Инвестицияларды қаржыландру және неселе. 2
Мазмұны
- 1 Инвестицияның мәні, қызметі
- 2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
- 3 Қорытынды
- 4 Сілтемелер
Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестицияның күрделі қаржыдан
өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат
тек материалдық активтерге ғана
салынбайды, қаржылық және бейматериалдық
активтерге де салынады. Инвестиция қаржы
институттары, инновациялық және әлеуметтік
сала арқылы тікелей де, жанамалай
да салынады. Инвестиция өзінің құрамы
жағынан біртекті емес, инвестициялау
нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі
капиталдың ұдайы өндірісіндегі
мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне
қарай негізгі капиталға
ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995 ж. 1,5%-дан 2000 ж. 38,6%-ға артты. 2000 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 – 99 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы, Оңтүстік Кореяның үлесі – 15,4%, Ұлыбританияның үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы қарызы шекті өркениетті шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемл. және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемінің 25,5%-ы ғана болды. Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт көлеміне қатынасы ретінде 2000 ж. 32,6% болды. 2000 ж. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдарының дамымағандығында. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі (МБҚР) бағалы қағаздар рыногінің неғұрлым серпінді түрде дамып келе жатқан буыны болып табылады. Мұндай қағаздардың ең маңыздылары: мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МҚМ), олардың айналыс мерзімдері 3, 6, 12, 24 айдан 10 жылға дейін, Мемл. қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ), Мемлекеттік индекстелетін қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ), Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер (МЕАКАМ), Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (АВМЕАКАМ), Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ); ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО), Ұлттық банктің ноталары, муниципалдық құнды қағаздар.
Инвестицияның мәні, қызметі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында
құнды қағаздарды сатып алушылар
болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз-
Қазақстан Республикасында
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың
әр түрлі бөліктеріндегі
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын
елде арзан шикізат пен
5. Саяси тұрақтылықтың
және қолайлы инвестициялық
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар
өте тапшы бүгінгі экономикалық
жағдайда экономиканы тұрақтандыруға
, реформаларды тереңдету және құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру шетел
капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды
тұлғалар, шетел азаматтары , шетел
мемлекеттері , халықаралық ұйымдар
, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені
бар Қазақстан Республикасының
азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін
жүргізу үшін азаматтығын алған
немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар
елде тіркелген жағдайда. Шетелдік
инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі
компанияның қызметін бақылап, басқарып
отыру үшін капиталдың мақсатты түрде
ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың
елдер мен өнеркәсіп салалары
арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық
экономиканың құрамына айтарлықтай
әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын
тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын
басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет
және инвестициялар жөніндегі
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
Республиканың әлеуметтік –
экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті
жаңа жүйесіне көшу осы процестің
басты мәселелерін анықтауға
себепші болады. Олардың бірі болып
инвестициялық қамсыздандыру
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік
– экономикалық дамудың орта мерзімді
бағдарламасы мен оны макроэкономикалық
деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға
қатысты алғанда да жүзеге асырудың
стратегиясын құру мәселесі шешіледі.
Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге
асыру бойынша ұсыныстарды
- инвестициялық қызметті
қамтамасыз етудің заң
- жеңілдіктер мен артықшылықтар
жүйесін белгілеу (мемлекетті сол
немесе басқа кәсіпорындар мен
ұйымдарға олардың қызметіне
қолайлы жағдайлар жасау
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдаудың
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.
Қорытынды
Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері және күтілетін үрдістері түралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.
2000-2004 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды. 1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен. Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен . Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.
Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – ьшарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. Бұл – 200 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр. Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :
- Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);
- Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);
- Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
- Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);
- Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).
Аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері түскен. Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :
- Қазақстан нарығының іскерлік белсенділіктің төменілігі;
- Реттеуші шаралар шалағайлығы ;
- Өтімді қаржы құралдарының азаюы , төлем күшінің әлсіздік дағдарыстың орын алуы ;
- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы ;
Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.

- Инвестициялардың есебі
- Инвестициялардың жай-күйі
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері
- Инвестициялардың тиімділігін бағалау
- Инвестициялар есебі
- Инвестициялар есебі
- Инвестиция және оның теориялары
- Инвестиция және оның теориялары
- Инвестиция және оның теориялық мәні
- Инвестициялар
- Инвестициялар
- Инвестициялар деп
- Инвестицияларды қаржыландру және неселе