Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар
Орындаған: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 1курс магистранты А.С.Төремұратова
Астана 2013
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігі
- Қазақстан Республикасындағы топологияларды құқықтық қорғау талаптары
- Топологияға авторлық және айрықша құқық
- Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесі.
- Интегралдық микротәсімдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі Вашингтон шарты.
- Күрделі микротәсім читің даму тарихы.
- Қазақстандағы чиптің рөлі және дүние жүзі бойынша чиптің қолданылу аясы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Менің рефератымның тақырыбы интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар. Аталған тақырып негізінде - Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігін, Қазақстан Республикасындағы топологияларды құқықтық қорғау талаптарын, Топологияға авторлық және айрықша құқық негіздерін, Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесін, Интегралдық микротәсімдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі Вашингтон шартын, Күрделі микротәсім читің даму тарихын, Қазақстандағы чиптің рөлі және дүние жүзі бойынша чиптің қолданылу аясы жөніндегі тақырыптарды қамтып ашатын болам.
Рефератымның басты мақсаты Интегралды микротәсімдер топологиясы авторының немесе өзге де құқық иесінің бұл топологияны өз қалауы бойынша, атап айтқанда мұндай топологияны басқа тұлғалардың тиісті рұқсатсыз пайдалаунуына тыйым салу құқығын қоса алғанда, мұндай топологиясы бар интегралды микротәсім дайындау жолымен пайдаланудың айрықша құқығын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасындағы топологияны тіркеуге өтінім жасау, рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесінің де маңыздылығын атап өткім келеді.
Сонымен қатар күрделі микротәсім «чиптің» қазіргі қоғамда алатын орны оның пайда болу тарихы жөнінде де бірнеше мәліметтерді ашықым келеді. Қазіргі таңда чиптер адам өмірінің бір бөлшегіне айналып бара жатыр. Осы чиптердің адамзатқа қандай пайдасы мен мүмкіншіліктерін алып келуде деген сауалдарға жауап іздейтін боламын.
Жоғарыда аталған мәселелерді жік –жігімен, егжей-тегжейлі ашып, интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтардың маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндіру болып табылады.
Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтарды қорғау жөніндегі мәселе де рефератымының басты мақсаты.
Аталған мәселелер жөнінде кең мағынада барлық қажетті материалдарды зерделей отырып өз жұмысымды қорытындылайтын болам.
- Интегралды микротәсімдер топологиясының түсінігі
Интегралдық микротәсім дегеніміз
- элементтері мен байланыстары оның негізінде
бұйым жасалған материалдың көлемінде
және немесе бетінде ажыратылмастан құрылған
электрондық схеманың қызметін атқаруға
арналған аяқталған немесе аралық нысандағы
микроэлектрондық бұйым;
Интегралдық микросхема топологиясы дегеніміз - интегралдық
микросхема элементтерінің жиынтығы мен
олардың арасындағы байланыстардың материалдық
жеткізгіште бекітілген кеңістік - геометриялық
орналасуы;
Интегралды микротәсімдер топологиясы авторының немесе өзге де құқық иесінің бұл топологияны өз қалауы бойынша, атап айтқанда мұндай топологияны басқа тұлғалардың тиісті рұқсатсыз пайдалаунуына тыйым салу құқығын қоса алғанда, мұндай топологиясы бар интегралды микротәсім дайындау жолымен пайдаланудың айрықша құқығы болады.
Топологияның бірнеше авторына немесе өзге де құқық иелерене тиесілі құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы шартпен белгіленеді.
Автордың рұқсатынсыз мынадай әрекеттерді жасау:
- Интегралды микротәсімге енгізу арқылы немесе өзге де түрде, оның түпнұсқа болып табылмайтын бөлігін қоспағанда, топологияны тұтас немесе оның бөліктерін көшіріп алу;
- Топологияны немесе осы топология бар интегралды микротәсімді қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және өзге де айнлымға енгізу айрықша құқықты бұзу болып табылады.
Топологияға құқық иесінің айрықша құқығын бұзу болып табылмайтын әрекеттердің тізбесі заң актілерінде белгіленеді.
Топология авторы мынадай жағдайларда:
егер топология қызметтік міндеттерді
немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын
орындау ретінде жасалған болып табылмаса;
егер топология қызметтік міндеттерді
немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын
орындау ретінде жасалған, бірақ автор
мен жұмыс беруші арасындағы шартпен автор
тіркеуге өтінім беруге және топологияны
тіркеу туралы куәлік алуға құқығы көзделген
болса.
Өтінім беру құқығын қандай да бір құжатпен
растау талап етілмейді.
4. Өтінім, топологияны алғашқы
пайдаланған күннен бастап, егер
ондай орын алған болса, екі
жылдан аспайтын мерзімде
Өтінім тікелей уәкілетті органға беріледі
немесе поштамен жіберіледі.
5. Өтінім тікелей не өкіл
арқылы, сонымен бірге уәкілетті
органда тіркелген патенттік
сенімді өкіл арқылы берілуі
мүмкін.
Өкілдің өкілеттілігі Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхатпен
расталады.
Уәкiлеттi орган осы Заңға сәйкес
мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
1) топологияларды тiркеуге өтiнiмдердi
қарауға қабылдайды, оларды қарайды және
топологияларды тiркеудi жүзеге асырады;
2) топологияларды Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзедi;
3) тiркеу туралы куәлiктер бередi;
4) тiркелген топологиялар туралы мәлiметтердi
бюллетеньде жариялайды;
5) тiркеуге өтiнiмдердi жасауға және ресiмдеуге
қойылатын талаптарды белгiлейдi;
6) тiркеу тәртiбiн, тiркеу туралы куәлiктiң
нысанын, онда көрсетiлетiн мәлiметтердiң
құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын
мәлiметтердiң тiзбесiн белгiлейдi;
8) осы Заңда, Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген
өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
2. Қазақстан Республикасында топологияларды құқықтық қорғау талаптары
Автордың шығармашылық қызметiнiң нәтижесiнде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейiнше, түпнұсқа деп танылады.
Топология элементтерiнiң жиынтығы
интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер
мен дайындаушыларға ол жасалған күнi
жалпы мәлiм болса, осы Заңмен құқықтық
жағынан қорғалмайды.
Интегралдық
микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға
топология жасалған күнi жалпы мәлiм болған
элементтерден тұратын топология осындай
элементтердiң жиынтығы тұтас алғанда
осы баптың 2-тармағының талаптарын қанағаттандыратын
жағдайда ғана құқықтық жағынан қорғалады.
Құқықтық қорғау топологияларда iске асырылуы мүмкiн идеяларға, әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды.
1. Топологияға құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiн
болған жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерiн төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу;
4) құқық бұзушының келтiрiлген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтеуi;
5) залалдың орнын толтырту орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндiрiп алу;
6) айрықша құқықты бұзушының
заңдарда белгiленген он мыңнан
елу мыңға дейiнгi айлық есептiк
көрсеткiш сомасында өтем төлеуi.
Өтем мөлшерiн сот залалдың
орнын толтыру немесе табысты
өндiрiп алу орнына белгiлейдi;
7) азаматтық айналымға
енгiзiлетiн немесе осы мақсатпен
сақталатын және айрықша құқықты
бұзады деп танылған интегралдық
микросхемалар мен осындай микросхемаларды
қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы
оларды дайындауға арналған материалдар
мен жабдықтарды жою немесе
құқық иеленушiнiң пайдасына алып
қою;
8) бұзылған құқық кiмге тиесiлi екендiгi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, орын алған бұзушылық туралы мiндеттi түрде жариялау;
9) заң актiлерiнде көзделген,
топологияға құқықтарды қорғауға
байланысты өзге де шаралар
қабылдау жолымен жүзеге асырады.
2. Егер лицензиялық шартта көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға лицензиат та талап мәлiмдеуi мүмкiн.
2.1. Топологияға авторлық және айрықша құқық
Топологияны шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.
Егер топология жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледi. Тең авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.
Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бiрақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрiнде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресiмдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды.
Топологияға авторлық құқығы иелiктен алынбайтын жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және ол мерзiмi белгiленбей қорғала бередi.
Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не жұмыс берушi немесе тапсырыс берушi немесе олардың құқық мирасқорлары иеленедi.
Құқық иеленушi топологияны өз қалауына қарай кез келген әдiспен, атап айтқанда, басқа тұлғалардың осы топологияны құқық иеленушiнiң тиiстi рұқсатынсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, осындай топологиясы бар интегралдық микросхемалар дайындау арқылы пайдалануға құқығы бар.
Топологияның бiрнеше авторы
немесе өзге де құқық иеленушiлер иеленетiн
айрықша құқықты пайдалану тәртiбi олардың
арасындағы шартта белгiленедi.
Мұндай шарт
болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы
қорғалатын топологияны өз қалауына қарай
пайдалана алады, бiрақ басқа құқық иеленушiлердiң
келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе
айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге
құқығы жоқ.
Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз
мынадай iс-әрекеттер жасау:
1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын
бөлiгiн ғана көшiрудi қоспағанда, оны интегралдық
микросхемаға енгiзу арқылы немесе өзге
де жолмен оны тұтастай немесе оның бiр
бөлiгiн көшiру;
2) топологияны, осы топологиямен
бiрге интегралдық микросхеманы
немесе осындай интегралдық микросхемасы
бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға
ұсыну, сату және азаматтық айналымға
өзге де жолмен енгiзу топологияға
айрықша құқықты бұзу болып
табылады.
Айрықша құқықты беру
Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен және құқық иеленушi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде өтедi.
Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың
оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны
басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай
отырып (жай, айрықша емес лицензия);
2) топологияны пайдалану
құқығын лицензиардың оны пайдалану
мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ
лицензияны басқа тұлғаларға
беру құқығынсыз (айрықша лицензия);
3) топологияны пайдалану
құқығын лицензиардың оны пайдалану
мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны
басқа тұлғаларға беру құқығынсыз
(толық лицензия) беру көзделуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта лицензияның
түрi көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия
деп саналады.
Топологияны пайдалану құқығына
айрықша емес лицензияны лицензиаттың
басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруi
туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт)
лицензиялық шартта көзделген жағдайларда
ғана жасалуы мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе,
лицензиат лицензиардың алдында қосалқы
лицензиаттың iс-әрекеттерi үшiн жауапты
болады.
Топологияға айрықша құқықты
басқаға беру туралы шарт, лицензиялық
және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша
нысанда жасалады.
Тiркелген топологияға айрықша құқықты
басқаға беру туралы шарт, тiркелген топологияны
пайдалануға лицензиялық және қосалқы
лицензиялық шарттар уәкiлеттi органда
тiркелуге тиiс. V074648
Тiркеуден өтпеген топологияға айрықша
құқықты басқаға беру туралы шарт, аталған
топологияны пайдалануға лицензиялық
және қосалқы лицензиялық шарттар уәкiлеттi
органда тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуi
мүмкiн.
Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы
талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына
әкеп соғады.
Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық
Егер жұмыс берушi мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау тәртiбiмен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушiге тиесiлi болады.
Авторға сыйақы төлеу мөлшерi, ережесi және тәртiбi автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiмде белгiленедi. Келiсiмге келе алмаған жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер автор мен жұмыс берушiнiң топология жасауға үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, жұмыс берушi алған немесе алуға тиiс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады.
Автор шарт бойынша топология жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi болып табылмайтын тапсырыс берушiге топологияға айрықша құқықтар беруге мiндеттеме қабылдай алады.
Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер Мыналар: 1) Заңсыз көшiрме жасап алынған топологиясы бар интегралдық микросхемаларға немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдарға қатысты жасау, егер осындай пайдалануды жүзеге асырушы тұлға осы интегралдық микросхемалардың немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдардың топологияға айрықша құқықты бұза отырып дайындалғанын және таралып жатқанын бiлмесе және бiлмеуге тиiс болса. Осы тұлға құқық иеленушiден тиiстi хабарлама алғаннан кейiн, осындай топологияға лицензияны еркiн иемдену кезiнде төленуге тиiс болатын мөлшерлес сыйақыны құқық иеленушiге төлеген жағдайда, кез келген iс-әрекеттi қолда бар немесе сол кезге дейiн тапсырыс берiлген өнiмге қатысты жасауға құқылы;
2) топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану;
3) қорғалатын топологияны
оның өзiн бағалау немесе талдау
негiзiнде жасалған түпнұсқалық
басқа топологияға енгiзу;
4) азаматтық айналымға
заңды жолмен енгiзiлген қорғалатын
топологиясы бар интегралдық
микросхеманы тарату;
5) Автор жасаған топологияға тәуелсiз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайды.
Топологияға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi
1. Топологияға айрықша
құқық топология тiркелген күннен
бастап он жыл бойы қолданылады.
2. Егер топология тiркеуден
өтпесе, аталған он жылдық мерзiм
осы топологияның немесе осы
топология бар интегралдық микросхеманың
дүние жүзiнiң кез келген елiнде
алғаш пайдаланылуының құжатпен
расталған күнiнен бастап есептеледi.
3. Топология тiркелген
күнге дейiн пайдаланыла бастаған
топологияны тiркеу кезiнде айрықша
құқықтың қолданылу мерзiмi 2 бөлікте
көзделген жағдайға сәйкес есептеледi.
4. Басқа автор өз бетiмен
жасаған түпнұсқалық ұқсас топологияның
пайда болуы 1,2 бөлікте көзделген
жағдайға сәйкес аталған айрықша құқықтың
қолданылу мерзiмiн үзбейдi және тоқтатпайды,
бұл орайда топологияға айрықша құқықтың
қолданылатын жалпы мерзiмi он жылдан аспауы
керек.
2.2.Қазақстан Республикасындағы
топологияны тіркеуге өтінім жасау,
рәсімдеу, тіркеу және куәлік беру ережесі.
1. Топологияның авторы
немесе өзге де құқық иеленушi
топологияны уәкiлеттi органға тiркеуге
өтiнiм беру арқылы тiркеуге
құқылы.
Топологияны тiркеу туралы өтiнiм мемлекеттiк
және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Өтiнiмнiң
басқа құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе
басқа тiлдерде ұсынылады. Егер өтiнiмнiң
өзге құжаттары басқа тiлде ұсынылса, өтiнiмге
олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi
нотариат куәландырған аудармасы қоса
берiледi. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде
немесе басқа тiлдегi құжаттарды қамтитын
өтiнiм уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен
бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы
тиiс.
2. Егер топология бұрын пайдаланылса, тiркеуге өтiнiм беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Тiркеуге өтiнiм бiр
топологияға қатысты болуға тиiс
және онда:
1) тiркеудi сұраған автор мен тұлғалар
аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi
немесе орналасқан жерi, егер топология
бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған
күн көрсетiлген топологияны тiркеуге
өтiнiш;
2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;
3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы
берiлсе, сенiмхат болуға тиiс.
4) <*>
Тiркеуге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеуге
қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган
белгiлейдi.
4. Тiркеуге өтiнiм түскеннен
кейiн уәкiлеттi орган қажеттi құжаттардың
болуын және осы баптың 3-тармағында
жазылған талаптарға олардың
сәйкестiгiн тексередi. Тексеру оң нәтиже
берген жағдайда уәкiлеттi орган топологияны
Интегралдық микросхемалар топологияларының
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi, өтiнiш берушiге
топологияны тiркеу туралы куәлiк бередi
және тiркелген топология туралы мәлiметтердi
бюллетеньде жариялайды.
Өтiнiш берушi мәлiметтер бюллетеньде жарияланғанға
дейiн өтiнiм материалдарын уәкiлеттi органның
сауал салуы бойынша немесе өз бастамасы
бойынша толықтыруға, нақтылауға және
түзетуге құқылы.
Тiркеу тәртiбiн,
тiркеу туралы куәлiк нысанын, онда көрсетiлетiн
мәлiметтер құрамын, сондай-ақ бюллетеньде
жарияланатын мәлiметтер тiзбесiн уәкiлеттi
орган белгiлейдi.
Құқық иеленушi болып
табылмайтын топология авторына уәкiлеттi
орган оның авторлығын растайтын куәлiк
бередi.
5. Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзiлген мәлiметтер дұрыс емес
деп дәлелденбейiнше дұрыс деп
есептеледi.
Аталған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш
берушi жауапты болады.
6. Уәкiлеттi органның куәлiктер
беру және шарттарды тiркеу
жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн
Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес мемлекеттiк
баж алынады.
2.3.Интегралдық микротәсмдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі Вашингтон шарты.
Зияткерлік меншік құқығы саласындағы Келісім 1989 жылы қабылданған Интегралдық микротәсмдерге қатысты зияткерлік меншік жөніндегі шарттың ережелеріне сәйкес (оны кейде «Вашингтон шарты» деп атайды) ДСҰ-ның мүшелерін интегралдық микротәсімдердің топологиясын қорғауға міндеттейді. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы дегенмен шарттың кейбір ережелерін (мысалы міндетті лицензиялау туралы ережесін) алып тастап отыр және интегралдық микротәсімдер немесе солардан тұратын өндірістік бұйымдарды контрафакцияға әкеліп соғатын теріс пиғылды практикасы туралы ережелерімен толықтырады. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы ережелері бойынша топологияладың ең төменгі сақтау мерзімі 10 жылдан тұрады және ДСҰ-ның мүшелері өздерінің ішкі заңдарында және тәртіптерінде бекітуге міндетті.
Көптеген мемлекеттер сияқты Зияткерлік меншік құқығы саласындағы Келісімен сәйкес интегралдық микротәсімдер топологиясын қорғау үшін олардың тіркелуі қажет етілмейді.
Көбінесе чиптер деп аталатын интегралдық микросхемалар ақпараттық технологиялар өнеркәсібінің негізгі компоненттері болып табылады. Олар кез келген цифрлық жабдықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және станоктардан бастап барлық тұрмыстық аспаптар аяқтағанда, өнеркәсіп бұйымдарының үлкен санына жатады. Мұндай микросхемаларды жобалау да шығаруда айтарлықтай техникалық мүмкіндіктерді және өнеркәсіп объектілеріне инвестицияларды талап етеді.
Интегралдық микросхемаға қатысты зияткерлік меншік туралы Келісімнің «Вашингтондық келісім» 2-7 баптарын 6.3 бабын қоспағанда 12-бабын және 16.3 бабын сақтауды талап етеді.
Вашингтондық келісім.
Кейбір елдер вашингтон келісіміне қосылады, бірақ келісімнің өзі әлі заңды күшіне енген жоқ. АҚШ және Жапония сияқты ірі елдер әсіресе міндетті лицензияға және контрафактілік жартылай өткізгіші бар бұйымдар сатып алуға қатысты кейбір талаптармен келіспегендіктен Келісімге қосылудан бас тартты. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы туралы Келісімге енгізілген және осыған байланысты олар БСҰ мүше елдер үшін міндетті болып табылатын Вашингтон келісімінің ережелері қысқаша сипатталған.
Зияткерлік меншік құқығы саласына енгізілген Вашингтон келісімінің талаптары.
Интегралдық схема электрондық функцияны атқаруға арналған, түпкілікті немесе аралық нысандағы өнім, ондағы элементтер еңболмағанда біреуі – белсенді болып табылады және оның кейбір немесе барлық тұтастай өзара байланыстар материалға тұтастай немесе оның бір бөлігіне қалыптасқан.
Вашингтон келісімі топология/топография орналасуы тиіс материалдың типін анықтамайды. Келісімнің кез келген тарабы және БСҰ-ның мүшесі интегралды жартылай өткізгіш схемаларымен яғни силиконды және басқа да жартылай өткізгіш материалдармен қапталған интегралдық схемамен қорғауды шектеуі мүмкін.
Негізге алынатын топология қорғалуға жатады –олар жасаушылардың өзіндік меншікті зияткерлер күштер нәтижесі болып табылатындығы мағынасында.
Әрбір мемлекет жеке тұлғаларға, азаматтарға немесе мүше мемлекеттердің аумағында тұратын басқа да кез келген азаматтарға және кез келген мемлекеттердің аумағында топология құру жөніндегі маңызды мекемесі немесе интегралдық схема өндірісі бар заңды немесе жеке тұлғаларға «ұлттық режимді» қолдануға міндеттенеді.
Интегралдық схемада бірігумен ұдайы өндірістің толық немесе өзгедей (мысалы, компьютерлік таспада, қағазда немесе микрочипті әзәрлеуді қоса басқа да құралдар) және қорғалатын топологияны немесе қорғалатын топология енгізілген интегралдық схеманы коммерциялық мақсаттар үшін импорттау, сату немесе өзге де сатуды қоса алғанда иесінің рұқсатын талап ететін іс-әрекеттерді тізіп жазады.
Құқық иесінің интегралдық схеманың орналасу топология ұдайы өндірісті авторластыруға қатысты кейбір айрықшылықтарды баяндайды. Басты айрықшылық қайта құруға қатысты, ол осы контекстте бәсекеге қабілетті бұйымдарды әзірлеу үшін бар интегралдық схеманы бағалауға жатады, ол бастапқы тәрізді немесе онымен бірдей болуы мүмкін.
Вашингтон келісімі Мемлекеттер Париж немесе Берн конвенцияларына сәйкес ие бола алатын міндеттемелерді кемсітпейді.
Вашингтон келісіміне сәйкес осындай интегралдық схема кіретін өнімді импорттау, сату және өзгедей бөлу құқығын иесінің айрықша құқығына қосады.
Топология нормаларының бұзылуына әкеп соғушы, бұйымдарды адал сатып алушылар хабарлама жасалғаннан кейін заңды иесіне өтемақы төлеуі мүмкін.
Қорғау мерзімі 10 жылға дейін ұзартылған (Вашингтон келісімі бойынша ең аз мерзім 8 жылмен салыстырғанда). Вашингтон келісімімен салыстырғанда Зияткерлік меншік құқығы саласындағы күнін белгілейді, содан бастап осындай мерзім есептелуі тиіс. Қандай болғанда да мүшелер топология құрылғаннан кейін қорғау ұзақтығын 15 жылмен шектей алады.
3.Күрделі микротәсім читің даму тарихы.
Қазіргі заманғы технологиялардың маңыздылығы мен компьтерді пайдалундан пайда болған тәуелділік компьютерлерде және басқа электрондық құралдарда, мысалы радио -теле хабарларда қолданылатын электрондық микротәсімдер топологиясын заңды қорғауын талап етті.
Сәйкес заңдардың мақсаты 1980 жылдан бастап технологиялық прогессте басты рөль атқарған интегралдық микротәсімдер сияқты белгілі кремний чиптерін қорғау болып табылады. «чип» (платформаға монтаждалған микротәсім ) тарнзиттерден, электр бейімділігінің функциясын іске қосатын электр тоғының желілерін қосатын немесе өзгертетін диодтар мен конденсаторлардан құралатын біте қайнасқан блок болып табылады. Чип әртүрлі электрондық құралдардың калькулятор мен цифрлік сағаттардан бастап телеқабылдағышқа дейін, дербес компьютер мен жүректің электрондық ынтасының іс-қимылын жасайтын негіз болып табылады. Компьютерлік чиптер үшін чиптің мүмкін барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы жобалаған күрделі микротәсімдер қолданылады. Осындай микротәсімдерді әзірлеуге көп көлемде уақыт, ой мен күш қажет ететіні белгілі.
Электронды аппаратта пайдаланылатын
микрочипке ұқсас затты мұқият зерттеген
ғалымдар оның ми жұмысын күрт арттырып,
күрделі интеллектуалды тапсырмаларды
тез шешуге көмектесетініне бірауыздан
«қол қойған». Адамзаттың бүкіл тарихында
қоғамның дамуы үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер
қолданған және қазір де қолданып келе
жатыр.
Бұлай деуімізге бізді жаһандануға қатысты
дәл қазір қолға алынып жатқан ғажайып
нанотехнологиялық жобалар мен кибернетикалық
бағдарламалар итермелеп отыр.
Адам ағзасына арнайы чиптер
енгізуді алғаш тапқан Ұлыбритания университетінің
профессоры Кевин Уорвик. 1998 жылдың тамыз айында
Уорвик өзінің жүйке жүйесіне кішкентай
микрочиптен құралған капсуланы енгізген.
Жобаның аты «Киборг 1.0» деп аталған. Аталған
жобаның басты мақсаты жоғары технологияны
күнделікті қолданылауға енгізу болып
табылады. Бірнеше күннен кейін аталған
технологияны басқарушы ғалым тек Ұлыбританияның
ғана емес барлық дүниежүзінің жаңартылған
тұлғасы болып танылды. Әйнекті капсула
арқылы ғалым басқа жерден өзінің үйіндегі
электронды заттарын бақылап отырған.
Уорвик өзінің жоғары технологиялық жобасын әрмен қарай жалғастыра отыра 2002 жылы Киборг 2.0 атты зерттеу жобасы бойынша чипті өзіне тағы енгізген. Жобаның мақсаты компьютер арқылы мүгедек жандарды қозғалту. Яғни адамдардың мүгедектігіне қарамастан механикалық қол негізінде интернет арқылы басқару.
- . Қазақстандағы чиптің рөлі және дүние жүзі бойынша чиптің қолданылу аясы.
Қазіргі таңда ұялы байланыс, интернет, электронды паспорт арқылы әлемдік жүйеге тәуелді болып отырмыз. Паспортқа, банкнотқа, киімге енгізіліп жатқан микрочип адамға да жетті. Тері астына енгізілген бидай дәніндей микрочип жүйке жүйесіне, одан миға әсер етіп, осы микрочип сіздің өмірлік жолыңызды, мамандығыңызды, киетін киіміңізге дейін таңдап береді. Қазір отар қойдың өзін шопансыз бағу тәсілі шыққан, яғни қойдың терісіне электрод енгізіп, радио арқылы бағып-басқарады.
Қазақстандық медицина саласында да айтулы жаңалық! Отандық нейрохирургтер адам ағзасына арнайы чиптер енгізуді меңгерді. Медицинаның озық үлгісі саналатын мұндай отаға көбіне операциядан оңалып кете алмаған адамдар мұқтаж. Ал, нейростимулятор деп аталатын жаңа құрылғы ауруды басып қана қоймай, дертті пульт арқылы басқарып отыруға да мүмкіндік береді. Ал, әрбір чиптің құны 25 — 40 мың доллар шамасында. Қажетті қаражат қазына қаржысынан бөлініп, чип Америкадан алдырылады. Қазір Қазақстанда мұндай отаға жүздеген адам мұқтаж.
Қазіргі таңда чипті адам ағзасына енгізу дүниежүзінде көптеген сұранысқа ие. Яғни микро чипте адамның жеке басы туралы барлық мәліметтер сонымен қатар оның денсаулығы туралы және өзінің өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында яғни қай жерде жүріп тұрғандығы туралы мәлімет осы чип арқылы жүзегеа сырылып отырады. Микро чипті өз денесіне енгізген адамдардың басым көпшілігінің мақсаты өз өмірінің қауіпсізді үшін қолданады.
Бүгінде Пентагонмен құпия
байланысы бар америкалық және еуропалық
компаниялар әскери спутниктік автоматты
идентификациялау технологиясы арқылы
түрлі жобаларды дүниеге әкеліп, жарнамалап,
электронды қондырғыларды үстін-үстіне
тоғытуда. Америкалық әскери қызметкерлердің
оң қолына жай көзге көрінбейтін 16 санды
нөмірлі микрочип енгізілуде, оның базасында
әлгі адам туралы бүкіл мәлімет сақтаулы
тұрады. Аэропорт, күш құрылымдары, арнаулы
қызмет, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
де тері астына микрочип енгізілуде. Кезекте
шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер
тұр. Мұның бәрі олардың қызметін бақылау
үшін керек делінеді. Жан-жануарларды
айтпағанда, әскерилерге, терроршы қылмыскерлер
мен иммигранттарға, адасып қалмауы үшін
кемпір-шалдарға, ұрланып кетпеуі үшін
балаларға, орнатылуда. Суперэлектронды
елдер адам миына чип орнатуға кірісіп
те кетті. Адамның бүкіл өмірі, материалдық
мәліметтерімен қоса, жан дүниесі, ойы
да электронды базада сақтаулы тұрады.
Адам миын кәдімгідей компьютерге қосып
қойып, ойын оқи береді. Әлем елдерінің
діндарлары электронды жүйе арқылы адамды
тәжірибеге, тауарға айналдыруға қарсы
өре түрегелуде. Осы жайында қасиетті
кітаптардан үзінділер келтіруде. Чип
деген не? Ол - діндарлардың айтуынша «шайтанның
қара таңбасы». Мұндай таңбасы бар адам
Құран оқи алмайды екен...
Діндарлардың пікірлерімен келісіп ғалымдар
тоқтап қалып жатқан жоқ, жахандану кезеңі
мұнымен тоқтап қалуы да мүмкін емес себебі,
күнбе күн адамзат ойлап тапқан тың дүниелер
қоғам қажеттілігіне қолданылуда.
