-сананың нәтижесінен емес, жалпы табиғаттан нсмесе адамдар қатарынан іздеу керектігін айтады.

   Азаматтық қоғамның айрықша белгісі — жоғары биліктің, яғни мемлекеттін бар болуы. Бұл жерде жоғары билік ретінде мемлекеттің егемендігі туралы айтылып отыр.  Мемлекеттік шарт теориясының басты ерекшелігі, "әркімнің азаматтық қоғамдағы табиғи құқығы токтатылмайды", өйткені, адамдар табиғи немесе азаматтық қоғамда болсын табиғат заңдары бойынша әрекет етеді, өздерінің мүддесін ойлайды, сондай-ақ оларды қорқыныш пен үміт сезімі билейді. Азаматтық қоғамда мемлекет бекіткен табиғи құқықтар әрекет етеді, яғни барлық адам үшін жалпы заңдар мен тұрмыс зандары, жалпы кепілдік пен кауіпсіздік кепілдігі пайда болады, барлығы бір ғана жоғары биліктен корқады.

   Жоғары  билік барлық адам басшылыққа алатын мемлекеттің жалпы рухы боп танылады. Жоғары билік қана жске және барлық адамдар үшін ненің қайырымды немесе кайырымсыз, нс нәрсе жаман, не нәрсе жақсы, әділдік қайсы, әділетсіздік қайсы, нені істеуге болады және болмайтындығын шеше алады.

   (Гроций ілім авторларының адам табиғатын зерттеудегі қателігі мынада — олар адамдарды табиғи күшінде емес, өздері ойлаған күйде көруге тырысты.)

   Гроцийның "жеке азаматтық құқығы" әркімнің жоғары билік жарлығымен белгіленген дәулетін сақтау бостандығы мен оны мемлекет арқылы қорғай алуы болып сипатталады. Жеке азаматтық құқык жоғары биліктің азаматтық қоғам жағдайында жеке тұлғаларға берген рұксаты болып табылады.  Мемлекет рұқсат еткен табиғи кұқықтардан басқасын пайдалануы қылмыс болып саналады.

   Гроций адам бостандығын рұқсат ету шегімен емес, оның ақылға қонымдылығымен анықтауды ұсынады. Өйткені, адам бостандығы табиғи қажеттіліктерді тани білу шекарасының негізінде ғана мүмкін деп есептсйді. "Ерік пен сана — бір нәрсе" деп атап көрсетті Гроций. Бұл концепция бойынша саналы ерік қана еркін бола алады. Адам өзінің саналы ақылымен әрекет етсе ғана еркін болады. Өйткені, ол ілімнің әрскеттерін соған қажетті біліммен ғана іске асырады.

   Мемлекеттің түпкі мақсаты да адамдарды қорқыныштан  арылту, олардың қауіпсіздігі мен табиғи құқықтарын өзіне және басқаларға зиян келтірмей қорғай білу. Мемлекеттің өзін сақтау мақсатында жасаған ақылға сыйымсыз әрекеттері, яғни адамдардың табиғи күқықтарын кейбір жағдайда бұзуы немесе қорғай алмауы қылмыс болып табылмайды. Өйткені, мемлекетті сақтау жалпы игілік үшін жасалған ортақ мүддс боп табылады.

   Гроций мемлекетке бағыныштылардын билікке қарсылық білдірудің, бекітілген келісімдер мен заңдарды бұзуын макұлдамады, Ал билік басындағылардың өздерінің зандарды бұзуы көпшіліктің наразылығын туғызады, "мемлекеттің қиратылуы мен келісімдердін бүзылуына" алып келеді. Бүндай жағдайда Гроций халыктың көтеріліске шығуының табиғи құқығын мойындау қажет деп санайды.

   Демократиялық мемлекетке қанша бейім тұрғанымсн, Гроций сол дәуірдегі саяси шындықтан санаспай тұра алмады. Сондықтан да сол дәуірдегі биліктің ен тиімдісі және қолайлысы бірқатар қасиеттері мен белгілері бар монархия мен аристократияны деп есептеді. Монархиялық биліктің негізін ашьш көрсетуде Гроций бір адамның жоғары қүқыкка ие болуы және мемлекеттің барлық күшін пайдалануы мүмкін емес деп атап көрсетті.

   Гроций аристократиялық республиканың федератифті формасын артық деп таниды. Өйткені, республиканың фсдератифті формасында жоғары билік федерация мүшелері — қалалар арасында өзара бөлінеді.  

   "Левиафан" атты саяси философиялық трактатымсн әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды.

   Ол  өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ адам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп щығады.

   Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен өзіндік қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздеріінің құқыктарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) оздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, оңай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және мәңгі) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамаған басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

   Мемлекет  адамдардың өз өмірі үшін қорқынышынан, яғни өздерінің қорғайтын биліктің қажеттілігінен пайда болған. Яғни, мемлекет жасанды дене (левиафан) болып табылады. Мемлекеттің пайда болуынын екінші бір тәсілі — зорлық. Гоббс ерікті келісім арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деп атайды.

   Мемлекет  билеушісін егемен деп атаған Гоббс оның абсолютті билігін мақұлдайды. Жоғары билікке ие болган ол азаматтық зандарға бағынышты емес, зандарды ол өзі шығарады, олардың кушін жояды, соғыс жариялайды, бітім жасайды, дауларды шешеді, барлық лауазымды адамдарды тағайындайды. Оның билігі болінбейді және ешкімге берілмейді. Гоббс мемлекеттік билікі бөлуді қостамайды.

   Гоббстың  айтуынша мемлекет өзінің бағыныштыларына  азаматтык, заңмен тиым салынбаған іе-әрекеттің бәрін жүзеге асыруы бостандык, кепідігін береді. Билеушінін парызы — халықты жақсы басқара білу, өйтксні, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін кұрылаған. Шексіз мемлексттік билікті жақтаған Т. Гоббс абсолютизм теоретигі ретінде мемлекет формалары мәселесіне көп көңіл бөле қойған жоқ. Оның пікірінше өз халқын қорғай білген билік мемлекетің қандай формасына карамастан біркелкі. Дегенмен, ол мемлекеттің үш формасы: монархия, демократия, аристократия туралы айтады. Жеке түлғалық мемлекеттің абсолюттік билігіне бағыныштылығын қолдаған Т. Гоббс олардың кей жағдайда карсылық білдіру қүқығын, яғни, көтеріліс жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Өйткені, өзін-өзі сактау табиғаттың ең жоғарғы заңы. Өзін-өзі қорғау үшін әркім де мемлекеттік билікке қарсы шығуға қүқылы.

   Гоббстың  пікірі бойынша күшті орталықтандырылған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құрылады. Мүндай мемлекет елдегі саяси тәртіп пен азаматтардың кауіпсіздігін және түрмыс тіршілігін қамтамасыз етеді. Коғамдык шарт "бүкіл билікті шөғырландыру немесе оны бір адамнын қолына беру арқылы" ғана бейбіт өмір орната алады. Гоббс шексіз билік адамның мінез-қүлқында және көзқарасында табиғи қалыптаскан деп есептейді. "Абсолютті билікте түрған ештеңе жок, адамзат қауымы бір-бірін шектемей өмір сүре де алмайды. Қолайсыз жагдайдың болуы биліктең емес, адамдардың оздеріне байланысты".

   Шексіз  билікке ие болған мемлекет полицейлік — қорғау қызметімен ғана шектелмеуі тиіс. Оның міндеті "кәсіпкерліктің барлық түрін қолдау, жүмыс орындарын табу, елдің экономикасын көтеру, оқу-ағарту жүмыстарымен айналысу".  Әркім "азаматық заң арқылы тиым салынбаганның бәріне қүқылы". Жақсылык пен жамаңдықтың ең негізгі өлшемі — азаматтық заң, басты судья — заң шығарушы. Гоббстың ойынша азаматтардың табиғи және саяси қүкықтарының қамтамасыз етілуі азаматтык заңнын әділдігі мен шығарылған заңнын сапасынаң.

   "Мемлекеттік  баскару туралы екі трактат"  еңбегінде Дж. Локк озінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адам-дарды табиги жагдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қара-стырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен енбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Онын айтуынша, адамның жеке меншікке ие болу умтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе.

   Дж. Локктың  пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауым-дастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болган емес. Адамдар ешкімнен рүқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін кадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлык билік пен күқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артыкшылықта болмаған", тендік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиги қалыптан мемлекетке отуі табиги жағдайда қүкықтардың түраксыздыгы  туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.

   Мемлекеттің пайда болуын Локк адамдардың табиғи қу-қықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік камтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы қурган саяси кау-ымдастығы деп біледі. Бүндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халык келісімінің негізі" деп түсіндіреді.

   Мемлекет  оны қурған адамдардан саяси кауымдастықтын басты мақсатына жетуіне қажетті  және жеткілікті қанша билік керек болса, сондай мөлшерін алады. Өйткені, адамдар (барлыгы және әркім) өздерінін өмірлік мүдделерін (өмірін, денсаулығын, еркіндігін, жеке меншігін, үйін және т.б.) мемлекет аркылы қамтамасыз етуі және корғай алулары керек. Локк мемлекеттің "үлы және басты мақсаты" ретінде буржуазиялық жеке меншік қатынастарының дамуы мең оғаң қол сұғылмаушылық деп түсіндірді.

   Зандылық  режимін батыл қабылдаған ол "мемлекетте жогары билікке кім ие болса да халык келісімі бойынша жарияланган турақты заңдар аркылы баскаруды" талап етті. Зандар сол кезде "оны бәрі білген және орындағанда ғана" мемлекеттің басты және үлы мақсатына жетуіне мүмкіндік жасайды. Онын бүндай позициясы XVIII—XIX ғасырларда буржуазиялык саяси-қукыктык ойда дамытыла бастаған "күкыктык мемлекет" идеясын алдын-ала аныктаған еді.

   Қуқықтың  жоғары мәртебесі жеке түлғанын еркін  дамуы мен оған басқаның деспоттық билігімен жүгенсіз әрекетгерінің болмауын кепілдік бере алатын адам бостандығы .

   Саяси ілім тарихында мемлекеттік билікті  заң шығарушы, аткарушы және федеративтік тармақтарға бөлу идеясы Дж. Локктың үлесіне тиеді.

   Халықтың  көтеріліске шығу қүқығы туралы тезисі Дж. Локктын либералдық-буржуазиялык доктринадағы кездейсоқ айтылған ойы емес еді. Бүл тезисті жариялау аркылы ол 1688 жылғы мемлекеттік тоңкерісті (басқару формасының өзгеруін) теориялык түрғыдан актады.

   Дж. Локктың  мемлекет және қүқык туралы ілімі  өзінің күшті  жақтарымен ерте буржуазиялық революция идеологиясының классикалық көрінісі болып табылады. Оның кұнды идеялары XVIII ғасырда ағартушылық өкілдерінің еңбектерінде  пайдаланылды және одан әрі дамытылды.   
 
 
 
 
 
 

    Негізгі әдебиет:

    1.Алексеев  С.С. Философия права. –М.; 1997.

   2.История  полттических и правовых учений. Домарксистский период\

    Под ред. О. Э. Лейста. – М.; юрид. Лит. 1991.

    3.Нерсесянц  В.С. Философия права. Учебник  для вузов. – М.; Издательская  группа ИНФРА-М-НОРМА,1997.

    4 История политических  и правовых учений.\ Под ред.  В.С. Нерсесянца. – М.; НОРМА-ИНФРА  – М, 2000.

    5. Керимов  Д.А. Филослфские основания политико-правовых  ииследований. –М.; 1986.

   6. Кохановский  В.П. Философия и методология  наки: Учебник для высших учебных заведений. – Ростов н\Д.; Феникс. 1999.

    6.    Антология мировой философии. В 4-х т. Т.1. –М.; Мысль, 1969.

    7.    Антология мировой политической мысли: в 5-ти томах. Т.1. – М.; Мысль, 1997.

    8.    Черниловский З.М. Всеобщая история госуударства и права. – М.; Юристъ. 1996.    
     
     
     

Гроций Гуго