Инвестицияларды қаржыландру және неселе
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕ
ПӘҢІ БОЙЫҢША ДӘРІСТЕРІ КЕШЕНІ
1-дәрiс. Инвестицияның мәні мен жіктелемі
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”.
Инвестицияның төмендегідей типтері болады:
1) Портфельдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады және өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік инвестицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.
2) Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар – материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
3) Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар – кәсіпорынға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.
Нау-хау – патенттелмеген өндірісті ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибелер мен ілімдерді техникалық құжаттар түрінде көрсететін техникалық, технологиялық, коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы.
Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:
І.
Макродеңгейде атқаратын
- ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
- ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету;
- отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру;
- экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласын дамыту;
- жұмыссыздық мәселесін шешу;
- инфляция қарқынын тежеу;
- қоршаған ортаны қорғау;
- әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау;
- мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.
ІІ.
Макродеңгейдегі атқаратын
- өндірісті кеңейту және дамыту;
- негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай тозуын болдырмау;
- өндіріс дейңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
- нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
- табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
- бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.
Барлық
инвестицияларды мынадай
1)
Инвестицияны жұмсау
- нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;
- портфельдік инвестициялар;
- қаржылық емес инвестициялар.
2) Инвестициялау мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;
- орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
3) Инвестицияға қатысу нысанына қарай:
- тікелей инвестициялар;
- жанама инвестициялар.
4) меншік нысанына қарай:
- аралас (бірлескен) инвестициялар;
- шет елдік инвестициялар;
- мемлекеттік инвестициялар;
- жеке меншік инвестициялар.
5) аумақтық белгісіне қарай:
- шет елде инвестициялау;
- елдің ішінде инвестициялау;
6) пайдалану бағытына қарай:
- өндірістік бағыттағы иневстициялар;
- өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.
Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестициялардың екі топқа бөледі:
1-топ. Өндірісті
дамытуға жұмсалынған
- өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;
- өндірісті кеңейтуге;
- жаңа өнім шығаруға;
- өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.
2-топ. Өндірістік
емес саланы дамытуға
- тұрғын үй құрылысына;
- спорт және сауықтыру объектілеріннің құрылғыларына;
- еңбек жағдайын жақсартуға;
- техникалық қауіпсіздік деңгейін артыруға.
Портфельдік
инвестицияларда екі топқа
1-топ. Бағалы
қағаздар сатып алуға
- кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;
- облигациялар сатып алуға;
- басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.
2-топ. Басқа
кәсіпорындардың активтеріне
- өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;
- қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;
- басқа да коммерциялық ұйымдардың активтеріне салу.
2-дәріс. Инвестициялық қызмет объектілері мен субъектелері
ҚР заңына сәйкес инвестициялық қызмет – инвестициялауды жүзеге асыру процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет – пайда табу немесе қандай да бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс-тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі.
Жалпы инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең мағынада инвестициялық қызмет – инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат немесе капитал жұмсау, сондай-ақ инвестициялық бағадарламалар мен жобаларды іске асыруға байланысты іс-тәжірибелік әрекеттердің жиынтығын, ал тар мағынада инвестициялық қызмет – инвестициялық процессті білдіреді.
Инвестциялық қызметке ықпал етуші факторларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастыруға болады:
1-топ. Макродеңгейдегі немесе барлық сыртқы факторлар:
- салық жүйесінің жетілдірілу дәрежесі;
- инвестициялық қызметтің нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі;
- инвестициялық қызметтке мемлекеттің қатысу дәрежесі;
- инфляция деңгейі;
- бюджет тапшылығы;
- экономиканың даму жағдайы;
- қаржы-несие саясатын жетілдіру дәрежесі;
- мемлекеттің экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясаты;
- қоғамдағы әлеуметтік және саяси жағдайлар;
- нарықтық қатынастардың жетілдірілу дәрежесі;
- еркін экономикалық аймақтардың болуы;
- шетел капиталын тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
- инвестиция жұмсаудың тәуекелділік дәрежесі;
- мемлекет тарпынан шағын және орта бизнесті қолдау.
Осылардың ішінен инвестициялық қызметке кейбірінің ықпал ету тетігін қарастырайық.
Бұл факторлардың барлығы бір бірімен өзара байланысты деген түйінге келсек, онда олардың барлығы бірдей тек қана иневстициялық қызметке ғана емес, сондай-ақ елдегі жалпы экономикаға да ықпал етеді. Ел экономикасының жағдайы мен оның даму үрдісі – бұл инвестициялық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттің және барлық шаруашылық субъектілерінің қаржылық мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор.
Елдегі экономика жағдайы ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, мемлекеттік бюджет шамасы мен оның тапшылық деңгейі, инфляция деңгейі, экспорт көлемі және оның құрылымы сияқты және басқа да көрсеткіштердің үрдісін анықтауға мүмкіндік жасайды. Инвестициялау үшін қажетті ресурстарды бөлетін мемлекеттің, шарушылық субъектілердің және коммерциялық ұйымдардың мүмкіндіктері ЖІӨ, ЖҰӨ және ұлттық табыстың шамасына байланысты.
Экономиканың даму қарқыны қолда бар күш-қуатты тиімді пайдалануға және инвестиция жұмсау қарқынына да тікелей байланысты екіні де белгілі. Әрине бұл жерде экономика қарқының өсуі иневстициялық жұмсалымға қарағанда ілгері болуына тырысу қажет.
Инфляция
бұл инвестициялық қызметке ықпал
етуші негізгі фактор ретінде
экономканың жағдайына тікелей
байланысты, яғни тұрақты экономика
немесе экономикалық өсу тұсында
оның деңгейі төмендейді немесе керсінше.
Бұл жерде инфляция процессі мен
банктік несие мөлшерлемесінің арасында
тығыз байланыс бар екенін айта кету қажет.
Ендеше инвестицияға деген сұраныс қисығы
банктік пайыз мөлшерлемесіне (Мп)
және инвестицияның жұмсалымынан күтілетін
таза пайданың нормасына (Нп) тікелей
байланысты (1-сурет).
Мп
Нп
1-сурет. Инвестицияға деген сұраныс қисығы
1-суреттен көріп
Пайыз мөлшерлемесінің екі түрі болады: нақты және номиналды.
Нақты номиналдыдан инфляция деңгейіне қарай ажыратылады, яғни:
Мнақ = Мном - Им ,
мұнда Мнақ - нақты банктік пайыз мөлшерлемесі;
Мном - номиналды банктік пайыз мөлшерлемесі;
Им
- инфляция деңгейі.
Айта
кететін жәйт, бұл жерде инвестициялық
шешім қабылдауда номиналдық емес нақты
пайыз мөлшерлемесінің ролі маңызды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей егер бағаның жылдық өсуі 40 %, ал айлық өсуі – 2,8 % -дан аспаған жағдайда ғана қаржылық тұрақтылық қалыптасады. Егер ол жоғары болса, онда өндіріске жұмсалынатын инвестиция шамасы күрт азайып, нәтижесінде экономика мен елдің жағдайы нашарлайды.
Келесі бір маңызды фактор салық жүйесінің жетілдірілу дәрежесі. Қазіргі жағдайда әсіресе, өндіруші кәсіпорындар үшін салықтың мөлшерлемесі әлі де болса (қосылған құнға салынатын салықтан басқасы) жоғары мөлшерде қалуда. Бұл салықтардың бәрі (өнімнің өзіндік құнына кіретіні және бағасына қосылатындары) жұмыс істеп отырған кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне – таза пайдасына әсер етіп, ең соңында кәсіпорынның пайда есебінен инвестициялау мүмкіндігі азайтады.
ҚР-да
инвестиция жөніндегі агенттіктің
14.04.2000 ж. № 01/7 бұйрығы бойынша бекітілген
салықтық жеңілдіктер төмендегі
кестемен беріледі.
| № | Негізгі қорларға (негізгі капиталға) жұмсалынған инвестицияның жалпы көлемі көрсетілген, экономиканың басты секторының аты (млн. АҚШ доллары) | Салық жеңілдіктерінің әрекет ету мерзімі | ||
| Табыс салығы*, жыл | Мүлік салығы, жыл | Жер салығы, жыл | ||
| 1. | Өндірістік инфрақұрылым
10 млн. дейін, 10 млн. жоғары |
4 5 |
5 5 |
4 5 |
| 2. | Өңдеуші өнеркәсіп
1 млн. дейін 1 млн. 5 млн. дейін 5 млн. жоғары |
2 3 5 |
3 4 5 |
3 4 5 |
| 3. | Астана қаласының
объекітелері
10 млн. дейін, 10 млн. жоғары |
3 5 |
4 5 |
4 5 |
| 4. | Тұрғын үй**,
әлеуметтік сала мен туризм объектілері
4 млн. дейін 4 млн. 10 млн. дейін 10 млн. жоғары |
2 4 5 |
3 4 5 |
3 4 5 |
| 5. | Ауыл шаруашылығы
1 млн. дейін, 1 млн. жоғары |
3 5 |
4 5 |
5 5 |
* Салық алынатын табысты алған уақыттан бастап 5 жылға дейін, бірақ келісім-шарт жасаған уақыттан бастап 8 жылдан аспайтын мерзімге дейін табыс салығынан босату.
**
Салынған тұрғын үйді сатудан
алынған табыс бойынша сол
сатқан жылында табыс
Американдық ғалымдар теория және практика негізінде бюджетке салықтардың түсуі салықтық мөлшерлемеге байланысты деген тұжырымға келген. Бұл шынында да солай. Негізінен салық мөлшерлемесін белгілеген кезде мынадай принциптерді сақтау қажет:
- салық мөлшерлемесінің деңгейі салық төлеушінің мүмкіндігін, яғни оның табыс деңгейін есепке ала отырып, белгілінуге тиіс. Бұл принцип отындық салық салу тәжірибесінде орындалмайды;
- салық төлеушіге жалпы салықтық ауыртпалыққа қарай барлық салықтардың түрлері бойынша мөлшерлемесі болуы тиіс;
- салық мөлшерлемесі елдегі экономикалық жән әлеуметтік жағдайларға байланысты жиі қайта қаралып отыруға тиіс;
- салық мөлшерлемесі өндірістің өсуін ынталандырып, еңбекке деген ынтаны артыруы және қоғамның кедей табын қорғауға тиіс.
Салық жүйесін жетілдірудің басты бағыты - инвестицияларын жұмыс істеп отырған өндірісті қайта құруға, техникалық жағынан қайта жарақтау және кеңейтуге бағыттайтын кәсіпорындар үшін табысына салынатын салыққа жеңілдік белгілеуді қамтиды. Мұндай салықтық жеңілдік нарық экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде маңызды орын алады.
Инвестициялық қызметке елдегі шағын және орта бизнестің дамуы да ықпал етеді. Себебі, олардың дамуынсыз кез келген экономиканың қызмет етуі және дамуы мүмкін емес кекні белгілі.
Инвестициялық қызмет белгілі біл мөлшерде болсын оған мемлекеттің қатысу дәрежесіне де байланысты. Сондықтан да мемлекет бұл жерде тек инвестициялық саясатты жасаушы ғана, сол сияқты оны іске асырушы, яғни бюджетте осыған байланысты белгілі бір қаражатты жоспарлай отырып, оны тиісті бағытына пайдаланушы ретінде қатысуға тиіс.
Бұл аталған факторлар сондай-ақ микродеңгейдегі инвестициялық қызметке де әсер етеді.
2-топ. Микродеңгейдегі немесе ішкі факторлар:
- кәсіпорынның ауқымы (мөлшері);
- кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
- амортизациялық аударымдарды есептеу тәсілдері;
- кәсіпорынның ғылыми-техникалық саясаты;
- кәсіпорынның инвестициялық саясаты;
- шарушылықты ұйымлдастырылу-құқықтық нысаны.
Кәсіпорынның
мөлшері инвестициялық
Кәсіпорынның
инвестициялық қызметі
Жоғарыда
аталған факторлардың барлығын объективтті
және субъективтті факторлар деп
бөлуге болады. Объективті факторларға
мемлекеттің (үкіметтің) және кәсіпорынның
қызметіне байланыссыз
Инвестциялық қызметтің
Инвестициялық қызмет субъектілеріне заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар, мемлекет және халықаралық ұйымдар жатады.
Инвестициялық
қызмет субъектілерін мынадай
- Инвесторлар (қаражат салушылар), соның ішінде:
- салымшылар;
- тапсырыс берушілер;
- несие берушілер;
- сатып алушылар;
- Мердігерлер (жұмысты атқарушылар).
- Жабдықтаушылар;
- Мемлекет;
- Халықаралық қаржы-несие ұйымдары.
3-дәріс. Инвестициялық ахуал
Қазақстадағы қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілу инвестиция көлемін ұлғайтуға бағытталған іс-әрекетпен тығыз байланысты. Қазақстан экономикасының өсуі мен халықтың әл-ауқаттылығының жоғарлауы экономикаға капитал салымдарынсыз мүмкін еместігі сөзсіз.
Нарықтық сипаттағы
экономикада инвестициялар
Инвестициялар қажеттілігі өндірістің тиімділігін артыру мен пайданы жоғарлату нышандарымен сипатталады.
Инвестициялық ахуал түсінігі өте кең. Оны модельдеу шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану саясатын жасақтаудың маңызды буыны. Өйткені, біріншіден шетел инвесторына әсер етуші факторларға жүйелі сипат береді, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға мүмкіндік беріп, үшіншіден шетел инвесторларының іс-әрекет мүдделігін анықтайды. Елде қолайлы инвестициялық ахуалды жасау дегеніміз, осы кезеңдегі елдің инвестициялық хал-ахуалын талдау негізі болып табылатын, әртүрлі кешенді шаралардағы келесідей жүйеленген көрсеткіштерден тұрады:
- нарықтық мүмкіндіктер сипаты;
- табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
- экономикалық реформалардың жағдайы мен жүргізілуі;
- инвестицияларды құқықтық негізі;
- салықтық және кедендік жеңілдіктер;
- мемлекет мекемелерінде басқару шешімдерін жүйеге келтіру;
- нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығының дамуы;
- банк жүйесінің тұрақтылығы;
- саяси жағдайдың тұрақтылығы мен болжамдылығы.
Инвестициялық ахуал бүкіл күрделі қаржыны қабылдау жұйесін (КҚҚЖ) жетілдірудің методологиялық кілті болып табылады. Ол интитуттық құрылыммен бекітілген комплексті шара жүйесі деп анықтама беруге болады. КҚҚЖ және инвестициялық ахуал өзара өте тығыз байланысты. КҚҚЖ инвестициялық ахуалды құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Сонымен қатар оның жеке өз бетінше атқаратын қызметі бар, себебі инвестициялық ахуалды қайта қалыптасуына кері әсер етеді. Барлық елдер КҚҚЖ –ның тиімді жолын іздестіруде. ҚР-да соңғы кезге дейін ішкі жағдайдың әсерінен қалыптасқан, шетелдік инвесторлармен жұмысты және қабылдаудың үлгілі жүйесін жасауда айтарлықтай алға жылжу бар.
Қазақстандық КҚҚЖ – шетелдік капиталды, инвесторларды әртүрлі жолмен қаупсіздендіруді тездетіп көбірек тартуға тырысты да, оның мөлшерінің экономикалық тиімділік жағы ескерілмеді. Сайып келгенде КҚҚЖ мекемелерінің іс-әрекеттері қолайсыз жағдайларға соқтырды. Одан басқа өкімет өзінің мемлекеттік мүлікті сыртқа басқаруға беру келісімін және басқа да шешімдерін бірнеше рет өзгертуіне мәжбүр болды.
КҚҚЖ үлгілі құрылымының негізі төмендегідей бөліктерден құралады:
- шетелдік күрделі қаржы салуды сенімді құқықытық қамсызжандыру;
- валюта –несиелік және қаржылық тетігі бар, рыноктық реттеу әдісі;
- қауыпсызіздендіру және сақтандыру жүйесі;
- елдің экономикалық қаупсіздігін қамтамасыз ету механизмі;
- шетелдік алғашқы инвестицияларды жалпы ұлттық ыңғайлы жүйемен қамтамасыз ету.
Инвестициялық
ахуалды бағалау келесідей
- елге капитал келуін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлікке байланысты заңдардың мазмұны;
- табиғи шикізат байлықтары мен оны бірлескен және шетел кәсіпорындарының пайдалану мүмкіндігі;
- өндірістін инфрақұрылымының даму дәрежесі;
- маманданған жұмысшы күшінің бар болуы;
- энергетикалық қамсыздануы мен энергетикалық қорлардың болуы;
- жергілікті нарық сыйымдылығы мен төлеуге қабілетті сұраныстың болуы;
- ішкі шаруашылық механизмінің сипаты, жергілікті тауар өндірушілерімен еркін нарықтық қатынастар мүмкіндігі;
- жергілікті валютаның тұрақты конверттеленуі, пайданы елден шетел валютасында алып кетуіне кепілдігі.
Шетел инвесторлары үшін Қазақстан экономикасы бір қатар тартымды ерекшеліктерімен сипатталуда. Оның ішінде арзан жұмысшы күші, шетел кәсіпкерлері арасындағы әлсіз бәсеке мен жоғары дәрежелі саяси тұрақтылықты атауға болады.
Бірақ әлемдік тәжірбие көрсеткеніндей, сырттан қарыз алу саясаты таңдамалы және салмақты сипатта жүзеге асырылуын талап етеді. Ол инвестициялық белсенділікті ынталандыруға ғана емес, елдің экономикалық қаупсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты мемлеект инвестициялық үрдісті қолда бар құралдары арқылы реттеу қажет.
Тәуелсіздік алғанынан бері республикамыз инвестициялық саясатты жасақтауда бірнеше кезеңнен өтті.
Алғашқыда қазақстандық заңдарда, шетелден инвестициялау мүмкіндігі бірлескен кәсіпорындарды құру формасы белгіленген болатын. Келесі кезең 1994 жылы қабылданып, 1997 жылы өзгерістер енгізілген «Инвестициялар туралы заң» болды.
Шетел инвестицияларының
анықтамасымен қатар бұл заңда
шетел инвестициялары бар кәсіпорындар
құру тәртібі мен әрекетін реттеу
мәселелерін қарастырған

- Инвестицияларды қаржыландру және неселе
- Инвестициялардың есебі
- Инвестициялардың жай-күйі
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері
- Инвестициялардың тиімділігін бағалау
- Инвестициялар есебі
- Инвестиция және инвестицияның түрлері
- Инвестиция және оның теориялары
- Инвестиция және оның теориялары
- Инвестиция және оның теориялық мәні
- Инвестициялар
- Инвестициялар
- Инвестициялар деп