Инвестициялар
Мазмұны
Кіріспе-----------------------
І. Инвестицияның
теориялық негіздері---------------------
1.1. Инвестицияның мәні,
мазмұны мен пішіндері---------
1.2. Инвестиция көздері және
оның нарықтық экономикада
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы
көтерудегі дүниежүзілік
ІІ. Қазақстан Республикасының
экономикасының нақты секторына инвестицияны
тарту проблемалары------------------
2.1. «Қазақстан 2030 - Стратегиясындағы»
инвестиция мәселелері---------
2.2. Қазақстан Республикасының
инвестицияларды игерудің
2.3. Қазақстан Республикасының
нарықтық экономика шартындағы
инвестициялар құрылымын
ІІІ. Қазақстан
Республикасының банктеріндегі
инвестициялық операциялардың жағдайы-----------------------
3.1 Банктің инвестициялық
операциялары------------------
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестиция жүйесін дамытудың
жолдары-----------------------
Қорытынды---------------------
Пайдаланылған
әдебиеттер--------------------
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.
Инвестицияны тарту жөнінде еліміз ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орындардың бірінде тұр. Мысалы, өткен жылы салым көлемі 1905, 5 долларды құраған.
Кейбір кезде инвестицияға қатысты «Қарыз – несиені үсті – үстіне алып жатырмыз. Ертең оны қайтару қиын болмай ма?» - деген пікірлердің айтылып қалатыны жасырын емес. Бірақ, инвестицияның көмегінсіз, соның ішінде шетел инвестициясынсыз экономикамыз өрге баспайтынын білеміз. Бүгінгі күні өзіміз үлгі тұтатын Қытай, Жапония, Өңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия сияқты мемлекеттер шетел инвестициясын пайдаланудың нәтижесінде экономикасын түзеп, бүкіл әлемді таңдандырып отыр.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Салым тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз салым мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген салымның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Салым тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
- салымның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қатынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: инвестицияның негізгі мақсаты – инвестор тарту мен инвестицияны өз орнына есептен жұмсай білу.
Президент Жолдауындағы
«Қазақстанға тартылған шетел
- материалдық-заттай;
- қаржылық;
- ой еңбегінің өндірісті ба сқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау.
Дж М. Кейнс өзінің
«Жұмыспен қамту, процент және ақша
туралы жалпы теория» атты еңбегінде
салымды «бағалы капиталды
Э. Дж Долан және Д. Е Лендсей өздерінің «Рыноктың микроэкономикалық үлгісі деген кітабында» инвестиция – экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдың, өндіріс құрал-жабдықтарының көбеюі деген анықтама береді.
В. Фельзенбаумның айтуынша «инвестиция – күрделі қаржы салу» болып табылады.
Сондықтан мен осы
курстық жұмысында
Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І. Инвестицияның теориялық негіздері
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері
Салым теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде қарастырған, онда ол салымның өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Салымның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Салымның тиімділігін анықтау үшін оларды алыннған нәтижемен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, салымның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ [3].
Салым тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз салым мөлшерімен нәтижесі бар өнімге деген салымның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Салым тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
- салымның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіполрында теехпникалық қпаруландыру мен реконструкциялауға және құрылыстың салынбауында күрделі қаржының үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Салым тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы проектісін ескісімен салыстырғанда мына параметрлермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы деталдарды еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдеті болып табылады.
«Инвестиция» немістің «
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестициялар деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бар өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түріндей немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік (тәукелге бару). Сонымен қатар салым экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар салым экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқын қалыптастырудың, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
1.2. Инвестиция көздері және оның нарықтық экономикада атқаратын рөлі
Инвестицияның қайнар көзіне - өнеркәсіп кәсіпорының (фирма) көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар салым ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқаратын тұрғындарын жабдықтауға сондай – ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу – ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс «Капиталдың» бірінші томында қарастырған, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ел өз кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936) еңбегінде қарастырған, онда ол салымның өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Салымның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестиция тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, салымның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз салым мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
- инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы проектісін ескісімен салыстырғанда мына параметрлермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы деталдарды дәл өңдеу және т.б. Сондай – ақ, пайдалы проектінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі; қызмет жасаудың ыңғайлылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлегі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығының арттыратын және рынокта өзінің жайғасының нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығынын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық салымдардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
- валюталық нарық;
- құнды қағаздар нарығы;
- несие капиталы нарығы (ақша нарығы);
- асыл металдар нарығы (алтын нарығы).
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық салымымен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашанда ірі капитал салымен керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент – деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттік құнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациялары.
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ).
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ).
Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және тағы басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар – шаруашылық субъектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар - деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай;
б) капиталды.
ІІ. ІІ. Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторына инвестицияны тарту проблемалары
2.1. «Қазақстан 2030 - Стратегиясындағы» инвестиция мәселелері
Аса маңызды әлемдік проблемаларға соғыс және бейбітшілік, экономиканы халық тұтынатын азаматтық өнімдерді өндіруге көшу проблемалары жатады.
Адамзаттың әлемдік проблемаларын шешу үшін, әлемдік деңгейдегі барлық күш – жігерді біріктіру қажет. Әлемдік экономикада аса ірі материалдық қаржы, ғылыми – техникалық күш – қуат және маман кадрлар бар. Қолда бар мүмкіндікті білімділікпен, парасаттылықпен, іскерлікпен және үлкен жауапкершілікпен адам игілігіне пайдалану қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесі. Міне, сондықтан да барлық елдердің, оның халықтарының ынтымақтастығын нығайту, халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету, халық шаруашылықтық байланыстарды интернационалдандыру, жер бетінде баянды бейбітшілік орнатудың, әлемдік проблемаларды шешудің нақты жолы [12].
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.
Қалың
бұқараға «географиялық» деген
термин түсінікті, ал «
Геоэкономикалық
процестің Қазақстан үшін тағы
бір пайдалы жағы - әлемдік рыноктық
қатынастарға қатысып, табиғи
және интеллектуалдық күш-
2.2. Қазақстан Республикасының инвестицияларды игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тарту 1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттық несиені Австрия мен Германия үкіметтері берді. 1993 және 1995 жылдары республика экономикасын жүйелі қайта құруды жүргізу (STF) және макроэкономикалық тұрақтылық пен реформаны қамтамасыз ету (Stand by) бағдарламалары бойынша халықаралық валюта қорымен келісім жасалды.
1992-1995 жылдары Қазақстан шетелдерден техникалық көмек түрінде 270 млн. доллар алды. Мұның ішінде МБРР (ХДККБ) – 6 млн. доллар, БҰҰ бөлімшелерінен – 4 млн., ЕС (ЕО) – 80 млн., ЕБРР (ЕДККБ) – 3 млн., USAID жобасы (Арал, Қызылорда) – 4 млн. доллар бөлді. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін Еуропа банкісі 77,5 млн. доллар беруге әзір. Жалпы республика экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға 9 млрд. АҚШ доллары қажет.
Қазақстанның әлемдік экономикалық рынокқа шығуының айқын көрінісі ірі тарнсұлттық корпорациялардың, біріккен кәсіпорындардың қанат жоюы. айталық САМСУНГ корпорациясы біздің экономикаға 1 млрд. доллар инвестиция жұмсады. «Теңіз - Шевроил» жөнінде әрбір республика тұрғыны хабардар. Әлемнің назары – Каспий теңізі мұнайын, Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ газын игеру. Қытай халық республикасы мұнай құбырын 60 айда бітіруге, оны салуға 3,5 млрд. доллар жұмсауға әзір. Ал АҚШ-тың қызығушылығын туғызған мәселе – Қарашығанақты игеру. Мұндағы акционерлік қоғам бақылау пакетіндегі Ресей Лукойл компаниясының үлесі – 15%, «Аджип Бритиш газ» - әрқайсысы 32,5, Техас үлесі – 20%. Сөйтіп, Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне шыңдап ене бастады. 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуы бырысында біздің республика өзінің сыртқы экономикалық қатынастарын Ресеймен, Қытаймен және ислам, Орта Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдерімен де тереңдетеді. «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлмдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болды. Олардың Қазақстаны Еуразия орталығы бла отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресей және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.» Сондықтан да статегиядағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың алғашқысы – ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізудің басты факторы – «көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз.» Ал ұзақ мерзімді жеті басымдықтың үшіншісі – «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға нгізделген экономикалық өсу». Халықаралық экономикалық қатынастардың қанат жаюы – объективті процесс. Мұның басты негіздері – қоғамдағы еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауарлардың көп өндірілуі және қажеттіктердің ұлғаюында жатыр. Әсіресе тауар өндірісі мен әлемдік рыноктың мүмкіндігі, экономикалық кеңістік пен инфрақұрылымдардың өркендеуі халықаралық байланыстрға кең жол ашады. Адамзат қоғамының дамуы барысында біздің республиканың да сыртқы қатынастары өрістеп келеді, оларға өндіргіш күштердің өсуі, меншіктің көп түрлілігі оңды ықпал жасауда. Көшпелі халықтар үшін ақша-тауар қатынастары өте ыңғайлы, сондықтан Қазақстан әр кезде сыртқы саудаға мән берген. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан республикасы шетелдермен қарым-қатынасқа, дамыған мемлекеттердің инвестициясын пайдалануға ерекше назар аударуда.
2.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика шартындағы инвестициялар құрылымын талдау және жүзеге асырылуы
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі
кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы
республиканың бет бейнесі
«Қазақстан – 2030» стратегиясында
Н. Ә. Назарбаев халықаралық
- шетел инвестициялары
мен ішкі жинақталымдардың
Әлемдік экономикалық кеңістіктегі елдерді Қазақстанның табиғи байлықтары, саяси тұрақтылығы мен демократиялық ахуалы қызықтырады. Сондықтан да дүниежүзінің дамыған, әсіресе рыноктық экономикасы бар мемлекеттер біздің республикаға инвестиция жұмсауға әзір екендігін іс жүзінде көрсетуде. Тек бір жылдың ішінде, яғни 1997 жылы республика 3 млрд. доллар инвестиция сіңірді. Егемендік алған жылдардың ішінде 10,1 млрд. долларға тең инветиция алынды, ал бұл жан басына шакққанға 600 доллардан келеді. Жоғарыдағы жалпы инвестицияның 6,5 млрд. доллары мемлекеттің кепілдігінсіз алынды, яғни шетел капиталының тікелей инвестициясы. Шетел инвестициялары өз нәтижелерін көрсете бастады. Алдымен республикадағы тоқтап қалған ірі өнеркәсіп орындары жанданып, жұмысшыларға жалақы төлеп, мемлекетке салық және т. б. берешектерінен арыла бастады. Оның айқын мысалы «Испат - Кармет» өмірімен көруге болады. Тек оны комбинатта емес жалпы республика экономикасы 1997 жылы макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсартты: инфляция 17,5 проценттің орнына 12 процентке төмендеді, сыртқы тауар айналымы 13,6 млрд. долларға өсті, теңгенің долларға бағамы 90 теңгенің орнына 76,77 деңгейінде тұрақталды. Ал республиканың жиынтық ұлттық өнімі жан басына шаққанда 1,2 мың долларға жетті, жалақы өндіріс саласында 12 мың теңгені құрады. Рыноктық экономикаға көшіп жатқан Қазақстанның жоғарыдағы көрсеткіштері одан дща жақсы болар ма еді, егер әлемдік қауымдастықтан және қаржы институттарынан алған көмектерді тиімді пайдалана білсек. Алғашқы жылдарда шетелдерден алынған несие-қаржылар коммерциялық құрылымдардың қалтасында кетіп, құмға сіңген судай болды. Төлем мерзімі жеткен несиенің процентің қайтару халықтың мойнына түсіп, онсыз да тапшы мемлекеттік бюджет есебінен шетелдерден алған қарызды қайтару керек болды.

- Инвестициялар деп
- Инвестицияларды қаржыландру және неселе
- Инвестицияларды қаржыландру және неселе
- Инвестициялардың есебі
- Инвестициялардың жай-күйі
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері
- Инвестиция есебі,түсінігі
- Инвестиция және инвестициялық қызмет
- Инвестиция және инвестицияның түрлері
- Инвестиция және оның теориялары
- Инвестиция және оның теориялары
- Инвестиция және оның теориялық мәні
- Инвестициялар